№15 Тақырыбы: Шал ақын.

Жоспары:

1.Шал ақынның өмірі туралы мәлімет.

2.Ақын өлеңдерінің тақырыптары.

3.Шал ақынның түркі халықтарының  шайырларымен үндестігі.

 

                                            Пайдаланылатын әдебиеттері:

1.Х.Сүйіншалиев Қазақ әдебиетінің тарихы.А.,1997,366-374 беттер.

2.Бес ғасыр жырлайды.1 том .А.,1989,107-111- беттер.

3.М.Мағауин Ғасырлар бедері. А.,1991,104-120 беттер.

4.М.Мағауин Хандық дәуіріндегі қазақ әдебиеті.А.,1994.

 

 

            Шал қазіргі Солтүстік Қазақстан обылысы,Октябрь ауданы,Қараталда туып өскен. Шалдың шын аты –Тілеуке.Оның сүйегі Есіл өзені бойындағы Қаратал деген жердегі зиратқа қойылған.

 Шал өлең шығарумен ерте айналысқан.Ақын өлеңдерінің тақырыбы кең де,халықтық беті айқын.Бай-би болсаң да,хан болсаң да қалың елің мен қараша халқыңды  ұмытпа соларға  пана бол деген  ой айтады.

              Ақынның бір топ өлеңдерінде  жастарды ибалы ,білімді болуға үндеп отырады.

             Ақын көксеген армандарының бірі достыққа ,махабатқа негізделген  жарасымды от басы.Үй ішінің ажары,отбасының қазығы  жақсы   әйел дейді.

           Шал өмір туралы көп толғаған.Шалда тағылым алатын нәрсе көп.                  Анау-мынау арзан сөзге бітетін,бітісетін ол көрінбейді.

 Жігіттер сақтаныңыз жаман достан.

 Досыңның жаманынан артық дұшпан.

Белгілі жаудан адам сақтанады.

Тиеді достың оғы қапылыстан.-десе,Шал ақынның өмір тәжірибесін басынан мол өткізгендігін,маңдайға тиген таяқтың аз еместігін байқаймыз. Мұндай сақтанулар Сағди,Рудаки,Омар хаямда кездеседі.

              Шалдың достық туралы айтқан өсиеттері өзінен кейінгілерге жарық ой терең сезім қалдырады.

             Ақын шығармалырында қоғам өкілдері өзінің шындық бейнелерін табады.  Шал кім ьолса да мінін тауып айта алады.

          Ақынның достық,бала тәрбиесі туралы өлеңдері  өте маңызды.

Ақынның өлеңдері  мазмұнының байлығымен де көркемдігімен де мәнді болып келеді.Білімді шекермен ,балмен теңейді.Адамның өсу жолын,адам өмірінің әрбір кезеңін өзінше талдайды.

            Шал  айтыскер импровизатор ақын болған.Сауаты мәшһүр адам екендігін көрші ауылының сауатты бір қызымен айтысынан білеміз.

                            

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

                                    Негізгі әдебиеттер.

1.Х.Сүйіншалиев Қазақ әдебиетінің тарихы.А.,1997,366-374 беттер.

2.Бес ғасыр жырлайды.1 том .А.,1989,107-111- беттер.

3.М.Мағауин Ғасырлар бедері. А.,1991,104-120 беттер.

4.М.Мағауин Хандық дәуіріндегі қазақ әдебиеті.А.,1994.

5.Х.Сүйіншалиев VIII-VXII ғасырлардағы қазақ әдебиеті .А.,-1994ж.

6.Кәкішев Т.Тұрысбеков Т.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы.1-том.Алматы-2004

7.Қоңыратбаев Ә.Қазақ әдебиетінің тарихы.А.,-1194

8. Х.Сүйіншалиев Қазақ әдебиетініңXVIII-XVX ғасырлардағы  әдебиетін.А.,1981

9.Х.Сүйіншалиев XІXғасырдағы қазақ әдебиеті.А.,-1986

10. XІXғасырдағы қазаққазақ ақындары.А.,-1988

11.Кенжебаев Б.Әдебиет беслестері.А.,1986

12.Елтұтқа  Ел тарихының әйгілі тұлғалары.Астана 2001

13.Қазақ әдебиетінің тарихы.2 том,1кітап.Алматы.1961

                                 

 

Қосымша әдебиеттер.

 

1.Бұхар жырау Қалқаманұлы шығармалары.Алматы-1992

2.Шал ақынның өлеңдер зерттеу деректері.а.,2003

3.Майлықожа Сұлтанқожаұлы Нақыл А.,1985