Білім алушылардың өз
бетінше жүргізетін жұмыстарына /СӨЖ/ берілетін тапсырмалар
тізімі:
СӨЖ сағат саны: 30
|
№ |
Модуль бойынша СӨЖ-дің тақырыптары |
СӨЖ тапсырмалары. |
Ұсынылған әдебиеттер |
Ағымды бақылау түрі |
Өткізілетін мерзімі. |
|
|
І модуль |
||||||
|
1 |
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТ (XV-XVIII ғасырлар) Қазақ хандығының
құрылуы қарсаңындағы
қоғамдық, әлеуметтік, саяси жағдай. Жошы
ұлысының бірнеше хандыққа бөлініп кетуі. Алтын
Орда және Ақ Орда. Ақ Орданың қазақ хандығының
құрылуына негіз болған: Қазақ
хандығының құрылуы. Қазақтың алғашқы хандары: Әбілқайыр, Керей,
Әз Жәнібек. XVI ғасырдағы
қазақ хандығы. Қасым хан
тұсында қазақ
хандығының нығая түсуі. |
Қазақ хандығының
құрылуы қарсаңындағы
қоғамдық, әлеуметтік, саяси жағдайын
оқып меңгеру. |
4,2,3,5 |
Конспект
тест,реферат,сөзжұмбақ.шешу СӨЖ |
1 |
|
|
2 |
XV—XVII ғасырларда өмір сүрген жыраулар Қазтуған жырау Қазтуған жырау (XV г.) - қазақ әдебиетінің төлбасыларының
бірі. Жыраудың өмірінен мәлімет.
Қазтуғанның жорықшы, жауынгер жырау
болғандығы. Қазтуған нәр алған әдебиет — ежелгі түркі дәуіріндегі
көшпелілердің поэзиясы, мұрасы, бізге жетпеген
Кет-бұға, Сыпыра жыраулардың толғаулары.
Қазтуған поэзиясы — табиғат
аясындағы көңілі таза сәби көшпелінің поэзиясы. Қазтуғанның өзіне арналған
мадақ жыры. Жыраудың шынайы ақындық талантының
қуатын танытатын толғауы - оның туған жерімен қоштасу жыры. |
Қазтуған поэзиясы — табиғат аясындағы
көңілі таза сәби көшпелінің
поэзиясы. |
4,2,3,5,6 |
Конспект
тест,реферат,сөзжұмбақ.шешу СӨЖ |
2 |
|
|
3 |
Асан
Қайғы Асан Қайғы
(Хасан Сәбиұлы, XV ғ.)
Асан Қайғы туралы
ақиқат пен аңыз. Жырау өмірінің деректері. Асан
Қайғы — "көшпенділер
философы", халық
тілегінің жоқгаушысы.
Асан Қайғы жыраудың толғауларында
"қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған" шұрайлы жер,
бақытты ел іздеген
халық арманының көрінісі. |
Асан Қайғы
толғауларын оқып меңгеру. |
2,5,3,1 |
Бақылау жұмысы
тест,реферат,сөзжұмбақ.шешу СӨЖ |
1 |
|
|
4 |
Ел қамын ойлаған Асан
Қайғының
Әз-Жәнібек ханға қарата айтқан
белгілі толғауының әлеуметтік мәні, тарихи сипаты. Асан
Қайғы толғауларындағы заман көрінісі,
туған жер бейнесі, өсиет-ғибрат сөздер.
Жыраудың "Қырында киік жайлаған", "Ай, хан,
мен айтпасам білмейсің",
"Бұл заманда не ғаріп", "Еділ бол да Жайық бол", "Көлде
жүзген қоңыр қаз" деп басталатын
толғаулары. |
Жырау өмірінің деректерін білу. |
2,3,5,6,4 |
Тест
реферат,сөзжұмбақ.шешу СӨЖ |
1 |
|
|
5 |
Доспамбет жырау Доспамбет жыраудың (XVI г.)
есімі кезінде бүкіл Ноғайлы Ордасы мен Дешті
Қыпшаққа мәшһүр болған. Доспамбет — жорықшы жырау, талай шайқастарда ерлік
көрсеткен батыр. Доспамбет жыраудың "садақ толы
сайгез оқты бората атқан" батырды,
"алты құлаш ақ найзамен" жауын шаншыған
қаһарманды, Еділдің бойын ел жайлап, бейбіт тұрмыс
кешкен заманды өз толғауларына өзек етуі. |
Доспамбет жыраудың
"Айналайын Ақ Жайық", "Тоғай,
тоғай, тоғай су" деп басталатын толғауларының идеялық
мазмұны, көркемдік ерекшеліктерін меңгеру. |
2,6,5,4 |
Бақылау жұмысы
тест,реферат,сөзжұмбақ.шешу СӨЖ |
2 |
|
|
6 |
Доспамбет жырау толғауларындағы дәуір
көрінісі. Доспамбет жыраудың
"Қоғалы көлдер, қом сұлар", "Арғымаққа оқ
тиді", "Айналайын Ақ
Жайық", "Тоғай, тоғай, тоғай су"
деп басталатын толғауларының
идеялық мазмұны, көркемдік ерекшеліктері. |
Доспамбет жыраудың "Қоғалы
көлдер, қом сұлар",
"Арғымаққа оқ тиді", деп басталатын толғауларының көркемдік ерекшеліктерін
меңгеру. |
3,5,2,1 |
Тест
реферат,сөзжұмбақ.шешу СӨЖ |
1 |
|
|
7 |
Шалкиіз жырау Шалкиіз жырау Тіленшіұлы (1465—1560)-— қазақтың
жыраулық поэзиясының атасы. Жырау өмірінен мәлімет. Шалкиіз — жаңашыл, қазақ поэзиясындағы
философиялық бағыттың негізінен салушы. Қазақ
әдебиеті тарихында Шалкиіз жыраудың өзгеше
құбылыс екендігі. Шалкиіз поэзиясының ерекшелігі — ойлылық,
көркемдік, нақтылық, ойнақылық, тереңдік,
сондай-ақ аз сөзге көп мағына сыйғызу
екендігі. |
Шалкиіз
поэзиясының ерекшелігі
— ойлылық, көркемдік,
нақтылық, ойнақылық, тереңдік, сондай-ақ
аз сөзге көп мағына сыйғызу екендігін білу. |
1,3,6,7 |
Бақылау жұмысы.
Реферат,сөзжұмбақ.шешу СӨЖ |
2 |
|
|
8 |
Шалкиіз поэзиясының рухы — ерлік. Жырау толғауларындағы
соғыс майданы, найза
өңгерген жауынгерлер, қаптаған қалың
қол, т.б. көріністер. Шалкиіз жырау толғауларының тіл
нақыштары, нақыл сөздер, афоризмдер. Шалкиіз жыраудың
Би Темірге арналған толғаулары. Шалкиіз поэзиясының
өзінен кейінгі әдебиетке
әсері: Шалкиіз поэзиясының Бұхар
жырауға, Махамбетке әсері. Жырау мұрасының зерттелуі. |
Шалкиіз
поэзиясының өзінен кейінгі әдебиетке әсерін толығымен меңгерту. |
2,3,1,5,4 |
Тест
реферат,сөзжұмбақ.шешу СӨЖ |
1 |
|
|
9 |
Жиембет жырау Марғасқа жырау Жиембет
жырау Бортоғашұлы (XVII ғ.)
— жорықшы жырау. Есім
ханның әскербасыларының бірі, қалмақтармен
шайқаста сан рет ерлігімен
көзге түскен батыр. Марғасқа
жырау –ерлікті,достьықты,адалдықты жырлаушы. Жиембет жыраудың мемлекет
ішіндегі, халық алдындағы беделі жоғары
болғандығын аңғартатын толғаулары. Жыраудың
"Әмірі" қатты
Есім хан", "Еңсегей бойлы ер Есім",
"Қол-аяғым бұғауда", т.б.
толғаулары. |
Жиембет жыраудың жырларын
меңгерту. Жыраудың
"Әмірі" қатты
Есім хан", "Еңсегей бойлы ер Есім" толғауларын зерттеу мақсаттарын білу. |
8,9,12,14 8,2,3,5 |
Бақылау жұмысы.
Реферат,сөзжұмбақ.шешу |
1 1 |
|
|
10 |
XVIII ғасырдағы қазақ әдебиеті XVIII ғасыр
әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері. XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы
қазақтар мен қалмақтар арасындағы
соғыстар. Жыраулар шығармашылығында ерлік тақырыбына
елдік мәселелерінің қоса жырлануы. Бұл
кезеңдегі жыраулар поэзиясының тақырыптық-мазмұндық жағынан
толығып, көркемдігінің артуы. ХVІІІ ғасыр поэзиясында жыраулық дәстүрді жалғастыра тақырыптық, көркемдік, жанрлық жағынан толығып даму. XVIII ғасыр поэзиясындағы ел
қорғаны болған
күрескер, батырларды" бейнесі
жырлануы: Бөгенбай,
Қабанбай бейнелері. |
XVIII ғасыр әдебиетінің өзіндік
ерекшеліктерін меңгеру. жыраулар
поэзиясының тақырыптық-мазмұндық
жағынан толығып, көркемдігінің артуы. |
15,16,18,2 15,16,17,18 |
Бақылау жұмысы.
Реферат,сөзжұмбақ.шешу |
|
|
|
1 Модуль қорытындысы |
||||||
|
2 Модуль |
||||||
|
11 |
Ақтамберді жырау Ақтамберді жырау
Сарыұлы (1675-1768) - қазақтың белгілі жорықшы жырауы,
қалмақтармен күресте қол бастаған батыр. Ақтамбердінің қазақ
тарихындағы ең қиын кезеңдерде өмір
сүрген жырау екендігі. Қалмақтардан ауыр
жеңілістерді, басқыншылықты, туған жерінен
айрылған халықты көргендігі.
|
Ақтамберді жырау
толғауларындағы басты сарын-ерлікке, батырлыққа,
дұпшаннан кек алуға, елді жаудан қорғауға
шақыру. |
22,20,14,15 |
Бақылау жұмысы.
Реферат,сөзжұмбақ.шешу |
1 |
|
|
12 |
Ақтамберді жырау толғауларындағы басты
сарын-ерлікке, батырлыққа, дұпшаннан кек алуға, елді
жаудан қорғауға шақыру.
"Күлдір-күлдір кісінетіп", "Уа, қарт
Бөгенбай", "Еділ, Жайық
екі өзен", "Балпа", балпа" кім баспас", т.б.
толғаулары. Толғауларының әлеуметтік
мәні, көркемдігі, сөз нақыштары. |
Ақтамберді жырау
толғауларындағы
батырлыққа, дұпшаннан кек алуға, елді жаудан
қорғауға шақыру. |
20,22,25,26 |
Тест
реферат,сөзжұмбақ.шешу |
1 |
|
|
13 |
Тәтіқара
ақын Тәтіқара ақыны (XVIII
ғ.) — қазақ елін жаугершілік заманда сыртқы
жауға карсы күреске үндеген жауынгер ақын.
Тәтіқараның әскери жорықтарда ұдайы
Абылай ханның қасында жүретін
жортуыл жыршысы болғандығы. |
Ақынның
"Кебеже қарын, ке"
құрсақ", "Ассалаумағалейкум, жайсаңдар
мен қасқалар", т.б. өлеңдерінің
мәнін оқып меңгеру. |
5,9,8,16 |
Бақылау жұмысы.
Реферат,сөзжұмбақ.шешу |
1 |
|
|
14 |
Тәтіқараның қалмақтармен
соғыста ерлік көрсеткен Жәнібек
Шақшақұлын, Бөкейді, Сағырды,
Дәріпсәліні, Бегембайды, Жабай, сол қатардағы т.б.
қазақ, батырларын
жырлағандығы. Ақынның «Қамыстың басы
майда, түбі сайда", "Кебеже қарын, ке"
құрсақ", "Ассалаумағалейкум,
жайсаңдар мен қасқалар", т.б. өлеңдерінің мәні. |
Ақынның
«Қамыстың басы майда,
түбі сайда" өлеңдерінің
мәнін оқып меңгеру. |
21, 23,24,26,22 |
Тест
реферат,сөзжұмбақ.шешу СӨЖ |
1 |
|
|
15 |
Үмбетей жырау Тілеуұлы Үмбетей (1706—0778)
— өз дәуірінің аса маңызды мәселелерін
дидактикалық-философиялық сарында жырлаған жырау. Үмбетей жыраудың
даңқын шығарған жырлары — Бөгембай батырға арналған
"Бөгембай өліміне", "Бөгембай өлімін
Абылай ханға естірту" деп аталатын екі ұзақ
толғауы. Үмбетей
— қазақ
поэзиясында Бегембай батырдың өшпес образын жасаған жырау. |
Үмбетей
жыраудың даңқын шығарған жырларын білу. Үмбетей жырларын талқылау. |
5,9,7,19 11,15,32,42 |
Бақылау жұмысы.
Реферат,сөзжұмбақ.шешу |
1 1 |
|
|
16 |
Бұхар жырау
Қалқаманұлы Бұхар жырау (1668-1781) - XVIII
ғасыр әдебиетіндегі ең
көрнекті тұлға. Бұхар жырау - өз дәуірінің данышпан ойшылы,
Абылай ханның ақылгөй кеңесшісі, белгілі
қоғам қайраткері. Бұхар — қазақ елінің ішкі ынтымағы мен
ырысын, бірлік-тұтастығын, қазақ мемлекетінің
дербес өмір сүру қажеттігін ту етіп көтерген ірі тұлға,
кемеңгер жырау. Жыраудың қазақ елін
жоңғар басқыншылығының сақтап қалған
ержүрек батырлар туралы жырлары. |
Жыраудың қазақ елін жоңғар басқыншылығының
сақтап қалған ержүрек
батырлар туралы жырлары. |
15,19,18,5 |
Бақылау жұмысы.
Реферат,сөзжұмбақ.шешу |
1 |
|
|
17 |
Бұхар жырау толғауларындағы
басты қаһармандар Абылай
хан және оның жорықтас
батырлары, мәслихаттас билері, ең басты қаһарманы
қазақ халқының өзі екендігі
Бұхардың отаршылдыққа байланысты туған болжал толғаулары "Ханға жауап айтпасам", "Он
екі айда жаз келер", "Абылай ханның қасында", "Шашырап
жатқан қандар көп", "Шүршіп келем деген
сөз барды", "Көкшетаудан салдырған",
"Кеше қара қалмақ
бүлерде", толғауларында ұлы жыраудың ел бірлігін
нығайтуға, тәуелсіздікті сақтап қалуға
үндеуі. Бұхар жырау
поэзиясы тіліндегі көркем сөз
нақыштары, теңеулер, метафоралар, тұракты сөз
тіркестері, т.б. |
Бұхар жыраудың жырларын талқылап
меңгерту. |
22,25,12,14, |
Тест
реферат,сөзжұмбақ.шешу |
1 |
|
|
18 |
Көтеш ақын Көтеш ақын (1745—1818)
- тарихи тақырып пен ерлік идеясын, тұрмыс, кедейлік
мәселелерін жыр еткен ақын. Жоңғар басқыншыларына қарсы
күресті, ел қайғысын толғаған жырлары. "Абылай, Ботақанды сен өлтірдің", "Күркелінің
бауыры күнде дауыл", "Қартайғанда
қатының дұшпан болды", т.б. өлеңдері. |
"Абылай, Ботақанды сен өлтірдің", "Қартайғанда
қатының дұшпан болды", өлеңдерін
оқып үйрену. Көтеш ақын
шығармашылығын меңгерту. |
20,14,19,2 21,22,35,45 |
Бақылау жұмысы.
Реферат,сөзжұмбақ.шешу |
1 2 |
|
|
19 |
Шал
ақын
Шал
(Тілеуке) Құлекеұлы (1748-1819) - жыраулық поэзия үлгісінен өзгешелеу, жаңа типтегі ақын. Шал
өлеңдерінің тақырыбы — жақсылық пен жамандық,
рахым мен зұлымдық, жастық пен кәрілік, адамгершілік мораль, т.б. Адам
өмірін, өмірдің мәнін, фәни мен бақиды, дін
мәселелерін де жырлаған ақын. "Өлеңге
тоқтамайды Шал дегенің", "Бакытыңа кез бопты долы
қатын", "Арғымақ ат кімде жоқ",
"Саясы жоқ бәйтерек", "Жігіт туралы", "Әйел туралы", "Кедейлік туралы", т.б: өлеңдері. |
Жыраулар поэзиясы мен
фольклор арасындағы тақырып,
мазмұн, жанр, стиль бірлігі. |
20,14,18,6 21,22,25,40 |
Бақылау жұмысы.
Реферат,сөзжұмбақ.шешу |
1 2 |
|
|
20 |
Шал Құлекеұлының айтыстары. Айтыстары: Шал мен Дегдар қыздың айтысы.
Қазақ жыраулар поэзиясындағы дәстүр мен
жалғастық, Қазақ жыраулар поэзиясы мен ежелгі
дәуір әдебиеті арасындағы көркемдік
дәстүр жалғастығы. Жыраулар поэзиясы мен фольклор
арасындағы тақырып, мазмұн, жанр, стиль бірлігі. Жыраулар поэзиясының кейінгі
әдебиетке әсері.
|
Жыраулар поэзиясының
кейінгі әдебиетке әсерін меңгеру. Шал ақын
шығармашылығын, еңбектерін меңгерту. |
|
Тест
реферат,сөзжұмбақ.шешу |
|
|
|
2 Модуль
қорытындысы |
||||||