ТИПТІК
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жоғары
кәсіптік білім
XV-XVIII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ
ӘДЕБИЕТ ТАРИХЫ
050205 - қазақ тілі
мамандығы бойынша
Көлемі
- 2 кредит
АЛҒЫСӨЗ
1. Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің қазақ әдебиеті
кафедрасында ЖАСАЛҒАН және Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық университетінің
Оқу-әдістемелік бірлестігі ҚОЛДАНЫСҚА
ҰСЫНҒАН.
2.
Қазақстан Республикасы білім
және ғылым министрлігінің 22.06.2006ж., Республикалық
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
жөніндегі Кеңес жиналысының Хаттама шешімімен БЕКІТІЛГЕН
ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА рұқсат етілген.
3.Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 11.05.2005
жылғы № 289 бұйрығына сәйкес шыққан
бағдарламаның ОРНЫНА ЕНГІЗІЛГЕН
4.Типтік
оқу бағдарламасы 050117 - қазақ тілі мен әдебиеті
мамандығы бойьшша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына
сәйкес жасалған.
5.Бағдарламаны
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қазақ филологиясы факультетінің кеңесі
ұсынған.
Хаттама №1, 29.09.2006 ж.
Типтік
бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігінің рұхсатынсыз көбейтілмейді және таратылмайды.
ТҮСІНІК
ХАТ
Қазақ әдебиеті тарихындағы елеулі бір сала -
жыраулар поэзиясы. Қазақ атымен аталатын дербес мемлекет -
Қазақ хандығының негізі қаланумен байланысты
өз алдына жеке әдебиетте қалыптасты.
«XV-XVIII ғасырлардағы қазақ
әдебиет тарихы» атты бұл пән ұлттық
әдебиетіміздің алғашқы өкілдері - Асан
қайғы, Қазтуғаннан бастап Доспамбет, Шалкиіз,
ХҮІІ ғасырда өмір сүрген Жиембет, Марғасқа,
ХҮІІІ ғасырдағы қазақ поэзиясының соқталы
өкілдері Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар жырау
және ақындық поэзияның көрнекті өкілдері -
Көтеш, Шал ақындар шығармашылығын қамтып, ежелгі
түркілік поэзия мен жыраулық поэзияның
сабақтастығы идеялық-көркемдік жалғастығы
мәселелері, жыраудың қоғамдық-әлеуметтік
тұлғасы, жыраулар поэзиясының көркемдік негіздері,
жыраулық мұралардың тарихилық мәселелері
ғылыми-теориялык тұрғыдан түсіндіріледі.
Пәнді оқыту барысында
пәнаралық байланыстар да басты назарда болады. Бұл
кезең әдебиетінің тарихи
оқиғалармен, саяси-әлеуметтік жағдайлармен байланысты
дамуы ерекшеліктеріне де назар аударылады.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
КІРІСІІЕ
XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиетінің құрылуы
қарсаңындағы қоғамдық-
әлеуметтік, саяси жағдай
Қазақ хандығы түріндегі Қазақ
мемлекеттігінің пайда болуына негіз болған объективті себептер:
Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Оңтүстік
Қазақстанның қазақ рулары мен тайпаларының
этникалық және саяси топтасуының күшейе түсуі,
казақ халқыньщ қалыптасу процесінің аяқталуы,
феодалдық қатынастардың дамуы.
Хандықтың негізін салушылар - Ақ Орда билеушісі
Ұрұс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек.
ХҮІ ғасырдағы қазақ хандығы. ХҮІ
ғасырда қазақ хандығының нығайып,
территориялық жағынан ұлғая түсуі. Қасым
ханның тұсында казақ хандығында ішкі
қайшылықтардың жойылып, саяси және экономикалық
жағынан нығаюы, шекараның ұлғаюы.
Алғашқы
қазақ заңы - « Қасым ханның қасқа
жолының » жасалуы.
ХҮІ ғасырдың екінші жартысында әлсіреген
хандықты біріктіруде Ақназар ханның үлесі.
Тәуекел хан тұсында қазақ хандығы мен Ресей
арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың
нығаюы және Орта Азияның сауда орталықтарына
шығуы.
ХҮІІ ғасырдағы қазақ хандығы. Есім
ханның орталықтандырылған мемлекет құру
әрекеті. Қазақ хандығының Есім хан тұсында
Оңтүстік шекараларының кеңеюі. «Есім ханның ескі
жолы» деп аталатын заңның сипаты.
ХҮІІ ғ. екінші жартысындағы Қазақ
хандығының саяси, әлеуметтік жағдайы. Тәуке хан
билік құрған кезеңде (1680-1717) халықтың
бірлік, ынтымағының арта түсуі.
Қазақ мемлекетінің әлеуметтік, экономикалық
және ішкі жағдайды реттеуге бағытталған реформалары.
Қазақ халқының тарихына ірі
кұқықтық өзгерістер жасаған «Жеті
жарғы» заңының жасалуы.
ХҮІІ ғ. алғашқы жартысында Жоңғар
хандығының құрылуы.
Қазақ-жоңғар қатынастары.
Тәуке хан қайтыс болғаннан кейінгі кезеңде
қазақ хандығының әлсіреуі.
Қалмақтардың қазақ жеріне шапқыншылық
жорығы.
1710-1711, 1717, 1723-1725, I 740-1742 жылдарда
қазақ жеріне жасалған жоңғарлардың
жорықтары.
Қазақ халқының жоңғар
басқыншылығына қарсы күресі. Жоңғар
мемлекетінің күйреуі. Жоңғар қалмақтарына
күйрете соққы берген қазақ батырларының
жеңісті жорықтары.
Жоңғарларға
қарсы күресті ұйымдастырудағы Абылайдың рөлі.
Қазақ хандығының мемлекеттілігін, тәуелсіздігін
сақтап қалудағы Абылайдың батырлығы,
ұйымдастыру, дипломатиялық шеберлігі.
Абылай ханға, жоңғарларға қарсы
күресте ерлігімен танылған қазақ батырларына
арналған поэзиялык туындылар. Осы шығармалардағы Абылай
бейнесі.
Ежелгі түркі поэзиясының жаңа коғамдық саяси
жағдайлардағы дәстүрлі жалғасы болып табылатын
қазақ жырауларының тарих сахнасына шығуы.
Қазақ
әдебиеті тарихынан жыраулар поэзиясының алатын орны.
Жырау, жыршы,
ақын сынды халық әдебиетін жасаушылардың өзіндік
ерекшеліктері. Жыраулар поэзиясының дара табиғаты,
тақырыптық ерекшеліктері. Жыраулардың қоғамдык-әлеуметтік
тұлғасы.
Хандық жүйе кезеңінде жыраулардың ханға,
мемлекет билеушілеріне кеңесші көмекші болуы, оның мемлекет
істеріне араласуы, қоғамдағы рөлі. Жырау - хан мен
халық арасындағы дәнекер тұлға.
Жыраулардың қазақ хандығы қалыптасып,
нығаюы процесінде хандардың бір орталыққа
бағынған мемлекет құру саясатын іске асыруда
ұраншы, үгітші қызметін атқаруы.
Жыраулардың саяси және қоғамдық өмірдегі
езгерістерге орай жорықшы, батыр жауынгер болуы.
Жыраулардың келесі бір функциясы – сәуегейлігі,
көріпкелдігі, болашақты болжауы. Жыраулар
шығармаларындағы болжал өлеңдер.
XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихының даму бағыттары
және көркемдік-идеялық ерекшеліктері
Жыраулар поэзиясындағы дара әдебиетке тән белгілер және
фольклорлық сипаттар. Жыраулар поэзиясының калыптасу, даму
кезеңдері. Жыраулар поэзиясыньщ даму кезеңдерін үш
кезеңге бөліп қарастыру:
I кезең. (ХІ-ХІҮ
ғасырлар) жыраулық дәстүрдің негізі қаланған
ілкі кезеңі. Кетбұға, Сыпыра жыраулардың, Қодан
тайшының бізге жеткен
мұралары.
II кезең.
(ХҮ-ХҮІ ғасырлар) жыраулық поэзияның
қалыптасу кезеңі. Қазтуған, Асан қайғы,
Доспамбет, Шалкиіз жыраулардың шығармашылығы.
III кезең.
(ХҮІІ-ХҮШ ғасырлар) жыраулық поэзияның неғұрлым
кемелденген кезеңі. Жиембет, Тәтіқара, Үмбетей,
Ақтамберді, Бұқар жыраулар
шығармашылығы.
Жыраулар поэзиясының жариялану,
зерттелу жайы. Хандық дәуір әдебиетінің жиналуы,
жариялануы XIX ғасырдың екінші жартысынан
басталады. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің жиналып, жариялану, зерттелуін үш кезеңге
бөліп қарастыру.
Бірінші кезең. XIX ғасырдын екінші
жартысынан бастап Кеңес үкіметі орнағанға дейінгі
кезең аралығындағы жиналу, жариялану жұмыстары.
Ш.Уәлихановтың, В.В.Радловтың жыраулар
шығармашылығына қатысты пікірлері, жинап бастыруы. Жыраулар мұрасының
«Ноғай уа құмық шығырлары». М.Османов,
«Жақсы үгіт» М.Бекмұхамедов, «Шайыр», «Көксілдер»,
Ғ.Мұштақ «Тауарих хамса»,Қ.Халидұғлы
«Ақын» А. Берқалиұғлы құрастырған
жинақтарға енуі.
Екінші кезең. 1917 жылдан - 1959 жылдар аралығындағы
жиналып жариялануы, зерттелуі.
Үшінші кезең. 1959 жылғы әдеби мұра жайлы мәселе
көтерілген конференциядан кейінгі және осы күнге дейінгі
зерттелуі. XX
ғасырдың 60-90 жылдар
аралығында жыраулар поэзиясының тиянақты зерттелуі:
Б.Кенжебаев, Ә.Марғұлан, Х.Сүйіншәлиев, М.Мағауин
зерттеулерінің маңызы.
Жыраулар поэзиясының көркемдік-идеялық ерекшеліктері.
Жыраулар поэзиясында туған жер, қоныс, сыртқы жаулармен
болған, азаттық күрес, жаугершілік заман көрінісі,
өз дәуірінің шындығы, моральдық, этикалық
қағидалар, ерлік, ел бірлігі тақырыптарының жырлануы.
ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы - сол
дәуірдің түрлі көріністерін қазақ тілінде
көркем жырланған төл мұрасы. Жыраулар поэзиясында
қолданылған көркемдік кестелер, суреттеу тәсілдері,
образдар жүйесі.
Толғау жанрының өзіндік ерекшеліктері.
Толғаудың сипаттамасы. Жанрлық белгілері. Толғау –
импровизациялық дәстүрдегі дара шығармашылық
үлгісі. Толғаудың мазмұнына, тақырыбына
қарай жіктелуі. А.Байтұрсынов, Е.Исмайлов, С.Мұқанов,
М.Мағауин, Б.Әбілқасымов сынды
ғалым-зерттеушілердің толғауды классификациялау үлгісі.
Толғаулардағы, арнау-толғаулардағы көркем шындық,
тарихилық мәселесі. Толғаулардың тирадаларға
белінуі, дидактикалық сипаты.
ХҮ-ХҮІ
ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Қазтуған
жырау
Қазтуған Сүйінішұлы - ұлттық
әдебиетіміздің төл басыларының бірі. Қазақ
әдебиеті тарихында шығармалары өз атымен жеткен
алғашқы автор. Қазтуған - жорықшы, жауынгер
жыраудың өзіне арналған мадақ жыры
-«Бұдырайған екі шекелі» толғауындағы
Қазтуғанның өз бейнесі. Қазтуған
жыраудың ақындық қуатын танытатын толғауы -
туған жерімен, ата қонысымен қоштасу жыры.
Жыраудың
толғауларындағы суреттеулер мен образдар.
Мұрат ақын жырлаған «Қазтуған»
жырындағы Қазтуған бейнесі жауынгер - жыраудың
көшпенділер тұрмысы тудырған ерекше қасиеттерге
баламалануы.
Асан кайғы
Асан қайғы (Хасан Сәбитұлы ХІҮ-ХҮ
ғ.ғ.) өмірі туралы мәлімет. Тарихи тұлға,
ұлы ойшыл. Асан қайғы - Ұлығмұхамед, Жәнібек
хандардың қасында болып, мемлекет ісіне араласқан,
ықпалды бектерінің бірі.
Асан қайғы - аңыз кейіпкері. Аңызға
айналған данышпан Асан қайғы мен тарихи Асан арасындагы
қарым-катынас. Асан туралы аңыздардың тақырыбы мен
мазмұнына қарай: қайғы аталуыма байланысты туган
аңыз-әңгімелер; Асанның өміріне қатысты
аңыздар жане Асанның ұлы Абат пен қызы
Жұпардың тапқырлық істеріне байланысты аңыздар
болып топтастырылуы. Асан туралы аңыздардағы қиял мен тарихи
шындықтың көрінісі. Асан қайғы
шығармашылығында «Жерұйық» идеясының көрініс
табуы. Асан қайғының утопиялық таным тұсінігі мен
ортағасырлық Буропадағы утопияның ерекшелігі.
Асан
қайғы - ХҮ ғасырдағы бүкіл Дешті
қыпшақтың ірі жырауы.
Асан толғауларының тақырыптық ерекшеліктері. Асан
қайғы толғауларындағы дидактикалық сарын: толғауларында
насихат, өнеге сөз, гибрат айтылуы («Еділ бол да, Жайық
бол»).
Асан қайғының Әз-Жәнібек ханға
айтқан арнау толғаулары. Арнау-толғауларының
әлеуметтік мәні. Арнау-толғауда ханға кеңес айта
отырып, ел басқару ісіне де араласуы, сын айтуы.
Жырау толғауларында өз заманындағы тарихи
өзгерістердің мәні түсіндірілуі.
Асан қайғы толғауларындағы - болжалдық сарын
(«Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің» толғауы «Қилы, қилы
заман болмай ма» тирадасы).
Асан
қайғы шығармаларының жииалып жариялану және
зерттелу жайы.
Доспамбет жырау
Қазақ хандығының құрылу
кезеңінде емір сүрген, ұлттық әдебиеттің
қалыптасуында көрнекті рөл атқарған - Доспамбет
жырау.
Доспамбет жырау өмірінен мәлімет. Доспамбет - ерлік пен
еркіндікті аңсаған жорықшы жырау. Жырау толғауларының
басты идеясы - ерлікті, батырлықты дәріптеу. Доспамбет жырау
толғауларында елді, жерді қорғау міндеті, майданда шаһит
кешу, соғысып өлу арманының көрініс табуы.
(«Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын Ақ
Жайық», «Сере, сере, сере қар» т.б. толғаулары)
Доспамбет жырау толғауларында ерлік, елдік мәселелерінің
көтерілуімен қатар, билеуші қауымның салтанатты өмір-тұрмысының
да жырлануы, өз заманының белді өкілі болған
Доспамбеттің өмір салты көрініс табуы. («Тоғай,
тоғай, тоғай су »).
Доспамбет жырау толғауларында дүниенің
өткіншілігі, адам өмірі туралы ой-толғаныстарының
жырлануы.
Шалкиіз жырау
Шалкиіз Тіленшіұлы (1456-1560) - қазақ поэзиясында
философиялық бағыттың негізін салушы, жаңашыл жырау.
Жыраудың өмірбаяны. Шалкиіздің
ноғайлы-қазақ дәуірінде Орақ, Мамай, Би
Темірдің тұсында өмір сүргені.
Импровизатор Шалкиіздің жазбаша сауаттылығын да танытатын
толғауларындағы терең ойлылық, суреткерлік шеберлік.
Шалкиіз толғауларындағы қоғам, адам өмірі
жайындағы толғаныстар, дүниенің өткіншілігі,
өмірдіц өзгеруі, өсу процесінде болатындыгы туралы
пайымдаулары.
Шалкиіз жыраудың философиялық ой- толғаныстарынан
туғаң терең мағыналы афористік сөздері.
Шалкиіз - әскербасы,
батыр.
Шалкиіз поэзиясы - белгілі дәрежеде жаугершілік поэзия. Шалкиіз
поэзиясының рухы-ерлік. Шалкиіз толғауларында ұрыс
даласындағы батырдың қимыл, қозғалысын жанды
суреттер арқылы жеткізу, батыр бейнесінің статикалық
күйде сомдалу үлгілері.
Жыраудың толғауларында «бұқарашылдық
тенденциясының» көрініс табуы. Жалғыздықтың
мансұқталып, бірліктің, туыстықтың
дәріптелуі («Артыңда туысқанның көбі игі»,
«Қамалаған қалың туғанның арқасы»).
Шалкиіздің Би Темірге арналған толғаулары. («Аспанды
бұл құрсайды», «Қара бас күспен шалдырып »).
Арнау-толғауларындағы заман тынысы, хан мен жырау
қарым-қатынасы. Ханды ұлықтай жырлауы немесе ханға
мін айтуы.
Шалкиіздің
ақындық шеберлігім танытатын көркемдік тәсілдер.
Шалкиіз - сахара
эпосын жасаушылардың бірі.
Шалкиіз
тудырған нақыл- афоризмдерді Бұқардың үлгі
етуі.
Шалкиіз толғауларындағы жауынгерлік, ерлік рухы Махамбет
поэзиясында қайталануы.
Шалкиіз жырау шығармашылығының зерттелуі. Шалкиіз толғауларының
Кеңес өкіметі орнағанға дейін-ақ жиі басылып
жарық көруі. Шалкиіз шығармашылығының
қазақ, сонымен бірге, қарақалпақ,
құмық халықтары әдебиетінде зерттелуі жайы.
ХҮІІ
ҒАСЫРДАҒЫ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Қазақ әдебиеті
тарихында ХҮІІ ғасыр әдебиетінең қалған
нұсқалар өткен дәуірлермен салыстырғанда біршама
аз.
Бұл кезеңдегі поэзияның ірі өкілі - Жиембет жырау.
Жалғыз толғауы ғана сақталып жеткен -
Марғасқа жырау. Жыраулардың шығармашылық
өмірбаяны Есім ханмен байланысты болуы.
Жиембет жырау
Жиембет Бортоғашұлы (ХҮІІ ғ.) - Есім ханның әскербасы
батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы, қабырғалы
биі. Жырау өмірінен мәлімет берер аңыз әңгімелер.
Жиембеттен қалған елеулі мұра - Есім ханға
арналған толғаулары. Арнау-толғауларындағы
Жиембеттің хан мен халық алдындагы үлкен еңбегі,
жоғары беделі көрініс табуы.
Жиембеттің арнау-толғауында билеуші мен жырау арасында
қайшылықтардың суреттелуі және хан дәрменсіздігінің
әшкереленуі, толғаудың сыншылдық сипаты.
Марғасқа жырау
Марғасқа
жырау (ХҮІІ ғ.) - Есім ханның батырларының бірі жырау.
Өткір тілді, суырып салма өнердің шебері
Марғасқа жырау - ерлікті, антқа беріктікті жырлаушы. «Ей,
Қатағаның хан Тұрсын» толғауының шығу
тарихы.
ХҮІІІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ
ӘДЕБИЕТІ
ХҮІІІ ғасырдағы қазақ халқының
саяси-экономикалық даму жағдайы. ХҮІІІ ғасырдың
қазақ қоғамының тарихында аса бір қиын да
күрделі кезең болғаны, осы кезеңдегі
қазақтар мен жоңғар қалмақтары
арасындағы соғыстар.
Жыраулар шығармашылығында ерлік мәселелеріне елдік
мәселелерінің қоса жырлануы.
ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген Ақтамберді,
Үмбетей, Тәтіқара жыраулардың
толғауларындағы сыртқы жауларға карсы курес, ерлік
сарыны. Бұқар шығармашылығында қазақ
халқының өміріндегі мәселелердің көрініс
табуы.
ХҮІІІ ғасыр поэзиясында жыраулық
дәстүрдің одан әрі дамуы және ақындық
поэзияның алғашқы өкілдерінің шығуы.
Жыраулар
поэзиясының тақырыптық, коркемдік, жанрлық
жағынан толығуы.
ХҮІІІ ғасыр поэзиясында адам образының жасалуы, тарихи
тұлғалар бейнесінің жырлануы. Жыраулар поэзиясында
Бөгембай, Абылайхан бейнесі.
Ақындар
поэзиясының ең көрнекті өкілдері - Көтеш
және Шал ақындардың шығармашылығы.
ХҮІІІ ғасыр поэзиясында дін, этика, мораль мәселелері,
байлық пен кедейлік, о дүние мен бұл дүние жайы сез
етілетін философиялық-дидактикалық үлгідегі туындылар,
күнделікті, өмірге, тұрмысқа қатысты
тақырыптармен толығуы.
Ақтамберді жырау
Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768)-жоңғарларға қарсы
күрес дәуірінде қол бастаған батыр, жортуыл жыршысы, әлеуетті
жырау.
Ақтамберді
жыраудың өмірінен мәлімет.
Қазақ тарихындағы ең қиын кезеңде
өмір сүрген Ақтамбердінің жоңғарларға
қарсы күресті ұйымдастырушы болғаны.
Ақтамберді
толғауларындағы басты сарын - ерлікке, батырлыққа
шақыру.
Ақтамберді шығармашылығында қазақ
халқының ой-арманы, мақсат-мүддесі, көшпенді
халықтың өмір-тұрмысы жайлы түсінігі,
мінез-құлық ерекшеліктері жырлануы.
Жыраудың «Жағалбай деген ел болар», «Жағаға
қолдың тигенін», «Жел, жел есер, жел есер»
толғауларындағы жалғыздық, жарлылық мәселелерінің
жырлануы.
Жырау
поэзиясында нақыл, афористік толғаныстардың берілуі.
Тәтіқара ақын
Тәтіқара ақын - қазақ халқының
тарихында сырт жауларға қарсы күрестің ұраншысы,
жауынгер ақын.
Тәтіқара
ақынның Абылай ханның жортуыл жыршысы болуы.
Ақын өмірінен
деректер.
«Қамыстың басы майда, түбі сайда» толғауы
ерлердің рухын көтеру, жігерлендіру үшін айтылғаны.
Абылайға арналған «Кебеже қарын, кең құрсақ»
өлеңіндегі ақынның турашылдығы.
Үмбетей жырау
Үмбетей (1706-1775) - өз дәуірінің аса
маңызды мәселелерін жырлаған үлкен тынысты жырау.
Үмбетей жырау толғауларында ел тұрмысындағы
маңызды мәселелер, батырлардың ерлігі мадақталып,
жырлануы.
Үмбетей - Абылай және ХҮШ ғасыр батырлары
жайындағы жырларды туғызушылардың бірі.
Жырау толғауларында ел, жер тарихы туралы деректердің берілуі.
Үмбетейдің даңқын шығарған «Бөгембай
өліміне», «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту»
толғаулары.
Жырау шығармашылығында жоңғарға қарсы
күрестің каһарманы, атақты қолбасшы
Бөгембай образының жасалуы.
Бұқар
жырау
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668-1781) -
қазақ жыраулар поэзиясының алыбы.
Бұқар жырау - өз дәуірінің данышпаны,
қазақ хандығының нығаюы,
орталықтандырылған мемлекетке айналдыру жолындағы Абылай
ханның кеңесшісі, ақылгөй биі, көрнекті мемлекет
қайраткері.
Бұқар жырау - қазақ халқының
ынтымағын, бірлігін ту етіп көтерген ұлы тұлға,
кемеңгер жырау.
Бұқар
жыраудың өмірі туралы мәлімет.
Бұқар жыраудың шығармаларымың жиналуы,
зерттелуі. М.Әуезов, Қ.Жұмалиев,
Ә.Марғұлан, Е.Исмаилов, Б.Кенжебаев, Р.Бердібай т.б.
ғалымдар еңбектеріндегі Бұқар жырау туралы ғылыми
тұжырымдар, пікірлер. Жырау толғауларының текстологиясы.
Бұқар жыраудың болжағыштық қасиеті.
Болжал өлеңдері. Бұқар жыраудың мұсылманша
жазба сауатының болғандығы.
Бұқар жырлары жыраулық поэзиямың
дәстұрлі жалғасындай болғанымен, әлеуметтік-
саяси мазмұны мен тақырыбы, көркемдігі жағынан
өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Жырау шығармашылығын
тақырыптық ерекшеліктеріне қарай:
адамгершілік-имандылық тәрбиесін жырлайтын насихат толғаулар,
ел бірлігі тақырыбындағы толғаулар, Абылай ханға
арналған толғаулар, отаршылдыққа байланысты туған
болжал толғаулар деп топтастырып қарастыру. Бұқар жыраудың
жас ерекшеліктеріне байланысты және өмір туралы толғаулары.
Бұқар
жырау толғауларындағы Абылай хан бейнесі.
Абылай туралы тарихи жыр, толғаулардың арасында
Бұқардың арнау толғауларының орны.
Бұқар поэзиясы көркемдік, бейнелік
тұрғысынан өзіне ғана тән белгілермен сипатталуы.
Бұқардың өзіндік шеберлігі. Көркемдік
ізденістерінің әралуандылығы. Шығармашылығындағы
тақырып кеңдігінің поэзия тіліне әсер етуі, образдардың
жаңа түрлері, көркемдік әдіс, тәсілдердің
молдығы.
Қожабергеп жырау
Қожаберген
Толыбайұлы (1663-1762) - қазақ елі тарихындағы жырау-ақын,
жауынгер, қолбасшы ретінде танымал тұлға.
Қожаберген
жырау өмірінен мәлімет.
Қожаберген жыраудың қазақ хандығының
саяси, қоғамдық, ішкі және сыртқы
мәселелерге араласуы.
Оның қосымша өнерпаздық касиеттері: күйші,
ұста, емші (сынықшы, жауырыншы), аңшы (мерген, құсбегі,
ат сейілі т.б.).
Шығармаларының жанрлық ерекшеліктері: толғаулары
(«Ғасыр жас», «Жастық»); тарихи өлең-жырлары («Ата
тек», «Қызылжар», «Балта керей соқыр Абыз», «Қойлыбай
көреген», «Төрт жігіт») ; ән-өлеңдері
(«Дүние», «Аң сауығы», «Жігіттік», «Шилі өзен»,
«Сылаң сыр», «Балқан, Балқан, Балқан тау»); төл және
қайта жырлаған дастандары («Баба тіл», «Елім-ай», «Ер Көкше»,
«Еңсегей бойлы ер Есім», «Ер Сырым», «Ер Едіге», «Орақ батыр».
«Елім-ай» дастанының идеялық-композициялық, көркемдік ерекшеліктері. «Баба тіл»
дастанының ұлттық-этнографиялық ұлағаты.
Көтеш ақын
Көтеш ақын (1745-1818)- жоңғарларға
қарсы күресті жырлаған жауынгер жырау.
Жырау
өмірінен деректер.
Ақынның
тұрмыс, кедейлік мәселелерін жырлаған толғау жырлары.
«Абылай, Ботақанды сен өлтірдің», «Күркелінің
бауыры күнде дауыл», «Арқа ойылдың құба жон түсер
қақтар» т.б. өлеңдері.
Шал ақын
Шал (Тілеуке) Құлекеұлы - жыраулық поэзия
үлгісінен өзгешелеу, жаңа типтегі ақын.
Шал
ақынның өмірінен мәлімет.
Шал
ақынның жазбаша сауаты болғандығы.
Шал ақын өлеңдерінің тақырыптық
ерекшеліктері: этика, мораль мәселелері, кедейлік, адам
өмірінің кәрілік, жастық кезеңдері.
Әйел
тақырыбының Шал ақын поэзиясывда ерекше жырлануы.
Шал ақын
шығармаларының сатиралық сипаты.
Шал өлеңдеріндегі
лирикалық поэзия үлгілерінің кездесуі.
СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫМЕН БІРЛЕСЕ ЖАСАЛАТЫН
ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҮЛГІ
ТАҚЫРЫПТАРЫ
• Кіріспе.
Қазақ хандығының құрылуы
қарсаңындағы тарихи,
қоғамдық-әлеуметтік
жағдай және оның қазақ әдебиетінің
дамуына әсері.
• Хандық
дәуір әдебиетінің көркемдік-идеялық
ерекшеліктері.
• Жыраулар
поэзиясының даму бағыттары және зерттелу жайы.
• Қазтуған
жырау және Асан қайғы шығармашылығы.
• Доспамбет жырау
шығармашылығы.
• Шалкиіз жырау
шығармашылығы.
• Жиембет және Марғасқа
жыраулар шығармашылығы.
• ХҮІІІ ғасырдағы жыраулар
поэзиясының даму ерекшеліктері.
• Тәтіқара ақын
шығармашылығы.
• Үмбетей жырау шығармашылығы.
• Бұқаржырау Қалқаманұлы шығармашылығы.
• Шал және Көтеш ақындар шығармашылығы.
СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ҮЛГІ
ТАҚЫРЫПТАРЫ
•
Жыраулар
поэзиясының зерттелу жайы.
•
М.Мағауин
- әдебиет тарихын зерттеуші.
•
Толғау жанрының табиғаты
туралы.
•
Жыраулар
поэзиясының даму ерекшеліктері.
•
Хандық
дәуір әдебиетінің көркемдік-идеялық ерекшеліктері.
•
Асан
Қайғы: ақиқат пен аңыз.
•
Асан Қайғы толғауларының әлеуметтік мәні.
•
Шалкиіз-
қазақ жырауларының атасы.
•
Жыраулар
шығармашылығындағы арнау толғаулар.
•
ХҮІІІ ғасырдағы
қазақ поэзиясының өзіндік ерекшеліктері.
•
Бұқар
жырау толғауларындағы Абылай бейнесі.
•
Бұқар
жырау толғауларының
дидактикалық сипаты.
•
Бұқар
толғауларындағы заман шындығы.
•
Шал
ақын поэзиясының тақырыптық ерекшеліктері.
•
Қазақ
хандығыньщ саяси, әлеуметтік жағдайы және оның
әдебиетке ықпалы.
•
Жырау,
жыршы, ақын: ерекшеліктері мен ұқсастықтары.
•
Толғау
жанрының өзіндік ерекшеліктері.
•
ХҮ-ХҮІ
ғасырлардағы
жыраулар поэзиясы.
• ХҮІІІ
ғ. өмір сүрген
жырау
толғауларының
тақырыптық
және көркемдік ерекшеліктері.
• Жыраулар поэзиясыиың
көркемдік сипаты.
• Жыраулар поэзиясының
тарихилығы.
• Жыраулар поэзиясының
казақ әдебиетіндегі орны.
• Хандық дәуір әдебиетіндегі ерлікті
жырлау дәстүрі.
• Жыраулар поэзиясьшдағы тарихи тұлғалар бейнесі.
• Жыраулар поэзиясының кейінгі
әдебиетке әсері.
ПАЙДАЛАНУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТ
•
КенжебаевБ.
Әдебиет белестері.-А., 1986
•
Мағауин
М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет
(ХҮ-ХҮШ ғ.)-А., 1992
•
Қазақ
хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия.-А., 1993.
•
Мағауин
М. Ғасырлар бедері. Әдеби зерттеулер,- А., 1991
•
Мағауин
М. Қазақ тарихының әліппесі: Деректі толғам.- А.,
1995
•
Сүйіншәлиев X. ХҮШ-ХІХ ғасырлардагы қазақ
әдебиеті.-А.,1961
•
Сүйіншәлиев X. Қазақ әдебиеті (ХҮІіГ-ХІХ
ғ.г.) -А„ 1991
•
Алдаспан.-А.,
1971
•
Ақберен.
-А., 1972.
•
Абылқасымов
Б. Жанр толғау в каз. Устной поэзии.-А., 1984
•
Абылайхан(Тарихи жырлар)-А., 1993
•
Адамбаев
Б. Халық даналығы.-А.,
1973
•
Адамбаев
Б. Қазақтың шешендік өнері.-А., 1984
•
Қосымова
Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері.-А., 2003
•
Үш
пайғамбар.-А., 1992
•
Әбуталиев
Н. Ордабасы Қожаберген.-А., 1995
•
Әдеби
мұра және оны зерттеу. -А., 1961
•
Әуезов
М. Әдебиет тарихы.-А.,
1991
•
Әуезов
М. Әр жылдар ойлары. -А., 1959
•
Бұхар
жырау. Ай, Абылай, Абылай! -А., 1993
•
Бердібай
Р. Қазақ эпосы. -А., 1995
•
Бес
ғасыр жырлайды. 1 том.-А., 1993
•
Валиханов
Ш. Абылай /сочинение, т.ІҮ.-А., 1985
•
Дербісалин
Ә. Әдебиет туралы толғаныстар.-А., 1990
•
Дүйсенбаев Ы. Ғасырлар
сыры.-А., 1970
•
Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті.
-А., 1983
•
Ғабдиров И. Дәстүр және
жаңашылдық. -А., 1978
•
Жармұхамедов М.
Көненің көзі.-А., 1995
•
Жұмалиев Қ. ХҮШ-ХІХ
ғғ. Қазақ әдебиеті.-А., 1967
•
Златкин
К. Я. История Джунгарскрго ханства.- М., 1983
•
Исмаилов
Е. Ақындар.-А., 1957
•
Кенжебаев
Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері.-А., 1973
•
Келімбетов
Н. Қазақ әдебиеті бастаулары. -А., 1998
•
Келімбетов
Н. Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі
дәстүр
жалғастығы.-А., 1998
•
Кляшторный С.Г., Султанов Г.Н. Казахстан.
Летопись трех тысячелетий. -А.,
1969
•
Қазақтың
көне тарихы. Т.ІІ-А., 1967
•
Қазак
әдебиеті тарихының мәселелері. —А., 1976
•
Қуғанов
Ш. Бұхар жырау және оның заманы. -А., 1993
•
Қалиев
С. ХҮ-ХІХ ғғ. Ақын-жыраулар поэзиясындағы
педагогикалық ойлар.-
А., 1990
•
Қалиұлы С. Қазақ
этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы.
А., 2003
•
Құрбанғали Халидұлы. Тауарих хамса. (Бес тарих)-А.,
1992
•
Марғұлан Ә. Ежелгі жыр
аңыздар. -А., 1985
•
Мәдібай
Қ. Хандық дәуір әдебиеті. -А., 1992
•
Негимов
С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі.-А., 1991
•
Өмірәлиев
Қ. ХҮ-ХІХ ғғ. Қазақ поэзиясының тілі.-А., 1976.
•
Поэты
Казахстана. Сборник.-А., 1978
•
Сыздықова
Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы.-А., 1993
•
Сыдықов
Қ. Керкемдік өрнектер. -А., 1992
•
ТебегеновТ.
Халық ақындары. -А., 1997
• Тебегенов Т.
Халық ақындары шығармашылыгындағы әдебиет пен
фольклор дәстүрі. А., 2001
• Тынышбаев М. История казахского
народа. -А., 1993
• Тілепов Ж. Елім деп еңіреген
ерлер жыры. -А., 1995
• Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. -А., 2001