Ф- 7. 11-11

 

 

Қазақ әдебиеті кафедрасы

 

 

 

ЖҰМЫСТЫҚ  ОҚУ  БАҒДАРЛАМАСЫ

 

              Пәні:                                      Қазақ  хандығы  дәуіріндегі  әдебиет

              Дайындау бағыты:                            050205  «Филология»

              Оқу түрі:                                         күндізгі

              Курсы:                                           2 

              Семестр:                                       3 

              Кредит саны:                                 2

              Лекция:                                          15

              Практикалық (семинар) сабақ:        15         

              ОБСӨЖ                                         30 (15х15)

              СӨЖ:                                            30

              Аралық  бақылау саны:                2 рейтинг

              Қорытынды бақылау түрі:             емтихан           

 

 

 

 

Шымкент 2008

 

 

Жұмыстық  оқу   бағдарламасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ОӘБ бекіткен  “Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет” пәні бойынша типтік бағдарлама негізінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ қазақ әдебиеті кафедрасы  тарапынан түзілген.

 

Жұмыстық  оқу  бағдарламасын  түзген:                ф.ғ.к.,  доц. Қалдыбаев Т.                                                                          

 

Жұмыстық  оқу  бағдарламасы  кафедра  мәжілісінде талқыланып,  бекітілген.

№______ Хаттама   «_____»_______________________2008 ж.

 

Кафедра меңгерушісі:                                               ф.ғ.к.,  доц. Қалдыбаев Т.                                                                                               

 

    Жұмыстық  оқу  бағдарламасы  Филология   институтының  әдістемелік  комиссиясында мақұлданған.

 

                                               «___» «_______»  2008 ж.  Хаттама  № __

                                                                        Төраға:                 Тұрмаханова  С.

 

 

   Жұмыстық  оқу  бағдарламасы кафедралармен  келісілді (кафедралар тізімі, пән   аттары, меңгерушілердің  аты- жөні, қолы,  келісілген уақыты)

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

 

1.                Оқу  үрдісіндегі  пәннің алатын  орны  мен мақсат, міндеттері.

 

1.1. Пәнді   оқытудың мақсаты:  Қазақ әдебиеті тарихындағы  елеулі бір сала – жыраулар поэзиясы. Қазақ аталатын  дербес мемлекет – Қазақ  хандығының негізі  қалануымен байланысты  өз алдына  жеке  әдебиет те  қалыптасты. Төл әдебиетіміздің    бастауларын оқыту  мамандыққа  сай  міндетті  болып саналады.

1.2.  Пәнді  оқытудың  негізгі міндеттері:  «Қазақ хандығы  дәуіріндегі әдебиет»   атты  бұл пән ұлттық әдебиетіміздің  алғашқы өкілдері – Асан Қайғы, Қазтуғаннан бастап Доспамбет,  Шалкиіз,  17 ғасырда  өмір  сүрген  Жиембет, Марғасқа,  18 ғасырдағы  қазақ  поэзиясының  соқталы  өкілдері  Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар  жырау  және  ақындық  поэзияның  көрнекті  өкілдері  Көтеш, Шал  ақындар  шығармашылығын    қамтитын  ежелгі  түркілік  поэзия   мен  жыраулық  поэзияның  сабақтастығы  идеялық-көркемдік  жалғастығы  мәселелері,  жыраудың  қоғамдық-әлеуметтік  тұлғасы,  жыраулар  поэзиясының  көркемдік  негіздері,  жыраулық  мұралардың  тарихилық  мәселелері  ғылыми-теориялық  тұрғыдан  түсіндіріледі.

1.3 Студенттердің  осы  пәнді  меңгеруге  қажетті   өзге  пәндер:

Пәнді  оқыту  барысында  пәнаралық  байланыстар  да  басты  назарда  болады. Тарих, философия, мәдениеттану, т.б.  пәндер  бұл  кезең  әдебиетінің  тарихи  оқиғалармен, саяси-әлеуметтік  жағдайлармен  байланысты  даму  ерекшеліктерін  аша  түседі.   

    

 

 

2.    Оқу жоспарынан  көшірме

 

 

Семестр

Апта

саны

Семестр  және сабақ түріне қарай сағаттардың бөлінуі

 

 

 

Барлық сағат

Қорытынды бақылау

Дәріс

Тәжірбиелік сағат

Студенттермен жеке жұмыс

 

СӨЖ

 

ОСӨЖ

1

 

3

4

5

6

7

8

 

3

15

15

15

30

30

15

105

 

Барлығы

15

15

15

30

30

15

105

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Модуль, бөлім, тақырып аттары, олардың негізгі мазмұны

Дәріс

Практи

калық сабақ

СӨЖ

СӨЖ

Проблемалық

жағдай

Әде

биет

тер

Тақырыпты өткен соң студент нені меңгеруі тиіс

1

І модуль

 

XV-XVII ғасырлар

Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы қоғамдық,          әлеуметтік, саяси жағдай. Ақ Орданың қазақ хандығының құрылуына негіз болған. Қазақтың алғашқы    хандары: Әбілқайыр, Керей, Әз Жәнібек.

XVI ғасырдағы қазақ хандығы. Қасым ханның қазақтың алғашқы ресми заңы – “Қасым ханның қасқа жолын” жасап шығуы.

Тәуке хан тұсында  қазақ хандығының бірлік-берекесінің арта түсуі. Тәуке хан реформалары. “Жеті жарғы” заңы.

Қазақ жырауларының тарих сахнасына шығуы. Жырау және жыршы. Жыраудың қоғамдық-әлеуметтік тұлғасы.

Толғау жанрының табиғаты, ерекшеліктері.

Кіріспе лекция

2

1,2,3

1,2,3

 

 

 

1,2,3

 

 

 

1,3

 

 

 

Қазақ хандығы

ның                       құрылуы                

қарсаңындағы   қоғамдық, әлеуметтік,

саяси

жағдайын, қазақтың алғашқы хандарын  білу.

2

Қазтуған жырау

Қазтуған жырау (XV г.) - қазақ әдебиетінің төлбасыларының бірі. Жыраудың өмірінен мәлімет. Қазтуғанның жорықшы, жауынгер жырау болғандығы. Қазтуған нәр алған әдебиет — ежелгі түркі дәуіріндегі көшпелілердің поэзиясы, мұрасы, бізге жетпеген Кет-бұға, Сыпыра жыраулардың толғаулары.  Қазтуған поэзиясы — табиғат аясындағы көңілі таза сәби көшпелінің поэзиясы. Қазтуғанның өзіне арналған мадақ жыры. Жыраудың шынайы ақындық талантының қуатын танытатын толғауы - оның туған жерімен қоштасу жыры.

Талдау лекция

 

4,5

4

3

1,3,4,

10

 Жырау, жыршы, ақынды ажырату

 

 

3

 Асан Қайғы

 Асан Қайғы (Хасан Сәбитұлы XIV-XVI). Жырау өмірінің деректері. Асан Қайғы жыраудың толғауларында шұрайлы   жер,    бақытты   ел   іздеген   халық арманының көрінісі. Асан қайғы – XV ғасырдағы бүкіл Дешті Қыпшақтың ірі жырауы

Асан Қайғы жыраудың "Қырында киік жайлаған", "Ай, хан, мен айтпасам білмейсің",  "Бұл заманда не ғаріп",  "Еділ бол да Жайық бол" деп басталатын толғаулары.

Шолу

 лекция.

 

 

2

6,7

 

4

4

1,3,15,21

Асан Қайғы туралы ақиқат

 пен аңызды анықтап білу.

4

Доспамбет жырау

Доспамбет жыраудың (XVI  г.)  есімі кезінде бүкіл Ноғайлы Ордасы мен Дешті Қыпшаққа мәшһүр болған. Доспамбет — жорықшы жырау, талай шайқастарда ерлік көрсеткен батыр.        Доспамбет жыраудың  "садақ толы сайгез оқты бората атқан" батырды, "алты құлаш ақ найзамен" жауын шаншыған қаһарманды, Еділдің бойын ел жайлап, бейбіт тұрмыс кешкен заманды өз толғауларына өзек етуі. Доспамбет жырау толғауларындағы дәуір көрінісі. Доспамбет жыраудың "Қоғалы көлдер, қом сұлар",  "Арғымаққа оқ тиді",  "Айналайын Ақ Жайық", "Тоғай, тоғай, тоғай су" деп басталатын толғауларының идеялық мазмұны, көркемдік ерекшеліктері.

Зерттеу лекция.

 

 

5

5

5

1,3,10,14

Доспамбет жырау толғауларында дәуір көрінісін сипаттай алғандығын тану

5

Шалкиіз жырау Тіленшіұлы (1465—1560)-— қазақтың жыраулық поэзиясының атасы. Жырау өмірінен мәлімет. Шалкиіз — жаңашыл, қазақ поэзиясындағы философиялық  бағыттың негізін салушы. Жыраудың толғауларында жалғыздықтың   мансұқталып, бірліктің  туыстықтың дәріптелуі. (Артыңда  туысқанның көбі  игі» «Қамалған  қалың туғанның  арқасы»), Шалкиіздің Би Темірге арналған  толғаулары  «Аспанды бұлт құрсайды», «Қара бас құспен шалдырып» Шалкиіз поэзиясының рухы — ерлік. Шалкиіз жырау толғауларындағы тіл нақыштары, нақыл сөздер, афоризмдер. Жырау мұрасының зерттелуі.        

Толғау лекция

2

8

6

6

1,3,5,

10,11,20

Шалкиіздің  өзіндік поэзиялық  бағытына көз жеткізу

6

Жиембет жырау, Марғасқа жырау

Жиембет жырау Бортоғашұлы (XVII ғ.) — жорықшы жырау. Есім ханның әскербасыларының бірі, қалмақтармен шайқаста сан рет ерлігімен көзге түскен батыр.  Жиембет жыраудың мемлекет ішіндегі, халық алдындағы беделі жоғары болғандығын аңғартатын толғаулары.

Жыраудың "Әмірі" қатты  Есім хан", "Еңсегей бойлы ер Есім", "Қол-аяғым бұғауда", т.б. толғаулары.

 

Ақпарат

тық лек

ция.

 

 

 

 

 

9

7

3

1,3,10

Жиембет пен Марғасқа ерлікті, елдікті жырлаған жыраулар екендігін аңғару

7

Марғасқа жырау

Марғасқа (ХҮІІғ) –ерлікті, достықты, адалдықты жырлаушы. Ол жортақшы жырау. Марғасқа жыраудың Ташкентті билеген Тұрсын Мұхаммед Сұлтанға қарата айтқаны. («Ей, Қатағанның хан Тұрсын»  толғауының шығу тарихы)

 

Ақпарат

тық лек

ция.

 

2

 

 

 

9

7

3

1,3,10

Жиембет пен Марғасқа ерлікті, елдікті жырлаған жыраулар екендігін аңғару

 

   І модуль  қорытындысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    8

ІІ модуль

            

XVIII ғасырдағы қазақ  әдебиеті

XVIII ғасыр әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері. XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтар мен қалмақтар арасындағы соғыстар. Бұл кезеңдегі жыраулар поэзиясының тақырыптық-мазмұндық жағынан толығып, көркемдігінің артуы.

Зерттеу лекция.

Шолу лекция

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

1

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1,3,7,

24

XVIII ғасыр әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін білу.

у.

 

9                                                       

Ақтамберді жырау

Ақтамберді жырау Сарыұлы (1675-1768) - қазақтың белгілі жорықшы жырауы, қалмақтармен күресте қол бастаған батыр.

Ақтамберді жырау толғауларындағы басты сарын-ерлікке, батырлыққа, дұпшаннан кек алуға, елді жаудан қорғауға шақыру. Ақтамбердінің "Күлдір-күлдір кісінетіп",  "Уа, қарт Бөгенбай", "Еділ, Жайық екі өзен", "Балпаң, балпаң кім баспас", «Жағалбай деген ел болар», «Жағаға қолдың тигені», «Жел, жел есер, жел есер» т.б. толғаулары. Толғауларының әлеуметтік мәні, көркемдігі, сөз нақыштары.

Зерттеу лекция.

Шолу лекция

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

1

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1,3,7,

24

Ақтамберді жырау Сарыұлы (1675-1768) - қазақтың белгілі жорықшы жырауы, қалмақтармен күресте қол бастаған батыр

10

Тәтіқара ақын

Тәтіқара ақыны (XVIII ғ.) — қазақ елін жаугершілік заманда сыртқы жауға карсы күреске үндеген жауынгер ақын. Тәтіқараның әскери жорықтарда ұдайы Абылай ханның қасында жүретін жортуыл жыршысы болғандығы. Тәтіқараның қалмақтармен соғыста ерлік көрсеткен Жәнібек Шақшақұлын, Бөкейді, Сағырды, Дәріпсәліні, Бөгембайды, Жабай, сол қатардағы т.б. қазақ,

батырларын жырлағандығы. Ақынның «Қамыстың басы майда, түбі сайда”, “Кебеже қарын, ке” құрсақ”, “Ассалаумағалейкум, жайсаңдар мен қасқалар”, т.б. өлеңдерінің мәні.

Ақпараттық лекция.

 

 

1

2

6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1,3,

14

Тәтіқара ақыны (XVIII ғ.) — қазақ елін жаугершілік заманда сыртқы жауға карсы күреске үндеген жауынгер ақын.

Үмбетей жырау Тілеуұлы еңбектерін білу.

11

Үмбетей жырау Тілеуұлы

Үмбетей (1706—1775) — өз дәуірінің аса маңызды мәселелерін дидактикалық-философиялық сарында жырлаған жырау. Үмбетей жыраудың даңқын шығарған жырлары — Бөгембай батырға арналған “Бөгембай өліміне”, “Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту” деп аталатын екі ұзақ толғауы.

Үмбетей — қазақ поэзиясында Бегембай батырдың өшпес образын жасаған жырау.

Ақпараттық лекция.

 

1

1

2

6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1,3,

14

 

12,13

Бұхар жырау Қалқаманұлы

Бұхар жырау (1668-1781) - XVIII ғасыр әдебиетіндегі ең көрнекті тұлға. Бұхар жырау - өз дәуірінің данышпан ойшылы, Абылай ханның ақылгөй кеңесшісі, белгілі қоғам қайраткері.

Бұхар жырау толғауларындағы Абылай хан бейнесі. Жыраудың өмір мен өлім туралы толғаулары. Бұқардың отаршылдыққа байланысты туған болжал толғаулары. Ұлы жыраудың ел бірлігін нығайтуға, тәуелсіздікті сақтап қалуға үндеуі. Бұқар жырау поэзиясы тіліндегі көркем сөз нақыштары.

Шолу лекция

 

2

3,4,

3,4,

3,4,

1,3,7,8,14,15,16

Бұхар жырау поэзиясы тіліндегі көркем сөз нақыштары, теңеулер

Бұхар жырау поэзиясы тіліндегі көркем сөз нақыштары, теңеулер, метафоралар, тұракты сөз тіркестерін білу.

14

Көтеш ақын

Көтеш ақын (1745—1818) - тарихи тақырып пен ерлік идеясын, тұрмыс, кедейлік мәселелерін жыр еткен ақын. Жоңғар басқыншыларына қарсы күресті, ел қайғысын толғаған жырлары. "Абылай, Ботақанды сен өлтірдің", "Күркелінің бауыры күнде дауыл", "Қартайғанда қатының дұшпан болды", т.б. өлеңдері.

Шолу лекция

 

 

5

5

6

1,3,11,18,10,21,22,23

Көтеш ақын  тарихи тақырып пен ерлік идеясын, тұрмыс, кедейлік мәселелерін жыр еткен ақын.

 

15

Шал ақын

Шал (Тілеуке) Құлекеұлы (1748-1819) - жыраулық поэзия үлгісінен өзгешелеу, жаңа типтегі ақын. Шал өлеңдерінің тақырыбы

 Шал ақынның айтыстары: Шал мен Дегдар қыздың айтысы. Жыраулар поэзиясы мен фольклор арасындағы тақырып, мазмұн, жанр, стиль бірлігі. Жыраулар поэзиясының кейінгі әдебиетке әсері.

 

2

5

5

6

1,3,11,18,10,21,22,23

Шал өлеңдерінің тақырыбы — жақсылық пен жамандық, рахым мен зұлымдық, жастық пен

кәрілік, адамгершілік мораль  екендігін  тану.

 

 

 

2 модуль қортындысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.1 Проблемалық  сұрақтар.

1-модуль

 1.Жыраулар  поэзиясындағы   дара  әдебиетке  тән  белгілер  және  фольклорлық  сипаттар.

 2. Жыраулар  поэзиясының  даму  кезеңдерін   нешеге  бөлуге  болады.  Олар  қайсылар?

 3. Толғау  жанрының  өзіндік  ерекшеліктері. Толғаудың  сипаттамасы. Жанрлық  белгілері. Толғау- импровизациялық  дәстүрдегі  дара  шығармашылық  үлгісі.

 4.Аңызға  айналған  данышпан  Асан  қайғы  мен  тарихи  Асан  арасындағы  қарым-қатынас.

 5. Доспамбет  жырау  толғауларында   дүниенің  өткіншілігі,  адам  өмірі  туралы  ой-толғаныстарының  жырлануы.

 6.15 ғасырдың  аяғы  16  ғасырдың  бірінші  жартысында  қазақ   поэзиясында   философиялық  бағыттың   негізін  салушы  кім?

2-модуль

 1.18 ғасыр  поэзиясында  дін, этика, модаль  мәселелері,  байлық  пен  кедейлік,  о  дүние  мен  бұл  дүние  жайы  сөз  етілетін  философиялық-дидактикалық  үлгідегі  туындылар.

 2. Ақтамберді  жырау  поэзиясында  нақыл, афористік   толғаныстардың  берілуі.

 3. Бұқар  жырау-Абылай  ханның  кеңесшісі,  ақылгөй  биі,  көрнекті  мемлекет  қайраткері.

 4. Бұқар  жырау  туралы  ғалымдардың   ғылыми  тұжырымдары.

 5. Бұқар  жырау  толғауларындағы  Абылай  хан  бейнесі.

 6. Шал  (Тілеуке) Құлекеұлы-жыраулық  поэзия  үлгісінен  өзгешелеу,  жаңа  типтегі  ақын.

 

3.2. Практикалық  сабақтардың  тақырыптары.

1-модуль

 1. Қазақ  халқының  жоңғар  басқыншылығына   қарсы  күресі.  Жоңғар  мемлекетінің  күйреуі.

 2. Жыраулар  поэзиясының  жиналу,  жариялану,  зерттелу  жайы   және  оның  кезеңдері.

 3. Мұрат  ақын  жырлаған   «Қазтуған» жырындағы  Қазтуған  жырау  бейнесі.

 4. Асан  қайғы  толғауларына  тақырыптық  талдау, үлгілер  жаттау.

 5. Шалкиіз  поэзиясының  рухы-ерлік.

2-модуль

 1.18 ғасыр  жыраулар  поэзиясының  тақырыптық,  көркемдік, жанрлық  жағынан  толығуы.

 2. Ақтамберді  шығармашылығында   көшпелі  халықтың   өмір-тұрмысы  жайлы  түсінігі.

 3. Бұқар  жыраудың  болжағыштық  қасиеті.  Болжал  өлеңдері.

 4. Бұқар  жырау  шығармашылығын    тақырыптық  ерекшелігіне    қарай  топтастыру.

 5.  Шал  ақын  шығармаларының  сатиралық  сипаты.

 

3.3. ОСӨЖ-дің  тақырыптары.

1-модуль

 1.Кіріспе. Қазақ  хандығының  құрылуы  қарсаңындағы  тарихи, қоғамдық-

    әлеуметтік   жағдай  және  оның  қазақ  әдебиетінің  дамуына  әсері.

 2.Хандық  дәуір  әдебиетінің  көркемдік-идеялық  ерекшеліктері.

 3. Жыраулар  поэзиясының  даму  бағыттары  және  зерттелу  жайы.

 4. Қазтуған  жырау  және  Асан  қайғы  шығармашылығы.

 5. Доспамбет  жырау  шығармашылығы.

 6. Шалкиіз  жырау  шығармашылығы.

 7. Жиембет  және  Марғасқа  жыраулар  шығармашылығы.

2-модуль

 1.18 ғасырдағы  жыраулар  поэзиясының  даму  ерекшеліктері.

 2. Тәтіқара  ақын  шығармашылығы.

 3. Үмбетей  жырау  шығармашылығы.

 4. Бұқар  жырау  Қалқаманұлы  шығармашылығы.

 5. Шал  және  Көтеш  ақындар  шығармашылығы.

 

3.4. СӨЖ-дің  тақырыптары.

1-модуль

 1.Жыраулар  поэзиясының  зерттелу  жайы.

 2. М.Мағауин – әдебиет  тарихын  зерттеуші.

 3. Толғау  жанрының  табиғаты  туралы.

 4. Жыраулар  поэзиясының  даму  ерекшеліктері.

 5. Хандық  дәуір  әдебиетінің  көркемдік-идеялық  ерекшеліктері.

 6. Асан Қайғы: ақиқат пен аңыз.

7. Асан Қайғы  толғауларының әлеуметтік мәні.

8. Шалкиіз  - қазақ жырауларының атасы.

9. Жиембет  пен  Марғасқа  толғауларының идеялық мәні.

10.Асан  Қайғы: ақиқат  пен  аңыз.

11.Асан  Қайғы:  толғауларының  әлеуметтік  мәні.

12.Шалкиіз-қазақ   жырауларының  атасы.

13.Жыраулар  шығармашылығындағы  арнау  толғаулар.

2-модуль

1.18 ғасырдағы  қазақ  поэзиясының  өзіндік   ерекшеліктері.

2. Бұқар  жырау  толғауларындағы  Абылай  бейнесі.

3. Бұқар  жырау  толғауларының  дидактикалық  сипаты.

4. Бұқар  жырау  толғауларындағы  заман  шындығы.

5. Шал  ақын  поэзиясының  тақырыптық  ерекшеліктері.

6. Қазақ  хандығының  саяси,  әлеуметтік  жағдайы  және  оның  әдебиетке  ықпалы.

7. Жырау, жыршы,  ақын:  ерекшеріктері  мен  ұқсастықтары.

8.Толғау  жанрының  өзіндік  ерекшеліктері.

9.15-16  ғасырлардағы  жыраулар  поэзиясы.

4.Оқытудың  техникалық  құралдары  (ОТҚ)  және  пәннің  әдістемелік  қамтамасыз  етілуі.

  

4.1. Оқулықтар,  оқу  құралдары,  әдістемелік  нұсқаулар, лекция  конспектілері,  анықтамалар  т.б.

1.     Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (XV- XVIII  ғ.) – А.,  1992

2.     Қазақ  хандығы  дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия. – А., 1993.

3.     Сүйінішәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. – А., 1997

4.     Алдаспан. – А.,  1971

5.     Ақберен. –А., 1972

6.     Үш пайғамбар. –А., 1992

7.     Әуезов М. Әдебиет тарихы. –А., 1991

8.     Бұхар жырау. Ай, Абылай, Абылай! –А., 1993

9.     Бердібай Р. Қазақ эпосы.  –А., 1995

10. Бес  ғасыр жырлайды. І  том. –А., 1993

11. Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті. –А., 1983

12. Исмаилов Е. Ақындар. –А., 1957

13. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері., -А., 1973

14. Келімбетов Н.  Қазақ әдебиеті бастаулары. А., 1998

15. Келімбетов Н.  Ежелгі түркі  поэзиясы  және қазақ әдебиетіндегі  дәстүр жалғастығы. А., 1998

16. Қуғанов Ш. Бұхар жырау және  оның заманы. –А., 1993

17. Құрбанғали  Халидұлы. Тауарих  хамса. (Бес тарих) –А., 1992

18. Марғұлан Ә.  Ежелгі жыр-аңыздар. –А., 1985

19. Мәдібай Қ. Хандық дәуір әдебиеті.-А., 1992

20. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының  бейнелілігі. –А., 1991

21. Тебегенов Т. Халық ақындары. –А., 1997

22. Тебегенов Т. Халық ақындары шығармашылығындағы  әдебиет пен  фольклор  дәстүрі. А.,  2001

23. Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. –А.,  2001

 

4.2. Плакаттар, слайдтар, бейне  және  телефильмдер, ЭЕМ үшін  бағдарламалар.

1.     «Ай, Абылай, Абылай». Плакат.

2.     Жырау тұлғасына ғалымдардың Берген сипаттамасы.

     Плакаттар циклі.

3.     Қазақтың алғашқы хандары. Портреттер.

4.     «Алтын қақпа»  сайыскерлеріне  слайдтар.

5.     «Жырау поэзиясы» Схемалық плакат.

 

 

 

 

5. 2007-2008 оқу жылындағы  жұмыстық оқу бағдарламасына енетін өзгерістер мен толықтырулар.

Жұмыстық   оқу  бағдарламасына мынадай өзгерістер енеді.

 

            1.______________________________________________________________________________              ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

            2.______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

Жұмыстық оқу бағдарламасы  кафедра  мәжілісінде қайта қаралып, өзгеріс  енгізіліп  бекітілді.

 

 

«___»  ________  2007 ж. Хаттама №

 

 

Кафедра  меңгерушісі:                                         Қалдыбаев  Т.

 

 

Енгізілген   өзгертулер  келісілді:

 

 

________________________________ институт  директоры

___________________________________________________

 

 

          «___»  __________  2007 ж.

 

 

Институттың  әдістемелік  кеңесінің  төрағасы: ____________________

 

 

«___»  __________ 2007 ж.