Лекциялық кешен.
№ 1
Тақырыбы: Хандық дәуір әдебиетінің даму
бағыттары және көркемдік-идеялық ерекшеліктері.
Жоспары:
1.Әдебиет дамуының тарихи
әлеуметтік жағдайларға байланыстылығы.
2.Ақындар поэзиясының
алғашқы кезеңі.
3.Қазақ әдебиетінің осы
дәірдегі идеялық бағыттары.
Пайдаланылатын әдебиеттері:
1.Х.Сүйіншалиев Қазақ
әдебиетінің тарихы.А.,1997,366-374 беттер.
2.Бес ғасыр жырлайды.1 том .А.1989,107-111-
беттер.
3.М.Мағауин Ғасырлар бедері.
А.,1991,104-120 беттер.
4.М.Мағауин Хандық дәуіріндегі
қазақ әдебиеті.А.,1994.
Қазақ әдебиетінің қайсы бір кезеңі
де халық басынан өтіп жатқан тарихи әлеуметтік
жағдайларға байланысты дамып келеді.Өз дәуірі
ұсынған басты мәселелерге үн қосады.Сол
өмірде қажет болған өзекті сұрақтарға
жауап беруге ат салысады. Он сегізінші ғасырда әдебиетіміз
біртіндеп ілгерілеп өсу сипатын танытты.Оған дейінгі
қалыптасқан бой
көрсеткен жыраулар
шығармасы белгілі авторы
бар поэзияны туғызды. Мұның өзі
дәстүрлі
мәдениетіміздің қалыптасуына жағдай жасады.Он
сегізінші ғасырда суырып - салма ақындар мен шешен би жыраулар шығармашылығымен қатар
дамыды.
Әр халық
өзінің рухани мәдениетінің деңгейін
көркемөнер туындыларының жан-жақты,асыл сипаты әесрлігімен
бағалайды.Берік мтаериалдық негізле дамыған рухани мәдениет адам баласы
қоғамының жетіле түсуіне шешуші маңызға ие.
Әрбір өнер туындылары
өзінен-өзі туындамайды.Оны жасаушы өнерпаздар
болады.Қазақ поэзиясын жасаушылар
да өз халқының арасында туып өскен
халқының талантты перзенттері. Оларды халық әр
түрлі атаулармен атап құрметтеген.
Мәселен,Қапияда
сөз тауып дауды шешкен өнерпазды халық «шешен» деп
атаған.Ал қоғамдық ойын жүйелеп,түйінді
пікір айтып,асыл сөз термелеп,афористік ақылдарға толы жыр шығарған сөз
өнерпаздарына «жырау» деген атау
берген.
Белгілі ақындар мен жырау-шешендер
шығармаларын қайталап айтып,елге кең таратушыларды
–жыршы,өлеңші,термеші,ертегіші,мысалшы,мысқылшы деп
атаған.
XVIII - XIX ғасырларда өзіндік із
қалдырған Көтеш, Шал, Қобылан, Дулат, Махамбет,
Шернияз, Сүйінбай т.б. көптеген ақындық
өнердің асқан шеберлерін атап көрсеткеніміз жөн.
Осы кезеңде қазақ
әдебиетінде екі түрлі қоғамдық әлеуметтік
мәселелер орын алды.Оның бірі жауға қарсы
күрескен басшыларды дәріптеп,сол кездегі хандық
құрылысты нығайту мақсатын көздессе,екіншісі
бейбіт өмірдің тілегінен туған бұқара
халықтың ниетін көрсетті.
№ 2
Тақырыбы: XV-XVI ғасырлардағы
қазақәдебиеті. Қазтуған жырау.
Жоспары:
Пайдаланылатын әдебиеттері:
1.Х.Сүйіншалиев Қазақ
әдебиетінің тарихы.А.,1997,366-374 беттер.
2.Бес ғасыр жырлайды.1 том .А.,1989,107-111-
беттер.
3.М.Мағауин Ғасырлар бедері.
А.,1991,104-120 беттер.
4.М.Мағауин Хандық дәуіріндегі
қазақ әдебиеті.А.,1994.
Қазақ жыраулар поэзиясының айтулы өкілі
Қазтуған жыраудың
туған жері Еділ бойы. Жыраудың ата тегі туралы Мұхтар
Мағауин көшпенділердің
шынжыр балақ шұбар төс
әскери аристократиясы сиқты дейді. Қазтуған жаугершілік замандарда қолбасшы
болған батыр. Халел Досмұхамедұлының Мұрат
ақын сөздері (1924)еңбегінде Қазтуған батыр
туралы мынандай мәлімет береді. “Ноғайлының
заманында Шүбіш ( Сүбіш) ұлы Қазтуған деген батыр
болған. Қазтуған хәнәдә хан екен.
Қонысы Жайықтың
күнбатыс бетіндегі Нарын, Қабыршақты, Қарасу
деген жер екен. Күндердің
күні болғанда, осы
қоныста отырып “Жұрағатым таршылықта қалады” деп
орыстың қалталы Қара Иван деген заманында бір
бөлек елді бастап күншығысқа ауған
екен.
Осы күнгі Ауған деген
жұрт сол Қазтуғанның
жұрты –мыс. Көшерінде
қонысымен қоштасып,Қазтуғанның
айтқаны дейтін 14 түйдектен тұратын 211 тармақ жыр
толғау берілген.
“Алдаспан”
мен “Бес ғасыр жырлайды” Қазтуғанның “Мадақ
жыры” белгілі “Биік көк
сеңгір” . “Алаң да алаң, алаң жұрт...” жырлары басылды.
М.Мағауин берген түсініктемеде:
“Қазтуған атына тіленетін жырлар саны әжептеуір.
“Алдаспанға” солардың
ішіндегі өзінікі екені күмәнсіз,
дау-дамай туғызбайтындары ғана
енгізілген еді. Бұл басылым “Алдаспанды” қайталайды.
М.Мағауин анықтамасында :
“Мадақ жыры”-алғаш Ғабдолла Мұштақтың құрастыруымен 1910 жылдар
шамасында Орынборда шыққан “Шайыр”, яки қазақ ақындарының
басты жырлары деген жинаққа
басылған.Совет тұсында тұңғыш рет “Ертедегі әдебиет нұсқалары” жариаланған.
“Белгілі биік көк
сеңгір” алғаш-Ғабдолла Мұштақтың
құрастыруымен- “Ертедегі әдебиет нұсқаларында”
басылған. “Алаң да, алаң, алаң жұрт …” алғаш Шайыр жинағында содан соң
“Ертедегі әдебиет нұсқаларында” жарияланды. Бұл үш шығарманың ұзын саны 67 тармақ өлең.
1925 жылы
“Аламанда” жарияланған
Мұрат ақынның
“Қазтуған” жыры дейтін толғаулардың ішінде осы
үш жыр да бар. Тұтастай қарағанда; соның
бәрі Қазтуғанның
өз сөзі сияқты.
М .Мағауин бұл жөнінде мынадай тұжырым айтты:
“Қаратоқай” Мұрат ақынның атына тіленіп жүрген “Қазтуған” атты ұзақ
толғау бар. Мұрат
ешқашан оны шығарам демеген, ескіде өткен “Қазтуған” атты батыр айтыпты деп жырлаған. Бұл толғауда
Қазтуғанның өз аузынан шыққан жолдар да
ұшырағанмен, әртүрлі
анохронизмдер
Мұраттың өз жанынан қосқандары көп .
Мұрын жыраудың репертуарында
“Қарға бойлы Қазтуған” атты поэма болған .
Бұл
толғау 201 тармақтан тұратын жыр. Осының ішінде
Мағауин Қазтуғаның өз шығармасы екендігі
дау тудырмайды деп, берген “Белгілі биік көк сеңгір” жыры біршама
көлемдірек күйде бар.
М.Мағауин Мұрат
ақын сөздері де араласып кеткен деген пікір айтқан.Солардың
бәрін ескере отырып, екшегенде осы
200 жолдан астам толғауда
Қазтуғанның өз
сөзі де аз болмасы әбден
мүмкін.Бірақ оны ашу қажет. Қазтуғанның
сөз мәнеріне келер тұсы аз емес.
Ал
Қазтуғанның атақты
“Мадақ жыры” Мұрат ақын толғауы есебінде
берілген Х .Досмұхамедұлының
жинағында былай келеді:
Буыршынның
жалбыз қырқар азуы,
Бөкеннің желіп өтер
төрт саны.
Бұғының ауыр қара мүйізі,
Бидайықтың жалғыз соғары,
Қашағанның ұзын құрығы.
Ақ
орданың тіреу сырығы.
Айдаса
қойдың көсемі,
Сөйлесе
тілдің шешені.
Арғымағын жаз жіюеріп күз мінген,
Күз жіберіп
,жаз мінген,
Жарамаса екі жылда
бір мінген,
Өзіне мінген
дүшпанын
Қарт бурадай
тіздеген-
Мен
қарға бойлы Қазтуған.
Қайғыланып асып барамын.
Ноғайлы-қазақ
елімнен.
Бұл жерде, айтар бір мәселе,
Мағауин ол жырды ертеректе
басылған нұсқадан берді. Ендеше, сол текст Қазтуған сөзімін деуге
құқылы. Екіншіден Мадақ жырындағы Қазтуғанның сөз
саптауына келінкіремейтін оралымдар бұл жырда да менмұндалап ,біз кейіннен жыршылыр
қосқан дәстүрлі,жадағайлау қалыпты мақамдарымыз.Алабөтен
ештеңеміз жоқ дейтіндей.
...Арғымағын жаз жіберіп,күз мінген
Күз жіберіп ,жаз
мінген.
Жазаласа екі жылда бір
мінген
Жолдасын жолай іздеген
Өзіне тиер
дүшпанын
Қарт бурадай
түздеген
Кәдімгі батырлар
жырының үдете,кеңге шабар мақамы,әдісі. Ал
“Мадақ жырының” стилі эпикалық емес.
Осы тұтас алынған 200 жолдан астам
толғау жөнінде Мұрат ақын мұрасын арнайы
зерттеген ғалым Б.Омарұлы былай дейді.
Мұраттың ақындық қуатын,шеберлігін
әр қырынан танытатын
шығармалары - оның
жырлары. Ақынның Қазтуған “Қарасай –Қази”
“Шалгез” жырлары Мұрат мұрасының ішіндегі шоқтығы биік дүниелер болып
саналады. Бұл тек ақындық өнер,арынды шабыт қана
дүниеге әкелер туындылар емес,Мұраттың ел мен жер
тарихын Қазтуған, Шалкиіз жыраулар,Қарасай қази
батырлар жайында көп
білгендігінің жемісі.”Қазтуған” жырына Қазтуған
өлеңдерінің араласып жатуы да соның
айғағы.Бұл Шалгез жырына да тән.
“Қазтуған” жыры кейіпкердің
өзінің –Сүйіншіұлы Қазтуғанның атынан
баяндалады.
Б.Омарұлы қисынды
тұжырымдар жасайды. Нақтылы салыстырулар жүргізе отырып
талдайды.М.Мағауиннің пікірінің дұрыстығына
жүгінеді.Ендеше мұның
ішінде Қазтуғанның өз өлеңдері де,
Мұраттың жанынан қосқандары да, жетерлік болуы
мүмкін.Тіпті, Қазтуған өлеңдерін
Мұраттың түгелдей
қайта жырлаған нұсқасы болуы да мүмкін.
М.Мағауиннің
“Қаратоқай Мұрат ақынның” атына телініп жүрген
“Қазтуған” атты
ұзақ толғауы бар.
Мұрат оны еш қашан өз шығармам демеген ,ескіде
өткен Қазтуған атты батыр айтыпты деп жырлаған.
Бұл толғауда
Қазтуғанның өз аузынан шыққан жолдар да
үшырағанымен ,әр түрлі Мұрат ақынның
өз атынан қосқандары да көп деген. Деген пікір осындай
ойға жетелейді.
Не дегенде де бұл шығарма Қазтуған бейнесін аша
түсетін,жыраудың кеудесін өксіткен шер мұңын ата
мекен ,туған жерге деген ұлы махаббатын жеткізіп жатқан жыр
жолдары.Осындағы көп сарын кейінгі Мұраттың “Ұш
қиян” ,” Сарыарқа” т.б. жыр дастандарына да ауысқан.
...Еділді қоныс етпеңіз,
Жағалай
қалмақ алады.
Жайықты қоныс
етпеңіз,
Сыдыра біткен көкжиек.
Кәпірлер қала
салады.
Аштраханды қоныс
етпеңіз,
Шәһәрін
оның алады.
Қазтуған
жыраудың бізге жеткен жыраулары
көп емес ,бірақ жыраудың қазақ өлеңіне
қалдырып кеткен үлгісі ұшан -теңіз, өткеннен
бүгінге жаңғырып жеткен үні айқын, ашық.
Жыраудың әйгілі “Мадақ жыры”
тұтас сурет.Тылысым тұнғиыққа тартқан
құдірет.Қарапайым сөзді сиқырға
суарып,суретке көшірудің ғажайып үлгісі.
Поэзия тілі.
Ашылып шапса сусыным қанға қанар деп ем деп
тартқан балдағы алтын құрыш болат семсер,туған
жердің тұнық суын ақ дария
толқыны,құйрығын күн шалмаған балығы
,елім деп шыққан азамат ердің баласы т.б.
“Алаң да ,алаң, алаң
жұрт…” жыры дыбыстың тылысым
үйлесіміне толы. Туған жердің ұлы тартылыс
күші осы дыбыс сымдарына байланып
тұр.Бұл керемет мекен,жәннәт қоныс
қарғадай мынау Қазтуған батыр туған
жұрт.Балығы тайдай тулап,бақасы қойдай шулап
жатқан ыстық ұя! Қайран Еділ.!!!
Жыраудың ұлы тақырыбы-ата қоныс, туған жер.
Жырау жырларында сағыныш сарыны аңқып жатыр.
Қайран менің Еділім
Мен алмадым сен алдың
Қайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау
Еділ жұрт !...