№ 3
Тақырыбы: Асан Қайғы.
Жоспары:
1.Асан Қайғының өмірі
және шығармашылығы
2.Асан Қайғының өмір мен өлім жайлы
толғаулары.
3.Асан Қайғы
шығармашылығының зерттелуі.
Пайдаланылатын әдебиеттері:
1.Х.Сүйіншалиев Қазақ
әдебиетінің тарихы.А.,1997,366-374 беттер.
2.Бес ғасыр жырлайды.1 том .А.,1989,107-111-
беттер.
3.М.Мағауин Ғасырлар бедері.
А.,1991,104-120 беттер.
4.М.Мағауин Хандық дәуіріндегі
қазақ әдебиеті.А.,1994.
Асанқайғының бізге жеткен мұрасы тым аз
.Соған қарамастан оның жыраулар поэзиясынан алатын орны
ерекше.
Көңіл тоқтатып
зерделейтін болсақ, мәселе жырау шығармаларының
көлемінде емес,дүние жалған ,фәни мен бақи туралы философиялық
ойларының тереңдігінде
көркемдік деңгейінің
биіктігінде жатыр.
Өз заманының
кейпін көз алдымызға
әкелетін Асан Қайғы толғауларының қайнар
көзі тарих тереңінен сыр
тартып ескі замандарға жетелейтін
көне әдебиетімізден бастау
алатыны сөзсіз. Жыраулар поэзиясындағы дәстүрлі
сарындар Асан шығармаларында да молынан кездеседі.Мысалы: хандық
үкіметті нығайту,елдің қорғаныс қызыметін
арттыру, адам оның өзі мен ісінің мәні айналасындағы толғаулар Асан Қайғының
жыраулық өнерінің асыл
арқау,өнімді өрнегі болып табылады.
Асан
Қайының жырлары белгілі бір түйдекпен айтылып,бір
бағыттағы пікір төңірегінде,не анық сезілер
әлде бір жалғасып,
ұласа дамып жатқан толғаныс маңында
шоғырланған. Мысалы: “Көлде жүрген қоңыр
қаз” деп басталатын толғауда
барша ойдың басын біріктіріп тұрған күш
-“Қадірін не білсін” деп қайталанып келіп отыратын тармақ болса “Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің” дейтін толғаудың
өзегін ұстап
тұрған күш ой, яғни таубаға,
татулыққа шақырып тұрған насихат.
Асан шығармаларындағы тармақ
саны да әртүрлі. “Құйрығы жоқ, жалы
жоқ” немесе “Таза мінсіз асыл тас”
туындылары сегіз тармақтан тұрса
“Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің”
толғауы қырыққа жуық тармаққа созылған.Біздің ойымызша, Асан
толғауларының
тармағына бүгінгі көзқарас
тұрғысынан қарап,қосып не ажыратып,әйтеуір
әлденеше шумақ жасауға талпынудың қажеті аз.
Тармағы аз болсын, көп болсын
жыраудың тасыған өзендей арында ойы кейде жалғыз шумаққа сыйып
кететін болса,кейде тұтас бір толғауға сыймай,әр
тармақты керней түсіп, енді болмаса арнадан асып, екпінге мән беру, жырау поэзиясының ішкі мазмұнының
қажеттерінен туған. Жырау
туындыларындағы, өр рух,зор пафосты беруде , таза 7-8 буыннан
немесе 11 буыннан құралған өлеңдер тарлық
көрсетер еді,” дейді М.Мағауин
Дұрыс айтылған пікір. Жеті-сегіз
буынды жыр үлгісінде жазылған Асан толғаулары
екпінді.Бірақ бұл екпін дыбыстық құбылыс
емес,жеке–дара табиғаты бөлек көркемдік –эстетикалық
категория.Дәлірек айтсақ, бұл жерде ойдың лықсып сыртқа теуіп
тұрған тегеуріні бар. Сондықтан тармақтың
жеті-сегіз буынды болуы ойды серпінді,тегеурінді күйде
толғауға
өте-мөте ыңғайлы,оңтайлы секілді болып
көрінеді.
Таза мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады.
Асан жырау жырдың қасиетін шебер ашар ұтымды ,
ұтқыр бейнелеу құралдарын дәл таңдап
қолданады.
Жыраудың
шығармашылық ойлау қуаты мен даралығы тиек болып отырған тастың, таза, мінсіз,асыл
екендігінде емес,оның су түбінде жататындығымен де байланыссыз.Жырау шығармасының
қуат күші әр жұп
тармаққа түйінделген
ойдың әр келесі бір
жұп тармаққа айтылатын
ойға қанаттас етіліп,біртіндеп күрделі
поэтикалық тұтастыққа
ұласуында.Жырау өнерінің таза мінсіз де асыл
қасиеттерінің ажары осы
тұста ашылады. Екі тармақ аясында
ұйыған ойдың маңызы мен мәні жырау өнерінің осындай тереңі мен осындай биігінде ғана жарқырап танылады.
Асанда көнетүркі
поэзиясынан келе жатқан бір ұйқас бар,ол
өллеңнің бастапқы сөздерінің
ұйқасуы. Жырау бұл көркемдік әдісті ұтымды
қолданған. Мұны әсіресе: “Құйрығы
жоқ ,жалы жоқ” дейтін толғауындағы құлан,жылан,таздар,қаздар
дейтін сөздердің
ұйқасып келуінен байқауға болады.
Жырау өлеңдерң
айшықтауға да кедей емес.Мысалы:
Бұл заманда не ғаріп?
Ақ қалалы боз
ғаріп,
Жақсыларға
айтпаған.
Асыл шырын сөз ғаріп.
Мұнда кезекті қайталаудың шебер үлгісі қолданылады.
Жыраудың мұрасында
көне әдебиетімізде келе паралелизм әдісінің
психологиялық ,синтаксистік түрлері шебер пайдаланылған:
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады.
Мұнда психологиялық
паралелизмнің озық үлгісі бар. Құлан мен жыланды
қатар қою арқылы
поэтиаклық бейне тудыртып тұрған жолдардан синтаксистік паралелизмнің
сарыны сезіледі.
Құйрығы жоқ жалы жоқ,
Құлан
қайтіп күн көрер?!
Аяғы жоқ
қолы жоқ,
Жылан қайтіп
күн көрер.
Асан Қайғы
шығармаларында жыраулар поэзиясында жиі
кездесетін дәстүрлі
көркемдік бейнелеу тәсілі
дамыту да бар.Мысалы, “Ай,хан мен, болмасам, білмейсің” толғауы бұл сезімге толық
дәлел бола алады.
Құладын
құстың құлы еді.
Тышқан жеп
жүнін түледі
Аққу-құстың төресі
Ен жайлап көлді
жүреді
-дейтін
салыстыру,ұқсату,алмастыру,ауыстыру арқылы суреттеу,
қорытынды жасау, Асан
Қайғыдан кейінгі жыраулар поэзиясынан бәдік орын алып, дәстүрге
айналды.Жырау поэзиясының тілі
бай.Метафораға,теңеуге,айшықты сөз тіркестеріне тола.
“Бұл заманда не ғаріп”
,толғауының кез-келген жолы келісті суреттерге,бейнелі тапқыр
теңеулерге ,оралымды сөз тіркестеріне толы.
“Құладын-құстың
құлы,аққу-құстың төресі”
деуі,яғни құладынды құстың
құлына,аққуды құстың төресіне
балауы қатар қоюы немесе
“Ашу дұшпан артынан,түсіп кетсең қайтесің” деп ашуды дұшпанға балауы, жырдың мән-мазмұнын көркін аша түседі.
Ойыл
көздің жасы еді,
Ойылда кеңес
қылмадың...
Метафоралық тәсіл бұл жерде де
байқалып тұр.
Жайлы орынды жат
басқан,
Жерді
көрмей кетпекпін.
Бұл жерде жат сөзі метонмияның жақсы
көрінісі емес пе. Дауыссыз дыбыстардың бірнеше мәрте қайталануы
өлеңге ерекше ойнақы екпін беріп,мән-мазмұнын аша
түседі. Мысалы:
Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген,
Екі семіз қолға алып,
Ерлер жортып күн көрер.
Немесе,
Көлде жүрген қоңыр қаз,
Қыр қадірін не білсін,
Қырда жүрген дуадақ
Сөз қадірін не білсін.
Дыбыс
қайталаушылық өте сәтті қолданылған,соның
нәтижесінде толғау үні асқақтап,жыраудың
қайғы сарынымен ұласып ұлан-ғайыр байлық мәнмен мағына
байлығы дарыған.
Біз сөзіміздің басында, жырау шығармаларында көне дәстүрдің игі,
әсері бар екендігін
айттық.Сол дәстүр жалғастығы үзіліп қалмай,кейінгі
жыраулар поэзиясында дамып,жаңа биікке көтерілгенін
байқаймыз.
Көненің үзілмей жаңа әдебиетпен
жалғасуында Асан Қайғы мұраларының алтын
көпірдей орны,өз үлесі бар.
№ 4
Тақырыбы: Доспанбет жырау.
Жоспары:
1.Доспамбет жырау өмірі және
шығармашылығы.
2.Доспамбет жырау толғауларының
тақырыптық сан алуандылығы.
3.Доспамбет шығармашылығының
зерттелуі.
Пайдаланылатын әдебиеттері:
1.Х.Сүйіншалиев Қазақ
әдебиетінің тарихы.А.,1997,366-374 беттер.
2.Бес ғасыр жырлайды.1 том .А.,1989,107-111-
беттер.
3.М.Мағауин Ғасырлар бедері.
А.,1991,104-120 беттер.
4.М.Мағауин Хандық дәуіріндегі
қазақ әдебиеті.А.,1994.
Қазақ жырулар
поэзиясының
үздіктерінің бірі Доспанбет жыраудан бізге жеткен мұра оның жыр
жауһарларының тұтас
жарығы болмағанымен
айшықты нұрға толы,сұлу сәулелі оралымдары
жеткен.
Жыраудың дүние шарттарын тізбелей келе, түгендей келе жан –дүниесімен болып тоқтам табар сәті – жауынгер
мұратын көлденең тастайтын шағы.
Бетегелі
Сарыарқаның бойында
Соғысып өлген
өкінбес...!
Доспанбет жырау жырларында
жаугершулік заман түрі,соғыс сәті, адырна, садақ, алдаспан,
қылыш, артар жүк,жорық мұраты,жауынгердің жан
арманы түскен сөздер керемет сиқыр:от болып өртеніп
,теңіз болып толқып,мұз болып құрсанып,ақ
түтек болып бұрқанып жатыр.Жауынгердің жорық
мұратын,жортуыл сәтін бізге мынадай керемет поэзия
жеткізеді.Оқисың да рас па ,жоқ па !!
Сере сере сере қар,
Асты кілем ,үсті
мұз,
Күн-түс
қатсам жібермес,
Мен көлікке
қосымды артқанмын,
Кембідей ару жаларға.
Күреңдей мұзды
тоңдырып,
Кірмембес ауыр
қолға бас болып
Күңіреніп
күн түбінде жорытқанмын.
...Қалаға
қабылан жаулар тимей ме,
Қабырғадан
дүшпан жалдап жүрмей ме
Қатарласып,қараланып.
Қайран ер
қарт күреңге мінгей
ме,
Қабырғадан
қараған.
Достым менен дұшпаным,
Апырым ер Доспанбет демей
ме!
Доспанбет үшін Азаулыдан
артық жер жоқ.Оның біраз жыры жыраудың көз
жүмар шағын,жарақат алып жатқан сәтін жырлайды.
Жырау армансыз
Ту құйрығы бір
тұтам,
Тұлпар міндім өкінбен.
Туған айдай нұрланып,
Дуылға кидім өкінбен.
Доспанбет қанат байлап
ұшпайтын,етеккеқарап қалатын қара сөзге
жоқ.Оның жырларынан былайғы қазақ
поэзиясының құнарын артыра түскен ой мен сезім
оралымдары,өзіндік қолданыстарды көп табамыз.
Толғамалы ақ
балта,толғамалы ала балта тіркесі
сол дәуір жырауларынан ең әуелі Доспанбетте көп
кездеседі.Күмбір-күмбір кісінеген күрең де осында.
Доспанбет жырау поэзиясының көркемдік қағидаларын,асау
мінезін арғымақтай ауыздықтап,еркін билеп
төстейді.Дәстүрлі үлгілерді түлете,
түрлендіре түседі.Қамшының өріміндей өлең
жасайды. Сере-сере, сере қар,тоғай,тоғай,тоғай
су,Айналайын Ақ жайық,арғымаққа оқ тиді...
Доспанбет жырларындағы үзілмей үдей түіп жатқан бір сарын жауды жеңіп,бейбіт
күнге жетсем деген арман.Бұл Ақтамбердінің Махамбеттің ұлы арманы бастау
алған арна. Тұтас халықтың бостандық рухы.
Ат ойнатып азаттықты
армандаған қайран батыр жарақаттан,жорық үстінде
көз жұмды.Пенделік ғұмыр таусылып,қарға
адым жер мұң болып жатқанда да батыр өз биігінен
түспейді.Төзімін төсе,төніп тұрған
қаза қасіретін жақынға деген жан жылуымен жабады.
Озушылар озмаңыз,
Озсаңыз біздің
бетке бармаңыз?
Біздің бетке
бармаңыз,
Есақай
Қосақай екі ұл.
Алдыңызға жыр
құшақтай
Жылай шықса не айтарсыз?!
Оларға айтарыңыз
сол болсын
Жәмшіден қос айтып
Келе жатыр дегейсіз,
Ол айтқанға тимесе.
Бұрынғылар
түскен түрі жол
Бұрылып соған
түсті дегейсіз.