ҚАЗАҚСТАН   РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Оңтүстік  Қазақстан   мемлекеттік  университеті

 

 

 

Қазақ  әдебиеті  кафедрасы

 

 

« Бекітемін»

Оқу ісі және

АТ проректоры

________  Ө.Ү. Үмбетов

______________2009 ж.

 

 

 

«ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» пәнінің

оқу әдістемелік кешені

 

 

_______________________________________________

 

 

 

 

050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»   мамандығы

 

 

 

 

                                                Шымкент, 2009ж  

 

     Пәннің  оқу-әдістемелік  кешені  Республиканың  білім  беру  жүйесінің  ГОСО Қ. Р. 5.03.007-2006 негізінде  құрастырылған. Кәсіптік білім беру бағдарламасы,  Қ Р білім берудің  3.08.265-2006  мемлекетік жалпы білім беру стандарты  

 

 

Қазақ әдепбиеті кафедрасында талқыланған.

Хаттама № _1__  от  «_27___» ____тамыз______  2009г.

                  

Кафедра меңгерушісі:                                        Оразбаев.Қ.М.

 

Филология факультетінің әдістемелік комиссиясы мақұлдаған.

 Хаттама №1  ____»28»___тамыз               2009 г.

 

          ӘК төрағасы:                                      Тұрмаханова С.

 

Пікір білдірушілер:

                                                                        Проф.Саттаров Қ.

                                                                        Доц. Нұрпейісов Н.

                                                                        Доц. Оразалиев С.

 

 

 

 

 

 

М. Әуепзов атындағы ОҚМУ-дің әдістемелік кеңесінің шешімімен баспадан шығаруға ұсынылды.

Хаттама №  _______               2009 г.

 

 

 

 

Пәннің оқу--әдістемелік кешенінің мазмұны.

№

п/п

Атаулар

______беттен

______ бетке  дейін

1

пәндердің типтік оқу бағдарламасы

 5-29

2

пәндердің жұмыс оқу бағдарламасы

30-46

3

пәннің оқу - әдістемелік қамтамасыз етілуі картасы

47-48

4

студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

49-76

5

лекция, семинар ( практика) және зертханалық пәндердің жоспары

Силаббустың 7.1, 7.2, 7.3 пунктерінде

6

пән бойынша тапсырмалардың тапсыруын және кестесінің орындалуы

Силаббустың 9.4 пунктінде

7

лекциялық кешен ( лекция тезисі, иллюстративтік және таратылым материалдар; қолданылған әдебиеттердің тізімі)

77-112

8

пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсынысы

қарастырылмаған

9

есептік – графикалық және типтік есептерді орындау үшін әдістемелік ұсыныстар және нұсқаулар

қарастырылмаған

10

практикалық (семинарлық) сабақтарына әдістемелік нұсқауы

113-138

11

зертханалық жұмыстардың орындалуы бойынша нұсқауы

қарастырылмаған

12

курстық  жобаларды (жұмыстарды) орындау және безендіру үшін әдістемелік нұсқаулар

қарастырылмаған

13

білім алушыларға өзіндік жұмыстарды орындау үшін  материалдар: үй тапсырмасының мәтіндер жинағы, әр тақырып бойынша  өзін-өзі бақылаудың материалдары, ағымдағы жұмыс түрінің тапсырмасының орындалуы, рефераттар және басқада үй тапсырмаларымен әдебиеттер

 

 

139-143

 

 

14

оқу, кәсіптік және дипломға дейінгі практикалардың  өтілуі, есеп құжаттарының түрлері жөнінен әдістемелік нұсқаулар

мамандық бойынша ОӘК

5 пунктінде –

қарастырылмаған

15

білім алушыларды бақылау және оқу жетістіктерін бағалау туралы мағлұматтар (жазбаша бақылау тапсырмасы; тесттік тапсырмалар; өзін-өзі дайындауға арналған сұрақтар; емтихан билеттері ж.б. )

 

    144-224

 

16

оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеуі (пән мазмұнымен байланылыстылығы)

 

17

мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер және зертханалар тізімі

 

 

 

 

 

 

Лектор ________________________ Т. Қалдыбаев

Каф.меңгерушісі  _______________________ Қ. Оразбаев

ӘК төрағасы        _______________________ С.С. Турмаханова

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

                                 

 

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

Жоғары кәсіптік білім

 

 

 

 

XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

 

 

 

050117 –  қазақ тілі мен әдебиеті

мамандығы бойынша

 

 

 

Көлемі – 2 кредит

 

 

 

Алматы - 2006

 

 

АЛҒЫ СӨЗ

 

 

1. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында ЖАСАЛҒАН және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Оқу-әдістемелік бірлестігі ҚОЛДАНЫСҚА ҰСЫНҒАН.

 

 

 

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 22.06.2006 ж., Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының Хаттама шешімімен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА рұқсат етілген.

 

 

 

3.   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 11.05.2005 жылғы №289 бұйрығына сәйкес шыққан бағдарламаның ОРНЫНА ЕНГІЗІЛГЕН.

 

 

 

4.  Типтіқу бағдарламасы 050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасалға.

 

 

 

5.   Бағдарламаны Абай атындағы Қазақ  ұлттық  педагогикалық университеті Қазақ филологиясы факультетінің кеңесі ұсынған. Хаттама №1, 29.09.2006ж.

 

 

 

Типтік бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рұхсатынсыз көбейтілмейді және таратылмайды.

 

 

ТҮСІНІК ХАТ

 

Қазақ әдебиетінің XIX ғасырдағы кезеңін құрайтын мұраларды қазіргі заманғы әлемдік өркениет талаптарына орай оқыту – пәннің негізгі мақсаты. Бұл кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларын студенттерге терең жан-жақты меңгертуде жаңаша әдістемелік-технологиялық бағдарлама жүйесімен сәйкестендірудің күрделі міндеттері көзделеді:

–  пән материалдарының қазақтың ежелгі (VI – VIII ғ.ғ.) дәуірдегі, орта ғасырлардағы (IX-XI ғ.ғ.), Алтын  Орда – Қыпшақ кезеңіндегі (XII-XIV ғ.ғ.) қазақ (түркі) өркениеті, ислам мәдениеті мұраларымен біртұтас, табиғи сабақтастығын ғылыми-теориялық тұрғыда негіздей оқыту;

 – XIX ғасыр әдебиеті шығармаларының өзіне дейінгі Қазақ хандығы (XV-XVIIIғ.ғ.) кезеңіндегі ақын-жыраулар поэзиясымен дәстүрлі жалғастығын (тақырып, идея, композиция, сюжет, стиль, тіл) тереңдете игеру;

 – XIX ғасыр ақын-жыраулары шығармашылығындағы Шығыстың классикалық әдебиеті дәстүрлерімен сабақтастығын меңгерту;

 –  пән бойынша қамтылатын әдеби шығармалардағы романтизм, реализм, көркемдік әдістерінің ұлттық және жалпыадамзаттық сарындар жүйесімен (зар заман, діни-исламдық ағартушылық ағымдар, т.б.) тетестігін және өзгешеліктерін саралау;

–  Абай, Ыбырай, Шоқан шығармашылығының ұлттық әдебиет деңгейін биіктетудегі маңызын тереңдете ұғындыру;

 –  ақындар шығармаларындағы лирикалық және эпикалық жанрларды ұлттық әдеби даму процесі тұтастығы поэтикасы заңдылықтары тұрғысында таныту;

–  кезең әдебиетінің Азия, Еуропа, Америка, Африка, Австралия құрлықтары әдебиеттері үлгілерімен әдеби байланыстарын поэтикалық үндестіктерін, өзгешеліктерін тарихи-салыстырмалы (компаративизм) әдебиеттану заңдылықтары бойынша құрастыруға дағдыландыру;

 – XIX  ғасырдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы тарих, фольклортану, этнография, педагогика, психология, өнертану ғылымдарымен ортақ өзекті мәселелерін меңгертуге айқын бағдарлау.

XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті – ұлттық сөз өнері тарихының елеулі бір кезеңін қамтитын пән. Пәннің мазмұнында ауызша дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері ғылыми-әлеуметтік оқиғалармен, құбылыстармен байланысты дамыған ерекшеліктеріне де ғылыми баға беріледі.

XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің әлемдік озық көркемдік әдістермен, жанрлық-стильдік шеберлік үлгілерімен үндестігіне де айрықша назар аударылады. Әлемдік әдеби дамудың ортақ заңдылықтарын игерген, жаңашылдықпен түлеген реалистік әдебиетіміздің алыптары шығармаларындағы көркемдік шеберлік сырлары да терендетіле оқытылады. Бұл талаптың аясында қазақ сөз өнерінің философиялық, гуманистік-ағыртушылық, эстетикалық мазмұнын жан-жақты қамту басты бағдар болады.  

«XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті» пәнінің осы типтік бағдарламасы 050117 – қазақ тілі мен әдебиеті бойынша 2004 жылы бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасалды.

   

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

XIX ғасырдағы ұлтығ сөз өнері дамуының ерекшеліктері. Ақындық поэзиядағы фольклор мен әдебиет дәстүрі сабақтастығы мұрасындағы түркі өркениеті және ислам мәдениеті көріністері.

Қазақстан жерін отарлау жұмыстары: барлық аймақтарда әскери қамалдар мен бекіністердің салынуы, ресми қазақ хадықтарының жойылуы, аға сұлтандық(округтық), болыстық, старшындық, ауылдық отарлық басқару жүйесінің енгізілуі. Ресей  империясяның қазақ елін отарлау саясатына бағытталған ресми құжаттары: « Сібір қазақтарының Уставы»(1822), «Орынбор қазақстанның Уставы»(1824).

Сырым Датұлы бастаған халық қозғалысы /1787-1797/ және оның XVIII – XIX ғ.ғ. әдеби, фольклорлық шығармашылық мұралардығы көріністері.

XIX ғасырдың бірінші жартысында отарлық  езгіге қарсы Қазақстанда болған қарулы көтерілістер: Қаратай сұлтан/1797-1814/, Арынғазы сұлтан/1816-1821/,Исатай-Махамбет/1936-1838/ бастаған көтерілістер, олардың әдебиет шығармаларында бейнеленуі.

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлттық-азаттық қозғалысы /1824-1847/ және оның қазақ әдебиеті жанрларындағы үлгелері. Кеңуесары,  Наурызбай және олар бастаған қозғалысқа қатысқан батырлар туралы тарихи жырлар: Нысанбай жыраудың «Кеңесары-Наурызбай», Доскен Әлімбаевтің «Кеңесары», Жүсіпбекқожа Шайхисламұлының «Қиса Наурызбай төре» дастандары, Досқожа ақынның «Кеңесары қоныстан ауғанда айтқаны» өлеңі, «Кенесарының өлені», «Кенесары  жырының бірнеше ауызы» атты халық өлендері, т.б.

Қазақстан жеріндегі Ресей патшалығы отаршылдығының (XIX ғ. Екінші жартысы) күшейе түсуі. Ресейдің отарлық саясатына және  Хиуа, Қоқан хандылықтың басқыншылық соғыстарына қарсы көтерілістер: Есет батыр/1853-1859/, Жаңқожа батыр Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария бойындағы, 1867,1868,1870 жылдары Орал, Торғай,  Маңғыстау облыстары халқынын көтерілістері туралы тарихи жырлар.

Зар заман ақындарының поэзиясы және оның әдеби дамудағы реалистік маңызы.

Ресейдегі капиталистік қарым-қатынастар дамуының  Қазақстандағы табиғи байлық шикізаттарының көздерін игеруге ықпалы. Сауданың дамуы. Ақмола, Атбасар, Қарқаралы, Талды-Қоянды, т.б. жәрмеңкелері және олардың қазақ өнерінің  кең танылуындағы маңызы.

Қазақстандағы халық ағарту ісінің жағдайы. XIX ғасырдың бас кезіндегі оқыту түрлері. Бұқара, Самарқан, Хиуа, Ташкент, Қазан Өфе, Түркістан, Ақмешіт қалаларындағы медреселерден білім алған қазақ оқығандарының ағартушылық қызметі.

Отарлау саясатының мақсаттары үшін әртүрлі басқышты оқу орындарының 4-5 кластық қалалық училищелер, орыс-қазақ мектептері, гимназиялар Омбыда, Семейде, Өскеменде, Верныйда, Торғайда, Қостанайда, Ырғызда және т.б. жерлерде ашылуы. Манғол, манчьжур, қытай, парсы және т.б. Азия халықтары тілдерін оқытатын Азиаттық училищенің /1889/ ашылуы. Орынбор қаласындағы Сібір кадет корпусының /1847/, Неплюев кадет корпусының ашылуы. Бөкей Ордасында орысша және татарша сауат ашу мектебінің ашылуы. Омбыда /1872/, Ташкентте /1979/ мұғалімдік семинарлардың ашылуы.

XIX ғасырдың 90-шы жылдарында Жетісу өлкесі бойынша Пішкекте, Қапалда, Жаркентте, Верныйда ауыл шаруашылығы мектептерінің ашылуы.

Орыс зиялыларының қазақ халқының тарихын, тілін, фольклорын, этнографиясын зерттеу жұмыстарының екі жақты сипаты: ең бастысы – патшалық өкіметтің отарлау саясатының мақсатын орындау, екіншісі – ғылымдық ізгі ниет.

Қазақ халқының рухани мәдениетін, этнографиясын, фольклорын патшалық империяның отарлау пиғылына орай игеруді негізгі мақсат еткендер: А.И.Левшин, П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, В.В.Григорьев, А.П.Рычков, П.С.Паллас, Н.И.Ильминский, А.И.Алекторов, т.б. Бұлардың еңбектернің отаршылық ниетке негізделгенімен, қазақтың ұлттық мұраларын әлемдік өркениетке таныстырудағы ғылыми маңызы.

Ғылымдық ізгі мақсатта, адал  ниетпен халық мұрасын жинап зерттегендер: В.В.Радлов, А.И.Березин, Г.Н.Потанин, Ә.Диваев, т.б.

Қазақ-орыс әдебиеті байланыстарының ұлттық өзін-өзі тану мен қоғамдық ой-пікірдің дамуына қазақ даласында XIX ғасырдағы әртүрлі себептермен болған орыс жазушыларының, ғалымдар мен ағартушыларының /А.С.Пушкин, Л.Н.Толстой, Ф.М.Достоевский, Е.И.Даль, А.Н.Плещеев, С.Ф.Дуров, т.б./ игі ықпалы. Көптеген орыс жазушыларының /С.Т.Аксаков, М.Л.Михаилов, М.С.Лесков, Г.И.Успенский, В.Г.Короленко, т.б./ шығармаларында қазақ халқы тұрмысының суреттелуі.

А.С.Пушкиннің Е.И.Пугачев көтерілісіне байланысты материалдар жинау мақсатымен Орынборға келгені. Пугачев бүлігі туралы кітабында қазақ, башқұрт және т.б. азиялық халықтар туралы жазуы. Оралда болғанда «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанының мазмұнын жаздыртып алғаны.

Украин ақыны Т.Г.Шевченконың шығармашылығындағы қазақ халқа тақырыбы, оның Қазақстанда, арал теңізінде айдауда (1847-1857 ж.) болуы. Ақынның «Қазақ шаңырағы», «Атқа мінген қыз», «Байғұстар» және т.б. суреттеріндегі қазақ ауылы тұлмысының реалистікпен бейнеленуі. «Менің ойларым» атты өлеңіндегі қазақ-украин халықтары тағдырының салыстырыла бейнеленуі.

Шетелдік ізгі ойлы зиялылырдың қазақ халқы, оның әдет-ғұрпы, өнері туралы этнографиялық-публицистикалық жазбалары. Мысалы, американ журналисі Джордж Кеннанның «Сібір және жер аударылғандар», поляк революционері Адольф Янушкевичтің «Қазақ даласы бойынша саяхаттан күнделіктер мен хаттар», поляк суретшісі Борислав Залисскийдің «Қазақ сахарасына саяхат» атты кітаптары, қазақ тұрмысынан алынып жазылған ағылшын Клер Клермонттың «Владимир мен Зара» поэмасы, т.б.

XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының мазмұнындағы реализм, романтизм, тәрізді көркемдік әдістердің көріністері. Ауызша және жазбаша ақындық дәстүр табиғаты, жыраулық поэзия сілемдерінің сақталуы. Ежелгі түркілік, шығыстық жазба әдеби дәстүрлермен сабақтастық. Фольклордағы синкретизмнің әнші-ақындар шығармашылығы арқылы жаңғыра көрінуі. Жаңа реалистік жазба әдеби мазмұндағы лирикалық, сатиралық өлең, поэма, проза (әңгіме, очерк, ғылыми-көсемсөздік мақала) жанрларының, философиялық трактат, аудармалық және назиралық шығармалардың қалыптасуы, дамуы.

 

ДӘСТҮРЛІ АҚЫНДЫҚ ПОЭЗИЯ

 

Дулат Бабатайұлы /1802-1874/

 

Ақын өмірі туралы мәлімет. Шығармаларының жариялануы, зерттелуі. Патшалық отарлау саясатының басқару жүйесін сынаған өлеңдеріндегі туған жерді, атамекенді құрметтеу әуендері: «Ақжайлау мен Сандықтас», «О,Сарыарқа, Сарыарқа», «Тауды екіге жарасың», «Ата қоныс Арқадан», «Әуеле қазақ деген жұрт».

Арнау, толғау өлеңдерінде өз ұлтының рухани әлеміндегі жағымсыз мінез-құлықты сынауы: «Сусағанда сулатып», «Бараққа», «Кеңесбайға», «Ешенге», «Сендер түгіл құмырсқа», «Туралыққа көшпеген», «Қылжың, қылжың туысқан», «Атаны бала алдады», т.б.

Дулат өлеңдеріндегі адамгершілік, еңбек тәрбиесі туралы ойлар: «Тегімді менің сұрасаң», «Ұста соққан темірдей», т.б.

Сатиралық тілмен, мысал мазмұнда бернелеу /аллегориялық/ тәсілмен жырлаған шығармалары: «Айтпасымды айтқыздың», «Сары шымшық», т.б.

«Еспембет» дастаныың әдеби-фольклорлық сипаттары. Дастанның композициялық құрылысы. Еспембет бейнесінің сомдалу ерекшелігі. Дастандағы жанама кейіпкерлер: Ер Қосай, Қабанбай, Ақтанберді. Дастан тілінің бейнелілігі.

«Шаштараз» дастаны. Халық аңызына сүйене құрылған дастан оқиғасының негізгі түйінінің сыр сағаттай білушілікті уағыздау екендігі.

Дулат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері. Өлеңдерінің өлшем-өріміндегі жаңашылдығы.

Махамбет Өтемісұлы /1803-1846/

 

Өмірі туралы мәлімет. Махамбет шығармаларын жариялау, зерттеу жұмыстары туралы мәлімет (Х.Досмұхаммедұлы, Қ.Жұмалиев, Б.Аманшин, т.б.)

Махамбет – қазақ әдебиетіндегі сыншыл реалистік, романтикалық толғаудың ақыны. Ақынның жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, азаматтық әуендер / «Ереуіл атқа ер салмай», «Беркініп садақ асынбай», «Атадан туған аруақты ер», «Ұл туса», «Мен ақсұңқардан туған құмаймын», «Арқаның қызыл изені», «Желден де желгір ақбөкен», «Күн қайда?», «Бағаналы терек жарылса», т.б./

Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі / «Орай да борай қар жауса», «Арғымақ сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Жалған дүние», «Еменнің түбі сары бал», «Аспандағы бозторғай», «Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ», «Жалғыздық», «Қарағай шаптым шандоздан»/.

Шығармаларында халық тұлғасы мен Исатай батыр бейнесінің жырлануы / «Исатай  деген ағам бар», «Кел, кетелік», «Жақия», «Әй, Махамбет жолдасым»/Исатай атынан/, «Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай!», «Соғыс», «Тарланым», «Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Есіл ер», «Толарсақтан саз көшіп», «Мұңайма», «Айныман», «Біз ер едік», «Қызғыш құс», т.б. өлеңдері/.

Лирикалық өлеңдеріндегі ақынның өз бейнесінің сомдалуы / «Менің атым Махамбет», «Махамбеттің Баймағамбетке айтқан сөзі», «Қылыштай қиғыр алмас ем», «Мен – тауда ойнаған қарт марал»/.

Махамбет өлеңдеріндегі жыраулық-ақындық дәстүр жалғастығының белгілері, сондай-ақ ақынның өзіндік төлтума ерекшеліктері. Ақынның шығармаларындағы өлшем-өрім, тіл бейнелілігінің мәселелері.

 

Шернияз Жарылғасұлы /1807-1967/

 

Өмірі туралы мәлімет. Шығармашылығының негізі – суырып салма ақындақ. Ол – Исатай, Махамбет бастаған  халық көтерілісінің жаршысы.

Ақынның толғау-термелеріндегі өмірдің қайшылықтары / достық пен қастық, қайырымдылық пен зұлымдық, жомарттық пен сараңдық, ерлік пен ездік, т.б./ туралы философиялық толғаныстар, ақындық бағалаулар ( «А, Қазы би, Қазы би», «Көл қылып құйдым талай судай ағын», «Сөз сөйлеймін бөлмелеп», «Тостағанды қолға алып», т.б.).

Шернияз шығармаларындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне байланысты өлеңдер: «Баймағамбет сұлтанның үйінде айтылған топтама жырлары», «Исатай мен Науша батыр», т.б.

Шернияздың Махамбетпен, Абылмен, Қашағанмен дидарласқандағы өлеңдері. Шернияздың шешендік өнері. «Шернияздың батасы», «Махамбет батырдың Шернияз шешенге айтқан жұмбағы» атты өлеңдерінің мәні.

Шернияз шығармаларының көркемдік, бейнелілік мәселелері.

 

Шортанбай Қанайұлы /1818-1881/

 

Өмірі туралы мәлімет. Шортанбай мұрасының жариялануы, зерттелуі. Шортанбай шығармаларын бағалаудағы бұрынғы сыңаржақ пікірлер. Ақынның шығармашылық тұлғасының қалыптасуындағы кезеңдер: Түркістанды, Арқаны (Қарқаралыны) мекендеген өмір кезеңдері.

Шортанбайдың ежелгі түркілік-мұсылмандық, сопылық әдебиет дәстүрі /Қожа Ахмет Иассауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б./ тағылымында қалыптасқан ақын екендігі. Ақынның шығармашылығындағы негізгі сарын – имандылықты уағыздау: «Атамыз Адам пайғамбар», «Адамның жалған дүниесі», «Қалықтаған сұңқар ем», т.б.

Шортанбай – патшалық отарлау саясатын әшкерелеуде реалистікпен жырлаған сыншыл, ойлы суреткер ақын. Шортанбайдың «Зар заман» толғауы – «... ілгері, соңғы ірі ақындардың барлық күй сарынын бір арнаға тұтастырғандай жиынды өлең...» (М.Әуезов). заман зарын жырлаған толғауларындағы адамның да, табиғаттың да азып-тозатыны туралы мұңды-шерлі толғаныстары ( «Келер заман», «Заман ақыр»).

Адамгершілік тәрбие қағидаларын уағыздаған толғаулары: «Бір насихат айтайын», «Сөз айтайын Асанға», «Бала зары», т.б.

Айтыстарындағы сыншыл өткірлік, бейнелі тіл нақыштары: «Шортанбай мен Орынбай айтысы», «Шортанбай мен Шөженің айтысы», «Шортанбай мен Асан бұғы айтысы».

Шортанбай шығармаларының көркемдік ерекшеліктері.

 

Сүйінбай Аронұлы /1822-1895/

 

Өмірі туралы мәлімет. Сүйінбай мұрасының жариялануы мен зерттелуі. Толғауларының тақырыптық-идеялық мазмұны:

- елдің тарихи, ел қорғаған батырлар туралы: «Бөрілі менің байрағым», «Қарасай батыр», «Өтеген батыр», «Ту алып жауға шықсаң сен», «Сұраншы батыр», «Жабай батыр», «Жақсының тұқымына», т.б;

- адамгершілік тәрбиесі туралы толғаныстары: «Құсмұрын тастың үстінде», «Жақсы менен жаманның айырмасы», «Нақылдар», «Біз сонаршы түлкі қуған», «Жақсы болса ағайын», т.б;

- халыққа жәбір-жапа шектірген озбырлық жасаушыларды, сараңдарды, екі жүзді опасыздарды сынаған толғаулары, өлеңдері: «Зар жылатып......», «Датқаларға», «Үмбетәліге», «Әділеттік орнаса», «Момын малын алып беріп», «Ноғайбайға», «Әтекеге», «Қайыпназарға», т.б;

- адамның жастық, кәрілік, жас кезеңдеріне арналған өлеңдері: «Өлеңдердің нұр сипаты», «Жиырма беспен қоштасу», «Жиырма бестің айтқаны», «Өмір ағысы», «Әуелі кәрілік келіп түрімді алды», т.б.

Сүйінбайдың айтыстары – қазақтың сүре және түре айтыстарының үлгілері: «Сүйінбай мен Қарғаның айтысы» /мысал айтыс/, «Сүйінбай мен Қаңтарбай», «Сүйінбай мен Уәзипа», «Сүйінбай мен Бақтыбай», «Сүйінбай мен Тезек төре», «Сүйінбай мен Қатаған» айтыстары.

Сүйінбайдың ақындық шығармашылығы – қазақ поэзиясындағы дәстүрлі өнерлі мектеп.

Ақын шығармаларының өлеңдік өлшемі-өрімі, бейнелігі.

 

 

Майлықожа Сұлтанқожаұлы /1835-1884/

 

Өмірі туралы мәлімет.

Майлықожа – араб, парсы, ежелгі түркі классикалық әдебиетімен қазақтың фольклорымен, жыраулық поэзиясымен жете таныс, білімдар ақын.

Шығармаларының жанрлық түрлері: толғау-термелер, арнау өлеңдер, мысал өлеңдер, айтыстар.

Толғау-термелеріндегі философиялық ғибыратты ойлар:

-         адамзатты биіктікке, парасатшылыққа үндеу: «Райымқұлға», «Ноғай мырзаға»;

-         жақсылық пен жамандық қасиеттерді даралау: «Ілімге толсын көкірек», «Дүниеге мейман көңілім», «Жөн білсең жолдасыңа жоба көрсет»;

-         фәни жалғанның өткіншілігі, адамдардың бір-біріне қонақ екендігі: «Ажал бір келмес болсайшы», «Не жүйрік өтті дүниеден», «Дүние», т.б.

Арнау өлеңдеріндегі адалдықты уағыздау, озбырлықты әшкерелеу: «Ескі мырза, манаптар бегі, салы», «Алдабарген байға», т.б.

Мысал өлеңдерінде бернелеу /аллегория/ арқылы адамзат өмірінің қайшылықты сырларын бейнелеуі: «Тотықұс», «Қасқыр», «Үш жігіт», «Бұлбұл».

Майлықожа – табиғат құбылыстарының шынайы суреттерін қазақ ауылының тұрмысымен байланыстыра жырлаушы: «Жылдың төрт мезгілі».

Айтыстары «Майлықожа мен Айман», «Майлықожа мен Гүлханым». Ақын шығармаларының көркемдігі мен бейнелелегі.

 

Базар Оңдасұлы /1839-1911/

 

Өмірі туралы мәлімет. Ақындық қалыптасу жолындағы негізгі кезеңдер. Шығармашылығындағы басты жанрлар. Жазба және ауызша дәстүрдегі жыраулық-ақындық өнер ерекшеліктері.

Толғау, термелеріндегі тақырыптық-идеялық мазмұн сипаты:

- көңіл—күйдің алуан сырларын айшықтайтын философиялық толғаныстары: «Құмарын тарқат алқаның», «Дүние қудым», «Әлі де сенде арман жоқ», «Тездетіп жігіт күнім өтіп кеттің», «Бір кезде Базар едім», «Бай да өткен, батыр да өткен», «Өсиет», т.б;

- халық тағдырына арнап азаматтық, әлеуметтік әуендегі толғаулары: «Жамиғы қазақ бір туған», «Түбі туыс байтақ ел», «Ел жақсылары», «Қарындастың қамы үшін», «Атасы жақсы қандай-ды», т.б.

Лирикалық өлеңдерінде сыршылдық пен махаббат («Ғашық жарым»), табиғат («Көктем») тақырыптарын жырлауы.

Сатиралық өлеңдеріндегі өткір ойлы, сыншыл-сықақшыл тіл өрнектері («Келдім де түсе қалдым өзімсініп», «Қаражан болысқа»).

Дастандарындағы («Айна-тарақ», «Әмина қыз», «Мақпал-Сегіз») фольклорлық сипаттар мен авторлық, реалистік көркемдік шешімдер.

Базар шығармаларындағы көркемдік нақыштар, бейнелілік.

Мұрат Мөңкеұлы /1843-1906/

 

Өмірі туралы мәлімет. Мұрат мұрасының жариялану, зерттелу тарихы. Мұрат шығармаларындағы ойшылдық, философиялық-азаматтық тереңдік. Зар замандық сарындағы шығармаларындағы лирикалық кейіпкер – ақын тұлғасына тән биіктік, романтикалық әуенді гуманизм сипаты. Мұрат – патшалық отарлау саясатының зиянды зардаптарын анық болжаған ақын. Ежелгі түркі, Тұран тайпалары мен қазақ халқының атамекендерінің мәңгілігін, тұрақтылығын аңсауы, қайырсыз қоныстардан шошынуы. «Үш қиян», «Қазтуған», «Сарыарқа», «Әттең бір қапы дүние-ай!» атты толғауларындағы ақынның азып-тозбауын аңсаған романтикалық ой-армандары.

Мұрат толғауларындағы адамгершілік тәрбиесіне байланысты философиялық ойшылдық («Мраттың жалпы айтқаны», «Топқа түскендегі толғауы», «Өлім», т.б.).

Арнау («Қыз», «Боранбайға айтқаны»), хат-өлең («Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны»), тойбастар («Қаратоқай Беріш Есеттің баласы Арман мырзаның қыз  ұзатуындағы тойбастар») жанрларындағы шығармалары.

Мұраттың жыршы-ақындығы, Сыпыра, Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет, Махамбет, Шернияз, т.б. ақындар жырларының Мұраттың айтуында сақталғандығы. Мұрын жырауға Мұрат үйреткен он төрт батырлық жыр: «Қарадөң батыр», оның ұрпақтары «Жұбаныш батыр», «Сүйініш батыр», «Құлыншақ батыр», «Ақжонас батыр», «Кеңес батыр», «Жаңбыршы батыр» оның баласы «Телағыс батыр», «Оғыз батыр».

«Қарасай-Қаси» дастаны. Дастанның композициясындағы қоштасу, жоқтау жырларының лирикалық әсерлері (мәселен, Орақтың досы Ақмырзаның шешесі Қараулектің, әйелінің жоқтаулары).

Айтыстары: Жылқышымен (1860), Бала Оразбекпен (1863), жаскелеңмен (1868), Жантолымен, Тыныштықпен болған айтыстарының шығармашылық ерекшеліктері, тілдік-көркемдік нақыштары.

Мұрат ақын шығармашылығынағы романтикалық, азаматтық сарындардың қазақ әдебиеті тарихындағы маңызы.

 

Әбубәкір Кердері Боранқұлұлы /1868-1905/

 

Өмірі, шығармшылығы. Ақынның толғау, термелеріндегі заман зары, отарлық езден азып-тозып бара жатқан қазақ елінің тағдыры туралы күйзеліс («Заманның опасыз халіне айтқан өлеңі», «Өткен еміншілік заманды жоқтап айтқан толғауы», т.б.)

Адам өмірінің тарихы туралы философиялық толғау («Сырқау болып жатқанда айтқан өлеңі»).

Айтыстары: «Кердері мен Құлымбет», «Қожахмет пен Кердері Әбубәкір», жұмбақ айтыстарындағы өмір құбылыстарын баламалай, мгзей бейнелеу шеберлігі.

Ақын шығармаларының тілдік өрнектері, көркемдік ерекшеліктері, бейнелілік сипаттары.

 

Қосымша өз бетімен оқуға ұсынылатын ақындар:

Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895), Орынбай Бертағыұлы (1813-1895), Мәделі Жүсіпқожаұлы (1816-1888), Нұрым Шыршығұлұлы (1831-1908) шығармалары.

 

ӨНЕР ТҰТАСТЫҒЫ МАЗМҰНЫНДАҒЫ АҚЫНДАР ПОЭЗИЯСЫ

(сал-серілер, әнші-ақындар)

 

Өнер тұтастығы мазмұнындағы ақындар (сал-серілер, әнші ақындар) шығармашылығындағы көрнек өнерінің ежелгі замандық тұтастық (синкретизм) белгілерінің сақталуы, жаңғыра қолданылуы (әншілік, ақындық, жыршылық, сазгерлік, аңшылық-мергендік, атбегілік-сейістік, құсбегілік-саятшылық, әртүрлі мазмұндағы күлдіргі ойынпаздық, палуандық, ұсталық-зергерлік, т.б.).

 

Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897)

Өмірі туралы мәлімет.  Көңіл-күй («Жамбас сипар», «Біржан сал», «Орынбор», «Талай заман», «Ал, дүние өтеріңді біліп едім»), философиядық («Ер жігіт дүниені көрген артық»), махаббат («Айтбай», «Ләйлік-шырақ», «Көлбай-Жанбай», «Алтын балдақ», «Ақтентек», т.б.) тақырыптарындағы лирикалық ән-өлеңдері.

Озбырлық жасаушыларды сынау: «Жанбота», «Адасқақ», т.б.

«Қисса Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны» - қазақтың халық поэзиясының классикалық үлгісі. Айтыстың 1898, 1899, 1902, 1907 жылдары жарияланған төрт нұсқасы. Біржан мен Сара айтысының эстетикалық-көркемдік тағлымы.

«Біржан мен Шөже», «Біржан мен қыз», «Біржан сал мен қыз» тәрізді қыз бен жігіттің сөз қағысуы түріндегі айтыстарындағы қазақы қалжаң ерекшеліктері.

Біржан сал шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері.

 

Ақан сері Қорамсаұлы /1843-1913/

 

Өмірі туралы мәлімет. Ақан сері – қоршаған ортадағы әсемдік әлемін, сұлулық тағлымын жырлаушы суреткер ақын. Тән сұлулығы мен рухани жан дүниелік тазалықты, пәктікті нәзік сезіммен аялай жырлаушы.

Лирикалық өлеңдеріндегі («Адамның біліміне ақыл серік», «Айтамын замандасқа біраз кеңес», «Әйелдер сипаты», «Жігіт сипаты», «Жастық шақтар», «Кәрілік», «Достарыма») көңіл-күйлері мен философиялық тереңдікке негізделген мазмұндық ерекшеліктер.

Махаббат тақырыбындағы лирикалық өлеңдері: «Сырымбет», «Үш тоты», «Қара торғай», «кербез сұлу», «Ақ көйлек», «Мақпал», «Торыны таң асырып мінген қандай», «Сүйген жардан айрылдым», «Біздің көңіл қайда жатыр», «Жайықтың ақ түлкісі аралдағы», «Сүйген қалқа», т.б.

Азаматтық әуенді, сыншыл сарындағы өлеңдеріндегі заман қайшылықтары мен озбырлықты сынау («Заманға қарап», «Құлагер», т.б.)

Аңшылық-саятшылық тақырыбындағы өлеңдері («Мылтық пен мергеншілік»).

Айтыс өлеңдеріндегі, атап айтқанда «Ақан сері мен Әділ», «Ақан сері мен Ысмағыл Шаймерден айтысы», «Қожамбет пен Ақан сері», «Ақан сері мен Орынбай», «Ақан сері, Бекәлі және, Сүлеймен молда» сөз қағысуларындағы қазақы қалжың бояулары, көркем тіл кестелері.

Ақын өлеңдерінің тіл өрнектілігі, көркемдік ерекшелігі, бейнелілігі.

 

Сегіз сері (Мұхамедханапия) Баһрамұлы Шақшақов (1818-1845)

 

Өмірі туралы мәлімет. Лирикалық ән-өлеңдеріндегі азаматтық, романтикалық әуендер («Қашқын келбеті», «Үміт», «Үш жүзге атым шыққан Сегіз сері», «Көңіл күй», т.б.).

Махаббат тақырыбындағы ән-өлеңдері: «Қарлығаш», «Гауһар тас», «Әйкен-ай», «Еңлік», «Қызғалдақ», «Ғани», т.б. Табиғат туралы өлеңдері («Айымжаным»).

Арнау өлеңдеріндегі ел қорғаған батырларды (Исатай батырға арналған «Өкініш», «Ақ бұлақ» өлеңдері, «Үбі батырға») мадақтауы және опасыз, екіжүзді бисымақтарды («Шомбал биге») сынауы.

Дастандары: «Алуа-Жарылқамыс», «Зейне-Зайып», «Айсара-Шолпан», «Кер бие».

Суырып салма өнерінің негізінде туған әзіл-қалжыңды қағысулары: «Сегіз бен Дариға қыз», «Сегіз бен төре қызы», «Сегіз бен Шернияз», «Сегіз бен Мақпал».

Сегіз серінің нақыл сөздеріндегі достық, адамгершілік, елді, ерлік туралы толғаныстар. Ақын шығармашылығының ұлттық көсемсөз өнері мен сан салалы мәдениетінің тарихындағы маңызы.

 

Сара Тастанбекқызы (1878-1916)

 

Өмірі, ақындық шығармашылығы. Сара – қазақ әйелінің арманы, мұң-шерін поэзия тілімен өрнектеген ақын.

Әлеуметтік теңсіздік, заман зары тақырыбындағы лирикалық өлеңдері: «Жүрек», «Ашындым», «Ортақ мұң», т.б.

Табиғат тақырыбындағы («Шымылдық») өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер толғаныстарының мәні.

Арнау өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер тағдыры хақындағы зар, мұң және оның әлеуметтік мәні («Арсалаң алдында», «Аққу», «Қарлығаш», «Торығу», «Қош бол елім»).

Ақынның Біржан сал мен айтысы, ондағы Сара өлеңдерінің көркемдік-эстетикалық тағлымы. «Төребай мен Сара» - қыз бен жігіт айтысы мазмұнындағы ақындық өнер сайысы.

Ақын шығармашылығындағы көркемдік, бейнелілік кестелері.

 

Әсет Найманбайұлы (1887-1923)

 

Өмірі, ақындық шығармашылығы. Толғау-термелерінің, өлеңдерінің әншілік орындаушылықпен, сазгерлікпен тығыз байланыстылығы. Шығармаларындағы өнер, сұлулық, асыл мінез-құлық, еңбексүйгіштік, халық бақыты үшін еңбек ету («Ән басып мейір қандыра салғандай қып», «Жігіттің жігіт болар бейнесінде», «Жас жігіт надандықпен алданады») тақырыптарының жариялануы.

Өмірді сүю, өмірді мойындау жырлары («Болжаусыз осы екен ғой өлім деген»).

Айтыстар. Ақындар айтыстарының қоштасу-жұбату («Кемпірбай мен Әсет»), қағысу-қалжыңдасу («Әсет пен Кәрібай») мазмұнында сөз жарыстырудағы Әсет тілінің өрнектері. Қыз бен жігіт айтысы пішініндегі «Әсет пен Рысжан» айтысының мазмұнындағы халықтық әдет-ғұрыптарды жырлау ерекшелігі. Жұмбақ айту және оны шешу арқылы ақындық дүниетаным кеңдігінің танылуы.

Дастандары: «Салиха-Сәмен», «Ағаш ат», «Үш жетім», т.б.

Аудармалық-назиралық шығармалары («Евгений-Онегин», т.б.)

Ақын шығармаларының көркемдік ерекшеліктері. Өлеңдеріндегі шешендік сөз үлгілеріне тән бейнелілік өрнектері.

 

Қосымша өз бетімен оқуға ұсынылатын ақындар:

Сары Батақұлы (1863-1895), Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929), Құлтума Өтемісұлы (1840-1915), Балуан Шолақ Баймырзаұлы (1864-1919) шығармалары.

Өнер тұтастығы мазмұнындағы ақындардың әдеби шығармашылығындағы дәстүр жалғастығы. Мұхит, Үкілі Ыбырай, Тайжан, Мәди, Естай, Шашубай, Кенен, Нартай, т.б. ақындар мұраларындағы дәстүрлі ерекшеліктер.

 

АҒАРТУШЫЛЫҚ, ДЕМОКРАТТЫҚ МАЗМҰНДАҒЫ РЕАЛИСТІК ЖАҢА ЖАЗБА ӘДЕБИЕТ

 

Ағартушы, демократияшыл көзқарастағы ақын-жазушылар шығармашылығының XIX  ғасырдағы әлемдік өркениет дамуындағы маңыз. Қазақтың ағартушы, демократ ақын-жазушыларының шығармаларына өзек болған мәселелер: қазақ елінің тұрмысы, әлемдік өркениет жаңалықтары. XIX  ғасыр ағартушы-демократтары шығармаларындағы ортақ көзқарастар және оның реалистік жаңа жазба әдебиетті дамытудағы игі ықпалы.

 

Шоқан (Мұхаммед-Қанапия) Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1868)

 

Өмірі туралы мәлімет. Отбасылық тәрбиедегі әжесі Айғаным мен әкесі Шыңғыстың өнегелі ықпалы. Шоқан мұрасының жариялануы, зерттелуі (Ә.Марғұлан, С.Мұқанов, т.б.) Шоқан – қазақ тарихы мен әдебиетін, фольклоры мен этнографиясын зерттеуші, ағартушы ұлы ғалым. Ол – публицист жазушы. Шоқанның ағартушылық, демократтық көзқарастарындағы философиялық-материалистік дүниетаным сипаттары.

Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері: «Қазақ шежіресі», «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Қырғыз-қайсақтардың үлкен ордасына қарасты елдердің аңыз-әңгімелері», т.б.

Шоқанның қазақ ақындары Бұқар, Шал, Шөже, Жанақ, Түбек, Орынбай, т.б. туралы, суырып салмалық (импровизация) өнері, Абылай ханға және қазақ батырларына  арналған тарихи жырлар туралы жазғандары.

Шоқанның қырғыздың тарихы мен фольклорына байланысты зерттеулері. «Манас» эпосына тұңғыш рет тарихи, әдеби талдаулар жасауы «Көкетай ханның өлімі және асы» деген үзіндісін орыс тіліне аударуы.

Ғылыми очерктері мен күнделтеріндегі жазушылық-публистік суреткерлік шеберлік белгілері. Табиғат суреттері, адамның кескін-келбеті, мінез-құлқы, тұрмыс суреттері туралы бейнелі кестелері: «Құлжа күнделіктері», «Алты шаһар» немесе «Қашқария туралы», «Іле өлкесінің географиялық очеркі», т.б.

Шоқанның өз ата-анасына,  Ф.М.Достаевскийге, А.Н.Майковке, К.К.Гудковскийге, Г.А.Колпаковскийге, т.б. жазған хаттары және ондағы демократиялық, ағартушылық көзқарастары.

Шоқан туралы орыс ғалымдарының (Г.Н.Потанин, И.Н.Березин, Н.А.Аристов, Н.И.Веселовский, В.В.Бартольд, Н.М.Ядринцев, т.б.) еңбектері.

Шоқан Уәлиханов мұрасының ұлттық тарихымыздағы маңызы.

 

Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889)

 

Өмірі туралы мәлімет. Ыбырай шығармаларының жариялануы, зерттелуі. Ыбырай – ұлы ағартушы, ұстаз-жазушы, ақын, этнограф, аудармашы. Ол – қазақтың ұстаздық-тәлімгерлік (педагогикалық) ұлағатын әлемдік деңгейге көтерген тұлға. Ыбырай шығармаларының философиялық, психологиялық сырлары.

Ыбырай  - қазақ мектебіне арналған тұңғыш оқу құралдарының авторы («Киргизская хрестоматия», т.б.).

Ыбырайдың қазақ мектебі үшін ислам дінінің қағидаларын  түсіндіретін оқу-құралын жазуы («Шариат-ул-ислам», «Мұсылманшылық тұтқасы»).

Ыбырайдың қазақтың халықтық әдеп-ғұрыптары туралы жазған этнографиялық еңбектері: «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі», «Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және рған ас беру дәстүрінің очеркі».

Қаақ халқының ауыр тұрмысына арналған мақалалары: «Жұт туралы», «Қазақ даласындағы аштық туралы».

Халық ағарту мәселелері хақындағы көсемсөздік (публицистикалық) мақалалары, хаттары. Оқыту жүйесі негізіндегі әдістемелік еңбектері.

Өлеңдері: оқу-білім, ағарту («Сөз басы», «Өнер-білім бар жұрттар»), адамгершілік тәрбиесі («Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым», «Арыз бол кедей болсаң ұрлықпенен», «Әй, достарым!», «Әй, жігіттер!», озбырлықты, әлеуметтік теңсіздікті сынау, заман зары («Азған елдің хандары», «Азған елдің қожасы», «Азған елдің молдасы», «Береке кеткен елдерде», «Әділдік көрмеген үш төреге айтылған сөз»), табиғат («Жаз», «Өзен») тақырыптары. Ыбырай өлеңдеріндегі реализм – қазақ халқының тұрмыстық халін, өмір мазмұнын көркем тілмен бейнеленуі.

Ы.Алтынсарин әңгімелері – ұстаздық тәлім-тәрбие құралы, қазақ жазба прозасы қалыптасуының бастау негізі. Әңгімелерінің еңбексүйгіштікке, адамгершілікке баулудағы ықпалды қуаттылығы. «Әке мен бала», «Бақша ағаштары», «Жан-жануарлардың жылға дауласқаны», «Бай мен жарлы баласы», «Ұлықпан әкім», «малды пайдаға жарату», «Қыпшақ Сейітқұл», «Таза бұлақ», «Сараңдық пен жинақылық», т.б. әңгімелеріндегі адам тәрбиесіне қатысты философиялық, психологиялық мәселелер. Әңгімелерінде адамның мінез-құлқындағы сан-алуан сапаларды бейнелеу арқылы өмірді мағыналы, саналы мазмұнда өткізуге шақыру.

Ыбырайдың өлеңдері мен әңгімелеріндегі тақырыптық, көркемдік шешім тұрғысындағы үндестік.

Ы.Алтынсариннің аудармалары, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, В.И.Даль. К.Д.Ушинский, И.И.Паульсон шығармаларын аударудағы жазушының өзіндік ерекшелігі. Жеке сөздердің дәлме-дәл мағынасын қуаламай, қазақ халқының ұғымына сай еркін аудармалық үлгіні қолдануы.

Ыбырайдың халық әдебиеті мұраларын жинауы және оларды өзінің ұстаздық жұмысына пайдалануы («Орақ батырдың баласы Әлібек мырзаның бір ханға айтқан сөзі», «Жанақ пен Баланың айтысқаны», «Қобыланды батыр мен Тайбурыл», т.б.).

Ыбырай шығармашылығы – қазақ балалар жазба әдебиетінің қалыптасуындағы шешуші негіз. Ы.Алтынсарин – қазақтың ұлттық даму тарихының ұлы тұлғасы.

 

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904)

 

Шығармашылық өмірбаяны. Абай мұрасының жиналуы, жариялануы, зерттелуі. Абайдың қалыптасуы мен өсу жолындағы өнегелі әкесі құнанбай қажының, әжесі Зеренің, шешесі Ұлжанның және басқа да билердің, шешендердің, ақын-жыраулардың, оқымысты орыс достарының пайдалы әсер-ықпалы.

Ұлы Абайдың шығармашылық қалыптасуына шешуші ықпал еткен үш арна: қазақ халқының рухани мәдениеті (фольклоры, ақын-жыраулар мұралары, т.б.). шығыстың классикалық әдебиеті мен ғылымы, орыстың классикалық әдебиеті және Еуропаның философиялық  ғылымы.

Жас шағындағы өлеңдері: «Иузи-Раушан», «Физули-Шәмси», «Әлиф-би», «Сап-сап көңілім», «Тайға міндік».

Өлеңдері

 – азаматтық көңіл-күй, философиялық толғаныстар: «Көңілім қайтты», «Патша құдай», «Көкбайға», «Қартайдық, қайғы ойладық», «Қалың елім, қазақғым, қайран жұртым», «Келдік талай жерге енді», «Жақсылық ұзақ тұрмайды», «Лай суға мал бітпес», «Өлсе өлер», «Сенбе жұртқа», «Өлсем орным қара жер», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Сегіз аяқ», «Ішім өлген, сыртым сау», «Қажымас дос халықта жоқ»;

– махаббат, ғашықтық сезімдерімен өрілген тебіреністер: «Қор болды жаным», «Сен мені не етесің», «Жігіт сөзі», «Қыз сөзі», «Білектей арқасына өрген бұрым», «Қызарып, сұрланып», «Көзімнің қарасы»;

 – табиғат суреттерін айшықтау: «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры»;

– оқу, білім, ағарту, тәрбие мәселелерін жырлау: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба», «Жігіттер ойын арзан», «Бір дәурен келеді күнде»;

– ақындық өнер туралы: «Өлең сөздің патшасы, сөз-сарасы», «Адамның кейбір кездері», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»;

– ән өнері туралы: «Көңіл құсы құйқылжыр», «Құлақтан кіріп бойды алар»; 

 – табиғат пен адамдық мінез-құлық, іс-әрекет, сезім мәселелерін астастыра жырлау: «Желсіз түнде жарық ай», «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай», «Көлеңке басын ұзартып»;

– сыншыл, сатиралық мазмұндағы өлеңдері: «Адасқанның алды жөн», «Байлар жүр», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Көжекбайға», «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың», «Көзінен басқа ойы жоқ», «Менсінбеуші ем наданды», «Бойы бұлғаң».

Ән-өлеңдері: «Алыстан серпеп», «Сен мені не етесің», «Көзімнің қарасы», «Қор болды жаным», «Ата-анаға көз қуаныш», «Бойы бұлғаң», «Сүйсіне алмадым, сүймедім», «Айттым сәлем қаламқас», «Біреуден біреу артылса».

Аудармалық-назиралық өлеңдерге арнап шығарған әндері: «Татьянаның әні», «Онегиннің жауабы»;

Аудармалық өлеңдерге ілесе шығарған әндері: «Қараңғы түнде тау қалқып», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Сұрғылт тұман дым бүркіп».

Абай – қазақ өлеңі өрімінің дәстүрлі өрнектерін жаңғырта түлеткен жаңашыл ақын. Ақын өлеңдеріндегі жаңа өрімдер.

Абай – қазақтың жазба көркем әдеби тілін қалыптастырушы. Ақын шығармашылығындағы бейнелілік сырлары.

Абайдың аудармлық-назиралық шығармалары – әлемдік әдебиетті қазақша сөйлетудің үздік үлгілері. М.Лермонтовтың отызға жуық өлеңін аударуы. Оның өлеңі мен поэмаларын аударудағы Абай аудармашылығының шеберлік белгілері. М.Ю.Лермонтов аударуындағы Дж. Байрон, В.Гете өлеңдерін Абайдың қазақшаға аударуы. Аударма шығармаларындағы ұлы Абайдың ақындығын айқындайтын төлтума бояулар.

А.Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасынан алынған хаттар негізіндегі махаббат жырлары – нәзира үлгісімен жырланған лирикалық дастан. Түпнұсқаны қайта жырлаудағы Абай нәзирасының ерекшеліктері  (Қараңыз: Ғабдуллин Н. Абайдың нәзира үлгісі (Жұлдыз, 1991, №11, 146-153-беттер).

И.Крыловтың бір топ мысалдарын қайта жырлап шығу: «Есек пен бұлбұл», «Бүркіт пен қарға», «Шегіртке мен құмырсқа», «Түлкі мен қарға», «Піл мен қанден».

Поэмалары. Абай поэмалары – оқиғаларды суреттеу арқылы өсиеттік, ұстаздық ой туғызатын шығармалар. Абай поэмалары – дәстүрлі нәзира үлгісіндегі шығармалар.

«Масғұт» поэмасында адамгершілік мәселенің философиялық тұрғыда көркем жырлануы. Қыдыр қарт ұсынатын жеміс (ақ-ақыл, сары-дәулет, қызыл-әйел мен достық) және оның мәні.

«Ескендір» поэмасындағы ұлы Абайдың гуманистік ойлары. Поэмадағы адамның көз сүйегіне Аристотельдің берген бағасы арқылы дидактикалық, философиялық қорытынды жасау.

«Әзім әңгімесі» атты аяқталмаған поэманың арқауы «Мың бір түннің» бір тарауы «Әлидің Әзімі» екендігі. Поэманың опасыздықты (аяршал) танытушылық қуаты.

Абай шығармаларындағы көркем бейне, композициялық, сюжеттік құрылым, көркемдік, бейнелілік мәселелер.

Абайдың аудармашылығының, нәзирагөйлігінің кейінгі қазақ әдебиеті дамуына жалғасқан тарихтық, мәдениеттік, көркемдік, шеберлік дәстүрі тұрғысындағы игі әсері.

Абайдың қара сөздері. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар көркем сөздің Абайдың өзі тапқан бір түрі екендігі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбіне адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді (М.О.Әуезов. 20-т. 218-219-беттер).

Абайдың қара сөздері – ежелгі гре ойшылдарының шәкірттеріне айтқан әңгіме-сұхбат жанры дәстүріндегі шығармалар. Олардың тақырыптық, мазмұндық ерекшеліктеріне қарай ажыратылатын түрлері:

- халық тарихы қазақ еліндегі қоғамдық құрылыс, елді басқару мәселелері 3, 8, 22, 38, 41, 42, 46-сөздер).

- оқу-ағарту, ғылым, өнер-білім, халықтық тәлім-тәрбие мәселелері (2, 8, 10, 17, 18, 25, 32, 33, 38, 43-сөздер).

- еңбек шаруашылық, тұрмыс туралы (29, 33, 42-сөздер).

- адамгершілік тәрбиесі, мінез-құлық мәселелері туралы (4, 14, 15, 17, 18, 21, 22, 28, 34, 42, 44-сөздер).

- дін, имандылық, өмір сырлары туралы (12, 13, 15, 17, 31, 35, 36, 37-сөздер.

Абай қара сөздерінің жанрлық түрлері: тарихтық мақала-очерк (46-сөз), мысал-өсиет, әңгіме (27-сөз), афаризм (37-сөз), дидактикалық насихат кеңес (4, 5, 8, 9, 10, 12, 16, 18, 20, 25, 27, 31, 32, 40-сөздер), көркем сөздік памфлет (6, 11, 14, 22, 39, 41-сөздер), мемуарлық мақала (1-сөз).

Абай қара сөздерінің тілі, стилі. Қара сөздердегі автор мен таңдаушы сұхбатына тән стиль ерекшеліктері. Абай қара сөздері – ұлттық өнеріндегі публицистика, ғылыми-философиялық  мазмұнды прозалық шығармашылық дәстүрінің бастау негізі.

Абайтану ғылымының қалыптасу, даму тарихы. Абайтану ғылымының тарихындағы А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш зиялылырының бастама еңбектері.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – абайтану ғылымының негізін қалаушы, мазмұн-сипатын қалыптастырушы. Абайтанудың қазіргі жағдайы және болашағы.

Қорытынды. Абай – қазақ сөз өнеріндегі жаңа реалистік жазба көркем әдебиеттің негізін салған ұлы классик ақын.

 

Ақылбай Абайұлы (1861-1904)

 

Өмірі туралы мәлімет. Ақын ретінде қалыптасуындағы әкесі Абайдың әсері. Ақылбайдың домбырашылық, скрипкашылық, сазгерлік (композиторлық) өнері.

«Жаррах» поэмасы. Оның шығыс әңгімесі «Жеті үй» дейтін ұзақ ертегіден алынғандығы (жоғалып кеткен).

«Дағыстан» поэмасы. Поэмадағы адамдық сезім күйлерінің (қызғаныш, кек, махаббат) тартысты оқиғалар үстінде романтикалық әуенмен жырлануы. Қызғаныш пен кекке уланған Жүсіп, махаббатқа өмірлерін бағыштаған Заира мен Жебірейіл бейнелері. Поэманың романтизм көркемдік әдісі сипатындағы ерекшеліктері, тілі.

«Зұлыс» поэмасы – жоғалған нұсқадан қалған үзінді. Поэмадағы Омпапа бейнесі – отаршылыққа қарсы күрескерлердің өкілі. М.Әуезовтің сөзімен айтқанда, «Зұлыс»  – Ақылдайдың аса қою оқиғалы роман-поэма түрінде жазылған үлкен көлемді шығармасы екендігі.

 

Мағауия Абайұлы (1870-1904)

 

Өмірі туралы мәлімет. Көңіл-күй тақырыбындағы лирикалық өлеңдері. «Еңлік - Кебек», «Абылай» атты поэмалары (қолжазба күйінде сақталған).

«Медғат – Қасым» поэмасының романтикалық көркемдік әдіс тұрғысындағы ерекшеліктері. Қасым, Сәлім мен Ғазиза бейнелері арқылы кек пен махаббат сезімдерінің жырлануындағы көркемдік шешім мәселелері. Поэмадағы ақын қолданған көркем тіл мен бейнелілік мәселелері.

 

Қосымша (өз бетінше) оқуға ұсынылатын:

Көкбай Жанатайұлының (1864-1927), Ақыт Үлімжіұлының (1868-1940), Жүсіп Ешниязұлының (1871-1927) шығармашылық мұрасы.

 

Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев (1847-1920)

 

Өмірі туралы мәліметтер. Ақын-жазушы ретіндегі шығармашылығының қалыптасу жолы. Лирикалық өлеңдеріндегі көңіл-күй философиясы («Өмірдің өтуі», «Жалғаншы жарық дүние», «Таудағы тас ұядан», «Ол күндерді тапсырдым», «Бұл күнде жас көңілім судай тастың», «Сұңқардай шалықтаған тас ұяның», «Аллаяр жаздым, аға, Көлборсыдан», т.б.), махаббат («Қатшекейге», «Жігіттің болса жақсы алған жары»), табиғат («Қайран жерім», «Көлторғай», «Нарын туралы», т.б.), оқу, білім, ғылым («Ғылым», «Эдисон»).

«Сардар Сегіз» тарихи дастаны. Дастанның композициялық құрылысы. Сегіз Сері бейнесін сомдаудағы тарихи шындық пен көркемдік жинақтау мәселелері.

Шәңгерей шығармашылығының әлемдік әдеби дамуға байланысты жақтары (романтизм, символизм мәселелері). Ақын шығармашылығының тілі, бейнелілігі.

XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының мазмұнына байланысты жалпы қорытындылар.

 

СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ҮЛГІ ТАҚЫРЫПТАРЫ

 

1.  Кіріспе. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің жалпы сипаты. «Зар заман» ақындары.

2.  Дулат Бабатайұлы шығармаларының тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері.

3.  Махамбет  шығармаларының тақырыптық, жанрлық, көркемдік ерекшеліктері.

4.  Шернияздың шығармашылық мұрасы.

5.  Шортанбай шығармалары – халық тағдырының айнасы.

6.  Сүйінбай толғаулары, арнаулары, айтыстары.

7.  Майлықожа шығармашылығы.

8.  Базар Оңдасұлының шығармашылық мұрасы.

9.  Мұрат Мөңкеұлының шығармашылық мұрасы.

10. Ш.Бөкеев шығармаларындағы лирикалық сыршылдық, философиялық мазмұн.

11. XIX ғасыр поэзиядағы  әнші ақындардың шығармашылық ерекшеліктері.

12. Шоқанның шығармашылық тұлғасы.

13. Алтынсариннің ақындық, жазушылық шығармашылығы.

14. Абай шығармашылығы, лирикасы, поэмалары, қара сөздері, аудармасы.

15. Абайдың ақындық айналасы (Көкбай, Ақылбай, Мағауия шығармалары).

 

Студенттің оқытушымен бірлесе жасалатын өзіндік жұмыстарының (СОӨЖ) үлгі тақырыптары

 

XIX ғасырдағы Ұлттық-азаттық қозғалыстарының тарихи өлеңдері мен дастандарында жырлануы.

 

1.  XIX ғасырдағы қазақ және әлем әдебиеттері дамуындағы поэтикалық үндестіктер мен өзгешеліктер.

2.  XIX ғасырдағы қазақ тұрмысының шетел қаламгерлері шығармашылығындағы бейнеленуі.

3. Д.Бабатайұлы өлеңдеріндегі отаншылдық, шынайы патриоттық-ұлтшылдық көзқарастар.

4. Дулат өлеңдеріндегі сатиралық-сыншылдық, адамгершілік-имандылық тәлім-тәрбие мәселелері.

5. Дулаттың «Еспембет» дастаны: тарихи-этнографиялық және поэтикалық ерекшеліктері.

6.  Дулаттың «Шаштараз» атты дастанының дидактикалық-эстетикалық тағылымы.

7.  Махамбет Өтемісұлының күрескерлік-жауынгерлік, азаматтық әуне жырлары.

8.  Махамбет өлеңдеріндегі  философиялық-психологиялық ойшылдық тереңдіктер.

9.  Махамбет өлеңдеріндегі халық тұлғасы және Исатай батыр бейнесінің жырлануы.

10. Махамбет өлеңдеріндегі авторлық тұлға және адресаттық нысан.

11. Махамбет өлеңдерінің бейнелілік жүйесі.

12. Ш.Жарылғасұлы толғау термелерінің ыилософиялық болмысы.

13. Ш.Қанайұлы шығармашылығы – түркілік поэзиядағы исламдық-сопылық әдебиет дәстүрінің жалғасы.

14. Шортанбайдың Ресей патшалығы отаршылдығын сынаған, сыншыл толғаулары.

15. Шортанбай айтыстарының эстетикалық-поэтикалық өнегесі.

16. Шортанбайдың дастандары.

17. С.Аронұлының ел тарихына, адамгершілік-тәрбиелік толғау өлеңдері.

18. Сүйіндайдың философиялық мағыналы өлеңдері.

19. Сүйінбай – ақындық поэзиядағы авторлы классикалық айтыс жанры үлгілерін қалыптастырған ақын.

20. Майлықожаның толғау термелерінің философиялық ғибратты ойлары.

21. Майлықожа мысалдарының гуманистік-эстетикалық ұлағаты.

22. Майлықожаның айтыстары.

23. Базардың көңіл-күй сырларына, халық тағдырына арналған толғау термелері.

24. Базардың лирикалық-сатиралық өлеңдеріндегі ұлттық-этнографиялық ерекшелігі.

25. Базардың дастандары («Айна-тарақ», «Ақырдың сыры») фольк. Миф. Бейнелеулердің реалистік мәні.

26. Базардың «Мақпал - Сегіз» дастаны: тарихилық-өркемдік шешім.

27. Мұраттың түркі тайпалары, қазақ халқы атамекендеріне арналған толғауы.

28. Мұрат өлеңдерінің жанрлық түрі: толғау, хат-өең, тойбастар, т.б.

29. Мұраттың жыршы-ақындығы және Қарасай-Қази дастаны.

30. Мұрат айтысының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері.

31. Әбубәкір Боранқұлұлы толғауындағы қазақ тағдырының жырлануы.

32. Әбубәкір айтыстарының поэтикалық-эстетикалық сипаты.

33. Біржанның лирикалық ән-өлеңіндегі көңіл-күй, махаббат, озбырлықты сынау тақырыбының жырлануы.

34. Біржанның айтыстары.

35. Ақан серінің лирикалық ән өлеңіндегі азаматтық, сыншылдық, психологиялық көңіл-күй, махаббат тақырыптары.

36. Ақанның этнографиялық өлеңдері.

37. Ақанның сөз қағысу айтысы түріндегі шығармасы.

38. Сегіз сері Баһрамұлының лирикалық ән-өлеңдері.

39. Сегіз серінің дастандары мен қағысулары.

 

Студенттің  өзіндік жұмыстарының

(СӨЖ) үлгі тақырыптары

 

• Сараның лирикалық өлеңдері.

• Сараның айтыстары.

• Әсеттің лирикалық өлеңдері (толғау, терме, арнау).

• Әсеттің айтыстары.

• Әсеттің дастандары.

• Өнер тұтастығы мазмұнындағы ақындық поэзия, дәстүр. Жалғастық.

• Шоқанның фольклор, әдебиет  тарихы, поэзия жанрлары туралы еңбектері.

• Шоқан – қырғыз тарихы мен эпосын зерттеуші.

• Шоқанның ғылыми очерктері, күнделігі, оның әдеби сипаты.

• Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы», әдеби-шығ. этнопедагогикалық  тағылымы.

• Ыбырайдың «Мұсылманшылық тұтқасы» кіт. Ағартушылық-гуманистік ұлағаты.

• Ыбырайдың өлеңдері.

• Ыбырайдың әңгімелері.

• Ыбырайдың публ.фольк.-пед-лық мақалалары.

• Абайдың азаматтық көңіл-күй, философиялық сарындағы лирикасы.

• Абайдың махаббат, табиғат лирикасы.

•  Абайдың ақындық, ән өнері туралы өлеңдері.

•  Абайдың оқу-білім, ағарту-тәрбие, туралы өлеңдері.

•  Абайдың табиғат пен адамдық мінез-құлықты тоғыстыра жырлаған өлеңі.

•  Абайдың сыншыл, сатиралық өлеңдері.

•  Абайдың ән- өлеңдері.

•  Абайдың аудармалық-нәзиралық шығармалары.

•  Абайдың Лермонтовтовтан аударған шығармасы.

•  Абайдың Крыловтан мысалдары ізімен жырлаған шығармасы.

•  Абайдың «Масғұт», «Әзім әңгімесі» поэмаларының фольк.-мифол. негізі  және көркемдік шешім.

• Абай қара сөзіндегі халық тарихы, қоғамдық құрылыс, ел басқару мәселесі.

• Қара сөздердегі еңбек, шаруашылық, тұрмыс туралы.

• Қара сөздердегі оқу-ағарту, ғылым, өнер-білім, халықтық тәлім-тәрбие мәселелері.

• Абай қара сөзіндегі адамгершілік тәрбиесі, мінез-құлық мәселелері.

• Қара сөздердегі дін, имандылық, өмір сырлары мәселесі.

• Абайтану ғылымының қалыптасу, даму тарихы.

• Ақылбай Абайұлының шығармашылығы.

• Мағауия Абайұлының шығармашылығы.

• Көкбай Жанатайұлының шығармашылығы.

• Шәкәрімнің Абай өмірімен кезеңдес жылдардағы шығармалары.

• Ш.Бөкеев шығармашылығындағы лирикалық өлеңдер.

• Шәңгерейдің «Сардар сегіз» дастаны, тарихи негізі, көркемдік сипаты.

• XIX ғасыр II жартысы мен XX ғасыр басындағы исламдық-ағартушылық бағыттағы ақындар шығ.дидактикалық-филос, дәстүрі – М.Көпейұлы, Мақыш Қалтайұлы, Нұржан Наушабайұлы, Шәді Жәңгірұлы, Т.Ізтілеуұлы, М.Байзақұлы, Ж.Ешниязұлы, Ж.Шайхисламұлы т.б. шығармасы негізінде.

• XX ғасыр қазақ әдебиеті дамуындағы «Зар заман ақындары» (М.Әуезов) поэзиясының ұлттық сөз өнеріндегі сыншылдықты күшейтудегі ықпалы.

 

ПАЙДАЛАНУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР

• Асфердияров С.Д. История Казахстана /с др.вр/. 2-изд. А., 1993

• Әуезов М. Әдебиет тарихы. А., Ана тілі, 1991.

•  Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Ақ жол. А., 1991.

•  Бекманов Е. Казахстан В 20-40 годы XIX века. А., 1992.

• Жұмалиев Қ. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті. А., 1967.

• Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. А., 1994.

• Сүйіншәлиев Х.  XIX ғасыр әдебиеті. А., 1992.

• Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. А., 1998.

• Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы.  (XV-XIX ғ.ғ.). а., 1993.

• Абай тағылымы. (Құрастырған Н.Ғабдуллин). А., «Жазушы», 1986.

•  Абайды оқы, таңырқа...  А., 1993.

•  Абай тілі сөздігі. А., 1968.

•  Айтыс. Үш томдық. А., 1965.

•  Айтыс. Екі томдық. А., 1988.

•  Ақжолтай Ағыбай батыр. А., Ғылым, 2002.

•  Ақын-жыраулар (Қысқаша өмірбаяндық мәліметтер мен библиографиялық деректер). А., 1979.

•  Алтынсарин Ы. Мұсылманшылықтың тұтқасы. А., 1991.

•  Аничков И.В. Қазақ батыры Жанқожа Нұрмухаммедұлы (орыстардың Сыр бойына алғашқы қадамдарының очеркі) Қазақ, Император университетінде типометографиясы, 1894. Алматы,  «Терме» бірлестігі, 1991, -32 б.

• Ахметов З. Казахское стихосложение. А., 1964.

• Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. А., 1973.

• Әбілұлы Меңдібай. Қазақ әдебиетіндегі діни-исламдық поэзия. Тараз, 2003.

• Әдеби мұра және зерттеу. А., 1961.

• Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. (құрастырғандар: З.Ахметов, Т.Шанбаев). А., 1996.

•  Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан. А., 1993.

•  Әуезов М.О.  XVIII – XIX ғасыр ақындары. әуезов М. 20 томдық шығармалар жинағы. Т.16.   А., 1985.   Б.176-198

•  Бельгер Г. Үндестік: Гете, Лермонтов, Абай. А., 1982.

•  Бердәулетов К. Бұқарбай батыр. А., 1992.

•  Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық. Т.1. А., 1989.

•  Ғабдуллин Н. Абайдың нәзира үлгісі. А., Жұлдыз, 1991, №11.

•  Дәуітұлы С. «Диуани хикмет» және қазақ поэзиясы. А., 2001.

•  Досмұхаммедұлы Х. Аламан. А., 1991.

•  Дербісәлин Ә. Ыбырай Алтынсарин. А., 1965.

•  Дербісәлин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар. А., 1990.

•  Есімов Ғ. Хакім Абай. А., 1991.

•  Жармұхаммедұлы М. Айтыс өлеңдерінің арғы тегі мен дамуы. А., 2001.

•  Жұбанов А. замана бұлбұлдары. А., 1975.

•  Жұбанов Қ. Абай – қазақ әдебиетінің классигі. //Жұбанов Қ. Шығармалары мен естеліктері. А., 1990. Б.28-59.

•  Жұмабаев М. Ақан сері. Ақанның өмірі. Базар жырау. //Жұмабаев М. Шығармалары. А., 1989. Б.318-345.

•  Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. Т.2. А., 1960.

•  Залесский Б. Қазақ сахарасыны саяхат. А., 1991.

•  Исмайлов Е. Ақындар. А., 1956.

•  Исабай Қ. Байжан-ата С. Қажыға барған қазақтар. А., 1996.

•  Кәкішев Т. Сын сапар. А., 1971.

•  Кәкішев Т. Оңаша отау. А., 1982.

•  Қазақ поэзиясының антологиясы. А., 1992.

•  Қазақ прозасы. Хрестоматия. Үш томдық. (құрастырған, алғы сөзін жазған Х.Сүйіншәлиев).

•  Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. Зерттеулер, мақалалар. А., 1966.

•  Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. А., 1995.

•  Қоңыратбаев Ә. Тарихи жырлар. Айтыс поэзиясы. //Қазақ фольклорының тарихы. А., 1991. Б.261-287.

•  Қоңыратбаев Т. Ел мұрасы. А., 2003.

•  Мағауин М. Ғасырлар бедері. Әдебиет зерттеулер. А., 1991.

•  Машанов А. Әл-Фараби және Абай. А., 1994.

•  Мәдібай Қ. Зар заман ағымы. А., 1997.

•  Мұқанов С. Өсу жолдарымыз. А., 1960.

•  Мұқанов С. Жарқын жұлдыздар. А., 1964.

•  Мұқанов С. Халық мұрасы. А., 1974.

•  Мұхамедханов Х. Абай шығармаларының текстолониясы жайында. А., 1959.

•  Мұхамедханов Қ. Абайдың ақын шәкірттері. А., 1994.

•  Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары. А., 1982.

•  Мырзахметов М. Абайтану /библиограф.көрсекіш/. А., 1988.

•  Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. А., 1958.

•  XVIII-XIX ғ.ғ. қазақ ақын-жазушыларының шығармалары. А., 1962.

•  XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. А., 1985.

•  XIX ғасырдағы қазақ ақындары /зерттеу, мақалалар/. А., 1988.

•  Омаров Б. Зар заман поэзиясы. А., 2000.

•  Оспанұлы Ә. Қаратау шайырлары. А., 1991.

•  Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. А., 1983.

•  Өмірәлиев Қ. Абай афоризмі. А., 1993.

•  Мырзахметов М. Абайтану тарихы. А., 1994.

•  Радлов В.В. Алтын сандық. А., 1993.

•  Сапаралы Б. Құнанбай қажы. А., 1995.

•  Сәтбаева Ш. Достық дастандары. А., 1983.

•  Сейтжанұлы З. Шыңжаң қазақ әдебиеті. А., 1999.

•  Сыздықова Р. Дулатты танып болдық па? // «Қазақ әдебиеті», 25.12.1992.

•  Тәжімұратов М. Шәңгерей. А., 1998.

•  Тебегенов Т. Халық ақындары. А., 1997.

•  Тебегенов Т. Әдебиет тарихының мәселелері. А., 1998.•  Тебегенов Т. Әдебиет тарихы. А., 1999.

•  Тебегенов Т. Халық ақындары шығармаларындағы әдебиет пен фольклор дәстүрі. А., 2001.

•  Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. А., 2001.

•  Уәлиханов Ш. Таңдамалы. 2-басылуы. А., 1985.

•  Хан Кене. Тарихи толғамдар мен пьеса, дастандар. А., 1993.

•  Ыбырай Алтынсарин. Әдебиет көрсеткіш. А., 1979.

•  Ыбырай Алтынсарин. Қазақ хрестоматиясы. А., 2003.

•  Янушкевич А. Күнделіктер мен хаттар. /аударған М.Сәрсекеев/. А., 1970.

Бағдарлама авторы                                                                             Темірхан Тебегенов,

филология ғылымдарының докторы,

Абай атындағы Қазақ  ұлттық

педагогикалық университеті қазақ

әдебиеті кафедрасының профессоры.