Ф.7-11-12

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

университеті

Филология факультеті

Қазақ әдебиеті кафедрасы

                                                                                            

                                                                                                                                                                                                                                                        Бекітемін:

                                                                                                                                                                                                                                            ФИ деканы _____Б.М.Тілеубердиев

                                                                                                         

                                                                                                                                                                                                                                           «___»________2009ж.

 

 

 

Оқу  БАҒДАРЛАМАСЫ

(силлабус)

 

Пәнi ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиетi

Оқу түрі ___ күндізгі______________________

Курс________ ІІ__________________________

                        Мамандығы 050117 Қазақ тілі  және  әдебиеті 

                    Семестр_____ 4_________________________        

Кредит саны  2                                                                     

Дәріс  15                                                                               сағ

Практика 15                                                              сағ

ОСӨЖ 15                                                                 _____сағ

СӨЖ              15                                                       _____сағ

Ағымды бақылау _____рейтинг 6,75 сағ.

Қорытынды бақылау____емтихан 4 сағ.

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент-2009

 

 

Оқу бағдарламасы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ОӘБ бекіткен  ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы пәні бойынша типтік бағдарлама негізінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы студенттері үшін М.Әуезов атындағы ОҚМУ Қазақ әдебиеті кафедрасы тарапынан түзілген.

 

 

 

  Оқу бағдарламасы «Қазақ әдебиеті»кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілген.

 

Кафедра  меңгерушісі:    _____________     ф.ғ.к. доцент  Қ. Оразбаев

 

Хаттама    № 1      “27”  8 . 2009 ж.

 

 Филология факультеті әдістемелік комиссиясы бекіткен.

«28» 8 2009 ж.  Хаттама №1.

                                                                   

 Төрағасы:                                                                С. Тұрмаханова.

Факультет администраторы:                                     Б. М. Усупова.

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Лектор: ф.ғ.к.,доц. Т.Қалдыбаев жұмыс телефоны: 22-44-62, аудитория: 306. Қазақ әдебиеті кафедрасы, №8 ғимарат. Уақыты 8-30 дан 13-30-ға дейiн

 

2. Сабақ өту мерзiмi және орны: 407 аудитория, сағ. 11:30-дан 18:00-ге дейін

 

3. Курсты оқытудың өзектілігі мен қажеттiлiгi.

    ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиетi-ұлттық сөз өнерi тарихының елеулi бiр кезеңiн қамтитын пән. Пәннiң мазмұнында ауызша дәстүрлi жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы, көркемдiк, стильдiк жалғастық мәселелерi ғылыми-теориялық тұрғыда түсiндiрiледi. Сонымен қатар, кезең әдебиетiне қоғамдық-әлеуметтiк оқиғалармен, құбылыстармен тығыз байланысты баға берiледi.

3.1. Курстың мақсаты мен мiндетi.

    ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиетiнiң әлемдiк озық көркемдiк әдiстермен, жанрлық-стильдiк шеберлiк үлгiлерiмен үндестiгiне айрықша назар аударылады. Әлемдiк әдеби дамудың ортақ заңдылықтарын игерген, жаңашылдықпен түлеген реалистiк әдебиетiмiздiң алыптары шығармаларындағы көркемдiк сырлары тереңдетiле оқытылады. Бұл талаптың аясында қазақ сөз өнерiнiң философиялық, гуманистiк-ағартушылық, эстетикалық мазмұнын жан-жақты қамту басты бағдар болды.

Әдебиет тарихы пәнi көркем әдебиеттiң даму процесiн қағамдық өмiрдiң нақты жағдайымен байланысты түрде зерттейдi. Ол әрбiр халықтың дамуындағы дәуiрлiк мәнi бар көркем туындыларды рухани байлық ретiнде қарастырады. Халықтың дамуындағы идеялық бағыт-бағдарларды, әдеби ағымдарды, шығармалардың өрнектiлiгiн танытатын құндылықты халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн өсу, даму өзгерiстерiмен байланысты таниды. ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиетiнiң де мақсаты мен мiндетi осылар.

3.2. Курс мазмұны.

   ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиетi дамуының мазмұнындағы реализм, романтизм тәрiздi көркемдiк әдiстердiң көрiнiстерi басты назарда болуы тиiс. Ауызша және жазба ақындық дәстүр табиғаты, жыраулық поэзия сiлемдерiнiң сақталуы. Ежелгi түркілiк, шығыстық жазба әдеби дәстүрлермен сабақтастық. Фольклордағы синкретизмнiң әншi-ақындар шығармашылығы арқылы жаңғыра көрiнуi. Жаңа реалистiк жазба әдебиет мазмұнындағы лирикалық, сатиралық өлең, поэма, проза(әңгiме, очерк, ғылыми-көсемсөздiк мақала) жанрларының, философиялық трактат, аудармалық және нәзиралық шығармалардың қалыптасуы, дамуы.

4. Курс пререквизитi (курсты оқып үйрену үшiн студент ненi бiлу керек).

Әдебиет тарихы-әдебиеттану ғылымының бiр саласы екендiгiн танытып, әдебиетiмiздiң кезеңдерiндегi ХIХ ғасырдағы жыраулар мен ақын-жазушылардың шығармашылығын талдап, олардың дәуір әдебиетiне қосқан үлестерiн жаңаша толғап, тұжырымдар жасауға әр ақын-жазушының өзiндiк өрнегiн, шеберлiгiн, қоғамдық ортадағы орнын таниды.

5. Курс постреквизитi (курсты меңгерген студент ненi бiлiп iске асыра алуы қажет)

ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиетi-ұлттық сөз өнерiнiң елеулi бiр кезеңi екендiгiн бiлiп, оны кейiнгi ақын-жазушылар шығармаларымен сабақтастыра алу.

ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында Ресей империясының отарлық езгiсiне қарсы Қазақстанда болған қарулы көтерiлiстердiң әдебиеттегi көрiнiсiн сипаттай алу.

ХIХ ғасырдың екiншi жартысындағы Ресей патшалығы отаршылығының күшеюiне, Хиуа, Қоқан хандықтарының басқыншылық соғыстарына қарсы халықтық көтерiлiстер туралы туған тарихи оқиғалардағы кейiпкерлердi талдай алу.

Жаңа реалистiк жазба әдебиет туғызған жанрлардың қалыптасуы мен даму жолдарын тарата айтып бере алу.

 

6. Сағаттардың кредитке және сабақ түріне қарай бөлінуі:

 

 

Семестр

Кредит

саны

Сабақ түрi

СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

 

 

Байланысу уақыты

Дәріс

Практ. сабақ

ОСӨЖ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

2

15

15

15

15

60

емтихан

 

 

 

 

     7. Пәннің мазмұны

7.1. Лекциялық сабақтардың К.Т.Ж.  (күнтізбелік-тақырыптық жоспары).

Лекциялық сабақтардың саны: 15 сағат

Тобы: ФИ 08-1К1,2

 

№

Мерзімі

Модуль мен дәріс сабақтар реті және тақырыбы

Дәрісті өту түрі

ОТҚ және студенттің түсіну қабілетін дамыту әдістері

Студенттің меңгерген білімі мен біліктілігі

1-модуль Дәстүрлі  ақындық  поэзия

1

21.01.10

Дулат Бабатайұлының (1802-1874) өмірбаян деректері. Шығармашылық мұрасы.

Зар Заман поэзиясы. Қазақ әдебиеті тарихындағы зар заман ағымы. Шортанбай Қанайұлының (1818-1881) әдеби мұрасы.

Талдау лекциясы

Зерттеу лекция

Қ.Өмірәлиев,

Р.Сыздықова пікірлерін танып білу.

«Қайран халқым» (2002) жинағы бойынша идеялық-мазмұндық талдау.

Дулаттың  туған  өскен  жері туралы  мәліметке  ие  болу. Патшалық  отарлау саясатын  Дулаттың  сынағанын  дәлелді  келтіру. Дулаттың  жерін, ата  мекенін  құрметтеу  әуендерінен  үлгі  алу.  Адамгершілік  ұғымын  жан-жақты  талдай  алу  және  оның  көрінісін  Дулат  поэзиясынан  табу.

Ағым, бағыт  туралы  түсінік  қалыптастыру.. Зар  заман – қай  дәуір? Әдебиеттегі  зар  заманның  көрінісі. Зертеу  еңбектерді  оқу, білу. Шортанбайдың  туып  өскен  жерлерінен  деректер  тізбелеу. «Зар  заман», «тар  заман  өлеңдерін» жатқа  айту. Отаршылдық, бодандық  туралы  түсінік  қалыптастыру.

2

28.01.10

Махамбет Өтемісұлы ұлт-азаттық көтеріліс күрескері. Бостандық жыршысы.

Лекция, диалог

Махамбеттің туғанына 200 ж. толуына байланысты шығарылған мақала, зерттеулерді қарастыру.

Ұлт-азаттық  көтеріліс  туралы  ұғым  қалыптасу. Бостандық  не  үшін  керек? Ұлт- азаттық  көтерілістерге  баға  бере  алу.

3

04.02.10

Шернияз Жарылғасұлының өмірбаян деректері. өлеңдерінің зерттелуі, жариялануы. Шығармаларының мән-мазмұны.

Талдау лекциясы

 

Махамбет  толғауларындағы өршіл  рух. Исатай  батыр  және  оның бейнесі.  Махамбеттің «Мені». Махамбет  өлеңдерінің   жанрлық  сипаты: саяси  үгіттік  лирика, тарихи  өлең. Арнаулар, Элегия. Жоқтау. Махамбеттанудың  қалыптасуы. Шығармаларының  басылымы.

4

11.02.10

Сүйінбай Аронұлының шығармашылық мұрасы. Бақтыбай, Түбек ақындар. Нұрым Жаршағұлұлы мен Қашаған Күржіманұлының әдеби мұралары.

 

Лекция

Сипаттама жасау

Шолу лекциясы

Талдау лекциясы

Дәстүрлі айтысты қазіргі айтыстармен салыстыру.

Зерттеу еңбектерді конспектілеу.

Сүйінбай  ақынның  туып  өскен  жерін  білу. Ақындық  мұрасынан  мәлімет  меңгеру. Айтыстарына  талдау  жасау. Арнауларындағы әлеуметтік  астарды  аңғару.

5

18.02.10

ХІХ ғасыр әдебиетіндегі Қоқан езгісіне қарсылық сарын. Мәделі Жүсіп Қожаұлы, Құлыншақ Кемелұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлының ақындық мұрасы.

Базар Оңдасұлы, Бұдабай Қабылұлы,

Шолу лекциясы

Дастан мен термелерді тақырыптық-идеялық мазмұнына талдау.

 «Ақиық» жинағын  оқып, ақын  шығармашылығын  топтастыру.

Майлықожа  туып  өскен  өңір Оңтүстік  екендігін  деректермен  дәлелдеу. Өлеңдерін  тақырыптарға  топтастыру.  Айтыстарының  мәнін  ашу.  Назирагөйлік  дәстүрі. Нәзиралық  шығармалары. Әдеби  мұрасын  зерттеген  ғалымлар, олардың  ақын  мұрасына  берген  бағасы.

Базар  жыраудың өмірі  туралы  мәліметтерді  меңгеру. Әдеби  мұрасын  қай  ғалымдардың  зерттеген  және  олардың  бағасы. Философиялық  толғауларының   мәнін  аша  білу. Дастандардағы  фольклорлық  сюжеттерді  ажырату.

6

25.021.0

Мұрат Мөңкеұлының ақындық мұрасы.

 

Интерактив әдіс

Мұрат ақын шығармашылығындағ ы романтика-лық, азамат-тық сарын-дардың қазақ әдебиеті тарихындағы маңызын ашып тастау.

Мұрат  ақынның  әдеби  мұрасының  негізгі  арналарын ажырату. Айтыстарына  мән  беру. Мұрат  дастандарындағы  атамекен  зары, жерден  айырылу  сарынын  сезіну. 

7

04.03.19

Әбубәкір Кердерінің (1861-1895) шығармашылық мұрасы.

Лекция, сипаттама  жасау

 

 Эссе  жазу.

1-модуль қорытындысы.

2-модуль. Өнер  тұтастығы  мазмұнындағы  ақындар  поэзиясы.

(Сал-серілер, әнші-ақындар)

8

11.03.110

ХІХ ғасырдағы сал-серілер. Ән-өлең. өнерпаздық, сыршылдық ағым

Зерттеу лекциясы

Монографиялық зерттеу еңбектерді талдап оқу.

 

9

18.03.10

Ақан сері Қорамсаұлының (1843-1913) лирикасы, ән-өлеңдері.

Біржан салдың өмірі. Шығармаларының зерттелуі, өлеңдері.

Талдау лекциясы

 

Ақанның  өмірі  туралы  деректерді  тізбелей  алу.  Лирикасын  тақырыптарға 

топтастыру. Ән-өлеңдеріндегі  әсемдікті  тану. Ақанның  жан  жарасының  себептерін  ашу.

10

25.03.10

Сара Тастанбекқызының (1878-1916) толғаулары.

Талдау лекциясы

Ақпаратт ық лекция

Өмірбаяндық материалда р көздерімен танысу.

   Сараның  өмірдерек

терін  есте  сақтау. Толғауларының  идеялық  мәні. Арнау  өлеңдерінің  сипаты. Көңіл-күй  сезім  жырларын  сезіну. «Тордағы  тоты», «Ақын», «Сара» жинақтарын  оқып, шығармашылығын  топтастыру. Біржанмен  айтысы  болған  ба, жоқ па  дегенді  қозғайтын-тұжырымдарға  сын  көзбен  қарау.

11

01.04.10

Әсет Найманбайұлының (1867-1923) айтысы, ән-өлеңдері, аудармалары.

Талдау лекциясы

Ақпаратт ық лекция

Әсет ақынның жинақтарын тақырыптық талдау.

Әсет  поэмаларының  идеялық  мәнін  ұғыну.  Ән-өлеңдерінің  табиғатын  түсіну

2-модуль қорытындысы.

3-модуль. Ағартушылық,  демократтық  мазмұндағы  релистік  жаңа  жазба  әдебиет.

12

08.04.10

ХІХ ғасырдағы жаңа жазба әдебиет

ХІХ ғасырдағы оқу-ағарту, баспа ісі. Оның әдебиеттің дамуына ықпалы. Ш. Уәлиханов – қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салушы. Шоқанның жолсапар, күнделік жазбалары. Хаттары. Шоқан жайлы зерттеулер.

Шолу Лекция Диалог

Марғұлан Ә. «Шоқан және Манас» монографиясы бойынша ғылыми тұжырым жасау. «Шоқан жүрген жерлерде» атты 24 сурет топтамасы бойынша әңгіме.

ХІХ  ғасырдың  ІІ  жартысындағы  қазақ  әдебиеті  тарихының  ерекшеліктері, өзгешеліктері,  мәселелерін  танып білу. Жаңа  жазба  әдебиеттің,  жаңа  жазба  әдеби  тілінің  қалыптасуына  көз  жеткізу. Дінге  көзқарас  туралы  мәліметке  ие  болу. Ш.Уәлихановтың  өмірі  мен  еңбектерін  жан-жақты  оқып, танып,  өз  өмірлеріне  өнеге  ету.

13

15.04.10

Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметі, әдеби мұрасы. « Қазақ хрестоматиясы» оқулығы. Ыбырай мұрасының зерттелуі.

Ақпараттық лекция. Топтау стратегиясы. Кластер.

Ламашев Ә. Ы. Алтынсарин  (Семинарий) А., 1995. кітабы бойынша хронологиялық іздендіру.

Ы.Алтынсаринның  өмірін,  еңбегін  үлгі  тұту. Ағартушылық  қызметін  өнеге  ету, әдеби  шығармашылық  мұрасынан  ғибрат  алу.

14

22.04.10

Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасының сақталу, басылым жайы. Абайтану ілімі. Ақын поэзиясының жанрлық қырлары. өлең құрылысы. Абайдың қара сөздері. Абайдағы дін, дүниетаным жайы.

Лекция диалог. Ақпараттық лекция.

Монографиялық еңбектерді негізге ала отырып, Абай шығармаларының екі томдығын зерделеу.

Абай  мұрасына  қатысты  қолжазбаларды  оқу, білу. Абай  ақындығы  туралы  тұжырымдарды  ой  елегінен  өткізу. Абайтанушы  ғалымдардың  еңбектерін  зерделеу. Абайдың  қара  сөздеріндегі  ойшылдықты   терең  сезіну.

15

29.04.10

Абайдың ақын шәкірттері. Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы, Көкбай Жанатайұлы, Әріп Тәңірбергеновтің өмірі. Шығармалары.

Шолу лекциясы

Мұқаметханов Қ. Абайдың ақын шәкірттері. 3 томдық. А., 1995 еңбекті талдап оқу.

Ақылбайдың  ақын  ретінде  қалыптасуындағы  әке  ұстаздығына  көз  жеткізу. Ақылбай  поэмаларының  тақырыптық, идеялық  мәнін  аша  білу.

Мағауияның  көңіл-күй  тақырыбындағы  лирикасынан  әсер  алу.  Көкбайдың  «Абай  ақындардың  ұстазы»  естелігінен  негізгі  ойды  табу.

 Әріп  Тәңірбергеновтың  адам  ғұмырын  сипаттауына  терең  ой  жіберу.

 

 

        7.2. ПС КТЖ (Практикалық сабақтардың күнтізбелік- тақырыптық жоспары)

        Практикалық сабақ саны: 15 сағат

 

№

Мерзімі

Модуль тақырыптары, реті және сабақтың тақырыбы

Реферат тапсырмаларының, жаттығ. және әдебиет.

әдістем.

нұсқау.

нөмірі

Практикалық сабақтың өткізілу түрі

Бағалау түрі

Студенттің меңгерген білімі мен біліктілігі

1-модуль

Патшалық отарлау саясатын әшкерелеген, халық көтерiлiсiнiң жыршысы болған және айтыскер ақындар

1

19.01.10

XIX ғасырдағы қазақ әдебиетi - ұлттық сөз өнерiнiң елеулi кезеңi.

XIX ғасырдағы қазақ әдебиетiндегi реализм, романтизм. Дулат Бабатайұлының өмiрiнен мәлiмет. Туған жердi, атамекендi құрметтеу әдетiндегi адамгершiлiк, еңбек тәрбиесi. «Еспембет» поэмасының тақырыбы, идеясы, кейiпкерлерi.

6,7,23,

1,2

Семинар сабақ

Конспект, СӨЖ

Дулаттың  туған  өскен  жері туралы  мәліметке  ие  болу. Патшалық  отарлау саясатын  Дулаттың  сынағанын  дәлелді  келтіру. Дулаттың  жерін, ата  мекенін  құрметтеу  әуендерінен  үлгі  алу.  Адамгершілік  ұғымын  жан-жақты  талдай  алу  және  оның  көрінісін  Дулат  поэзиясынан  табу.

Ағым, бағыт  туралы  түсінік  қалыптастыру.. Зар  заман – қай  дәуір? Әдебиеттегі  зар  заманның  көрінісі. Зертеу  еңбектерді  оқу, білу. Шортанбайдың  туып  өскен  жерлерінен  деректер  тізбелеу. «Зар  заман», «тар  заман  өлеңдерін» жатқа  айту. Отаршылдық, бодандық  туралы  түсінік  қалыптастыру.

 

2

26.01.10

Махамбет шығармаларының жариялануы, зерттелуi. Махамбет - қазақ әдебиетiндегi сыншыл, реалистiк, романтикалық толғаудың ақыны. Махамбет өлеңдерiнiң философиялық - дүниетанымдық тереңдiгi. Шығармаларында халық тұлғасы мен Исатай батыр бейнесi. Шернияздың толғау- термелерiндегi өмiрдiң қайшылықтары. Исатай, Махамбет көтерiлiсiне байланысты өлеңдерi

6,24,32

Пiкiр талас

Тест, сөзжұм-бақ шешу.

Ұлт-азаттық  көтеріліс  туралы  ұғым  қалыптасу. Бостандық  не  үшін  керек? Ұлт-азаттық  көтерілістерге  баға  бере  алу. Махамбет  толғауларындағы өршіл  рух. Исатай  батыр  және  оның бейнесі.  Махамбеттің «Мені». Махамбет  өлеңдерінің   жанрлық  сипаты: саяси  үгіттік  лирика, тарихи  өлең. Арнаулар, Элегия. Жоқтау. Махамбеттанудың  қалыптасуы. Шығармаларының  басылымы.

 

3

02.02.10

Майлықожа Сұлтанқожаұлы. Өмiрi туралы мәлiмет. Майлықожа – араб, парсы, ежелгi түркі классикалық әдебиетiмен, қазақтың фольклорымен, жыраулық поэзиясы-мен жете таныс, бiлiмдар ақын. Шығармаларының жанрлық түрлерi: толғау-термелер, арнау өлеңдер, мысал өлеңдер айтыстар. Арнау өлеңдерi. Шортанбайдың ежелгi түркілiк - мұсылмандық, сопылық әдебиет дәстүрi. Толғаулары мен айтыстары. Сүйінбайдың толғаулары, сын-сықақтары, айтыстары.

6,7,23,1,2

Дөңге-лек үстел. Салыс-тыру кластер

Ауызша баяндау, Пiкiр айту, оны нақты мысал-дармен дәлелдеу

Майлықожа  туып  өскен  өңір Оңтүстік  екендігін  деректермен  дәлелдеу. Өлеңдерін  тақырыптарға  топтастыру.  Айтыстарының  мәнін  ашу.  Назирагөйлік  дәстүрі. Нәзиралық  шығармалары. Әдеби  мұрасын  зерттеген  ғалымлар, олардың  ақын  мұрасына  берген  бағасы.

 

 

4

09.02.10

Әбубәкiр Кердерi Боранқұлұлы. Өмiрi, шығармашылығы. Ақынның толғау, термелерiндегi заман зары, отарлық езгiден азып-тозып бара жатқан қазақ елiнiң тағдыры туралы күйзелiс. Адам өмiрiнiң тарихы туралы философиялық толғау айтыстары. Базар жыраудың толғау, термелерiндегi тақырыптық-идеялық мазмұн. Мұрат толғауларындағы адамгершiлiк тәрбиесiне байланысты философиялық ойшылдық. «Қарасай - Қаси» дастаны.

6,7,23,1,2

Тартыс, айтыс, дәлелдеу т.с.с.

Поэтикалық талдау, сұрақ-жауап

Базар  жыраудың өмірі  туралы  мәліметтерді  меңгеру. Әдеби  мұрасын  қай  ғалымдардың  зерттеген  және  олардың  бағасы. Философиялық  толғауларының   мәнін  аша  білу. Дастандардағы  фольклорлық  сюжеттерді  ажырату.

 

2-модуль

Өнер тұтастығы мазмұнындағы ақындар поэзиясы (сал-серiлер, әншi ақындар)

5,6

16.02.10 23.02.10

Бiржан сал лирикаларының тақырыптық-идеялық мазмұны. Сара Тастанбекқызының әлеуметтiк, теңсiздiк, заман зары тақырыбындағы лирикалық өлеңдерi. Сегiз серiнiң өлеңдерi мен дастандарының тақырыптық идеялық мазмұны.

6,24

Сұхбат түрiндегi сұрақ-жауап. Пiкiрта-лас. Мәтiн-мен жұмыс.

Конс-пект, сөзжұм-бақ, СӨЖ

   Сараның  өмірдеректерін  есте  сақтау. Толғауларының  идеялық  мәні. Арнау  өлеңдерінің  сипаты. Көңіл-күй  сезім  жырларын  сезіну. «Тордағы  тоты», «Ақын», «Сара» жинақтарын  оқып, шығармашылығын  топтастыру. Біржанмен  айтысы  болған  ба, жоқ па  дегенді  қозғайтын-тұжырымдарға  сын  көзбен  қарау.

 

 

7,8

02.03.10   09.03.10

Әсет Найманбайұлы. Өмiрi, ақындық шығармашылыы шығармаларындағы өнер, сұлулық, асыл мiнез-құлық, еңбексүйгiштiк, халық бақыты үшiн еңбек ету. Айтыстары. Дастан-дары. Ақан серiнiң махаббат тақырыбындағы өлеңдерi. Азаматтық әуендi, сыншыл сарындағы өлеңдерiндегi заман қайшылықтары мен озбырлықты сынау.

6,24

Мәнер-леп оқу, жатқа оқу. Ән айту.

Бақылау жұмысы, реферат, сөзжұм-бақ

Әсет  поэмаларының  идеялық  мәнін  ұғыну.  Ән-өлеңдерінің  табиғатын  түсіну.

Ақанның  өмірі  туралы  деректерді  тізбелей  алу.  Лирикасын  тақырыптарға  топтастыру. Ән-өлеңдеріндегі  әсемдікті  тану. Ақанның  жан  жарасының  себептерін  ашу.

 

9,10

16.03.10  23.03.10

Шоқан Уәлиханов. Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектерiндегi мәселелер. Шоқанның «Манас» эпосына тұңғыш рет тарихи, әдеби талдаулар жасауы.

 

1,2,3,5,6

8,28,30

Семинар

Тест, реферат

Шоқан Уәлиханов өмірі мен шығармашылығын білу. Шоқан

ның фольк

лор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектерiндегi мәселелер. Шоқанның «Манас» эпосына тұңғыш рет тарихи, әдеби талдаулар жасауын білу.

 

 

11,

12

30.03.10

06.04.10

Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы. Ислам дiнiнiң қағидаларын түсiндiретiн оқу құралы: «Мұсылманшылық тұтқасы». Әңгiмелерi - ұстаздық тәлiм-тәрбие құралы. Халық әдебиетi мұраларын жинауы және оларды ұстаздық  жұмысына  пайдалануы

1,2,3,5,6

8,28,30

Семинар

Конс-пект, СӨЖ. Сөзжұм-бақ

Ы.Алтынсаринның  өмірін,  еңбегін  үлгі  тұту. Ағартушылық  қызметін  өнеге  ету, әдеби  шығармашылық  мұрасынан  ғибрат  алу.

 

13,

14

13.04.10 20.04.10

Абай Құнанбаев. Табиғат лирикасы. Қара сөздерi. Олардың тақырыптық, мазмұндық ерекшелiктерiне қарай түрлерi. Поэмаларының тақырыбы, идеялық мазмұны және кейiпкерлерi.

5,6,24,28

Мәнер-леп оқу, жатқа оқу. Дөңгелек үстел. Ой дода.

Шығар-машы-лық жұмыс

Абай  мұрасына  қатысты  қолжазбаларды  оқу, білу. Абай  ақындығы  туралы  тұжырымдарды  ой  елегінен  өткізу. Абайтанушы  ғалымдардың  еңбектерін  зерделеу. Абайдың  қара  сөздеріндегі  ойшылдықты   терең  сезіну.

 

15

27.04.10

Мағауия Абайұлы. Көңiл-күй тақырыбындағы лирикалық өлеңдерi. «Медғат-Қасым» - романтикалық поэма Поэманың кейiпкерлерi. «Еңлiк-Кебек», «Абылай» поэмалары

1,2,3,4,5,

6,8,9,10,4,

17,18,28,

6,7

Сұхбат түрiндегi сұрақ -жауап

Тест, әңгiме, пiкiрлесу

Ақылбайдың  ақын  ретінде  қалыптасуындағы  әке  ұстаздығына  көз  жеткізу. Ақылбай  поэмаларының  тақырыптық, идеялық  мәнін  аша  білу.

Мағауияның  көңіл-күй  тақырыбындағы  лирикасынан  әсер  алу. 

Әріп  Тәңірбергеновтың  адам  ғұмырын  сипаттауына  терең  ой  жіберу.

 

 

 

 

 

 

 7.4. СӨЖ бойынша берілетін тапсырмалар.

 

№

Модуль бойынша

СӨЖ –дің тақырыбы мен мазмұны

СӨЖ-ге тапсырмалар

Ұсынылған әдебиеттер

(№, беті)

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

1-модуль

ХІХ ғ. нәзира дәстүрі

Глоссари жазу

№2,221-228 б.б. №39,4-9 б.б.

№37,17-48 б.б. №15,11 б.

Ауызша білімін тексеру.

 

2

ХІХ ғасырдағы қисса-дастандардың түрлері. Шығу тегі.

Материалды ауызша хабарлау

№23,86-109 б.б.

№36, 3-14 б.б.

№37, 6-13 б.б.

52-76 б.б.

Конспект жасатып, оны тексеру.

 

3

ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық күрес батырлары жайлы тарихи жырлардың жанрлық сипаты, зерттелуі.

Оқу нақтылы жағдай

№38, 3-9 б.б.

28-132 б.б.

Өзіндік пікір, тұжырымын бақылау.

 

4

ХІХ ғасырдағы дәстүрлі айтыс өнері.

Тұсаукесер

№10,№21, 17-39б.б. 99-136 б.б.

Тақырыпты меңгеруде өзіндік пікірлеуін бағалау.

 

5

Айтыстың зерттелуі.

«Біржан-Сара айтысы»

Тақырып бойынша шолу

№1, 28-56 б.б. №10.№21, 118-136 б.б. №7, 719-740 б.б.

2 беттік қысқа әдеби шолу

 

6

Біржан Қожағұлұлы

ның өмірі, шығармашы

лығы.

Мәселені терең жазба қарастыру.

№40, 3-87 б.б.

Конспекті тексеру

 

7

2-модуль

Сал-серілік өнер табиғаты.

Жеке жоба жасау.

№4, 271-298б.б.

№6, 224-258 б.б.

№7, 516-582 б.б.

Зерттеушілік қабілетін бағалау.

 

8

Ақан серінің ән мұрасы

Іскерлік ойындар..

№7,762-791 б.б.

№17,47-68 б.б.

№41,3-149 б.б.

№43,№19, 318-345 б.б.

Әдебиетті өнермен байланыстыру қабілетін бағалау.

 

9

Жаяу Мұсаның өмірі, шығармашы

лық мұрасы.

Кейс жасау.

№33, 5-118 б.б.

Әдеби шығарманы талдай алу машығын бағалау.

 

10

Махамбет шығармаларының жанрлық сипаты

Эссе жазу

№7, 460-500 б.б.

№29, 5-114 б.б.

№28, 722-398б.б.

Ұсынылған тақырыпты ашып, мақсатты орындауын бағалау.

 

11

Қазақ әдебиетіндегі зар заман ағымы. Зар заман әдебиетінің зерттелуі.

Шортанбай Қанайұлы.

Топтық жоба жасау.

№1, 68-83 б.б.

№35, 97-162 б.б.

№47,17-132 б.б.

№22, 3-132 б.б.

Пікірталас өткізу.

 

12

Дулат Бабатайұлы.

Мұрат Мөңкеұлының шығармашы

лық мұрасы.

Тест, эссе жазу.

№7, 442-468 б.б.

№34, 5-72 б.б.

№22, 10-86 б.б.

№43, 12-116 б.б.

№47, 64-97 б.б.

Тест нәтижесін бағалау. Эссенің жазылу көркемдігі, құрылымы, әсерлілігін бағалау.

 

13

3-модуль

Ш. Уәлиханов-қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салушы.

Баяндамаларға пікір жазу.

№7, 813-836 б.б.

№45, 3-338 б.б.

№46, 3-156 б.б.

№48, 8-234 б.б.

Әр баяндамашының қамтыған мәселесі, оны ашып беру деңгейін бағалау.

 

14

Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі, әдеби мұрасы.

Топтық жоба

№7, 836-866 б.б.

№16, 8-193 б.б.

№5, 176-198 б.б.

№11, 10-106 б.б.

Дөңгелек үстел

 

15

Абайдың шығармашылық мұрасының басылымы, зерттелу жайы. Абайтану тарихы.

Тақырып бойынша шолу. Тест. Материалды ауызша баяндау.

№7,866-920 б.б.

№4, 16-243 б.б.

№8,9,12

№25,28-117 б.б.

№26,27.

Тақырыпты ашуға мерзімді материалдарды, монографиялық еңбектерді оқып, меңгеріп пайдаланғандығын бағалау. Тест жауаптарының көрсеткіші.

 

 

 Студенттiң өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыруға арналған әдiстемелiк нұсқаулар (оқушылар таңдауы).

 

СӨЖ - тақырыптарына немесе тарауларына:

  1. Тақырыпта немесе тарауында кездесетiн анықтамаларды айқындау, қысқаша (0,5 беттен аспайтын) эсса жазу.
  2. Тақырып бойынша әдебиеттерден, интернеттен алынған матералдар негiзiнде қысқаша түсiнiктеме жазу (1-2 бет).
  3. Глоссарий жазу - ұғымдар мен терминдер анықтамасын түсiндiрiп жазу.
  4. Презентация - таңдаған тақырыбы бойынша студенттiң өз ойын - пiкiрiн дүниетануын бiлдiруi және оны қорғауы. Презентация тақырыпты қалай айқындауы, ашуы, қызықтыруымен байланысты бағаланады (8-10 минут).
  5. Iскерлiк ойын - Болашақ мамандығына қажеттi дағдыларды қалыптастыру мақсатында келешек мамандығында атқаратын жұмыстарын ойын ретiнде белгiлi рольде, топта ойнау (алдын-ала дайындалу керек).
  6. Айқындап жағдайды үйрену  нақты жағдайларда қойылатын сұрақтарға өз ойынша жауап беру немесе жауаптарды өзiнше жобалау.
  7. Топтық жоба 4-5 студенттен құрал¬ан топтар, оқу материалы бойынша оқу жобаларын жасап, оларды қор¬айды. КТК (КВН) түрiнде өткiзуге болады.
  8. Жеке жоба маңызды және өте қызық ғылыми зерттеулер нәтижелерi, жетiстiктердi қамтитын баяндамалар бiлiм деңгейi жоғары студенттер ұсынысы бойынша тақырыпқа сәйкес жасалады.
  9. Тақырып бойынша өзiн-өзi тексеру сұрақтарына ауызша жауап беру (10-15 минут). Жауаптар тақырып қалай ашылғандығына  байланысты бағаланады.

10.        Жазба жұмыстары,  модуль   бойынша рейтинг бақылау сұрақтарына жазба түрде жауап жазу.

11.        Тесттер тақырып соңында студенттердiң бiлiм деңгейiн анықтау үшiн  5 минутта өткiзiлетiн тест сұрақтары.

12.        Рефераттар мен баяндамалар. Студент немесе студенттер  таңдауы бойынша пән тараулары тақырыптарын оқып үйренiп, талдау жасап, өзiнше қорытындысын шығару.

13.        Пiкiр студенттер бiр-бiрiнiң  рефераттарын талдау жасап, өз пiкiрлерiн жазуы.

14.        Мәселені  шешу әрбiр студент оқытушыдан  жеке  тапсырма  алады, оны жазба түрде тапсырады.

15.        Есептер құрастыру лекциялық  тақырыпқа есептер ойлап тауып оларды шығарып жазба түрде тапсыру.

 

Студенттердiң бiлiм деңгейiне байланысты тапсырмаларды жеңiлдету  немесе күрделi ету жоспарлану қажет. Мәселен, барлық студенттерге кейiстi талдау тапсырылса, дайындығы жоғары (1 немесе 2) студентке кейс жазуды тапсыруға болады.

Барлық СӨЖ тапсырмалары уақтылы тапсырылуы қажет:

уақытында тапсырылмаған тапсырмалар төмендетiп бағаланады (әрбiр тапсырмадан кешiккен күнiне 0,1 балл алып тастау).

 СӨЖ ұйымдастыру үшiн:

- СӨЖ тапсырмаларын семестр басында студентке беру;

- Ағымды және межелi бақылау түрлерiн дайындау;

- СӨЖ консультациясының уақытын белгiлеу.

 Студенттерден:

а) СӨЖ тапсырмасын уақытылы орындауды;

б) белгiленген уақытта тапсыруды;

в) СӨЖ-ге үлкен жауапкершiлiкпен қарауды талап ету қажет.

 СӨЖ-дi iске асыруға арналған  жоғарыда ұсыныстар мен интерактивтi әдiстердi қолдану  арқылы студенттердiң бiлiм деңгейiн  көтеруге болады. Интерактивтi әдiстер студенттiң:

-    Тыңдау және өзара қарым-қатынасын;

- Басқаша жанашырлық таныту, жанкүйерлiк қабiлетiн дамытуды;

-    Көзқарасын дамытуды және түсiнудi;

-    Белгiсiз сұрақтарға жауап тауып, белгiлi мәселелердi шешудi;

- Аналитикалық ойлау және өз ойын талқылауды  қалыптастырады.

 

8. Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі  әдебиеттер:

 

Қосымша әдебиеттер:

9. Баға қою саясаты

Принциптерi:

- Субъективтiк

- Ашықтығы

- Жоғары диференция

Қамтылуы:

9.1. Жұмыстарды бағалау ережесi:

§         Балл бiлiмдi бағалау графигiне сәйкес қойылады

§         1 балл практикалық сабақтарға белсендi қатысқан және сабақ жiбермеген студенттерге қосылады.

§         Сабаққа себепсіз қатыспаған және сол  сабақты өз мерзiмiнде тапсырмаған студенттерден жазалау балы алынады (келмеген 1 сағ. -1б.)

9.2. Емтихан бағалары:

Минимум – 20 балл

Максимум – 40 балл

Емтихан бағасы ағымдағы рейтинг негiзiнде қойылады.

9.3. Қорытынды баға:

50-74 балл - қанағаттанарлық

75-89 балл – жақсы

90-100 балл – өте жақсы

 

 

 

 

 

 9.4 Білімді бақылау кестесі:

 

Айлар

  қаңтар

 

        ақпан

          наурыз

Сәуір

мамыр

Күндер

18-3

25-30

1-6

 8-13

15-20

22-29

  1-8

    10-15

 17-22

 24-29

31-5

7-12

14-19  

21-26

 26-03

Апта саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Кіріспе бақылау (макс/мин)

2/1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лекции

(макс/мин)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Практикалық немесе семинар сабақ

(макс/мин)

 

2/1

2/1

2

/1

2/1

2/1

2/1

1/05

2/1

1/0,5

2/1

1,05

2/1

1/05

1/

0,5

СӨЖ

(макс/мин)

 

2/

1

 

2/

1

 

2/

1

 

2/1

 

2/1

 

2/

1

 

2/1

 

ОСӨЖ  (макс/мин)

 

 

3/1.5

 

3/1,5

 

2/1

 

3/1.5

 

3/1.5

 

3/1.5

 

 

Аралық тапсырма

(макс/мин)

 

 

 

 

 

 

3/1

 

 

 

 

 

 

 

2/1

Жалпы  балл

(макс/мин)

2/1

6/3

11/

5,5

15/

7,5

19/10

23/

12

30/

15

33/

16,5

38/

19

41/

20,5

46/23

49/

24,5

54/

27

57/

28,5

60/30

Қорытынды бақылау (макс/мин)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

40/20

 

100/

50

 

10. Курс саясаты

  1. Сабаққа кешiкпеу.
  2. Сабақ үстiнде сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефонды сөндіру, сабаққа қатысы жоқ iстермен айналыспау.
  3. Сабаққа iскерлiк киiм үлгiсiнде келу.
  4. Сабақтан себепсiз қалмау, ауырып қалған жағдайда анықтама алып келу.
  5. Қатыспаған сабақтар тақырыбын оқытушы ұсынған консультацияда қайта тапсыру қажет.
  6. Тапсырмалар орындалмаған жағдайда қорытынды балл төмендетiледi.
  7. Сабақтарға үзбей қатысу.
  8. Оқу процесiне белсендi қатысу.

9.            Үй тапсырмаларын ұқыпты орындау.

10.        Курстастары мен оқытушыларға адал, ашық, ұстамды,  сыйластық қарым-қатынаста болу.

11.        Сабақтарды тыңдап, тақырыпты талқылауда белсендiлiк таныту.

12.        Ұжыммен жұмыс жасауға дағдылану және ұяң студенттердiң пiкiрталасқа қатысуын қалыптастыруға атсалысу.

13.        Өз мойнына жүктелген тапсырмалар мен мiндеттердi дер кезiнде жауапкершiлiкпен ұқыпты орындау.

14.        Оқу бөлмелерiнде темекi тартпау.

15.        Сабаққа алкогольды iшiмдiктер iшiп келмеу.

 

11. Әдеп пен академиялық мiнез-құлық саясаты.

Академиялық мiнез-құлық  саясаты мен әдеп университеттiң iшкi ережесiне, студенттiң әдеп кодексiне негiзделген. Сонда:

- оқытушылармен, қызметкерлермен және жолдастарымен сыпайы қарым-қатынаста болу.

- университетте, институтта өткiзiлетiн тәрбиелік iс-шаралардың  бәріне қатысу.

- университет мәдениеттiлiгін, мінез-құлқын қолдау.

- ғимараттарда, аудиторияларда тазалық сақтау.