XIX ғасырдың
алғашқы жартысындағы тарихи жағдай және
дәстүрлі әдебиет
Жоспар:
1. Қазақ жерін
отарлау, меңгеру ісінің жандана түсуі.
2. Ішкі Орта
қазақтарының хан сұлтандары мен патша
әкімшілігіне қарсы күресі.
3. XIX ғасырдағы қазақ
әдебиетінің мазмұны мен идеялық жайы.
4. XIX ғасыр поэзиясын
ілгері дамытқан жанрлар.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Қоңыратбаев
Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994,
56-66-беттер.
2. Сүйіншәлиев Х.
Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1997, 435-442-беттер.
XIX ғасырдың алғашқы
жартысында қазақ даласын отарлау, түгел меңгеру
ісін Ресей патшалығы
бұрынғыдан жылдамдаиа түсті.
Қазақ
хандығы жайын аға сұлтандық әкімшілік
басқару тәртібін орнату жобаларыніске асыра бастады.
Бұрынғы атадан балаға ауысып келе жатқан хандық,
билік орнына сайланып қойылатын сұлтандар әкімшілігі
орнатылды.
XIX
ғасырдың алғашқы жартысында Ресей патшалығы
қазақ жерін түгел өз меншігі деп жариялап, оны
түгел игеру, меншіктеу шараларын іске асыруға кіріскен болатын.
Ел-жұрт жер қысымын көріп, елде халық пен хан-патша
арасында наразылық үдеді.
Патшаға,
хан-сұлтандарға қазақ даласының
қарсыласқан көтерілістер шықты.Ішкі Орда
қазақтарының күресі ашық айқасқа
айналды. 1836-1837 жылдар арасында әбден үдей түсті.
1837-38
жылдардағы Исатай – Махамбет бастаған жойқын жорықтар,
Кенесарының қазақтың хандық мемлекетін
сақтап, дербес тәуелсіздік ел болуын аңсап жасаған
ұлы жорықтары патшаға білдірілген наразылықтар еді.
XIX ғасырдың әдебиеті
өзінің мазмұны мен идеясы жағынан біраз ілгеріледі.
Бұл кез әдебиетінде дәуір көрінісі айқын
бейнеленді. Қазақ поэзиясы батыл істерді жақтауға түбегейлі көшті. Ақындар
арнау, айтыс, өлең формасын жиі қолданды. Осылардың
ішінде XIX ғасыр поэзиясын
кең өріске көтеріп, ілгері дамытқан жанрлары арнау,
толғау, айтыс түрлері.
Тексеру
сұрақтары:
1. XIX ғасырдың алғашқы
жартысында қазақ даласының тарихи жағдайы қандай
еді?
2.
Халықтың қозғалысы нені ағартады?
3.
Әдебиетте қандай
мазмұндық өзгеріс болды?
4.
Әдебиеттің жанрлық сипатын айт.
Тірек
ұғым:
Кенесары. Абылай ханның отыз
ұлы болған. Солардың ішіндегі кенжесі –
Қасым сұлтан. Кенесары Қасымның
бәйбішесінен туған ұл. Кенесары Қасымұлы –
Абылай ханның немересі.
ДУЛАТ
БАБАТАЙҰЛЫ
(1802-1874)
Тақырыптық жоспар::
1. Дулаттың өмірі мен
ақындық жолы.
2. Ақын
өлеңдерінің жариялануы.
3. Дулат шығармаларының зерттелуі.
4. Ел тәуелсізділігі
үшін күрес – ақын өлеңдерінің негізгі
мотиві.
5. «Еспембет» поэмасының
идеялық мазмұны және кейіпкерлері.
6. Арнау өлеңдері.
7. Дулат – қазақ
әдебиетінде алғаш мысал жазған ақын.
8. Қорытынды.
XIX ғасырдың көптеген
ақындары қазақтың тәуелділікке душар боп,
қоныс қысымына ұшырағанын күйіне жырлады.
Қолынан шығып кеткен мекендеріне іштері қазандай қайнап,
жоқтау айтып, зар жылады. Патша өкіметінің тырнағына
ілінген Сарыарқа, Еділ, Жайық, Есіл, Ертіс жер-суларының
шұрайлы бойларынан айрылу жалпы халықтың да,
ақындардың да шымбайына қатты батты. Солардың
бірі-Дулат Бабатайұлы.
Дулаттың
өмірі жөнінде деректер өте аз. Туған, өлген жылы
да әр түрлі аталып келеді. Бір еңбектерде ол 1802-1874 деп,
бір еңбектерде 1802-1871 деп алынып жүр. Біз лекцияда
ақынның творчествосы қай жылдардың жемісі,
қазақ өмірінде болған қандай тарихи
оқиғалардың жемісі, ақынның
өлеңдерінің танылуы, басты тақырыптары, ашқан
жаңалықтары жөнінде сөз етеміз.
1880 жылы
Қазан қаласында «Өсиет нама» дегн кітап жарық
көрді. Осы кітаптағы 800 жолдай мұра Дулат есімімен танылды.
С.Мұқанов
пен Қ.Бекхожиндер Дулаттың кейбір өлеңдері мен
өмірбаяны туралы деректі алғаш жариялағандардың
бірі болды (1939).
Қ.Жұмалиев
мектеп оқулығына Дулаттың өмірі мен кейбір
шығармаларын енгізді (1940-1941).
1957 жылдан
бастап Х.Сүйіншәлив осы салада зерттеулер жүргізіп келеді.
Талантты
ғалым Құлмат Өмірәлиев Дулат ақынға
берілген сыңаржақ пікірді дұрыстап, ақынның
шығармашылығын зерттеуді тереңдетті. («Қазақ
поэзиясының жанры мен стилі» (1983), Дулат Бабатайұлы. Замана сазы
(1991).
Дулат
Бабатайұлы әдебиетке, соның ішінде поэзияға
қоғамдық сипат берген ақын. Поэзияны өнер,
құрал деп танып, оны айта білген ақын.
Туған
өлкесін, оның сұлу табиғатын сүйіп
ардақтаған Дулат өзін соны қызғыштай
қорыған құсына теңейді. Оны біз
ақынның «Бірінші сөз» өлеңінен анық
байқаймыз.
«Ата
қоныс Арқада» өлеңінде елі үшін, туған жері
үшін жанын пида еткен ерлердің аянышты қазасын көз
алдыңызға келтіреді. «Әуелі қазақ деген
жұрт» өлеңі алғашқы өлеңмен
тақырыптас. Туу кезеңі 40-жылдар. Елдің қоныстан,
жерінен қысым көргенін бүкпесіз жырлайды ақын.
«Ақтан
жас» өлеңінде Дулат елді біріктіретін жас батырды армандайды. «О,
Сарыарқа, Сарыарқа», «Тауды екі жарасың» өлеңдері
туған жердің сұлу табиғатына арналған.
Дулаттың
елім деп, жерім деп, халқым деп соққан жүрегі ел
қорғаны боларлық ердің батырлық
тұлғасын жасаған поэма жазуға түрткі болды. Онысы
– «Еспембет» поэмасы.
Академик
Қ.Жұмалиевтің айтуынша, поэманың идеялық
мазмұны екі-ақ жолға сыыйғызылған:
Еспембеттей
ер қайда?
Ер
күтетін ел қайда? -
деген тармақтары
Дулаттың ел, ер туралы айтары жатқандығын көрсетеді.
Дастанның
бас қаһарманы – жетім бала Еспембет. Нағашысының
қолында тәрбиеленіп, ер жетіп, ел қорғаны болады. Ол
ерлік қимылдар үстінде танылады. Елінің жауын жеңуді,
дұшпанын мұқатуды армандайды. Дулат Еспембет ерлігін
кейінгілерге үлгі етеді.
Дулат
қазақ әдебиетінде мысал жазғандардың
алғашқысы «Бір патшаның бір кезде» деп басталатын аңыз мысал өлеңінің
тақырыбы – дүниеқоңыздық,
баққұмарлық. Дүниені қуа берсең,
түбіңе жетеді деген қорытынды шығарады.
«Шымшық
пен бөдене» мысал өлеңінде кішіпейіл, адал болтдеп насихат
айтады Дулат. «Сары шымшықта» мақтанудан аулақ болуды
меңзейді. «Шаштараз» деп аталатын мысал стилінде жазылған
шығармасы сыр сақтай білу, сырға берік мінезді адам бойына
қалыптастыруға тәрбиелейді.
Бақылау сұрақтары:
1. Дулаттың
алғашқы жарияланған шығармасы қайсы?
2. Дулат
шығармашылығын зерттеген ғалымдарды атап айт.
3. Туған жер
табиғатын қалай суреттеді?
4. «Еспембет» поэмасынан қандай әсер алдың?
5. Арнау
өлеңдерінің мәні неде?
6. Мысал
өлеңдерінің тәрбиелік мәнін айтып бер.
Тірек ұғымдар:
Арнау өлең – белгілі бір адамның
бейнесін, мінез-сипатын суреттеу мақсатымен жазылған
поэзиялық туынды.
Мысал – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап
жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін, сюжеттер,
шағын көлемді көркем шығарма.
Әдебиеттер:
1. Сүйіншәлиев Х.
Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1997, 442-468-беттер.
2. Дулат Бабатайұлы. Замана
сазы. Алматы, 1991.
3. Сыздықова Р. Дулатты
танып болдық па? «Қазақ әдебиеті» газеті №52, 25-желтоқсан, 1992.
4. Өмірәлие Қ.
Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. Алматы, 1983.
5. Тебегенов Т. Әдебиет
тарихы. Алматы, 1999.
6. Әдебиеттану
терминдерінің сөздігі. Алматы, 1998.
МАХАМБЕТ
ӨТЕМІСҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН АҚЫНДЫҚ
ҚЫЗМЕТІ
Тақырыптық жоспар::
1. Махамбеттің өмірі
туралы мәлімет.
2. Махамбет – шаруалар
көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, оның жалынды
үгітшісі.
3. Махамбет
өлеңдерінің халықтығы.
4. Өлеңдеріне
тән ерлік күрес идеясы.
5. Исатайды жырлауы.
6. Ақын
өлеңдерінің көркемдік сипаты.
Әдебиеттер:
1. Қоңыратбаев
Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994,
66-87-беттер.
2. Сүйіншәлиев Х.
Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1997, 468-500-беттер.
3. Қазақтар. Тарихи
тұлғалар. II том, Алматы, 1998, 102-103-беттер.
4. Махамбет. Ереуіл атқа ер
салмай. Алматы, 1998.
5. XIX ғасырдағы
қазақ ақындары. Алматы, 1988.
6. Сүйіншәлиев Х. XIX
ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.
7. Жұмалиев Қ.
XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы,
1967.
8. Бес ғасыр жырлайды. Т.
1. Алматы, 1989.
1803 жылы
Қазіргі Атырау мен Батыс Қазақстан облстарына қарасты Нарын құмында
дүниеге келген. Махамбет халық қозғалысы тұсында
өсіп, күрес-тартысқа шынығып, әдебиет майданына
келген өршіл идеяның алып күшті, өрен ақыны.
XIX
ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихында
Махамбет пен Абай шығармашылығы өзінше бөлек
үлкен бір бел саналады. Махамбет – жауынгер күрескер ақын.
Махамбет –
суырып салма төкпе ақын. Оның кейбір
өлеңдерінің ауыз әдебиеті шеңберінен
жоғары, жазба әдебиетке бір табан
жақын тұрғандығын көреміз. Махамбет
өлеңдері баспа бетін кейінірек көрген. 1908 жылы
Қазанда басылып шыққан «Мұрат ақынның
Ғұмар қажыға айтқаны» деген жинақта
Махамбеттің жүз жолдан астам екі толғауы жарияланған.
Махамбеттің
заман шындығынан бірден-бір дұрыс қорытынды жасай білген
реалист ақын болған. Ақын тәуелсіз отар елдің шын
сырын батыл да анық ашып берген. «Соғыс» өлеңінде Бекетай
құмына ту тіккен көтерілісшілердің дүбірлі
жорықтарын жырлаған. «Баймағамбет сұлтанға» деген
толғауында өзінің шын сыры реалистікпен суреттеледі.
«Мінкен ер»,
«Тарланым», «Тайманның ұлы Исатай», «Біз неткен ер», «Ұл
туса», «Туған ұлдан не пайда», «Исатай деген ағам бар»,
«Еңселіге екі елі», «арғымақтың баласы», т.б.
өлеңдерінде ақын
Исатайдың ерлік тұлғасын бейнелеп, халықтың
қаһармандығын толық таныта алады.
«Мұнар
күн», «Күн болған» өлеңдерінде шыншылдық
пен оптимизм қатар жүретіндігін байқаймыз. «Пыр-пыр
ұшқан
қасқалдақ» немесе «Аспандағы бозторғай» өлеңдерінде
ел қайғысы, арманы зарлана
толғанады. «Ұлы арман», «Әрайна», «Мұңайма»,
«Нрын» өлеңдерінде көтеріліс туын қайта көтеріп,
жаудан кек алуды алға қояды.
Ақының
«Жалған дүние», «Шашылу», «Қайда бар», «Қаршыға
деген бір құс бар», «Тілек», «Жалғыздық», «Тар қамау», «Адыра қалған
Нарында», «Шегініс» өлеңдерінде өзінің өксігі,
кейбір күйректігі бейнеленеді. Солай болса да, бұлар
шығармаларының реалистик сипатын әлсірете алмайды.
Ақынның
Исатайды суреттеген толғауларында неше алуан теңеу, эпитет,
метафоралар қолданылған («Мұнар күн», «Тайманның
ұлы Исатай», «Тарланым», «Мінкен ер», «Ей, Махамбет жолдасым»).
Махамбет
өлеңдерінің ұқсас ерекшеліктері.
Ақынның өлеңдері өзіндік әуен-сарыны бар
ырғақты да екпінді өлеңдер.
Ақын
өзінің біра өлеңдерін арнау түрінде жазған.
Батырға, ханға, ел-жұртқа, өзіне арнай,
қарата, сұрау қоя сөйлейтіндігі («Қайда бар»,
«Жалған дүние», «Әр айна», «Күн қайда»)
байқалады.
Махамбет
поэзиясы XIX ғасыр әдебиеті қорына өзіндік жаңа леп пен тың идея
қосқан жаңашыл өлеңдер.
Бақылау сұрақтар:
1. Махамбеттің туған,
өскен ортасы туралы мәлімет айтып бер.
2. Шаруалар
көтерілісінің басшысы кім, Махамбет ше?
3. Махамбет өлеңдерінің
халықтығы дегенде нені түсінесің?
4. исатайдың бейнесін
жасаған өлеңдеріне сипаттама жаса.
5. Махамбет
өлеңдерінің көркемділігіне талдау жаса.
Әдебиеттер:
9. Қоңыратбаев
Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994,
66-87-беттер.
10. Сүйіншәлиев Х.
Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1997, 468-500-беттер.
11. Қазақтар. Тарихи
тұлғалар. II том, Алматы, 1998, 102-103-беттер.
12. Махамбет. Ереуіл атқа ер
салмай. Алматы, 1998.
13. XIX ғасырдағы
қазақ ақындары. Алматы, 1988.
14. Сүйіншәлиев Х. XIX
ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.
15. Жұмалиев Қ.
XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы,
1967.
16. Бес ғасыр жырлайды. Т.
1. Алматы, 1989.
ШЕРНИЯЗ ЖАРЫЛҒАСЫНҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ
МЕН АҚЫНДЫҒЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ
(1807-1867)
Тақырыптық жоспар:
1. Өмірі туралы
қысқаша мәлімет.
2. Исатай бастаған
көтеріліске қатысуы.
3. Шернияз
өлеңдерінің жарық көруі.
4. Исатайға
сүйіспеншілігі.
5. Шернияз – сыншыл, турашыл
ақын.
1. .
Шернияз
Ақтөбе облысы, ойыл ауданы, Жарыпшыққан бойындағы
кете елінен шыққан. 1836 жылы Шернияз Бөкей хандығына
келіп, Исатайға жолығады да, көп ұзамай оның
ең жақын достарының бірі болып алады. Шернияз жас
шағынан ел өмірін, халық тұрмысын жақсы біліп, олардың
мұң-мұқтажын жете түсінген.
Шернияздың
көтеріліс кезіндегі Махамбет рухында өлеңдер шығарып,
халықты ханға қарсы күреске үндейді. Өзі
көтерілісте ерлік көрсетіп, Исатайдың үлгілі
сарбаздарының бірі болады.
Көтеріліс
күшпен басталғаннан кейін Шернияздың Махамбетпен бірге
Жайықың Шығыс бетіне өтіп, ел аралап үгіт
жүргізеді, Махамбетке еріп, Хиуаға да барады. Олар
көтерілісті қайта бастай алмайды, қайта қуғын
азабын тартады.
Баймағамбеттің
ел кезген жендеттері Шернияздың соңынан түскен соң,
ұсталатындығына көзі жеткен ақынның ханға
өзі келеді. Шернияз Исатайдан, Махамбеттен бір сәт қол үзбейді.
Болашақ
ақын Абылдың батасын алады. Шернияздың табан асты сөз
айтуға, адамға мін таққыш өткір тілді,
жүйрік ақын болғандығына өлеңдері
куә. Шернияз айтыпты дейтін сөздер, толғаулар,
термелердің жиі кездесетіндігін көреміз. Солардың бірі
«Шернияз батасы» деп аталады. Мұнда үйіне түсірмеген бір
сараң молданы әжуа етеді.
Осы
өлеңге сабақтас «Нағашысына айтқан әзіл»,
«Дүниедегі астың тәттісі» сияқты ауыл арасы, дастархан
үсті тақырыптарына арналған өлеңдері де көп
болған.
Шернияз аты
үш жүзге мәлім. Оны әр облыс ақындары
сүйсіне жырлайды. Көкшетауда Алыш, Жетісуда Сүйінбай мен
Омарбек, Балқашта Шашубай күні кешеге дейін Шернияз
өлеңдерін жырлап келген.
Шернияздың
өлеңдері, Баймағамбет сұлтанмен кездескендегі жыры 1925
жылы Москвада жеке кітап болып шыққан. Ташкент қаласында
«Әдебиеттерме» деген жинағын І.Жансүгіровтің
шығарды. 1938 жылы С.Мұқанов пен Қ.Бекхожин орта
мектептер үшін жазған хрестоматияларына Шернияз өлеңдерін енгізеді.
С.Мұқановтың шығармашылығына
тұңғыш талдау жасап мәліметтер берді.
Проф.
Қ.Жұмалиев 1957 жылы орта
мектепке жазған оқулықтары мен мақалаларына Шернияз
шығармашылығын сөз етеді. Әдебиетші Б.Аманшин 1977 жылы
Шернияздың жерленген жерін тауып, құлпытастағы
жазылған деректі жариялау, «Жұлдыз» журналында Шернияздың
«Әсен мен Қазы биге», «Терме» атты толғаулары ақын
жөніндегі түсінігімізді молайта түсті.
Исатай
оққа ұшатын соғыста қасында болған
Шернияздың көтеріліс батырының өлімін ұзақ
толғап, қайғыра жырлап жүргендігі мәлім.
Шернияздың Исатай бейнесін үнемі Баймағамбетке
қарама-қарсы қоя суреттейді.
Ақын
қандай ауыр жағдайға кезіксе де Исатайдан айнымайды. Оны хан
алдында тұрып та дәрәптейді. Исатайды ол әрі батыр,
әрі әділ қазы, әрі ел қамқоры,
қайырымды, адал етіп көрсетеді.
Шернияз
бойынан бір сыншылдықты, турашылдықты танимыз. Баймағамбеттің
өз тілегі бойынша жамандауға кіріскен Шернияз ешбір бүкпесіз
сөйлеп, сұлтанның жауыздық сырын, зұлымдық
бейнесін ашады. Шашубай ақынның айтуыша, Шернияздың Баймағамбетті
жамандаған сөздері күшті, күйінішке,
халықтың ызасына толы.
Ақынның
термелерінің де мәні зор. Оларда Шернияздың өмір туралы
түсінігі, өзгермелі дүние құбылыстары сөз
болады.
Шернияз
Махамбеттей тапжылмас ер ақын дәрежесінде тұрып қалмай,
кейбір ауытқуларға, жалтара сөйлеуге
(Баймағамбеттің қызын, әйелін мақтауы) душар
болвды. Сөйтсе де ақын поэзиясы реалистік сарыннан ауықымай,
халықтың мұңын жақтады.
Бақылау сұрақтары:
1. Шернияз Исатай бастаған
көтеріліске қандай мақсатпен қосылды?
2. Шернияз
шығармашылығын зерттегендерден кімдерді білесің?
3. Исатайға қатынасы
қандай болды?
Әдебиеттер:
2. Сүйіншәлиев Х.
Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1997, 500-516-беттер.
3. Қазақтар. Тарихи
тұлғалар. 105-106-беттер.
СҮЙІНБАЙ АРОНҰЛЫНЫҢ
ӨМІРІ МЕН АҚЫНДЫҒЫ
(1815-1898)
Тақырыптық жоспар::
1. Сүйінбайдың
өміпі мен ақындық қызметі туралы мәлімет.
2. Оның айтыстары.
3. Ақынның жеке
өлеңдері.
4. Халық батырлары туралы
шығарған жырлары.
5. Ұстаз ата6нуы.
6. Ақын
өлеңдерінің көркем тілге бай екендігі.
беттер.
Сүйінбай
Аронұлы белгілі қазақ ақындарының бірі. Ол 1822
жылы шілде айында Алматы облысы, Жамбыл ауданы Майтөбе жайллауында
дүниеге келген. Ол кедей отбасынан шыққан. Сондықтан да
балалық шағы жоқтық азабында өтеді. Шешесі ерте
дүниеден өтеді.
Болашақ
талант иесі өз бетімен ізденеді. Оңтүстік Шығыс,
Орталық Қазақстан жерін түгел аралайды. Өзіне
тұстас Майлықожа, Майкөт, Қаңтарбай, Тезекбай,
Бақтыбай, Қатаған сияқтылармен кездескен, кейбірімен
айтысқан.
Жетісу
елінің ақындары Сүйінбайды ұстаз санаған.
Заманымыздың алып ақыны Жамбыл оны ұстаз тұтып,
өнерін жетілдірген. Басқа ақындар да Сүйінбайды
өздеріне ұстаз тұтып, оның таланты алдында бас иген.
Сүйінбай қайтыс болғанда Үмбетәлі және бір
топ ақын жоқтау өлеңдерін шығарған.
Ақынның
қолда бар шығармаларын негізгі үш салаға
жатқызуға болады. Олар: толғаулар, арнаулар, айтыстар.
Бірінші
саласына ақының жиырма шақты толғау жырлары жатады.
Бұларда қазақ батырларының ерліктерін жырлау,
өмір сырлары, дүние әлем, бақ дәулет, талап
талғам өзгерістерін толғау.
Ақын
ерлік, жауға мейірімсіздікті әр тұста жырлап, жастарды
батырлар үлгісінде тәрбиелейді.
Ақын
адам өмірінің әрбір кезеңдерін көрегендікпен
бейнелейді.
Сүйінбайдың
айтыстары мен арнау өлеңдерінде де сын, сықақ ретінде
келетін мысқыл басым.
Бақылау
сұрақтары:
1.
Сүйімбайдың өмірі туралы мәлімет айтып бер.
2.
Оның кімдермен айтысын білесің?
3. Адам
өмірін қалай суреттеген?
4.
Сүйінбай айтыстарында кімдерді өзіне тірек етті?
5.
Сүйінбайды кімдер ұстаз санады?
6.
Сүйінбай өлеңдерінің көркемдігі туралы не айта
аласың?
Тірек ұғымдар:
Сықақ –
(латынша satira -
әр түрлі, көбінше өткір сықақ түрінде
өлеңдер тобы деген мағынада қолданылған) –
қоғамдық өмірдегі қайшылықты,
әділетсіздік пен озбырлық секілді жиіркенішті мінез
құлықтарды өткір сынға алып, шенейтін ащы мысқыл,
кекесінге толы шығарма.
Әдебиеттер:
1.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы.
Алматы, 1997, 575-598-беттер.
2.
Сүйінбай Аронұлы. Алматы, 1990.
3.
Қазақтар. Тарихи тұлғалар. Алматы, 1998,
103-104-беттер.
4.
Исмайылов Е. Ақындар. Алматы, 1956.
5.
Сүйіншәлиев Х. XIX ғасыр әдебиеі. Алматы, 1992.
6. XIX
ғасырдағы қазақ ақындары. Алматы, 1988.
7.
Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары.
Алматы, 2001.
8. Бес ғасыр
жырлайды. I том, 1989, 312-322-беттер
МАЙЛЫҚОЖА
СҰЛТАНҚОЖАҰЛЫ
Тақырыптық жоспар::
1.
Өмірі мен ақындығы туралы мәлімет.
2.
Майлықожаның айтыстары.
3.
Ертерек баспа бетін көрген толғаулары.
4.
Өлеңдеріндегі ерлік пен еңбек.
5. Майлы
шығармаларындағы дидактика, нақыл.
Қазіргі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм
жерінде туып өскен. Қожа деген атағы болғанмен
Құлыншақ та, Майлы да Қоңыраттан өрбиді.
Майлы
әуелі үйде, әжесінің үйретуімен сауатын ашып,
кейін өз бетімен көп ізденіп, заманына сай білімді адам
дәрежесіне жеткен.
Майлы 14
жасқа толғанда әке, шеше бірдей өліп, жеті жасар Есехан
деген інісі екеуі жетім қалады.
Ақынның
өз сөздеріне қарағанда, ол 20 жас шамасында сөзге
араласып, өлең өнеріне беріле бастаған.
Бұқар,
Самарқант, Ташкент сияқты қалаларда болып, оқыды,
тынымсыз ізденді.
Майлы
Шығыс әдебиетімен танысып қана қоймай, оны
қазақ тіліне аудару әрекетін де істеген. Діни қиссалар
сюжетіне дастан жазумен де айналысқан. «Зарқұм»
үлгісінде «Абдолла бала» жырын шығарған. «Тотынаманы»
өзінше, қысқаша толғаған.
Майлықожаның
кейбір толғаулары баспа бетін ерте көрген. 1883 жылы Ташкент
қаласында басылған. «Қырғыз хрестоматиясы» атты
жинақта Майлықожаның бірнеше ұзақ
толғаулары басылады. Олар: «Райымқұлға»,
«Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт» деп
аталады. Райымқұлдай мансапқорларды қатты
сынаған.
«Ноғай
мырзаға» деген ұзақ толғауында оны адал болуға,
адамгершілікке шақырады.
«Қасқыр»
атты өлеңінде ақын өзі тойса да, көзі тоймайтын
қасқыр мінезді жыртқыштар тобын сынайды.
Майлықожаның
қалдырған мол мұрасын жанры мен мазмұнына қарай
төрт тақырыпқа жіктеуге болады. Олар: ғибрат, нақылдар («Жолдас болсаң
жақсымен», «Жақсы адам қартайса», «ұлақ
салғын, халайық»), арнау өлеңдер
(«Тұрлыбекке», «Ахмет төреге», т.б.), дастандары мен мысалдары
(«Шора батыр», «Қасқыр», «Тотынама», «Аңқау мырза») (Қазақтар. Тарихи
тұлғалар. II том. Алматы, 1998, 119-бет).
Әсілхан
Оспанов Майлы шығармаларын көптен жинап, зерттеп жүрген адам.
«Нақлият» деп аталған жинақ 1993 жылы жарық
көрді. Зерттеуші ақын шығармаларының негізгі сипаты
дидактика, нақыл сөз екенін дұрыс көрсеткен.
Майлының
кейбір өлеңдері мысалға ұқсайды. Ол Мәделі
дәстүрінде адам әрекетінен хауанат әрекетіне балап
бейнелеген. «Бұлбұл», «Қасқыр», «Үш жігіт», «Тотықұс»
- осындай шығармалар.
Майлы
шығармалары - өлеңге қойылатын биік талаптарға
жауап беретіндей әрі мәнді, әрі сәнді жырлар.
Майлы
табиғат жырларын поэзияда алғаш жырлаушылардың бірі.
Табиғаттың әрбір кезеңін адам өмірінің
кезеңдеріне ұштастыра жырлаған. «Жылдың төрт
мезгілі» атты арнайы жыры да бар.
Бақылау сұрақтары:
1.
Майлықожаның туған жері, өскенортасы қай жер?
2.
Майлықожа кімдермен айтысқа түскен?
3. Ертерк
баспа бетін көрген
толғаулары қайсылар, олар қай еңбекте
жарық көрді?
4.
Қандай батырларды және не үшін дәріптейді?
5. Майлы
шығармаларының негізі дидактика, нақыл деп кім пікір
білдірген?
Әдебиеттер:
1. Сүйіншәлиев Х.
Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1997, 645-670-беттер.
2. Майлықожа.
Нақылият. Шымкент, 1993.
3. Қазақтар. Тарихи
тұлғалар. II том.
Алматы, 1998, 118-119-беттер.
4.
Сүйіншәлиев Х. XIX ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.
5. XIX
ғасырдағы қазақ ақындары. Алматы, 1988.
6.
Исмайлов Е. Ақындар. 1956.
7.
Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. Алматы, 1973.
БАЗАР ЖЫРАУ
ОҢДАСҰЛЫ
Тақырыптық жоспар::
1.
Өмірі мен ақындық қайнар бұлағы.
2.
Шығармаларының әлеуметтік мәні.
3.
Адамгершілік, әділеттік, өмір туралы ой пікірлер
қозғаған толғаулары.
4. Ерлік,
батырлықты дәріптеген өлеңдері.
5. Арнау
өлеңдері.
6.
Дастандары.
Базар
қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданының
6-ауылында туып өскен. Оның жастық шағы жетімдікте,
жоқшылықта өтеді. Сыр бойында туып, өсе келе Науаи
облысы, Тамды ауданында болған. Бейіті сондағы Жалпақтау
деген жерде.
Базардың
ата-тегі кіші жүздің Шөмекей тайпасы, Балқы руы.
Шөмекейден
Базғыл, Базғылдан Қайқы туады.
Қайқының Балқия деген әйелінен үш бала:
Қадыр, Темір, Болат туады. Осы үшеуінен тараған
ұрпақтарының бірі Балқия шешенің атымен
Балқы аталып, Шөмекейдің Балқы руы қалыптасады.
Ақын болып халыққа танылғаннан соң, өз руының
атымен Балқы Базар атанып кеткен.
Өткен
ғасырдың екінші жартысы мен үстіміздегі ғасырдың
басында Сыр бойындағы жасаған Дүр Оңғар,
Қарасақал Ерімбет, Кенже Жүсіп, Шараяқтың Омары,
Тұрмағамбет сияқты ақын-жыраулар Базарды ұстаз
тұтқан. Жүзден озған өрен-жүйрік
жыраулардың жүйрігі деп бағалаған.
Белгілі
Құлназар ақын:
Таласып
онан ешкім асалмайды.
Тең
келмес бүгінгі адам Базекеңе
Болмаса
Жиренше мен Асан қайғы -
десе,
Тұрмағамбет:
Балқы
базар білгенге,
Атақты
әйдік астана.
Жұмыла
жанды жиып ап
Жырласа бітпес
күн-түні, деп жыраулардың жолдауын өлең
сөздің сарқылмас қорына балайды. Базардың
асқақ дарынды айтулы ақын екенін байқаған
С.Сейфуллин Бұқарды даудан кейінгі сыйлы қазақтың
ірі жырауы – Базар жырау деп жоғары бағалаған. Базар
өлеңдері кеңсе дәуірінде ғана жинала
бастаған. Ақын мұраларына алғаш назар
аударғандар: Ғ.Диваев, С.Сейфуллин, Ә.Марғұлан
болды. 1925 жылы Ташкентте шыққан «Терме» атты жинақта
жыраудың бір шоқты өлеңдері тұңғыш
басылды.
Базар
өлеңдерінің таңдаулы үлгілері 1962 жылы XVIII-XIX ғасырлар
ақындарының шығармалары мен «Үш ғасыр
жырлайды» жинақтарына да енді.
Соңғы жинақта жыраудың 800 жолдай термелері мен
толғаулары жарияланды. Ал кейінгі жылдары орыс тілінде жазылған
«Поэти Казахстана» (Ленинград 1978 ж.) антологиясында Базар көрнекті
ақындар қатарында аталса, 1984 жылы шыққан «Бес
ғасыр жырлайды» кітабына бір топ шығармалары енгізілді.
Сондай-ақ Ғылым баспасынан шыққан XIX ғасырдағы қазақ
жинағына да Базар өлеңдері енгізілді. Ал Базар творчествосын
зерттеген алғашқы буын ғалымдардан соң бұл салада
белгілі әдебиет зерттеушілері Е.Исмайлов,
Х.Сүйіншәлиевтердің еңбегі орасан.
Базар
өлеңдері алуан салалы. «Халық үшін туған
қайратты ер», «Жігіттік», «Жиырма бес», «Назекеңе»,
«Ғашық жарым», «Дүние» т.б. өлеңдерінің
мәні ерекше.
Ақын
атаулы соқпай өткен атақты «Жиырма бес» туралы Базар да
өзінше толғайды. «Жігіттік» деген өлеңінде ақын
шастық шақты табиғаттың долы күшіне қара
дауыл, нөсер жауынға ұқсата жырлайды. Елінің
керегіне жарар азамат болуды әрбір жігітпін деген жастардан күтеді.
Жырау
атағы әйгілі батырларды ардақтап жыр толғайды.
Базардың кейбір арнаулары өзінің жеке адамдарға деген
көңі күйін танытады. «Сүйген жарыма», «Нарманға»,
«Бақа биге» толғаулары осындай арнау өлеңдер.
Базардың
әлеуметтік мәселелерді көтерген «Әр кемелге – бір
зауал», «Сұм дүние» сияқты философиялық
толғауларында «алғыр қыран», «қамал бұзар батыр,
жел жетпес жүйрік, күн тимес сұлу» бәрі де
үниеден өтеді. Оларға бақ, дәулет, дүние
ара тұра алмайтындығын көрсетеді.
Ақынның
жеке адамдарға арнап айтқан өлең-толғаулары
көлем жағынан мол, көркемдігі күшті. Оған:
«Қаражанға», «Көнек Жалғасбайдың ел
жұртымен бақылдасуы», «Бақаға» және «Қалжан
ахунған» сияқты толғаулары жатады. «Маутанға», «Назарға» деген
сияқты арнау өлеңдерінде ел билеген бай,
әкімдердің әділетсіздігін әшкерелеп,
сараңдығын бетіне басады.
Базар
айшықты, нақыл сөздерге толы
өлең-толғауларынан басқа кең тынысты
эпикалық жырлар да шығарған ақын. Жыраудың
творчествосын айқындай түсетін негізгі дастандары «Әмина
қыз», «Айна тарақ» және «Мақпал – сегіз».
Бақылау сұрақтары:
1. Базар
жырау қай жерде туып, қай жерде өмір кешті?
2.
Шығармаларында қандай әлеуметтік мәселелерді
көтерді?
3.
Өлеңдерінде қандай ой-пікірлер қозғады?
4. Ерлік,
батырлық өлеңдерінде не айтты?
5.
Қандай арнау өлеңдерін білесің?
6.
Қандай дастандар шығарған?
Әдебиеттер:
1.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы.
Алматы, 1997, 670-677-беттер.
2.
Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің
тарихы. Алматы, 1994, 176-184-беттер.
3.
Алдашев Ш. Базар жырау. Алматы, 1986.
4. Қазақтар. Тарихи
тұлғалар. II том.
Алматы, 1998, 121-122-беттер.
5.
Оспанов С. Балқы базар. «Парасат» журналы, №8, 1991.
ШОРТАНБАЙ
ҚАНАЙҰЛЫ
Тақырыптық жоспар::
1.
Ақынның өмірі мен ақындық жолы.
2.
Шортанбай туралы зерттеулер.
3.
Өз дәуірінің қоғамдық
құрылысына, ел өміріне көзқарасы.
4.
Шортанбайдың айтыс өнеріне қосқан үлесі.
5. жеке
арнау өлеңдері.
Шортанбай
– XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихынан елеулі
орын алады. Ол туған елінің тарихи тағдырын болжап,
халқының басына түскен ауыртпалықтарды көре
білген.
Шортанбай
Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа
Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан
мұсылманша оқып, замандастары қатары білім алған.
Шортанбайға қазақтың әрі астана жұрты,
әрі әулиелік орны ретінде танылған Түркістанның
берер тәлімі де, әсері де мол болды.
Шортанбай
да Иассауи, Ахмет Иүгнеки, Сүлеймен Бақырғани
еңбектерінен сусындады. Бұхар, Самарқант сияқты
мәдени ошақтарымен де танысады.
Шортанбай
ақынның басына түскен қасіретке қапа боп,
зарыға, тарыға жыр шертті, шын мәніндегі қамқор
ақын боп әдебиетке өзінің ізін салды. Шортанбай
ақындығының дәуірлеген тұсында қазақ
елі Ресей патшалығына отар тәуелді өлке боп
өзінің иелігінен мүлде айырылған еді. Шортанбай
өз заманының шындығын
ақтара ашып, оған өткір сын айта білген суреткер.
Шортанбайдың
шығармалары өткен ғасырдың ширегінде кейбір баспа бетін
көре бастаған. 1882 жылдардан бастап, өлең
толғаулары жинақталып бөлек кітап көлемінде жарық
көреді. Көрсетілген жинақтарға ақынның «Тар
заман», «Опасыз жалған», «Байды құдай атқаны», «Атамыз
адам пайғамбар», «Өсиет» т.б. енген. С.Мұқановтың
айтуынша, Шортанбай шығармаларының көлемі 1500 жолдай.
Шортанбай шығармаларының лейтмотиві – заман, қоғам,
халық тұрмысы, ел өмірі, жер, қоныс қысымы
отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы т.б.
XIX
ғасырдың көптеген ақындары қазақтың
тәуелділікке душар боп, қоныс қысымына ұшырағанын
күйіне жырлады. Шортанбай да «Көшіп кетер жерің жоқ,
жау айбынар ерің жоқ, қамалып қазақ сондырды», -
дейді.
Шортанбай
шығармаларында адамгершіл ақыл айтып, халықты түзу
жолға салуды өзінің
зор мақсаты санайды. Шортанбайдың өлерде айтып кеткен
өсиет сөздері де бар. Ол өсиеттерін қалың
қазаққа, оның басшы адамдарына, ұл-қызына,
кәрі жасына арнайды.
Ақын
жамандық пен жақсылық, адалдық пен арамдық арасын
ажырата білуге, достық пен қастық, шындық пен
жалғанды айыра алуқа шақырады. Жастарға талапты,
оқуға әуес бол, өнер қу, оқы деп ақыл
айтады. Жастар төрт түлік мал бағып, еңбек етуін
өсиет етеді.
Шортанбай
ғасырдағы айтыс өнерін дамытуға жа үлес
қосқан ақын.
Бақылау
сұрақтары:
1.
Шортанбайдың өмірі туралы мәліметтерді айт.
2.
Шоттанбайдың шығармалары қай жерде және қашан
жарық көрді?
3.
Шортанбай өз дәуірінің қоғамдық
құрылысына қандай көзқараста болды?
Әдебиеттер:
1.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы.
Алматы, 1997, 554-557-беттер.
2. Қазақтар. Тарихи
тұлғалар. II том.
Алматы, 1998, 106-107-беттер.
3. Бес ғасыр жырлайды. I том,
Алматы, 1989, 274-295-беттер.
МҰРАТ
МӨҢКЕҰЛЫ
(1843-1906)
Тақырыптық жоспар::
1.
Өмірі туралы мәлімет.
2. Алған
тәрбиесі.
3.
Мұрат шығармашылығының зерттелуі.
4.
Мұраттың айтыстары.
5.
Ақынынң толғаулар.
6.
Дастандары.
7.
Лирикалық (арнау, хат, сын-сұхбат, ақыл-нақылдары).
Әдебиет
тарихында Мұратты біз жезтаңдай шешен, жырау, төгілген
ақпа ақын деп білеміз. Мұсылманша сауаты болған.
Мұрат замана ауыртпалығын көре де, көрсете де білген
поэзия өкілі. Ел тарихын емірене жырлаған. Ер жүрек
батырлардың бейнелерін сомдаған шын мәніндегі эпик.
Мұрат
Мөңкеұлы 1843 жылы Қазақстанның батыс
өлкесіне қарасты Қызылқоға жерінде Қарабау
жайлаған Беріш елінде дүниеге келді.
әкесі Мөңке - өз еліне
аты мәлім, дәулетті адам. Мөңке ерте өліп,
Мұрат ағаларының қолында өседі. Елі
жұтқа ұшырағандв, Мұрат адай ағайындарына
барып жан сақтаған. Шығармалырда Мұраттың
боз-бала шағы көңілді өткен сияқты:
Тайсойған
Орал бойы жүрген жерім,
Қызығы
дәулетінің көрген жерім.
Ат мініп,
мырзалардан пар жетектеп,
Қызылын
әуестікке киген жерім.
Он-он бес
жасар Мұратқа «Ділмәр», «Тақылдақ», «Өнері
тасқан», - деген асқақа атақтар таңылған.
Ақын
шығармалары кіші-гірім жинақ ретінде басылған кезі де
болған. Оны 1924 жылы Ташкент қаласында «Мұрат ақын
сөздері» деген атпен Халел Досмұхамедұлы бастырды.
Жинақтың алғы сөзінде: «Мұраттың
өлеңдерінде, патша үкіметінің қазаққа
жұмсаған саясаты айқын байқалады. Хүкіметтің
жақсы жерлерін тартып алғаны, ел қамын жегендердің
қамалғаны, өлтірілгені анық айтылады», - делінген.
Мұрат
шығармашылығының нысанасы
XIX ғасырдағы қазақ өлкесінің тарихи
шындығы. Осы тұстағы ел-жұрттың жан-жақты
күйзелістері, ішкі-сыртқы қайшылықтары,
қазақ елінің басына түскен күйзелісі.
Асқақтата жыр толғап, романтизмге де бой ұрды.
Мұраттың
«Үш қиян», «Қазтуған», «Сарыарқа»,
«Өттің бір қапы дүние» толғаулары
қазақ халқының отаршылар тарапынан көрген ауыр
зауалдарын бейнелейді. Соңғы екі өлеңде негізінен
қоян жұты кезеңіндегі қайғылы көріністерді
суреттейді.
«Үш
қоян» Мұраттың шешендігін, суреткерлігін танытарлық,
таңдаулы толғауларының бірі. Онда ертедегі жыраулар тілі,
шеберлігі, образ жүйелері өзінің әсерін тигізген.
Емендей
белін бүгілтіп,
Жібектей
жалын төгілтіп,
Еріні
төмен салпиған,
Құйрығы
гүлдей малынған.
Күдері
бел, күлшек сан,
Бедеу
атқа мінген жер.
Ұраттың
«Қазтуғаны» «Үш
қоян» толғауының логикалық жалғасы. Негізгі
қаһарманы – тарихи адам. XV ғасырда өмір сүрген
Сүйінішұлы Қазтуған. Оқиға
Қазтуғанның монологі ретінде кезіндегі ел билеріне
қарата толғанады.
Арайна,
билер, арайна,
Арайна
десем болғайма?
Арайнасыз
әр қайда,
Ердің
ісі оңай ма?
Арайна
болған Қазтуған,
Қайғыланып
сонда толғай ма?! – дейді.
«Қазтуған»
Мұраттың шешендігіне куә боларлық көркем туынды.
Ақынның
Қазтуған сөзі ретінде айтып, соның жүрек
толғанысын термелеуі өте әсерлі және төгілген
жырға толы.
Мұраттың
ақындық мұраларының құнды бір саласы,
оның лирикалары – арнау, хат, сын-сұхбат, ақыл-нақыл
сарындас туындылары. «Оқудан қайтқан жігітке хат» деген
өлеңінде Дәулетімбет деген жігіттің
өнер-білімнің мәнін ұққанын,
оқыған көзі ашық жастың ел алдындағы азаматтық
борыштарын санап көрсетеді. Оқыған, саналы, адал азамат
қараңғылықта қамалған халқын бастап,
жарық дүниеге, өнер өріне алып шығуға тиіс
деп, оған сенім артады.
Мұрат
– сұлулықты, көркемдікті бағалай білген
эстетикалық талғамы жоғары ақын болған.
«Қыз» деген өлеңінде сұлудың сырт көрінісі,
ақылы, мінезі, іскерлігі, жүріс-тұрысы, киім киісі
түгел дерлік қамтылып, бір адам бойына жинақталып
тұлғаланған. Мұрат тілге шешен, тапқыр да
алғыр ақын, кең тынысты эпик, нәзік жанды лирик,
жүлде алған жүйрік, сан қырлы саңлақ.
Ақынның
«Жалғаншы пәни жалғанда» - деп басталатын
өлеңінде дүниедегі жарасымдылықтар ақын арманы ретті
асқақ романтикамен ұштасқан. Ондай сүйкімді
жігіт, елге қорған болар батыр т.б. армандалады.
Мұрат
айтысқа тым ерте, әлі жас 15-16 жастар шамасында түседі.
Баспа бетін көріп жүрген тек бес-ақ айтыс: Жаскелең,
Бала Ораз, Жантөлі, Тыныштық, Ізім шайырлармен айтыс, тіл
қағым, дидарласу сөздері. Олардың ең
мәндісі екі ақынның әлеуметтік мәселені
қозғаған Жантөлі қызбен айтысы.
Мұрат
ақын шығармаларының ең көлемдісі
«Қарасай-Қазы» жыры. Бұл – нағыз эпостық поэма.
Орақ батыр мен оның балалары Қарасай, Қазылардың
жалғасып жатқан батырлық дәстүрлерін
ардақтайтын ерлік эпос.
Мұраттың
айтуы арқылы Сыпыра, Қазтуған, Шалгез, Жиенбет, Доспамбет,
Махамбет, Шернияз т.б. шығармалары бізге жетті.
Мұрын
жырау Мұратты көзімен көріп, одан «Едіге» жырын бала кезінде
үйренгендігін, «Қырымның қырық батырын» да
сол Мұраттан үйренгендігін
мақтанышпен мойындайды.
Бақылау
сұрақтары:
1.
Мұрат қашан, қай жерде дүниеге келді?
2.
Оның өзі өмір сүрген ортасына көзқарасы
қандай?
3.
Лирикалық өлеңдері қайсылар?
4.
Кімдермен айтысқа түскен? Ең мәндісі қайсы?
5.
Қандай эпостық поэмасы бар?
Әдебиеттер:
1.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы.
Алматы: Санат, 1997, 608-634-беттер.
2. Қазақтар. Тарихи
тұлғалар. II том. Алматы, 1998,
123-124-беттер.
3. Бес ғасыр жырлайды. II том,
Алматы, 1989, 127-143-беттер.
4.
Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. Алматы: Білік, 1999, 488-489-беттер.
ЖАҢА РЕАЛИСТІК
ӘДЕБИЕТТІҢ ДАМУЫ
(XIX
ғасырдың II жартысы)
Тақырыптық жоспар::
1.
Қазақ елінің отаршылдыққа, бодандыққа
ұшырауы.
2. Аламан
толқулардың өрістеуі.
3.
Ертегі, қиссалармен бірге классик шайырлардың шығармаларын
қазақ ақындарының жырлауы.
4. Лирик
әнші ақындар.
5.
Реалистік жаңа әдебиеттің онан әрі өрістеуі.
XIX
ғасырдың екінші жартысында патша өкіметі қазақ
елін түгел өзіне қаратып алды. Патша өкіметі жаңа
реформалық заңдар шығарды. Орташылдар орнатқан ел билеу
саласындағы жаңалықтар мен қазақылық
шиеленісе түсті. Патша өкіметінің 1867-1869 жылдардағы
«Ережесі» сондай заңдардың бірі болды. Билік пен әкімшілікке
байланысты ережелердің хан-сұлтандардың, алым салық пен
жерге байланысты ережелер, бұқара халықтың
наразылығын ұлғайта түсті. Отаршыл ел христиан
дінінің ықпалын арттыруды көздеді. Бұл мұсылман
қауымының наражылығын тудырды. Бұл жылдардағы
аламан толқулар «Ел ауа» сияқты оқиғаны туғызды.
Кіші жүздің Байұлынан шыққан Мырзалыұлы
Сүгір ақын, Қобыланды, Есейұлы т.б. осы
оқиғаны жырлап өтті. Өзінің толғауларында
Сүгір Сырым батырдың патшамен оның әкімдеріне
қарсы күресін жақтайды.
Бұл
кезде Шортанбай мен Мұрат, Әубәкір шығармашылығы
Шығыстың гуманистик әдебиетінің әсерінен дамыды.
Қазақ
еліне үнді, араб, парсы елдер мәдениеті және басқа
шығыс халықтарының эпостары мен аңыздары кең
тарады.
XIX
ғасырдың аяқ шенінде Шәді, Ақылбек,
Мәулекей, Жүсіпбек т.б. шығыс қиссаларын таратушылар
қазақ тілінде қисса туғызушылар болды. «Қисса
Баһрам», «Қисса Гүлшаһра», «Қисса
Таһир-Зүһра», «Һикаят дастан Хатымтай»,
«Шаһмардан», «Қисса Марғуба», «Сал-сал»,
«Зарқұм», «Сайтбаттал», «Жұм-жұма» т.б. жеке кітап
болып басылды. «Шаһнама», «Ләйлі-Мәжнүн»,
«Фархад-Шырын», «Сейфүлмәлік», «Бозжігіт» сияқты
шығармалар жазылды. Шығыстың мұндай сюжетке
жазылған қиссалары қазақ арасына әбден
сіңіп төл шығармалары сияқты қазақ ауыз
әдебиетіндегі жыр дастандар қатарына қосылды.
XIX
ғасыр әдебиеті тарихынан ерекше орын алатын тағы бір топ
лирик ақындар бар. Олар – сол кездегі қазақ
әдебиетінің өзгешелігіне байланысты туған өзіндік
дара творчестволы әнші ақындар. Өз әндеріне өздері
мәтін шығарып тарату талабынан ақындық жолға
түскенәнші-композитор: Біржан, Ақансері, Әсет, Сара,
Жаяу Мұса, Мұхит, үкілі Ыбырай, Балуан шолақ, Майра,
Мәди және басқалары. Олардың кейбіреулері айтысып та
жүрген. Мысалы, Әсет Ырысжанмен, Біржан Сарамен, Нұрғайша
деген қызбен де айтысқан.
XIX
ғасырдың аяқ шенінде орыстың демократиялық
бағыттағы әдебиетімен қатар символистік сарынды
өз қолдаушыларын тауып жатты. Символист дәстүрді
қазақ әдебиетінде Шәңгерей Бөкеев, Бернияз
Күлеевтер жалғастырды.
XIX
ғасырдың екінші жартысында Қазақстан жағдайында
реалистик жаңа әдебиет онан әрі өрістей түсті.
Қазақтың ойшыл ағартушысы ақын жазушылары,
прогресшіл қоғам қайраткері Шоқан, Ыбырай, Абай еді.
Абай мен Ыбырай қазақтың реалистік жаңа әдебиетін
негіздеді. Қазақтың ірі әдебиетші және
публицистшісі Шоқан Уәлиханов өз шығармаларын орыс
тілінде жазды. Ол өз халқын
Еуропалық озық мәдениетке үндеген
ағартушы, ғалым, әдебиетші болды.
Қазақ
поэзиясы бұрын толғау, жыр, айтыс, қара өлең
түрлерінде болғаны белгілі.
Аталып
отырған дәуірде азаматтық сипаттағы
саяси-әлеуметтік лирика, табиғат лирикасы пайда болды. Жаңа
ұғымға сай сюжеттер еніп, дастандар жазылды. Прозаның
шағын түрлері көріне бастады.
Осы кез
әдебиетінде аударма өнері және публицистика да бой
көрсетті. Баспасөз бетінде мақалалар, очерктер басылды.
Әдебиет зерттеу мәселесі қолға алынды.
Бақылау сұрақтары:
1. XIX
ғасырдың екінші жартысында қазақ елінің тарихи
жағдайы қандай еді?
2. Аламан
толқулар не? Оны кімдер жырлады?
3.
Қиссалар мен классик жанрлардың шығармаларын қайсы
ақындар жырлады?
4. Лирик
әнші ақындар кімдер?
5.
Қазақтың реалистік жаңа әдебиетін кімдер
негіздеді?
Әдебиеттер:
1.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы.
Алматы, 1997, 709-719-беттер.
2.
Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің
тарихы. Алматы, 1994, 113-115-беттер.
ШОҚАН
УӘЛИХАНОВТЫҢ ӨМІРІ, САЯХАТТАРЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ
ЕҢБЕКТЕРІ
Тақырыптық жоспар::
1.
Шоқанның өскен ортасы.
2. Білім
іздеу жолында.
3.
Экспедициялық саяхаттар.
4.
Шоқан – ағартушы, демократ.
5.
Шоқанның еңбектері.
6.
Әдеби зерттеу еңбектері:
а) қазақ әдебиеті
тарихының мәселелері;
ә) қырғыз бен
қазақ халықтарының ауыз әдебиеті туралы
зерттеулер;
б) қазақ пен қырғыз
поэзиясының түрлері туралы теориялық зерттеулер.
7.
Шоқан – талапты публицист жазушы.
Көрнекіліктер:
1.
Шоқан жүрген жерлер. Түсті суреттер – 24 дана.
2.
Ш.Уәлихановтың туғанына 150 жыл. Конверт, ашық хат.
3.
Қазақстанның картасы.
Шоқан
заманының жан-жақты білгір ғалымы, батыл саяхатшысы.
Қазақтың тарих, этнографиясын, әдебиетін
тұңғыш зерттеуші. Ол қазақ пен
қырғыздың әдебиет теориясы , фольклоры туралы
алғаш пікір айтушы және зерттеуші. Шоқан қазақтың
демократияшыл сынын бастаушы, ілгерішіл дәстүр мен
әдебиеттану ғылымын негіздеуші, публицист жазушы. Ол
қазақ әдебиеті мен мәдениетін орыс
жұртшылығына алғаш танытушы.
1835 жылы
қазіргі Құсмұрын бекінісінде дүниеге келді.
Жастық шағы - атамекені
Сырымбетте өтті. Шоқанның шыққан ортасы
қазақтың хан-сұлтан төре тобы. Әкесі
Шыңғыс Омск әскери училищесін бітірген.
Оқытушылардың назарын өзіне аударуы (Ждан – Пушкин,
Костылевский, Гонцевский). Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Крылов т.б.
шығармаларымен жан-жақты танысады. Досы – Потанин.
Кадет
корпусын өте жақсы бітіреді (1853). Шоқанның ерекше
қабілеттері болған. Оған оқытушыларының,
замандастарының болашақ ғалым, зерттеуші деп қарады.
Қоғамдық істерге араласуы. 1856 жылы экспедицияда
қанынысуы. 1858 жылы Қашқарияда болды. С.Тян-Шанскиймен
танысады.
1859 жаз,
күз айларында Қашқар-Алтышар өлкесі саяхатының
материалдарын сұрыптайды да, 1860 жыл басында Петербургқа аттанады.
1861 жылы ауылда емделіп, 1863 жылыОмскіге келеді. 1864 жылы жазда
Жетісуға, одан Верныйға келеді. 1865 жылы төсек тартып жатып
қалуы. Алтынемел станциясының маңына жерленуі.
Шоқан
қоғам қайраткері.
Ол
ағартушы демократ. Қазақ халқының
ағартушылыққа мұқтаж екендігін түсініп,
мектеп ашуды талап етті.
Шоқанның
достасып, пікірлескендері қоғам қайраткерлері,
ақын-жазушылар, озық ойлы ғалым профессорлар, демократтар
болды.
Саяхатшылар
мен ғалымдардың еңбектерін, күнделікті
жаңалықтар мен дүние жүзі әдебиетін жақсы
біледі, жете меңгерді. Н.Г.Чернышевкиймен кездесіп пікірлесті.
Шоқанның
еңбектері:
Көлемділері:
«Абылай», «Шаман дінінің қазақ арасындағы
қалдықтары», «Елдегі
мұсылманшылық туралы», «Қырғыздар туралы
қолжазбалар», «Қазақтың ертедегі
қару-жарақтары», «Жоңғария очерктері»,
«Қазақ шежірелері», «Жамия-ат тарихтан», «Алтышаһардың
хал-жайы», «Сібір тарихынан хаттар», «Көкетай ханның өлімі»,
«Сібірге қарайтын қазақтардың сот құрылысын
өзгерту туралы», «Құлжа күнделіктері» т.б.
Шоқан
қолжазбалары 1904 жылы баспадан шығады. 1944 жылы мақалалары
мен хаттары екі тілде басылды. 1958 жылы бір томдық соң бес
томдық, 1978 жылы қазақ тілінде бір томдық, 1980 жылы
таңдамалысы жарыққа шықты.
Шоқанның
бес томдығы қазіргі қазақ халқының
мәдениеті мен әдебиетін кең сөз еткен
таңдамалылар қатарынан орын алды.
Ғалымның
әдеби зерттеу еңбектерін үшке бөлеміз. Ауыз әдебиеті
жинауы: «Абылаймен оның батырлары туралы аңыз». Жанақ,
Түбек, Орынбай, Бұхар, Шал, Шөже ақындар туралы
және ақындық өнер, өлең жөніндегі
пікірлері үлкен мәселе.
Шоқанның
әдебиет тарихы туралы түсінігі терең болды.
Шоқан
өлең туралы алғаш пікір айтушы. Қазақ
өлеңдерін жыр, жоқтау-толғау, қайым
өлең, қара өлең, өлең деп беске
бөледі.
Шоқан
талапты публицист. Табиғатты, адам портретін суреттеудегі
өзінің үздік шеберлігін танытты.
Бақылау
сұрақтары:
1.
Шоқан қай жерде, қай жылы дүниеге келді?
2.
Шоқанның білім алған орындарын айт.
3. Ол
қандай саяхаттарға қатысты?
4.
Шоқанның ғылыми еңбектеріне сипаттама бер.
5.
Шоқанның ағартушылық, демократтық қызметін
айт.
6.
Әдеби – зерттеу еңбектері қайсылар?
7.
Публицистикалық шығармаларын әңгімелеп бер.
Әдебиеттер:
1.
Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.
2.
Жұмалиев Х. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ
әдебиеті. Алматы, 1967.
3.
Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің
тарихы. Алматы, 1994.
4.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы.
Алматы, 1997.
5.
Марғұлан Ә. Шоқан және «Манас». Алматы, 1971.
6.
Сүйіншәлиев Х. XIX ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.
7.
Мұқтарұлы С. Шоқан және өнер. Алматы, 1987.
8.
Сәтпаева Ш. Шоқан – фольклортанушы. Алматы, 1987.
9.
Уәлиханов Ш. Таңдамалы. Алматы, 1985.
ЫБЫРАЙ
АЛТЫНСАРИННІҢ ӨМІРІ, АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
ЖӘНЕ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК КӨЗҚАРАСЫ
Тақырыптық жоспар::
1. Ыбырай
Алтынсариннің қазақ қоғамында және
әдебиеті тарихындағы орны.
2.
Ыбырайдың туып өскен жері, жастық шағы.
3.
Орынборда оқуы, өз бетімен ізденуі.
4.
Ыбырайдың арманы халыққа қызмет ету:
а)
балатоқыту жұмысына құлшына кірісуі;
ә) оқытушылық,
ағартушылық жұмысқа көзқарасы;
б) мектеп ашу жолындағы
қоғамдық қызметі;
в) «Қазақ хрестоматиясын» жазуы;
г) қазақтың
тұңғыш прогресшіл педагогикасын, халықтық
мектептерін негіздеуші;
д) саяси көзқарасының
қалыптасуы;
е) қоғамдық ойлары;
ж) терең ойлы ағартушы.
.
Ыбырай
Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Затобол ауданында дүниеге
келді. Атасы Балғожа бидің қолында тәрбиеленеді.
Алғаш мұсылманша оқып сауатын ашады (2-3 жылдай). 1850 жылы
Орынбордағы қазақ балаларына арналып ашылған мектепке
оқуға түседі.
Орынбордағы
7 жылдық мектенті бітіріп шығып, Кеңсе қызметінде
істейді. Ғалым В.Григорьевпен жақын араласып, оның бай
кітапханасынан пайдаланады.
1861 жылы
Торғайдан мектеп ашуға рұхсат алып жолға шығады.
Бұл мектеп – 1861 жылы ашылады. Ыбырай – оқытушылық,
ағартушылық жұмыстың қоғамдық
мәнін тереңнен түсінген адам. Соның ішінде жаңа үлгідегі
мектептер ашады. Балаларды тәрбиелеу ісіне ерекше мән беруі.
Торғай облыстық мектептерінің инспекторы болады (1879).
Метептің шаруашылық жағдайына аса көңіл
бөледі. Жақсы мұғалімді дүниедегі ең
қымбат адам санайды. Оқу құралы – «Қазақ
хрестоматиясын» жазып, 1879 жылы Орынборда баспадан шығарады. Оның
қазақ мәдениетітарихындағы орны ерекше болды.
Балаларды
оқыту әдістері жағынан Ыбырай – белгілі өзіндік
жүйе-әдісі бар педагог. Ол қазақтың
тұңғыш прогресшіл педагогткасын, халықтың
мектептерін негіздеуші. Ыбырай Алтынсарин өзіне Ян Амос Коменский,
Ушинский, Толстой, Бунаков, Паульсон сияқты даңқты педагогтарды
ұстаз тұтады.
Ыбырай –
көрнекті ақын, талантты жазушы. Ақынның «Араз бол кедей
болсаң ұлықпенен» деген өлеңі еңбек
салтанатын, адалдықты, шындықты үйретеді. «Әй,
достарым» деген өлеңінде Ыбырай «Қолыңнан келсе
қыл, қайыр» деп, қайырымды, кең, адал азамат
болуға шақырады.
Ыбырай –
жаңашыл жазушы. Ол – ең алдымен қазақ әдебиетіне
жаңа идея мен тың тақырыптар әкелуімен жаңашыл.
Қазақ ақындарынан оқу, тәлім-тәрбие,
мәдениет мәселелерін Ыбырайдай арнайы сөз еткен ешкім
болған жоқ. Ақынның шығармаларында өнер,
еңбек, кәсіп, адалдық, адамгершілік идея,
отырықшылыққа байланысты тұрмыс жаңалықтары
көтерілді. «Жаз», «Өзен» деген өлеңдері де кезінде
қазақ әдебиетіне жаңалық болып қосылды.
Ыбырай
Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихынан мәдениетті прозашы
ретінде де елеулі орын алады.
Еңбек
тақырыбындағы «Өрмекші, құмырсқа,
қарлығаш», «Бай мен жарлы баласы», «Дүние қалай
етсең табылады», «Байлық», «Әже мен бала», «Асыл шөп»,
«Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш
үй» т.б. әңгімерері аса тартымды, мәнді, көркем
шығармалар.
Ыбырай
Алтынсарин адамгершіл мәселелеріне «Шеше мен бала», «Бір уыс
мақта», «Мейірімді бала», «Аурудан аяған күштірек»,
«Әдеп», «Әділдік», «Петр патшаның терлегені»,
«Тәкаппарлық», «Таза бұлақ» әңгімелерін
жазып, аудармалар жасады.
Ыбырай
Алтынсарин – нағыз халықшыл жазушы, ағартушы, ақын,
өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген
кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері,
заманының ең маңызды мәселесін көтеріп жыр
төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның
тынымсыз жаршысы.
Бақылау сұрақтары:
1. Ыбырай
Алтынсариннің қазақ қоғамында және
әдебиет тарихында қандай орны бар?
2.
Ыбырайдың туып өскен жерін, жастық шағын
әңгімелеп бер.
3. Ол
қай жерде оқыды және өз бетінше қалай ізденді?
4. Мектеп
ашу жолындағы қызметін айтып бер.
5. Ыбырай
қандай оқулық жазды?
6. Ыбырай
өлеңдерінің жаңашылдығын айт.
7.
Жазушының прозалық шығармалары қандай
тақырыптарды қамтиды?
Әдебиеттер:
1.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы.
Алматы, 1997, 836-852-беттер.
2.
Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің
тарихы. Алматы, 1994, 126-147-беттер.
3.
Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. Алматы, 1986, 156-160-беттер.
4.
Дербісәлин Ә. Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен
жазушылық қызметі.
5.
Н.И.Ильминский. Вспоминания об И.Алтынсарине. Казань, 1891, стр. 368-388.
6.
Ламашев Әсет. Ыбырай Алтынсарин. Алматы, 1991.
АБАЙ
ҚҰНАНБАЕВ
(1845-1904)
Тақырыптық жоспар::
1. Абай –
қазақтың данышпан ақыны.
2.
Абайтану ғылымы.
3.
Абайдың лирикалары.
4.
Ақынның аудармалары.
5.
Поэмалары.
6.
Абайдың қара сөздері.
7. Абай –
сазгер.
Абай –
қазақтың XIX
ғасырдағы көрнекті ақыны, жазба әдебиетінің
негізін салушы, ойшылы әрі қоғам қайраткері.
Абай 1845
жылы тамыздың оныншы жұлдызында Қазақстанның
Семей облысына қарасты Абай ауданындағы Шыңғыс тауында
туған. Руы тобықты. Әкесінің аты - Құнанбай,
шешесінің есімі – Ұлжан. Абай он жасында «Кісі екен десем
түйе қуған» деген өлеңін жазған.
Әкесі жас Абайды 1857 жылы Семейдегі Ахмет Риза медресесіне
оқуға береді. Абай медреседе сабақтан тыс араб, парсы
тілдерін және ескі түрік тілдерін өздігінен үйренеді.
Низами, Фирдауси, Науаи сияқты шығыс
ғұламаларының әсем жырларынан сусындайды. Оның
шәкірттік шағындағы өлеңдері арап, парсы
поэзиясының ықпалымен жазылды. Семейде Абай орыс бастауыш
мектебінде де оқыды. Ол Пушкин, Лермонтов, Тургеневтердің
шығармаларымен танысады. Европаның Байрон, Гете сияқты
ақындарының шығармаларын таниды. Бұл Абайдың
халықтық әдебиетті дүниежүзілік әдебиет
деңгейіне көтеруіне себепші болды.
Абайдың
төңірегіне шешендер, ақындар мен шежірешілер жиналады. Абай
өмірдің ащы-тұщысын көріп өмір мектебінен де
тәжірибелер жинақтайды. Қоршаған әлеуметтік орта
туралы түрлі толғамдары, халық үшін ойлаған
қайғылары, шері мен қуаныштарын қағазға
төгіп, ақиқат, егемендік, теңдік сияқты
танымдық сезімдерін өлеңдер арқылы бейнелейді. Абай
елім деп еңіреп, халқым деп қайысып өмірлік
мәңгі өлмес өлеңдер жазды. Абай 1904 жылы
маусымның 23-де кіндік кесіп, қаны тамған атамекенінде
науқастан қайтыс болады.
Абайдың лирикасы.
Абайдың
заман бейнесін, елдің тіршілік болмысын, халықтың
мінез-құлқын аз сөзбен бір жерге шоғырландырып,
мейлінше ширыға жазған шымыр шығармасы – « Қалың
елім, қазағым, қайран жұртым». Бұл
өлең бір ойдың өзегіне өріліп, ақынның
еліне қарап айтқан арнау сәлемін түгел жеткізіп
тұрған.
Абайдың
халық өмірін суреттейтін шығармаларының ішінде,
тақырып жағынан бір-біріне ұқсас, жазылу мерзімі де
қатарлас егіздей жұп өлеңі бар. Олар:
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы
сергек» пен «Қартайдық, қайрат қайтты,
ұлғайды арман» деп басталатын туындылары.
Ақынның
«Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ» атты
көпке танымал өлеңінде аяғын алшақ басқан
сырбаздың айқын бойында түк қасиеті жоқтарды
көз алдыңа ап-айқын алып келуі.
Болыс
атты болмсыздықтың барлық түрін бір жерге
жиынтықтап суреттейтін шығармасы – Күлембайға арнап
жазған «Болыс болдым мінекей» деп басталатын өлеңі.
«Қан сонарда» дейтін өлеңінде Абайдың
тұрмыстағы саятшылық салтты соншалықты сүйсіне
толғайтыны көпке аян екндігі.
«Жазғытұры»,
«Жаз», «Күз», «Қыс», «Қараша желтоқсан мен сол бір-екі
ай» өлеңдері табиғатқа арналған. Олардың
қазақтың қоғамдық-әлеуметтік
өмірі және тұрмыс-салтымен байланысты.
Ақынның
шынайы адамгершілікке шақырған шығармаларының ішіндегі
бағдарламалық мәні, жинақтау сипаты бар кең
тынысты шығармасы – «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» деп
басталатын өлеңі. Ақын «Білімдіден шыққан
сөз» дейтін өлеңіне білімді адамның жүрегі айна,
көңілі ояу деген қорытындыға келуі. «Әсемпаз
болма әрнеге» деген өлеңі жалпы дүниелік ғаламдық
тіршілікке көз тастағанын білдіреді.
«жасымда
ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта
оқып жүр» өлеңдерінің мәні.
Ақынның
Әбдірахман өлімі туралы топтама өлеңдерінен «Арғы
атасы Қажы еді» деп басталатын алғашқы өлеңін
тұтас поэманың кіріспе тарауы деп қарауға болатындығы.
Бұдан кейінгі «Жиырма жеті жасымда», «Талаптың мініп тұлпарын»,
«Орынсызды айтпаған» деп басталатын шығармалары ақын
Әбдірахманның қысқа ғұмырында
ел-жұртқа үлгі боларлық үлкен-үлкен істер
тындырғандығын жеткізген.
Пушкин
мен Лнрмонтовты одақтас еткен Абай Крыловтың «Емен мен шілік»,
«Қазаға ұшыраған қара шекпен», «Жарлы бай», «Есек
пен бұлбұл», «Қарға мен бүркіт», «Шегіртке мен
құмырсқа», «Ала қойлар», «Қарға мен
түлкі» деген мысалдарын аударуы.
Абайдың поэмалары.
Ақын
творчествосынан елеулі орын алатын шығармаларының бір саласы –
оның поэмалары. Олар: «Ескендір», «Масғұт», «Әзім
әңгімесі».
«Ескендір»
поэмасында Александр Македонскийдің озбырлығын,
соғысқұмарлығын, дүниеқорлығын
әшкерелеуі.
Абайдың
«Масғұт» поэмасы да жаңа идеяға негізделген
шығарма екендігі. Оқиғасы романтикалық аңыздау
арқылы суреттелсе деақынның гуманистік идеясын танытады.
Абайдың
аяқталмай қалған «Әзім әңгімесі»
поэмасының сюжеті бізге араб ертегісінен «Мың бір түн»
қаһарманы Шаһризада хикаяларының бірінен мәлім
Хасан зергердің әңгімесіне ұқсайды.
Абайдың
қара сөздері мен нақылдары ақын шығармашылығының
елеулі саласы болып табылады.
Абайдың
өзінің өсиет сөздеріне, ғақлияларына
әзір стильдік үлгіні шығыстан, парсы
ғұламаларының еңбектерінен тапқандығы.
Жанрлық іздену жолында ол Шығыстың ғылыми трактат,
тастих шағын үлгілерін, Жәмидің қара сөзі
ғақлияларын есте ұстағаны даусыз.
Абай –
музыкалық шығарма жазған композитор. Абайдың бізге
жеткен көптеген әсем әндері бар. Қазір
ақынның екі үйі де табылып отыр. Олар: «Май» және «Тор
жорға» күйлері.
1995 жылы
Абайдың туғанына 150 жыл толды. Бұл мерейтой жер
жүзілік көлемде, бұрын-соңды еш болмаған
ұлы мереке дәрежесінде өтті.
Ақынның
шығармашылық қыр-сырлары ашыла түсті. Отыз шақты
тілдерде ақын шығармалары басылды. Түгел өркениет елдер
әдебиеті қорына қосылды.
Әдебиеттер:
1.
Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің
тарихы. Алматы, 1994, 147-167-беттер.
2.
Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік мұраттары. Алматы, 1993,
179-бет.
3.
Оразалин Қ. Абай аулына саяхат. Алматы, 1994, 286-бет.
4.
Мырзахметов М. Абайтану тарихы. Алматы, 1994,192-бет.
5.
Мырзахметұлы М. Абай және шығыс, 1994, 208-бет.
6.
Машанов А. Әл-Фараби және Абай. Алматы, 1994, 192-бет.
7.
Мұхамедханұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері.
Алматы, 1995, 320-бет.
8.
Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. Алматы, 1995,
272-бет.
9.
Ысмағұлов Ж. Абайдың ақындық тағылымы.
Алматы, 1995, 280-бет.
10.
Абайдың таңдамалы шығармалары. Анкара, 1995.
11.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы.
Алматы, 1997, 866-922-беттер.
АҚЫЛБАЙ
АБАЙҰЛЫ ҚҰНАНБАЕВ
(1861-1904)
Тақырыптық жоспар::
1.
Ақылбайдың өмірі туралы қысқаша мәлімет.
2.
Ақылбайдың поэмалары.
Ақылбай
Абайдың алғашқы әйелі Ділдадан әкесінің он
алты жасында туған баласы.
Алғашқы
балалық шағын және жігіттікке жеткен кезін Ақылбай
атасы Құнанбайдың кенже баласы атанып, соның
қолында өседі. Осындай тәрбиелік жағдайының есебінен
Ақылбай Абайға көбінесе іні есебінде қарап өскен.
Абайдың анық ұлғайып, үлкен білім иесі,
атақты ақын болған кезінде ғана Ақылбай
оның өз тәрбиесіне ауысады. Кезінде Ақылбай орысша
оқи алмай, ауылда мұсылманша оқудың дәрежесіне
жетті.
Бертінде,
Абайдың ақындығымен танысып, оның мәжілісі,
өсиеті көп әсер еткен соң, Ақылбай өз
бойындағы ақындық күшін жарыққа
шығара бастайды.
Әуелгі
кездерде қысқа өлеңдермен өз өнерін
байқатып жүріп, кейін бірнеше үлкен поэма жазады.
Ақылбай ірі домбырашы және скрипкашы болған. Соның
үстіне композиторлық талантын танытқандай, әдемі бір
ән шығарғаны да бар.
Ақылбайдың
жазып шығарған үш поэмасы болған. Алғашқы
«Жаррах» деген поэмасы тақырыбын шығыс әңгімесі – «Жеті
үй» дейтін ұзақ ертегіден алған. Екінші поэмасы –
«Дағыстан», үшіншісі – африкадағы зұлыстар тірлігінен
алынған үлкен поэма «Зұлыс» еді.
Ақылбайдың
«Жаррах» поэмасы мүлде жоғалып кеткен. «Зұлыстың» бас
жағы ғана сақталып қалып, барлық поэма және
де жалғыз сақталған қолжазба өртенумен жоғалған.
Ақылбайдан
бізге жеткен шығарма –«Дағыстан» поэмасы.
Ақылбай
1904 жылы әкесі Абай қаза болғаннан кейін, соның
қырқн Семей қаласында жұрт жиын беріп болған
түнгі, әкесінен соң қырық күн ғана
өмір сүріп, өзі де қайтыс болады.
«Дағыстан»
поэмасы Кавказдағы Дағыстанда болған бір тартыс
әрекеттерді баян етеді. Ақылбай әкесі Абайдың
ықпалымен ұлттық шеңберден кеңірек өріс
ізденген дәстүрлерін танытады.
Поэмада
оқиға жүретін географиялық ортаны атап алған
соң, ол жердің халқы қатал ерлігі бар, ашушаң,
суық мінезді жұрт болып сипатталады. Ыза да кекшіл, қатал,
қанжар жұмсағыш мінездерімен Дағыстан елінің
қазақтан басқаша екендігі айтылады. Содан кейін ақын
Кавказдың таң атып келе жатқан көрінісін суреттейді.
Сюжет
құрылысында Ақылбайдың бұл поэмасы анық
орыс классик поэзиясындағы қызықты уақиға
туғызу дәстүрін шебер түрде жалғастырған.
Поэманың басында қайғылы Жүсіп қарт
көрінеді. Оның жүзі жасқа, жүрегі қан
қазала өкінішке толған.
«Дағыстан» поэмасы адам образын көрсетуде,
қызық оқиғалы тартыс түйіндерін туғызуда
өте шебер қалыптанған. Бұл шығарма романтизм
үлгісінде жазылған.
Ақылбай
поэмасында қызғаныш пен кекке бар жаратылысын
бағындырған мінез-әрекетін тек сол сезімдер арқылы
ғана көрсеткен Жүсіп бар. Махаббатқа бір өмір
тілегін табындырған, бағыныштаған Зәйра мен
Жәбірейіл бар.
Сюжеттік
құрылыс пен суреттік идеяларының өзгешеліктері
«Дағыстан» поэмасында анық мәдениетті поэмалардың
қалпынан аумай, бар талабына сай шыққан.
«Зұлыс»
поэмасының ел жадында қалған кейбір сюжеттік мазмұны
жөнінде дерек беру. Негізгі әңгімелік желісіне қарағанда
бұл поэманың ең жақындасатын романы – Хеггарттың
«Копи царя Солмона» деген шығармасы екен.
Әдебиеттер:
1.
Мұхамедханұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері.
Бірінші кітап. Алматы, 1995, 320-бет.
МАҒАУИЯ
АБАЙҰЛЫ ҚҰНАНБАЕВ
(1870-1904)
Тақырыптық жоспар::
1. Мағауияның
ақындық жолының қалыптасуы.
2.
Мағауияның өлеңдері.
3.
«Медғат – Қасым» поэмасының тақырыбы, кейіпкерлеріне
сипаттама.
Мағауия
– Абайдың жиырма бес жасында Ділдадан туған кенже баласы. Жас
шағында Абай бұны ауылда мұсылманша аз оқытқаннан
кейін қалаға апарып, Семейдегі орысша қалалық училищеге
түсіреді. Абаймен бірге Көкітай екеуі де орысша кітапты Абайша
қатты зер салып оқиды.
Әкесінің
ақындық еңбегін аса қадірлеп, жақсы білген,
ұғынған Мағауия өзі де Ақылбай,
Көкбай сияқты ақындық еңбекке беріледі.
Бұның жазған өлеңдері Әбдірахманның
науқасына байланысты көңіл-шері есебінде өз орталарына
аса мәлім болады. Сонымен қатар Мағауия Абайдың
маслихатымен және материал беруімен пайдаланып бірнеше поэма жазады. Ол
жазған поэмалар: «Еңлік – Кебек», «Абылай» және «Медғат
– Қасым».
«Еңлік
– Кебек», «Абылай» поэмалары қолжазба күйде сақталса да
оқушыларға тарамаған.
Мағауия
15-16 жасынан бастап өлең жазған. Оның бұл
кездердегі өлеңдері – жастық, махаббат жайындағы
лирикалық өлеңдер «Ай жарық жаздың күні ат
терлетіп» деген өлеңнің өзінен-ақ Абай
ағаның өнеге үлгісі көрініп тұрады.
Өлеңде жаздың айлы жарық түнінде, ауылдан
аулақта, елден ұрланып, аңсап көріскен жастардың
жан дүниесі сипатталады. Бұл өлеңнен Абайдың
«Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің үлгісі
байқалады.
Мағауияның
жастық, махаббат тақырыбына жазылған тағы бір
өлеңі – «Түсімде бүгін түнде көрдім
дұхтар» деген өлең. Бұл өлең
Мағауияның өз басынан кешкен драмасына байланысты
туған.
Мағауияның
1894 жылы науқас ағасы Әбіштің алдында, Алматыда 5
айдай болып күтіп, сүйікті ағасын өз қолынан
аттандырады. Осы ауыр халдің үстінде Мағауия
«Ыңқылдап жатыр екен жаңа барсам», «Дейтұғын
сөзің қайда Мағатайым», «Жалғыз міне отырмыз
әр нәрсе ойлап», «Бірге туған бауырлас» деген
өлең жырларын туғызады.
Мағауияның
бұдан басқа бізге жеткендері: «Жақсы жар», «Жас шыбық»
деген сияқты лирикалары.
Мағауия
Абайдың әр жақты талантты шәкірттерінің бірі,
ақындығымен бірге домбырашы, гармоншы, скрипкашы болды.
Мағауия
әкесі Абай, ағасы Ақылбаймен бірге 1893-94 жылдар Семейдегі
бастауыш білім беру ісіне қамқорлық жасайтын
қоғамның толық мүшесі болады. Ол
қоғам ісіне Абаймен бірге атсалысып. Қолдан келген
жәрдемін тигізеді.
Мағауия
өзінің ерекше адамгершілік қасиетімен, адалдығымен
ақ көңіл, жарқын да жайдары мінезімен, турашыл
әділдігімен өз еліне аса сүйкімді болады. 1900 жылдардан
былай Абай алдына келетін ел ортасының сан алуан жұмысы енді
Мағауия алдынан бітіп, тынатын болады.
Мағауияның
аулы да, әкесі аулындай, елге жақсы өнеге көрсетіп
талапты жастардың басын қосып, білім салыстырып, өнер
жарыстыратын ауыл болады. Жасынан жабысқан науқас Мағауияны
меңдетіп жеңеді. 1903 жылы қараша айынан төсек тартып
жатып, 1904 жылы 14 мамырда 34 жасында Мағауия қайтыс болады.
Мағауияның
сүйегі Ақшоқы деген жерге қойылады.
Мағауия
аталған шығармаларынан бізге жеткен поэмасы – «Медғат –
Қасым». Пожманың жазылған уақыты 1900 жылдардың
шамасы сияқты.
Ал
«Медғат – Қасым» поэмасының бізге жеткен нұсқасы
1908 жылы көшірілген қолжазбасы.
Поэма
Африкадағы плантатор бай мен
құлдардың арасындағы күреске арналған.
Ақын мейірімсіз, дүниеқор, қатал байдан
құлдардын кек алуын шиеленіскен тартыс, бай оқиға
арқылы баяндайды.
«Медғат
– Қасым» поэмасында адам образын жасауда, көркемдік приемдар
жөнінде Пушкин, Лермонтовтардың әсері, жақсы
өнегесі сезіліп отырады.
Поэмады
Қасым образын жасауда «Дубровский» повесі мен «Мцыри» поэмасындағы
кейбір үлгілердің белгілері байқалып отырады.
Мұрат
пен Ғазизаның арасындағы қарым-қатынас Троекуров
пен Машаның кейбір қарама-қарсы мінездерін көз
алдыңа елестетеді.
«Мцыри»
поэмасындағы геройдың барыспен алысуы, Сәлімнің
жолбарыспен алысқан жерін есіңе түсіргендей.
Поэма
өмір шындығынан туған. Ақын тарихи шындықты
шығармасының негізі еткен.
Мағауия
қазақ поэмасының тарихында поэма жанрын жаңа
мазмұнмен байытып, жаңа көркемдік түрмен ілгері
дамытқан Абай төңірегіндегі талантты ақындардың
бірі болды.
Әдебиеттер:
1.
Мұхамедханұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері.
Бірінші кітап. Алматы, 1995.
БІРЖАН
ҚОЖАҒҰЛҰЛЫ
(1834-1897)
Тақырыптық жоспар::
1.
Өмірінен қысқаша мәлімет.
2. Біржан
- әнші, композитор, суырып салма ақын.
3. Біржан
мен Сара айтысы.
4.
Айтыстың басты тақырыбы.
5.
«Біржан – Сара» айтысы осы жанрдың ішіндегі ең биігі.
Біржан -
әрі композитор, әрі ақын және асқан әнші.
Ол - ән жанрын байытқан, атап айтқанда әуен мен тексті
қатар дамытқан және ән салудың жаңа
стиліндегі шебер үлгісін қалыптастырған, сол сенімді айтыс
өнерін ақындықтық шыңына жеткізген, кезінде
теңдесі жоқ ұлы талан иесі болған.
Біржан
творчествосының негізгі белгісі тақырыпқа арналған
әндерден тұрады. Ол өзіне дейінгі халық әндері
мен халық өлеңдерінің бай қазынасынан
үйреніп, көлемі кең, жаңа ырғақты,
құрылысы үрделі, терең мазмұнды, лирикалық
әндер тудырды.
Біржан
1834 жылы қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданы, Степняк
қаласы орнаған жерде туған. Руы – керей. Өз әкесі
– Тұрлыбай.
Біржан
халық ортасында жүріп, ән салып, өнер таратып
салдық құрады. Ол кезде салдық, серілік салт
әнші-ақындардың халықпен араласуының бірден-бір
жолы болып, көшпелі театрдың міндетін атқарады. Салдық,
серілік өнерімен машықтану Арқада Біржаннан басталады
және кейінгі әнші-ақындарға үлгі болып
қалған.
Біржанның
«Тентек», «Жайма шуақ», «Айтбай», «Ләйлім шырақ»,
«Бұрылтай», т.б. әндері автордың өміріне байланысты
туындаған. «Қаламқас», «Алтын балдақ»,
«Ақсеркеш», «Керкекіл», «Бірлән», «Ғашығым»,
«Ғашық жар», «Мақпал», «Айжан қызға», «Орынтай»,
«Қалқама», «Ақжорғажан», т.б. арнау
өлеңдерінде ақын жалындаған жастықты,
достықты, махаббатты жырлаған.
Біржанның
әдеби мұрасының ішінде көркемдік дәрежесі аса
жоғары шығармаларының бірі – Сарамен айтысы. Бұл айтыс
творчествосында ғана емес, төңкеріске дейінгі айтыс
жанрының дамуында ерекше орын алады.
Біржан –
Сара айтысы, айтыс жанрының даму тұрғысынан алғанда,
ақындар айтысына жатады. Екі ақын да бір-бірінің атағын
сырттай есітіп, айтысуға құштар болып жүреді.
Біржан:
Көкшетау
дуанына даңқың барған,
Мен
Біржан аты таудай айқындалған.
Есіткелі
Сара, сені үш жыл болды,
Сері едім
төңірекке құлаш салған, – десе,
Сара Біржанға:
Біржан
сал, ажал айдап өзің келдің
Іздерге
ойланып ем өткен жылы, – дейді.
Міне, екі
атақты ақын, өз
өнерлерін айтыс үстінде осылай көрсетеді.
Біржан –
Сара айтысында бірнеше мәселелер қозғалады. Әйтсе де
айтыстағы негізгі тақырып, басты сарын - әйелдің бас
бостандығы.
Еі
ақынның екеуі де әйелдің бас бостандығын
айтыстың тақырыбы еткенде, тек оны бірін-бірі сынау мәселесі
ғана етіп тынбайды, сол кездегі заман трагедиясы есебінде,
қоғамдық дәрежеге көтереді және оған
өздері арашашы болады.
Біржан -
әрі ақын, әрі асқан ақын. Ол әуен мен
текстті қатар дамыта отырып, ән жанрын байытып,
қалыптастырады, сөйтіп әншілік творчестволық
салтқа айналдырып, Арқада алғаш әншілік
дәстүрін қалдырды. Мұнымен қатар әншілікте
өзіндік жаңа стиль тауып, шығармаларын халық тілегімен
ұштастырып, оптимизмді – тіршілік қызығын жырлады. Айтыс
жанрының дамуындағы ең жоғары көркемдік тегі
болып есептелінетін айтыс түрін алғаш қалыптастырды,
қазақтың айтыс ақындарының ішінде бірінші болып
әйелдің бас бостандығын жыр етті. «Біржан – Сара»
операсының либероттосына негізгі желі болуы да айтыстың
идеялық мазмұны мен көркемді құндылығы.
Бақылау
сұрақтары:
1.
Біржанның әдебиетіміз бен мәдениетіміздегі орны қандай?
2.
Біржанның әншілігін дәлелдеп айтып бер.
3. «Біржан мен Сара»
айтысының басты тақырыбы не?
4.
Айтыстың маңызы және алатын орны қандай?
Әдебиеттер:
1.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы.
Алматы, 1997, 719-761-беттер.
2. Біржан
сал Қожағұлұлы. Өлеңдер. Алматы, 1967.
3.
Сүйіншәлиев Х. XIX ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.
4.
Исмайлов Е. Ақындар. Алматы, 1956.
5.
Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. Алматы, 1975.
6.
Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. Алматы, 1973.
7. Бес ғасыр жырлайды. I том,
Алматы, 1989, 362-371-беттер
АҚАН СЕРІ
Тақырыптық жоспар:
1.
Ақанның өмірінен мәлімет.
2.
Әлеуметтік мәселеге үн қосуы.
3.
Лирикалық өлеңдеріндегі сұлулық.
4.
Ақан – композитор.
Ақан
Қорамсаұлы қазіргі Көшетау облысында Қоспал деген
жерде 1843 жылы туған.
Ақан
ертерек оянып бозбалалық құрады. Ақанның сырлы
сөзі, лирикаға толы, нәзік үні елдің назарын
аударады. Ел ақынға сері деген атақ беріп,
құрметтейді. Ақан Бәтима деген қызға
үйленеді. Бәтимадан бір ұл, екі қыз туады. Он жылдан
кейін Бәтима дүниеден өтеді.
Құсбегі,
тазышыл, аңшыл Ақан жүйрік тазы, алғ,ыр қыран
ұстайды. Тазысына Базаралы, алғыр қырын құсына
Қараторғай деп ат қояды. Көп ұзамай-ақ ел
аузында аңыз болып кеткен өрен жүйрік Құлагерге
ие болады.
Ақан
өз еліндегі Ұрқия деген қызға үйленеді.
Бірақ ол да үш ай отасқаннан кейін қайтыс болады.
Мұнан кейін жақын інісі өледі. Осы екі қаза
Ақанға қатты батады.
Ақан
кезіндегі қоғамдық мәні зор үлкен
мәселенің бірі жер мәселесі туралы толғанып,
үкімет алдында заңды тілектер қойды.
«Пара-пар крестьянға
тең болмадық» дейтін өлеңінде
ақын:
Пара-пар
крестьянға тең болмадық,
Тартылып
қай жағаға ем болмадық?
Малымыз,
жерімізден пайда тиіп,
Қалайша
патшамызға дем болмадық?
Орыс, ноғай,
сарт-сабан, саудагерге,
Қалайша
малмен, жермен тең болмадық? – дейді.
Ақан
би, болыс, байлардан түңілсе де, ел үшін күресетін
жастар деп ұғып, оларға деген сенімін жоғалтпайды.
«Заман
туралы» өлеңінде жастарды өнерге, ғылымға
шақырады.
Жігіттер
өнер үйрен заманыңда,
Денсаулық
әлің келген аманыңда.
Жайылып
сахарада жатамыз деп,
Мінекей,
қалың дұшпан табаныңда.
Ақан
артта қалудың бір себебі – еріншектік, жалқаулық екенін
айтады да, жастарды сақтандырады.
Ақан
– лирик ақын. Бірқатар өлеңдері заман туралы
ақынның көзқарасын, ой-сезімін көрсететін саяси
лирикалар тобына жатса, бір алуаны, тіпті махаббат, достық, жастық
тақырыбындағы лирикаға жатады. Ақанды әдемі
табиғат та, алғыр қыран да, жүйрік атты да
сұқтандыра қызықтырып, сұғына жырлатыды.
Сезімін оятқан әдемі, көркем құбылыстардың
бәрін де ол егіле, беріле суреттейді. Оның «Ақ иық пен ақ
түлкі», «Ақ көйлек», «Сұлу қызға» т.б.
лирикалық өлеңдерінен сұлулықты мадақтап,
сүйсіне жырлайтындығы айқын аңғарылады.
Ақан адамның түсі де, жаны да, ісі де сұлу болуын
тілейді.
Ақанның
лирикалары өмірге құштарлықпен қарайтын,
өмірді сүйетін жастардың жан сезімін танытқан.
Сондай-ақ ақын адамның жас ерешеліктерін де
өлеңге қосты («Жастық шақтар», «Кәрілік», «Жиырма
бес»).
Ақан
өлеңдеріне ән шығарған («Сырымбет», «Майда
қоңыр», «Көк жендет», «Қара торғай»,
«Әйкөк» т.б.)
Ақынның
шығармашылығы дамып келе жатқан әдебиетіміздің,
мәдениетіміздің қорына қосылған салмақты
үлес болды.
Бақылау
сұрақтары:
1.
Ақан қашан, қай жерда дүниеге келген?
2.
Әлеуметтік мәселеге арналған қандай өлеңін
білесің?
3.
Лирикалық өлеңдерінде қандай сұлулық сыры
бар?
4. «Құлагер»
өлеңін жаттап алып, өздігіңнен талдау жаса.
Әдебиеттер:
1.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы.
Алматы, 1997.
2 . Бес ғасыр жырлайды. II том,
Алматы, 1989, 143-165-беттер.
ӘСЕТ
НАЙМАНБАЙҰЛЫ
(1867-1923)
Тақырыптық жоспар::
1.
Әсеттің өмірі мен ақындық қызметі.
2.
Әсет – әнші-ақын.
3.
Әсеттің әндері.
4.
Поэмалары.
5.
Аудармалары.
Әсеттің
есімі оқырман жұртқа, негізінде «Әсет пен Рысжан»,
яғни айтыс ақыны ретінде таныс. Алайда, Әсеттің
айтыстарымен бірге «Пушкин», «Салиха-Сәмен», «Ағаш ат», «Үш
жетім қыз» т.б. поэма, дастанда жазған эпик ақын.
«Адамның бұлбұлы» атанған әнші-композитор. Оның
өзі шығарған «Әсет», «Қаракөз»,
«Інжу-маржан» секілді ондаған әндері бар.
Әсет
Найманбайұлы 1867 жылы Қарқаралы уезі, Темірші болысы
сегізінші ауылда туған. Руы – Арғын, Қаракөсек ішінде
Майлық деген белгісіздеу атадан шыққан.
Әсет
жас кезінде ескіше білім алған, әкесі оны 7-8 жасында Көктума
қаласындағы Зейнулла деген имамның медресесінде
оқытады. Медреседе оқып жүріп, өзінің зеректігін
танытып, өлең мен домбыраға, гармонға да
құмарлығын білдіреді.
Әсет
14-15 жасқа келгенде әкесі өледі де оқуды тастап,
Көктал болысы Байжігіт деген елдегі нағашысының қолына
барады. Онда Әсет ән салып, өлең айтумен көзге
түседі. Әсет осы жерде үйленеді де, өз еліндегі
үй-ішін көшіртіп алып, туған еліне бұдан кейін
қайтып оралмайды.
Әсет
1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болған.
Әсеттің бала-шағасы қазіргі Семей облысы, Манақшы
ауданы, Бахты селосында тұрады.
Соңғы
кезде Жақыпбаев Бозтайжолдас Қ.Әділбекұлынан жазып
алған Әсеттің жеті
әнінің ішінен: «Мәлике қыздың әні», «Майда қоңыр»,
«Зұлқия әні», «Мақпал әні», «Кәрілік туралы
ән» т.б. сияқты әндері халықтың сүйікті
әніне айналған.
Әсет
өз заманындағы қисса жазушы ақындар сияқты
әр түрлі тақырыпта қиссалар да жазған. Бұл
дастанның үш-төрт варианты Қазақ
Ұлттық Ғылым академиясының тіл мен әдебиет институтында
қолжазба түрінде сақтаулы. Бұл дастан «Ағаш ат»
деп аталады.
Дастан он
бір буынды қара өлең ұйқасымен жазылған,
тілі көркем, оқуға жеңіл, оқиғасы ертегі
негізінде құрылған. Әсеттің күрделі
шығармасының бірі – «Салиха-Сәмен» атты романтикалық
поэмасы. Әсеттің бұл поэмасында Алтай тауын мекендеген Ясукай
деген ханның сұлу қызы Салиха мен сол ханның қоластындағы
Сәмен деген өжет жігіттің бас бостандықтары үшін
махаббат жолында қайырымсыз, хандардың орнатқан
әділетсіз заңына, әдет-ғұрпына қарсы
тұрып, армандарына жете алмай, қатал заңның
құрбаны болғандығы жайлы сөз етеді.
Әсеттің
ендігі қисса дастандарының бірі «Үш жетім қыз» атты
шығармасы.
Әсет
орыс әдебиетіне де бой ұрған. Орыстың ұлы
ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын аударған.
Әсет өзін Абай шәірттерінің бірі санап,
қазақтың ұлы ақынын қадірлеп, ұстаз
тұтқан адам.
Сайып
келгенде Әсет Найманбайұлы – сегіз қырлы, бір сырлы
ақын, әрі әнші-композитор. Оның
өлең-жырлары, айтыстары мен дастандары және музыкалық
шығармалары халқымыздың әншілік дарынын, даналығын
танытқандай, ұрпақтар ғибрат алғандай асыл
мұра, әдеби қазына.
Бақылау сұрақтары:
1.
Әсет қашан, қай жерде дүниеге келген?
2.
Әсеттің қандай әндерін білесің?
3.
Әсет қандай поэмалар жазды?
4.
Аудармаларын атап айт.
Әдебиеттер:
1.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы.
Алматы, 1997, 709-719-беттер.
2.
Әсет. Өлеңдер, әуендер, айтыстар, дастандар, хикаялар,
естеліктер. Алматы, 1968.
3. Бес ғасыр жырлайды. II том,
Алматы, 1989, 337-345-беттер.
САРА ТАСТАНБЕҚЫЗЫ
(1853-1907)
Тақырыптық жоспар:
1.
Өмірінен мәлімет.
2. Арнау
өлеңдері мен көңіл-күй сезім жырлары.
3.
«Тордағы тоты» (1960), «Ақын Сара» (1985) жинақтарына енген
шығармалары.
4.
Біржанмен айтысы.
Жас
кезінен өнер мен талант тұла бойында тұнып тұрған
Сара ерекше болмысымен ерекшеленеді. Сараның қатарында
көптеген айтыскер қыздар болды: Манат, Ырысжан, Ақбала,
Күңбала, Тоғжан, Айжан, Ақсұлу, Айсұлу,
Жантөлі, Мақта, Мәйке, Айкүміс, Шәлипа,
Ләтипа, Шәрипа, Қызболық, Шөкейқыз,
Тәбия, Дәмеқыз, Ұлбике, Қадиша, Ажар, Женейқыз,
Күйкентайқыз т.б. айтыс өнерінің қыздары –
ақпа ақындардың алтын алқасы. Олардың көбі
15-17 жастар шамасында болды.
Аяулы
ақын, ару Сара, сымбатты сұлу Сара, даңқты дана
қыз Сара – XIX ғасыр қазақтың мешеу
қоғамы түнегінде таң шолпаны болып сәулесін
шашқан нұрлы Сара.
1853 жылы
қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Матай –
Қаптағай елінде туып өскен.
Тастанбектің
інісі Жайсалбек Сараны тәрбиелеуде көп еңбек етті. (зерт.
Тәңірберген Қалилаханов). Шешесі – Уәзипа , інісі –
Сахади еді.
өтепберген Ақыпбекұлы
Сараның өмірі туралы 1853-1907 жылдарды көрсетеді.
Өз
теңіне бармаған Сара Біржанның көмегімен азат болып,
Бекболға қосылып, бес бала сүйген.
Ақын
Сараға өз еліндегі қобызшы Молықбай ақынның
әсер-ықпалы болуы табиғи.
Сара
еліне танымал Ниязбек, Мәулімбай, Қыдыралы, т.б. ақындармен
кездесіп, айтыс өнеріне жаттығады.
Тасыбек,
Ермек, Құдайбергендермен айтысады. Сара сымбатты сұлу
қыз болып келе жатқан шағында 13 жасынан
Жиенқұлға құда түседі. Маман,
Тұрысбектер бұл жұмысқа мүдделі болады.
Болыс
Тәнекеұлы Есімбектің бәйбішесі Шәлипа
Сараға қамқорлық көрсетеді.
Сайлаубек
Қайнарбаев: «Сара Тастанбкеқызының өмір баяны мен шығармашылығы
туралы деректер» (Алматы, 1976) кітабын шығарады.
Сара
мұңы – Орынбай, Әсет, Әділ, Абай, Біржандарды
қатты алаңдатты.
Біржан
Сарамен айтысу алдында Абай ауылынан аттанады. Айтыста Тұрысбектің
отырғанын Сара пайдаланып мұң-зарын төгеді.
Тәңірберген
Қалилаханов «Тордағы тоты» (Жазушы, 1980) жинағын,
Тағдыр тәлкегі» көлемді туындысымен ашылады.
«Жүрек» дастанында Баян мен
Сайынның бөлек махаббатын жыр еткен.
«Ашындым»,
«Арсалаң алдында», «Ортақ мұң»
өлеңдерінің мәні де ерекше.
Әдебиеттер:
1.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы.
Алматы: Санат, 1997, 740-760-беттер.
2.
Сүйіншәлиев Х. XIX ғасыр әдебиеті. Алматы: Мектеп,
1988, 106-125-беттер.
3.
Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. Алматы: Білік, 1999, 577-бет.
4.
Ақын Сара. Алматы: Жазушы, 1995, 144-бет.
ГЛОССАРИЙ
Ақын –
поэзиялық туындыларды, өлең, жыр, дастандарды, поэмаларды
ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі, сөз шебері.
Ақын деген ұғымның жырау, жыршы, өлеңші
сияқты ұғымдардан ауқымы кең, ол солардың
бәрін қамтиды.
Жырау – жазба
әдебиетінің ежелгі өкілдерінің бірі, ірі
қоғамдық мәселелерді қозғайтын толғау
– жырларды шығарып айтушы, жыршы болумен қатар ойшыл,
көреген, сәуегей. Жырау тұлғасы ерте дәуірлерде,
тайпалық бірлестік тұсында қалыптасып, XV-XVIII
ғасырларда үлкен өнер иесі және қоғам
қайраткері ретінде танылған. Жырау сөзінің
алғашқы хатқа түсуі
XI ғасырдан басталады.
Толғау –
қазақ сондай-ақ қарақалпақ, ноғай
секілді басқа дахалықтардың ауызша поэзиясында кең
тараған қоғамдық-саяси лириканың бір түрі.
Толғау тарихы жыраулық поэзияға тікелей қатысты.
Толғауда маңызды қоғамдық-әлеуметтік,
саяси-философиялық тақырыптар, азаматтық әуендер
кеңінен орын алады.
Импровизация –
өлең жырды тұтқиылдан суырып салып айту өнері.
Импровизаторлық өнер қазақ ауыз
әдебиетінің, поэзияның ең бастыөзгешеліктерінің
бірі. Шынайы биік өнер болып саналатын айтыс – табанда суырып
шығарып айтатын ақындардың сөз сайысы.
Арнау –
өлең белгілі бір адамның бейнесін, мінез-сипатын суреттеу
мақсатымен жазылған поэзиялық туынды.
Мысал –
айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне
өлең түрінде келетін сюжеттер, шағын көлемді
көркем шығарма.
Сықақ –
(латынша – әр түрлі, көбінше өткір сықақ
түріндегі өлеңдер тобы деген мағынада
қолданылған) қоғамдық өмірдегі
қайшылықты, әділетсіздікті, озбырлықты, жиіркенішті
мінез-құлықтарды өткір сынға алып, шенейтін ащы
мысқыл, кекесінге толы шығарма.
Кенесары. Абылай ханның отыз ұлы
болған. Солардың ішіндегі ең кенжесі – Қасым
сұлтан. Кенесары Қасымның бәйбішесінен туған
ұл. Кенесары Қасымұлы – Абылай ханның немересі.