Ф.7.11-19

 

                                                       

 

 

                                                            Қалдыбаев Т.

 

 

 

 

 

 

XIX ғасырдағы  қазақ әдебиеті

пәнінен практикалық сабақтар бойынша

 әдістемелік нұсқау

 

 

 

 

 

Шымкент – 2009

                Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым министрлігі

 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

 

 

 

Қазақ әдебиеті кафедрасы

 

 

Қалдыбаев Т.

 

 

 

 

 

«XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихы » пәнінен

050117 қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарының студенттеріне

практикалық сабақтар бойынша

әдістемелік нұсқау

 

 

 

Оқу түрі: күндізгі

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент – 2009

 

 

 

 

 

 

 

 

ББК 83.3(2) я 73

 

Құрастырған: ф.ғ.к., доцент Қалдыбаев Т.

 

 

«XIX ғасырдағы  қазақ әдебиеті» пәнінен практикалық сабақтар бойынша әдістемелік нұсқау.

Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2009 – 23 бет.

 

     Әдістемелік нұсқау пәннің оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес құрастырылған. Әдістемелік нұсқауда практикалық сабақтарда қажетті барлық мәліметтер қамтылған. Әдістемелік нұсқау филология және қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарының студенттеріне арналған. Әдістемелік нұсқау оқытудың несиелік жүйесіне сай студенттердің өз бетінше терең ізденіп, шығармашылықпен жұмыс жүргізуіне негізделген.

      XIX ғасырдағы  қазақ әдебиеті пәнінен практикалық сабақ барысында ақын-жыраулардың шығармашылығындағы Шығыстың классикалық әдебиеті дәстүрлерімен сабақтастығын меңгереді, әдеби шығармалардағы рлмантизм, реализм көркемдік әдістерінің ұлттық және жалпы адамзаттық сарындар жүйесімен тектестігін және өзгешеліктерін саралайды. Абай,. Ыбырай, Шоқан шығармашылығының ұлттық әдебиет  деңгейін  биіктетудегі маңызын тереңдете ұғынады. Ақындар шығармаларындағы лирикалық және эпикалық жанрларды ұлттық әдеби даму процесі тұтастығы поэтикасы заңдылықтары тұрғысында танып біледі.

 

Рецензент: Дуанаева С.А. – ф.ғ.к. М.Әуезов атындағы ОҚМУ

                    «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доцент м.а.

                    С.Өмірзақов – ф.ғ.к. Қ.А.Иассауи атындағы ХҚТУ

                    «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доценті

 

    Қазақ әдебиеті кафедрасының мәжілісінде (хаттама №1, 27.08.2009) және филология факультетінің әдістемелік комиссиясының отырысында қаралған және басуға ұсынылған

(хаттама №2  12.10.2009 жыл)

 

  Басуға М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің әдістемелік кеңесі ұсынған,

  хаттама  №2   «17» 10.  2009 ж.

 

 

© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2009

Шығаруға жауапты: ф.ғ.к. Қ.Оразбаев.

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

 

 

Кіріспе.....................................................................................................................4

 

 

Практикалық сабақтардың мақсаты мен міндеттері..........................................4

 

 

Практикалық сабақтардың мазмұны.................................................................4-5

 

Практикалық сабақтардың тақырыптары........................................................5-22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

XIX ғасырдағы  қазақ әдебиеті пәнінен практикалық сабақтарда ұлттық сөз өнері дамуының ерекшеліктерінің, ақындық поэзиядағы фольклор мен әдебиет дәстүрі сабақтастығы мұрасындағы түркі өркениеті және ислам мәдениеті көріністерін Қазақстан жерін отарлау жұмыстары: барлық аймақтарда әскери қамалдар мен бекіністердің салуыны, ресми қазақ хандықтарының жойылуы, аға сұлтандық, болыстық, старшындық, ауылдық отарлық басқару жүйесінің енгізілуінің, Сырым Датұлы бастаған халық қозғалысы және оның XIX ғ. әдеби фольклорлық шығармашылық мұралардағы көріністерін нақты көркем шығармаларды талдай отырып көз жеткізу негізгі нысан болып табылады. Қазақстандағы халық ағарту ісінің жағдайы, XIX ғасырдың бас кезіндегі оқыту түрлері және Бұқара, Самарқан, Хиуа, Ташкент, Қазан, Өфе, Түркістан, Ақмешіт қалаларындағы медіреселерден білім алған қазақ оқығандарының ағартушылық қызметімен  студенттерді жете таныстыру мақсат етіледі.

XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының мазмұнындағы реализм, романтизм тәрізді көркемдік әдістердің көріністерімен ауызша және жазба ақындық дәстүр табиғаты, жыраулық поэзия сілемдерінің сақталуы жөнінде мәліметтер қарастырылады. Ежелгі түркілік, шығыстық жазба әдеби дәстүрлермен сабақтастық, фольклорда синкретизмнің әнші-ақындар арқылы жаңғыра көрінудің сипаты ұғындырылады. Жаңа реалистік жазба әдебиет мазмұнындағы лирикалық, сатиралық өлең, поэма, проза (әңгіме, очерк, ғылыми-көсемсөздік мақала) жанрларының, философиялық трактат, аудармалық және нәзиралық шығармалардың қалыптасуы, дамуы мәселелері қамтылады.

 

                    I Практикалық сабақтардың мақсаты мен міндеттері

 

Жаңа дәуір – еліміздің өз тәуелсіздігін алуы, бұрын белгісіз болып келген әдебиеттегі ой жауһарларын, көрнекті сөз зергерлерінің әдеби мұраларын жаңа қырларынан қарап, танып білуімізге, тәуелсіз елге тән ғылыми ізденіс тұрғысынан зерттеуімізге мүмкіндік те берді. XIX ғасырда халықтың сан ғасырлардан келе жатқан салт-дәстүрлері, өзіндік ел басқару жүйесі күрт бұзылып, ата-мекен, сұлу табиғатының игіліктерінің қастерлеген ұлттық қасиеттерін қорғаумен қатар азаматтық ойларының, ар-ұят, имандылық мәселелерінің сынға түскен кезеңін терең тебіреніспен меңгеру мақсаты көзделеді. Осындай ауыр кезеңдерде халықты еркіндікке, азаттыққа алып шығуға өз үлестерін қоспақ болған ұлы мақсаттағы сөз шеберлерінің отты  поэзиясын: Махамбеттің, Дулаттың, Шернияздың тағы басқа ақындардың халық мүддесі үшін сөз бен қаруды қатар қолданған еңбектерін терең ұғындыру басты назарда болады. Практикалық сабақта студент бұл кезең әдебиеті бойынша іздену барысында әр кезең жарық көрген оқулықтар мен әдеби жинақтарды, зерттеу еңбектерді, мерзімді басылымдарда жарияланған пікірлерді салыстыра ой елегінен өткізіле сергек қарауы қажат. Әдебиеттің дамуына, зерттелуіне қоғамдық, саяси жағдайлардың әсер ықпалын қарастырып отырумен қатар мерзімдік басылымдардағы пікірлерді де ескеріп шығармашылықпен пайдаланады. Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин сияқты қайраткер – сөз шеберлері, сол сияқты ой алыбы ұлы ақынымыз А.Құнанбаевтың әдеби мұрасымен оның ақын шәкірттерінің шығармашылық өмірбаяны, шығармаларын тереңнен үйрену көзделеді. Қазақ әдебиетінің дамуында өзіндік елеулі орындары бар әнші-ақындар мен сал-серілер шығармашылықтарын да қарастырып терең ұғым меңгертіледі.

 

         II Практикалық сабақтардың мазмұны

 

XIX ғасырдағы тарихи әлеуметтік- экономикалық жағдай. Дәуір әдебиетінің саяси-әлеуметтік, көркемдік негіздері. XIX ғасыр әдебиетіндегі негізгі сарындар, саяси бағыттар мен әдеби-көркемдік ағымдар. Әдебиет тарихында XIX ғасыр шығармашылығын хатқа түсіріп, жүйелеп тұжырымдаудағы Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Г.Потанин, Н.И.Ильминский, В.Радлов, Ю.Лютшь, Ә.Диваев, М.Көпеев, Х.Досмухаммедұлы, М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайлов, Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсенбаев, Б.Кенжебаев, Қ.Сүйіншәлиев, С.Қирабаев, Р.Бердібаев, Ә.Дербісалин, М.Мырзахметов, т.б. ғалымдар еңбектері.

XIX ғасыр әдебиетін әдебиеттану ғылымында бағалаудағы көркемдік-теориялық тұжырымдар. Осы дәуір әдебиетінің өзіне шейінгі жасап келген әдебиетпен сабақтастығы, ерекшелік, айырмашылығы. Қазақ тіліндегі баспасөз. «Түркістан уәлаятының газеті», «Дала уалаятының газеті» бетінде әдебиет материалдары, оларға қатысты алғашқы пікір, сыни ойлардың жариялануы. XIX ғасырдың соңын ала Қазан, Петерборда өлең кітап, жеке жинақтардың басылып шығуы. Дулаттың «Өсиетнамасы», Шортанбайдың «Бала зары», түрлі қиссалары. Әдебиеттің ішкі ісінде көркемдік шеңберлерінде байқалған жаңару өзгеріс, даму тенденциялары. Қазақ өлеңінің жаңа түрлері. Дулат әкелген өлеңдегі өзгерістің Абаймен жалғасуы. Жаңа жанрлардың тууы. Еуропалық мәндегі жаңа жазба әдебиеттің қалыптасуы. Мысал, ысқақ, сатираның жандануы. Поэманың тууы. Лириканың толысуы. Сал-серілер өнерінің шарықтауы. Айтыс мәнінің, мазмұнының тереңдеуі. Прозаның алғашқы нысандары. Әдеби сын. Публицистика. Көркем аударма. Тарихи жырдың тууы. Зар-заман ақындары.

 

        III Қолданылатын техникалық құрал-жабдықтар

Оқу фильмі, көркем фильм, күйтабақ, бейне фильм, электронды оқу-құралдары, интерактивті тақта.

 

          IV Сабақты өту тәртібі

Лекция өтіліп болған соң практикалық сабақты өтуге арналған сұрақтар беріледі. Сұрақтарға студенттер дайындалып келеді олардың дайындығын анықтау үшін әртүрлі әдістер арқылы студенттердің білімі анықталады. Олардың өз бетінше іздену деңгейі оқыған материалдардан алған білімі тексеріледі. Нәтижеде меңгерген білімінің деңгейіне қарай бағаланады.

          Практикалық сабақтардың тақырыптары

1-тақырып. XIX ғасырдағы тарихи, саяси-әлеуметтік жағдай

Қамтылатын мәселелер:

-         Қазақстан жерін отарлау жұмыстары;

-         ұлттық- азаттық қозғалысы. Оны бастаған - Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы;

-         ұлттық сөз өнерінің дамуының ерекшеліктері;

-         ақындық поэзиядағы фольклор мен әдебиет дәстүрі сабақтастығы;

-         әр түрлі басқыштағы оқу орындарының ашылуы;

-         қазақ әдебиеті дамуының мазмұнындағы реализм, романтизм тәрізді көркемдік әдістердің көрінісі.

 

                   Практикалық сабақтарға тапсырмалар:

-         XIX ғасырдағы тарихи әлеуметтік жағдайға сипаттама жаса;

-         қандай ұлттық-азаттық қозғалыстар болды? Олардың басшыларын ата;

-         қайсы қалаларда учелищелер, орыс-қазақ мектептері, гимназиялар ашылды?

-         реализм дегеніміз не? Романтизм ше?

-         Қандай жанрлар қалыптасып дамыды?

 

                   Бақылау сұрақтары:

1.      Қазақстан жерін отарлау жұмыстары қалай жүргізілді?

2.      Ресми қазақ хандықтарының жойылуы қай кезде жүзеге асты?

3.      Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық қозғалысы қашан болды?

4.      Ұлттық-азаттық қозғалыс жөнінде қандай дастандар шығарылды?

5.      Осы дәуірде Қазақстандағы халық ағарту ісінің жағдайы туралы айт.

6.      Ғылымдық ізгі мақсатта, адал ниетпен халық мұрасын жинап зерттегендер.

 

          СӨЖ тапсырмалары:

-         XIX ғ ұлттық-азаттық қозғалыстарының тарихи өлеңдер мен дастандарында жырлануы;

-         XIX ғ қазақ және әлем әдебиеттері дамуындағы поэтикалық үндестіктер мен өзгешеліктер;

-         XIX ғ қазақ тұрмысының шетел қаламгерлері шығармашылығындағы бейнеленуі.

 

                     Әдебиеттер:

  1. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы: Санат, 1997.
  2. Қазақ әдебиетінің тарихы. IV том. Алматы, 2004.
  3. Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. Алматы: Ана тілі, 1991.
  4. Сүйіншәлиев Х. XIX ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.
  5. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994.
  6. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. Алматы, 1985.
  7. XIX ғасырдағы қазақ ақындары (зерттеу, мақалалар) Алматы, 1988.
  8. Тебегенов Т. Әдебиет тарихы. Алматы, 1999.

2-тақырып. Дулат Бабатайұлы

Қамтылатын мәселелер:

-         ақын өмірі туралы мәлімет;

-         шығармаларының жариялануы, зерттелуі;

-         патшалық отарлау саясатының басқару жүйесін сынаған өлеңдері;

-         туған жерді, атамекенді құрметтеу әуендері;

-         жағымсыз мінез-құлықты сынауы;

-         адамгершілік, еңбек тәрбиесі туралы ойлар;

-         сатиралық тілмен, мысал мазмұнда бернелеу;

-         «Еспембет» дастанының әдеби-фольклорлық сипаттары;

-         «Шаштараз» дастаны;

-         Дулат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері.

 

                  Практикалық сабаққа тапсырма:

-         Дулат Бабатайұлының өмірі туралы мәлімет;

-         ақын шығармаларын кімдер зерттеді, қайда жарияланды?

-         туған жері мен атамекенге арналған өлеңдері қайсылар?

-         өз ұлтының рухани әлеміндегі жағымсыз мінездерді сынаған өлеңдеріне сипаттама бер;

-         «Тегімді менің сұрасаң», «Ұста соққан темірдей» өлеңдері қандай тақырыпқа жазылған?

-         «Сары шымшық», «Патшаның бір күні» өлеңдері қандай жанрға арналған?

-         Еспембет бейнесінің сомдалу ерекшелігіне сипаттама жаса;

-         сыр сақтай білушілікті уағыздаған қандай дастанын білесің?

-         ақын өлеңдерінің өлшем-өріміндегі жаңашылдығына мысал келтір.

-          

                     Бақылау сұрақтары:

  1. Дулат Бабатайұлы қай жерде дүниеге келді?
  2. Дулат Бабатайұлының қандай жинағы жарық көрді?
  3. Дулат туған жерін, атамекенін өлең арқылы қалай қастерледі?
  4. Арнау өлеңдерінде кімдердің мінез-құлықтарын сынады?
  5. Дулат ақын қазақ әдебиетінде қай жанрдың негізін салды?
  6. «Еспембет» поэмасының идеялық, тақырыптық мазмұны неде?
  7. Дулат өлеңдерінен жатқа үлгі айт.
  8.  

                     СӨЖ тапсырмалары:

-         «Замана сазы» жинағындағы кіріспені оқып, конспект жаса;

-         «Замана сазы» жинағындағы Дулат шығармаларын тақырыпқа топтастыр;

-         «Еспембет» дастанының сюжеттік мазмұнын айтып бер;

-         «Еспембет» поэмасындағы кейіпкерлерге сипаттама жаса.

 

                     Әдебиеттер: 

  1. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы: Санат, 1997.
  2. Қазақ әдебиетінің тарихы. IV том. Алматы, 2004.
  3. Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. Алматы: Ана тілі, 1991.
  4. Сүйіншәлиев Х. XIX ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.
  5. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994.
  6. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. Алматы, 1985.
  7. XIX ғасырдағы қазақ ақындары (зерттеу, мақалалар) Алматы, 1988.
  8. Тебегенов Т. Әдебиет тарихы. Алматы, 1999.
  9. Бабатайұлы Д. Замана сазы. Алматы, 1991.

 

3-тақырып. Махамбет Өтемісұлы

Қамтылатын мәселелер:

-         Махамбет Өтемісұлының өмірі туралы мәліиет;

-         Махамбет шығармаларын жариялау, зерттеу жұмыстары;

-         Махамбет қазақ әдебиетіндегі сыншы реалистік, романтикалық толғаудың ақыны;

-         Ақыннның жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, азаматтық әуендер;

-         Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі;

-         Шығармаларында халық тұлғасы мен Исатай батыр бейнесінің жырлануы;

-         Лирикалық өлеңдеріндегі ақынның өз бейнесінің сомдалуы;

-         Махамбет өлеңдеріндегі жыраулық, ақындық, дәстүр жалғастығының белгілегі;

-         ақынның  шығармаларындағы өлшем-өрім, тіл бейнелілігінің мәселелері.

 

Практикалық сабаққа тапсырмалар:

-         Махамбет Өтемісұлының өмірі туралы толыққа жуық мәлімет жина;

-         Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерей тойына арналған материалдарды оқыңдар;

-         ақынның күрескерлік, жауынгерлік азаматтық өлеңдеріне талдау;

-         Исатай батыр бейнесінің жырлануына мысалдар келтір;

-         ақынның өз бейнесі қандай өлеңдерінде сомдалған?

-         ақын  өлеңдерінне жатқа үлгілер айт.

Бақылау сұрақтары:

1.      Махамбет Өтемісұлы қашан, қай жерде дүниеге келді?

2.      Махамбеттің балалық шағын айтып бер;

3.      Махамбет халық көтерілісіне қай кезден қатысты?

4.      Исатай - Махамбет бастаған көтеріліске сипаттама жаса;

5.      Махамбет өлеңдеріндегі Исатай батыр бейнесіне талдау жаса;

6.      лирикалық өлеңдеріндегі ақынның өз бейнесі сомдалған өлеңдерін жатқа айт.

СӨЖ тапсырмалары:

-         Махамбет Өтемісұлының күрескерлік-жауынгерлік, азаматтық әуен-жырлары;

-         Махамбет өлеңдеріндегі философиялық-психологиялық ойшылдық тереңдіктері;

-         Махамбет өлеңдеріндегі халық тұлғасы және Исатай батыр бейнесінің жырлануы;

-         Махамбет өлеңдерінің бейнелілік жүйесі.

 

                    Әдебиеттер: 

1.  Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы: Санат, 1997.

2.  Қазақ әдебиетінің тарихы. IV том. Алматы, 2004.

3.  Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. Алматы: Ана тілі, 1991.

4.  Сүйіншәлиев Х. XIX ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.

5.  Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994.

6.  XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. Алматы, 1985.

7.  XIX ғасырдағы қазақ ақындары (зерттеу, мақалалар) Алматы, 1988.

8.  Тебегенов Т. Әдебиет тарихы. Алматы, 1999.

9.  Өтемісұлы М. Ереуіл атқа ер салмай. Алматы, 1989.

10. Махамбет жыр семсері. Алматы: Жазушы, 1978.

11. Аманшин Б. Махамбеттің тағдыры. Алматы, 1991.

 

             4-тақырып. Шортанбай Қанайұлы

    Қамтылатын мәселелер:

-         өмірі туралы мәлімет;

-         Шортанбай мұрасының жариянуы, зерттелуі;

-         Шортанбай шығармаларын бағалаудағы бұрынғы сыңаржақ пікірлер;

-         қынның  шығармасындағы негізгі сарын;

-         Шортанбай – патшалық отарлау саясатын әшкерелеуде реалистікпен жырлаған сыншыл, ойшыл, суреткер ақын;

-         заман зарын жырлаған толғаулары;

-         адамгершілік тәрбие қағидаларын уағыздаған толғаулары;

-         айтыстарындағы сыншыл өткірлік бейнелі тіл нақыштары;

-         Шортанбай шығармаларының көккемдік ерекшеліктері.

 

                   Практикалық сабаққа тапсырмалар:

-         Шортанбай Қанайұлының шығармашылық жолын баянда;

-         ақынның Түркістанды, Арқаны мекендеген өмір кезеңдеріне сипаттама жаса;

-         имандылықты уағыздау ақын шығармашылығының негізгі сарыны дегенде нені ұғасың?

-         ақын патшалық отарлау саясатына қалай қарады?

-         Зар заман ағымы дегенде нені түсінесің?

-         «Бір насихат айтайын», «Сөз айтайын Асанға», «Бала зары» толғауларына тақырыптық идеялық талдау жаса;

-         Шортанбай ақынның қандай айтыстарын білесің?

-          

                      Бақылау сұрақтары:

1.      Шортанбай мұрасы қайда жарияланды және кімдер зерттеді?

2.      Шортанбай мұрасын бағалауда қандай пікірлер орын алды?

3.      Шортанбай қандай әдебиет дәстүрі тағылымында қалыптасқан ақын?

4.      Ақын «Атамыз Адам пайғамбар», «Адамның жалған дүниесі», «Қалықтаған сұңқар ем» шығармаларында нені уағыздады?

5.      «Зар заман» толғауына сипаттама жаса;

6.      адамгершілік-тәрбие қағидаларын  уағыздаған толғауларын сипаттап бер;

7.      «Шортанбай мен Орынбай айтысына» талдау жаса.

                       СӨЖ тапсырмалары:

-         ақынның «Қайран, халқым» жинағын оқып, өлеңдерін топтастыр;

-         «Қайран, халқым» жинағындағы ғалымдардың пікірлеріне көзқарасыңды білдір;

-         «Патшалық отарлау саясаты және қазақ бодандығы» тақырыбына эссе жаз;

-         Шортанбай ақынның айтыстарын қазіргі күнгі айтыстармен салыстыр.

 

                   Әдебиеттер: 

1.  Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы: Санат, 1997.

2.  Қазақ әдебиетінің тарихы. IV том. Алматы, 2004.

3.  Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. Алматы: Ана тілі, 1991.

4.  Сүйіншәлиев Х. XIX ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.

5.  Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994.

6.  XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. Алматы, 1985.

7.  XIX ғасырдағы қазақ ақындары (зерттеу, мақалалар) Алматы, 1988.

8.  Тебегенов Т. Әдебиет тарихы. Алматы, 1999.

9.   Мәдібай Қ. Зар заман ағымы. Алматы, 1997.

10. Омаров Б. Зар заман поэзиясы. Алматы, 2000.

11. Шортанбай Қанайұлы Қайран, халқым. Алматы, 2002.

 

5- тақырып. Сүйінбай Аронұлы

Қамтылатын мәселелер:

-         өмірі туралы мәлімет;

-         Сүйінбай мұрасының жариялануы мен зерттелуі;

-         толғауларының тақырыптық-идеялық мазмұны;

-         елдің тарихы, ел қорғаған батырлар туралы толғаулары;

-         адамгершілік тәрбиесі туралы толғаныстары;

-         халыққа жәбір-жапа шектірген озбырлық  жасаушыларды, ұрыларды, сараңдарды сынаған толғаулары, өлеңдері;

-         әйелге адам өмірінің кезеңдеріне арналған өлеңдері;

-         Сүйінбайдың айтыстары;

-         ақын шығармаларының бейнелілігі.

 

              Практикалық сабаққа тапсырмалар:

-         Ақынның Ақиық жинағын оқып, шығармаларын топтастыру;

-         Сүйінбайдың қазақтың сүре және түре айтыстарын дамытудағы еңбегіне баға бер;

-         «Өтеген батыр», «Қарасай батыр», «Сұраншы батыр» дастандарының сюжеттік мазмұнын меңгеріңдер.

 

           Бақылау сұрақтары:

  1. Сүйінбай Аронұлы қашан, қай жерде дүниеге келген?
  2. Қайсы батырларға арнап дастандар шығарған?
  3. Адамгершілік тәрбиесі туралы ақын кредосын айт.
  4. Сыни толғаулары мен өлеңдеріне мысал келтір.
  5. «Жиырма беспен қоштасу», «Жиырма бестің айқайы», «Өмір ағысы» өлеңдерін идеялық тақырып тұрғыдан талда.
  6. «Сүйінбай мен Қаңтарбай айтысына» сипаттама жаса.
  7. Сүйінбай мен Тезек төре айтысының идеялық мәні неде?
  8. Сүйінбай ақындардың ұстазы – ой толғауы.
  9.  

СӨЖ тапсырмалары

-         ақынның батырлардың ерлігін сипаттаған дастандарын ауызша мазмұндап бер;

-         Сүйінбайдан қалған нақылдар қайсылар?

-         ақынның арнау өлеңдерінің идеялық мәні.

-         Сүйінбайдың адам өмірінің кезеңдеріне берген сипаттамасы.

-          

            Әдебиеттер: 

1.  Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы: Санат, 1997.

2.  Қазақ әдебиетінің тарихы. IV том. Алматы, 2004.

3.  Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. Алматы: Ана тілі, 1991.

4.  Сүйіншәлиев Х. XIX ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.

5.  Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994.

6.  XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. Алматы, 1985.

7.  XIX ғасырдағы қазақ ақындары (зерттеу, мақалалар) Алматы, 1988.

8.  Тебегенов Т. Әдебиет тарихы. Алматы, 1999.

9.  Аронұлы С. Ақиық. Алматы, 1972.

10. Аронұлы С. Менің пірім Сүйінбай. Шымкент, 1993.

 

6-тақырып. Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Қамтылатын мәселелер:

-         ақынның өмірі туралы мәлімет;

-         Майлықожа көп тілді меңгерген білімдар ақын;

-         ақынның  толғау термелері;

-         арнау өлеңдері;

-         мысал өлеңдері;

-         айтыстары;

-         табиғат құбылыстарын жырлаған өлеңдері.

 

            Практикалық сабаққа тапсырма:

  1. Ақынның нақыл өлеңдер жинағын оқып, шығармаларын тақырыптарға топтастыру.
  2. Майлықожа Сұлтанқожаұлы (Алматы, 2005) жинағымен танысу.
  3. Ақынның арнау өлеңдеріндегі ғибратты меңгеру.
  4. Өмір өткіншілігі жөніндегі өлеңдеріне сипаттама жасау, бүгінгі күнмен байланыстыру.
  5. Ордабасы ауданы тұрғындарының Майлықожа жөніндегі естеліктерін жинау.

 

           Бақылау сұрақтары:

-         Майлықожаның туып, өскен жері туралы мәлімет;

-         философиялық ғибратты ойларбілдірген толғау-термелеріне сипаттама жаса;

-         арнау өлеңдеріндегі адамгершілік, парасаттылық ойларын айтып бер;

-         ақын өлеңдерінен жатқа үлгілер айт;

-         озбырлықты әшкерелеген өлеңдерінің сипаты дүние өткіншілігін жырлаған өлеңдерін атап бер;

-         ақынның мысал өлеңдері қайсы?

 

            СӨЖ тапсырмалары:

-         Майлықожа Сұлтанқожаұлы араб, парсы, ежелгі түркі классикалық әдебиетімен жете таныс, білімдар ақын – реферат жазу;

-         «Нақыл» жинағындағы ақын шығармаларын тақырыптық тұрғыдан топтастыру;

-         Майлықожаның толғау-термелерінің философиялық ғибратты ойлар;

-         Майлықожа мысалдарының гуманистік-эстетикалық ұлағаты;

-         Майлықожаның айтыстары.

 

            Әдебиеттер: 

1.  Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы: Санат, 1997.

2.  Қазақ әдебиетінің тарихы. IV том. Алматы, 2004.

3.  Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. Алматы: Ана тілі, 1991.

4.  Сүйіншәлиев Х. XIX ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.

5.  Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994.

6.  XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. Алматы, 1985.

7.  XIX ғасырдағы қазақ ақындары (зерттеу, мақалалар) Алматы, 1988.

8.  Тебегенов Т. Әдебиет тарихы. Алматы, 1999.

      9.  Сұлтанқожаұлы М. Нақыл. Алматы, 1976.

10. Майлықожа Сұлтанқожаұлы. Шығармалар жинағы. Алматы, 2005.

 

7-тақырып. Базар Оңдасұлы

Қамтылатын мәселелер:

-         ақынның өмірі туралы мәлімет;

-         ақындық қалыптасу жолындағы негізгі кезеңдер;

-         толғау, термелеріндегі тақырыптық-идеялық мазмұн сипаты;

-         көңіл-күйді айшықтайтын философиялық толғаныстары;

-         халық тағдырына арналған азаматтық, әлеуметтік әуендегі толғаулары;

-         лирикалық өлеңдерінде сыршылдық пен махаббат;

-         сатиралық өлеңдері;

-         дастандары;

-         Базар шығармаларындағы көркемдік нақыштар, бейнелілік.

 

            Практикалық сабаққа тапсырмалар:

-         «Базар жырау шығармалары» (құрастырған Ш.Алдашев) жинағын оқып, тақырыптарға топтастыру;

-         толғау-термелеріндегі философиялық толғаныстарды айқындау;

-         азаматтық, әлеуметтік әуендегі толғауларына талдау жасау;

-         «Айна-тарақ», «Әмина қыз», «Мақпал сегіз» дастандарының фольклорлық сипаттарын ашу.

 

Бақылау сұрақтары:

1.      Базар Оңдасұлының өмірі туралы толық мәлімет айт.

2.      Базардың ақын болып қалыптасуына байланысты аңыздарды келтір.

3.      «Базар жырау шығармалары» жинақтағы өлеңдерді қалай топтастырдың?

4.      Күйтабақтан тыңдаған ақын-толғауларына сипаттама жаса.

5.      Базар жырау дастандарының фольклорлық сипаттарын айқындап бер.

 

СӨЖ тапсырмалары:

-         Базардың көңіл-күй сырларына, халық тағдырына арналған толғау-термелері;

-         Базардың лирикалық-сатиралық өлеңдеріндегі ұлттық-этнографиялық ерекшеліктері;

-         Базардың дастандары фольклор-мифтік бейнелеулердің реалистік мәні;

-         Базардың «Мақпал сегіз» дастаны: тарихилық-көркемдік шешім;

-         Базар шығармашылығына кластер жаса.

 

               Әдебиеттер: 

1.  Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы: Санат, 1997.

2.  Қазақ әдебиетінің тарихы. IV том. Алматы, 2004.

3.  Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. Алматы: Ана тілі, 1991.

4.  Сүйіншәлиев Х. XIX ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.

5.  Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994.

6.  XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. Алматы, 1985.

7.  XIX ғасырдағы қазақ ақындары (зерттеу, мақалалар) Алматы, 1988.

8.  Тебегенов Т. Әдебиет тарихы. Алматы, 1999.

9. Базар жырау шығармалары. Алматы, 1986.

10.Базар ақын. «Парасат» журналы, 1993, №3.

 

 

8-тақырып. Мұрат Мөңкеұлы

Қамтылатын мәселелер:

-         ақынның өмірі туралы мәлімет;

-         Мұрат мұрасының жариялану, зерттелу тарихы;

-         Мұрат шығармаларындағы ойшылдық, философиялық-азаматтық тереңдік;

-         Мұрат – патшалық отарлау сясатының зардаптарын анық болжаған ақын;

-         ақын толғауларындағы   халқының азып-тозбауын аңсаған романтикалық ой-армандары;

-         ақынның адамгершілік тәрбиесіне байланысты философиялық ойшылдық;

-         арнау жанрларындағы шығармалары;

-         Мұраттың жыршы-ақындығы;

-         «Қарасай - Қази» дастаны.

 

Практикалық сабаққа тапсырмалар:

-         мерзімді баспасөзден «Үш қиян», «Қазтуған», «Сарыарқа» толғаулары бойынша материалдар топтастыру;

-         арнау жанрларындағы шығармаларының идеялық мәнін ашу;

-         «Мұрат батырлық жырларды айтушы» тақырыбында деректер жинау;

-         «Қарасай-Қази» дастаны композициясындағы қоштасу, жоқтау жырларының лирикалық әсерлілігін көрсету.

 

Бақылау сұрақтары:

1.      Мұрат Мөңкеұлының өмірі туралы мәліметті толық айтып бер.

2.      Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығын зерттеушілерге шолу жаса.

3.      Ақын толғауларындағы адамгершілік тәрбиесіне байланысты философиялық ойшылдықты атап көрсет.

4.      Мұраттың өзіне дейінгі ақындардың жырларын айтып келгендігіне деркетер келтір.    

 

СӨЖ тапсырмалар:

-         Мұраттың түркі тайпалары, қазақ халқы атамекендеріне арналған толғауы;

-         Мұрат өлеңдерінің жанрлық түрі: толғау, хат-өлең, той бастар;

-         Мұраттың жыршы ақындығы және Қарасай – Қази дастаны;

-         Мұрат айтысыныңжанрлық, көркемдік ерекшеліктері.

 

           Әдебиеттер: 

1.  Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы: Санат, 1997.

2.  Қазақ әдебиетінің тарихы. IV том. Алматы, 2004.

3.  Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. Алматы: Ана тілі, 1991.

4.  Сүйіншәлиев Х. XIX ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.

5.  Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994.

6.  XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. Алматы, 1985.

7.  XIX ғасырдағы қазақ ақындары (зерттеу, мақалалар) Алматы, 1988.

8.  Тебегенов Т. Әдебиет тарихы. Алматы, 1999.

9.   Мәдібай Қ. Зар заман ағымы. Алматы, 1997.

10. Омаров Б. Зар заман поэзиясы. Алматы, 2000.

 

9-тақырып. Өнер тұтастығы мазмұнындағы ақындар поэзиясы

Біржан сал Қожағұлұлы

Қамтылатын мәселелер:

-         өмірі туралы мәлімет;

-         философиялық ойшылдығын танытатын өлеңдері;

-         көңіл-күй, махаббат тақырыптарындағы ән өлеңдері;

-         озбырлық жасаушыларды сынаған өлеңдері;

-         Біржен мен Сара айтысының эстетикалық-көркемдік тағылымы;

-         Біржан сал шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері.

 

            Практикалық сабаққа тапсырмалар:

-         «Біржан сал» (Алматы, 1974) жинағын оқып шығу, өлеңдерін тақырыптарға топтастыру;

-         Біржен мен Сара айтысының тақырыбы мен идеялық мәнін меңгеру;

-         көңіл-күйді білдіретін лирикалық ән өлеңдерін жаттау және орындау.

 

            Бақылау сұрақтары:

  1. Біржан салдың өмірі туралы толық мәлімет айт.
  2. Біржанның әндерінен таңдауың бойынша орында.
  3. Біржан-Сара айтысындағы ақындардың көркемдік келбеттерін айтып бер.
  4. біржанның озбырлық жасаушыларды сынаған «Жанбота», «Адасқақ» өлеңдерінің идеялық мәнін айқында.

 

   СӨЖ тапсырмалары:

-         Біржанның лирикалық ән өлеңіндегі көңіл-күй, махаббат, озбырлықты сынау тақырыбының жырлануы;

-         Біржанның айтыстары;

-         Біржанның өмірі мен шығармашылығына сөзжұмбақтар.

 

              Әдебиеттер: 

1.  Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы: Санат, 1997.

2.  Қазақ әдебиетінің тарихы. IV том. Алматы, 2004.

3.  Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. Алматы: Ана тілі, 1991.

4.  Сүйіншәлиев Х. XIX ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.

5.  Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994.

6.  XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. Алматы, 1985.

7.  XIX ғасырдағы қазақ ақындары (зерттеу, мақалалар) Алматы, 1988.

8.  Тебегенов Т. Әдебиет тарихы. Алматы, 1999.

9. Біржан сал. Алматы, 1974.

10. Негимов С. Сал серілер. Алматы, 2003.

 

10-тақырып. Ақан сері Қорамсаұлы

Қамтылатын мәселелер:

-         өмірі туралы мәлімет;

-         Ақан сері сұлулықты жырлаушы суреткер ақын;

-         лирикалық өлеңдеріндегі көңіл-күйлері мен философиялық тереңдік;

-         махаббат тақырыбындағы лирикалық өлеңдері;

-         заман қайшылықтары мен озбырлықты сынау;

-         аңшылық-саятшылық тақырыбындағы өлеңдері;

-         айтыс өлеңдері мен сөз қағысулары.

 

Практикалық сабаққа тапсырма:

-         С.Жүнісовтің «Ақан сері» дилогиясын оқу, кейіпкерлеріне сипаттама;

-         «Ақан сері» (Алматы, 1974)  жинақты оқып, ақын шығармаларын топтастыру;

-         лирикалық өлеңдерінен үлгілер жаттау;

-         І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын оқу;

-         Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» пеьсасын театрдан тамашалау.

 

Бақылау сұрақтары:

    1. Ақан серінің өмірі туралы толық мәлімет айт.
    2. Лирикалық  өлеңдеріне сипаттама жаса.
    3. Ән өлеңдерінен таңдауың бойынша орында.
    4. «Ақан сері» дилогиясындағы ақынның бейнесіне сипаттама.
    5. «Құлагер» поэмасы – қандай шығарма?

 

               СӨЖ  тапсырмалары:

-         Ақан серінің лирикалық ән өлеңдеріндегі азаматтық, сыншылдық, психологиялық, көңіл-күй, махаббат тақырыптары;

-         Ақанның этнографиялық өлеңдері;

-         Ақанның сөз қағысу айтысы түріндегі шығармасы;

-         Ақан сері – лирик ақын. Кластер жасау.

 

               Әдебиеттер: 

1.  Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы: Санат, 1997.

2.  Қазақ әдебиетінің тарихы. IV том. Алматы, 2004.

3.  Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. Алматы: Ана тілі, 1991.

4.  Сүйіншәлиев Х. XIX ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.

5.  Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994.

6.  XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. Алматы, 1985.

7.  XIX ғасырдағы қазақ ақындары (зерттеу, мақалалар) Алматы, 1988.

8.  Тебегенов Т. Әдебиет тарихы. Алматы, 1999.

9. Ақан сері. Шығармалар жинағы. Алматы, 1974.

10. Жүнісов С. Ақан сері. 1-2-томдар. Алматы, 1989.

11. Құлагер поэмасы. Жансүгіров І. Таңдамалы шығармалар.4-том. Алматы, 1994.

 

11-тақырып. Сара Тастанбекқызы

                       Әсет Найманбайұлы

Қамтылатын мәселелер:

-         Сараның өмірі, ақындық шығармашылығы;

-         Сара қазақ әйелінің арманын, мұң-шерін поэзия тілімен өрнектеген ақын;

-         әлеуметтік теңсіздік, заман зары тақырыбындағы лирикалық өлеңдері;

-         арнау өлеңдері;

-         ақынның Біржан салмен айтысы;

-         Әсеттің өмірі, ақындық шығармашылығы;

-         Әсеттің толғау термелері;

-         Әсеттің әншілік орындаушылығы, сазгерлігі;

-         асыл    мінез-құлық еңбексүйгіштік тақырыбындағы өлеңдері;

-         Әсеттің айтыстары;

-         Әсеттің дастандары;

-         ақынның аудармалық-назиралық шығармалары.

 

Практикалық сабаққа тапсырмалар:

-         «Ақын Сара» шығармалар жинағын оқып, идеялық тақырыптық талдау жасау;

-         Біржан мен Сара атысының тақырыптық идеялық мәнін ашу;

-         «Әсет ақын» (Алматы, 1974) жинағын оқып, тақырыптық талдау жасау;

-         «Адамның бұлбұлы» тақырыбында ой-толғау;

-         «Әсет пен Рысжан» жұмбақ айтысының шеберлігі;

-         «Салиха – Сәмен», «Ағаш ат», «Үш жетім» дастандарының сюжеттік мазмұнын меңгеру.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Сара Тастанбекқызының өмірі туралы толық мәлімет айт.
  2. «Сара ақын» жинағына сипаттама жаса.
  3. Сара ақынның заман зары тақырыбындағы лирикаларын айт.
  4. Әсет Найманбайұлының өмірі туралы толық мәлімет айт.
  5. «Кемпірбай мен Әсет» айтысының тақырыбы.
  6. Әсеттің дастандарындағы фольклорлық сарындар;
  7. Әсеттің «Евгений Онегин» аударма – назиралық шығармасына сипаттама.

 

               СӨЖ тапсырмалары:

-         Сараның лирикалық өлеңдері;

-         Сараның айтыстары;

-         Әсеттің лирикалық өлеңдері (толғау, терме, арнау);

-         Әсеттің айтыстары;

-         Әсеттің дастандары;

-         өнер тұтастығы мазмұнындағы ақындық поэзия, дәстүр. Жалғастық.

 

                 Әдебиеттер: 

1.  Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы: Санат, 1997.

2.  Қазақ әдебиетінің тарихы. IV том. Алматы, 2004.

3.  Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. Алматы: Ана тілі, 1991.

4.  Сүйіншәлиев Х. XIX ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.

5.  Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994.

6.  XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. Алматы, 1985.

7.  XIX ғасырдағы қазақ ақындары (зерттеу, мақалалар) Алматы, 1988.

8.  Тебегенов Т. Әдебиет тарихы. Алматы, 1999.

9. Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. Алматы, 1975.

10. Сара   ақын. Алматы, 1988.

11. Әсет ақын. Алматы, 1974.

 

 

АҒАРТУШЫЛЫҚ, ДЕМОКРАТТЫҚ МАЗМҰНДАҒЫ РЕАЛИСТІК ЖАҢА ЖАЗБА ӘДЕБИЕТ

12-тақырып. Шоқан Уәлиханов

Қамтылатын мәселелер:

-         Шоқанның өмірі туралы мәлімет;

-         Шоқан мұрасының жариялануы, зерттелуі;

-         Шоқан – қазақ тарихы мен әдебиетін, фольклоры мен этнографиясын зерттеуші ұлы ғалым;

-         ол – публицист жазушы;

-         Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанры туралы зерттеу еңбектері;

-         Шоқанның қырғыздың тарихы мен фольклорына байланысты зерттеулері;

-         Ғылыми очерктері мен күнделіктеріндегі жазушылық-публицистік суреткерлік, шеберлік белгілері;

-         Шоқанның өз ата-анасына, достарына жазған хаттары және ондағы демократиялық, ағартушылық көзқарастары;

-         Шоқан туралы орыс ғалымдарының еңбектері;

-         Шоқан Уәлиханов мұрасының ұлттық тарихымыздағы маңызы.

 

Практикалық сабаққа тапсырмалар:

-         Мұқанов С. Жарқын жұлдыздар (Алматы, 1964). Романды оқып, Шоқан өмірінен мәліметтер жинау;

-         Шоқан Уәлиханов. Таңдамалы шығармалар (Алматы, 1985). Шоқан еңбектерін саралау, зерделеу;

-         Шоқанның өмірі туралы толық мәліметке ие болу;

-         Марғұлан Әлкей. Шоқан және Манас. Алматы, 1985. Монографияны оқып, ғылыми түсінік алу.

-         Шоқан хаттарының мәні мен маңызына көңіл аудару.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Шоқанның туған жері, өскен ортасы, оқыған орындары жөнінде мәлімет айт.
  2. Шоқанға отбасылық тәрбиедегі әжесі Айғаным мен әкесі Шыңғыстың өнегелі ықпалы жөнінде ой-толғау.
  3. Шоқанның қазақ өлеңдерін топтастыруы.
  4. Шоқан – публицист жазушы. Дәлелдер келтір.
  5. Шоқанның ғылыми экспедициялары туралы мәліметтер.
  6. Шоқан «Манас» эпосын тұңғыш зерттеуші.
  7. Шоқан Уәлиханов мұрасының ұлттық тарихымыздағы маңызы. Ой-толғау.

 

        СӨЖ тапсырмалары:

-         Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы еңбектері;

-         Шоқан – қырғыз тарихы мен эпосын зерттеуші.

-         Шоқанның ғылыми очерктері, күнделігі, оның әдеби сипаты.

 

               Әдебиеттер: 

1.  Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы: Санат, 1997.

2.  Қазақ әдебиетінің тарихы. V том. Алматы, 2006.

3.  Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. Алматы: Ана тілі, 1991.

4.  Сүйіншәлиев Х. XIX ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.

5.  Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994.

6.  XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. Алматы, 1985.

7.  XIX ғасырдағы қазақ ақындары (зерттеу, мақалалар) Алматы, 1988.

8.  Тебегенов Т. Әдебиет тарихы. Алматы, 1999.

9.  Уәлиханов Ш. Таңдамалы. 2-басылуы. Алматы, 1985.

10. Мұқанов С. Жарқын жұлдыздар. Алматы, 1964.

11. Әлкей Марғұлан. Шоқан және Манас. Алматы, 1985.

12. Сәтбаева Ш. Шоқан – фольклортанушы. Алматы, 1985.

13. Шоқан және өнер. Алматы, 1985.

 

13-тақырып. Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин

Қамтылатын мәселелер:

- өмірі туралы мәлімет;

- Ыбырай шығармаларының жариялануы, зерттелуі;

- Ыбырай – ұлы ағартушы, ұстаз-жазушы, ақын, этногроф, аудармашы;

- Ыбырай – қазақ мектебіне арналған тұңғыш оқу құралдарының авторы;

- ислам дінінің қағидаларын түсіндіретін оқу-құралын жазуы;

- қазақ халқының ауыр тұрмысына арналған мақалалары;

- халық ағарту мәселелері хақындағы көсемсөздік мақалалары, хаттары;

- оқыту жүйесі негізіндегі әдістемелік еңбектері,

- өлеңдері;

- әңгімелері;

- аудармалары;

- халық әдебиеті мұраларын жинауы;

- Ыбырай шығармашылығы – қазақ балалар жазба әдебиетінің қалыптасуындағы шешуші негіз;

- Ыбырай Алтынсарин – қазақтың ұлттық даму тарихының ұлы тұлғасы.

 

 Практикалық сабаққа тапсырмалар:

-         Дербісәлин Ә. Ыбырай Алтынсарин (Алматы, 1965). Монографияны оқу, ғылыми мәлімет алу;

-         Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. Әңгімелер жинағын оқып, тақырыптық идеялық топтастыру;

-         Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы (Алматы, 2003) оқулықтың құрылымын енгізілген материалдарды саралау;

-         «Шариат – ул – ислам» - «Мұсылманшылық тұтқасы» оқу құралын саналықпен меңгеру;

-         Ыбырайдың әңгімелері мен өлеңдеріндегі тәрбие көздерін ашу.

 

           Бақылау сұрақтары:

  1. Ы.Алтынсариннің өмірі туралы толық мәлімет айт.
  2. Ыбырай – ұлы ағартушы екендігіне дәлелдер келтір;
  3. Қазақ хрестоматиясының жазылуы, қамтылған материалдар жөнінде түсініктеме.
  4. «Жұт туралы», «Қазақ даласындағы аштық туралы» мақалаларындағы халықтың ауыр тұрмысына сипаттама.
  5. Ақын  өлеңдерінен жатқа үлгілер айт.
  6. Әңгімелерін тақырыптарға топтастыр.
  7. Ы.Алтынсариннің қандай аудармаларын білесің?
  8. Ыбырай қазақ балалар жазба әдебиетінің негізін салушы дегенді қалай түсінесің?

 

СӨЖ тапсырмалары:

-         Ыбырайды қазақ хрестоматиясы оқулығының жазылуы, қажеттілігі туралы ой-пікір топтау;

-         Ыбырайдың мұсылманшылық тұтқасы кітабының ағартушылық-гуманистік ұлағаты;

-         Ыбырайдың өлеңдері;

-         Ыбырайдың әңгімелері;

-         Ыбырайдың публицистикалық, фольклорлық-педагогикалық мақалалары.

 

                 Әдебиеттер: 

1.  Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы: Санат, 1997.

2.  Қазақ әдебиетінің тарихы. V том. Алматы, 2006.

3.  Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. Алматы: Ана тілі, 1991.

4.  Сүйіншәлиев Х. XIX ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.

5.  Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994.

6.  XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. Алматы, 1985.

7.  XIX ғасырдағы қазақ ақындары (зерттеу, мақалалар) Алматы, 1988.

8.  Тебегенов Т. Әдебиет тарихы. Алматы, 1999.

9.  Алтынсарин Ы. Мұсылманшылықтың тұтқасы. Алматы, 1991.

10. Дербісәлин Ә. Ыбырай Алтынсарин. Алматы, 1965.

11. Ыбырай Алтынсарин. Әдебиеттер көрсеткіші. Алматы, 1979.

12. Ыбырай Алтынсарин. Қазақ хрестоматиясы. Алматы, 2003.

 

14-тақырып. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы

Қамтылатын мәселелер:

-         шығармашылық өмірбаяны;

-         Абай мұрасының жиналуы, жариялануы;

-          Ұлы Абайдың шығармашылық қалыптасуына шешуші ықпал еткен үш арна;

-         жас шағындағы өлеңдері;

-         азаматтық көңіл-күй, философиялық толғаныстар;

-         махаббат, ғашықтық сезімдерімен өрілген тебіреністер;

-         табиғат суреттерін айшықтау;

-         оқу, білім, ағарту, тәрбие мәселелерін жырлау;

-         ақындық өнер туралы;

-         ән өнері туралы;

-         сыншыл, сатиралық мазмұндағы өлеңдері;

-         Абай қазақ өлеңдерінің реформаторы;

-         Абайдың аудармалық-назиралық шығармалары;

-         поэмалары;

-         қара сөздері;

-         Абай – қазақ сөз өнеріндегі жаңа реалистік жазба көркем әдебиеттің негізін салған ұлы классик ақын.

 

Практикалық сабаққа тапсырмалар

-         М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын оқып, оқиға дамуына, кейіпкерлеріне назар аудару;

-         Абай шығармаларының 2 томдығы. Өлеңдері,  поэмалары, аудармалары және қара сөздерін оқып, тақырыптық идеялық талдау;

-         М.Әуезовтің «Абай Құнанбаев» монографиясын оқып, ғылыми көзқарас қалыптастыру.

 

Бақылау сұрақтары:

1.      А.Құнанбайұлының шығармашылық өміріне сипаттама.

2.      Жас шағындағы өлеңдерінің шығуы туралы пікірлер.

3.      Ұлы ақын өлеңдерін тақырыптық топтастыру және топтық жұмыс.

4.      Аудармалық-назиралық шығармашылығына сипаттама.

5.      Поэмаларының тақырыбы, идеясы, кейіпкерлерінің сипаты.

6.      Абайдың қара сөздерінің тақырыптық ерекшеліктеріне қарай ажыратылатын түрлері.

7.      М.Әуезов Абайтану ғылымының негізін қалаушы.

8.      Абайтанудың қазіргі жағдайы және болашағы.

 

СӨЖ тапсырмалары:

-         Абайдың азаматтық көңіл-күй, философиялық сарындағы лирикасы;

-         Абайдың ақындық, ән өнері туралы өлеңдері;

-         Абайдың оқу-білім ағарту-тәрбие туралы өлеңдері;

-         Абайдың табиғат лирикасы;

-         Абайдың сыншыл, сатиралық өлеңдері;

-         Абайдың ән өлеңдері;

-         Абайдың Лермонтовтан аударған шығармасы;

-         Абайдың Крылов мысалдары ізімен жырлаған мысалдары;

-         Абайдың «Масғұт», «Әзім әңгімесі» поэмаларының фольклорлық-мифологиялық негізі және көркемдік шешім;

-         Абайдың «Ескендір» поэмасындағы дәстүрлік желі, авторлық көркемдік шешім;

-         Қара сөздеріндегі дін, имандылық, өмір сырлары мәселесі.

 

                  Әдебиеттер: 

1.  Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы: Санат, 1997.

2.  Қазақ әдебиетінің тарихы. V том. Алматы, 2006.

3.  Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. Алматы: Ана тілі, 1991.

4.  Сүйіншәлиев Х. XIX ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.

5.  Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994.

6.  XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. Алматы, 1985.

7.  XIX ғасырдағы қазақ ақындары (зерттеу, мақалалар) Алматы, 1988.

8.  Тебегенов Т. Әдебиет тарихы. Алматы, 1999.

9.  Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Ақжол Алматы, 1991.

10. Абайды оқы, таңырқа. Алматы, 1993.

11. Машанов А. Әл-Фараби және Абай. Алматы, 1994.

12. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. Алматы, 1994.

13. Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. Алматы, 1966.

14. Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік мұраттары. Алматы, 1994.

15. Мырзахметов М. Абай және шығыс. Алматы, 1995.

16. Әуезов М. Абай Құнанбаев. Алматы, 1995.

17. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. Алматы, 1995.

18. Абай Құнанбаев. Шығармалары. I-II том. Алматы, 1995.

19. Сыздықова Р. Абайдың сөз өнері. Алматы, 1995.

20. Абай энциклопедиясы. Алматы, 1995.

15-тақырып. Ақылбай Абайұлы

                       Мағауия Абайұлы

Қамтылатын мәселелер:

-         өмірі туралы мәлімет;

-         «Жаррах» поэмасы;

-         «Дағыстан» поэмасы;

-         «Зұлыс» поэмасы;

-         Мағауияның көңіл-күй тақырыбындағы лирикалық өлеңдері;

-         «Еңлік – Кебек», «Абылай» атты поэмалары;

-         «Медғат – Қасым» поэмасы.

Практикалық сабаққа тапсырмалар:

-         Қ.Мұхаммедхановтың «Абайдың ақын шәкірттері» (Алматы, 1994) еңбектерін оқып, ғылыми ой-тұжырымдар жинақтау;

-         Бес ғасыр жырлайды. II том. (Алматы, 1989) Поэмаларды оқу, идеялық тақырыптық талдау.

Бақылау сұрақтары:

1.      Ақылбай Абайұлының өмірі туралы мәліметті баянда.

2.      «Дағыстан» поэмасындағы Жүсіп бейнесіне сипаттама жаса.

3.      Мағауияның лирикалық өлеңдерінің қайнар бұлағы.

4.      «Медғат – Қасым» поэмасының ерекшелігі, кейіпкерлер жүйесі.

СӨЖ тапсырмалары:

-         Ақылбай Абайұлының шығармашылығы;

-         Мағауия Абайұлының шығармашылығы.

                 Әдебиеттер: 

1.  Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы: Санат, 1997.

2.  Қазақ әдебиетінің тарихы. V том. Алматы, 2006.

3.  Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. Алматы: Ана тілі, 1991.

4.  Сүйіншәлиев Х. XIX ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.

5.  Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994.

6.  XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. Алматы, 1985.

7.  XIX ғасырдағы қазақ ақындары (зерттеу, мақалалар) Алматы, 1988.

8.  Тебегенов Т. Әдебиет тарихы. Алматы, 1999.

9.  Мұхамедханов Қ. Абайдың ақын шәкірттері. Алматы, 1994.