ХІХ ғасырдағы қазақ
әдебиетінен ағымдағы және аралық бақылау
сұрақтары
1. ХІХ ғасырдағы
тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдай.
2. ХІХ ғасыр
әдебиетіндегі негізгі сарындар, бағыттар мен ағымдар.
3. С.Сейфуллин,
С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, т.б. ғалымдардың
әдебиет тарихына қатысты еңбектері.
4. ХІХ ғасырдағы
нәзира дәстүрі.
5. ХІХ ғасырдағы
дәстүрлі айтыс өнері.
6. ХІХ ғасырдағы
әйгілі айтыс ақындары.
7. Шөже
Қаржаубайұлының өмірі мен өлеңдері.
8. Шөже
Қаржаубайұлы айтыстарының әлеуметтік мәні.
9. Кемпірбай ақынның
шеберлік қырлары.
10. Орынбай
Кертағыұлының айтыстары.
11. Сүйінбай
Аронұлының айтыстары.
12. Сүйінбайдың
Сұраншы, Саурық батырға арналған ерлік дастандары.
13. Сүйінбайдың Тезек
төреге айтқаны.
14. Сүйінбайдың
«Ақиық» жинағына сипаттама жаса.
15. Бақтыбай
Жолбарысұлы туған жері мен айтыстары.
16. Нұрым
Шыршығұлұлының салт-өлеңдері мен айтыстары.
17. Қашаған
Күржіманұлының өмірі және
өлең-толғаулары.
18. Марабай ақынның
өмірбаяны. Айтыстары мен батырлық эпосты жырлағаны.
19. Сара Тастанбекқызының
өмірі туралы мәлімет.
20. Сара ақынның әдебиет
тарихындағы орны.
21. Мәделі
Жүсіпқожаұлының өлеңдері.
22. Құлыншақ
Кемелұлының өмірбаян деректері мен арнаулары.
23. Майлықожа
Сұлтанқожаұлының өмірі мен ақындық
мұрасы.
24. Майлықожаның
айтыстары.
25. Базар
Оңдасұлының өмірбаян деректері.
26. Базар Оңдасұлы
толғауларының тақырыптары.
27. Базар
Оңдасұлының дастандары.
28. Бұдабай
Қабылұлының өмірі, арнаулары мен айтысы.
29. Біржан салдың
өмірі туралы мәлімет.
30. Біржан салдың
өлеңдері мен әндері.
31. Біржан мен Сара
айтысының әлеуметтік мәні.
32. Сегіз сері
Баһрамұлының өмірі мен шығармашылық
мұрасы.
33. Ақан сері
Қорамсаұлының өмірі
мен шығармашылық мұрасы.
34. Ақан сері
сұлулықты сүйген лирик ақын.
35. Жаяу Мұса
Байжанұлының ән-өлеңдері – қазақ
өнерінің үздіктері.
36. Әсет
Найманбайұлының өмірбаяндық деректері мен
ән-өлеңдері.
37. Әсет
Найманбайұлының поэмалары.
38. Махамбет
Өтемісұлының өмірі.
39. Исатай – Махамбет
бастаған ұлт-азаттықкөтерілістің тарихи, саяси бағалануы.
40. Махамбет
өлеңдеріндегі Исатай бейнесі.
41. Махамбет
өлеңдеріндегі басты сарындар.
42. Махамбет поэзиясының
реалистік, романтикалық сипаты.
43. Махамбеттің әдеби
мұрасының зерттелуі.
44. ХІХ ғасырдағы
ұлт-азаттық күрес батырлары жайлы тарихи жырлар.
45. ХІХ ғасырдағы
қисса-дастандар.
46. Зар заман поэзиясы.
Қазақ әдебиеті тарихындағы Зар заман ағымы.
47. Шортанбай
Қанайұлының өмірі, толғаулары мен айтыстары.
48. Дулат
Бабатайұлының өмірбаян деректері және атақоныс,
туған жер туралы өлеңдері.
49. Дулат
Бабатайұлының арнауларындағы заман күйі, ел мінезі.
50. «Еспенбет» дастанындағы
елдік пен ерлік дәстүр.
51. Дулаттың мысалдары.
52.Мұрат
Мөңкеұлының «Үш қиян», «Сарыарқа»
дастандарындағы атамекен зары, елден, жерден айырылу сарыны.
53. Мұрат
Мөңкеұлының «Шалгез», «Қазтуған»,
«Қарасай-Қази» жырларының тақырыбы, идеялық
мәні.
54. Шернияз
Жарылғасұлының өмірбаян деректері.
Шығармаларының мазмұн-мәні.
55. Алмажан
Азаматқызының «Жетім қыз» поэмасының тақырыбы,
көркемдік ерекшелігі.
56. Сара
Тастанбекқызының өмірі туралы мәлімет.
57. Әлеуметтік
теңсіздік, заман зары тақырыбындағы лирикалық
өлеңдері.
58. ХІХ ғасырдың
екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің сипаты.
59. Шоқан
Уәлихановтың өмірі туралы мәлімет.
60. Шоқан
мұрасының жариялануы, зерттелуі.
61. Шоқанның
фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері.
62. Шоқанның
қазақ ақындары, Абылай ханға және
қазақ батырларына арналған тарихи жырлар туралы
жазғандары.
63. Шоқанның
қырғыздың тарихы мен фольклорына байланысты зерттеулері.
64. Шоқанның
ғылыми очерктері мен күнделіктеріндегі жазушылық-публицистік
суреткерлік шеберлік белгілері.
65. Шоқанның
жазған хаттары және ондағы демократиялық,
ағартушылық көзқарастары.
66. Шоқан туралы орыс
ғалымдарының еңбектері.
67. Шоқан Уәлиханов
мұрасының ұлттық тарихымыздағы маңызы.
68. Ыбырай (Ибраһим)
Алтынсариннің өмірі туралы мәлімет.
69. Ыбырай
шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
70. Ыбырай Алтынсарин –
қазақтың ұстаздық – тәлімгерлік
ұлағатын әлемдік деңгейге көтерген
тұлға.
71. Ыбырай – қазақ
мектебіне арналған тұңғыш оқу
құралдарының авторы.
72. Ыбырайдың
қазақ мектебі үшін ислам дінінің
қағидаларын түсіндіретін оқу құралын жазуы.
73. Ыбырайдың
қазақтың халықтық
әдет-ғұрыптары туралы жазған этнографиялық
еңбектері.
74. Ыбырайдың
қазақ халқының ауыр тұрмысына арналған
мақалалары.
75. Ыбырайдың оқыту
жүйесі негізіндегі әдістемелік еңбектері.
76. Ыбырайдың
оқу-білім, ағарту тақырыбындағы өлеңдері.
77. Ыбырайдың адамгершілік
тәрбиесі туралы өлеңдері.
78. Ыбырайдың озбырлықты,
әлеуметтік теңсіздікті сынау, заман зары жөніндегі
өлеңдері.
79. Ыбырайдың
табиғатты суреттеген өлеңдері.
80. Ыбырай
әңгімелерінің еңбексүйгіштікке, адамгершілікке
баулудағы ықпалды қуаттылығы.
81. Ыбырай
әңгімелеріндегі адам
тәрбиесіне қатысты философиялық, психологиялық
мәселелер.
82. Ы.Алтынсариннің
аудармалары.
83. Ыбырайдың халық
әдебиеті мұраларын жинауы және оларды өзінің
ұстаздық жұмысына пайдалануы.
84. Ыбырай
шығармашылығы – қазақ балалар жазба
әдебиетінің қалыптасуындағы шешуші негіз.
85. Ы.Алтынсарин –
қазақтың ұлттық даму тарихындағы ұлы
тұлғасы.
86. Абай (Ибраһим)
Құнанбайұлының өмірбаяны.
87. Абай мұрасының
жиналуы, зерттелуі.
88. Ұлы Абайдың
шығармашылық қалыптасуына ықпал еткен үш арна.
89. Абайдың жас
шағындағы өлеңдері.
90. Абайдың азаматтық
көңіл-күй, философиялық толғаныстағы
өлеңдері.
91. Абайдың махаббат,
ғашықтық сезімдерімен өрілген өлеңдері.
92. Абайдың табиғат
суреттерін айшықтаған лирикасы.
93. Абайдың оқу,
білім, ағарту, тәрбие мәселелерін жырлауы.
94. Абайдың
ақындық өнер туралы өлеңдері.
95. Абайдың ән
өнері туралы өлеңдері.
96. Абайдың табиғат
пен адамдық мінез-құлық мәселелерін астастыра
жырлауы.
97. Абайдың сыншыл,
сатиралық мазмұндағы өлеңдері.
98. Абайдың ән
өлеңдері.
99. Абайдың
аудармашылық – назиралық өлеңдерге арнап
шығарған әндері.
100. Абай
өлеңдеріндегі жаңа өрімдер.
101. Абайдың
М.Лермонтовтың отызға жуық өлеңін аударуы.
102. Абайдың «Евгений
Онегин» поэмасынан нәзира – үлгісімен аударған махаббат
жырлары.
103. Абайдың
И.Крыловтың бір топ мысалдарын қайта жырлап шығуы.
104. Абайдың
«Масғұт» поэмасында адамгершілік мәселесінің
философиялық тұрғыда көркем жырлануы.
105. «Ескендір»
поэмасындағы ұлы Абайдың гуманистік ойлары.
106. Абайдың «Әзім
әңгімесі» атты аяқталмаған поэмасының
опасыздықты танытушылық қуаты.
107. Абай
қарасөздеріндегі ғылым, өнер-білім,
халықтық тәлім-тәрбие мәселелері.
108. Абайдың қарасөздеріндегі
дін, имандылық, өмір сырлары туралы ойлары.
109. Абай
қарасөздеріндегі тарихтық, мақала-очерк мәселесі.
110. Абай
қарасөздеріндегі афоризм.
111. Абай
қарасөздеріндегі дидактикалық насихат кеңес.
112. Абайдың
қарасөзі – мемуарлық мақала.
113. Абай қарасөздері
– ұлттық сөз өнеріндегі публицистика, ғылыми
философиялық мазмұнды прозаның бастауы.
114.Абайтану
ғылымының қалыптасу, даму тарихы.
115. Абайтану ғылымының
тарихындағы А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Ж.Аймауытов
және т.б. алаш зиялыларының еңбектері.
117. Мекемтас Мырзахметұлы
– ірі абайтанушы ғалым.
118. Абайтанудың
қазіргі жағдайы және болашағы.
119. Абай – қазақ
сөз өнеріндегі жаңа реалистік жазба көркем
әдебиеттің негізін салған ұлы классик ақын.
120. Ақылбай
Абайұлының өмірінен мәлімет.
121. Ақылбайдың
«Жаррах» поэмасы.
122. Ақылбайдың
«Дағыстан» поэмасының романтикалық әуенмен жырлануы.
123. Мағауия
Абайұлының өмірі туралы мәлімет.
124. Мағауияның
көңіл-күй тақырыбындағы лирикалық
өлеңдері.
125. Мағауияның
«Лауғат-Қасым» поэмасындағы кейіпкерлер сипаты.
126. Шәңгерей
Сейіткерейұлы Бөкеевтің өмірі туралы мәлімет.
127.
Шәңгерейдің лирикалық өлеңдеріндегі
көңіл-күй философиясы.
128.Шәңгерей
өлеңдеріндегі махаббат пен табиғат.
129.
Шәңгерейдің оқу, білім, ғылым туралы
өлеңдері.
130. Шәңгерей
шығармаларының суреткерлік, образдылық ерекшеліктері.