Лекция №11.
Пәні: Тіл дамыту әдістемесі және
мәнерлеп оқу практикумы
Лекция сабақтың
тақырыбы: Ертегінің
түрлері.
Сабақты
өтудің түрі: Пікірталас лекциясы.
Жоспар:
1. Ертегі
және оның түрлері.
2. Ертегілердің өзіндік ерекшелігі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. А. Алиев Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Алматы,
Ана тілі 1996 240б.
2. Қоңыратбаев
Ә. Әдебиетті оқытудың методикалық негіздері,
Алматы, 1962. 94-96 б.
3. С. Рахметова «Қазақ
тілін оқыту методикасы»
Алматы 1991 ж. /3/.
4. Баймұратова Б.Б «Балабақшадағы ересек балалар
тілін дамыту туралы методикалық
құрал» Алматы 1970 ж. /5/.
5. Баймұратова Б.Б. «Балабақшадағы даярлық топ балаларының тілін
дамыту типтері программадағы нұсқау»Алматы 1984 ж. /6/.
6. Бародич Б.Қ. « Мектеп
жасына дейінгі балалардың тілін
дамыту методикасы» Алматы 1991 ж.
/7/.
Мазмұны:
Барлық елдің ауыз
әдебиетінен мол орын алған және халықтың
жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған
күрделі шығармасының бір түрі – ертегілер.
Қазақ
ертегілерін мазмұнына, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бірнеше
түрге бөлеміз. Солардың ішінде бастылары:
Қазақ ауыз
әдебиетінің ертеден келе жатқан күрделі саласының
бірі – батырлар жыры. Бұл жырлардың көршілігі
халықтың отанды сүю, басқыншы жаудан ел
қорғау, халық үшін ерлік еңбек ету идеясынан
туған.
Қазақтың халқының
көптеген батырлар жырын атап өтейік. Олар: «Алпамыс»,
«Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар» жырлары.
Ертеде қазақ поэзиясында
сюжетті әңгімеге құрылған жырлардың бір
бөлігі лиро-эпос деп аталады.
Қазақ ауыз әдебиетінде
лиро-эпос жырларының ертеден келе жатқан бірнеше түрлері бар.
Солардың ішінде бастылары деп «Қозы Көрпеш – Баян
сұлу», «Қыз Жібек», «Күлше қыз - Назымбек»,
«Мақпал қыз», «Құл мен қыз», «Айман – Шолпан»
жырларын айтуға болады.
Адамзат баласы
табиғаттың сыр-сипатын, жұмбағын, қоғам
өміріндегі түрлі болмыстың мәні мен мақсатын, шындығы мен
қайшылығын ой – сапа қуатымен
ғылыми-диалектикалық
әдіспен зерттеп білсе енді бірде көркем сөз
өнері соның ішінде өмір құбылыстарын образдық ой арқылы жеткізетін
халықтың ұлттық шығармашылығы –
фольклор шығармаларынан танып біледі.
Әр елдің, әрбір халықтың
өзіне ғана тән фольклоры болады десек, соның сан-алуан
нұсқалары қай дәуірде туған? Оның
жанрлық, көркемдік
ерекшеліктері, ұлттық және тарихи сипаты неде? Ауыз
әдебиетінен бөлінетін ерекшелігі қайсы дейтін көптеген сауалдар туады.
Мұның бәріне жауап беру үшін фольклор
шығармаларының ерекшеліктерін зерттеп, анықтау қажет.
Образдан
ойлау адам санасынан өзгеше бір
формасы. Ол қоғам дамуының қай сатысында туды
дейтін мәселе төңірегінде сан-салалы пікірлер, ғылыми
тұжырымдар болды. Солардың бірі алғашқы қауымдық құрылыс
кезінде фольклор сөз өнері ретінде қалыптаса
қойған жоқ еді дейтін пікірге
сайып келсе, белгілі совет ғалымы В.Е.Гусев мұндай
сыңаржақ тұжырымдарға тойтарыс бергенді
қоғам дамуының
сәби кезеңінде
қалыптаса бастаған
фольклор шығармалары мен халық поэзиясының табиғаты өзара жақын.
Осыған біз «халық ауыз әдебиеті» деген атауды да қосып жүрміз. Халық
әдебиеті жазба және ауыз әдебиеті болып бөлінеді.
Бірақ екеуіде образдық ойдың көрінісі, соның
тікелей жемісі болып табылады.
Бұлардың жасалу жолдары да бірдей емес. Алғашқысы қоғам
дамуының белгілі бір сатысында, жазба мәдениеті шыққан
кезеңде туады да, оның өмір көріністерін белгілі бір
көзқарас, дәстүрлі әдеби әдіс, стиль
және жанр ерекшелігінде суреттеп көрсететін жеке айтушылары
болады. Ауыз әдебиеті болса,
көркем ойлау мен көркем
сөздің озық үлгісі ретінде қалыптасқан. Оның
айтушылары халық арасынан шығып отырған. Келе-келе ауыз
әдебиеті мен жазба әдебиет
сабақтасып, қатар дамып, көркем әдебиеттің
арнайы екі саласы жасаған. Кейде олардың сюжеттері де ортақ
болған. Бірінде ол далалық сипатқа (көп
вариантылық, аузекі айтылуы) ие болса, енді бірде қалалық
(жазба) мәдениетке жақын
көрінеді. Бұл екі араның басты айырмашылығы да осында.
Сол себебті жазба әдебиетті былай
қойғанда, ауыз әдебиетінің өзін фольклор
шығармалықтарын қатарына қою кейде даулы
көрінеді.
Қазақ ертегілерін өмір оқулығы деп
қарауға болады, өйткені ұлттық
психологиялық мәдениет жанрдың бұл түрінде
айқын танылады. Ертегіде халықтың мінезін,
психологиясын, тұрмыс
салттың әдет-дәстүрін нақты бейнелейді. Ауыз
әдебиетінің бұл түрінің кең тарауы
ұлттық көшіп қону өмірімен және
малшылық кәсібімен айналысумен ерекшеленеді. Біріншіден,
көшпенділік өмір әртүрлі қызық
оқиғаларға бай, екіншіден, жер ауыстырған сайын
жаңа болмыстармен кездеседі, мұның өзі әр затты,
құбылысты ойша салыстырып, метафораларды құрастыруға
үйретеді. Сол себепті қазақ халқына
жұмбақтап, астарлап сөйлеу тән.
Қазақ
ертегілерінің аса бай, ең мол түрі – халықтың
тұрмыс салтына байланысты туған ертегілер. Бұған
«Ғажайып бақ» ертегісін қосуға болады. Ертегіні
әңгімелегенде, халықтың тұрмыс тіршілігі
түгел қамтылып суреттелетін «Ғажайып бақ» ертегісі қиял ғажайыптың
молдығынан оның ең
ежелгі ертегінің бірі екендігін байқаймыз.
Халықтың
тұрмысына байланысты туған ертегілерден халық өміріне,
оның тұрмыс-тіршілігіне байланысты барлық барлық жағдайларға жауап
табуға болады. Оларда бүкіл қоғамға тән қасиеттерге дейін сөз
болады. Байлық пен кедейлік, теңсіздік пен теңдік,
зорлық пен оған қарсылық, жауыздық пен
жақсылық, арамдық пен адамдық күресі –
осылардың бәрі тұрмыс- тіршілікке байланысты
шыққан ертегілердің тақырыптары болып келеді. Бұл
ертегілер ең алдымен баланы парасаттылыққа, кішіпейілділікке,
ой тапқырлығына, адамдарды, табиғатты сүйе білуге,
сабырлы да төзімді болуға баулиды.
«Ғажайып бақ»
ертегісінің мазмұны халықтың тұрмыс- тіршілігін
өмірге, дүниеге деген әр алуан көзқарастарын
білдіреді. Ертегінің оқиғалары қиялдан гөрі,
өмірге анағұрлым жақын.
«Ғажайып бақ»
ертегісінде халықтық сарын, халық мүддесін
қорғайтын идея басым. Халық өз ортасынан
шыққан еңбек адамдарының ісі мен әрекеттерін
ардақтап отырады. Адамзат бойындағы ең асыл қасиет
адалдықты сөз етеді.
Бақылау
сұрақтары:
1. Ертегі неше түрге бөлінеді?
2. Ертегілердің тәрбиелік мәні. Мысал келтір.
3. Ертегілердің басталу ерекшелігі.
Лекция №12.
Пәні: Тіл дамыту әдістемесі және
мәнерлеп оқу практикумы
Сабақтың
тақырыбы: Өлең
оқу. Өлеңнің оқылу ерекшелігі.
Сабақты
өтудің түрі: Активті.
Жоспар:
1. Өлең туралы мәлімет.
2. Өлеңнің оқылу ерекшелігі.
Пайдаланған
әдебиеттер:
Мазмұны:
Өлең сөзде қолданылатын өлшем - өрнектердің жасалу жуйесі, онын ырғағына, дыбыс үндестігіне тән ерекшеліктерді белгілейтін негізгі шарттар мен заңдылықтар. өлең-жырдың күнделікті айтылатын жай сөздерден, қара сөзден басты айырмасы - ол мөлшерлі жеке жолдарға, және тармақтарға бөлінеді. Өлең тармағының құрылыс жүйесі әр халыңтың поэзиясында өзінше қалыптасқан. Өлен ырғағының жасалу шарттары тіл құрылымының өзгешелігіне байланысты болады. Алайда көптеген елдердің өлең құрылысында негізгі сипат-белгілер ұксас келеттінін көреміз. Дуние жүзі әдебиетінде орын тепкен өлең жүйелерінің бастылары мыналар: Метрикалық өлең жүйесі. Өлең ырғағы ұзын буын мен буынның кезектесуіне негінделеді. Силлабо-тоникалық өлең жүйесі (силлабо - латыныша буын деген сөз, тон - екпін - деген мағынадан өлең ырғағы екпінсіз буын мен екпінді буындардың кезектесуіне негізделеді. Бұл орыстың классик поэзиясында кең қанат жайып, қазіргі дәуірде де молынан қолданылып келеді. Сол сияқты неміс, ағылшын халыктарының поәзиясында колданылады. Тоникалық өлең жүйесі. Бұл өлең жүйсін орыстың халыктық поэзиясында қолданылып келген. Кейінгi дәуірлерде халыктық дәстүрді жаңғыртып, дамыту негізінде бірталай ақындар тарапынан жазба әдебиетіннде тоникалык өлең жүйесін орнықгырған Мажковский болды. Тоникалық өленде ырғақ екпінді буындарға негізделеді, екпін түспейтін буындар есепке алынбайды. Сонда кейбір қосарланып келетін сөздер болмаса, тармақтағы әр сөз бip екпінмен нықтап, бөліп-бөліп, өз алдына айтылады да, дербес ырғақтық бөлшек кұрайды, Силлабикалық өлең жүйесі. Буынға негізделетіп, яғни буын санын түрақты мөлшерде сақтайтын өлең жүйсе. Бұл өлең құрылысы француз, чех, итальян халықтарының және қазақ, өзбек, қырғыз, татар секілді барлық түркі тілдес халықтардың поэзиясында қодданылады. Силлабикалық өлең кұрылысының басты сипат-белгілерін қазақ өлең, құрылысы ерекшеліктерін талдау арқылы танып-білуге болады. Қазақ өлеңінде әр жол, яғни тармақ мөлшерлі буындардан тұрады. Сонымен бipге тармактың өзі бірнеше буын саны тұракты бөлшекке, яғни бунаққа бөлінеді. Тармақтың көлемі және ішкі кұрылысынан басқа өлең сөз ырғағын күшейтуге ықпал жасайтын - өлеңнің шұмақ өрнегі.
Бара-бара олардың күрделі, әбден дамытылған түрлері туған. Қазақ поэзиясындағы өлең өлшемдерінде буын ылғи бірдей бола бермейді. Аралас буынды өлең өлшемдері де жиі қолданылады. Әсіресе, жазба әдебиеті дамыған кезеңде мұндай өлшемдер қазақ поэзиясында молырақ орын тапты, Абайдың "Сегіз аяғы" осындай аралас буынды өлшеммен жазылған. Мұнда бес буынды тармақтар мен жеті немесе сегіз буынды тармақтар белгілі ретпен кезектесіп отыра-ды. Ө. ө. сөздердің тек сыртқы өрнегі ғана емес. Ол ойдың өрістеуі, сөздердің мағыналық өзара байлапысын-қиюласуына орайлас келеді. Сан құбылып отыратын дауыс толкыны (интонация) Ө. ө-нен туатын ырғактың әсерімен өзгеріп отырады. Әр сөзді тармақ ішінде, шумақ ішінде тиісті орнын тауып қолдана білсе, ой ағымы, дауыстың толқындап құбылуына сәйксс оның үнділігі, әуезділігі де өзгеріп отырады. Және ерекше ескеретін нәрсе – ырғақтың, интонацияның әсерімен сөздің мағыналық салмақ - жүгі де қажетті жерінде арта түседі.
Өлең ұйқасы - өлең, жырларда үнемі кездесіп отыратын тармақтың (өлең жолы) соңындағы буындар-мен үйлесуі "дыбыстық үндестігі). Ұйқас өлеңдегі әр жолдың, тармақтардың шек-жігін айқындай түседі. Сөйтіп, өлең сөздің ырғағын күшейтуге себін тигізеді, өлеңнің әуезділігін арттырады. - Ұйқастың түрлерін жіктеп-ажыратқанда алдымен оның сапасы, яғни ұйқасқан сөздердің өзара қаншалықты үйлесетіні еске алынады. Ұйқас өзара үйлескен тармақтардың орналасу ретіне қарай сан түрлі болып келеді. Ең көп кездесетін ұйқастар: егіз ұйқас (аа), шалыс ұйқас немесе кезекті ұйқас (абаб), қаусырма ұйқас (абба). Қазақ поэзиясында аса мол кездесетін ұйқас, әдетте, қара өлең ұйқасы деп аталатын ақсақ ұйқас (ааба). Бұл әсіресе он бір буынды өлең өлшемінде үнемі дерлік қолданылады. Өлеңдегі бірінші және екінші, төртінші тармақ бірыңғай ұйқасады. Қазақ поэзиясындағы жыр, терме ұйқасы да түрліше (көбінесе аралас және шұбыртпалы ұйқаспен) құрылады. Жыр ұйқасының басты өзгешелігі -бір ұйқасты ұзақ сактап, көптеген тармақтарын бірыңғай үйлестіру. Көбінесе негізгі ұйқасқа (желілі үйқас) қосымша, жанама ұйқас ілесіп, қосарланып аралас ұйқасып отырады.
Өлеңші - өлеңді айтушы, таратушы. Қазақтың ескіден дәуірінен келе жатқан рухани мол мұра байлығының бірі - халық өлеңдері. Қазақ өлеңдері ауыз әдебиетнің өзге үлгілеріне қарағанда көп түрлі, сан салалы жанр. Өлеңдерді, жыр-ларды шығарушы айтушылар - жырау, жыршы, ақын, әнші. Бұлардың қай-қайсысы болсын әрі айтушы, әрі шығарушылар. Кейбіреуінің шығарушылық қасиеті басым. Мыс, өзі тыңнан өлең-жыр тудырмайтын адамды халык ақын демейді. Ақын алдымен шығарма қабілеті зор адам, сонан соң барып айтушы, орындаушы. Ал жыршы болса, алдымен ол ұзак жырды жаттап айтушы, сонымен бірге өзі де жырды өңдеп өзгерте алады, жаңалап жанынан да шығарады. Әнші дегенде тек айтушы, ән салушы ғана емес, ән шығарушы деген мағынада да қолданылған. Ол көбінесе кысқа өлең жырларды айтушы. Ол суырыпсалма үлкен ақын деген мағынада емес, ел арасында көп тараған, ойын-той, жиындарда айтылатын өлең-жырларды орындаушы деген мағынада жиірек қолдапылады. Әрине, мұны Ө. өз жанынан қиыстырып ештеме айтпайды деп түсінбеу керек. Қандай айтушы болсын, күнделікті тұрмыстағы әр түрлі жағдайға байланысты азды-көпті өлең-жыр шығара береді. Бірақ онысы, негізінен дәстүрлі үлгілердің шеңберінен ұзап шықпайды.
Өлең ырғағы - өлең сөзге тән өлшемділік, ол өлеңде белгілі бір өлшемді, ыргақтық үлгі-өрнекті қолданудың нәтижесі. Ө. ы. Алдымен өлең сөздін жеке жолдарға яғни мөлшерлі тармақтарға бөлінуіне байланысты болады. Күнделікті ауызекі сөйлеу тілінде, қара сөзде де дауыс толқынының біркелкі құбылып-өзгеретін, бірнеше сөйлем не сөйлемшелер ырғақ - үні үқсас келетін кездері болады. Ал, бірақ Өлең ырғағының мүлде басқаша сипат белгілері бар. Өлең жолдарының, тармақтардың көлемі тұрақты болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Өлең мен өлеңшінің ерекшілігі.
2. Ырғақ дегеніміз не?
3. Ырғақтың бынмен үндестігі.