Лекция №15.

Пәні: «Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы»

Тақырыбы: Мақал-мәтел, нақыл сөздер халықтың ұзақ ғасырлар бойы адамдардың жасаған іс-әрекетінен, мінез-құлқына сай жасаған бақылауларынан туған даналық сөздер тобы.

Сабақ өтудің түрі: Активті.

Жоспар:

1. Мақал-мәтел туралы мағлұмат.

2. Нақыл сөздер туралы мағлұмат.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. А. Алиев Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Алматы, Ана тілі 1996 240б.

2. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқытудың методикалық негіздері, Алматы, 1962. 94-96 б.

3. С. Рахметова  «Қазақ тілін  оқыту  методикасы»  Алматы  1991 ж. /3/.

4. Баймұратова Б.Б «Балабақшадағы ересек  балалар  тілін  дамыту   туралы методикалық құрал»  Алматы  1970 ж. /5/.

5. Баймұратова  Б.Б.  «Балабақшадағы  даярлық топ  балаларының    тілін  дамыту  типтері  программадағы  нұсқау»Алматы  1984 ж. /6/.

6. Бародич Б.Қ. « Мектеп   жасына  дейінгі  балалардың   тілін  дамыту методикасы»  Алматы 1991 ж. /7/.

7. А.П. Федеренко, Г.А. Фамичева, В.Н. Лотарев «Мектеп   жасына  дейінгі балалар тілін  дамыту  методикасы» Алматы 1981 ж.

 

Мазмұны:

"Бала тәрбиесі — бесіктен" деген тәрбиелік ұғымды әрдайым есте сақтаған қазақ халқы баласын алдымен халықтық дәстүрде тәрбиелеуді ұстанған. Халық қашан да өскелең ұрпақты тәрбиелеудің мәнін оның қиындығы мен қуанышын, одан шығатын нәтижені біліп отырған. Осы тұрғыдан қарағанда, ауыз әдебиетіндегі шағын жанрлар — мақал-мәтелдер, жұмбақтар, санамақтар, жаңылтпаштар, ойын өлеңдерінің әрқайсысының баланың ой-өрісін, дүниетанымын, қиялын, тілін дамытуда, тәлім-тәрбиесінде терең мән жатыр.

Мақал-мәтелдер — ұзақ жылдар бойы халықтың іс-тәжірибесінен түйінделген даналықтың жемісі. Мақал-мәтелдер — әр кезенде ата-бабадан ұағатты сөз, парасатты ой ретінде ұрпақтың еншілеген мол қазынасы. Олар — көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны кең, ойы терең, тілі өткір де бай мұра. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінінде халықтың өмір сүру барысындағы тәжірибесі, көңілге түйген акылының кені жатыр. Мысалы, тіл өнері, сөз қадірі туралы мақал-мәтелдердіңде үйретері мол.

Тіл қылыштан өткір.

Ойнап сөйлесең де,

Ойлап сөйле -деп ескерткен.

Мақал-мәтелдер балаға айтатын ойын қысқа да нұсқа түрде жеткізуге үйретеді, сөз қадірін түйсінтеді.

Баланың өмір тәжірибесі аз, сондықтан оған айтатын ақыл-насихат, өнеге-өсиет әрі әсерлі, әрі ойда қалатындай   мәнді   болу   керек.   Сол мәнді   сөздер — мақалдар   мен   мәтелдерді орынды пайдаланған ата-ана    ой    қозғап, ақылға    қонымды сөздер айту арқылы баланы тәрбиелейді    және    санасын    арттырады. «Ұяда   нені   көрсең,  ұшқанда   соны ілерсің» дегендей, баланы ана тілін ардақтауға үйретіп, ой қисындарын сөз жүйесіне келтіре алу қабілетін дамыту үшін, ата-ананың мақалдан сөйлеуінің мәні  зор.  Мақалдың да мақалы бар, кейбір ескірген, қазіргі өмірге қолдануға қолайсыз, тіпті теріс тәрбиелейтін мақал-мәтелдерді   пайдаланудан   сақ   болу   керек. Ұлы   Абай   «жиырма    тоғызыншы» сөзінде: «Жарлы болсаң, арлы болма»,  «Атың   шықпаса,  жер   өрте», «Ата-анадан мал тәтті», т. б. зиянды    мақал-мәтелдердің    құдайшылыққа жарамайтынын айтады.

    Мақал-мәтелдер — тәрбиелік мәні күшті, балаларды жарлылыққа баулып, жамандықтан аулақ болуға үгіттейтін өнегелі сөз. Сондықтан сабақ барысында әр мақалдың мағынасы талданып, соған қарай белгілі бір қорытынды жасалады.

    Мақал-мәтелдер,   жұмбақ,   жаңылтпаштарды оқыту арқылы тіл ұстарту жұмыстары туралы айтылыпта жазылыпта жүр. Мақал терең мағыңалы ой-пікірлер мәтіндердің мазмұнымен байланысып, тақырып тынысын күшейте түседі. Мысалы, „Елдің ері" әңгімесін оқығ-мәтелдердегі аннан кейін, „Ерлік білекте емес, жүректе", „Батыр туеа, ел ырысы, жаңбыр жауса, жер ырысы", „Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады" мақалдары талданып, мән-мағынасы түсіндіріледі. Мұнда ерлік деген күшпен, төбелеспен емес, ақылмен, жүрекпен келетін қасиет екені, елді ерлер, батыл, батыр адамдар қорғайтынын; ондай ерлері бар елдің халықтың бақытты екені ұғындырылады... Бұлар оқушыларды жаман қасиеттерден сақтандырып, жақсы қасиеттерге үйір болуға шақырады. Жақсы адамдардың өнегелі өмірдегі әстетикалық қасиетін ашып, оны оқушылар бойына сіңіруге ықпал жасайды. Әрбір мақал-мәтелдің мағынасын талдағанда, оқушыға мәтін мазмұны түсінікті және естерінде жақсы сақталатын болады. Сонымен  қазір мақал- мәтелдерде тіршілік құбылыстары адамдардың іс-әрекеті мен арасындағы қарым-қатынас туралы пікір бейнелі түрде  беріледі.

Бақылау сұрақтары:

1. Мақал-мателдің тәрбиелік мәні мен пайдалылығы.

2. Нақыл сөздердің өзіндік ерекшелігі мен орны.

3. Мақал-мател мен нақыл сөздердің ерекшелігі мен ұқсастығы.

 

 

Лекция №16.

Пәні: «Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы»

Тақырыбы: Көркем шығарманы кейіпкерлендіру.

Сабақ өтудің түрі: Активті.

Жоспар:

1. Көркем шығарманы кейіпкерлендіру

2. Балаларды ойдан құрастырып айтуға үйрету.

1.      Әдеби шығарманы мәтінге жақындатып айтып беру.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қожахметова Қ. Мәнерлеп оқу. А, Мектеп., 1982

2. Әжемнің ертегілері. Аруна баспасы. 2007

3. Жарықбаев Қ.Б. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту жайында. Қазақ мектебі. 1967., №2 83-84 бет.

 

                                              Мазмұны:

            Көркем әдебиет шығармалары балалар алдына адамға тән сезімдер дүниесін ашып, жеке адамға, кейіпкердің жан дүниесіне қызығушылық тудырады.

            Көркем шығарма кейіпкерлерімен бірге қуану-қайғыруды үйрене отырып, балалар өзінің төңірегіндегілердің, жақы адамдарыныңкөңілін, күйі байқай бастайды. Оларда адамгершілік сезім-қайырымдылық қасиет, әділетсіздікке қарсы тұру қабілеті ояна бастайды. Бұл-принципшілдік, адалдық, нағыз азаматтық қасиеттердің қалыптасу негізі. «Сезім-білімге жол ашушы, шындықты сезбеген адам оны түсінбейді және оы тани білмейді де», -деген В.Г.Белинский.

            Баланың сезімі тәрбиеші таныстырған шығарманың тілінің түсініп, оны ұғу процесінде дамиды. Көркем шығарма сөзі балаға ана тілінің әдемілігін түсінуге көмектеседі, қошаған ортаны эстетика тұрғысынан қабылдауға, сонымен бірге этикалық түсіігінің қалыптасуыа көмектеседі.

            Баланың көркем әдебиетпен танысуы халық творчествосының ең кішкене түрлері –тақпақ, өлең, халық ертегілерінен басталады. Асқан адамгершілік, барынша дәл рухани бағыттылық, өткір мысал, тілінің көркемдігі –шағын көлемдегі фольклорлық шығармалардың ерекшеліктері. Оларды балаларға ролге кіріп , әр кейіпкердің дауысын келтіріп яғни кейіпкерледіріп оқып беру. Мысалы мысық болса дауысын кербездеу етіп оқу, түлкі болса куландыра сөйлемдерді оқу т.б.

            Балаларды сөйлеу тіліне үйретуде ең үздік оқытушы –халық. Халықтың шығарма тіліндегі басқа шығармалардың ешқайсысында кездеспейтін, естілуі жөнінен бір-біріне ұқсас, ажыратып, айтуға қиын сөздердің тамаша орналастырылуының өзі балалар ұғымына өте жеңіл тиеді. Сондай-ақ қалжынды тақпақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар –педагогикалық әсер берудің ең тиімді құралы, жалқаулық, қоқақтық, эгоистік сияқты жағымсыз қылықтарға қарсы жақсы. Соныме біге көркем шығарманы кейіпкерлендіре оқытк отырып, тәрбиеші балаларға тәрбие беру міндетін де орындайды.

Мысалы: Бір баяғыда шал мен кемпір болыпты. Олардың жар дегенде жалғыз ұлдары болған екен. Бірде, мыстан кемпір шал мен кемпірдің ұлды болғанын естіп, олар түнде ұйқыда кезінде ұлдарын ұрлап кетеді... Осы сияқты ертегілерді ролге бөліп, балаларды образға кіргізіп  ойнату. Өте кішкентай мен кішірек жастағы балаларға тәрбиеші негізінен жатқа тақпақтар, өлеңдерді, әңгімелерді, ертегілерді айтады. Ол жанрларды кейіпкерлердіріп айтуға үйретеді. Ал, орта жәе ересек топтағы балаларға көлемі едәуір өлең түріндегі жәе прозалық ертегі, әңгімелер кейіпкерлендіріліп оуға үйретіледі.

            Балаларға аралған көркем шығармаларды жаттап, алу, оны мәнерлеп оқи білу –тәрбиешінің сол мамандықты жетік меңгергендігінің басты белгісі.

            Алғашқы кезде балалар не оқыса соны мүмкіндігіше сөз қалдырмай айтып беруге тырысады. Сол себепті тәрбиеші алғашқы күндерден бастап тақырып ішіндегі жазылған сқйлемдерді тастамай, орнын ауыстырмай, сөзбе-сөз әңгімелеу міндетті емес екенін айтып, түсінгенін сол тақырып көлемінен шығып кетпей әңгімелеп беруге үйретеді. Тәрбиеші асықтырмай, қалыптасу, дағдыға айналдыру уақытын есеппен жүйелі ұйымдастыра білсе, шеберлікпе жұмыс түрлерін түрлендіре алатын болса, түпкі нәтижесі жаман болмайды.

Мысалы: Бұрынғы заманда бір үлке теңіздің жағасында кемпір ме шал өмір сүріпті. Бұлардың мал дегенде бір сауын ешкісі мен балық ұстайтын ауы болыпты. Шалдың аты Шияз екен. Шал аумен балық аулап, ал кемпірі ешкіні бағыпты. Бұлардың бар қорегі ешкінің сүті мен балық болған екен. Кемпір мен шал әр уақытта бір түлкіден қорлық көріп жүріпті...

Бақылау тапсырма:

1.      Кейіпкерлендіру деген сөзді қалай түсіесіңдер? Мысал келтір.

2.      Ролдік ойын дегеніміз не?

3.      Қандай шығармаларды кейіпкерлендіруге болады. Мысал.