Лекция №17.

Пәні: Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы.

Тақырыбы: Сценарий құрастыру.

Сабақ өтудің түрі: Зерттеу лекция.

Жоспар:

1. Сахналық тәсілдер.

2. Қайталап айтуға үйрету.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Баймұратова Б.Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. А.,1976

2. Федоренко Л.П., Фомичева Г.А., Лотарев В.К. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы. А., Мектеп. 1981

3. Жарықбаев Қ.Б. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту жайында. Қазақ мектебі. 1967., №2 83-84 бет.

 

                                                       Мазмұны:       

            Көркем шығармаларды – ертегілерді, әңгімелерді, тақпақтарды –сахналандыру үшін әуелі тәрбиеші сценарий құрып алады. Сценарий  - дегеніміз өткізілетін іш-шараның немесе ертенгіліктің өткізілу реті. Сахналандыру тәсілдері дегеніміз – тәрбиеші оқыға шығармалардың кейіпкері ретінде балалардың өзара роль бөлісіп орындалуы. Жаққа бөліп қайталап айту үшін, өз ара диолог түрінде айтылатын сөздерді бар шығармаларды пайдаланған жақсы. Қайталап айтудың бұл түрі балалардың сөйлеу тілін жтілдіруге мүмкіндік туғызады. Әсіресе балалар қаратпа сөздерді, көтеріңкі бірыңғай сөздерді сахналап айту интоациясын меңгереді, балалардың сөзі жан сезімін аңғару тұрғысынан байи түседі –кейіпкерлердің басына түскен күйініш, сүйінішін балалар дауыс әуенімен аңғартуға болады.

            Практикада балалар бақшасыда мынадай сахналық тәсілдер пайдаланылады:

1. Инсценировкалық ойын;

2. Сахналанған көрініс;

3. Қуыршақ театр.

            Инсценировкалық ойынға, сахналаған көрініске, қуыршақ театрына балалар орындаушы ретіде де, көрермен ретінде де қатыса алады. Бірақ алды ала тәрбиешімен бұл көріністердің сценарии құрылады. Қай рөл қай балаға берілгендігі .

            Инсценировкалық ойын – тәрбиешінің оқып берген көркем шығарманы жақ бойынша (ролге ойнап) сөзбе-сөз қайталап айту. Балалардың мәтінді еркін қайталап айтуы –балалардың сюжеттік-ролдік ойыны.

Мысалы: «Бұршақ дән» ертегісі.

Автор Аида. Ертеде бір әтеш пен тауық өмір сүріпті. Әтеш жерді шоқып жүріп, бұршақ тауып алады.

Әтеш Мұрат. Ко-ко-ко, әй тауық мә, бұршақ дәнін же!

Тауық Сара. Ко-ко-ко, өзің же.

Автор Аида. Әтеш бұршақты жейді де қақалып қалады. Тауықты шақырады.

Автор Аида. Тауық жүгіріп өзенге кетеді.

Өзен Жанар.

Тауық Сара. Өзен, өзен, сен маған су берші, әтеш бұршақ дәніне қақалып қалды.

Өзен Жанар. Се жөкеге бар, ол маған жапырағын берсін, мен саған су беремін...

            Сценарийді құрып, ролдерді бөліп жатқанда сол кейіпкердің мінезіне мінездес балаға ролді беру керек. Мысалы тауықтың ролін өзгелердег гөрі мәтінді жақсы үйреніп, тез жаттап алатын қыз балаға беріледі. Жәе оны алады ала жаттықтырып қойған жөн.

            Әрбір кейіпкердің сөзін балалардың еркін қайталап айтуында көркем шығарманы инсценировкалау сюжеттік-ролдік ойын ретінде өтеді.

            Қайталап айтуға арналған мәтіндер: 1. Балалармен күнделікті еркін, қарым-қатынас процесінде тәрбиешінің балаларға айтайын және балалардың бір-біріне немесе өз семьясындағы үлкендерге қайталап айтатын тұрмыстық сиппатағы хабардар. 2. Монолог түрінде сөйлеп үйретуге арналған сабақтарда балалар қайталап айтуға тиісті көркем шығармалар.

            Тәрбиеші хабарының тақырыбы әр түрлі оқиғалар, бастан кешкен немесе жұмысқа бара жатқан жолда, дүкеде, үйде, тоғайда, пркте т.б. жерлерде кездесіп, қалуы мүмкін әр алуан жағдайлар немесе аңдардың, гүлдердің, қандай да бір үйдің, ағаштың, орманның – жалпы адамды қоршаған ортаның алуан түрлі сиппатамасы болуы мүмкін. Әрине, бұл әңгімелер суреттеу монологы, баяндау монологы формасында болады.

            Өмірде кездесетін оқиғалардан, шыдыққа құрылған ауызша суреттеулерді тәрбиешілер балалар ұғымына жеткізе алатындай болуы керек. Сенімді, әсерле түрде айтылға, көңілді қалжы, ажуасы аралас суреттеулер балаларға қатты әсер етеді...

Бақылау тапсырма:

  1. Сценарий дегеніміз не?
  2. Көркем шығарманы сахналаудың тәсілдері қандай?
  3. Көркем шығарманы сахналаудың тәсілінде қай жастағы балаларды үйретуге болады?

 

Лекция №18.

Пәні: Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы.

Тақырыбы: Бала тілін дамыту әдістемесі және курс міндеттері.

Сабақ өтудің түрі: Саяхат лекция.

Жоспар:

1. Тіл дамыту әдістемесі туралы түсінік.

2. Балаларды дұрыс сөйлеу мәнеріне үйрету.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Баймұратова Б.Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. А.,1976

2. Федоренко Л.П., Фомичева Г.А., Лотарев В.К. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы. А., Мектеп. 1981

3. Жарықбаев Қ.Б. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту жайында. Қазақ мектебі. 1967., №2 83-84 бет.

 

                                             Мазмұны:

Тiл дамытудың жоғары деңгейi деп, сөйлеу орфоэпиялық, орфографиялық өлшемге сай және сөздiң, сөйлемнiң, мәтiннiң сөйлеу жағдайына байланысты мәнерлiлiктi сақтай бiлумен сипатталады. Лексикалық сипаты – сөйлеу мақсаты мен мiндеттерiне, жағдайына байланысты сөздiң мәнi мен мағынасына байланысты сөйлемде орынды қолдана бiлу икемдiлiгi мен дағдысының қалыптасуы. Сөздi қолдана бiлу деңгейi дегенiмiз оқушының қатысым-әрекетке орай тиiстi сөздiң мағыналық, стилистикалық, экспрессивтi-эмоциональды мәнiне байланысты пайдалана бiлу икемдiлiгi. Бұл икемдiлiк оқушының сөздiк қорының мол болуы мен лексикалық тiлдiк құралдарды меңгеруiне байланысты. Ол туралы М.Р.Львов: ”Развитие речи - это не только количественное увеличение употребляемых школьникам единиц языка, языковых средств, но и главное - активизация, быстрота и гибкость их использования, точность и правильность выбора языковых средств и построения речевых конструкций“,- деген пiкiр бiлдiредi.

            Сөйлеудiң дұрыс болуы, оның грамматикалық икемдiлiк пен дағдыларына байланысты. Грамматикалық икемдiлiк пен дағды тiлдi игерудегi қатысымдық әрекетте өз ойына орай сөйлем құрастыра бiлу икемдiлiгi мен дағдысы болып есептеледi. Бұл икемдiлiк пен дағды, сөйлеудiң жағдайына, нұсқасына байланысты сипатталады. Мәселен, қарым-қатынас ауызекi түрiнде iске асырылып немесе жазбаша жүргiзiлсе, онда сөйлемдi сол әдеби тiл стильдерiне сәйкес құрастыра бiлу дағдысы қалыптасқан болуы қажет. Ол үшiн оқушы сөйлеудiң түрлерi (ауызша, жазбаша) мен сөйлеудiң қызметтiк (функциональды) қалыптары (формалары) туралы бiлiм мен дағдысын игеруi қажет. Ол туралы Е.И.Пассов: ”Говорение есть выражение своих мыслей в целях решения задач общения“, - дейдi. Демек, сөйлеудiң жоғары деңгейi – қарым-қатынас жағдайына, ахуалына, жанры мен нұсқаларына байланысты жүзеге асыру.

            Тiл бiлiмiнде сөйлеу әрекетiнiң жүзеге асыру нәтижесiн мәтiн деп жүр. Мәселен, И.Р.Гальперин: “Текст представляет собой снятый момент языкового творческого процесса, представленный в виде конкретного произведения, отработанного в соответствии со стилистическими нормами данного типа письменной (устной) разновидности языка”, - дейдi.

            Демек оқушының тiлiн дамытудың жоғары деңгейi қарым-қатынас мақсатына орай мәтiн құрастыра бiлу икемдiлiгi мен дағдысын қалыптастыру болады. Мәселен, М.Р.Львов: “Текст – это языковая ткань произведения, рассказа, доклада, статьи, монографии, дружеского или делового письма, устного диалога, дневниковой записи, выступления по радио, боевого приказа, протокола собрания и др.”,-дейдi. Ал, мәтiн құрастыра бiлу дегенiмiз сөйлеудi нәтижелi аяқтау, қатысымның нақтылы жағдайында туындаған диалогты, монологты сөйлеу, әдеби тiл стильдерiнiң ерекшелiктерiн сақтап мәтiн түзе бiлу болып шығады.

            Орташа деңгей қатынас жасалғанда сөйлеуде кейбiр мағыналық және тiлдiк құралдардың сәйкессiздiгiмен, сөйлесу әрекетiнiң тек қана белгiлi бiр ортада және қатысым жағдайларында (олардың ортасы шектелген) ғана iске асырылатын қабiлеттiлiгiмен сипатталады. Ол дегенiмiз бiршама орфоэпиялық, орфографиялық норманың бұзылуы, сөздi ойына сәйкес қолдануда өрескел емес қателердiң, лексикалық қателердiң кездесуi, сөйлем құрау, сөздердi тiркестiруде байланыстыру бойынша кемшiлiктердiң, яғни грамматикалық жетiмсiздiктердiң болуы, мәтiн мазмұнға орай, жүйелi құрастырылмай, тақырыпқа сай болмауынан байқалады. Демек, қатысымдық-әрекеттiң белгiлi тақырыптық, әлеуметтiк мәселеге сәйкестiлiгi сақтала бермейдi.

            Төменгi деңгей – қатысым жасаудың өзiндiк белгiлi ортасы мен нақты жағдайларын ескерместен сөйлеу әрекетiн жүзеге асыру қабiлеттiлiгi ретiнде анықталады. Сөйлеу тiлдiң стилистикалық өлшем жағынан қарастырылмаған-дықтан, мәтiн мазмұны қатысымның әлеуметтiк жағдайына сай келмейдi.

            Бұл деңгейлер қатысымдық-әрекеттiң түпкiлiктi екендiгiн көрсетпейдi. Өйткенi тiл дамыта оқытып, үйретудiң белгiлi кезеңдерiнде (сынып) тiлдi дамытудың төменнен жоғарыға дейiнгi барлық деңгейлерi кездеседi деп қорытынды шығаруға болады. Демек, тiлдi дамыту деңгейлерi көлденеңiнен де (нақты осы кезең үшiн), тiгiнен де (келесi кезеңдер үшiн) белгiленедi. Сондықтан бiз зерттеуiмiзде оқушылардың тiлiн, ойын дамыту үшiн жоғарыдағы деңгейге байланысты икемдiлiк пен дағдыны әрбiр сыныптағы оқыту әрекетiне сәйкес анықтауды мақсат еттiк. Олай болса, сөйлеу бiлiктiлiгiн арттыру үшiн оқушылардың жас ерекшелiктерiне қарай белгiлi икемдiлiктер  мен дағдылар қалыптастырылуы тиiс.

            Сөйлеу дағдылары әдiстемелiк әдебиеттерде түрлiше қарастырылады. Мәселен, Е.И.Пассов дағдының түрлерiн былайша жiктейдi: 1) речевые навыки, куда мы включаем лексические и грамматические; 2) двигательные навыки; 3) двигательно-речевые навыки (техника письма, навыков произношения звуков). Бiрақ бұлай жiктеп бөлiп көрсеткенiмен сөйлеу-әрекет дағдылары қарым-қатынас дағдыларымен бiрге болады, екеуi тұтастықта қарастырылады. Өйткенi ауызекi сөйлеу дауысқа, дыбыстауға байланысты болса, жазбаша сөйлеу графикаға, әрiп, тыныс белгiлерiне байланысты. Тiл дамыту мақсатымен бұл дағдыларды орфоэпиялық, орфографиялық дағдылар ретiнде қарастырылып, сөйлеудi жетiлдiрудiң бiр жолы тiлдiң мәнерлегiштiк және тыныс белгiлiк сипатын игеру деп есептеліндi.

Тіл туралы ғылымның өзіндік нысандарына сай орныққан жүйе, ережелері бар. Соның бірі-ана тіліміздің әр алуан жақтарын қамтидын «Тіл мәдениеті» атты білім саласы. Орфоэпия дыбыс сазы мен әдеби тілдің дауыс ырғағын тексереді, орфография емле ережелерін, пунктуация тыныс белгілерін, стилистика сөз тіркесі заңдарын, жатық сөйлеу, сөз толғау тәсілдерін зерттейді. Ал тіл мәдениетінің нысаны не деген мәселе жалпы тіл ғылымында анық белгіленбей келеді.

Қазіргі әдеби тіліміз - халық тілінің жоғарғы формасы болып табылады. Әдеби тіл дамыған сайын оның қоғамдық қызметі, нормалық жүйесі нығая түседі. Сөйлеу тілі де, әдеби тіл де өзара тамырлас, әрі бірінен-бірі нәр алып дамиды, соңғы халық тілі негізінде жасалып, оның құнарлы қазынасынан керегін таңдап алып дамыса, сөйлеу тілі де өзінің бұрынғы дәрежесінде қалып қоймай әдеби тіл елегінен өтіп, жалпы халықтық қасиетке ие болған байлықтарын, керісінше, үнемі қабылдап отырады. Бара-бара сөйлеу тілі мен әдеби тілдің алыс-берісі күшейіп, әдеби тілдің екі түрі-жазба әдеби тіл мен сөйлеу әдеби тілі қалыптасады.

Әр бір тілдің сол тілде сөйлейтін қауымдар арасында қатынас құралдық қызмет атқаруымен қатар, сол қауымның күресі мен жеңісінің құралы, мәдени өмірінің тұтқасы болып табылады. Әрбір қоғам сондықтан ана тілінің тағдырына немқұрайды қарай алмаған, оны қызғыштай қорып, халықтың мәдени дәрежесін көтеру жолында сол халықтың тілдік мәдениетін-жазу, сөйлеу мәдениетін жетілу, жақсарту талабынан басталып отырған.

Адамдар өздерінің өмірлік серігі, бүкіл тіршілігінің құралы, рухани өмірінің айасы-тіліне, оың тағдырына бейтарап қарамаған, оны қызғыштай қорып мәпелеген. Қоғамның мәдени дәрежесін көтеру бағытындағы әрбір қадам, алдымен, тіл мәдениетін, жазу, сөйлеу өнерін дұрыс жолға қою, оны үздіксіз жетілдіре беру талабынан басталып отырған. Байырғы замандарда пайда болған алғашқы грамматикалық топшылауларды «өнер табысы», «грамматикалық өнер» деп атау, грамматиканы сөйлеу, жазу өнеріне үйрететін ілім деп анықтау, тілді шебер қолдануға, шешендікке үйрететін риторика, стилистика деп аталатын ғылымдардың пайда болуы айтылғандарды дәлелдесе керек.

            Тіл тазалығына, сөйлеу шеберлігіне қазақ халқы да ерекше мән берген. Ғылым-білім дегендерден алыс жүрген замандардың өзінде де тіл өнерін өнердің өнері, « Өнер алды-қызыл тіл» деп бағалаған.

            Тіл ұстартқан халқымыз тіл өнерін мәпелей отыра, сол қадірлісінің қадірін түсіретін, оған жауапсыз қарайтын, сөз мәнісін білмейтін топастыққа да жирене қарап, олар атына ащы да өткір сын айтқан. «Аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскен», «шіріген ауыздан, іріген сөз шығарған» деген сияқты мақал-мәтелге айалып, мірдің оғындай өткір де ащы мысқылдарды тілді бұзушыларға, сөз жүйесін білмейтіндерге қарсы айтқан.

            Халқымыздың баяғы заманнан бері қарай келе жатқан осы жақсы дәстүрі біздің заманымызда ұмытылмағаны былай тұрсын,қайта ғылыми негізде дамытылып жүр. Мерзімді баспасөздер беттерінен белгілі болғанындай, алпысыншы жылдар ішінде тіл мәдениеті, баспасөздер сауаттылығы мәселелерін жетілдіре беру ісіне ерекше қарқын берілді. Бұл салада ұшығып бара жатқан біраз жағымсыз жайттар батыл сынға алынды. Пікір алысулар барысында айқындалған олқылықтарды болдырмаудың, сөйлеу тілі мен баспасөздің мәдениеттілігі арттыру шараларын белгілеу мақсатымен баспа ұйымдары арнайы республикалық кеңес өткізді . Содан бергі өткен уақыт ішінде конференция белгілеген шараларды жүзеге асыру бағытында елеулі істер жасалды, баспа орындарының ұқыптылығы артты, басылымдардың орфографиялық сауаттылығы жақсарды, туған тіліміздің тазалығына, қалыптасқан нормасына  кеселін тигізетін тіл бұзарлыққа қарсы бағытталған күрес күшейді. Бірақ алуан түрлі мамандықтар өкілдерінің радио, теледидар арқылы күнбе-күн ауызекі айтып жататын хабарларынан сөйлеу мәнеріміздің, интонациямыз, акцентуациялық құбылыстарымыз, кідірістеріміз тіліміздің артикуляциялық базасына, дағдысына, дәстүріне сай қолдана бермейді. Пікірді ауызекі айтып беру мен жазба түрде беру арасындағы жағдай өзгешелігінен де болар, тіл бұзарлық тілдік материалдардың бей-берекетін кетіріп, талғаусыз қолдана салу жазба тілге қарағанда сөйлеу тілінде әлдеқайда мол және алуан түрде кездеседі.

            Оқу-мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты.

            Баланың оқу әрекеті-күрделі, жан-жақты үрдіс, ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін керек етеді. Баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Баланың ақыл-ой әрекеті оның қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік сияқты т.б. Психикалық үрдістерімен байланысты іске асырылып отырады. Оқушының өздігінен оқуының жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек.

            Баланың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аудару керек. Ең алдымен, баланы өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек. Егер бала әрбір оқу жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай мақсатпен керектігін, ол қандай нәтиже (жаңа білім, дағды) беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу жұмысының мақсат міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалануға, қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы өте зор.

      Баланың оқу әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіндіру және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгеру. Осыған орай, балалардың ғылыми білімді және дағдыларды менгеруі олардың оку әрекетінің негізгі мақсатымен нәтижесі болып табылады. Оқу әрекетінің белгілі құрылымы мыналар:

            1. Оқу міндеттері (немесе тапсырмалар);

            2. Оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой тәсіл-амалдары);

            3. Бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы);

            4. Бағалау (мұғалімнің және оқушының өзіне-өзі берген бағасы).

            Осындай күрделі әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау қаблетін қалыптастырады. Ойлау-баланың таным әрекетінің ең жоғарғы түрі. Ойлау арқылы оқушлар көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды, заңдылықтарды ұғады. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы іске асырады. Ойлау-нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап іздеуден басталады. Ойлау-белгілі міндетті, теориялық немесе практиалық мәселелерді шешуге  бағытталады. Баланың ойлау әрекеті өзінен-өзі қалыптаспайды.

            Олардың ойлау әрекетінің ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі өзіне тән логикалық амалдардан (операциялардан) тұрады: анализ, синтез, салыстыру, топтастыру, жалпылау, тұжырымдар жасау  т.б.

            Оқушының оқу әрекетінің жемісті болуы  ойлаудың осындай амалдарын қолдана алуына байланысты болады. Ойлаудың түрлері: көрнекі-амалдық, көрнекі-образдық, сөздік -логикалық..

    Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаев былай деген: “Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау-жанның өте бір қыйын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың  ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап іс”.

Істеу керек. Өркендету жолдары мыналар:

1.Баланың жанында дұрыс  әсерленулер һәм ашық суреттенулердің көп болуына иждаһат қылу керек. Әсерленулер, суреттеулер өздері аз болып және дұрыс һәм ашық болмаса, баланың  ұғым, хүкім жасауы ой шығаруы қажет болады. Ойдың өзінің терең болу үшін әсерлену суреттеулердің көбі ашық болуы керек. Қанша дегенмен адам суреттеулер бойынша ойлайды. Сондықтан балаға бір затты ұқтырмақшы болсақ, жалаңаш айтуға қажеті жоқ. Бала пікірді суреттеудің өзінен шығарып аласың.

      2. Бала заттардың, көріністерді ұқсас сындары бойынша топ-топқа бөліп үйренсін. Мысалы, дыбыстарды, өсімдіктерді, жануарларды топ-топқа бөлу сықылды. Бірақ баланы, заттарды көріністерді топ-топқа бөлгізіп үйреткенде, жеңілден ауырға көшуді естен шығармау керек.

            3. Көріністердің, ойлардың араларындағы байламды һәм олардың қатынасының себеп екенін тауып үйренсін. Бұл мысалдардан ереже заң шығартқызып үйрету сықылды істермен болады. (М.Жұмабаев. Педагогика, Алматы, 1993, 1. 70-71бет.).

            Балалардың дамуына ең алдымен, оқыту мазмұнының ерекшіліктері (оқу материалының нақтылық және теориялық сипаты, жеңілділігі мен күрделігі т.б.) әсер етеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Тіл дамыту әдістемесі дегеніміз не?

2. Балалардың тілін дамыту үшін жүргізілетін әдістеме?

3. Оқу әрекетінің белгілі құрылымы?

4. Тіл туралы ғылымның өзіндік нысандары?

5. Дыбыс дегеніміз не?