Лекция №19.
Пәні: Тіл дамыту әдістемесі және
мәнерлеп оқу практикумы.
Тақырыбы: Тіл дамыту әдістемесінің
маңызы.
Сабақ өтудің түрі: Активті.
Жоспар:
1. Тілді үйрете бастаудың дер шағы туралы түсінік.
2. Тіл дамытуда ана тілінің өзіндік ерекшелігі.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Баймұратова Б.Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып
сөйлеу тілін дамыту. А.,1976
2. Федоренко
Л.П., Фомичева Г.А., Лотарев В.К. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту
методикасы. А., Мектеп. 1981
3.
Жарықбаев Қ.Б. Оқушылардың сөйлеу
мәдениетін дамыту жайында. Қазақ мектебі. 1967., №2 83-84
бет.
Мазмұны:
Тілді дер кезінде
және сапалы меңгерту балада дұрыс психиканың
қалыптасуының жәе оның жақсы дамуының
алғашқы аса маңызды шарты болып табылады. Дер кезінде
дегеніміз бала дүниеге клгенген алғашқы күннен бастау,
сапалы дегеніміз тілдік материал көлемінің жеткілікті болуы
және баланың әр бір жас кезеңіне қарай тілді
меңгеруге деген мүмкіндіктерін толық пайдалану.
Алғашқы жас
сатысында баланың тілдің дамытуға назар аудару ерекше
маңызды, өйткені осы кезде баланың миы жедел өсіп,
оның қызметі қалыптасады. Орталық нерв
жүйесінің қызметі оның табиғи қалыптасуы
кезеңінде жаттықтыруға оңай бейімделетіндігі
физиологтарға белгілі. Жаттықтырусыз бұл қызметіің
дамуы тежеліп, тіпті мәңгі тоқтап та қалады. «Тіл
үшін –деп жазды профессор М.М.Кольцова, - дамудың мұндай
«қиын-қыстау» кезеңі бала өмірінің
алғашқы үш жылы болып табылады: осы кезге қарай
негізінен мидың анатомиялық сөйлеу желісінің жетілуі
аяқталады, бала ана тілінің басты граммтикалық формаларын
меңгереді, мол сөз қорын жинайды. Егер алғашқы
үш жылында сәбидің тіліне тиісті нзар аударылмаса, кейін
олқылықтың орнын толықтыру үшін қыруар
күш-жігер жұмсауғ тура келеді».
Тәрбиеші кері
байланысты да есте ұстауға тиіс: егер тілдік
қарым-қатынас прцесінде бала өзінің сөйлеу
аппаратының бұлшық еттерін жаттықтырса, яғни
баламен сөйлесіп, оы тыңдаса, ми дамиды.Бала дыбыстарды
неғұрлым ертерек, шапшаң жәе дұрыс артикулдеуді
үйренсе, ол соғұрлым ертерек іштей, тілді анағұрлым
жоғары түрде меңгеруге қабілетті болады, өйткені
іштей сөйлеу –сөйлеу қозғалысы, сөйлеу
мүшелері, бұлшық еттерінің жұмысы.
Бала алғашыда
өзімен сөйлескен адамның анасы немес тәрбиешінің
бет-жүзінен көрген артикуляцияға, сөйлеу
қозғалысына еліктейді.
Мысалы: - У-у-у, біз
қандаймыз! – десе. Бала да у-у-у деп сол айтылған дыбысты
қайталайды.
Баланың сөдік
қорында белгілі бір дыбыс комплексі болғанның өзінде
оымен өмір құбылысының шындығын байланыстыруды
үйрегенде де ол әлгә байланысты жасауға кім үйретсе,
соған еліктейді және еліктеу кейін де инстинг бола бермек.
Қазіргі мектепке
дейінгі мекеме бағдарламасында тіл байланысын дамыту деп аталатын
жұмысқа ерекше назар аударылып отыр. Бұл жұмыста,
өмір талабынан, өмір, тұрмыс қалауынан туындаған
мәселе. Қоғамның, оның мүшелерінің
жалпы мәдениеті көтерілген сайын өмірдің сан-саласында
қолданылатын тілдің мәдениеті де көтеріліп,
сөйлейтін я жазатын ойды әрі айқын, әрі жатық,
әрі мәнерлі етіп құрауды қалайды. Бұл
үшін оқушының тілін ауызша да, жазбаша да дамыту қажет.
Ана тілі байланысын дамытудың ғылыми
дәрежесін көтеру мәселелерінің бір жағы қазақ
тіл біліміне, екінші жағы педагогика мен жеке әдістемеге
байланысты. Қазіргі тіл ғылымы ана тілін мектепте
оқытуға міндетті мәселенің ғылыми жағынан
айқындап, тұжырымдап береді. Дегенмен, оқушылардың
практикалық өмірінде сөйлеу, жазба тілдерінде ол қылықтар
көп кездеседі. Қазіргі кезде бастауыш сынып оқушыларына
қарағанда, жоғары сынып оқушыларының да тіл
байлығы тапшы. Өз ойын дәл жеткізіп бере алмайды, жазбаша
сауаты нашар, тіл тазалығы мен тіл мәдениетіне қатынасы
талапқа сай емес. Сондықтан “баланы бастан” деп халқымыз
айтқандай, баланың мектепке келген алғашқы
күнінен бастап, тіпті отбасында тіл тазалығына, сөйлей
білуге, ойды жинақтап айта білуге дағдыландыруымыз керек.
Баланың
ауызекі сөйлеу тіл байлаысын дамыту әрқашан әдістеме
тарихында қаралып отырды. Оның маңызы, қажеттілігі
айқындалды. Бірақ ауызекі сөйлеу тілін дамыту арнайы
зерттелмеді. Әсіресе, ауызекі сөйлеу икемділіктерін дамытудың
негізгі атаулары мен категориялары, жұмыс салалары, оқытудың
мазмұны, көлемі, әдістемесі нақтыланбады. Сондықтан
зерттеу жұмысының мақсаты оқушылардың ауызекі
сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру
барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдап, ғылыми
негіздерін белгілей білді. Сондай-ақ ауызша сөйлеу әрекетін
дамыту әдістемесін жасау болып табылды.
Бұл еңбектің міндеттері:
-ауызекі сөйлеу тіл байланысын дамытудың
ғылыми-теориялық негіздерін анықтау;
1. тілді игеру жұмысының
мазмұнын, көлемін және оның жүйесін қатысымдық әрекет негізінде
белгілеу;
сөйлеу тілін дамытудың әдістемесін жасау.
Бұл құрамда мынадай ғылыми-зерттеу әдістері
пайдаланылады:
2. ауызекі сөйлеуді дамытудың
мәнін, мазмұнын, көлемін анықтауға байланысты
философиялық, психологиялық, лингвистикалық және
әдістемелік әдебиеттерді
талдау;
3. оқушылардың ауызекі
сөйлеу дағдысын анықтауда
қазіргі қолданылып жүрген оқу
құралдары мен мұғалімдер тәжірбиесін зерттеу
4. зерттеу жұмысы барысында,
бақылау, әңгіме, оқушылардың ауызша
жауаптары мен жазбаша жұмыстарын
талдау пайдаланылады;
5. анкеталық және статистикалық әдістер қолдалынады.
Сөйлеу әрекетінің икемділіктері мен дағдылары және тілдік қарым-қатынастың түрлері.
“Сөйлеу әрекеті”- (“речевая деятельность”) әртүрлі ғылым өкілдерін қызықтырған күрделі мәселе. Көптеген ғалымдар зерттеу нысандарына қарай оның ерекшеліктерін әр қырынан қарастырған. Мәселен, лингвист-ғалымдар сөйлеу әрекетімен тілдің ара қатысын сөз етсе, психолог сөйлеу әрекетінің жалпы ми арқылы өту үрдісін, жүру бағытын зерттейді. Физиолог оның жұмыс істеу механизмдерін, құралдарын, қызметін тексереді. Психолингвист сөйлеу әрекеті іске асу үшін жұмсалатын тілдік тұлғалардың санамен байланысын, сөйлеу мүшелерінің ойға қатысты қимыл-қозғалысын дәлелдейді.
Әдіскер болса, ал осы салалардың барлық заңдылықтарын ескере отырып, сөйлеуге үйретудің тиімді үлгілерін табуды және ұйымдастыруды жалпы сөйлеу әрекетін жүзеге асыруды көздейді. Бұл саладағы ғалымдар кімді оқытатынын; оларды неге үйрету керектігін; не үшін, не мақсатпен және қалай оқыту қажеттігін қарастырады. Тілші-әдіскерлердің ең бірінші мақсаты сапалы оқытудың жолдарын табу, яғни қалай оқытсақ, ісіміз жақсы нәтиже береді-деген сауалға жауап іздеу. Соны практикалық жағынан дәлелдеп, теориялық тұрғыдан жүйелеп көрсету.
Адамның
сөйлеу әрекетін
көптеген авторлар белгілі бір
хабарды, ойды, ақпаратты баяндау, яғни екінші біреуге жеткізу деп түсіндіреді. Немесе тілдік қарым-қатынас
дегеніміз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы белгілі бір ақпаратпен алмасуы деген пікірді
айтады. Рас, адамзат тілінің ең басты қызметінің өзі ойды, хабарды жеткізу. [15 8б].
Сөйлеу кезінде адам қалай болса солай айта салмайды, ал ең алдымен ойлауды басынан өткереді, сырттағы нысанды шындық санаға, ойға әсер етіп, пайымдау туғызады. Сол адам миының ойлау үрдісі арқасында нені айту керек, не туралы сөйлеу қажеттігі жөнінде нақтылы сөз жасалады.
Сонымен бірге Оразбаева: “Адам не туралы сөйлейтінін, тіл арқылы нені жеткізетіндігін білгенмен, тілді сол сияқты сөйлеуді өзіне бағындыра алмайды, яғни сөйлеу әрекеті, адамның сөйлеу тілі өзіне тәуелді емес, ол-табиғат берген, жаратылыстан туған күрделі процесс. Адам сөйлеуді жетілдіреді, дамытады, оның заңдылықтарын қарастырады, бірақ сөйлеу тілін өзі жасай алмайды. Осыдан сөйлеудің тілдік қоғамдық-әлеуметтік сипатымен аңғарылады,”-деп көрсетеді.
Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас деген ұғымды білдіру арқылы бұл сөздің мағынасы әлдеқайда кеңейді. Сонымен қатар “коммуникация”, “коммуникативтік” термині соңғы жылдары лингвистикада ғана емес, одан басқа да барлық ғылым салаларында кеңінен қолданылып келеді. Бұл сөздің тілге, сөйлеуге қатысты алғашқы мағынасы “қарым-қатынас”, тіл арқылы түсінісу, пікірлесу дегенге саятын болса, кейінгі кезеңдерде бұл ұғым одан әлдеқайда тереңдей түсті. Мәселен, тілдік коммуникация-тіл арқылы сөйлеу, ұғынысу дегенді білдірсе, қоғамдық коммуникация-қоғамдық байланыс қоғамдағы қарым-қатынас дегенді аңғартады, ал саяси коммуникация-саяси өмірдегі байланыс саясатқа қатысты қарым-қатынас дегенді байқатады.
Бақылау тапсырма:
1. Табиғи сөйлеу ортасы дегеніміз
не?
2. Тіл дамуының сөйлеу ортасын
ұйымдастыру шарттарына бағыныштылығы қандай?
3. Жасанды сөйлеу ортасы деп нені
айтады?
Лекция № 20.
Пәні: Тіл дамыту әдістемесі және
мәнерлеп оқу практикумы
Сабақтың
тақырыбы: Тіл
дамыту әдістемесінің зерттеу әдістемесі.
Сабақты
өтудің түрі: Активті.
Жоспар:
1. Тіл дамыту
әдістемесі пәні.
2. тіл дамыту
әдістемесінің зерттелуі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Федоренко. А. П. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту
методикасы.Алматы, мектеп. 1981
2. Қожахметова Қ. Мәнерлеп оқу. Алматы, мектеп.
1982
3. Баймұратова Б. Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып
сөйлеу тілін дамыту. Алматы, 1976
4. Майтанов Б. Сөз сыны. Алматы, Ғылым. 2002
Мазмұны:
Баланың сөз қоры мектеп жасына
дейінгі кезеңде үш есе ұлғаяды. Баланың
сөздік қоры: есімдердің, етістіктердің, зат
есімдердің, сын және сан есімдердің әсерінен молаяды.
Бірте-бірте ана-тілінің марфологиялық жүйесі
құрмалас сөйлемдерді меңгере бастайды. Осының
бәрін бойына сіңірген бала жаңа сөздерді оңай
құрайды. Олардың мағынасынан өзгерте алады.
Мектеп жасына дейінгі кезең баланың тілдік нормаларын, тілдік
көріністерін аңғартуға бейімделген кезең.
Бұл кезде бала сөздің мағыналық жағы мен
дыбыстық жағына көп көңіл аударады. Бес жасында
сөздердің қалай пайда болатынын түсіне бастайды да,
түбірлес сөздерді іріктейді. Белгілі-бір сөздің
құрамындағы түбірлес сөздерді іріктейді.
Белгілі-бір сөздің құрамындағы дыбыстарды
дұрыс атауы (табуы) баланың фонемалық есту қабілетін
көрсетеді. Мектеп жасына дейінгі балада дауысты, дауыссыз, жуан
және жіңішке дыбыстар жайлы алғашқы түсінік болуы
керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін
дамыту үшін көптеген әдіс –тәсілдер қолдану
арқылы баланың сөздік қорын дамытамыз. Ана тілін үйренудің
заңдылығы, жоғарыда айтып өткеніміздей, бірқатар
қаблеттердің даму процесінде ішкі сезім арқылы (саналы емес)
жүзгеге асырылады: 1) өзінің сөйлеу органы
бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу қабілеті
– сөздің дыбысын артикулдеу, интонация элементтерін, проодемаларды
модулдеу және оларды есту; 2) дыбыс комплекстері мен интонацияны тілден
тыс шындықпен салыстьыру қабілеті, яғни оларды сөйлеу
элементінің мағынасы ретінде түсіну; 3) сөздің
мағыналық элементін өз сезімімен салыстыра білу
қаблеті, яғни оларды бағалау; 4) араласу, тану, сөзді
және адамның мінез –құлқын тәртіптеу
процесінде сөздің мағыналық үйлесіділік
дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау
қабілеті.
Егер тәрбиеші баланың табиғи
сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын жағдай
жасаса, онда баланың тілі неғұрлым тезірек байиды және
оның психикасы жан-жақты дамиды.
Лингвистикалық-дидактикалық принциптерге құрылған
тіл үйретудің түрлі әдістерін қолдану тілді
дамытуды жеделдетудің негізгі шарты болып табылады.
Оқыту әдісі деп білімді бір адамнан
екінші адамға беру мақсатымен орындалатын үйренуші мен
үйретушінің іс-әрекетін айтады.
Мектепке дейінгі кезеңідегі тілдің
дамуына мынандай практикалық әдістер тән: еліктеу
әдісі, сөйлесу (әңгімелесу) әдісі, қайталап
айту әдісі, әңгімелеп беру (құрастыру)
әдісі. Баланың тілін дамыту әдістері: баламен
әңгімелесу.
Баланың тілін дамыту әдістері: баламен
әңгімелесу; Күнделікті өмірге қажетті заттарды,
айналадағы дүниені бақылату; кейбір заттың өзін
немесе суретін көрсетіп сөйлесу; көрген –білген туралы
әңгімелеп беруге үйретіп отыру; сөздік тапсырмалар
орындату; әңгімелесуден соң балаға сол
оқиғаға байланысты әдеби шығармалар оқып
беріп тыңдату; түсінгені бойынша оқиғаны суреттеп,
мүсіндеп көрсетуге жаттықтыру.
Баланың тілін
дамыту, сөйлесе білуге үйрету негізінен үш түрлі
тәсіл арқылы іске асырылады: 1. Затты бақылатып
көрсету; 2. балалардың түсінігін байқау,
сұрақ қойып жауап алу; 3. сол бақылаған оқиғалар
туралы дербес жаттығулар орындатып, көрген білгенін тереңдете
тиянақтап отыру. Мыскалы, балаға үй жануарларын
бақылатсаңыз қозылы қой, бұзаулы сиыр немесе
балалы мысық. Осылардың әрекеті, адамға келтірер
пайдасы, бір-бірінен айырмашылығы (қозы, қой, сиыр),
ұқсас жақтары туралы бала салыстыра айтуға тиісті.
Соңынан мақал-мәтел айтып, жұмбақ шештіру,
сөз мәнісін сұрап, түсініп айтуға үйрету.
Сол жануарларды суреттен танып көрсету, мүсіндеу, жануарлар айтысы
т.б. ойындар ойнату тәріздес жұмыс жүргізу.
Осы жастағы
балалардың байқалатын ерекшелік – оның сөйлеу
тілінің, заттану процесіне баяу дамитындығы. әдетте 20-30
заттың түр-түсін танитын бала сол заттың он-он бесін
ғана сөзбен айтады. Көпшілік затты ыммен, түрлі
қимыл арқылы көрсетеді.
Бақылау
сұрақтары:
1. Тіл дамыту әдістемесінің зерттеу объектісі.
2. Тіл дамыту әдістемесінің зерттеу әдістері.
3. Тіл дамыту әдістемесінің дамуы.