Лекция №21.

Пәні: Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы.

Тақырыбы: Тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысы.

Сабақ өтудің түрі: Проблемелық.

Жоспар:

1. Тіл дамыту әдістемесі жөнінде ғалымдардың пікірі.

2. Мектепке дейінгі мекемелердің тұжырымдамасының маңызы.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Баймұратова Б.Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. А.,1976

2. Федоренко Л.П., Фомичева Г.А., Лотарев В.К. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы. А., Мектеп. 1981

3. Жарықбаев Қ.Б. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту жайында. Қазақ мектебі. 1967., №2 83-84 бет.

 

                                                      Мазмұны:

            Елімізде болып жатқан іргелі-іргелі өзгерістер мен қайта жаңғырулар оның білім мен тәрбие беру жүйесіне де түбірлі өзгерістер  мен мақсаттар әкелді. Ұлттық білім беру жүйесінің  мақсаттары мен міндеттерін құруда айтулы жаңарулар жүліп жатыр. Білім стандартынын  жасалынуы, төл оқулықтарымыздың дүниеге келуі, мектептерді жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігінде ену мақсатындағы  жұмыстар сол өзгерістің куәсі. 2000 жылғы сәуір айында Декара, Сенегада өткен бүкіл әлемдік форумда  шығармашылық жеке  тұлға қалыптастыру , әр баланың дарынын , талантын ашу, өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, олардың өз өмірлерін жақсартуы менолардың қоғамда  өз орнын табуына  ықрал ету мәселелері сөз болды. Бұл маңызды  талаптар мен міндеттерденЕгеменді еліміздің  білім беру жүйесі,  мектептері мен мұғалімдері  тыс қалмақ емес. «Ұлттық курикулизм» деп аталатын жаңа мазмұнды  құжаттың басты бағыты бүкіл әлемдік білім кеңістігіне  енуді мақсат еткен, мектеп-ұстаз- шәкірт-оқулық мәселелерін  тұтас жүйе ретінде  қарастырған. Президент Н.Ә.Назарбаев білім, ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән-мағынасын түсінетін, жаны да, тәні де  таза, білімді патриот-азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің харқын сүюге  тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы»,-деген болатын [ 3].

        Елімізде білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, онда болашақтағы білім берудің  мақсаттары мен міндеттері төмендегідей  тұжырымдалған:

    Внедрение новых педагогических, информационных и здоровье сберегающих технологий обучения;

    Создание системы внешней текущей и итоговой оценки учебных достижений обучающихся;

     Изменение принципов организации обучения и роли ученика в нем от  пассивного «получателя» знаний, умений, навыков к активному субьекту познавательного процесса;

   Учебный процесс будет направлен на:

    Формирование потребности и умения самостоятельно добывать и применянь знания на практике, целенаправленное и систематическое приобщение к научным способам познания;

    Развитие ученика как личности и субьекта деятельности, формирование ценностых жизненных ориентиров;

Воспитание  уважение к национальной культуре и формирование открытости по отношению к другим культурным истоком [4, 7-8].

    Мемлекеттік  бағдарлама тұжырымдары  тікелей қазақ тілін оқыту, ондағы тіл дамыту үрдісіндегі  жаңа мақсаттарды да айқындайды . Дәстүрлі оқытудағыдай өнімсіз әдіс-тәсілдер орнына  оқушыны жеке тұлға ретінде  қарастыра отырып , оларды білімді өз ізденістері арқылы адуын, өзін-өзі  оқытуын ұйымдастыруды алдыға қояды.

     «Білім туралы қазақстан Республикасының  Заңында»:

    ... жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын  дамыту; дейтін тұжырымдар бүгінгі білім берудің  мақсаттары мен міндеттерін ғана емес, тіл дамытудағы  өзекжарды мәселелерді де айқындайды.   

Жеке тұлғаға  қарай білім мен  тәрбие үрдістерін  жүргізу әлемдік педагогика алдында тұрған мақсат екенін Н.Г..Селевконың зерттеулерінен айқын көруге болады. Ғалым мен жеке тұлға туралы  төмендегідей анықтама береді: «Личность-это психическая духовная сущность человека, выступающая в разнобразных обобщенных системах качеств»    Білім беру жүйесіндегі осындай түбірлі  жаңғырулар ескірген әдіс-тәсілдер емес, жаңа инновациялық технологияны меңгеру, содан іздену арқылы жүзеге асады.

            Білім беру жүйесіндегі  осы түбірлі жаңғырулар тың жолдарды іздеу мақсатын алдыға әкелді. Инновациялық технологиядан іздену-қазіргі оқыту үрдісінің  басты мақсаты. Инновациялық технология туралы В.Н.Кан-Калик, Ф.Н.Гоноболин, М.В.Кларин.  Л.М.Фридман,  Л.С: Выготский,  П.И.Пидкасистый,  В.Монохов, Т.И. Шамова, О.Г.Хомерики, Ю.К. Бабанский, М.М.Поташник, В.П.Бесполько, С.А. Смирнов, К.Ангеловский, В.Шепель, И.Г.Зайнышев, С.Н.Данакин,  қазақстандық ғалымдар Қ.Қ. Қабдықайыров, Ш.Т. Таубаева, Б.Р.Айтмамберова, Н.А. Әбішов, Г.Құдайбергенова, б.Әбдікәрімұлы, Ж.Қараев сынды ғалымдардың  ізденістері баршылық. Латын тілінен аударғанда  «жаңадан бастау», «жаңарту», «өзгерту» деген мағынаны  білдіретін педагогикалық инновацияның басты бергілерін былай  тұжырымдауға болады:

      -оқыту үрдісінде жүзеге  асатын келелі педагогикалық мәселені шешуге бағытталады;

     - педагогикалық жаңаландыру бұл мәселердің жаңа шешімін ұсынады;

     - педагогикалық жаңаландыру-жаңа  нәтижелерге, педагогикалық үрдістердің  жаңғыруына қол жеткізеді.

Технология тарихы туралы Б.Әбдікәрімұлы, М.Мәлібековалар былай дейді: «Алғаш рет «педагогикалық технология» 20жылдары И .Павлов, В.М.Бехтерев, А.А.Ухтомский, С.Г. Шацкий еңбектерінде  кезекті. 40-50жылдары оқыту процесіне  техникалық құралдарды енгізе бастағанда , «білім технологиясы» термині пайда болды да ,кейінірек әр түрлі техникалық оқыту құралдары, соның ішінде  кино, радио, бақылау құралдары енгізіле бастағаннан кейін «педагогикалық технология» түсінігіне ауысты».

Ғалым –педагог, психологтардың пайымдауына  жүгінсек, В:П. Беспалько өзінің «Слагаемые педгогической технологий» деген еңбегінде оны «Оқу –тәрбие процесінің алдын-ала жүйелі түрде жобалануы, оны тәжірибеде жүзеге асыру, яғни, белгілі педагогикалық жүйенін тәжітибеде жүзеге асатын жобасы» деп қарастырады. В.П. Беспалько педагогикалық жүйені педагогикалық технология негізі деп тұжырымдайды.  Педагогикалық жүйеде  берілетін білім балалардың таңдайтын мамандығына  бағытталуы тиіс. Кәсіпке дайындық-тұлға дамуын жүзеге асырады.Мақсатты білім беру технологияның басты балгіларі. Ғалым диагностикалық методикаға арқа сүйейді. Оны мақсатты білім берудің көзі деп тұжырымдайды. Ол оқу-тәрбие мақсатын, бүкіл іс-әрекетті диагностикалық талаппен қоюға ерекше көңіл бөледі. Педагогикалық жүйе ретінде  бір-бірімен байланысқан әдістер мен тәсілдерді, іс-әрекеттердің  жеке тұлғаға бағытталуын, мақсатты, бағытты педагогикалық әсерді алады.

Бақылау сұрақтары:

1. Тіл дамыту әдістемесінің қалыптасуы.

2. Тіл дамыту әдістемесінің зерттелуі.

3. Тіл дамыту әдістемесінің негізгі объектісі.

 

Лекция №22.

Пәні: Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы.

Лекция сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту әдістемесі ғылым болып қалыптасуы.

Сабақты өтудің түрі: Активті.

Жоспар:   

1. Тіл дамыту әдістемесінің даму кезеңі.

2. Тіл дамыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Федоренко. А. П. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы.Алматы, мектеп. 1981

2. Қожахметова Қ. Мәнерлеп оқу. Алматы, мектеп. 1982

3. Баймұратова Б. Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Алматы, 1976

4. Майтанов Б. Сөз сыны. Алматы, Ғылым. 2002

 

Мазмұны:

Тіл туралы ғылымның өзіндік нысандарына сай орныққан жүйе, ережелері бар. Соның бірі-ана тіліміздің әр алуан жақтарын қамтитын «Тіл мәдениеті» атты білім саласы. Орфоэпия дыбыс сазы мен әдеби тілдің дауыс ырғағын тексереді, орфография емле ережелерін, пунктуация тыныс белгілерін, стилистика сөз тіркесі заңдарын, жатық сөйлеу, сөз толғау тәсілдерін зерттейді. Ал тіл мәдениетінің нысаны не деген мәселе жалпы тіл ғылымында анық белгіленбей келеді.

Қазіргі әдеби тіліміз - халық тілінің жоғарғы формасы болып табылады. Әдеби тіл дамыған сайын оның қоғамдық қызметі, нормалық жүйесі нығая түседі. Сөйлеу тілі де, әдеби тіл де өзара тамырлас, әрі бірінен-бірі нәр алып дамиды, соңғы халық тілі негізінде жасалып, оның құнарлы қазынасынан керегін таңдап алып дамыса, сөйлеу тілі де өзінің бұрынғы дәрежесінде қалып қоймай әдеби тіл елегінен өтіп, жалпы халықтық қасиетке ие болған байлықтарын, керісінше, үнемі қабылдап отырады. Бара-бара сөйлеу тілі мен әдеби тілдің алыс-берісі күшейіп, әдеби тілдің екі түрі-жазба әдеби тіл мен сөйлеу әдеби тілі қалыптасады.

Әр бір тілдің сол тілде сөйлейтін қауымдар арасында қатынас құралдық қызмет атқаруымен қатар, сол қауымның күресі мен жеңісінің құралы, мәдени өмірінің тұтқасы болып табылады. Әрбір қоғам сондықтан ана тілінің тағдырына немқұрайды қарай алмаған, оны қызғыштай қорып, халықтың мәдени дәрежесін көтеру жолында сол халықтың тілдік мәдениетін-жазу, сөйлеу мәдениетін жетілу, жақсарту талабынан басталып отырған.

Адамдар өздерінің өмірлік серігі, бүкіл тіршілігінің құралы, рухани өмірінің айасы-тіліне, оның тағдырына бейтарап қарамаған, оны қызғыштай қорып мәпелеген. Қоғамның мәдени дәрежесін көтеру бағытындағы әрбір қадам, алдымен, тіл мәдениетін, жазу, сөйлеу өнерін дұрыс жолға қою, оны үздіксіз жетілдіре беру талабынан басталып отырған. Байырғы замандарда пайда болған алғашқы грамматикалық топшылауларды «өнер табысы», «грамматикалық өнер» деп атау, грамматиканы сөйлеу, жазу өнеріне үйрететін ілім деп анықтау, тілді шебер қолдануға, шешендікке үйрететін риторика, стилистика деп аталатын ғылымдардың пайда болуы айтылғандарды дәлелдесе керек.

            Тіл тазалығына, сөйлеу шеберлігіне қазақ халқы да ерекше мән берген. Ғылым-білім дегендерден алыс жүрген замандардың өзінде де тіл өнерін өнердің өнері, « Өнер алды-қызыл тіл» деп бағалаған.

            Тіл ұстартқан халқымыз тіл өнерін мәпелей отыра, сол қадірлісінің қадірін түсіретін, оған жауапсыз қарайтын, сөз мәнісін білмейтін топастыққа да жирене қарап, олар атына ащы да өткір сын айтқан. «Аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскен», «шіріген ауыздан, іріген сөз шығарған» деген сияқты мақал-мәтелге айалып, мірдің оғындай өткір де ащы мысқылдарды тілді бұзушыларға, сөз жүйесін білмейтіндерге қарсы айтқан.

Халқымыздың баяғы заманнан бері қарай келе жатқан осы жақсы дәстүрі біздің заманымызда ұмытылмағаны былай тұрсын,қайта ғылыми негізде дамытылып жүр. Мерзімді баспасөздер беттерінен белгілі болғанындай, алпысыншы жылдар ішінде тіл мәдениеті, баспасөздер сауаттылығы мәселелерін жетілдіре беру ісіне ерекше қарқын берілді. Бұл салада ұшығып бара жатқан біраз жағымсыз жайттар батыл сынға алынды. Пікір алысулар барысында айқындалған олқылықтарды болдырмаудың, сөйлеу тілі мен баспасөздің мәдениеттілігі арттыру шараларын белгілеу мақсатымен баспа ұйымдары арнайы республикалық кеңес өткізді . Содан бергі өткен уақыт ішінде конференция белгілеген шараларды жүзеге асыру бағытында елеулі істер жасалды, баспа орындарының ұқыптылығы артты, басылымдардың орфографиялық сауаттылығы жақсарды, туған тіліміздің тазалығына, қалыптасқан нормасына  кеселін тигізетін тіл бұзарлыққа қарсы бағытталған күрес күшейді. Бірақ алуан түрлі мамандықтар өкілдерінің радио, теледидар арқылы күнбе-күн ауызекі айтып жататын хабарларынан сөйлеу мәнеріміздің, интонациямыз, акцентуациялық құбылыстарымыз, кідірістеріміз тіліміздің артикуляциялық базасына, дағдысына, дәстүріне сай қолдана бермейді. Пікірді ауызекі айтып беру мен жазба түрде беру арасындағы жағдай өзгешелігінен де болар, тіл бұзарлық тілдік материалдардың бей-берекетін кетіріп, талғаусыз қолдана салу жазба тілге қарағанда сөйлеу тілінде әлдеқайда мол және алуан түрде кездеседі.

Бақылау сұрақтары:

1. Тіл дамыту әдістемесінің ғылым болып қалыптасуы.

2. Тіл дамыту әдістемесінің қалыптасу кезеңдері.

3. Тіл дамыту әдістемесінің дасу кезеңдері.