Лекция № 23.

Пәні: Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы.

Тақырыбы: Б.Б.Баймұратованың тіл дамыту әдістемесіне қосқан үлесі.

Сабақты өтудің түрі: Пікірталас.

Жоспар:

1. Б.Б.Баймұратованың еңбектері.

2. Б.Б.Баймұратованың тіл дамыту әдістемесіне қосқан үлесі.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Баймұратова Б.Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. А.,1976

2. Федоренко Л.П., Фомичева Г.А., Лотарев В.К. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы. А., Мектеп. 1981

3. Жарықбаев Қ.Б. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту жайында. Қазақ мектебі. 1967., №2 83-84 бет.

                                                          

                                                       Мазмұны:       

Баланың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аудару керек. Ең алдымен, баланы өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек. Егер бала әрбір оқу жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай мақсатпен керектігін, ол қандай нәтиже (жаңа білім, дағды) беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу жұмысының мақсат міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалануға, қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы өте зор.

      Баланың оқу әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіндіру және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгеру. Осыған орай, балалардың ғылыми білімді және дағдыларды менгеруі олардың оку әрекетінің негізгі мақсатымен нәтижесі болып табылады. Оқу әрекетінің белгілі құрылымы мыналар:

            1. Оқу міндеттері (немесе тапсырмалар);

            2. Оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой тәсіл-амалдары);

            3. Бақылау (балалардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы);

            4. Бағалау (тәрбиешінің және баланың өзіне-өзі берген бағасы).

            Осындай күрделі әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау қаблетін қалыптастырады. Ойлау-баланың таным әрекетінің ең жоғарғы түрі. Ойлау арқылы оқушлар көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды, заңдылықтарды ұғады. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы іске асырады. Ойлау-нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап іздеуден басталады. Ойлау-белгілі міндетті, теориялық немесе практиалық мәселелерді шешуге  бағытталады. Баланың ойлау әрекеті өзінен-өзі қалыптаспайды.

            Олардың ойлау әрекетінің ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі өзіне тән логикалық амалдардан (операциялардан) тұрады: анализ, синтез, салыстыру, топтастыру, жалпылау, тұжырымдар жасау  т.б.

            Оқушының оқу әрекетінің жемісті болуы  ойлаудың осындай амалдарын қолдана алуына байланысты болады. Ойлаудың түрлері: көрнекі-амалдық, көрнекі-образдық, сөздік -логикалық..

    Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаев былай деген: “Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау-жанның өте бір қыйын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың  ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап іс”.

Істеу керек. Өркендету жолдары мыналар:

            1.Баланың жанында дұрыс  әсерленулер һәм ашық суреттенулердің көп болуына иждаһат қылу керек. Әсерленулер, суреттеулер өздері аз болып және дұрыс һәм ашық болмаса, баланың  ұғым, хүкім жасауы ой шығаруы қажет болады. Ойдың өзінің терең болу үшін әсерлену суреттеулердің көбі ашық болуы керек. Қанша дегенмен адам суреттеулер бойынша ойлайды. Сондықтан балаға бір затты ұқтырмақшы болсақ, жалаңаш айтуға қажеті жоқ. Бала пікірді суреттеудің өзінен шығарып аласың.

      2. Бала заттардың, көріністерді ұқсас сындары бойынша топ-топқа бөліп үйренсін. Мысалы, дыбыстарды, өсімдіктерді, жануарларды топ-топқа бөлу сықылды. Бірақ баланы, заттарды көріністерді топ-топқа бөлгізіп үйреткенде, жеңілден ауырға көшуді естен шығармау керек.

            3. Көріністердің, ойлардың араларындағы байламды һәм олардың қатынасының себеп екенін тауып үйренсін. Бұл мысалдардан ереже заң шығартқызып үйрету сықылды істермен болады”. (М.Жұмабаев. Педагогика, Алматы, 1993, 1. 70-71бет.).

Бақылау сұраұтары:

1. Б.Б.Баймұратованың қандай еңбектері бар?

2. «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы» атты еңбегі не туралы?

3. Б.Б.Баймұратова қай еңбеніндекөркем шығарма туралы сөз еткен.

 

 

Лекция № 24.

Пәні: Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы

Лекция сабақтың тақырыбы: К.Д. Ушинский, Е.Н. Тихеева, А.М. Бородич және т.б. мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесіне байланысты еңбектері.

Жоспар:

1.      К.Д. Ушинскийдің еңбектері.

2.      Е.Н. Тихееваның тіл дамыту әдістемесіне байлаысты еңбектері.

3.      А.М. Бородич тіл дамыту әдістемесіне байлаысты еңбектері.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. «Мектепке  даярлау жасына  дейінгі    балалар  тілін  дамыту  методикасы» Алматы  2001 ж.

2. Федоренко Л.П., Фомичева Г.А., Лотарев В.К. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы. А., Мектеп. 1981

3. Қожахметова Қ. Мәнерлеп оқу. А., Мектеп. 1982

 

Мазмұны:

Ресейде мектепке дейінгі тәрбие теориясын дамытуға орыстың ұлы педагогы

К.Д.Ушинский (1824-1870) орасан зор әсер етті. Оның педагогикалық жүйесі негізінде халықтық принцип алынды, осыған байланысты өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мен білім алы тарихи даму жағдайларына, халықтың көкейкесті, мұқтаждары мен қажеттерінен шығуы тиіс. «Тәрбие,-деп жазды К.Д.Ушинский, -дәрменсіз болғысы келмесе, халықтық болуы тиіс». К.Д.Ушинский былай деп атап көрсетті: тек халық құрған немесе халықтық негізде негізделген тәрбиенің педагогикалық жүйесі пәрменді болады және шынайы патриотты тәрбиелей алады. «Адам тәрбие тиегі» деген сөзінің осы көрнекті еңбегінде К.Д.Ушинский әр баланың жас және психикалық ерекшелікерін міндетті түрде есепке алу қажеттігі туралы осы маңызды қағиданы ұсынып, негіздеді. «егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, ол оны алдымен барлық жағынан білуі тиіс»,-деп жазды ол.

      Қолда бар ғылыми-психикалық деректердің негізінде бала ойыны теориясы жасай отырып, К.Д.Ушинский оның білімдік-тәрбиелік маңызын көрсетті. Ол баланың психикалық өмірінде қиялдау үлкен роль атқарады, ол ойын кезінде анағұрлым толық жүзеге асырылады деп есептеді.

      «Ойын үстінде бөбек-деп жазды К.Д.Ушинский,- есейген адам, ол өз күшін байқайды және өз жасағандарына жеке билік етеді». Ол баланың әлеуметтік ортасы мен жасы ойынның сипаты мен мазмұнына қалай әсер ететіндігін, ойын кезінде қоғамдық қарым-қатынастардың негізі қалай танылатындығын көрсетті. Бұлардан асқан құдыретті тәрбиелік құралды көре отырып К.Д.Ушинский халықтық ойындарға ерекше маңыз берді. Оның балалар ойыны туралы айтқан ой-пікірлері орыстық және дүние жүзілік мектепке дейінгі педагогикаға қосылған маңызды үлес болды.

       Мектепке дейінгі балалармен жұмыста К.Д.Ушинский табиғатпен танысуға, эстетикалық және адамгершілік тәрбиесіне көп орын берді. Ол адамгершілік тәрбиесін беру арқасында бала адам болып қалыптасады деп есептеді. Ақыл-ой тәрбиесін беруде Ушинский бала ойлауының нақтылығымен, бейнелігімен байланысты болатынын көрнекілікке сүйену қажеттігін бекітті. Оның пікірі бойынша, балаларға арналған шығармалар баяндалу қарапайымдылығымен, айқыдылығымен, жоғары көркемділігімен ерекшеленуге тиіс. Оың меншікті шығармалары осы талаптарға сай. Ол жазған «Ана тілі» деген кітаптағы әңгімелердің көбі қазіргі уақытта мектепке дейінгі жастағы балаларға оқу және әңгімелеп беру үшін пайдаланылуда.

        Балалардың өміріне асыра шек қойғаны және ойын кезінде баланың тәуелсіздігі мен белсенділігін тежегені, баланың өзімен-өзі болуына мүмкіндік бермегені үшін Фрабель жүйесін және Фрабельдің балалар бақшаларының жұмыс практикасын К.Д.Ушинский қатал сынға алды.

        К. Д. Ушинский бала тәрбиешісінің жеке басына жоғары талаптар қойды, ол балаларды жақсы көруге, өз ісіне берілген және жан-жақты білімді болуға тиісдеп әділетті есептеді.

         Қоғамдық тәрбиенің жақсы жақтарын жоғары бағалай отырып, К.Д.Ушинский мектепке дейінгі балаларды тәрбиелейтін неғұрлым табиғи орта – жанұя деп есептеді және осыған байланысты балаларға жанұяда тәрбие бер міндеттерін, сондай-ақ ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін айқындап берді, әсіресе ананың атқаратын роліне ерекше көңіл бөлді.

            Е.И.Тихеева (1867-1934) мекткпке дейінгі тәрбие проблемасымен 1907 жылдан бастап айналыса бастады. Ол 1913-1917 жылдары мектепке дейінгі тәрбиеге жәрдемдесетін Петербург қоғамының балалар бақшасын және сол қоғамның мектеп комиссиясын басқарды.   Е.И.Тихеева  К.Д.Ушинскийдің жолын қуушы және оның идеяларын насихаттаушы болды. Балаларды мектепке даярлауға, балалар бақшасымен бастауыш мектеп программаларының үйлесімділігіне және сабақтастығына ерекше көңіл бөлді.             

Бақылау сұрақтары:

1. К. Д. Ушинскийдің бала тәрбиесіндегі орны, пікірі.

2. Е.И.Тихееваның бала тәрбиесіне байланысты пікірлері.

3. Е.И.Тихееваның мектепке дейінгі балалар тәрбиесі туралы көз-қарасы.