Лекция № 25.
Пәні: Тіл дамыту әдістемесі және
мәнерлеп оқу практикумы
Лекция сабақтың
тақырыбы: Балабақшадағы
балалар тілін дамыту әдістемесінің мазмұны, міндеттері мен
әдіс-тәсілдері
Лекция сабақты
өтудің түрі: Активті.
Жоспар:
1) Балалар бақшасында жасанды
сөйлеу ортасын ұйымдастыру
2) Балалар бақшасында тілді дамыту
жөніндегі жұмыстың мазмұны
3) Балалар бақшасында тіл
үйретудің әдістері мен тәсілдері.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Федоренко. А. П. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту
методикасы.Алматы, мектеп. 1981
2. Қожахметова Қ. Мәнерлеп оқу. Алматы, мектеп.
1982
3. Баймұратова Б. Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың
байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Алматы, 1976
4. Майтанов Б. Сөз сыны. Алматы, Ғылым. 2002
Мазмұны:
Жеке дамның
қалыптасуы көбіне педагогикалық ықпал етуге және
оның қаншалықты ерте басталуына байланысты. Осыны ескере
отырып, біздің елде балалар бақшалары бастауыш, орта және
жоғары мектептердің іргетасы, аса маңызды буындарының
бірі ретінле халық ағарту жүйесіне енгізілген.
Балалар бақшасы
балалардың жан-жақты дамуын-дене, ақыл-ой, адамгершілік
және эстетикалық тәрбие беру мәселелерін алдына
мақсат етіп қояды, оны тілді үйрену процесі кезінде
жүзеге асырады.
Ясли мен балалар
бақшасындағы мектепке дейінгі сәбилер мен балаларды тілге
үйретудің мазмұны, жұмысты ұйымдастыру мен
оқытудың негізгі әдістері «Балалар бақшасындағы
тәрбие программасында» анықталған.
Мектепке дейінгі жастағы
және сәби баланың үйренген тілінің мазмұны
сезім органы арқылы қабылдаған, санасында көрініс
берген қоршаған болмыс болып табылатындығы белгілі:
оның өзі, денесінің бір бөлігі, жақын адамдар,
өзі тұратын бөлмесі, ол тәрбиеленетін балалар
бақшасының ішкі бөлмесі, аула, парк, жақын
маңдағы көшелер, қала; адамдардың еңбек
процестері, өлі және тірі табиғат. Мектепке дейінгі ересек
балалардың сөзінің маөмұнына айналадағы
адамдар, табиғат жөніндегі парызын түсінумен байланысты
этикалық ұғымдар, қоғамдық
өмірдің құбылыстары, мерекелер кіре бастайды.
Сондықтан «Балалар бақшасындағы тәрбие программасы»
тілді дамыту жұмысын балаларды айналадағылармен таныстыру
жөніндегі жұмыспен, сондай-ақ көркем әдебиетпен
біріктіреді және осы жұмыстың формасын анықтайды.
«Программада» тілді оқытудың негізгі екі формасы
анықталған: біріншісі-тәрбиешімен, балалар
бақшасының басқа қызметкерлерімен еркін сөйлесуі,
бір-бірімен әңгімелесуі арқылы балалардың тілін
дамытужұмысы, екінші-тілді дамыту жөніндегі арнайы сабақтар.
Балалар бақшасында
баланың еркін сөйлеуі: а) тұрмыста (таңертеңгі,
кешкі жуыну, тамақ ішу т. б.) б)
серуендеу кезінде, в) ойын процесі кезінде, г) айналадағымен
танысқанда, д) еңбек процесі кезінде, е) мерекелер мен
көңіл көтеру кездерінде, ж) мынадай арнайы сабақтар
кезінде: математикалық, сурет салу, мүсіндеу,
құрастыру, дене тәрбиесі, музыкалық сабақтарда
қарапайым түсініктерді қалыптастыру кезінде болады.
Еркін сөйлесіп тіл үйренуге,
қарым-қатынас пен таным, сондай-ақ өқз
мінез-құлқын басқара білу құралы ретінде
тілді үйренуге баланы анағұрлым қабілетті ете
түсу үшін үш жастан бастап тілді дамыту жөніндегі
арнайы сабақтар енгізіледі. Сабақ үстінде бала
өзінің сөйлеу қимылын тәрбиеші көрсеткен
үлгісімен, оның айтқан сөзімен салыстыруға
үйреніп, оқу іс-әрекетін басқа балалармен бірге бірігіп
орвндай білуді үйренеді: түсіндіруді, әңгімені,
музыканы бәрі бірге тыңдауды, суреттерді, диафильмдерді бірге
көруді, әңгімелесе білуді, дидактикалық ойындарға
қатысуды, бірігіп ән салуды үиренеді. Сабақ
үстінде балалар жаңа білім алады, оқу жұмысын
сөзбен ескерту мәліметтеріне
сәйкес орындауға, өз жұмысын бағалай білуге
үйренеді. Сабақтарда балаларды тіртіпті болуға
үйретеді. «Программада...» балалардың әрбір жас
кезеңіне арналған баланың тілін дамыту жөніндегі арнайы
сабақтардың мазмұны: «Табиғатпен таныстыру және
тілді дамыту», «Тілді дамыту», «Көркем әдебиет», «Ана тілі» деген
рубрикалармен беріледі.
Айналадағымен және
табиғатпен таныстыру сабақтарында балалар бақылаған
заттар мен құбылыстар, олардың іс-әрекеті, белгілері,
қарым-қатынасы «зөрттеу» обьектісі құрайды, ал
тәрбиешінің, ата-ананың балалар көрген нәрсені
атаған сөздері олардың лексикасын байытудың бірден-бір
көзі, олардың диалогтық және монологтік
тіліндамытудың өзіндік күш берушісі болып табылады.
Көркем әдебиет пен
таныстыру жөніндегі сабақтарда баланың тілін
бамытудыңнегізгі көзі көркем шығарманың тексі
болады, ал тәрбиешінің тексті түсіндірудегі сөйлеген
сөзі оған қосымша болып табылады.
«Балалар
бақшасындағы тәрбие программасында» корсетілген «Тілді
дамыту» сияқты сабақтар
балаларға өз сөзін
«аңғаруға», оған обьективті болып жатқан
құбылыс ретінде қарауға және сөздің
сапасын бағалауға бірте-бірте үйретуге көмектесу
мақсатын көздейді.
«Ана тілі» деп аталатын
және мектепке дайындалатын топта ғана жүргізілетін
сабақтарда сауаттылықтың бастамасы беріледі.
Ана тілін үйренудің
заңдылығы, бірқатар қабілеттердің дамуы
процесінде ішкі сехім арқылы жүзеге асырылады: 1) өзінің сөйлеу органы
бұлшық еттерін адамның жұмыс істесе білу
қабілеті-сөздің дыбысын артикулдеу, интонация элементтерін,
просодемаларды модулдеу және оларды есту; 2) дыбыс комплекстері мен интонацияны тілден тыс
шындықпен салыстыру қабілеті, яғни оларды сөйлеу элементтерінің
мағынасы ретінде түсіну; 3) сөздің
мағыналық элементін өз сезімімен салыстыра білу
қабілеті, яғни оларды бағалау; 4) араласу, тану, сөзді
және адамның мінез-құлқын тәртіптеу
процесінде сөздің мағыналық үйлесімділік
дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау
қабілеті.
Егер тәрбиеші
баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым
қарқынды болатын жағдай жасаса, онда баланың тілі
неғұрлым тезірек байиды және оның психмкасы
жан-жақты дамиды. Лингвистикалық-дидактикалық принциптерге
құрылған тіл үйретудің түрлі
әдістерін қолдану тілді дамытуды жеделдетудің негізгі шарты
болып табылады.
Оқыту әдісі деп
білімді бір адамнан екінші адамға беру мақсатымен орындалатын
үйренуші мен үйретушінің іс-әрекетін айтады.
Мектепке дейінгі кезеңдегі
тілдің дамуына мынадай практикалық әдістер тән: еліктеу
әдісі, сөйлесу әдісі, қайталап айту әдісі,
әңгімелеп беру әдісі.
Еліктеу әдісі
Еліктеу әдісінде
үйретуші мен үйренуші екеуі де бір сөзді, бірақ
әр түрлі етіп айтады: үйретуші ересек адамдармен
сөйлескендегіден гөрі біршама қарқындырақ,
сөзінің дыбысын артикулдеп және сөзінің дауыс
ырғағын мәнерлеп сөйлейді, ал үйренуші
тыңдайды да, қайталайды, оның сөзіне еліктейді,
сөйлеу қимылын үйренуге және мағынасын
түсінуге тырысады. Мұндайда тәрбиеші үшін
орфоэпиялық норма деңгецінен төмен түспеу және
баланың сөзіне еліктемеу аса маңызды.
Бұл әдісті
қолдануды сәби шағынан бастап, кейінгі шақтарда
жалғастырып отырады.
Еліктеу әдісіне үйрену
тұрмыстық іс-әрекеттерді атқару кезінде, айталық,
баланы шомылдыру кезіндегі баламен қатынас процесінде еріксіз
түрде болуы мүмкін.
Оқыту тәсілдері
Жоғарыда көрсетілген
мысалдар оқытудың бір әдісімен-еліктеу әдісімен
келтіріледі. Бірақ әр жағдайда бұл әдіс әр
түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады.
Белгілі бір әдістің
қолданылу вариантын , сол
әдісті құрайтын негізгі іс-әрекетке оқу
дидактикалық материалдың сипатынан туындайтын
қосалқыіс-әрекеттің енгізілуін тісіл деп атаймыз.
Сонымен, еліктеу әдісін
жүзеге асыратын тәсілдер мыналар болуы мүмкін:
1) айналадағылармен танысқанда
нақты затты бақылау-жоғарыда айтқан жағдайда,
сәби өз қолына қарайды, анасының қолын
бақылап, оған ілесе қайталайды, оның сөзіне
еліктейді:
2) Ойындар: біздің
байқағанымыөдай, ойын үстінде баланың тілі
жаңа лексикамен толығып қана қоймайды, сонымен бірге ол
жаңа сөз формасымен де байиды.
3) Сөз үлгісіне сүену:
тәрбиеші айтқан сөзді балалар қайталайды.
Сонымен, біз үйретуші мен
үйренуші бір сөзді айтатын еліктеу әдісімен таныстық,
бірақ үйретуші қалай сөйлеу керек екендігі
жөнінде үлгі көрсетеді ал үйренуші оны
дәлме-дәл қайталайды, оған еліктейді. Жоғарыда
еліктеу әдісін орындайтын тәсілдер келтірілді. Бірақ
кез-келген әдістііске асырудың тәсілдері көп-ақ:
творчестволықпен жұмыс істейтін әрбір тәрбиеші
әдістің өзін бұзбастан әрдайым өзіндік
тәсілдер жасайды. Мысалы, еліктеу әдісі, суреттерді, тірі
обьектілерді, диафильмді, магнитафонды және басқаларды пайдалану
тәсілдері арқылы орындалуы мүмкін.
Сөйлесу (әңгімелесу) әдісі
Бала үшін орындауы
анағұрлым қиыны оның тілін үйрету
әдісі-сөйлеу әдісі, мұны қосымшы
сұрақ пен жауап әдісі, әңгімелесу әдісі деп
те атайды.
Әңгімелесу
әдісі үйретушінің сұрауынан, ал үйренушінің
жауап беруінен тұрады. Демек, олардың екуі де сөйлейді:
үйретуші өзінің сұрағымен баланың
өзіне таныс сөздерді, дыбыстарды, грамматикалық формаларды
немесе дәнекер тексті еске түсіруге және оны орнымен
қолдануға итермелейді.
Нақты затқа немесе
суретке сүйену тәсілі дидактикалық ойындармен, яғни
оқытуға арнайы арналған ойындармен шектеседі. Ересек адамдар
балаларды белгілі бір ойынның ережесімен таныстырады. Содан соң
олардың өз бетімен ойнауларына мүмкіндік береді. Кез келген
дидактикалық ойында баланың тілін дамытатын үлкен
мүмкіндіктер бар: өйткені дидактикалық ойын арқылы
берілетін кез келген білімді бала сөйлеу түрінде үйренеді.
Бірақ баланың сөйлеу тілін дамытуға арнайы
арналған дидактикалық ойындар да бар,-бұл сөйлеу
түріндегі дидактикалық ойындар. Бұл ойындар мынадан
тұрады:
1) балалар белгілі дыбысқа сөз
ойлап табады:
-
[C]
дыбысынан басталатын затты
көрсет.
-
Стол,
сөре, сақина, сырға...
2) ересек адамның суреттеп айтып
беруімен заттардың атын атап, оңай жұмбақтарды шешеді.
3) Балалар бұрыннан білетін
жұмбақтарды айтады немесе өздері жұмбақ ойлап
табады.
Дидактикалық ойынның
басты ережесі: балалар жұмбаққа арқау болған
затты көруі керек.
Бес жастағы бала
үшін сөзбен елестетуге сүйену тәсілі.
- Балалар, «Кім көбірек?»
ойынын ойнаймыз. Кім менің айтқан сөзіме көбірек
сөз қосар екен? Мен «Аспазшы түскі асты әзірлеп
жатыр»,-деймін. Ал сендер: «Аспазшы таңертеңгі асты әзірлеп
жатыр», деулерің керек. Соңғы бала сөйлегеннен кейін
ешкім сөз қосып айта алмаса, сол жеңеді.
Балалар бақшасындағы
аула сыпырушының, күтушінің, электр
жөндеушісінің, слесарьдың, тәрбиешінің және
басқа да қызметкерлердің еңбегін әңгімеге
арқау етуге болады.
Төрт жастағы баламен
жұмыс істегенде бұл міндетті шешуші суретке суйену тәсілін
қолданып (сөйлеу әдісі) жеңілдету қажет.Адам
мамандығын толық бейнелейтін суреттердің жиынтығы
керек: пеш жанында тұрған аспаз, күрек ұстаған бақташы
және т. с.
Алты-жеті жастағы
балалармен жұмыс істегенде, біріншіден, күрделі синтаксистік форма
берілу, екіншіден, лексиканың ауқымы кеңейтілу арқылы
сөйлесу әдісі күрделілендіріледі.
Сөйлесу
әдісін-теориялық материалды берудің бір тәсілі болып
табылатын әңгімелесудің мектептік әдісімен
шатастыруға болмайды, сөйлеу әдісі ережесіне қарай
практикалық әдіс екендігін
аңғартамыз.
Қайталап айту
әдісі
Мектепке дейінгі бес-жеті
жастағы балаларды, жоғарыда айтылған тілге үйрету
әдістерінен басқа, қайталап айту әдісімен де
үйретеді, ол балалардың сөзін тілдің барлық
компоненттерімен байытатын, олардың байланыстырушы сөздерін
жаттықтыратын қайталап айту әдісімен сөйлеуге
үйретеді.
Қайталап айту
әдісіне тәрбиеші балаларға көркем әдеби шығарманы
оқып береді немесе серуендегенде, экскурсияда болғанда өздері
көрген нәрселерді өлардың есіне салады, немесе
«өз өміәрінде болған оқиғаларды» айтып
береді, немесе балалар көрмеген әлде бір затты, хайуанаттты
сөзбен суреттеп айтады, содан соң оларды: 1)
тәрбиешінің әңгіме айтуы барысында сұрақ
қоюға, 2) оның әңгімесін қайталап айтып беруге ынталандырып отырады.
Қайталап айту әдісі
еліктеу әдісіне ұқсас. Бұл әдістердің
арасындағы айырмашылық мынада: тәрбиеші оқып берісімен текстің кейбір жерін бала
қайталайды: жуықта естіген текстің мазмұнын бала
мүмкіндігінше айтып береді; баланың тексті қабылдауы мен
оның мазмунын қайталан айтуы арасында біршама уақыт
өтуі қажет.
Балаларды көркем
әдебиетпен таныстыруға байланысты методикада қайталап айтудың
көптеген тәсілдері бар, мысалы: сүйікті кейіпкерін ойнау,
ертегілерді, әңгімелерді және т. б. сахнада көрсету.
Құрастыру
(әңгімелеп беру) әдісі
Мектеп жасына дейінгі
балалардың тілінде құрастыру (әңгімелеп беру)
әдісіне кең дербестік
беріледі. Оның мәні мынада: балаларды ертегілерді өз бетінше
«құрастыруын» , олардың өз өмірлеріне кездескен
нақты жағдайларды әңгімелеп беруін, оқылған
көркем әдебиеттегі тақырыптарды араластырып айтуын,
картинкаларды, нақты обьектілерді-э-заттарды, хайуанаттарды, өсімдіктерді-суреттеуін
тәрбиеші көтермелеп отырады.
Практикалық әдіс
пен тәсіл ұғымы
Балаларды ана тіліне
үйретудің жоғарыда келтірілген әдістері баланың
тіпті өзін арнайы оқытып жүргенін аңғармай, тілді
ішкі сезім арқылы игеріп,
табиғи қарым-қатынаста үйренуін көздейді.
Мұндай әдіс
ұйретудің практикалық әдісі деп аталады,
оның теориялық әдістен айырмашылығы сол, мұнда
балаларға және жасөспірімдерге лингвистика-тіл тууралы
ғылым жөнінде мәлімет береді. Теориялық әдіспен
балалар мектепте, ана тілін іс жүзінде меңгергеннен кейін
ғана танысады.
Болашақ тәрбиеші
үшін балалармен-жеке және бір топ баламен-бірден мазмұнды
әңгіме жүргізе білу дағдысы кәсіби шеберлік болып
табылады. Бұл дағдыға олар тиісті методиканы
үйрену-практикалық әдістерді меңгеру нәтижесінде
ие болады. Балаларды әңгімеге шақыру, байланыстырып
әңгімелеу шеберлігінің дағдыға айналуы да
осылайша жүзеге асырылады.
Оқытудың
практикалық әдістері-еліктеу, сөйлесу, қайталап айту,
әңгімелеп беру және осы әдістермен жұмыс істеу
тәсілдері: нақты обьектілерге сүйену, ойындарға суйену,
иллюстрацияларға суйену, тәрбиешінің сөз үлгісіне
магнитафонға жазып алғанға, грампластинкаға немесе кинолентаға
және т. б. сүйену балаларға тіл үйретуде аса тиімді.
Өйткені ол тіл үйренудің табиғи процесінің
заңдылықтарын ескере отырып жасалған, бұл процесті
бұзбайды, қайта оны неғұрлым интенсивті, сөйлеу
жұмысын-дене, бұлшық ет және ішкі, интеллектуалды,
эмоциялық жұмысын көбейте түсінді.
Бақылау сұрақтары:
1. Балабақшада тіл дамытудың негізгі әдістері.
2. Әңгімелесу әдісі мен құрастыру
әдісінің байланыстылдығы.
3. Әдіс-тәсілдердің өзіндік ерекшеліктері.
4. Тіл дамыту әдістерінің түрлері .
5. Әдістердің ұқсастығы мен
айырмашылығы.
Лекция № 26.
Пәні: Тіл дамыту әдістемесі және
мәнерлеп оқу практикумы
Лекция сабақтың
тақырыбы: Сөздің
диалогтік формасының қалыптасуы
Лекция сабақты
өтудің түрі: Саяхат лекциясы.
Жоспар:
1) Диалог сөйлеуді дамытудың
әдісі.
2) Алдын ала әзірленбеген
әңгімелесу.
3) Алдан ала әзірленген
әңгімелесу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Федоренко. А. П. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту
методикасы.Алматы, мектеп. 1981
2. Қожахметова Қ. Мәнерлеп оқу. Алматы, мектеп.
1982
3. Баймұратова Б. Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың
байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Алматы, 1976
4. Майтанов Б. Сөз сыны. Алматы, Ғылым. 2002
Мазмұны:
Диалог-әңгімелесу,
сөйлесу-балалардың үлкендермен және өз
қатарластарымен сөз арқылы қатынас жасауының
негізгі түрі.
Балаларды бақшада
сөйлеуге үйрету екі формада өтеді: 1) өзара еркін
сөйлесу; 2) арнайы өткізілген сабақтар. Диалог өзара
еркін сөз қатынасынан туады да, грамматикалық
дағдылардың табиғи
дамуының, балалардың сөздік қорын байытудың
негізі, байланыстыра сөйлеудің
негізі болып табылады. Диалогпен сөйлесуді арнайы сабақтарда
үйретеді, бірақ мұндай сабақтар әдетте айына 1-2 рет өткізіледі:
ал жай кезеңдерде балалар
тәрбиешілермен және басқа балалармен бақшада
болған уақыттарының бәрінде диалог арқылы сөйлесе береді.
Үйге келгенде үй ішіндегілермен диалогын жалғастырады.
Балаларды диалог немесе
сөйлеу тіліне үйрету-әңгімелесу түрінде,
яғни балалардың үлкендермен немесе өзара сөз
қағыстыру түрінде өтеді.
Мектеп педагогикасында
әңгімелесу деген сөздің терминологиялық
мағынасы кез келген пән-табиғаттану, тарих, көркем жазу
және т. б. бойынша теориялық білім берудің әдістерінің бірі екені
мәлім. Әңгімелесу процесінде әңгімелесу шеберлігі
артатыны, яғни диалог жүргізу қабілеті дамитыны, демек,
тілдің тиісті синтаксистік формалармен, сондай-ақ
болмыстың белгілі бір саласын
бейнелейтін лексикамен байитыны назарға алынбайды. Басқаша
айтқанда, тілдік акт ретінде мектептегі әңгімелесу
нақты мақсат емес, білім беру құралы; ал
балалардың тілін әңгімелесу процесінде байыту жай
қосымша пайдалы құбылыс ретінде қабылданады.
Мектеп жасына дейінгі мекемелерде
әңгімелесу баланың сөйлеу қабілетін дамыту
үшін жүргізіледі.
Бірақ тіл міндетті
түрде шындық құбылыстарды бейнелейтін, коділейтін
болғандықтан, мектепке дейінгі мекемелерде
өткізілетінәңгімелесулер мектептердегідей білім береді.
Әңгімелесудің мазмұны «Балалар бақшасындағы
тәрбие программасымен» анықталады. Әңгімелесулер:
1) баланың өзі туралы; 2) жанұясы туралы: 3) балалар
бақшасындағы ересек
адамдардың еңбегі туралы; 4) тұрмыстық
және еңбекке керекті заттар туралы; 5) жылдың әр
маусымындағы табиғат көріністері туралы; 6)
қоғамдық өмір туралы: атақты адамдар туралы,
еңбек ерлері, Отанды қорғау жолында ерлік көрсеткен
батырлар туралы.
Тәрбиеші балалармен күндклікті қарым-қатынас
жасау барысында еркін өткізген әңгімелерін балаларды алдын
ала әзірлеп, арнайы сабақ ретінде жүргізілген,
сондықтан да әзірленген әңгімелесу деп аталатын
әңгімелуден ажырату үшін әзірленбеген
әңгімелесу деп атаймыз.
Әзірленбеген әңгімелесу, мысалы, балаларды жуындыру кезінде,
тамақ ішкенде, серуенге шығуға жиналып жатқанда,
серуендеп жүргенде, ойын үстінде, еңбекпен
шұғылданғанда т. б. уақыттарда өтеді.
Әзірленбеген деген сөз балалар тұрғысынан алып
айтқанда ғана өз мәніне ие; ал тәрбиеші болса,
міндетті түрде осы жағдайлардың бәріне алдын ала
дайындалған болуы тиіс, өйткені ол-арнайы мамандық
алған, балалармен сөйлесе білу шеберлігін меңгерген адам.
Кез-келген жағдайдағы әр сөзімен ол балаларды өз ана тілін дұрыс
сөйлеуге баулиды. Тәрбиеші өз ана тілінің синтаксистік
құрамын, дауыс ырғақтарының айтылу мәнерін
жақсы білуге тиіс: егер олай ете алмаса, онда ол бұл салаға
жарамсыз болып есептеледі. Сөйтіп,
тәрбиеші күнделікті қызмет бабымен қарым-қатынас
жасау қажеттілігінен туындайтын
балалармен арадағы әңгімеге грамматикалық формалар
іздеп, өз сөзінің
әуенділігін қарастырып арнайы дайындалмайды,
өзінің тіл құбылыстарын айыра білетін қабілетіне
сенеді, бірақ та ол әр әңгіменің тақырыбын
күні бұрын әзірлеуге тиіс.
Әңгіменің
тақырыбын тәрбиеші өзінің күнделігіне бірді-екілі
сөзбен күндік жұмыс жоспарына жазып қояды. Мысалы,
«Балалар бақшасындағы тәрбие программасында» балаларға
«Киім» деген жалпы тақырыпта әңгіме өткізу керек
делінген, ал тәрбиешінің күнделігінде ол «Пальто» немесе
«Малақай» деп қана көрсетілсе болғаны.
Өсімдіктер, оның
күтімі, оған қадалатын таяқшалар туралы
тақырыпқа тәрбиеші көктемде, жазда және
күзде де қайта оралып,
балалар өсімдіктің өсуін бақылап жүргенде,
уақытына сәйкес жаңа сөздер қосып, қайталап
отырады.
Алдын ала әзірленген
әңгімелесудің міндеті: біріншіден, тікелей
міндет-балаларды әңгімелесе білуге үйрету, яғни
әңгіме айтушыны тыңдауға, оның сөзін
бөлмеуге, өзін-өзі ұстауға, сөз
қыстырудың ретін таба білуге, өз ойын
әңгімелесуші адамға түсінікті етіп жеткізуге баулу;
екіншіден, жанама міндет-сөздерді дұрыс айта білу және
грамматикалық дағдыларын қалыптастыру; балаларға таныс
сөздердің мағыасын анықтау.
Алдын ала әзірленген
әңгімелесу дегеніміз- сабақ өту қарсаңында тәрбиеші
балалардың көңілін өздерін қоршаған
тіршіліктің келесі әңгімеге тақырып боларлық бір
құбылысына аударады. Сөйтіп, алдағы
әңгімелесудің тақырыбы, яғни нақты материал
балаларға бұрыннан таныс болуға тиіс.
Әзірліктің ең
тиімді тәсілі сабақ өтілетін немесе соған жақын
тақырыпқа еркін түрде алдын ала әзірленбеген
әңгіме өткізіп алу.
Әңгімелесулер
өткізу нәтижесінде балалар сөйлемді диалог түрінде
құруға жаттығады; бірқатар грамматикалық
дағдыларға ие болады;
олардың сөздік қорын байытады; осыған дейін тілі келмей
жүрген сөздерін, дыбыстарын түзейді, сөздерді
дұрыс айту дағдылары жетіледі.
Тәрбиелік міндет те
ұмыт қалмайды: балаларды жолдасын тыңдауға,
сөйлеп отырған адамның сөзін бөлмеуге,
ұстамдылыққа үйретеді.
Әңгіме үстінде
тәрбиеші былай дейді:
1)
күрделі
сөйлемдер мен біріңғай мүшелерден
құралған сөйлемдердің балалар нашар
үйренген синтаксистік құрылымдарын айтып, үйретіп
отырады;
2)
сөйлемдердің
балалар әлі үйрене қоймаған мағыналы
үзінділерінің интонациясын
айтып отырады;
3)
түбірлес
сөздердің: сұйық-сұйылған, жеміс-жемістен,
ұнтақ-ұнтақталған, сусу-сусымалы, ет-еттен,
сүт-сүттен т.б
сөздердің жасалуын түсіндіреді.
Сонымен, жоғарыда
келтірілген әңгімені өткізу негізінде балалар сөздік
қорларын жаңа сөздермен, жаңа грамматикалық
формалармен байытып, сөздердің дұрыс сөйлеу
дағдыларын жетілдіреді.
Әңгімелесуді қалай құру керек:
Бақылау
сұрақтары:
1. Диолог дегеніміз не?
2. Балалармен әңгіме жүргізудің өзіндік
ерекшелігі.
3. Диологтік форманың қалыптасы.