ойдан шығарып айту. Балалар монолог текстеріп талап айтады, оқиғалар мен заттарды нақтылы көріп те оны көзге елестетііп те ойдан құрастырып айта береді.

Монолог түрінде сөйлеуге үйретудің әдістерін меңгеру үшін тәрбиеші:  1)  б а л а л а р д ы    т ы ң д а у ғ а;   2)  о л а р ғ а   о й д а н  шығаруға, қайталап  а й т у ғ а,   ә ң г і м е л е у  ү ш і н   көмектесуге  міндетті. Орташа топтағы, ересек   және дайындық топтарын монолог сөзге үйрету жұмысының айырмашлығы — текстің   көлемі   мен   оның мазмұнының  күрделілігіне байланысты (оның  екеуі  де  «Балалар бақшасындағы  тәрбие программасында» белгіленген).  

Қай жастағы топтарда болсын монолог түрінде сөйлеугс ретудің негізгі тәсілі   а у ы з ш а   а й т у  ү л г і с і н е   с ү й е н у болып табылады. Қосымша тәсілдер — н а қ т ы л ы    з а т т а р д ы  т і р е к  е т у,  с у р е т -    т е р г е  с ү й е н у.

Өзара еркін сөйлесу арқылы монолог сөзге үйрету.

Тәрбиеші хабарының тақырыбы әр түрлі оқиғалар, бастан кешкен немесе жұмысқа бара жатқан жолда, дүкенде, үйде, тоайда, паркте т. б. жерлерде кездееіп қалуы мүмкін әр алуан қағидалар; немесе аңдардың, гүлдердің, қандай да бір үйдің, ағаштың, орманның —жалпы адамды қоршаған ортаның алуая түрлі сипаттамасы болуы мүмкін. Әрине, бұл әңгімелер суреттеу монологы баяндау монологы формасында болады. Ал жоғары топтағы балаларға арналған хабарлар пікір алысу монологы болуы керек.

Алайда тәрбиеші хабарлары өзінің дидактикалық мақсаттарына қарай әр түрлі болатынын ескерген жөн:

1) ол балалар көңілін бір құбылысқа бөлетін, сонымен бірге олардың лексикасын байытатын грамматикалық және синтаксистік формалардан мағлұмат беретін таза танымдық сипаттағы әңгіме болуы да мүмкін;

2)        хабар — балаларға қайталап айтуды үйрететіндей арнайы дидактикалық материал, яғни балалардың монологты пайдалану қабілетін дамытуға, грамматикалық дағдыларды және лексиканы жандандыруға арналған монолог сөз үлгісі.

Сондықтан өз монологында тәрбиеші балаларға таныс лексика мен грамматикалық формаларды ғана кіргізу керек, яғни балалармен тек қана оларға таныс нәрселер мен құбылыетар туралы сөйлесу керек. Бұл әдісті балалар өздеріне қиын тиетін монолог сөздерді меңгергенге дейін қолдана бергені дұрыс.

Өмірде кездесетін оқиғалардан, шындыққа құрылған ауызша суреттеулерді тәрібиеші балалар ұғымына жеткізе алатындай болуы керек. Сенімді, әсерлі түрде айтылған, көңілді қалжың, әжуасы аралас суреттеулер балаларға қатты әсер етеді, оны балалар  басқаларға ынтамен қайталап айтуға әуестенеді. Бұның өзі сөйлеу мүмкіндігін дамыта түседі.

Тәрбиеші ата-аналарға үйде немесе жолда баланың айтқан әңгімесінің мазмұнын қызыға тындап, толық айтуына көмектесулерін талап етеді. Бұл балаларды қайталап айтуға үйренуге машықтандырады.

Сабақтарда монолог сөзге үйрету

Балаларға көркем шығармалардың текстерін  қайталап айтуға көмектесу әр түрлі сұрақтар кою арқылы ауызша айту тәсілімен іске асырылады.

Монолог тексін қайталап айтуға  көмектесетін сурақтар мы надай типтерге бөлінеді:

1)        бәрі қосылып қайталауға бағыттаушы сұрақ (сөйлемнің ең соңғы сөзіне қойылатын сұрақ),

2)        есіне түсіретін сұрақ,

3)        жетекші сұрақ,

4)        тікелей сұрақ,

5)        тікелей сұрақтардың тізбегі (жоспар),

6)        барлаушы сұрақтар,

7)        сұрақ-нұсқау.

Балаларға қайталап айтқызудан бұрын тиісті тексті сөзсіз оқып беру керек.

Е к і жастағы балалармен өткізілген сабақта тәрбиеші б ә р і қ о с ы л ы п қ а й т а л а у ғ а  б а ғ ы т т а у ш ы  (с ө й л е м н і ң  е ң  с о ң ғ ы  с е з і н е тәрбиешінің өзі қоятын) с ұ р а қ ты пайдаланады. Мысалы:

Тәрбиеші.   Әтешім,  әтешім,  алтын. .. кәне,  айтыңдаршы әтештің  несі алтын?

Б а л а.  ... айдары.

Тәрбиеші.   ...   алтын  айдар,  майлы...   Немене?  Оның несі  майлы?

Б а л а. ... басы.

Тәрбиеші.   Басы майлы, жібек...   Немене? Оның несі жібектей?

Б а л а. ... сақалы.

Т ә р б и е ш і.  ... жібек сақал. Сен неге ерте ... Не істейсің?

Б а л а.  ... тұрасың.

Тәрбиеші:   Неге ертемен тұрасың? Даусыңды .. .   Не істейсің?

Б а л а.  ... созып, ән шырқайсың!

Тәрбиеші.   Балаларды ұйықтатпай, даусыңды неге созып, шырқайсың?

Көбіне тәрбиешіге өз сұрағына өзі жауап беруге тура келеді, сонда балаға берілген  жауапты  қайталап   айтып  үйренуге жеңілдік туады, Баланың сөйлеу  қабілетіне   байланысты   оған көркем шығарманы бірнеше кайталап оқуға тура желеді. Мысалы, жоғарыда келтірілген тақпақты тәрбиеші айтқан сөйлемді аяғына дейін айтып шығу үшін бірнеше қайталап оқылады. Жеке сөздерін есіне сақтап, тұсіне бастау үшін бірінші тақпақты балаға бес, тіпті он рет қайталап оку ікерек. Ал екінші тақпақты немесе кішірек өлеңді (өз жастарына лайық) олар, біріншіге қарағанда тезірек ұғады. Әрине, ол үшін баламен тиянақты жұмыс істеу керек.

Ү ш жастағы балаларға қайталап айтуды үйрету үшін тәрбиеші е с і н е   т ү с і р е т і н   с ұ р а қ т ы пайдаланады. Мысалы, В. А. Жуковскийдің «Мысық пен теке» өлеңін бірнеше рет оқығаннан кейін, тәрбиеші оларға қайталап айтуды талап етеді. Ол жұмыс былай жүргізіледі.

Бақыла сұрақтары:

1. Әңгіме құрастырудың маңыздылығы.

2. Монолог дегеніміз не?

3. Монологты сөзге үйрету әдістемесі.

 

 

Лекция №28.

Пәні: Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы.

Лекция сабақтың тақырыбы: Әңгімелесудің әдістері.

Лекция сабақты өтудің түрі: Дискут лекциясы

Жоспар:   

1) Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістері.

2) Алдын ала әзірленбеген әңгімелесу.

3) Алдан ала әзірленген әңгімелесу.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Федоренко. А. П. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы.Алматы, мектеп. 1981

2. Қожахметова Қ. Мәнерлеп оқу. Алматы, мектеп. 1982

3. Баймұратова Б. Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Алматы, 1976

4. Майтанов Б. Сөз сыны. Алматы, Ғылым. 2002

 

Мазмұны:    

          Балалар ересектердің байланыстыра айтылған сөздерін түсінуден, естілген дыбыс ағынын ұғынудан бұрын жекелеген сөйлемдерді, сөз тіркестерін, сөздерді, морфемаларды үйренеді, яғни оларды айтылып жатқан сөз ағынынан бөліп ұғынады. Байланыстыра айтылған сөздерді игеру-оның компонентерін-сөйлемдерді, сөздерді және т. б. мүшелерін-даралап айыру қабілетін дамытпайынша мүмкін болмайды. Баланың осы қабілетін дамытуға көмектесу және сол арқылы оның байланыстыра сөйлеуді үйренуін жеңілдету үшін дидактикалық тілдің материалды әзірлеу кезінде әдетте қиындық тудыратын сөз тудыру мен грамматикалық тұлғалардың кейбір ерекшеліктерін есепке алу қажет.

1.            Тілдік белгілердің байланысуы осы тіркесте қолданылған тілдік белгілердің әрқайсысының мағынасынан өзгеше жаңа мағынаға ие болады. Морфемалардан сөздер, сөздерден сөз тіркестері,сөз тіркестерінен сөйлем жасау кезінде жеке сөздердің мәні, элементтердің мағынасы интеграцияға ұшырайды.

     Мысалы, баға деген түбір морфемаға сөз тудырушы-лы, -ла қосымшалары қосылса, жаңа сөздер пайда болады. Көрсетілген морфеманың тіркестері лексикалық мағынасы жағынан бір-бірінен өзгеше үш түрлі белгі жасайды: жалпылауыш сөз, сапа, әрекет.

     Бұл сөздердің әрқайсысы көп мағыналы, олар өздері қатысқан сөз тіркесі мағынасының бір ғана бөлігін құрайды. Сонымен, баға сөзі сөз тіркестерінде мынадай мағыналарды білдіру мүмкін: 1) баға-товардың сапасына қойылатын өлшем, 2) баға-білім сапасына берілетін өлшем, 3) баға-істелінген еңбектің сапасына берілетін өлшем және т. б.

2.            Балалар үшін ана тілін үйрену үстінде кездесетін екінші бір қиындық белгілердің әр түрлілігі, яғни белгілі бір тілден тыс құбылыстарды білдіру үшін әр түрлі материалдық тілдік құралдар жиі қолданылатын тілдік ерекшеліктер болып табылады.

     Мысалы, зат есімдерден сөз тудыруда нақты лексикалық мағынасы адам, белгілі бір мамандық иесі дегенді беру үшін тек-шы ғана емес, сондай-ақ –ист , -ер, -арь жұрнақтары да қолданылады, абстрактылық лексикалық мағынасы түстік белгілерді беруүшін тек –леу ғана емес, -ше, -рек, -шіл қосымшалары да қолданылады. Қоңыр деген лексикалық мағына күрең сөзімен де беріледі., алайда бұл сөз тек жылқыға қатысты күрең ат, күрең дөнен және т. б. тәрізді тіркестерде ғана қолданылады. Грамматикалық мағынасындағы септік қатынастар шығыс септігіндегі зат есім арқылы, көсемше арқылы, себептік бағыныңқы мәнді шылаулар арқылы беріледі.

     Балалардың жаңа сөз  жасап алу құбылысы бұрыннан белгілі.

     Мысалы, бала тракторист сөзіне ұқсатып велосипедист сөзін, балталау сөзіне ұқсатып балғалау сөзін жасайды. Бұл құбылыстың себебі, балалар беріліп отырған сөз тудырушы морфемалардың нормаға түскен тілде қалай қолданылатынын әлі есте сақтай алмаған.

 

Байланыстыра сөйлеудің екі типі-диалог пен монолог.

Балалардың оларды үйренудегі ерекшеліктер

    

     Байланыстыра сөйлеудің екі типі бар: диалогтық және монологтық.

     Диалог-екі не одан да көп адамның әңгімесі. Әңгіменің мақсаты, әдетте, бір нәрсе жайында сұрап, оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға шақыру.

     Монолог-бір адамның байланыстыра сөйлеген сөзі. Монологтың мақсаты-белгілі бір факт жөнінде баяндау.

     Диалог стилі жағынан негізінен ауызекі сөйлеу тіліне тән.

     Л. В. Щерба ауызекі өзара қатынасқа түскен екі индивидтің бір-біріне жасаған реакциясынан, белгілі бір ситуациямен немесе сөйлеушінің айтуымен анықталатын әдеттегі ішкі себептерден пайда болған реакциядан тұрады. Диаолг-бұл шын мәнінде жауап беру тізбегі-деп жазды.

     Монолог, әдетте, кітап стилінің тілі.

     «...Әдеби тілдің негізінде,-деп жалғастырды Л: В. Щерба,-монолог, әңгіме, диалогқа қарама-қарсы болып келетін ауызекі сөйлеу тілі жатады. Монолог-бұл мүлде реплика емес, қоршаған ортаға әдейі әсер ету болып саналатын ойды жеңілдетіп сөздік формаға келтіретін жүйе. Монологтың барлығы да  көркем шығарманың негізі...».

     Диалогқа қатысушылардың әрбір жекелеген репликасында аяқталған ой жоқ, тек олардың бәрі диалогтық бірлікте деп ұғынылады.

     Диалогтық дәнекер тілде сөйлеушінің сөз ыңғайынан түсініле беретін кейбір мүшесі түсіп қалған толымсыз сөйлемдер жиі пайдаланылады және ауызекі сөйлеу тілі стилінің стандртты құрылымындағы толық сөйлемдер де өте жиі пайдаланылады.

     Диалогтық тілді балалар мейлінше оңай үйренеді, өйткені оны күнделікті тұрмыста жиі естіп жүреді.

     Бір нәрсені суреттеу, баяндау кезінде немесе бір нәрсе жөнінде пікір білдіруде тілдің монологтық формасы пайдаланылады. Бұл тілдік типтердің арасындағы айырмашылық контекс ішіндегі сөйлемдердің логикалық байланысу типімен анықталады. Монолог нақты фактілер жөнінде хабарлайды, ал нақты фактілер бір-бірімен әрқашан мезгілдік немесе себеп-саларлық байланыста болады. Мезгілдік байланыс екі жақты болуы мүмкін: нақты фактілер уақыт жағынан бір мезгілде немесе кезектесіп келуі мүмкін.

     Бір мезгілде болатын фактілер туралы айту суреттеу деп аталады.

     Бірінің соңынан бірі келетін фактілер туралы айту баяндау деп аталады.

     Себеп-саларлық қатынаста болатын фактілер туралы айту пікір айту деп аталады.

     Монологтық тілде сөзді байланыстырып отыратын әдеби тілге тән жай және күрделі синтаксистік құрылымдардың  барлық түрлері пайдаланылады: біріңғай мүшелі сөйлемдер, салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдер. Балалар монологтық тілді түсіне алуы және өз хабарын беруде оны пайдалана білуі үшін, олар соған сәйкес синтаксистік құрылымдарды білуі қажет. Бала жайылма сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдер құрастыра білмейінше, оның тілі байланысты түрдегі тіл бола алмайды. Ендеше монологтық тілдің әр түрлі типін үйрету-бұл ең алдымен грамматиканы-синтаксисті үйрену.

     И. И. Срезневский сондай-ақ «балаларға әдетте жатық сзйлеудің қиын болатын себебі, олардың көмекші сөздерді пайдалана білмеуінен»-деп атап көрсетті.

     И. И. Срезневский айтқан ерекше сөздер мен оралымдар-бұл көмекші сөздер-балалардың сөйлеген сөздері байланысты түрде айтылуы үшін, олар меңгеріп алуға тиісті шылаулар болып табылады.

     Балаларға монологтық тілді үйрету өте қиын, себебі олар монологтық тілді күнделікті өмірдегі ересектер сөзінен өте сирек естиді: ересектер балалармен сөйлесу кезінде көбінесе диалог формасын пайдаланады.

     Солай бола тұрса да монологқа үйрету керек. Мәдениетті төмен ортада қандай да бір әдеби дарыны бар аздаған адамдар ғана монологқа қабілетті, көпшілігі ештемені байланыстырып айта алмайды.

     Монологты мектепте оқыта бастау кеш: монологтың тіл дағыдаларын алдын ала мектепке дейін жетілдіру керек. Сонымен, балалар бақшасы тәрбиешісінің  жауапты міндеті-балаларға монологты, суреттеуді, баяндауды, пікір айтуды үйрету үшін, мақсатқа сәйкес  дидактикалық материалдар табуға күш салу.

     Сөйтіп бала ерте жастан-ақ ана тілінің байланысты сөз құрамын естиді. Алдымен бұл-оған қаратып айтылған қысқа-қысқа репликалар, сонан соң ертегілер, әңгімелер, ересектердің монологтыө сөздері. Бала тілді жүйелі тілден тіл элементтерінің-дыбыстардың, морфемалардың, сөздердің, сөйлемдердің-мүшеленуі барысында меңгереді; ол жүйелі тілдегі әрбір тіл элементінің онын, тілдік сезімнің даму процесінде нені құрайтынын еске сақтайды.

     Балаларды диалог немесе сөйлеу тіліне үйрету-әңгімелесу түрінде, яғни балалардың үлкендермен немесе өзара сөз қағыстыру түрінде өтеді.

     Мектеп педагогикасында әңгімелесу деген сөздің терминологиялық мағынасы кез келген пән-табиғаттану, тарих, көркем жазу және т. б. бойынша теориялық білім берудің  әдістерінің бірі екені мәлім. Әңгімелесу процесінде әңгімелесу шеберлігі артатыны, яғни диалог жүргізу қабілеті дамитыны, демек, тілдің тиісті синтаксистік формалармен, сондай-ақ болмыстың  белгілі бір саласын бейнелейтін лексикамен байитыны назарға алынбайды. Басқаша айтқанда, тілдік акт ретінде мектептегі әңгімелесу нақты мақсат емес, білім беру құралы; ал балалардың тілін әңгімелесу процесінде байыту жай қосымша пайдалы құбылыс ретінде қабылданады.

     Мектеп жасына дейінгі мекемелерде әңгімелесу баланың сөйлеу қабілетін дамыту үшін жүргізіледі.

     Бірақ тіл міндетті түрде шындық құбылыстарды бейнелейтін, коділейтін болғандықтан, мектепке дейінгі мекемелерде өткізілетінәңгімелесулер мектептердегідей білім береді. Әңгімелесудің мазмұны «Балалар бақшасындағы тәрбие программасымен» анықталады.

    

     Әңгімелесулер: 1) баланың өзі туралы; 2) жанұясы туралы: 3) балалар бақшасындағы ересек  адамдардың еңбегі туралы; 4) тұрмыстық және еңбекке керекті заттар туралы; 5) жылдың әр маусымындағы табиғат көріністері туралы; 6) қоғамдық өмір туралы: атақты адамдар туралы, еңбек ерлері, Отанды қорғау жолында ерлік көрсеткен батырлар туралы.

     Тәрбиеші балалармен  күндклікті қарым-қатынас жасау барысында еркін өткізген әңгімелерін балаларды алдын ала әзірлеп, арнайы сабақ ретінде жүргізілген, сондықтан да әзірленген әңгімелесу деп аталатын әңгімелуден ажырату үшін әзірленбеген әңгімелесу деп атаймыз.

     Әзірленбеген әңгімелесу, мысалы, балаларды жуындыру кезінде, тамақ ішкенде, серуенге шығуға жиналып жатқанда, серуендеп жүргенде, ойын үстінде, еңбекпен шұғылданғанда т. б. уақыттарда өтеді. Әзірленбеген деген сөз балалар тұрғысынан алып айтқанда ғана өз мәніне ие; ал тәрбиеші болса, міндетті түрде осы жағдайлардың бәріне алдын ала дайындалған болуы тиіс, өйткені ол-арнайы мамандық алған, балалармен сөйлесе білу шеберлігін меңгерген адам. Кез-келген жағдайдағы әр сөзімен ол  балаларды өз ана тілін дұрыс сөйлеуге баулиды. Тәрбиеші өз ана тілінің синтаксистік құрамын, дауыс ырғақтарының айтылу мәнерін жақсы білуге тиіс: егер олай ете алмаса, онда ол бұл салаға жарамсыз  болып есептеледі. Сөйтіп, тәрбиеші күнделікті қызмет бабымен қарым-қатынас жасау  қажеттілігінен туындайтын балалармен арадағы әңгімеге грамматикалық формалар іздеп, өз сөзінің  әуенділігін қарастырып арнайы дайындалмайды, өзінің тіл құбылыстарын айыра білетін қабілетіне сенеді, бірақ та ол әр әңгіменің тақырыбын күні бұрын әзірлеуге тиіс.

     Әңгіменің тақырыбын тәрбиеші өзінің күнделігіне бірді-екілі сөзбен күндік жұмыс жоспарына жазып қояды. Мысалы, «Балалар бақшасындағы тәрбие программасында» балаларға «Киім» деген жалпы тақырыпта әңгіме өткізу керек делінген, ал тәрбиешінің күнделігінде ол «Пальто» немесе «Малақай» деп қана көрсетілсе болғаны.

     Өсімдіктер, оның күтімі, оған қадалатын таяқшалар туралы тақырыпқа тәрбиеші көктемде, жазда және күзде  де қайта оралып, балалар өсімдіктің өсуін бақылап жүргенде, уақытына сәйкес жаңа сөздер қосып, қайталап отырады.

     Алдын ала әзірленген әңгімелесудің міндеті: біріншіден, тікелей міндет-балаларды әңгімелесе білуге үйрету, яғни әңгіме айтушыны тыңдауға, оның сөзін бөлмеуге, өзін-өзі ұстауға, сөз қыстырудың ретін таба білуге, өз ойын әңгімелесуші адамға түсінікті етіп жеткізуге баулу; екіншіден, жанама міндет-сөздерді дұрыс айта білу және грамматикалық дағдыларын қалыптастыру; балаларға таныс сөздердің мағыасын анықтау.

     Алдын ала әзірленген әңгімелесу дегеніміз- сабақ өту қарсаңында тәрбиеші балалардың көңілін өздерін қоршаған тіршіліктің келесі әңгімеге тақырып боларлық бір құбылысына аударады. Сөйтіп, алдағы әңгімелесудің тақырыбы, яғни нақты материал балаларға бұрыннан таныс болуға тиіс.

     Әзірліктің ең тиімді тәсілі сабақ өтілетін немесе соған жақын тақырыпқа еркін түрде алдын ала әзірленбеген әңгіме өткізіп алу.

     Әңгімелесулер өткізу нәтижесінде балалар сөйлемді диалог түрінде құруға жаттығады; бірқатар грамматикалық дағдыларға  ие болады; олардың сөздік қорын байытады; осыған дейін тілі келмей жүрген сөздерін, дыбыстарын түзейді, сөздерді дұрыс айту дағдылары жетіледі.

     Тәрбиелік міндет те ұмыт қалмайды: балаларды жолдасын тыңдауға, сөйлеп отырған адамның сөзін бөлмеуге, ұстамдылыққа үйретеді.

     Әңгіме үстінде тәрбиеші былай дейді:

1)               күрделі сөйлемдер мен біріңғай мүшелерден құралған сөйлемдердің балалар нашар үйренген синтаксистік құрылымдарын айтып, үйретіп отырады;

2)               сөйлемдердің балалар әлі үйрене қоймаған мағыналы үзінділерінің  интонациясын айтып отырады;

3)               түбірлес сөздердің: сұйық-сұйылған, жеміс-жемістен, ұнтақ-ұнтақталған, сусу-сусымалы, ет-еттен, сүт-сүттен т.б  сөздердің жасалуын түсіндіреді.

     Сонымен, жоғарыда келтірілген әңгімені өткізу негізінде балалар сөздік қорларын жаңа сөздермен , жаңа грамматикалық формалармен байытып, сөздердің дұрыс сөйлеу дағдыларын жетілдіреді.