Лекция №31.

Пәні: «Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы»

Тақырыбы: Арнаулы сабақтарды, грамматикалық жаттығуларды, дидиактикалық ойындарды қолдану және өткізу әдістемесі.

Жоспар:

1.      Дидактикалық ойындарды қолдану жолдары.

2.      Грамматикалық жаттығулардың өзінді ерекшелігі.

     3. Дидактикалық ойын түрлерін қолдану арқылы баланы сөйлеуге жаттықтыру.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.       Баймұратова Б.Б «Балабақшадағы ересек  балалар  тілін  дамыту   туралы методикалық құрал»  Алматы  1970 ж.  5-6 б .

2.      Баймұратова  Б.Б.  «Балабақшадағы  даярлық топ  балаларының    тілін  дамыту  типтері  программадағы  нұсқау»Алматы  1984 ж. 11-12б.

3.      Бародич Б.Қ. « Мектеп   жасына  дейінгі  балалардың   тілін  дамыту методикасы»  Алматы 1991 ж. 45-46 б.

4.      А.П. Федеренко, Г.А. Фамичева, В.Н. Лотарев «Мектеп   жасына  дейінгі балалар тілін  дамыту  методикасы» Алматы 1981 ж 81-111 б.

 

Мазмұны:

      Тәрбие — баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет - ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, карым - қатынастарымен танысады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын, мінез — құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған. Ойын негізінен балаларға дене шыныктыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы - дидактикалық ойын. Бүл ойынның пайдасы - баланың ой-өрісінің қальштасуын, дамуын максат етіп қояды. Сондай - ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым -қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Дидактика-лық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті -баланың кызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру максатында іріктеліп алынатын накты мазмұнмен анықталады. Дидактикалық ойындар - балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Ойындарды бала тәрбиесіне енгізу үшін тәрбиешілер көптеген жүмыстарды   атқарады.

Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болу керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалык ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Балаларға алдарына қойылған дидактикалық тапсырмаларды өз беттерінше орындау үшін тәрбиеші көркем әдебиет оқып беру, алдын-ала жүмыс жүргізу керек.

Дидактикалык ойындар үш топқа бөлі-неді:

1.        Заттық дидактикалық ойындар - дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен   ұйымдастырылады.

2.        Үстел үстінде ойналатын дидактикалық  ойындар — «Лото», «Домино» және тағы басқа.

3.   Сөздік дидактикалык ойындар.

          Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кенейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл - ой қызметін калыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу кұралы болып табылады. Дидактикалық ойынның ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді. Сонымен қатар дидактикалық ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі. Балалардың сабаққа қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалдарды меңгеруіне ықпал етеді.

Дидактикалық ойындардың тиімділігі - сабақтың әр кезіндегі орны мен міндетін, максатын дәл аныктауға, оны колданудың теориясы мен практикасын тәрбиешінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын-ала дайындап алуға, балаларды белсенді қатыстыруға байланысты. Ойындарды өткен сабақты қайталау, естеріне түсіру кезінде қолданған пайдалы.

Ойын түрлерін сабақ мазмұнына карай белгілі бір мақсатта таңдап алу керек. Мазмұнды ойындарды қайталай бермеу керек ол үшін өтілетін сабақтың тақырыбына сәйкес келетін ойын түрлерін күні бұрын реттеп, оны жүргізудің тиімді тәсілдерін ойластыру қажет. Барлық сабақтарда дидактикалық ойындар колданылады, оны сабақтың ортасында қолданған ыңғайлы. Мысалы, сауат ашу сабағында дидактикалык ойындар балаларды тәрбиешінің айтқанын дүрыс ұғып, оны тыңдай білуге, дыбыстарды ажыратып, ойда сақтап, сөз құрастыруға, олардың ой-өрісін дамытуға үйретеді.

Қазір «Балбөбек» бағдарламасына байланысты кешенді сабақтар бірнеше сабакты қосып байланыстырып өткізу әдіс - тәсілдерін колдануға болады. Айталық тіл дамыту  сабағында сөзде неше дыбыс, неше әріп, неше дауысты дыбыс бар екенін балалар санайды, текшемен белгілейді, немесе суретін салады.

Дидактикалык ойын сәбилер тобынан басталады. Мұнда жоғары топтарға қарағанда жеңіл түрлері беріледі, балалар аз ойланады. Мысалы, бала ойнап отырған машинаның дөңгелегі нешеу, түсі қандай, кубиктерді түсіне қарай топтастыр, қане, «сен көк кубиктерді әкелші», «үстелге апарып қойшы» т.б. Бұл жерде балалар кеңістікті бағдарлау арқылы сөздік қоры дамиды [2, 5-6 б].  

Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уакытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор. Ойын шарттары мен көрнекіліктерін пайдалану арқылы баланың жеке басын, ойын әрекетін дамытуға болады. Дидактикалық ойындар баланын ақыл-ойын дамытуға, ойлауын, қабылдауын, есте сактауын, зейінін, салыстыру, жіктеу- ге, өзін-өзі бақылауға үйретеді. Дидактикалык ойындарды іріктеуде баланың ойынды саналы түсініп, оның шартын дұрыс орындауға тырысып, белгілі бір нәтижеге жету мақсаты көзделді. Ойын мақсатына сай ойын шартын орындап, ондағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге дағдыланады. Ойын шартын, ережесін қатаң сактау аркылы онда жолдастарын тыңдай білу, олардың қатесін түзетуге белсенділік көрсетуге ынталандырылады. Жолдасының қатесін түзетуге көмектесуде, ойын шартын түсіндіріп ойынды жалғастыруға, жаңа ойын ережесін ойлап табуға, оны баскаларға түсіндіре білуге, ойынды ұйымдастыруға жаттықтырылады.

Дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабактарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланын шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ол ойындар сабақтың такырыбына, мақсатына сай таңдалып алынады. Ұсынылып отырған дидактикалык ойындардағы тапсырмалар: сөйлеудің екі түрі - монологтық және диалогтык сөйлеуге арналған. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменін мақсаты - бір нәрсе жайында сұралып, баланы оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.

Антоним сөздермен таныстарғанда жануарларды зообакқа әкеліп, оларды жеке орындарға орналастыру тапсырмасы беріледі. Бала жануарлардың денесіне карап, «үлкен, кіші» деп бөліп, оларды соған сәйкес үлкен торға немесе кіші торға орналастырады. Антоним сөздерді салыстыру жолымен жұмыс жүргізу баланың ой-өрісін кеңейту үшін өте пайдалы. Сондықтан антоним сөздерді осы сияқты дидактикалық ойындарды ұйымдастыру арқылы меңгертуге болады.

Жалпы және жеке ұғым туралы түсініктерін тереңдету үшін «Жалпы калай аталады?» «Жалпы атауын бер», «Жеке-жеке атын ата» сияқты дидактикалық ойындар үйымдастырылады. Мысалы:   кесе,   қасық,   тарелка,   шанышкы.

Алты жасар балаларға  тиянақты білім беру тәрбиешінің творчестволық, ізденісі мен шеберллігін  қажет етеді Муньң өзі әлі ойын баласы екендігімен байланысты. Сондьқтан сабақ тартымды болу ушін  тақырыпқа сәйкес ойындар тандап алып, оларды утымды пайдалану керек. Сонда ғана барлық баланы сабаққа ынталы қатыстыруға болады. Жалпы мектепке дейінгі балалардың тіл даиыту пәнінен  ойнайтын ойыны турлерше тоқтайтын болсақ, олар:

1.  Дидактикалык, ойындар.

2.              Сездік-дидактикалық ойындар.

3.              Ролді сюжежетті  ойындар.

4.              Драмалық ойындар.

5.              Шығармашылық ойындар.

6.              Әдеби-музыкалық ойындар.

Осылардың ішінде дидактикалық ойындардыц маңызы зор. Әрбip
тәрбиеші  сабақ, процесінде қандай дидактикалық, ойын қолданатынын
куні бурын сабақ мазмуны мақсатына сай лайықтап та
ңдап алғаны
жөн. Өйткені мектепке келген 6 жасар балалар ушін  қызықты әрекет
бола отырып, оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы
болып табылады. Бірақ  ол ұйымдастырылған педагогикалық процеске
енгізілгенде ғана сондай құралға айналады. Ойынның дамуымен
оның орнығуы оны нақ, осылай тәрбиелеу қуралы ретінде
пайдалануға    көп    байланысты.

Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып муғалім балаларды, Л.С.Макаренконың сезімін айтқанда "жақсы ойын" жасауға уйретеді. Мұндай ойынға мынандай сапа тән: Мазмұнның тәрбиелік  мазмұндық құндылығы, бейнеленетін тусініктердің толығы

мен дұрыстығы, ойы, ic-әрекетнің орындылығы, белсенділігі. ұйымшылдығы және творчестволык сипаты, жеке балалардың және барлык ойнаушылардың  мүделерін ескере отырып, ойында ережелерге бағыну және соларды басшылыкка ала білyi, ойыншықтармен ойын материалдарын максаткерлікпен пайдалану, балалардың карым-катынастарының игі тілектестігі  және көңіл-куйлерінің шаттығы.

Ойынды басқара жүріп, тәрбиеші  баланың жеке басының ерекшелігіне оның санасына, сезімше, ерік-жігеріне,  мінез-кұлкына ыкпал жасайды. Ойын шарттарының, өзі баладан ойыншык заттарға, ойналатын көріністер мен сюжетке зейін токтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін койғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, оны кұрдастары ойыннан шеттетеді. Кұрбыларымен карым-катынас жасау кажеттігі Баланы  максатты турде зейін койып, есте сактауға мәжбур етеді. Максаткерлік, epiк күшін бағындыра білуі-жеке басты дамытуға кажетті қасиет. Ойында акыл-ойы адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің максаттары үшін пайдаланылады. Ойын процесінде балалардың білімiмен ұғымы айкындалып терендей түседі.

Демек, ойын балалардың соған дейінгі біліммдерімен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бipre белсенді таным ic-әрекеттерінің өзінше бip формасы болып табылады, соның барысында олар тәрбиешінің  басшылығымен, жаңа білім меңгереді.

Ойын бала үшін — нағыз өмip. Егер ұстаз ойынды ақылмен ұйымдастырылса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады.

Дидактикалық ойындардың түрлерінде шек жок. Kaзipri кездегі сабак, материалдарының  мазмұнына сәйкес тәрбиеші  белгілі бip ойын бойынша әрқилы ойын ойлап табуына болады.

Тікелей дидактикалық міндетті шеше алмайтының бipaқ балалардын бойында ықылас, есте ұстау, байқағыштық, назар аударғыштық сияқты басқа да белгілі бip психикалық процестің, қасиетті дамытуға бағытталган ойынның турлерін педагог ұмыт қалдырмау тиіс.

-         Дидактикалық ойынды оқыту процесінде қандай орын алуга тиіс?

-         Дидактикалық ойындар мен ойыншықтар қандай оқу міндеттерін
шешуге байланысты пайдалануга тиіс?

-         Қазіргі оқыту процесінде қандай дидактикалық ойыншықтар керек?

-         Оларды қандай психологиялық-педагогикалық концепияға сүйеніп
жаса
ған жөн?

-         Оқыту процесінде ойын балалар ушін тамаша тартымдылығынан айырылып қалмау ушін,  ойыншық әдеттегі методикалық құрал-
сайманға айналып кетпеу ушін, муғалім дидактикалық ойындар
мен ойыншықтарды пайдаланып, материалдарды балаларға қалай

жеткізуі керек? Осы және басқада толып жатқан мәселелер мектепке дейінгі мекемелердің  дидактикалық ойындардың аса маңызды мәнін құрайды.

Түптеп келгенде оқыту мен тәрбие қуралдарының басқа турлері сияқты ойынның да білімділік, тәрбиелік мумкіндіктерін балалардың жас ерекшелігіне сабақ мазмұнына үйлестіре қолдануы тәрбиеші ізденісіне, шеберлігіне байланысты. Тәрбиеші ойынды пайдалану методикасына да, ойын турлерін таңдап-талдауға да қойылатын талаптарын жете білуге тиіс.

Әpбip сабаққа лайықталған материалдар оқулықтың жекелеген беттерінде келтірілген және ол жуйелі тиянақтауга әрі қалыптастырылатын іскерлікпен дағдыларды жетілдіре тусуге арналған, бұрын өтілетін  және жақында өтілген мәселені, сондай-ақ ілгеріде қарастырылуы тиіс жаңа тақырыпты  оқып уйренуге кун ілгері даярлықты қамтамасыз етіп материалдарды қамтиды, яғни әрекетті материалдардан тұрады. Демек тәрбиеші сабаққа әзірлену барысында оқулықтың әрбір бетінде келтірілген материалдарға жан-жақты талдау жасайды да, кезекті сабақтың оқу-материалдарын және оны оқып үйренудің әдіс-тәсілдерін іріктейді .

Әр сабақтың  бірінші бөлігінде көрнекіліктің бір түрінен (ойыншықтар, қалталы полто, жеке дара санақ, материалдары, оқулықтың қосымшасынан дайындалатын әркімнің өзіндік дидактикалық  кесте материалдары және т.б.) жұмыс ұйымдастырылады. Оның түрімен мазмұны әр сабақтың нақты мақсаттарына орай мұғалімнің өзі аныңтайды. Ол жұмысты орындаудың үлгісін тәрбиеші көрсетеді де, ал балалар дидактикалық, кеспе материалдарды, ойыншықтар мен нақты заттарды пайдаланып, тәрбиешіге ілесе орындайды немесе олар топта орындалатын ұжымдық жұмысқа белсенді қатыстырылады. Демек: сабақтың бұл беліігінде кернекілікке сүйеніп, балалардың  қандайда бір мағұлматты саналы қабылдауы жүзеге асырылады. Содан кейін балаларды сергітетін және олардың шаршауын бәсеңдететін дене шынықтыру минуттары өткізіледі де, оқушының, әрі қарай орындайтын  іс-әрекеттернің түрі алмастырылады.

Әдістемелік әдебиеттерде берілген және тәрбиешілердің тәжірбиесінде пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Алайда олардың бәрі дерлік бүгінгі күнгі талаптарынан туындап отырған білім мазмұнның өзгерістеріне, сондай-ақ оқушылардың (негізінен 7 жасарлар) жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді.

Дидактикалық ойынды пайдалану жилігін тәрбиеші анықтайды және шығармашылық пен турлерінде отырып балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты сөз  еткенде, өтілген материалдарды қайталағанда, білмді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез-келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлініне айналдыруға болады. Бipaқ ойын пpoцeci мен оқу процесін бip-бipiнe етене ұластырып уйымдастырған жөн. Бала ойын іс-әрекеті үстінде қандайды білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу ic-әpeкeттepi табиғи бірлікте болып, пәндік тәрбиеші, білік  және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін кетеріледі.

Ойынды ұйымдастырудың өз қандайда 6ip дидактикалық мақсат пен міндетіне бағындырылуы керек.

Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезіндеп орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын тәрбиешінің жетек  игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын процесіне балаларды белсенді қатыстыруға байланысты.

Сабақ материалына лайықтылған ойынды алып, тек қана оқушының орындай алатын іс-әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұнда ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары да жан-жақты ойластырылуы керек. Мәселен, ойынды жарыс түрінде өткізу, аралық және ауытқу нәтижелерін көрсету ушін сигналды карточткалар, т.б. заттарды пайдалану. 

Дидактикалық ойын түрлерін қолдану арқылы баланы сөйлеуге жаттықтыру

Ойынның тақырыбы. «Қажет суретті тап».

Ойынның мақсаты. Логикалық ойлауға үйрету күн режнміне қажет іс-әрекетті есіне түсіру. Қай кезде не істелетіні жөнінде сөйлем құрап айтуға уйрету. Түрлі жаттығу жұмыстарын өздігінен орындауға жаттықтыру.

Ойынға қажет заттар. Үлкен және кішкене суреттер немссе қуыршаққа арналған ыдыстар, пластелиннен, балшықтан жасалған тоқаш, конфет, нан, бауыр-сақ, ет, колбаса т. б.

Ойын ережесі. Егер ойын суреттермен жүргізілсе тәрбиеші - үлкен суретті балалардың бәрі көретіндей орынға іледі. Мысалы, үлкен тарелка немесе орамал ұстаған қыздың суреті. Балалар қораптағы суреттердің ішінен тақтаға ілінген сурет мазмүнына сәй-.кес заттардын, суретін алып столға қояды. Не істегені туралы айтады.

Ойыннық соңында балалар ойынға қатысты заттардың суретін салады (өз қалаулары бойынша нан, қант, тоқаш т. б.).

О й ы н. Кімде мына түстес зат бар? (Тәрбиеші:   жасыл түсті затты алып көрсетеді.) Кім табады? деп сұрақ қояды.

Балалар жасыл түсті заттарды атайды. Мысалы, шөп, жапырақ, көйлек қияр т. б.

О й ы н н ы ң      т а қ ы р ы б ы. «Формасы үқсас заттарды тап».

Ойыннық мақсаты. Түрлі заттарды формасына қарай ажырата білуге үйрету. Сөзбен атап айтуға жаттықтыру, сабақта алған білім-дағдыларын тиянақтау.

Ойын ж а б д ығ ы.   Фермасы әр түрлі заттар: доп, машинанық дөқгелегі, қияр, өрік, кітап, геометриялық фигуралар — үшбұрыш, төртбұрыш, квадрат, машина (осы машинадан әр түрлі формаларды тапқызу).

Тәрбиеші-мүғалім қағазға түрлі форманы бейнелейтін карточкалар дайындайды.

Ойын ережесі. Тәрбиеші-мғғалім сабаққа дайындалған заттарды және карточкаларды әкеледі. Заттарды не сол заттардың суреттерін балаларға үлестіріп береді. Өзі жасаған карточкаларын столдың үстіне қояды. Сұрақ балаларға жалпылай беріледі. Мысалы, Кімде домалақ зат бар?—деп сұрайды. Балалар аталған форманы өз суреттерінен не ойыншықтарынан тауып, стол үстіндегі карточкадағы ұқсас- сызыққа қояды да сөзбен атайды. (бұл — алма, формасы домалақ, түсі қызыл сары, дәмі тәтті, қышкыл, ағашта өседі, күзде піседі т. б.). Жеміс-жидек көкөніс туралы тақпақ немесе жұмбақ айтылады.

Ойынның тақырыбы. «Нені қайдан алуға болады?»

0 й ы н н ы ң     м а қ с а т ы. Адамға қажетті заттарды тани, талдай білуге нені  қайдан алуға болатынын уйрету, сөздік қорларын байыту.

Ойын ережесі. Тәрбиеші  стол үстіне нанның,  киімнің, ыдыстық сүт пен ет тағамдарының (колбаса, ет) суреттерін қояды. Бұл суреттер «Дукенді» бейнелейді. Суреттердің жанында түрлі заттар аралас жатыр. Шақырылған бала суреттін, ішінен біреуін алады да не   екенін,   қайда   сатылатынын   айтады.   Мысалы,

—   Пальтоны, көйлекті кайдан алуға болады?

—   Киім сататын  дүкеннен аламыз.

—   Етті,  колбасаны қайда сатады?

—   Гастрономда,, ет дүкенінде сатады.

—   Ыдыстарды (кесе, табақты) қайдан алуға болады?

—   Ыдыс сататын дүкеннен аламыз.

Осы жауаптардан соң тәрбиеші-мұғалім, мына сурет-тердің ішінен біреуін ал да, қай дүкенде болатынын айт, сол дүкенге апарып қой деген тапсырма береді. Шақырылған бала тапқан заттын, суретін тәрбиешінің столындағы «Дүкеннің» біріне апарып қояды (дұрыс таппаса басқа балаларға орындатады). Сол зат жөнінде сөйлем құратады. Нан — үннан жасалады. Үн неден жасалады? Үн — бидайдан жасалады, Нанды қайда пісіреді? Нанды наубайханада пісіреді. Нан қайда сатылады? Нан дүкенінде сатылады. Нан сататын кісіні қалай атаймыз? Нан сататын кісіні  — сатушы дейміз т. б. Ойынның соңында нан туралы өлең оқылады. Егер жаттаған тақпақтары болса балалардың өздеріне айтқызады.

0 й ы н н ы ң    т а к ы р ы б ы. «Сен нені ұнатасың?

О й ы н      ж а б д ы ғ ы . Көкөністер мен жеміс суреттері.

0 й ы н      е р е ж е с і. Көкөністер мен жеміс суреттері салынған суретті карточкалар тақтаға ілінеді. Стол үстінде көкеніс, жеміс суреттері аралас жатыр. Шакырылған бала өзіне ұнаған жеміс не көкөністерді танып ала-ды да қалтаға салады. Қайда пісетіні, түсі, формасы, дәмі туралы сипаттап айтады.

Сөздік дидактикалық ойындар

«Телефон», «Мен    не дедім?», «Кім көп сөз ойлады?»

1.  «Ж асырылған  затты  та п».

Балық туралы кім сөз ойлайды? Кімге не керек? Тәрбиеші   әр түрлі мамандықты атайды. Балалар сол маманға (дәрігер, шофер, шопан) қажетті заттарды айтады. Мысалы.шояан туралы сөз ойла т. б.

2.  Жүмбақ ойындар. Балаларға таныс бұйымдар туралы жүмбақ айтылады.

Ж ұ м б а қ.

Ызақор бұғып жатыр

Сақалы шығып жатыр.

(Сәбіз.)

Көк лағым көгенде жатып семірді. (Қарбыз.)

3.  Ойын. Өтірік өлең,   әңгіме туралы   айтуға  үйрету.
Мысалы, «Автобуста күшік отыр. Ол кондуктордан билет сұрады. Кондуктор билет сатты. Күшік күлімдей қарап, рақмет» — деді.

Мен көктемде егіс даласында болдым. Бидай, арпа, сұлы пісті. Қомбайншылар астық   орып жатыр екен. Жаз,   Күн ыстық.  Балалар қардан ақала жасап ойнап жүр. Тәрбиеші-мүғалім осы тәріздес әңгіме үлгісін керсетеді. Балалар шын не өтірік екенін айтады. Неліктен? Оны қайдан білдің?— деп сүрайды. Балалар дәлелдейді. Балалар өздері өтірік әңгіме құрайды. Тәрбиеші   жауап береді. Келесі ретте бір бала әңгіме құрап, қалғандары өтірік не шын екенін табады.

Мүндай ойындар баланың логикалық ойын дамытады. Алған білімін тиянақтап естеріне түсіруге, сөйлемді дұрыс құрап айтуға үйренеді. Оқиға желісін байкап, жүйелі баяндауға жаттығады.

4.  О й ы н. «Қажетті сөзді ойлан» ойыннық мақсаты
тапқ
ырлыққа, ойланып жауап беруге үйрету, сықақ сезімін дамыту.

Бүгінгі таңда қоғамьмыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты, саналы адамзат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидаткалы; ойындар оқушыпардың ақыл-ой белсенділігін қалыптасырудың маңызды қыралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балапәрдың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінің ойлау, зерде үрділерін дамытады. ӨмІр тәржірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, нерф жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу-әрекетінде жетекші рол атқарады.

Мұның барлығы дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді.

Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бәр. (Л.А.Венгер, О.М.Дьяченко Т.К.Жикалкина, т.б.).

Қазақ халық ойындарының жіктемесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне (А.Дивәев), ойын сипатына М.Гуннер, Е.Сагындықов, Б.Тетенаев); дене қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға (М.Таникеев, Ж.Төлегенов, Т.Бекбәтшаева, Т.Қуанышов); ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне (А.К.Айтпаевә) сәйкес жасалды.

Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:

1.Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаләрды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық - оңай жолмең қажеттілер - қызық жолмен беріледі;

2.Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.

3.Ойын-болжамдар. Бүл ойындар "Не болар еді...?', "Мен не істер едім. егер..." деген сұрақтарға негізделеді.

Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.

4.Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі - логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттәу арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуынә әсер етеді.

5.Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармең балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қәтынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы - олар эмоциональдық түрде белсендіруге, бір сездікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.

Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:

1.Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.

2.Қәйта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.

3.Қайта жасау іс-әрекетін жузеге асыруға бағытталған ойындар.

4.Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағыттаған ойындәр.

5.Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар.

Құрылымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктейді:

1.Сюжеттік - релдік ойындар.

2.Жаттығу ойындар.

3.Драмалық ойындар.

4.Шығармашылық ойындар.

5.Әдеби-музыкалық ойындар.

Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріие сәйкес мынадай жіктемесі бар:

1.Білім беретін ойындар.

2.Тәрбиелейтін ойындар.

3.Дамытатын ойындар.

4.Жеке тұлғаны әлеуметтендірін ойындар.

5.Диагностикалық ойындар.

Жоғарыда керсетілген жіктемелердің барльғының мазмұны ете қызық және өзіндік  ерекшеліктерге толы. Олар дидактикалық ойындардың алпы мақсаты мен мазмұнына  сәйкестендірілген. Бұл ойынның  түрлерін   бастауыш сыныптың оқыту үрдісінде кеңінен

пайдалануға болады.

Әлде де болса ойынның адамның дамуна, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда.

Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.

Ойын - бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.

Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін ойлауын, қиялын қалылтастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ой ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейікділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.

Оқу үрдісінде - кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол - дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта-ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойда қойылатын бірінші талап - оқушының танымдық әрекетің қызығушылығын дамыту.

Ұлы Абайдың "Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?" деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Бастауыш сынып оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар ез еңбектерінде айтып кеткен. Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы. С.Торайғыров, Т.Тәжібаев т.б.

Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж.Ж.Руссо мен И.Г.Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы ВАСухомлинский, С.П.Шацкий және Н.К.Крупская өз пікірлерін білдірген.

Педагогикалық үрдісті жетілдіру ойынның алар орны жөнінде қазақстандық ғалым Н.Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н.Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану - болашақ өміріне түзу  жол  салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген.

  Д.Коменский "Ұлы дидактика" деген еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атайды. Бұл кезеңдерде балаларды нақты, түсінікті ана тілінде білім беру керек. Сонымен қатар білім балалардың есінде қалатындай болуы тиіс. Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді, сол себептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін жеңілдетудің бірден-бір құралы ретінде "ойынды" айтуға болады.

Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш, жаңаны жаны сүйгіш келеді. Сондықтан мұғалім сабақ барысында ойын турлерін пайдаланып отырса, оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле түседі.

Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені  бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орыңдауға тырысады.

Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.

Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық "деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа" деген принципті негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Мүмкіншілігіне қарай, әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.

Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.

Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану - бағдарламада анықталған білім, білік, және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай-ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлеңдіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, етілген материалды кайталағанда, білімді тиянақтау жөне тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.

    Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде "ойын'' түрлерін пайдалану, біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден бапалардың қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып  табылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Грамматикалық жаттығуларға қандай жаттығулар жатады?

2. Дидактикалық ойындар дегеніміз не?

3. Дидактикалық ойындарды қолданудағы тиімділігі мен пайдалылығы.

 

 

Лекция №32.

Пәні: «Тіл дамыту және мәнерлеп оқу практикумы»

Тақырыбы: Сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу әдістемесі.

Жоспар:

1.      Дұрыс сөйлеу әдісі.

2.      Әңгімелеп берудің әдіс-тәсілдері.

3.      Сөйлеуде жіберілетін дыбыстық қателер.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. С. Рахметқызы «Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту» Алматы,

    Рауан 1997, 69-99бет

2. Ысқақов Бегман «Тіл дамытудың психолингвистикалық негіздері, Алматы,

    Рауан 1996 53-79 бет.

3. П. Ысмағұлова. «Тіл дамыту ойындары» 30 б.

2.      М. А. Бородич. Тіл дамытудың мәселелері. Алматы, 1991.76 б.

 

 

                                                      Мазмұны:

Баланың сөздік қорын байыту, нақтылау үшін, күнделікті өмірде орынды пайдалана білу үшін жаңа сөздің мәнін, мағынасын жете түсіндіріп, белсенді сөздік қорын арттыру қажет. Қоршаған заттармен құбылыстардың барлығы сөз арқылы жеткізіледі.

Сөз – тілдің негізгі өлшемі. Ол былайша айтқанда бір мезгілде тілдің барлық компонентерінің – фонетиканың (сөз дыбыстарынан тұратындықтан), лексиканың (болмыстың белгілі бір құбылыстарын білдіріп, кодамен шифрлайтындықтан, яғни мағыналық роль атқаратындықтан), грамматиканың  (бұл жағдайда белгілі бір грамматикалық  формада қолданылатындықтан), «өкіл» болып табылады. Тілде сөз белгілі бір мағынаға және тиісті грамматикалық тәртіпке ие болады., сөздерді «жай» фонетикалық  құрылыссыз және грамматикалық формасыз, үйрену мүмкін емес.

Сөздің  тілден тысқары шындықты: заттар мен құбылыстарды (үй, күн, адам, күннің батуы), дерексіз ұғымдарды (ой, шындық), іс-әрекетті (құрылыс салу, жарық жағу, сүю, ойлау), заттардың сынын (ақ,  мәңгі, жылы шырайлы, әділ), іс-әрекеттің белгілерін (жоғары қарай, ашық, шың адал), санды (бір, он жеті, жүз), заттарды сынды, санды көрсетуін (мен, кім, қандай, қанша) білдіру (кодамен цифрлау) қабілетін сөздің лексикалық мағынасы деп атайды.

Сөздерді мағынасы бойынша жалпылаудың бірнеше дәрежесі ажыратылады.

Жалпылаудың нольдік дәрежесі – жалқы есім, жеке заттың (есімі) аты (Айдын, әже, сьол, табақ).

Жаңадан сөйлей бастаған балалар (бір жастың соңы – екі жастың басына қарай) сөзді, яғни бұл атауды нақты затпен арақатнаста салыстыра отырып (қорытудың нольдік дәрежесі) үйренеді: олар үшін мама, орындық, доп, сөздері, Айдын, балнұр секілді жалқы есімдер.

Жалпылаудың бірінші дәрежесі – жалпы есім, яғни бір тектес заттардың, іс-әрекеттердің, сапаның жалпы атауы. Мысалы, өзінің балаларын ертіп жүрген мысықты көрген  бала «әже - мияу» деп айта отырып, әже деген сөздің жалпылауыш маңызын түсінеді; шар тәрізді кез келген серпімді затты түсіне, мөлшері мен материалына қарамастан доп деп атаған бала доп сөзінің лексикалық мағынасын түсінеді; бұл іс--әрекетті келе жатыр сөзімен атай отырып, көгілдір түсті кез келген затты көгілдір сөзімен білдіру арқылы бала келе жатыр етістігі мен көгілдір сын есімнің лексикалық мағынасын түсінетіндігін көрсетеді.

Балалар жалпылаудың бірінші дәрежесінің сөздерін екі жасар кезінің соңына қарай үйренеді.

Жалпылаудың екінші дәрежесі – тектік ұғымдарды білдіретін сөздер: мебель (бұл орындық та, стол да, шкаф та, кубик те болады), жемістер (бұл алма да, алмұрт, апелсин де болады. Іс-әрекеттің, белгілердің атауы зат есім түрінде жалпы қортындыланып беріледі. Жүру, жүзу, жүгіру, ұшу,  ақшылдығы, көкшілдігі, қызылдығы, қаралығы, көктігі  [1, 67-73б ].

Жалпылаудың екінші дәрежесінің сөздерін балалар үш жастан кейін үйренеді.

Жалпылаудың үшінші дәрежесі – жалпылаудың екінші дәрежесінің сөздері үшін тектік ұғымдарды білдіретін сөздер: өсімдіктер – ағаштар, шөптер, қыналар; заттар – ойыншықтар, ыдыс-аяқтар, мебел; өнімдер – овощтар, жемістер, астық тұқымдастар; қозғалыс – жүгіру, ұшу, жүзу; түс – ақшылдығы, көкшілдігі.

Балалар жалпылаудың үшінші дәрежесі сөздерінің мағынасын шамамен бес немесе алты жасқа келгенде үйренеді.

Жалпылаудың төртінші дәрежесі – шекті лексикалық жалпылау: зат, қимыл, жай-күй, сын, сапа, сан, қарым-қатынас деп аталатын сөздер.

Егер балалар жалпылаудың төртінші дәрежесіндегі сөздердің мағынасын үйренуге қабілетті болса, онда олар ленгвистикалық ұғымдарды оқып үйренуге даяяр болғаны; бұл мүмкіндік толық дәрежеде жас өспірімдік шақ саатысында туады.

Тектік-түрлік қатынастағы сөздерді үйрене отырып, балалар оларды тұтас және оның бөлігі ретіндегі сөздерден айыра білуі тиіс: орындық – оның сирағы, арқалығы, отыратын орны; бет- маңдай, жақ, мұрын, ауыз, көз; жуыну – алақанға су толтырып алу, онымен бетті сулау, бетті қолмен ысқылау,сумен шаю және т.с.с.

Лексика – тілдің сөздік құрамы мен сөздік қорын, сол тілдегі сөз мағынасының нәзік боялары мен түрленуін, сөздің шығу төркінін, сөз тіркестерін зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

Балаларда мектепке дейінгі мекемеге  келмей тұрып-ақ белгілі бір сөздік қор, сөз мағыналарын ажыратып жеке практикасында қолдана білу машығы қалыптасады. Осы қалыптасқан икемділігін одан әрі дамытуға мектепке келген күннен бастап назар аударған жөн. Тілші А.В. Текучев «лексика мектепке келген күнен бастап үйретіледі», - дей отырып, оны оқыту жүйесін төрт кезеңге бөледі.

1. дайындық топ. Бұл кезеңде оқушылар тек терминдік атауларымен белгіленбеген жеке кейбір лексикалық ұғымдармен танысады.

2. Негізгі, жүйелі үйрету кезеңі (ІV-V кластар). Бұл кезеңде балалардың  сөздік қорының молаюына және лексикалық негізгі грамматиканы үйренуге жағдай жасалды.

3.  5-6 жасында . Мұнда балалар  сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары арасындағы айырмашылық пен бірлікті, грамматикалық түрленудің лексикалық мағынаға бағыныштылығын және сөздік қордағы байырғы сөздердің жаңа сөз жасаудағы рөлін, сөз формалары мен сөз тіркестерін, сөйлем құрылысын үйренеді.

4. 6 - жаста – яғни функциональды – стильдік кезең. Бұл кезеңде лексикада әр түрлі стильдік қызмет атқаратын компонент ретінде қарастырылады. Тілдің грамматикалық құрылысын тек сөздердің лексикалық мағыналарына сүйеніп қана балаларды  түсіндіруге болатын ғылым-педагогтар айтқан болатын.

Ғалымдар пікірлеріне сүйене отырып, мектепке дейіінгі мекемеде қазақ тілін оқыту барысында балаларды сөздік қорын байытудың, сөз мағыналарын ажырата білу машықтарын қалыптастырудың кейбір мәселелеріне тоқталмақпыз. Балалардың  тілін байытудың бірден бір формалары жаңа сөз үйрету, сөз мағыналарының түрленуінен хабар беру, балалардың сөздік қорларында синонимдік қатарлардың, мағыналары қарама-қарсы сөздердің мол болуына ұмтылу, сөйлеу тілінде дайын тіркестердің қалыпасуын қадағалау жұмыстарын әр сабақта есте ұстау деген сөз. Сондықтан мектепке дейінгі топтарда  тіл дамыту мақсаты тек «байланыстырып сөйлеуге» берілген сағаттармен ғана шектелмей, қазақ тілінің оқыту процесінің өн бойында – «Дыбыс пен әріп», «Сөз», «Сөйлем», «Сөз таптары» бөлімдерін оқыту барысында да ескерілуі қажет.

Мектепке дейінгі мекемеде лексиканы оқытуға арнайы уақыт бөлінбеген, сондықтан лексика жеке тақырып ретінде өтілмейді. Алайда программада көрсетілген міндеттер мен оқулықта берілген материялдардың өзі-ақ балалардың тілін, сөздік қорын дамыту мақсатында алғашқы лексикалық ұғымдар берудің қажеттілігін байқатады [2, 5-6 б].

Балалардың  сөздік қорын байыту - әрбір сабақ барысында бірте-бірте жүргізілетін күрделі процесс. Балалардың сауаттылығын жетілдіру мақсатымен жүргізілетін маңызды іс тек сөздік толтыру жұмысымен ғана шектеліп қалмауы керек. Сабақта түсіндірілген әрбір жаңа сөздердің мағынасын шәкірттердің анық ұғынуынан бастап, ол сөзді өз беттерінше қолдана білуіне дейінгі аралықта бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады.

а) Жаңа сөзді балалардың қабылдауы, дұрыс түсінуі.

ә)  Ол сөздің барлық мағыналық ренктерімен, бояуларымен түсінікті болуы.

б) Арнаулы тапсырмаларды орындау барысында балалардың тәрбиеші  түсіндірген жаңа сөзді қолдана білу икемдігі.

в) Сөйлегенде, жазу жұмысында өз беттерімен еркін қолдануға машықтанады.

Демек, балалардың түсіндірілген әрбір жаңа сөздің игерілу процесі тәрбиешінің тікелей бақылауы мен жоспарлы жұмыс жүргізуін қажет етеді.

Мысалы: «Тіл дамытудың» өзінде «бал» сөзі кездеседі. Тәрбиеші балаларға  бұл сөздің тәтті қоймалжың затты білдіретінін, оның өсімдіктерден алынатынын, балалардың өдеріне таныс аралардың жаз бойы бал жинайтынын айтады. Балалар бұл сөзді осы тура мағынасында қабылдайды. Енді осы сөздің ауыспалы мағыналарымен бірге балалардың активті сөздік қорына ену жолынбарлап көрелік.

1 – тапсырма: «ара», «қаймақ» сөздеріне «бал» сөзін тіркестіруге болама, болса шыққан екі сөздің мағынасын түсіндіріңдер. Бұл тапсырманы орындау барысында балалар өз беттерімен «бал арасы» тіркесін тауып, ол тіркестің мағынасын айта алуы мүмкін. Ао «бал қаймақ» тіркесін мұғалім балаларға сұрақ қоя отырып («бал» сөзін қаймаққа қатысты айтып көріңдерші»), мағынасын өзі түсіндіреді. Осы тапсырманы орындау барысында балаларға бұрыннан таныс «бал» сөзінің қолданылу ерекшеліктері, мағыналық түрлену айқындала түседі.

2 – тапсырма: «бал» сөзін өздерің білетін бірнеше мағынада қатыстыра отырып, үш сөйлем құрыңдар.

Балалар  бірнеше қарапайым сөйлем құрады:

1. Мен бал жедім. 2. бал аралары ұшып жүр. 3. Апам бал қаймақ жасады т. б.

Бұл тапсырманы орындау барысында балалар бұрын тәрбиешінің түсідіруі арқылы ғана білетін «бал» сөзін өз беттерімен алғаш рет сөйлем ішінде пайдаланып көреді.

Балалар бақшасында ана тілінің лексикасын оқып үйрену қатаң түрде семасиологиялық аспектіде емес (яғни «Бұл сөз нені білдіреді?» деген сұраумен басталмайды) , «Бұл зат қалац аталады?» деген сұрауға жауап бере отырып, ономамасиологиялық аспектіде жүргізіледі.

Баланың алғаш жаттап алатын сөздері оны туылып, өмірінің алғашқы күндерін, апталары мен жылдарын өткізген қоршаған әлемге енгізеді; бұл сөздер баланның айналасындағы заттарды білдіреді. «Балалар бақшасының тәрбие программасы» бірнеше тақырыптық топтарын: 1) бааалаға жақын адамдарды,  олардың туыстық және қоғамдық қатынастарын, олардың есімдерін; 2) баланың өзін, оның дене мүшелерін; 3) тұрмыс заттарын, ойыншықтарды; 5) тірі табиғат объектілерін: жануарларын, олардың дене мүшелеері мен қылықтарын; өсімдіктерді, олардың бөлшектерін, оларда болатын өзгерістерді; 6) жылдың барлық мезгілдеріндегі өлі табиғат объектілерін; 7) адамдардың алуан түрлі еңбегін; 8) кейінірек совет халқының қоғамдық өмірі құбылыстарын, біздің мемлекетімізді орнатушы В. И. Лениннің өмірі мен қызметін оқып үйренуді көздейді.

Заттармен (зат есіммен) бірге балалар олардың белгілерімен (зат есіммен) бірге балалар олардың белгілерімен (сын есіммен), іс-әрекеттермен (етістікпен), үстеумен , санымен (сан есіммен) де танысады.

Баланың лексиканы меңгеруі зат есімді меңгеруден басталады. Ол қуыршақ, қоян, кереует, жастық секілді өзін қоршап ұрған заттың бәрін, сондай-ақ қол, саусақ, бас, мұрын секілді өзінің дене мүшелерін атайды.

Қоршаған заттар баланың зейінін аударады және балаға онымен «қатынас» жасауға: егер зат үлкен болса (қабырға, еден) қолымен ұстап көруге немесе қолымен айналдырып, сипап, ұстап, тыңдап (мысық, ит, құс болса), иіскеп (гүл болса) жеп (ботқа, сүт болса) байқауға мүмкіндік берген жағдайда ғана олар атауға ие болады.

Тіпті екі жастағы баланың өзі затты жаңа ғана көрген болса, оның атын есте қиындықпен сақтайды. Бір балалар мекемесінде тәрбиеші екі жасар балаларға үй қоянын көрсетіп, былай деді: «Мынау үй қояны, ал мынау оның құлағы, қандай ұзын екенін қараңдаршы, қып-қысқа құрығы». Балдырғандар үй қоянын көргендеріне қуанады, олардың үй қоянын ұстап көргісі келеді, бірақ тәрбиеші балаларды оған жақындатпады (үй қоянын қорқытады, сондай-ақ одан соң қолды жуу керек). Тексеру көрсеткеніндей, мұндай сабақ нәтиже берген жоқ: балалар тіпті үй қояны деген сөзді де үйренбеді («мияу» деп аталады).

Алғашқы үйрену кезінде сөз бала үшін тек сол, жеке заттың (жалқы есім) атын ғана білдіреді, бала оның жалпы мағынасын түсінуі және оны ұғым ретінде қабылдауы үшін осы сөзбен ұзақ жаттығулар жүргізу керек.

Мысалы:

Үш жастағы балалармен. әңгіме тақырыбы – «Малақай».

Балалар түстері бірдей екі бас киімді – ер баланың тоқылған бас киімі мен қыз баланың жасанды теріден тігілген малақайын ұстап көреді (бас киімдер балалардыкі немесе қуыршақтікі болуы да мүмкін). Үлгі ретінде көрсету үшін бір түйдек иірген жіп пен жасанды терінің кішкене қиындысы болуы керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Сөйлеу мәнері дегеніміз не?

2. Дұрыс сөйлеуге үйрету әдістемесі.

3. Сөйлегенде жіберілетін қателермен қандай жұмыс жүргізіледі ?