Лекция №33.
Пәні: Тіл дамыту әдістемесі және
мәнерлеп оқу практикумы.
Тақырыбы: Көркем әдебиетпен жұмыс істеу
әдістемесі.
Сабақты өтудің түрі: Интерактивті.
Жоспар:
1.Мәнерлеп оқу мен нақышына келтіре
әңгімелеуді көркем
шығармаларда
қолданудың
әдістемелік негіздері
2.Балабақшада мысал өлеңдер мен ертегілерді оқыту
арқылы мәнерлеп оқуға
баулу.
3.Балаларға
әртүрлі жанрдағы шығармаларды оқытуда мәнерлеп оқуда
және
нақышына келтіре
әңгімелеуді үйретудің әдістері мен
тәсілдерін меңгерту.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Мектепке даярлау жасына дейінгі
балалар тілін дамыту
методикасы» Алматы 2001 ж.
2. Федоренко
Л.П., Фомичева Г.А., Лотарев В.К. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту
методикасы. А., Мектеп. 1981
3.
Қожахметова Қ. Мәнерлеп оқу. А., Мектеп. 1982
Мазмұны:
Мектеп жасына дейінгі балаларға оқып
беретін шығармалар, негізінен үш салаға бөлінеді: а)
ауыз әдебиеті нұсқалары, классик жазушылардың
шығармалары, қазіргі
кезеңдегі жазушылар шығармалары.
Балабақшаларда әдеби
шығармаларды оқу мен сабақты жоспарлауда мына жағдайлар
мұқият ескеріледі:
Біріншіден, әрбір шығарманы оқып
берерде баланың жас ерекшелігі ескерілуі шарт. Шығарманың
лайықтысын ғана алу керек.
Мысалы: сәбилер (3-4 жасар балалар) алғаш рет балабақшаға
келді делік. Оларды көпшілігі әлі дұрыс сөйлей алмайды,
балабақшада болатын жайттармен әлі таныс емес. Сондықтан
алғашқы үш-төрт айда тәрбие жұмысының
бәрі, оның ішінде әдеби шығарманы оқып,
тыңдату, көбіне ойын түрінде өтіледі. Ол үшін
ойынға негіз боларлық,
суретті шығармалар керек.
Екіншіден ана тіліне арналған жоспар 14-15
күнге лайықтанады. Жоспарда қандай шығарма оқылуы
керек, оған байланысты бақылау жұмысы, суреттер, ойындар
нақты көрсетіледі. Әрбір ойынның мақсаты
мақсаты белгіленеді.
Үшіншіден оқылатын шығарма
тәрбие жұмысының әр саласын қамтитын болсын.
Мысалы: жануарлар, жыл мезгілдері, еңбек, мерекелер туралы
тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке
баулитын шығармалар.
Төртіншіден сәбилер тобында ( 3-4) жас
тәрбиеші шығарманы мәнерлеп жатқа айтып беруі керек.
Бұл тұста тәрбиеші балаларды түгел бақылап
отыратын болады. Тәрбиешінің шығарманы жатқа айтып
беруі балаларға қызықты болады, оларды жалықтырмайды.
Бесіншіден Көркем шығарманы оқығанда
шығарманың мазмұнына лайықты суреттерді
пайдаланған жөн. Өйткені бұл жастағы балалар
өз бетімен оқи алмайды. Ал шығарманың мазмұнын
сурет арқылы жылдам түсінеді.
Сабақ барысында қысқа
әңгіме, ертегі мазмұнын бір балаға, көлемді
шығармалардың мазмұнын бірнеше балаға
айтқызуға болады. Егер әр алуан жастағы балалар аралас
болса, алдымен ересек, естияр балалар әңгімелеп айтады,
сәбилер тыңдап отырады.
Әдеби шығарманы оқып,
тыңдату (ересек топта), әңгімелеп беру,
әңгімелету, жаттату сияқты сабақ түрлері
экскурсия, бақылау, санау, музыка, бейнелеу өнері сабақтарымен
байланыстырыла жүргізіледі. Мысалы сәбилер тобында «Қияр мен капуста» деген шағын
ертегіні қыркүйек айында оқыған дұрыс деп
есептеймін. Өйткені бұл ай – кейбір дақылдар мен
жеміс–көкөністерді жинау маусымы. Бұл жөнінде балада
мағлұмат бар. Сондықтан тәрбиеші аталған
шығарманы әңгімелеп береді де, қандай
көкөністі, жемістерді білетінін сұрайды. Ертегіде қандай көкөністер туралы айтылған?
Қиярдың қабығы неліктен жұқарды? Қияр
мен капуста қандай еді? деген сұрақтардың
көмегімен әңгіме мазмұнын түсіндіруге болады.
Егер балалар жазғы табиғат
тамашаларын: жемістерді, бау-бақшаны бақыласа,
Н.Әлімқұловтың «Жаздыгүні» деп аталатын өлеңін оқып
беруге болады.
Балабақшадағы оқу-тәрбие
жұмыстарына арнайы талдау жасаған зерттеуші Б.Баймұратова
«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі»
еңбегінде кейбір балабақшада бағдарламаға сай
сабақтардың өтілмейтіндігін, кейбір
тәрбиешілердің бір ай бойына кез-келген әдеби шығарманы
үстірт оқумен, тіпті күнде кино көрсетумен
шектелетінін, әрине мұндайда баланың тілі жетілмейтіні,
өміртанымы, жалпы білімі бағдарлама белгілеген мөлшерден
әлдеқайда төмен болатынын айтып өткен.
Ендеше баланы мектепке даярлау мәселесінде
әдеби шығармалармен таныстыру ерекше орынға ие екенін ескеру
қажет-ақ.
Мектеп жасына дейінгі мекемелерде балаларды
өздігінен оқи алмайтыны анық. Сондықтан текст
оқуға , әңгемелеп айтуға үйрету,
көркем сөздермен таныстыру жұмысы бағдарлама талабына
сай тақырыптық принциптерге негізделеді. Ол принциптер –
айналадағы дүниемен, қоғам өмірімен,
табиғатпен таныстыру, дүние танымын, ой-өрісін жетілдіру,
зейінін, қабылдауын бағдарлай білу, қабілеттерін дамыту болып
табылады.
Шығарма оқу, тіл дамыту
жұмысында сәбилер (2-3 жасар) тобында тыңдау қабілетін
дамыту, шағын өлеңді жатқа айтуға, ауызша
әңгімелеп берген ертегі, әңгімені талдауға,
суретке, қойылған сұраққа сүйене отырып,
әңгімелеп беруге үйрету көзделеді. Ал естияр мен
ересектер (4-6 жасар) шығарманы тыңдай отырып, оның
(әңгіме, ертегі) мазмұнын жүйелі әңгімелей
білуге, кейіпкерлердің іс-әрекетін түсініп, өзінше
талдап, ойын қорытындылай білуге, кейбір үзінділерді жатқа
айтуға, мазмұнға сай әңгіме
құруға, бейнелі сөздерді дәл тауып айтуға,
өздігінен салыстыра сипаттай білуге үйренуге тиісті.
Сәбилер тобында айына үш рет
көркем шығармалар оқу және әңгімелеп беру,
әңгімелету жұмысы, ал
айына бір рет жаттату жұмысы жоспарланады. Топтарда ұсынылған
шығармалар ойын, драмалау түрінде өтіледі. Әсіресе ауыз әдебиеті
нұсқаларынан «Санамақ», «Торғай», «Лақта мен
қасқыр», «Қаз-қаз бас» сияқты шығармаларды
тәрбиешібалаларды ойната отырып оқып береді. Көркем әдебиет
шығармалары балалар алдына адамға тән сезімдер дүниесін
ашып, жеке адамға, кейіпкердің жан дүниесіне
қызығушылық тудырады.
Көркем шығарма кейіпкерлерімен бірге
қуану-қайғыруды үйрене отырып, балалар өзінің
төңірегіндегілердің, жақын адамдарының
көңіл күйін байқай бастайды. Оларды адамгершілік
сезім қайрымдылық
қасиет, әділетсіздікке қарсы тұру қабілеті ояна
бастайды. Бұл –принципшілдік, адалдық, нағыз азаматтық
қасиеттердің қалыптасу негізі. «Сезім – білімге жол ашушы,
шындықты сезбеген адам оны түсінбейді және оны тани білмейді
де», - деген болатын В.Г. Беленский.
Баланың сезімі тәрбиеші
таныстырған шығарманың тілін түсініп, оны
ұғу процесінде дамиды. Көркем шығарма сөзі
балаға ана тілінің әдемілігін түсінуге
көмектеседі.
Баланың көркем әдебиетпен
таныстығы халық творчествосының ең кішкене
түрлері – тақпақ, өлең, халық ертегілерінен
басталады. Асқан адамгершілік, барынша дәл рухани бағыттылық,
өткір мысқыл, тілінің көркемдігі шағын
көлемдегі фольклорлық шығармалардың ерекшеліктері.
Бұдан кейін сәбиге авторы бар ертегілер, өлеңдер,
әңгімелер оқылады.
Балаларды сөйлеу тіліне үйретуде
ең үздік тәрбиеші – халық. Халық шығарма
тіліндегі басқа шығармалардың ешқайсысында
кездеспейтін, естілуі жөнінен бір-біріне ұқсас, ажырататын
айтуға қиын сөздердің тамаша орналастырылуының
өзі балалар ұғымына өте
жеңіл тиеді. Сондай ақ жеңіл қалжыңды
тақпақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар –
педагогикаалық әсер берудің ең тиімді
құралы, жалқаулық, қорқақтық,
эгоистік сияқты жағымсыз қылықтарға қарсы
жақсы дәру.
Ертегілер дүниесіне сапар шегу
балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздері ойдан шығару
қабілетін дамытады. Әдебиеттің, ең озық үлгілерінен адамгершілік рухында
тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілер
мен әңгімелерді де өздерін әділетті көрсетіп
әлсіздер мен жәбірленгендерді қорғап, жауыздарды
жазалауға тырысады.
Эстетикалық, әсіресе адамгершілік
(этикалық) жанындағы
түсінікті балалар тәрбиешілердің оқылған
шығармалар бойынша айтқан ақыл-ой пікірлерінеен емес,
нақ осы көркем шығарманың өзінен алуға
тиіс. Педагог оқылған шығармалардан орынды – орынсыз
моральдандыра беру үлкен, көбіне түзетуге келмейтін зиян
келтіретінін есіне сақтауы тиіс. Көптеген сұрақтар
қоюмен «бөлшектеніп» кеткен шығарма балалардың
көз алдында барлық әсемдігін жояды, оған ынта кемиді.
Көркем текстің тәрбиелік мәніне толық сеніммен
қарау керек.
Сөздің әрменділігі туралы К.Д.
Ушинский былай деп жазған болатын: «Бала ана тілін үйрене отырып,
шартты дыбыстарды ғана үйреніп отырып, шартты дыбыстарды ғана
үйреніп қоймайды, сонымен қатар ана тілінің
қайнар бұлағынан рухани тіршілікпен күш алады. Ана тілі
оған табиғатты түсіндіреді, ал мұндай дәрежеде
бірде-бір жаратылыс зерттеуші түсіндіре алмас еді; ана тілі баланың
төңірегіндегі адамдардың мінез-құлқымен,
өзге өмір сүріп отырған қоғаммен,
оның тарихымен және алға ұмтылыстарымен таныстырады, ал
мұндай дәрежеде бірде-бір тарихшы таныстыра алмаған болар
еді, ана тілі оны халықтың сенімдері мен халық позициясына
жетелейді, ал мұндай дәрежеде бірде-бір эстетика істей алмас еді
ақырында, ол бірде-бір философ балаға айтып жеткізе алмайтын
логикалық түсініктер мен философиялық
көзқарастарды бере алады». Ұлы педагогтың, бұл
айтқан сөзінде ана тілін үйренуден шығатын нәтиже
ғана емес, оны оқып үйренудің әдістері де
көрсетілген бұл «көп нәрсеге үйретіп қана
қоймай, сонымен бірге, соны аса жеңіл әлде қандай
әдіс арқылы оп-оңай үйрететін» «тіл ұстазға
деген сенім».
Сонымен, берілген көркем
шығарманың тілін меңгеруге көмектесе отырып,
тәрбиеші балаларға тәрбие беру міндетін де орындайды.
«Балалар бақшасындағы тәрбие
программасы» балаларды көркем шығармалармен таныстыруда арнайы
сабақтар жүргізумен де, сабақтан тыс уақыттарда да
(ойнап жүргенде, сахналық ойын көрсету уақытысында,
кітаптар бұрышында т.с.с.) жүргізуді ұсынады. Арнайы
сабақтарды тәрбиеші балаларға оқып немесе
әңгімелеп бере алады. Оған кітаптан оқып беруге де,
жатқа айтуға да болады.
Мұндай сабақтар өткізудегі
міндеттердің бірі – балаларды дауыстап оқушыдан немесе
әңгіме айтушыны тыңдай білуге үйрету. Басқаның
сөзін тыңдап үйренгенде ғана балаларда оның
мазмұны мен формасын есте сақтау қабілеті жетіледі,
әдеби тілдің нормаларын үйренеді.
Өте кішкентайлар мен кішірек жастағы
балаларға тәрбиеші негізінен жатқа (тақпақтарды,
қысқа өлеңдерді, әңгімелерді, ертегілерді)
айтады, ал орта және прозалық ертегі, әңгіме,
повестерді кітаптан оқып береді.
Тек прозалыық шығармалар – ертегі,
әңгіме, повестер ғана әңгімеленеді.
Балаларға арналған көркем
шығармаларды жаттап алу, оны мәнерлеп оқи білу –
тәрбиешінің сол мамандықты жетік меңгергендігінің
басты белгісі.
Бақылау
сұрақтары:
1. Көркем шығарма дегеніміз не?
2. Көркем шығарманың
қандай түрлері бар
3. Көркем әдебиетпен жұмыс
жүргізу әдістемесінің өзіндік ерекшелігі.
Лекция №34
Пәні:
Тіл дамыту әдістемесі
және мәнерлеп оқу практикумы.
Лекция
сабақтың тақырыбы: Кітаппен
жұмыс істеу.
Сабақты
өтудің түрі: Пікірталас.
Жоспар:
1. Кітап қалай жасалады?
2. Кітап -рухани қазынамыз.
3. Кітапты күту ережесі
1. Кітап мұңы.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Мектепке даярлау жасына дейінгі
балалар тілін дамыту
методикасы» Алматы 2001 ж.
2. Федоренко
Л.П., Фомичева Г.А., Лотарев В.К. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту
методикасы. А., Мектеп. 1981
3.
Қожахметова Қ. Мәнерлеп оқу. А., Мектеп. 1982
Мазмұны:
Кітап
та алма ағашы,
Жемісін
біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның
әр бетің, -
деп Мұзафар аталарың
жырлағаңдай, әдеби кітаптар мен оқулықтар
сендерге білім көзі, рухани қазына. Кітапты оқи
отырып адамның ішкі рухани жан дүниесі артады. Айналадағы
өмірмен, табиғатпен, адамның еңбегімен, құрбы-құрдастарымен танысып, жақсы болуға, жақсылық іс
істеуге құштар-ландыратын осы құрал - кітап.
Кітап білімімізді молайтады,
кітаптан көп үлгі өнеге, тәрбиесінен әсер аламыз.
Оқыған, тоқығаның көп болса,
жеңбейтін жау, алынбайтын қамал
жоқ. "Білекті бірді жығар, білімді мыңды
жығар" деген халық даналығы
бекер айтылмаған. Ендеше кітап біздің рухани
қазынамыз.
II. Кітап -
адамның досы. Кітапты жасау үшін
адам көп еңбек етеді. Алдымен орманнан
ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағашты
қағаз қылып шығарады.
Содан кейін оған авторлар жазады,
сурет салады. Баспахана жазулар мен суреттерді
басып, кітап етіп шығарады.
Кітап жасқа да, кәріге де қажет. Кітап біздің дүниетанымымызды кеңейтіп, рухани жан дүниемізді оятып, ертегі әңгімелермен сыр шертіскен, сенің ақылшың.
Алғашқы кітап басып шығару ісі қолмен атқарылған. Адамдар кітап басатын, әріп теретін машиналарды ойлап тапты, қазіргі кезде кітап басу ісі механикаландырылған.
Елімізде кітап шығаруға, оны безендіруге көп көңіл бөлінеді. Оған көптеген қаржы жұмсалады.
Оқулықты бүктеп, жыртуға, бүлдіруге болмайды. Өйткені әр кітап - Отан байлығы, апа-ағайларымыздың маңдай тері.
Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті, өнерлі болуы керек. Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымыз, өнерімізді білу үшін, кітапты көп оқу керек. Кітап - қағаз ағаштан жасалады. Ағаш - табиғат байлығы. Кітап жасау үшін көптеген мамандық иелері тынымсыз еңбек етеді.
III. Кітап - рухани байлығымыз.
Кітап - адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Ол - адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі, халқымыз кітапты аса құрмет-тейді. Сондықтан да "Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ", "Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы" дейді.
Оқулықты
мектебің,
Берер
саған теп-тегін.
Білмейсің-ау
сен бірақ,
Қаншама
еңбек кеткенін.
Оқулығың
құралың,
Жағар
білім шырағың.
Баса
алмайсың ешқашан,
Онсыз
алға бір адым
Оқулықты
құрметте,
Күтіп ұста
кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ
түсірмей бір бетке.
Кітап - адам өмірінде аса маңызды рөл
атқарады. Ол елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға,
мейрімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап - жаман әдеттен
аулақ болуға үндейді. Кітапты біздің
қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл-кеңес, тәлім-тәрбие,
үлгі-өнеге алады. Кітап - біздің рухани жан
азығымыз.
Адамның
досы - кітап, өмір кілті,
Тең
келмес оған жиған дүние мүлкі.
Ақылшы,
жанға серік жол бастаушы,
Асыл
ой, қазынасы, өмір көркі.
Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған
білім басы әліппеден.
Қарасақ
шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысақ
кітап сырын ашып неден.
Кітапты
оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жанып
қинамаған.
Өсірген
кімнің болсын ой-өрісін
Сол
кітап бек ақылшы күнде маған.
IV. Кітап ұстау ережесі:
1.
Кітап - адам өмірінің таусылмас қазынасы, дүниенің айнасы,
ғылым-білімнің көзі, өнер
мен тәрбие құралы, өмір
күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы
екенін түсіну керек.
2.
Кітапты
күнделікті үзбей оқып, дағдыға айналдыру керек. Ол үшін күнде кітап оқуға 3-4 сағат бөлуді
жоспарла.
3. Кітапты
қалай-болса солай оқымай, оларды белгілі мақсатпен жоспар
бойынша оқуға дағдылан.
4. Кітапты төсекте жатып, ас
ішіп отырып оқыма, кітапты
үлкен ой еңбегімен оқу керек.
5. Кітапты оқығанда ойға
сақтауға, керектерін
жатқа айта білуге керекті сөздерді жазып алып, өмірде пайдалануға әдетттен.
6. Кітапты көп оқысаң,
сөз байлығың молайып, сөйлемдерің мәнді де
өткір, ойлау қабілетін терең болады.
7. Кітаптағы түсініксіз жерлерді
қайта-қайта бірнеше рет
ойланып, талдау жасап оқып, оның қиындығын
жеңетін бол.
8. Кітаппен қоса Республикалық балаларға арналған басылымдарға:
"Ерке" журналы, "Ұлан" газеті,
"Балдырған" т.б. журналдарына жазылып, біліміңді
көтер.
9. Кітап -
адал пейіл, асыл дос. Кітап -шебер ұстаз, тілсіз
мұғалім.
Кітап - мұхит, сол мұхиттан не терең? Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!
Кітапты оқи
отырып, адамның ішкі рухани жан дүниесі артады. Айнала-дағы
өмірмен, табиғатпен, адамның еңбегімен, құрбы құрдастарымен
таны-сып, жақсы болуға, жақсылық іс істеуге
құштарландыратын осы құрал - кітап.
Кітап - қарым-қатынастың, еңбектің,
күрестің құдіретті құралы. Кітап - білім
бұлағы деп бекер айтылмаған екен.
Бақылау сұрақтары:
1. Кітапппен
жқмыс жүргізу әдістемесі.
2. Кітаппен
қандай жұмыстар жүргізіледі?
3. Кітап
туралы нақыл сөздер жанақта.
Лекция №38.
Пәні: «Тіл дамыту және мәнерлеп оқу
практикумы»
Тақырыбы: Сабақтан тыс уақытта кітаппен
жұмыс істеу.
Сабақты өтудің түрі: Ақпараттық.
Жоспар:
1.Балабақша балаларымен
сабақта тыс уақытты ұйымдастыру.
2.Сыныптан тыс жұмыстың қазақ тілі пәні
бойынша негізгі әдістері мен түрлері.
3. Кітаппен жұмыс істеу.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Қожахметова Қ. Мәнерлеп оқу. А., Мектеп. 1982
2. Федоренко Л.П., Фомичева Г.А., Лотарев В.К. Мектеп жасына дейінгі
балалар тілін дамыту методикасы. А., Мектеп. 1981
3. Асқарбаева А. Кластан тыс
оқыту методикасы. Бастауыш
сынып
мұғалімдеріне
арналған Алматы - 1992
4. Әуелбаев
Ш. Бастауыш сыныптарда
қазақ тілін оқыту әдістемесі.
Алматы-
1997
5. Әімжананов
Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы.
Алматы -1965
Мазмұны:
Cыныптан тыс оқуды
белсенді ұйымдастырушы және оны басқарушы да
мұғалім болуға тиіс. Сондықтан мұғалім
өз оқушыларынын кітапқа деген ынтасын үнемі арттырумен
бірге, олардын. қандай кітап оқуға тиіс екендіктеріне де
бағыт беріп отырады. Балалар бастауыш класты бітіргенде, совет
ақын-жазушыларының бел-гілі шығармаларымен таныс болулары
қажет екенін де үнемі ескертіп отырады.
Қластан тыс
оқу жұмысын балалар мектепке келген кезден бастаған
жөн. Өйткені сауат ашу кезінде оқушылардьщ ақыл-ойын,
тілін дамыту жұмыстары балаларға түрлі- түсті суретті
кітапшаларды көрсету арқылы дауыстап, мәнерлеп оқи
отырып жүргізіледі.
Екінші кластан
бастгп мұғалім балаларға мектеп кітапханасынан алған
кігаптарды бере бастайды. Олар-ға кітапты дүрыс үстап,
күте білудің ережелерін
үйре-теді: кітапты газетпен не қағазбен тыстап
қою, оқыған кезде кітап беттерін бүктемеу, кітап
беттерін су немесе кір қолмен ұстап парақтамау т. б.
Мұғалім бұл ереже-лерді анық етіп жазып, класқа
іліп қояды.
Кластан тыс
оқу оқушылардың кітапты өздіктерінен оқи алу
дағдыларын арттырумен бірге, «Ана тілі»
оқу-лықтарындағы шығармалардың мазмұны мен
көркемдік ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі. Балалар
оқыған шығармаларындағы негізгі ойды аңғара
білуге, сол оқи-ғаға өзінің қалай
қарайтынып айтып, кейіпкерлердің әрекетіне баға бере
білуге талаптануы қажет.
Кластағы оқу
сабақтарында оқушылар көркем тіл-мен жазылған
шығармалардан басқа тарих, табиғатта-ну т. б.
пәндерінен мағлұмат беретін материалдармен та-нысады.
Осындай, класта алған ұғым кластан тыс оқу кезінде
нығая, жетіле түседі.
Кластан тыс
оқу сабақтарында мүғалім балалардың қандай
кітаптарды оқығандарын біліп отырумен қатар, алдағы
уақытта не туралы оқығылары келетінін де есепке алуы
қажет.
Бастауыш мектептердегі кластан тыс
оқудың мазмұ-ны мен үйымдастыру жолы жөнінде
жаңа программа-ның жобасында былай делінген: «Кластан тыс
оқудың мақсаты: баланың кластан тыс оқуы арқылы
барлық пәннен алған білімін тереңдете түсу,
кітаптан өзіне қа-жетті материалды, кітапханадан керекті кітапты
іздеп тауып алуға көмектесу ; өз бетімен жүмыс істеу
дағды-сын нығайта түсу; оқуға, білуге ынтасын,
қүштарлығын арттыра түсу; баланың
эстетикалық және дүние тану қүмарлығын
арттыру.
Кластан тыс жүргізілетін
оқуды үйымдастырудың ең негізгі принципі — оның
класта жүргізілетін оқумен ты-ғыз байланыста болуы.
Оқушының кластан тыс оқитын кітаптары класта өтілетін
сабақтардың жалғасы түрінде үсынылады. Оны
мүғалім күнделікті оқу, табиғат тану, сурет,
ән, еңбек т. б. сабақтарында және оқу бойынша
жүргізілетін қорытынды сабақтарда сүрап, класта
оқы-ғандарына байланыстырып отырады ... ».
Сөйтіп, класта оқу
сабағы жақсы үйымдастырылса, онда көп мәселелер
жөнінде әңгімеленсе, балаларды мү-ғалім осы
мәселелер жайында тағы да біле түсуге қы-зықтыра
алса, кластан тыс оқу сабағы да нәтижелі өтеді.
Оқушыларға қандай кітаптарды оқу керектігі,
олардың тізімі беріледі. Мысалы, класта М. Әлімбаевтың
«Ұқып-ты бала» және «Үқыпсыз бала»
өлеңдері оқылды делік,
оның
жалғасы ретінде «Ұқыпты оқушы» өлеңін
оқытуға болады. Немесе «Совет Армиясы» бөліміндегі Т.
Бигел-диновтың «Қаһарлы күндерде» әңгімесін
оқығаннан кей-ін, сөз жоқ, оқушылар Совет
Одағының Батыры атағын екі рет алған, ұшқыш
Т. Бигелдиновтың балалық шағы жөнінде білгілері келеді.
Ол үшін мүғалім С. Бақбер-геновтың «Талғат»
атты кітабынан үзінді беруіне болады.
Балабақшада балалар жазушының бір шығармасынан үзінді оқыса, сол шығарманы толықтыра оқу кластан тыс оқуда іске асырылады. Кейде белгілі ақын-жазушы-лармен балаларды толығырақ таныстыра түсу мақса-тында оның класта оқылғаннан басқа шығармаларымен кластан тыс таныстыруға болады. Мысалы, Ы. Алтынсаринның «Әдептілік» әңгімесін оқығаннан кейін, оның «Баланың айласы», «Аурудан аяған күштірек», «Өтірік-тің залалы» т. б. әңгімелері кластан тыс оқуға беріледі. Қейбір жекелеген шығармаларды кластан тыс оқу сабағында да талдауға болады. Онда талданатын шы-ғармалардың тәрбиелік жағы күшті болуы қажет.
Оқушылардың кітап оқуға қаншалықты ынталы жә-не бейім екендіктерін білу үшін мүғалім олардың әрқай-сысымен оқыған кітаптары жөнінде жеке әңгімелеседі; салған суреттерін, жазып алғандарын қарап, — бүкіл деректермен жеке танысады. Кейде кітапханадағы кар-точкасын қарап көруге де болады. Осындай ыждағатты тексерудің нәтижесінде, балалардың қайсысы қандай тақырыпты жақсы көретіндері байқалады. Кейбір бала ертегілерді, кейбіреулері ерлік жайлы шығармаларды, ал бірсыпырасы қиял-ғажайып ертегілерін т. б. үнатады. Осыдан кейін мүғалім балаларды бір жақтылықтан сақтандыру мақсатымен, оларды басқа тақырыптарға қызықтыру жолдарын іздестіреді.
Балаларға кластан тыс
оқуға арналған тартымды кітаптарды іріктеп немесе
жаңадан шығып жатқан шы-ғармалардың ішінен
іріктеп үсынады, әдемі суреттермен безендірілген кітап жаймаларын,
түрлі әдеби ойындар үйымдастырады т. б.
Кластан тыс оқылуға тиісті
кітаптардың тізімі бір тоқсанға арналып әр
тоқсан сайын үсынылып отырады. Балалардың оқуға
ынтасын арттыру мақсатымен мұға-лім ұсынып отырған
кітаптарының ішінен кейбір оқи-ғаларды
бастап айтып, «одан әрі не болатынын осы кі-тапты оқып
білесіңдер» деп аяқтайды. Кейде кітаптың сыртындағы
немесе ішіндегі кейбір әдемі суреттердікөрсету
арқылы да қызықтыруға болады. Ал енді бір
жағдайларда шығарманың, кітаптың атын, авторын
ға-на айтып, оның осылайша неге аталғанын білуді
тапсы-руға болады.
Бастауыш класс оқушыларын
оқуға қызықтыру үшін V—VI
класс оқушыларының да көмегі
зор. Өздерінің кішкене бауырларына бұрын оқыған
кітаптары, әңгіме, ертегілері жөнінде, өздеріне
ұнайтын жазушылар жө-нінде әңгімелеп айтып берсе, олар
сол кітапты өздері де тауып оқиды.
Оқу жылы
аяғында балаларға жазғы демалыс кезін-де оқитын
кітаптарының тізімі беріледі де, оқу жылының басында сол
көрсетілген кітаптардың қайсысын
оқыған-оқымағандарын тексереді. Олардың
оқыған кітаптары туралы жазғандарын, әсерлерін,
пікірлерін, кейбір үзін-ділерді, кейіпкерлердің аттарын, суреттерін
т. б. қарай-ды, оқытады.
Міне, осындай жұмыстардан кейін
қосымша оқуға тиісті қітаптардың тізімі беріледі.
Мектептерде ана тілі сабақтарының өтілу жайы мен кластан тыс
оқудың маз-мұнына сай, бастауыш класс оқушыларымен
мынадай жұхмыстар орындауға болады:
1) Көркем
шығармаларды (бір шығарманы
немесе тақырыбына қарай топталған бірнеше шығарманы),
ер-тегілерді, мақалаларды талдау.
2) Күнделікті
баспасөздегі («Балдырған», «Ақ жел-кен», «Зерде» журналдары
мен «Ұлан» газеті) мақала-ларды оқу.
3) Кітаппен
жүмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Көркем
шығармаларды талдау үшін сюжетті әңгімелер қолайлы.
Оқушылардың
өз беттерімен оқитын шығармалары-на сүрау берудің
қажеті жоқ, олар өз беттерінше қоры-тынды
шығарғандары жөн, яғни әркімнің өз оқығанда-ры
жөнінде өз кезқарастары болғаны дұрыс. Кейде
оқы-ғандары жөнінде жолдастарынан сүрау, пікір алысу т.
с. с. тыйым салынбайды.
Кластан тыс
оқу сабақтарында кернекі қүралдар
қолданудың да пайдасы мол. Мұнда да шығармада кез-десетін
қиын сөздер түсіндіріліп отырғаны жен.
Кластан тыс
оқуда бір жазушының шығармасын тал-дауда сол жазушының
емірі мен қызметінен толығырақ мағлүмат беруге
болады. Мүндай сабақ шамамен былай үйымдастырылады:
а)
мұғалім немесе балалардың бірі жазушы жөнінде
қысқаша әңгімелеп береді;
ә)
жазушының балаларға таныс кітабы я шығарма-сынан үзінді
оқылады, кейде бір шығармасынан әдеби монтаж, ойын
ұйымдастыруға да болады.
Бірінші
сабақта сол жазушының өмірбаяны туралы айтылып, оның
балалар оқыған шығармасы жайлы қыс-қаша
әңгімеленеді де, басқа бір шығармасы тағы
оқуға тапсырылады.
Екінші
сабақта оқуға берілген шығарма талқылана-ды, ал
үшіншгсабақта қорытындыланады.
Жоғарыда
бастауыш кластарда балалар ертегі оқу-ға өте
қүмар келеді дедік. II—III кластарда көбіне жа-нуарлар туралы ертегілерді
жақсы көреді. Мүндай са-бақтарға көрнекі
қүралдарды балалардың өздеріне жа-сатуға болады.
Бірқатар ертегілер жөнінде шыққан су-реттер де бар
(«Түлкі мен бөдене» т. б.), ал көптеген ер-тегілер бойынша
диафильмдер жасалды.
II—III
кластарда оқу үшін үсынылатын
материал-дарды мұғалім өзі іріктейді, ал IV класта балалар езде-рі іріктеп алады.
Оқушыларды
газетпен таныстыру сабағын мына си-яқты жүйемен
жүргізуге болады:
а) балаларды өздерінің «Үлан» газетіне
қызы-ғатындай етіп, газеттегі басылған
мақалалардан үзінді келтіре отырып (балалардың мектептегі,
үйдегі іс-әре-кеттері мен еңбектері, пионерлердің өз мектебіне, сов-хозына,
қаласына, ата-анасына қандай көмек көрсеткен-дері т.
б.), әңгіме үйымдастыру (балалар газетті оқи ма,
ондағы мақалаларды түсіне ме, қандай мақалалар үнай-ды
т. б.).
ә} газетті
кімдер шығаратынын, қай жерде, қай күн-дері
шығатынын, қай кезден бастап шыға бастағанын айту.
б)
«Үлан» атты газетінің кезекті номерінің
қүры-лысымен (макетімен)
және мазмүнымен таныстыру. Мүндай сабақтарда
қажет жерлері болса, географиялық карта, кітап жаймасы т. б.
болғаны жөн.
«Балдырған»
журналымен таныстыру сабағында журналдың кітаптан
айырмашылығы (ай сайын шығып тұратыны,
тақырыптарының алуан түрлілігі) айтылады.
Балаларды ез
беттерімен кітап оқуға үйреткен кезде мұғалім
оларға кітаптың маңызы, оқу мәдениеті, оқу
ережелері т. б. жөнінде үнемі ескертіп отыруы қажет.Кластан тыс
оқуды есепке алып, тексеріп отыру жө-нінде жоғарыда да
айтқанбыз. Оған қосымша, оқыған кітаптары
жөнінде оқушыларға күнделік жаздырып
үйретудің де орасан зор тәрбиелік мәні бар екенін еске
сала кетудің артықтығы болмаса керек. Бұл — балалар-ды
ойларын жинақы, өз сөздерімен жаза білуге
дағды-ландырады, жазу қабілетін жетілдіреді. Күнделікке
кі-таптың аты, авторы, шыққан жылы, оқығаны
қандай мақала екені және ол жөніндегі
өзінің пікірі жазылуға тиіс.
II—III
кластарда балалар оқыған
кітаптарының ав-торы мен атын, шыққан жылын жазып,
өздеріне үнаған кейбір оқиғаларға сурет
салып қояды, ал IV класта
осы-ларға қосымша, өз пікірін жазып отыруы керек.
Сұраулар мен
тапсырмалар
1. Кластан тыс оқудың маңызы
мен мақсаты жөнінде айтыңдар.
2. Кластан тыс оқуды үйымдастыру жөнінде не білесіңдер?
3. Кластағы оқу мен кластан тыс оқуды салыстырыңдар, олардың ұқсастық жақтары мен айырмашылықтарын айтыңдар.
4. Кластан тыс оқуды үйымдастыру барысында қандай методикалық ұсыныстарды ескерер едіңдер?
5. Жоғарыдағы айтылғандарға сүйене отырып, А. Асқарбаеваның кластан тыс оқуға арналған кітабын және балаларға арналған көркем шығармаларды пайдаланып, «Туған халқымыздың ерлігі» тақырыбына кластан тыс оқу сабағының конспектісін жазыңдар.
ОҚУ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІКТЕРІНЕН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫСЫ
Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқу сабақта-ры оқушылардың өздіктерінен орындайтын жүмыстары-мен үштастырылып отырады. Балаларды өздіктерінен жұмыс жасауға үйретуде негізінен екі түрлі мақсат көз-деледі: 1) кітаппен жүмыс жасауға дағдыландыру, 2) тапсырманы өз беттерімен орындауға үйрету, өз ең-бектерінің жемісін көріп, «рахат» сезіміне бөленуге жағ-дай жасау.
Өздігінен орындалатын жүмыстың негізгі мазмүны оқушылардың ой белсенділігін арттыру.
Мүғалім оқу кітабындағы материалды толық оқып шығып, оның қандай бөлігіке басшылық керек, ал қан-дай бөлігін балалардың өздіктерінен орындауларына беруге болатынын анықтайды. Өздіктерінен орындайтын тапсырманың түрлерін, оның сабақтағы орнын белгілейді, мақсатын түсіндіреді, орындау барысын тексереді.
Тапсырманы ауызша да беруге болады, бірақ егер жұмыс бірнеше этаптан тұратын болса, онда ол жұмыстың орындалу тәртібін көрсетіп, тақтаға жазады.
Балалардың өздігінен орындайтын жұмыстарынық түрлері:
1. Кітаптың мазмұнымен (кітаптың ең соңында берілген материалдардың тізімі) таныстыру: оқу кітабында қандай бөлімдер бар? Үй жануарлары туралы не оқы-ғандарыңды кітаптың мазмұнынан белгілеңдер.
2. Шығарманы балалардың іштерінен оқуы. Әдетте мұнда сұрақтар ойлап табады, белгілі бір оқиғаны суреттейтін үзіндіні табады, мәнерлеп оқуға дайындалады т. б.
3. Жоспар жасау жүмысы: текстерді бөлікке бөлуг қандай суреттер салуға болатынын ойластыру, тексті мүғалімнің қойған аттары бойынша бөлу т. б.
4. Тапсырманы өңдеу. Мақаланың жоспарын жазу, жаңа сөздерді жазу, шығарманың қорытындысын жазу т. б. с. с.
5. Оқушылардың үйден орындайтын жұмыстарына көңіл аудару. Үйге текстің мазмұнын қайта оқып шығуды бермей, творчестволық тапсырма беру керек. Мысалы «... туралы айтылған жерлерді табыңдар, текске қандай сұрақтар қоюға болатынын ойластырыңдар» т. б.
Оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарына көңіл бөлу — олардың белсенділігін көтереді.
Сұраулар мен тапсырмалар
1. Оқушыларға өздіктерінен жүмыс орындату қандай мақсат көз-дейді?
2. Балалардың өздігінен орындайтын жұмысының, түрлері қандай?
3. «Ана тілі» кітаптарының біріндегі бір тақырып
бойынша оқушыларға ездігінен орындауға қандай
жүмыстар беруге болатынын анықта.
Сабақтан тыс уақытта жан-жақты ойластырылып істелген
кластан тыс жұмыстардың оқушылардың білімін
толықтыруда, тілін дамытуда, пәндерге
қызығушылғын арттыруда, тәрбиелеу жұмыстарының
пәрменділігін
арттыруда атқаратын қызметі өте күшті.
Оқушылардың сабақтан кейінгі бос уақыттарын дұрыс шешу , ұйымдастыру мәселесінің
маңызы өте
зор.
Балалардың бос уақытын пайдалы мәнді
өткізуіне мұғалім, күшті әсер ете алады. Бұл әсер
сабақтан тыс уақытта сыныптан тыс жұмыстар
арқылы жүргізіледі. Кластан тыс жұмыстардың
зор тәрбиелік мәнін ғалымдар өз еңбектерінде
кең дәлелдеген.
Кластан тыс жұмыстар Ю.К. Бабанский мен
Победаносцевтің еңбектерінде үлкен мән берілген.
Олар бұлай деп ой тұжырымдайды:"Богатые воспитательные
возможности внеурочной работы заключаются в том, что здесь в большой мере,
чем на уроках, учитываются и удовлетворяются индивидуальные запросы, интересы, потребности
ученика и создаются предпосылки для интенсивного развития его
способностей ".
Сонымен бірге "соотношение между учебным временем школьников и их свободным
временем следует рассматривать не как противопоставление, а как воспитание двух
взаймодействующих, взаймодополняющих факторов, способствующих решению одной ,
общей задачи".
"Таким образом свободное время утверждает, закрепляет, развивает
то, что ученик получил в школе, на уроке в процессе учебы".
Демек, сыныптан тыс жұмыстар тәрбие ісімен
ғана шектелмейді. Балалардың бос уақыттарындағы іс
әрекеттерін ойластырып ұйымдастырған кластан
тыс жұмыстар олардың бойындағы танымдық күш және
қабілеттерін арттыруға, білімін кеңейтуге, білімге деген
ынтасын өсіруге зор ықпал етеді.
Бақылау
сұрақтары:
1. Сабақтан тыс уақытта
жүргізілетін сабақ қандай сабақ? Мысалмен
дәлелде.
2. Сабақта тыс уақытта
тәрбиешінің ролі? Мысал
келтір.
3. Кітаппен қандай жұмыстар
жүргізіледі? Мысал келтір.