Лекция  № 35.

Пәні: Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы.

Лекция сабақтың тақырыбы: Сауат ашу кезеңдері.

Лекция сабақты өтудің түрі: Ақпараттық.

Жоспар:

 1) Сауат ашу кеңі.

 2) Балалармен жүргізілетін жұмыс.

 3) Балаларды дұрыс жазуға үйрету.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Федоренко. А. П. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы.Алматы, мектеп. 1981

2. Қожахметова Қ. Мәнерлеп оқу. Алматы, мектеп. 1982

3. Баймұратова Б. Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Алматы, 1976

4. Майтанов Б. Сөз сыны. Алматы, Ғылым. 2002

 

Мазмұны:

Тіл оймен тікелей байланысты және адамдардың ғасырлар бойы қалыптасқан ой жұмыстарының көрінісі болатындықтан, оны өр алуан тарау-тармақтарын тез игеру де оңай емес. Сондықтан бала қазақ тілін балабақшадан, бастауыш мектептің есігін ашқаннан бастап, орта мектепті бітіргенше, кейбір жоғары оқу орындарының арнауыл факультеттеріндс 4-5 жыл бойы негізгі пәннің бірі ретінде оқиды. Әрине, әр басқыштан ана тілі оқудың мақсаты, білім колемі әр түрлі болатілны түсінікті.  

Тәрбиешінің балалармен жүргізетін жұмыстардың сапалы  болуына кемектесетін қүралдардың бірі- тәрбиешінің күнделігі. Күнделікті қалың (шақпақ жолды) дәптерден жасап, алфавит ретімен әр оқушыға екі беттен бөледі. Ол бөлінген беттен қазақ тілі сабағына орын белгілейді. Оған оқушының түрлі жазу жүмыстарында жиі ұшырайтын қателері, қате жазған сөздері, қандай емлелік ережені меңгере алмай, шала түсінетіні белгіленеді. Осыған байланысты жүргізілген қосымша жұмыстарда сонда жазылады, мұғалім күнделік беттеріне оқушылардың көбірек қате жіберген сөздерін теріп жазып алады. Соның нсгізінде түрлі дидактикалық материалдар, карточкалар, диктант тексттері, өзіндік жұмысқа материалдар дайындайды.

Дұрыс жазуға үйрету жұмысы оқуға үйрету жұмысымен қатар жүргізіледі. Оқушылар таныған, білген дыбыстарының әріпін жазуға үйреніп қана қоймайды, сол    әріптерден    сөз,    сөйлем    қарап    жазуга жаттығады.  Мұғалім жазуға үйрету кезінде  әр  бір  әріптің дыбыстық ерекшелігімен де таныстырады. Тақтаға жазылған әрбір әріп,  буын,  сөз,  сөйлем оқытылады да,  оны анықтап көріп,    әрі    іштерінен    оқып,    жазу   тапсырылады.    Кейбір оқушылар әріптеп көшіруде әдет етіп алады да, жазуда көп қате   жібереді.    Көбінесе   сөз   ішінен   әріп   тастап   кетеді. Сондықтан сөзді буын жігінен оқып отырып жазуға немесе жазған   сөзін   я   сөйлемін   оқушының   өзі   тексеруін   әдетке айналдыру керек. Мұғалім балалардың жазуын бақылағанда, олардың   жазу   түріне-каллиграфиясына   ғана   көңіл   бөліп қоймай,   жазып   отырған   сөздерін   я   сөйлемін   оқып   беруді талап етеді. Сол сияқты көшіріп жазып болған соң, бірнеше оқушылардың   жазғандарын   дәптерлерінен   оқытып,   кейбір қате жазылған сөздердің емлесін талдауға болады.

1-сыныпта грамматикамен емле тануға байланысты жүргізілетін жазудың басым көпшілігі-көшіріп жазу. Тақтада, таблицада жазылған сөйлемдерді көшіру, жазу үлгісінен, баспа әріппен берілген тексті көшіру т.б.

Оқулықта берілген жаттығулардың 70-80 пайызы жазбаша орындалады десек, әр тапсырманың өзіндік ерекшелігі, мақсаты бар. Оқушылар сол жаттығулардағы сөздермен сөйлемдерді талдай отырып жазуға машықтанғаны жөн. Себебі жазу мен емле ережелерін меңгерту бір-бірімен тығыз байланысты жүргізіледі. Белгілі тақырып бойынша емлелік ережелерді оқушылардың қаншалықты меңгергенін, түсінгенін әрі дұрыс жазуға жаттыққанын байқау үшін, класта орындалатын жаттығуларды түсіндіріліп жазуға тапсырылады. Мұндай жағдайда кластағы оқушылардың ерекшеліктері ескеріліп жаттығудың ауыр және жеңіл түрлері ұсынылады. Оқушылар жаттығуды орындағанда да әр сөздің жазылуын ережеге сәйкес  талдап  беруге ойланып, дайындалып отырады.

        Оқушыларды жатқа жазуға үйрету жұмысы да *әліппе* кезеңінен   басталады   да,   бірте-бірте   күрделене   жүргізіледі. Мысалы,    алдымен    жеке дыбыстар    мен    буындарды,    бір буынды   сөздерді,   екі-үш   сөздерден   құралған   сөйлемдерді жатқа жазуға болады.   1  сыныпта жатқа жазғызатын текстің көлемі   8-10   сөздерден   артпайды.  Оқушылар   сол   сөздерді мұғалімнің   нұсқауы   бойынша жазуға жаттығады.   Жатқа жазылған  сөйлемді   алдымен     мұғалім оқиды. Балалар іштерінен қайталайды. Кейде 2-3 оқушыға (топтап) дауыстап қайталатуға да болады. Содан кейін барып жазуға кіріседі. Мұғалім  оқушылардың бәрінің жазуды  бір  мезетте  бастап, белгілі уақытта аяқтауын қадағалап отырады. Мұғалім тексті оқығанда  ерсілі-қарсылы  жүрмей,   бір  орында  тұрып  оқуы керек. Сонда     мүғалімнің     дауысы     кластағы     барлық оқушыларға анық естіледі де, әрі оқушылардың қалай жазып жатқанын байқап тұруға болады.

Жатқа жазғызатын тексті сынып жұмысын жазатын дәптерлеріне жазады да, жазып болған соң қатесі сыныпта  тексеріледі. Жатқа жазатын текст үйден дайындалып әкелінсе, оны тақтаға жазып (үзіліс кезінде), бетін қағазбен жауып қояды. Оқушылар тексті жазып, өздері қатесін тексеріп болған соң, тақтадағы жазудың беті ашылады да, дәптердегі жазуларын тақтадағы жазумен салыстырып, қатесі болса, түзету ескертіледі. Егер жатқа жазуға жаттығу материалы алынса, онда тексті оқулықпен салыстырып, окушылардың өздеріне жіберген қателерін түзеткізеді.

Жатқа жазу оқушылардың грамматикалық ережелерді дұрыс     меңгергенін,     есту     қабілетінің,      жазуға     төселу машығының   қаншалықты   қалыптасқанын   байқатады.   Әрі диктанттың әр түрін жазуға дайындық болады.  1 сыныпта жиі жазылатын диктанттың түрлері: көру, сөздік, творчестволық, талдау,   түсіндірме,   ескертпе  диктанттары.   Диктанттың  бұл түрлерін жазуға арнайы сағат бөлінбейді.Мұғалім күнделікті сабақ   жоспарын   жасағанда,    жоғарыдағы   диктанттың   бір түріне    текстті    дайындап    келіп,    сабақтың    тиымды    бір кезеңінде (10-15 минут) жазғызуға болады. Бұл диктанттарды күнделік     жаттығу    жазатын     дәптерлеріне,     ал     бақылау диктантын  арнаулы дәптерге  жазады.   Ол дәптер  мұғалімде сақталады.   Бақылау   диктанты   әр   тоқсанда   2-3   рет   қана жүргізіледі де, әр диктантқа екі сабақ бөлінеді.  (Жазу және қатемен жұмыс.

Бақылау сұрақтары:

1.      Сауат ашу кезеңі қай кезден басталады?

2.      Сауат ашу кезінде тәрбиешінің атқаратын қызметі.

3.      Сауат ашу кезеңінде қандай жұмыстар жүргізіледі?

 

 

 

Лекция №36.

Тақырыбы: Мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамыту жұмысын жоспарлау және есепке алу.

Сабақты өтудің түрі: Ақпараттық.

Жоспар:

1. Балалар  бақшасында тілді дамыту жөніндегі жұмыстың мазмұны мен  ұйымдастырылуы.                     

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың кейбір мәселелері.

3. Балалар бақшасында тіл үйретудің әдістері мен тәсілдерінің   маңызы.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Баймұратова Б.Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. А.,1976

2. Федоренко Л.П., Фомичева Г.А., Лотарев В.К. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы. А., Мектеп. 1981

3. Жарықбаев Қ.Б. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту жайында. Қазақ мектебі. 1967., №2 83-84 бет.

                                                          

                                                       Мазмұны:       

Жеке адамның қалыптасуы көбіне педагогикалық ықпал етуге және оның қаншалықты ерте басталуына байланысты. Осыны ескере отырып, біздің елде балалар бақшалары (сәбилік және мектепке дейінгі топтармен) бастауыш, орта және жоғары мектептердің іргетасы, аса  маңызды буындарының бірі ретінде халық ағарту жүйесінде енгізілген.

            Балалар бақшасы балалардың жан-жақты дамуын – дене, ақыл-ой, адамгершілік және  эстетикалық  тәрбие  беру мәселелерін алдына мақсат етіп қояды, оны тілді үйрену процесі кезінде жүзеге асырады.

            Ясли мен балалар бақшасындағы мектепке дейінгі сәбилер мен балаларды тілге үйретудің мазмұны, жұмысты ұйымдастыру мен оқытудың негізгі әдістері «Балалар бақшасында тәрбие програмасында» анықталған.

Мектепке дейінгі жастағы және сәби баланың үйренген тілінің мазмұны сезім органы арқылы қабылданған, санасында көрініс берген қоршаған болмыс болып табылатындығы белгілі: оның өзі, денесінің бір бөлігі, жақын адамдар, өзі тұратын бөлмесі, ол тәрбиеленетін балалар бақшасының ішкі бөлмесі, ол тәрбиеленетін балалар бақшасының ішкі бөлмесі, аула, парк, жақын маңдағы көшелер, қала, адамдардың еңбек процестері, өлі және тірі табиғат. Мектепке дейінгі ересек балалардың сөзінің мазмұнына айналадағы адамдар, табиғат жөніндегі адамның парызын түсінумен байланысты этикалық ұғымдар, қоғамдық өмірдің құбылыстары, мерекелер кіре бастайды. Сондықтан «Балалар бақшасындағы тәрбие програмасы» тіл дамыту жұмысын балаларды айналадағылармен таныстыру жөніндегі жұмыспен, сондай-ақ көркем әдебиетпен біріктіреді және осы жұмыстың формасын анықтайды. «Бағдарламада» тілді оқытудың негізгі екі формасы аталған: біріншісі – тәрбиешімен, балалар бақшасының басқа қызметкерлерімен еркін сөйлесуі, бір-бірімен әңгімелесуі арқылы балалардың тілін дамыту жұмысы, екіншісі – тілді дамыту жөніндегі арнайы сабақтар.

Балалар бақшасында баланың еркін сөйлеуі: а) тұрмыста (таңертеңгі, кешкі жуыну, тамақ ішу т.б.), б) серуендеу кезінде, в) ойын процесі кезінде, г) айналамен танысқанда (қоғамдық өмірмен және жылдың барлық мезгілінде табиғатпен танысқанда), д) еңбек процесі кезінде (шаруашылық-тұрмыстық, қол еңбегі, табиғатта еңбек еткенде), е) мерекелер мен көңіл көтеру кездерінде, ж) мынандай арнайы сабақтар кезінде: математикалық, сурет салу, мүсіндеу, құрастыру, дене тәрбиесі, музыкалық сабақтарда қарапайым түсініктерді қалыптастыру кезінде болады.

Еркін сөйлесіп тіл үйренуге, қарым-қатынас пен таным, сондай-ақ өз мінез-құлқын басқара білу құралы ретінде тілді үйренуге баланы анағұрлым қабілетті ете түсу үшін үш жастан бастап тілді дамыту жөніндегі арнайы сабақтар енгізіледі. Сабақ үстінде бала өзінің сөйлеу қимылын тәрбиеші көрсеткен үлгімен, оның айтқан сөзімен (не істеу керек? және қалай істеу керек? ) салыстыруға үйреніп, оқу іс-әрекетін басқа балалармен бірігіп орындай білуді үйренеді: түсіндіруді, әңгімені, музыканы бәрі бірге тыңдауды, суреттерді, диафильмдерді бірге көруді, әңгімелесе білуді, дидактикалық ойындарға қатысуды, бірігіп ән салуды үйренеді; ол белгілі бір объектіге назар аударуға, өзін-өзі ұстай білуге, кезекпен сөйлеуге үйренеді. Сабақ үстінде балалар (болмыс құбылыстарындағы қарым-қатынастарды білдіретін жаңа сөздермен және граматикалық формалармен бірге) жаңа білім алады, оқу жұмысын сөзбен ескерту мәліметтеріне сәйкес орындауға, өз жұмысын бағалай білуге үйренеді. Сабақтарда балаларды тәртіпті болуға үйретеді. «Бағдарламада» балалардың әрбір жас кезеңінде арналған баланың тілін дамыту жөніндегі арнайы сабақтардың мазмұны: «Айналадағымен таныстыру және тілді дамыту», «Табиғатпен таныстыру және тілді дамыту», «Тілді дамыту», «Көркем әдебиет», «Ана тілі» деген рубрикалармен беріледі.

Айналадағымен және табиғатпен таныстыру сабақтарында балалар бақылаған заттар мен құбылыстар, олардың іс-әрекеті, белгілері, қарым-қатынасы «зерттеу» объектісін құрайды, ал тәрбиешінің, ата-ананың балалар көрген нәрсені атаған  сөздері олардың лексикасын байытудың бірден-бір көзі, олардың диалогтік және монологтік тілін дамытудың өзіндік күш берушісі болып табылады.

Көркем әдебиетпен таныстыру жөнінде сабақтарда баланың тілін байытудың негізгі көзі көркем шығарманың тексі болады (оны тәрбиеші балаларға оқып, немесе әңгімелеп береді), ал тәрбиешінің тексті түсіндірудегі сөйлеген сөзі оған қосымша болып табылады.

«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламада көрсетілген «Тілді дамыту» сияқты сабақтар балаларға өз сөзін «аңғаруға», оған объективті болып жатқан құбылыс ретінде қарауға және сөздің сапасын бағалауға бірте-бірте үйретуге көмектесу мақсатын көздейді.

«Ана тілі» деп аталатын және мектепке дайындалатын топта ғана жүргізілетін сабақтарда сауаттылықтың бастамасы беріледі.

            Мектеп жасына дейінгі балаларда тіл дамыту әдістері бірнеше бағытта жүреді: тілді іс-тәжірибеде қолдануы, психикалық процестерді қайта құруға септігін тигізетін ойлау құралы. Баланың сөз қоры мектеп жасына дейінгі кезеңде үш есе ұлғаяды. Баланың сөздік қоры: есімдердің, етістіктердің, зат есімдердің, сын және сан есімдердің әсерінене молаяды. Бірте-бірте ана-тілінің марфологиялық жүйесі құрмалас сөйлемдерді меңгере бастайды. Осының бәрін бойына сіңірген бала жаңа сөздерді оңай құрайды. Олардың мағынасынан өзгерте алады. Мектеп жасына дейінгі кезең баланың тілдік нормаларын, тілдік көріністерін аңғартуға бейімделген кезең. Бұл кезде бала сөздің мағыналық жағы мен дыбыстық жағына көп көңіл аударады. Бес жасында сөздердің қалай пайда болатынын түсіне бастайды да, түбірлес сөздерді іріктейді. Белгілі-бір сөздің құрамындағы түбірлес сөздерді іріктейді. Белгілі-бір сөздің құрамындағы дыбыстарды дұрыс атауы (табуы) баланың фонемалық есту қабілетін көрсетеді. Мектеп жасына дейінгі балада дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дыбыстар жайлы алғашқы түсінік болуы керек.

Балабақшадағы даярлық топқа арналған оқу жоспарына сәйкес барлық пән бойынша аптасына 20 сағат сабақ өтіледі. Оның 7 сағаты ана тіліне (сауат ашу мен жазуға, тіл дамытуға – 6 сағат, әдеби шығармалар оқуға – 1 сағат) беріледі. Сөйтіп бес күндік апта күніне 4 сағаттан сабақ өтіледі. Екі сабақтан соң 45 минут үзіліс беріледі де қалған 2 сабақ  үзілістен соң жалғастырылады. Сабақтың ұзақтығы – 35 минут, сабақ үстінде 2-3 минут дене сергіту жаттығуы өткізіліп, әр сабақтан соң 10 минут үзіліс жасалады.

Тіл дамыту сабақтарында сөздік қорды молайту, тіл дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету, тілдің грамматикалық (сөз түрлеендіру) жағын қалыптастыру, сондай-ақ байланыстырып сөйлеуге үйрету (лексика, фонетика, грамматика) мәселелері түгел қамтылады.

Сондықтан тәрбиеші-мұғалім сабақ жоспарын жасағанда сабақтың мақсатын, өтілетін материалдың сипатын ескере отырып, әрбір сабақта төмендегідей 3-4 міндетті көрсетуге тиісті.

1. Сөздің дыбыстық жағын мегерту, дыбыстарды дұрыс айтуға төселдіру.

2. Сөздік қорды молайту (сөз саны 4-5 – тен аспауы тиіс), үйренген сөздерді пайдаландыру.

3. Тілдің грамматикалық (сөздерді байланыстыру) жағын меңгерту (логикалық жаттығулар, өз бетімен жұмыстар көрсетіледі).

4. Байланыстырып  сөйлеуге үйрету. Даярлық топтардағы тіл дамыту сабақтарының негізгі мақсаты – балалардың байланыстырып сөйлеуін жетілдіру. Сабақтың басым көпшілігі осы мәселеге арнаулы керек.

Тоқсанның соңғы сабағында жоғарыда аталған міндеттердің бәрі ескеріледі. Бұл сабақта тоқсан бойында баланың алған білімін байқау, қайталау, қорыту мақсаты көзделеді  [2, 5-7 б].        

Тіл дамыту жұмыстарының айлық, жетілік жоспарын жасағанда, бұрын өтілген материалдарды қайталап отыру керек. Тәрбиешілер кейде, «Тақпақ жаттау», «Жұмбақ оқу» деп жоспар жасайды, бұл дұрыс емес. Тақпақ жаттату (оқып түсіндіру жеке өтіледі),  жұмбақ шешу, сюжетті шағын әңгіме, ертегі мазмұнына инцинеровка жасату басқа сабаққа қосымша ретінде, сол сабақтың мазмұнын толықтыру, балалардың ой-өрісін кеңейту, ойланып жауап беруге үйрету, тілін дамыту мақсатында өтіледі. Кейде мұндай сабақ түрлерін күннің екіншісі жартысында өткізуге болады.

Жаз маусымы – балаларды тынықтыру, сауықтыру мерзімі.

Сондықтан барлық топта күніне бір ғана сабақ өтіледі. Ол кезде бір жетіге мынандай сабақ түрін жоспарлауға болады.

1. Балаларға айналадағы өмірді таныту және көркем әдебиет шығармаларын оқу.                                                                                 - 1 сағат

2. Дене шынықтыру.                                                                 - 1 сағат

3. Музықа тыңдату.                                                                               - 1 сағат

4. Сурет салдыру.                                                                                  - 1 сағат

5. Жапсыру сабағы (лепка).                                                      - 1 сағат

6. Құрастыру.                                                                                        - 1 сағат

                                                                                                          Барлығы 6 сағат

Мектеп жасына дейінгі балалар тілінің дамуын зерттеген ғалымдардың пікірлерінше, олардың сөздік қоры мына түрде: екі жастағы балалардың сөздік  қоры – 500 сөзден астам, үш жастағылардың сөздік қоры шамамен – 1200, төрт жастағы балалардың сөздік қоры  шамамен – 1900, алты жеті жастағы балалардың сөздік қоры – 2560-3500 сөз мөлшерінде болады екен.

Балалар мекемеліндегі оқу-тәрбие  жұмыстарының міндеті осы заманғы талаптардан туындайды. Ол міндеттер баланы денсаулығы мен күтімін жақсарту; баланы жан-жақты тәрбиелеу, физологиялық, психологиялық жақтарын ұдайы жетілдіріп отыру, ақыл-ойын, дене түзілісін дамыту; адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке баулып, эстетикалаық талғамын жетілдіру; мектептегі оқу ісіне даярлау.

Бұл міндеттердің барлығы «»Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында» сай көрсетілген.

Бақшадағы балаларды мектепке даярлау оның бақшаға келуінен бастап жүйелі, жоспарлы жұргізілген оқу-тәрбие жұмыстары арқылы іске асады. Бұл жөнінде аталған бағдарламада: «Балаларды мектеп даярлау мақсатымен тілді барлық жағынан дамыту керек: сөздің ана-тілі нормаларына сәйкес айтылуын, бағдарламалық жағынан дұрыстығын, бейнелілігін, қамтамасыз ету керек. Фонетикалық естуін күшейту, сөзді есті талдауын онан әрі дамыту керек» - деп көрсетілген.

Осы мәселені бақшалардағы мән-жайын анықтау мақсатымен Алматы қаласындағы № 161, 264 балалар бақшаларымен селолық бақшалардағы естияр, ересек, дайындық топтарына бақылау жүргізілді. Бақылау кезінде оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарларымен танысып, талдау жасады. Тәрбиешілердің жоспарларына жасалған талдау барысында тіл дамыту сабақтарының бағдарлама талаптарына сай, меьодикалық, дидактикалық принциптерге үйлесімді жоспарланатыны, мысалы, 1990-96 оқу жылындағы тіл дамыту сабақтарында сөздік жүргізу, сөздік – дидактикалық ойындар ойнату, творчестволық әңгіме құрату т.б. жұмыстарын жолға қойылғаны байқалды.

Балалар бақшасында тіл үйретудің әдістері мен тәсілдерінің маңызы

Ана тілін үйренудің заңдылығы, жоғарыда айтып өткеніміздей, бірқатар қабілеттердің даму процесінде ішкі сезім арқылы (саналы емес) жүзгеге асырылады: 1) өзінің сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу қабілеті – сөздің дыбысын артикулдеу, интонация элементтерін, продемаларды модулдеу және оларды есту; 2) дыбыс комплекстері мен интонацияны тілден тыс шындықпен салыстьыру қабілеті, яғни оларды сөйлеу элементінің мағынасы ретінде түсіну; 3) сөздің мағыналық элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни оларды бағалау; 4) араласу, тану, сөзді және адамның мінез –құлқын тәртіптеу процесінде сөздің мағыналық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау қабілеті.

Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын жағдай жасаса, онда баланың тілі неғұрлым тезірек байиды және оның псикасы жан-жақты дамиды. Лингвистикалық-дидактикалық принциптерге құрылған тіл үйретудің түрлі әдістерін қолдану тілді дамытуды жеделдетудің негізгі шарты болып табылады.

Оқыту әдісі деп білімді бір адамнан екінші адамға беру мақсатымен орындалатын үйренуші мен үйретушінің іс-әрекетін айтады.

Мектепке дейінгі кезеңідегі тілдің дамуына мынандай практикалық әдістер тән: еліктеу әдісі, сөйлесу (әңгімелесу) әдісі, қайталап айту әдісі, әңгімелеп беру (құрастыру) әдісі.

Еліктеу әдісіне үйретуші мен үйренуші екеуі де бір сөзді, бірақ әр түрлі етіп атайды: үйретуші ересек адамдармен сөйлескендігінен гөрі біршама қарқындырақ, сөзінің дыбысын артикулдеп және сөзінің дайуыс ырғағын мәнерлеп сөйлейді, ал үйренуші тыңдайды да , қайталайды, оның сөзіне еліктейді, сөйлеу қимылын үйренуге (дауыстың артикуляцичсы мен модуляциясы)  және мағынасын түсінуге тырысады (затты, қимылды және т.б. көрсететін дыбыс комплекстерінің мәліметін салыстырады). Мұндайда тәрбиеші үшін орфоэпиялық норма деңгейінен төмен түспеу және баланың сөзіне еліктемеу («сақауланбау», «шолжаңдамау») аса маңызды.

Бұл әдісті қолдануды сәби шағынан бастап, кейінгі шақта арасында (тек балалар бақшасында ғана емес, мектепте, тіпті есейгенде де) жалғастырып отырады.

Еліктеу әдісіне үйрену тұрмыстық іс-әрекеттерді атқару кезінде, айталық, баланы шомылдыру кезіндегі баламен қатынас процесінде еріксіз түрде болуы мүмкін.

Еліктеу әдісі бұдан гөрі ересек балаларды тілге үйрету кезінде кез келген ойын үстінде пайдаланылады.

Заттармен ойын ойнау кезінде балалар оларды бір орнынан екінші орынға ауыстырады, лақтырады, көрсетеді, итереді, шұқылап көреді, бұрайды, заттарды бақылайды және олардың  сапасын, қимылын айтады. Мұнда да тәрбиеші баламен сөйлесуге, оны жетелейтін сұрақтар беруге тиіс. «Мынау қандай шар? Кішкентай ма? Көк пе?», «Мына машина жүре ме? Әлде тоқтап қалды ма?», «Автомобиль қалай белгі береді? Паравоз ше? Параход ше?» - деп сұрайды ересек адам. Бала жауап бере отырып, тәрбиеші сұрағанда айтқан сөзді қайталайды: «Кішкентай», «Жүреді», «Би-би!», «Гу-у-у!». сол арқылы баланың лексикасы кеңейе түседі.

Баланың «құрылыс салуына» көмектесе отырып, тәрбиеші құрылыстың затын, оның бөлшегін аттайды, құрылыста нәтижеге жетуге қажетті өзінің іс-әрекетін атайды.

Сюжетті драмалық – рольдік, «режиссерлік» ойын процесінде тіл дамыту үшін қолайлы жағдайы ерекше көп болады.

Рөльдік ойында бала ересек адамдардың өміріндегі өзі байқаған немесе әңгімелерден білетін, есінде қалған әр түрлі жағдайларды қайталайды: «мамам балаларды тамақтандырып жатыр», «тракторшы жер жыртып жүр», «электр монтері немесе газ жөндеуші, немесе сантехник тұрғындардың шақыруымен үйге келді», «мұғалім мектепте балаларды оқытады», «космонат Айға ұшады» және т.б.  Бала ересек адамның қимылын да, сол қимылмен айтылатын сөзін де қайталайды.

«Режиссерлік» ойында бала өзі рөль алмай, оны осы оқиғаға қатысатын ойыншықтарға бөліп береді; сюжеттерді – балалар бақшасы, аэродром, зоопарк, парк, ұрыс және с. с. балаға оның өмірлік тәжірибесін ескере отырып, тәрбиеші айтып береді.

Драматизациялық ойында бала таныс ертегілерден бір кейіпкердің рөлін алып, ойын процесінде өз кейіпкерінің сөзін қайталайды, сол арқылы өзінің тілін байытады.

Сюжетті ойындар үйренген тілдік материалды бекіте түсуде тамаша жаттықтыру болып табылады. Балалар алдарына әдейі белгілі бір өмір жағдайында айтылған ересектердің сөзін немесе ертегі кейіпкерінің сөзін дәл қайталап айтуды мақсат етіп қояды. Қимыл ойындары, ойындар әдетте балалардың тілін жаттаған әзіл-оспақ пен, әндермен, санамақтармен байыта түседі. Жаттау тәрбиешінің сөзіне еліктеу процесінде жүргізіледі, тәрбиеші балалармен бірігіп ойнайды және алдымен әзіл-оспақты, санамақты өзі айтып, өлеңді де өзі әндетеді. Баланың ойын кезіндегі сөйлеу мөлшері оның жас шамасына байланысты. Мысалы, балалардың бірінші жылында  ойнайтын «Алақай-ау, алақай!» ойыны ересектердің сөзбен сүйемелдеуімен ғана ойналады, бала оның тек қимылына ғана еліктейді (алақанын соғады, қолын басына қояды т.с.). Үш жасар балалар «Каравай» ойынын ойнағанда, тәрбиешімен бірге ән салып қана қоймайды, сонымен бірге тәрбиешіге ілесіп ойынның ережесін: «Бәріміз шеңбер жасап тұрайық! Аяқтың ұшына тұрып, қолдарымызды көтерейік! Шеңберді кеңітейік!. Шеңбер жабық болсын!» - деп қайталайды. Ересек балалар қимыл ойындарын өз беттерімен ойнай алады, ролді зеребе тастау, санамақ оқу арқылы бөліседі. Олар үшін мынандай санамақ оқу өте жақсы:

Күнбе-күн, күнбе-күн,

Сұрғылт қоян діңде отыр.

Сұрғылт қоян, қара, әне,

Ғалия шықты далаға.

Қолға орамал алады,

Ғалия әнге салады.

Көкірегі үркіп, дүбірлеп

Қоян отыр түбірде

Қоян енді көреді

Бидін не бір көкесін.

Ғалия билеп жөнеді,

Шырқ үңірде, жүгірді ол –

Зытты қоян түбірден

                                   (А. Прокофьев)

            Бұл өлеңді сөздің тамаша үйлесуі, би әуенінің тартымды ырғағы бар. Лексикасы тартымды, әнші, биші қыздың және масаттанған қоянның поэтикалық образы балаларды таңырқатады. Өлеңдегі салыстырмалы грамматикалық формалар («түбірде», «түбірден») граматикалық оқытуда тамаша дидактикалық материал болып тұр. Тәрбиешіні кейбір тұрмыстық іс-әрекетті орындау кезінде айтқан сөзіне балалардың еліктеуі мүмкін.

Жоғарыда көрсетілген мысалдар оқытудың бір әдісімен – еліктеу әдісімен келтірілді. Бірақ әр жағдайда бұл әдіс әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады.

Белгілі бір әдістің қолданылу вариантын, сол әдісті құрайтын негізгі іс-әрекетке оқу дидактикалық материалдың сипатынан туындайтын қосалқы іс-әрекеттің енгізілуін тәсіл деп атаймыз.

Сонымен, еліктеу әдісін жүзеге асыратын тәсілдер мыналар болуы мүмкін:

1) айналадағлармен танысқанда нақты затты бақылау – жоғарыда айтқан жағдайда, сәби өз қолына қарайды, анасының қолын бақылап, оған ілесе қайталайды, оның сөзіне еліктейді;

2) ойындар: біздің байқағанымыздай, ойын үстінде баланың тілі жаңа лексикамен ған толығып қана қоймайды, сонымен бірге  ол жаңа сөз формасымен де баийды («электр монтері», «қонаққа бару» ойынында балалар зат есімді меігертеді, «Қызыл Телпек пен сұр қасқырды» ойнағанда, балалар диалог сөздерді байланыстыруға үйретеді);

3) сөз үлгісіне сүйену (сөзді елестету): тәрбиеші айтқан сөзді балалар қайталайды («Су, су, менің бетімді жу!»).

Сонымен, біз үйретуші мен үйренуші бір сөзді айтатын еліктеу әдісімен таныстық, бірақ үйретуші қалай сөйлеу керек екендігі жөнінде үлгі көрсетеді ал үйренуші оны дәлме-дәл қайталайды, оған еліктейді. Жоғарыда еліктеу әдісі орындайтын тәсілдер келтіріледі. Бірақ кез келген әдісі іске асырудың тәсілдері көп-ақ: творчестволықпен жұмыс істейтін әрбір тәрбиеші әдістің өзін бұзбастан әрдайым өзіндік тәсілдер жасайды. Мысалы, еліктеу әдісі, айтылған тәсілдерден басқа, суреттерді, тірі объектілерді (жануарларды, өсімдіктерді), диафильмді, магнитофонды және басқаларды пайдалану тәсілдері арқылы орындалуы мүмкін.

Бала үшін орындауы анағұрлым қиыны оның тілін үйрену -  сөйлеу әдісі, мұны қосымша сұрақ пен жауап әдісі, әңгімелесу әдісі деп атайды.   Әңгімелесу әдісі үйретушінің сұрауынан, ал үйренушінің жауап беруінен тұрады. Демек, олардың екеуі де сөйлейді, бірақ бір сөзді емес (еліктеу әдісіндегідей), әр түрлі сөздер сөйлейді: үйретуші өзінің сұрағымен баланың өзіне таныс сөздерді, дыбыстарды, грамматикалық формаларды немесе дәнекер тексті еске түсіруге және оны орнымен қолдануға итермелейді.

Нақты затқа немесе суретке сүйену тәсілі дидактикалық ойындар мен, яғни оқытуға арнайы арналған ойындармен шектеседі. Ересек адамдар балаларды белгілі бір ойынның ережесімен таныстырады. Содан соң өз бетімен ойнауларына мүмкіндік береді. Кез-келген дидактикалық ойында баланың тілін дамытатын үлкен мүмкіндіктер бар: өйткені дидактикалық ойын арқылы берілетін кез келген білімді бала сөйлеу түрінде үйренеді. Бірақ баланың сөйлеу тілін дамытуға арнайы арналған дидактикалық ойындар да бар, - бұл сөйлеу түріндегі дидактикалық ойындар. Бұл ойындар мынадан тұрады:

1)      балалар белгілі дыбысқа сөз ойлап табады:

2)      ересек адамның суреттеп айтып беруімен заттардың атын атап, оңай жұмбақтарды шешеді:

3)      Балалар бұрыннан білетін жұмбақтарды айтады немесе өздері жұмбақ ойлап табады.

Дидактикалық ойынның басты ережесі: балалар жұмбаққа арқау болған затты көруі (ал ең дұрысы қолымен ұстап, иіскеп, дәмін татып көруі, егер ол дыбыс шығаратын болса, тыңдауы) керек.

Балалардың жас мөлшеріне қарай жайылма сөйлемнің құрылысын, мәселен, тікелей толықтырылатын қос құрылымдық сөйлемді игеру үшін түрлі тәсілдерді (әңгімелесу әдісін) пайдалану керек.

Бес жастағы бала үшін сөзбен елестетуге сүйену (сөйлесу әдісі) тәсілі.

Төрт жастағы баламен жұмыс істегенде бұл міндетті шешуді суретке сүйену тәсілін қолданып (сөйлесу әдісі) жеңілдету қажет. Адам мамандығын толық бейнелейтін суреттердің жиынтығы керек: пеш жанында тұрған аспаз, күрек  ұстаған бақшашы және т.с.

Алты-жеті жастағы балалармен жұмыс істегенде, біріншіден, күрделі синтаксистік форма берілу (сөйлемде оңашаланған мүшелерді пайдалану нееемесе күрделі сөйлем құрау), екіншіден, лекцияның ауқымы кеңейтілу арқылы сөйлесу әдісі күрделіліендіріледі.

Бақылау сұрақтары:

1. Тіл дамыту сабағы қандай сабақ? Мысалмен дәлеледе.

2. Тіл дамыту жұмысының ұйымдастырылуы.

3. Тіл дамыту жұмысы баламен неше жастан басталады?