«Мектепке дейінгі және
бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
«Тіл дамыту
әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы» пәнінен «050101-«Мектепке
дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
мамандығының студенттері үшін зертханалық
сабақтарға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК
НҰСҚАУЛАР
Оқу түрі: күндізгі
Шымкент, 2009ж.
ӘОЖ 28.081 я
72
Құрастырушы:
оқытушы Бейсенбаева Б.С.
«Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу
практикумы» пәнінен зертханалық сабақтарға
арналған әдістемелік нұсқаулар. Шымкент: М.Әуезов
атындағы ОҚМУ, 2009. – 55 б.
Әдістемелік нұсқаулар оқу
жоспарының және «Тіл дамыту әдістемесі және
мәнерлеп оқу практикумы» пән бағдарламасының
талаптарына сай зертханалық сабақтардың тақырыптарын
орындау үшін қажетті барлық мәліметтерді қамтиды.
Әдістемелік нұсқаулар
«050101-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
мамандығының студенттері
үшін арналған.
Әдістемелік нұсқауда жалпы зертханалық
зертханалық сабақтарды ұйымдастырудың мақсаттары
мен міндеттері және жүргізілуіне қойылатын талаптар,
студенттердің міндеттері көрсетілген. Сондай-ақ, және
«Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы»
пәнінен жүргізілетін зертханалық сабақ
тақырыптары және оларды өткізуге арналған
нұсқаулар беріледі.
Пікір жазғандар:
Жораева С.Б. – п.ғ.к. М.Әуезов
атындағы ОҚМУ.
Балқыбекова Ы. – ф.ғ.к. Отырар университеті.
Әдістемелік нұсқау
МДжБОТмӘ кафедрасының мәжілісінде («17» 03. 2009. №8 хаттама),
Филология институтының әдістемелік комиссиясында («20» 03.2009 №7 хаттама ) қарастырылды
және баспаға ұсынылды.
Баспаға М.Әуезов атындағы
ОҚМУ Әдістемелік кеңесі ұсынған,
№___
хаттама «_____» 2009ж.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік
Қазақстан мемлекеттік унверситеті, 2009.
ТҮСІНІКТЕМЕ
Мектепке дейінгі
оқыту және тәрбиелеу факультетінде болашақ
тәрбиешілер меңгеретін сан алуан кәсіби білімдер,
практикалық іскерліктер мен дағдыларға қоса,
олардың ана тілдерін еркін меңгеріп, сөйлеу
мәдениетінің жоғары болуына да ерекше мән беріледі,
өйткені тәрбиеші мамандығы үшін сөйлеу
дағдысының маңызы зор. Баланың таным көкжиегін
кеңейтіп, жеке тұлғалық саналарын қалыптастыра
отырып, педагог сөз арқылы баламен тіл табысады.
Тәрбиешінің мәнерлеп оқи білуі арқылы мектеп
жасына дейінгі балалар көркем әдебиетпен танысады, оған
ынта-ықыласы қалыптасады. Алайда, тек мәнерлеп оқу принциптерін
меңгерген және балаларға мәнерлеп оқу
әдістемесін жете білетін тәрбиешіні ғана мектеп жасына
дейінгі балаларға көркем әдебиетті ұғындырып,
оның мазмұнын мәнерлі де айшықты жеткізе алады.
Сондықтан мәнерлеп оқу мектепке дейінгі мамандарды
кәсіби даярлау жүйесінің маңызды буындарының бірі
болып табылады.
Мәнерлеп оқу
практикумы «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту
әдістемесі» курсының маңызды бөлімі ретінде
жүргізіледі. Практикумды оқу барысында студенттер өнер
түрі ретіндегі, мәнерлеп оқу туралы теориялық білімді,
сөйлеу техникасы, тілдік мәнерлеу құралдары туралы
білімдерді меңгереді, сонымен қатар әр түрлі
әдеби жанрдағы шығармаларды мәнерлеп орындауға
дағдыланады, талдап үйренеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мамандарын
даярлаудағы маңызды саланың бірі тіл дамыту теориясы мен
әдістемесі курсы болып табылады. Оның жоғары оқу
орындарында басты мақсаты студенттерге ана тілінің
лингводидактикалық және психофизиологиялық негіздерді
терең ұғындыру және балалармен ұйымдастырылатын
жұмыста тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана білуге даярлау.
Курсты оқу процесінде әдістемелік ойларды, шынайы
педагогикалық ситуацияны дұрыс бағалай білу қабілеті,
теориялық білімдерін түрлі жағдайларда қолдануы
қалыптасады.
Курстың мақсаты: Мәнерлеп оқу -
баланың ой-өрісін кеңейту, ақыл-ойын дамыту,
мінез-құлқын, еркін тәрбиелеу. Болашақ
мамандарға көркем сөз оқу өнерінен кейбір
теориялық мәлімет бере отырып, мәнерлеп оқу мен нақышына
келтіре әңгімелеудің әдіс-тәсіліне
төселдіру, сөйлеу техникасын дамыту жолын үйретеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін
дамыту әдістемесі – келешек ұрпақты жан-жақты
тәрбиелеу ғылымы.
Балалардың сөйлеу тілін, олардың сөздерді және
сөйлемдерді байланыстыра сөйлеуіне, грамматикалық формада
дұрыс сөйлеуінде сондай-ақ, тілдің дыбыстық
мәдениетін тәрбиелеуге баулиды. Студенттердің теориялық
білімдерін практикамен байланыста жүргізу мақсатын
көздейді.
Курстың
міндеттері: Тіл дамыту
әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы
пәнінің міндеті – студенттердің тіл мәдениетін
жетілдіру, көркем шығармалардың мазмұнын талдау,
сөйлегенде, оқығанда дауыста құбылта білуге
дағдыландыру, анықтамалық әдебиетті және
қосымша әдебиеттерді өздігінен оқып үйрену дағдыларын
меңгерту, ғылыми-педагогикалық негізде бала тілін
дамытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін таңдай білу,
бала тілін дамытуға, ауыз екі сөйлеуге үйрету
әдістемесінің ерекшеліктерін меңгерту, теориялық
білімді тәжірибеде қолдана білу қабілетін дамыту болып
табылады.
Курстың пререквезиті (курсты
оқып үйрену үшін студент нені білу керек)
Пәнді оқу нәтижесінде
студенттер – дыбыстау мүшелері, олардың қызметін;
мәнерлеп оқудың амал-тәсілдерін; шағын фольклор
жанр шығармаларын оқып, талдау; көркем шығарманы
кейіпкерлендіре білуі және талдау, тіл дамыту әдістемесінің
міндеттерін, әдіс-тәсілдерін; тіл дамыту әдістемесінің
міндеттері бойынша сабақ өткізу әдістемесін; әр топ
балаларының тіл ерекшеліктерін; әдістемелік жұмыстың
формаларын білуге тиіс. Жоғары оқу орындарының
бағдарламасына сәйкес көлемде білім алу үшін студент әдебиеттермен, оқу
құралдарымен, сөздіктермен, интернетпен жұмыс істей
білуі қажет.
Курстың постреквезиттері (курсты
меңгерген студент нені біліп, іске асыра алуы қажет) Тіл дамыту әдістемесі және
мәнерлеп оқу практикумы курсын
толық меңгерген студент
мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жүргізуде, яғни
олардың білімін,
дүниетанымын, сөйлеу мәнерін арттыруда
методикалық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануды, қажетті
көрнекіліктер мен дидактикалық
материалдарды дұрыс таңдауды біліп шығады.
Зертханалық сабақтардың мақсаты –
нақты практикалық тапсырманы орындау барысында білімді
тереңдету және кеңейту, студенттің белсенділігін
арттыру мен өз бетінше жұмыс жасауын қамтамасыз ету,
алынған экспериментті нәтижелерді талдау қабілетіне қол
жеткізу.
Зертханалық сабақтардың міндеті:
- пән бойынша тақырыптарға
сәйкес білімді пысықтау, тереңдету, кеңейту;
- пәннің
теориялық материалдарын, концепцияларын практикалық әдіс
-тәсілдермен талдай білуге үйрету;
-
зерттелетін теориялық курстарға сәйкес танысу;
-
қалыптастырылған әдіс негізіндегі жаңа
ақпарат алу үшін талдау;
- тәжірибе жұмыстарын
өткізу нәтижесі бойынша жаңа ақпараттар алумен
байланысты шығармашылық.
Зертханалық сабақтарды ұйымдастыру және
жүргізу талаптары:
- зертханалық сабақ пәннің жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылады
және жүргізіледі;
-
зертханалық сабақтар күнтізбелік-тақырыптық
жоспарға сәйкес орындалады;
- зертханалық сабақтар міндетті
түрде әдістемелік нұсқау бойынша жүргізілуі тиіс;
- зертханалық сабақтар қажетті оқу
құралдармен және ақпаратты-анықтама
құралдарымен толық қамтамасыз етілуі керек;
- берілген тапсырма бойынша студенттерде
толық конспекті болу;
- әдістемелік
оқу-құралдармен жұмыс істеу;
- дискуссияға студенттердің белсенді
қатысуын қамтамасыз ету.
Зертханалық сабақты ұйымдастыру формалары:
- зертханалық сабақтың
фронтальді формасы, яғни барлық студенттер бір уақытта бірдей
жұмыс орындайды;
- циклды форма – яғни лекция курсы
бөлімдеріне сәйкес айқындалған бірнеше циклдарға
жұмыстардың бөлінуі. Цикл төрт-бес зертханалық
жұмыстарды біріктіреді. Бұл жағдайда студенттер
зертханалық жұмыстарды график бойынша орындайды.
- зертханалық жұмыстарды жеке формада
ұйымдастыру – яғни әрбір студент зертханалық
жұмысты өз бетінше орындайды. Барлық студенттер түрлі
тақырыптар бойынша жұмыс жасайды. Тақырыптардың
орындалу кезектілігі графикке сәйкес айқындалады.
Зертханалық сабақты өткізу тәртібі:
- зертханалық сабақ
құрамында 12 студенттен аспайтын академиялық топта
өткізіледі.
Зертханалық
сабақ үш бөліктен тұрады:
- кіріспе (сабақ
тақырыбы жасалады; тақырыптардың басқа сабақтар
мен пәндер арасындағы байланысы түсіндіріледі).
- негізгі (студенттер
жұмысты жасауға рұқсат алады, тәжірибе
жұмыстарын жасайды; зерттеу нәтижелерін талдау орындалады;
тәжірибелік мәліметтер талданады; тұжырым жасалады);
- қорытынды
(жұмысты қорғау, студенттердің орындаған
жұмыстарының нәтижелері модульді-рейтингтік жүйеге
сәйкес тіркеледі).
- зертханалық
жұмыстың орындалуын бақылау.
- модульді – рейтингтік
жүйе және білімді бақылау графигіне сәйкес студент
орындаған әрбір зертханалық жұмыс нәтижесі
сәйкесінше балл арқылы бағаланып, оқытушы журналына
қойылады және лекторға бақылау мерзімінде беріледі.
Студенттің міндеттері:
-
техника қауіпсіздігі мен еңбек қорғау ережелерімен
танысуға;
- жұмысты орындау
алдын тапсырма, оның мақсаты және міндеттерімен
танысуға;
- жұмыс бойынша
білімдерді игеруге қажетті теориялық материалдарды жасау;
- оқытушыдан
жұмысты орындауға рұқсат алу;
- жұмысты тапсырма
және әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес
орындау;
- жұмыстың
нәтижелерін әдістемелік нұсқаулыққа
сәйкес рәсімдеу және оны оқытушы алдында
қорғау.
№1 Зертханалық
сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы:
Мәнерлеп оқу мен нақышына келтіре
әңгімелеудің әдісі мен тәсілі
Мақсаты:
мәнерлеп оқудың түрлерін,
әдіс-тәсілдерін меңгерту
Сабақтың
теориялық мазмұны:
Мәнерлеп
оқу дегеніміз – қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін
оқу. Қарапайым сөйлеу деп күнделікті
тұрмыс-тіршілігімізде бір-бірімізбен қарым-қатынас
жасағанда алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп
сөйлеуді айтып жүрміз. Мектеп оқу практикасына келсек,
оқу мен сөйлеудің арасында
алшақтық мол. Алайда, осы екеуінің арасындағы ажырамас
тұтастық пен байланысты түсініп оқу
қажет-ақ.
Мәнерлеп
оқу – баланың ой-өрісін кеңейту, ақыл-ойын
дамыту, мінез- құлқын, еркін тәрбиелеу. Бұл
пәннің өзіне тән оқыту тәсілі, әдісі
бар. Оларға дыбыстау мүшелері, олардың қызметі,
көркем туындыны оқудағы негізгі дауыс сарыны, интонация,
шығарманың астарлы ойы және интонацияны
құбылтудағы қызметі, кідіріс және оның
түрлері, сөйлеу қарқыны, дауыс биіктігі, күші,
көркем сөз оқушының өзін ұстауы,
тұрысы жатады.
Болашақ
бастауыш сынып мұғалімдері балалар аудиториясында оқылатын
әрбір көркем шығарманың көркемдігін сақтап
оқығанда ғана оқушы әрбір көркем туындыдан
эстетикалық ляззат алады.
Негізгі.
Бақылау сұрақтары:
Зертханалық сабақтың барысы: топ
студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық студенттер
бір уақытта бірдей жұмысты
орындайды. Әдістемелік көмек көрсету.
№1 тапсырма
Грамматикалық кідірісті меңгерту
1.Тексті оқып, нүктеге дауыстың қойылуына
жаттығу жаса.
Үйде
бірінші класта оқитын Еркін мен қарт әжесінен басқа
ешкім жоқ болатын. Өзгенің бәрі жұмыста.
Әжесі қарап отыра алмайды. Жүн түтеді,
ұршық иіреді, үй ішінің басқа да
ұсақ-түйек шаруасына көмектеседі. Еркінге жақсы:
мектепке барады, сабақтан соң ойнайды. Кейде уақыттың
қалай зымырап жатқанын аңғармай да қалады.
2.Өлеңді оқып, леп
белгісі қойылған сөйлемге жаттығу жаса.
Қозы
бағып жүргенде, жаңбыр жауды:
Бір тамшысын
әкелдім, мама, саған!
Гүлдер
басып кетіпті тау мен бауды,
Шоқ
гүл теріп әкелдім, мама, саған!
№2 тапсырма
Тыныс алу ережесін сақтап, тіл дыбыстарының ерекшелігін
тексеріп оқы.
Санамақ
Қуыр-қуыр қуырмаш,
Балапанға бидай шаш,
Бас бармақ,
Балалы үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Сен тұр – қойыңа бар,
Сен тұр – қозыңа бар.
Сен тұр – жылқыңа бар,
Сен тұр – құлыныңа
бар.
Сен тұр- сиырыңа бар,
Сен тұр – бұзауыңа бар.
Сен тұр – түйеңе бар.
Сен тұр – ботаңа бар.
№3 тапсырма
Бағанадағы сөздердің қатарына айтылуы мен
жазылуының тиістісін жазып, дауыстап оқыңдар.
Дыбыстардың неліктен болып
жатқанын дәлелдеңдер.
А) Жазылуы
Айтылуы
Құлын
______________________________
Бұрым
______________________________
Жүрек
______________________________
Тоғыз
______________________________
Құрылыс ______________________________
Ауызша
______________________________
Тәкаппар
______________________________
Ә) Айтылуы Жазылуы
Қашшан
______________________________
Ташжол ______________________________
Жүралмады _______________________________
Көмбүс
_______________________________
Күнбө-гүн
_______________________________
Бұрұнды-соңдұ
_______________________________
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№2 Зертханалық
сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы:
Сөйлеу техникасы және оны мәнерлеп оқудағы
маңызы
Мақсаты:
Сөйлеу техникасы туралы түсінік беру, тапсырмалар арқылы дыбыс, екпін,
кідіріс түрлерінің қызметін меңгерту
Көрнекілігі:
әдістемелік кітаптар, көркем әдебиеттер, тірек сызбалар
т.б.
Сабақтың
теориялық мазмұны:
Оқушыларды
мәнерлеп оқуға даярлау үшін ең алдымен
сөйлеу техникасына жаттықтыру, дыбыстау мүшелерінің
қызметін дұрыс түсіндіру қажет. Мәтінді
мәнеріне келтіріп оқу үшін алдымен өзінің
анатомиялық мүшелерінің қызметін, соның ішінде
дыбыстау мүшелерінің қызметін жетік біліп, әрбір тіл
дыбысы қалай жасалады, қалай естіледі, қалай оқылады
дегенге баса назар аударып жаттығу қажет.
Сөйлеу
техникасын жете меңгерген ұстаз өз шәкірттерінің
де дұрыс сөйлеуіне ерекше назар аударады, тіл дыбыстарын анық
та, ашық айтуға үйретеді. Сөйлеу техникасына мыналар
жатады: тыныс алу, дауыс, дикция.
Дыбыстау
мүшелері негізгі үш бөліктен тұрады: өкпе,
тамақ, ауыз және мұрын қуыс мүшелері.
Негізгі:
Бақылау сұрақтары:
Зертханалық сабақтың
барысы: топ студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру.
Барлық студенттер бір уақытта бірдей жұмысты орындайды. Әдістемелік көмек
көрсету.
№1 тапсырма
Өз дауысыңды бақылау
үшін кез-келген өлең жатқа оқы.
№2 тапсырма
Мына шумақты буындап жазып, екпін
түсір, дауыстап оқы.
Ана
тілің – арың бұл,
Ұятың
боп тұр бетте.
Өзге
тілдің бәрін біл.
Өз
тіліңді құрметте!
№3 тапсырма
Мына
өлең жолдарынан екпін қабылдамайтын
жұрнақтарды тап:
Бұлттай
қасы жауып екі көзін,
Басын сілкісе,
қар жауып мазаңды алып,
Борандай
бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты
қанат ақ орда үй шайқалды.
(Абай)
***
Ленинградтық
өренім,
Мақтанышым
сен едің!
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағымдай
көремін.
***
Дос
жүрегі шар айна,
Сылтауыңа
қарай ма,
Бүлдіріп
алма қалайда
Кір шалдырма,
жарай ма?
***
Бұлттай
қасы жауып екі көзін,
Басын сілкісе,
қар жауып мазаңды алды.
Борандай
бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты
қанат ақ орда үй шайқалды.
№4 тапсырма
Мына мәтінге кідірістер қойып
оқыңдар.
Екілік
Жанна биыл
мектепке барады. Ата-анасының қуанышына сабақты да
тәуір оқып кетті. Дәптерлерін де таза ұстап, маржандай
тізілтіп жақсы жазатын болды. Жалғыз-ақ алғашқы
кезде «екінің» таңбасын дұрыстап сала алмай жүрді. Мен
бір күні балама оның осы кемшілігін бетіне бастым. «Екінің
таңбасын жаза алмайсың, саған не болды, Жанна?» -деп
қынжылдым.
- Бекер
ренжисіз, папа? «Екілік» дегеннің өзі осындай жаман болмай ма? –
деп жауап берді ол.
/С. Шаймерденов/
№5 тапсырма
Берілген өлең жолдарындағы
сөздер мен сөз тіркестері әуенінің жоғары,
төмен, орташа, бірқалыпты екенін сызып көрсетіңдер.
Жаз.
Жерің
анау,
Жасыл
жолақ кілемдей.
Желің
мынау
Жігіт
айтқан өлеңдей.
Көлің
анау,
Той ғып
жатқан ауылдай,
Күнің
мынау,
Елжіреген
енеңдей.
/І.Жангсүгіров/
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№3 Зертханалық
сабақ
Кіріспе.
Лабораториялық
сабақтың тақырыбы: Мәнерлеп оқу мен
әңгімелеп берудің әдіс-тәсілдері
Мақсаты: Мәнерлеп оқудың
әдіс-тәсілдері туралы түсінік беру, тапсырмалар арқылы
орфоэпия, орфография, дауыс биіктігі, кідіріс түрлерін меңгерту
Сабақтың
теориялық мазмұны:
Мәнерлеп
оқу дегеніміз – қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін
оқу. Қарапайым сөйлеу деп күнделікті
тұрмыс-тіршілігімізде бір-бірімізбен қарым-қатынас
жасағанда алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп сөйлеуді
айтып жүрміз. Мектеп оқу практикасына келсек, оқу мен
сөйлеудің арасында
алшақтық мол. Алайда, осы екеуінің арасындағы ажырамас
тұтастық пен байланысты түсініп оқу
қажет-ақ.
Мәнерлеп
оқу – баланың ой-өрісін кеңейту, ақыл-ойын
дамыту, мінез құлқын, еркін тәрбиелеу. Бұл
пәннің өзіне тән оқыту тәсілі, әдісі
бар. Оларға дыбыстау мүшелері, олардың қызметі,
көркем туындыны оқудағы негізгі дауыс сарыны, интонация,
шығарманың астарлы ойы және интонацияны
құбылтудағы қызметі, кідіріс және оның
түрлері, сөйлеу қарқыны, дауыс биіктігі, күші,
көркем сөз оқушының өзін ұстауы,
тұрысы жатады.
Негізгі.
Бақылау сұрақтары:
Зертханалық сабақтың
барысы: топ студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру.
Барлық студенттер бір уақытта бірдей жұмысты орындайды. Әдістемелік көмек
көрсету.
№1 тапсырма
Төмендегі сұрақтарға жауап жазыңдар.
№2 тапсырма
Өз даусыңды бақылау
үшін жаңылтпашты жатқа айт.
Құрықтан
құлдырап түстім,
Сырықтан
сылдырап түстім.
Жақсы
атты әп-сәтте,
Асқаттар
ақсатты.
Жаза алмай бас
қатты.
Ақсатса,
жақсы атты,
Кім болар
жақсы атты.
Шілікті
шаптым,
Жілікті астым.
Шілікті
жақтым,
Жілікті
шақтым
№3 тапсырма
Мына сөздерді орфографиясымен жазып,
неліктен орфоэпиясының бұлай оқылатынын, қай дыбыс
қай дыбысқа әсер ететінін дәлелдеңдер.
Ауұр,
сөссүз, теңшші, түңгү, жаңға,
үлкөн, жамбады
Отан
үшін отқа түс, күймөйсің,
Арың
үшүн алыссаң, өлммөйсің.
/мақал/
№4 тапсырма
Мәтінді оқып шығып, әрбір тыныс белгісінің
мағынасын, қызметін түсіндір.
«Дәу
бұзау»
-
Мынау не, Асқар?- деп, сұрадым баламнан сиырдың суретін
көрсетіп.
- Дәу бұзау, - деді ол.
- Неге дәу бұзау, сиыр емес пе?
- «Л» ға тілім келмейді, - деп,
Асқар шынын айтты.
/ Ж.Сәтібеков/
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№4 Зертханалық
сабақ
Кіріспе.
Зертханалық
сабақтың тақырыбы: Көркем шығарманы талдау
Мақсаты:
Көркем шығарма түрлеріне тоқталу, тапсырмалар
арқылы өлең құрылысына талдау жасау
Сабақтың
теориялық мазмұны:
Көркем
шығарманы талдау кезінде оқушыға оның тек
мазмұн-мағынасын жеткізумен шектелсек көркем
дүниенің көркемдігін, әсерлілігін жеткізе алмаған
болар едік. Мектепке дейінгі балаларға арналған
өлеңдердің басым көпшілігі – лирикалық
өлеңдер болып келеді.
Өлең сөздің өзге әдебиет жанрларынан
ерекшелігі оның әуезділігі мен үнділігінде,
ырғағында, ұйқасып келетіндігінде. Өлең шумақтары қазақ
өлеңдерінде екі-тармақтан бастап он, он бес
тармаққа дейін жетеді. Өлең шумақ, тармақ,
бунақ, буындардан тұрады.
Өлеңді
балалар алдында мәнерлі оқу барысында, өлең
оқудың үлгісін көрсететін адам кез-келген
өлең шумағын өзі талдау дәрежесінде болмаса
өлеңнің жанрлық қасиетін ашып бере алмайды.
Негізгі.
Бақылау сұрақтары:
1. Көркем
шығарманың түрлері
2. Өлең
сөздің теориясы
3. Өлең
сөздің басқа әдебиет жанрларынан ерекшелігі
Зертханалық сабақтың
барысы: топ студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру.
Барлық студенттер бір уақытта бірдей жұмысты орындайды. Әдістемелік көмек
көрсету.
№1 тапсырма
Мына өлең жолдарын оқып,
құрылысына толық талдау жаса.
Әлияны
бұл күнде
Барлық
бала біледі.
Әлия аты
–көңілде,
Әпкеміз
деп жүреді.
Әпкеміз
деп жүреді,
Атын
аңыз, жыр қылып.
Елдің
батыр түлегі
Әр
жүректе тұр күліп.
/Қ.Баянбай/
№2 тапсырма
Өлең
жолдары қанша буыннан тұратынын анықта
Тырна келді тыраулап,
Тіліп өтті аспанды.
Қаздар көлде жүр ойнап,
Көктем айы басталды.
Тас төбеден күн күлді,
Қошеметтеп оларды
Қараторғай былтырғы
Ұясына оралды.
/Т.Молдағалиев/
№3 тапсырма
Балалар
әдебиетінің туындыларынан қалаған
өлеңдеріңді жатқа айтып, бір шумағын талдап
беріңдер.
№4 тапсырма
Кез-келген
батырлар жырларынан 7-8 буынды шұбыртпалы ұйқаспен
жазылған өлеңдерді тауып, жазыңдар.
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№5 Зертханалық
сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы:
Шағын фольклор жанры шығарманы талдау
Мақсаты:
Шағын фольклор жанры туралы түсінік беру, тапсырмалар арқылы
ертегі, мысал өлеңдерін мәнерлеп оқуға
үйрету
Сабақтың
теориялық мазмұны:
Шағын
фольклор жанры шығармаларына мысал өлеңдер, ертегі,
өлеңдер жатқызамыз. Көркем шығарма
жанрларының ішіндегі балалар әдебиетінде ертегінің ролі ерекше.
Ертегіні оқу – баланы ғажайып қиялға бөлеп,
жетіқат жер астына, ғарышқа самғатады. Мектепке дейінгі
балаларға негізінен жан-жануарлар,
аң-құстар, табиғат туралы, адамгершілік т.б.
қызықты. Сонымен қатар, көркем шығарма
жанрларының ішінде өзіндік ерекшелігі бар мысал өлеңдер
кездеседі. Мысал өлеңдердің лирикалық
өлеңдерден ең негізгі өзгешелігі – мысалда
уақиға бар, уақиғаға қатыстын кейіпкерлер
бар. Кейіпкер бар жерде уақиға тартысы, әр түрлі сауал,
жауап, көңіл-күй эмоциясының бәрі бар. Мысал
өлеңде қимыл қозғалыс болғандықтан
кез-келген лирикалық өлеңнен гөрі баланың
қабылдауына қиындық келтірмейді. Мысал өлеңдерде
әсірелеу бар. Негізгі кейіпкерлері – жан-жануарлар мен аң,
құстар. Шығарманы алғаш таныстырып оқу кезінде
мәнерлеп оқудың әдіс-тәсілдерінің
бәрі, дауыс күші, әуені, сазы логикалық,
психологиялық кідіріс жасау түгел қолданылады.
Негізгі.
Бақылау сұрақтары:
Зертханалық сабақтың
барысы: топ студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру.
Барлық студенттер бір уақытта бірдей жұмысты орындайды. Әдістемелік көмек
көрсету.
№1 тапсырма
«Алтын сақа» ертегісін талдап алып,
мәнерлеп оқудың талаптарын түгел сақтап
оқыңдар.
№2 тапсырма
Мысал
өлеңге мағыналық екпін қойып, психологиялық
кідіріс жасап, мәнерлеп оқыңдар.
Шырылдауық шегіртке,
Ыршып жүріп ән салған.
Когалды қуып гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған.
Жаздыгүні жапырақтың,
Бірінде тамақ, бірінде үй.
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң кетті күй.
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда.
Суыққа тоңған қарны
ашқа,
Ойын қайда, ән қайда?
Оныменен тұрмады,
Қар көрініп қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді,
Дым-ақ қиын іс болды.
Секіру қайда сүрініп,
Қабағын қайғы жабады.
Саламда жатып, дән жиған,
Құмырсқаны іздеп табады.
Селкілдеп келіп жығылды,
Аяғына бас ұра:
-Қарағым, жылыт, тамақ бер,
Жаз шыққанша асыра.
-Мұның жаным сөз емес,
Жаз өтерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш
шаруа,
Ала жаздай қылмап па ең?
-Мен де өзіңдей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлі ме?
Когалды қуып, ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?
Қайтсін қолы тимепті,
Өлеңші, әнші есіл ер.
Ала жаздай ән салсаң
Секілде де, билей бер!
Сабақты
қорытындылау:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№6 Зертханалық сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы:
Жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылпаш, нақыл
сөздерді балабақшада пайдалану
Мақсаты:
Жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, нақыл
сөздер туралы түсінік беру, тапсырмалар арқылы
жаңылтпаш, мақал-мәтелдердің оқылу ерекшелігін
үйрету
Сабақтың
теориялық мазмұны:
Мектепке
дейінгі мекемелерде халық ауыз әдебиеті үлгілері, соның ішінде жұмбақ,
мақал-мәтел, жаңылтпаш, нақыл сөздерді пайдалану
балалар үшін маңызы зор. Жұмбақты шешу балалардың ойлау, есте
сақтау қабілетін дамытса,
мақал-мәтел баланың ой-өрісін, дүние-танымын,
тілін дамытады. Сондай–ақ жаңылтпашты балабақша балаларына
үйрету арқылы олардың шапшаңдығын, әрбір
дауысты, дауыссыз дыбыстардың өзіндік ерекшелігін сақтап
айтуды, дикциясын дұрыс қалыптастыруға болады.
Негізгі.
Сабақтың теориялық мазмұнын студенттерден бақылау сұрақтары
арқылы анықтау:
1.Жұмбақ
және жаңылтпашты балабақшада үйретудің
жолдары
2.Мақал-мәтелді пайдалануда баланың тілін, дүниетанымын
дамытудағы ролі
Зертханалық сабақтың барысы: топ
студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық студенттер
бір уақытта бірдей жұмысты
орындайды. Әдістемелік көмек көрсету.
№1 тапсырма
Төмендегі жаңылтпаштарды жатқа оқы, тез
оқығанда қай дыбыс өзгеріп кететініне назар аудар.
Қара қарғаларға
Ала қарғалар үйір.
Ал қарғаларға
Қара қарғалар үйір.
Алатауда неше шың бар?
Қаратауда неше шың бар?
Алатауда бір мың шың бар,
Қаратауда бір мың шың бар.
Апама ат тағалаттырдым,
Жеңгеме жалын тазалаттырдым.
Апама тоқым жаңалаттырдым,
Өзім бәрін қадағалап
тұрдым.
№2 тапсырма
Мына
шумақтардан орыс тілінен енген сөздердің айтылуын дұрыс
оқы.
Бұл- поездың інісі,
Жанға жайлы жүрісі.
Рельссіз жүре алмай,
Ренжиді трамвай.
Апарады шет-шетке
Балабақша, мектепке.
Апарады жұмысқа –
Заводтарға, құрылысқа.
№3 тапсырма
Жұмбақтардың
шешуін тап
Жаңылмастан жетеуі,
Кезек қызмет етеді.
Қыл кеңірдек батыр,
Тау көтеріп жатыр.
Арқасында ауыл жүр,
Ала тайым шауып жүр.
Із қалдырып үнемі,
Тұмсығымен жүреді.
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№7 Зертханалық
сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы:
Көркем шығарманы кейіпкерлендіру
Мақсаты:
Ертегі, мысал өлеңдерді сахналандыру жолдарын меңгерту
Сабақтың
теориялық мазмұны:
Мектепке
дейінгі балаларға арналған оқулықтарда әрине
сахналық шығарма жоқ. Бірақ ертегілер мен мысал
өлеңдерде, әңгімелерде екі кісінің
сөйлеспелі сөздері (диалогы) жиі кездеседі. Балабақша
балаларына ертегі немесе мысал өлеңдерді рольге бөліп
айтқызу жұмыстары жүргізілуі керек. Ол үшін
мұғалім әрбір шығармадағы әр
кейіпкердің сөзін мүмкіндігінше бір-біріне
ұқсамайтын өз даусы болады деген ұғыммен, дара
дауыспен оқуға үйрену керек. Бір шығарманы таңдап
алып, шағын спектакльге айналдырып, балалардың өз
күшімен сахнаға шығару балалар тілін, ойын дамыту үшін
тиімді.
Негізгі.
Сабақтың теориялық мазмұнын студенттерден бақылау сұрақтары
арқылы анықтау:
1.Көркем шығарманы кейіпкерлендірудің
балалар үшін маңыздылығы
2. Диалог пен монологтың өзіндік
айырмашылықтары
3.Драмалық шығарманың
ерекшелігі
4.Өлең құрылысы
5.Лирикалық өлең дегеніміз
не?
Зертханалық сабақтың барысы: топ
студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық студенттер
бір уақытта бірдей жұмысты
орындайды. Әдістемелік көмек көрсету.
№1 тапсырма
Мысалды рольге бөліп оқыңдар,
интонация, екпін, мимика, дауыс кідірісін дұрыс қойыңдар.
Көз, құлақ, мұрын және ауыздың
айтысы
Ойда
жоқта адамның көзі, құлағы, аузы,
мұрны бір уәжге келмей айтысып қалады.
-Мен болмасам,
адам атаулы өмір сүре алмас еді, - деп бастайды Көз дауын.
- Асқар
биік тауларды, жазық-жазық белдерді, көк толқынды
көлдерді мен арқылы көреді. Менсіз бәрі – қара
түнек қапас тіршілік. Оның несі сән?
Сұлулықты, биіктікті, тереңдікті,
қашықтықты адам мен арқылы болжайды.
Мына
сөзге шыдамай кеткен Құлақ Көзге дүрсе
қоя берді.
- Әй,
Көз бауырым, мен болмасам, адам бұрқана соққан
дауылды, көк теңіздің толқығанын,
бұлақтың сыңғырлаған сұлу сылдырын,
аспанда ұшқан аққудың қанатының
суылын, тіпті бірінің сөзін бірі естімес еді, - дейді ол.
- Сендер текке
тәжікелеседі екенсіңдер, - дейді Мұрын араға
түсіп. – Мен болмасам, адам атаулы тыныс ала ма, тұншығып
өлмей ме?! Таза ауаны, қолқаны қапқан
түтінді түйсіне ме?!
-
Бәріңдікі бос сөз. Мен болмсам, аштан
қаларсыңдар. Ащының да, тәттінің де дәмін
білмей дал боларсыңдар, - дейді Ауыз.
Олардың
айтыс-таласын тыңдай-тыңдай жалыққан Ми сол кезде
қалғып кеткен екен.
Міне,
ғажап! Көз көруден, Құлақ естуден,
Мұрын иісті сезуден, ал Ауыз сөйлеуден қалып, олар да еріксіз
ұйқтап қалыпты.
№2 тапсырма
Өлеңді жаттап, мәнерлеп
айтып беріңдер.
Қайдан келдің, бауырсақ?
Дастарқанда
шашылып
Жатты
аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа
қызығып,
Қарап
тұрып көзін сап:
-Қайдан
келдің бауырсақ?-
Деп
сұрады қуыршақ.
-
Дүкенен келдім нан сатқан,-
Деді
оған бауырсақ.
-
Дүкеннен келдім нан сатқан,
Деді
оған бауырсақ.
-
Дүкенге келдің қай
жақтан?
-
Наубайдан келдім нан жапқан.
-
Наубайға келдің қай
жақтан?
-
Диірменнен келдім ұн тартқан.
-
Диірменге келдің қай
жақтан?
-
Даладан келдім кең жатқан.
Жер – анам
менің көсілген,
Диқандар
мені өсірген.
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№8 Зертханалық
сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы: Бала
тілін дамыту әдістемесі және курс міндеттері
Мақсаты: Тіл
дамыту әдістемесінің мақсаты мен міндетін,
әдіс-тәсілдерін айқындау.
Сабақтың
теориялық мазмұны:
Тіл
дамыту әдістемесі – педагогикалық ғылым, балалардың
тілін дамыту ерекшеліктерін зерттейтін ғылыми пән. Онда тіл дамыту
әдістемесінің маңызы, тіл дамыту жұмысының
мақсаты мен міндеттері қарастырылады. Сонымен қатар
балабақшадағы балалардың тілін дамыту мен мектептегі
қазақ тілі әдістемесі арасындағы айырмашылықпен
байланыс жұмыстары жүргізіледі.
Бұл
пән мектепке дейінгі педагогика және психология білімінің бір
пәні. Бұл – келешек ұрпақты жан-жақты
тәрбиелеу ғылымы. Балалардың сөйлеу тілін, олардың
сөздерді және сөйлемдерді байланыстыра сөйлеуіне,
грамматикалық формада дұрыс сөйлеуінде сондай-ақ
тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуге баулиды. Міне осындай міндеттерді қарастыра
отырып, болашақ мамандарға жоғары білім бере отырып, мектеп
жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың
әдіс-тәсілдері мен жолдарын үйретеді. Олардың тілін
дамытудың әдістемесінің мазмұнын, мақсаттарын
қарастырады.
Бақылау сұрақтары:
1. Бала
тілін дамыту мақсатында қандай әдіс-тәсілдер
қолданар едіңіз?
2. Тәрбиеші
тілі – балалардың сойлеу тілін дамытудың негізгі көзі дегенді
қалай түсінесің?
Зертханалық сабақтың барысы: топ
студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық студенттер
бір уақытта бірдей жұмысты
орындайды. Әдістемелік көмек көрсету.
№1 тапсырма
Антоним сөздерді тап
Кең
өлкеде болды мұндай бір қызық:
Біреу асқан данамын деп білді
өзін,
Сол данышпен тікенекке жарғызып,
Шығарып алды абайсызда бір көзін.
Тым ақылды адам еді ол бағына,
Ақыл шіркін асып тұрса дау бар
ма:
Тікенекті бұта тауып тағы да
Кіргізіп алды бір көзіне сау
қалған.
№ 2 тапсырма
Балалар әдебиетінің туындыларынан
қалаған өлеңдеріңді жатқа айтып, бір
шумағын талдап беріңдер.
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№9 Зертханалық
сабақ
Кіріспе.
Зертханалық
сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту әдістемесінің зерттеу
әдістері
Мақсаты: Тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысын
айқындау
Сабақтың
теориялық мазмұны:
Тіл
дамыту әдістемесі – педагогикалық ғылым, балалардың
тілін дамыту ерекшеліктерін зерттейтін ғылыми пән. Онда тіл дамыту
әдістемесінің маңызы, тіл дамыту жұмысының
мақсаты мен міндеттері қарастырылады. Сонымен қатар
балабақшадағы балалардың тілін дамыту мен мектептегі
қазақ тілі әдістемесі арасындағы айырмашылықпен
байланыс жұмыстарын жүргізіледі. Тіл дамыту
әдістемесінің зерттеу әдістерін басқа ғылым
салаларымен де байланыстыры қарастыруға болады. Олар:
«Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы» /1999/,
«Білім беру туралы Қазақстан Республикасының Заңы»
/1999/, «Қазақ балалар бақшасында тәрбиелеу, білім беру
мазмұнының жаңғырту тұжырымдамасының
маңызы», «Мектеп жасына дейінгі мекемелердің базистік оқу
жоспары» /1995/.
Негізгі.
Бақылау сұрақтары:
Зертханалық
сабақтың барысы: топ студенттеріне тапсырмаларды тарату,
түсіндіру. Барлық студенттер бір уақытта бірдей
жұмысты орындайды. Әдістемелік
көмек көрсету.
№1 тапсырма
«Отан» тақырыбына
арналған өлең құрастыр.
№2 тапсырма
Кез-келген
дауыссыз дыбысты таңдап ал.
Халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалана отырып, оны
балаларға қалай үйретер едің?
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№10 Зертханалық сабақ
Кіріспе.
Зертханалық
сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту әдістемесінің
ғылым болып қалыптасуы.
Мақсаты: Тіл
дамыту әдістемесінің негізін қалаған
ғалым-зерттеушілердің еңбектерімен танысу, талдау
Сабақтың
теориялық мазмұны:
Тіл
білімінің яғни тіл дамыту әдістемесінің ғылым
болып қалыптасуына үлес қосқандардың ішінде
отандық ғалымдарымыздан ең бірінші
Б.Баймұратованың еңбектерін айтамыз. «Мектеп жасына дейінгі
балалардың тілін дамыту методикасы» А., 1991., «Мектеп жасына дейінгі
балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту», т.с.с. Оның еңбектерінде
бала тәрбиесіндегі ана тілінің рөлі, балаларды ауызша
сөйлей білуге үйретудің жолдарын, әдіс-тәсілдері
жан-жақты қарастырылған.. Сонымен қатар, К.Д.Ушинский,
Е.Н.Тихеева, А.М.Бородичтердің мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту
әдістемесіне байланысты еңбектерін атуға болады.
Негізгі.
Бақылау сұрақтары:
1.
Тіл дамыту әдістемесінің
ғылым болып қалыптасуына үлес қосқан ғалымдарды
атап өт. Қандай еңбектерін білесің?
2.
Тілдің дамуына өзің
қандай үлес қосар едің? Ол үшін не істеу
қажет?
3.
Балалардың тілін дамыту
мақсатында балалар әдебиетіне көп үлесін қосып
жүрген қандай ақын-жазушыларды білесің? Еңбегін
атап өтіңіз.
Зертханалық
сабақтың барысы: топ студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру.
Барлық студенттер бір уақытта бірдей жұмысты орындайды. Әдістемелік көмек
көрсету.
№1 тапсырма
Мектеп жасына
дейінгі балаларға түсінікті, мәнерлі болуы мақсатында
кез-келген өлеңді нақышына келтіріп, мәнерлеп,
жатқа айту. Екпін, дауыс ырғағына көңіл
бөлу.
№3 тапсырма
Төмендегі
көркем шығарманы ересек балалар тобына қалай
түсіндіріп, мәнін ашар едің? «Ландыш гүлі»
Біз
орманнан өте бере әдемі орын тауып алдық. Оқтай
түзу еменнің түбі салқын да сая, қарағай
мен жас қайың жапырағының иісі аңқиды.
Ағаштың түбінде құмырсқалар
әрлі-берлі жосып жүгіріп жүр.
-Қарашы, ландыштардың
көбін, иіскп көрші, иісі жұпардай аңқып
тұр! – деп айқайлап жібереді немерем.
Біз
ландыштан шоқ-шоқ гүл теріп, оны жас жапыраққа
орап, үйге ептеп алып келдік.
Ландыш
бізге өте ұнайды. Оның ақ шыныдан жасалған титтей
қоңырау тәрізді тап-таза гүлдерінің иісі
қандай тамаша десейші!
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№11 Зертханалық сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы:
Сөздік қорды дамытудың негізгі әдістері
Мақсаты:
Балалардың сөздік қорын дамытуда жүргізілетін
әдістердің түрлерімен таныстыру, меңгерту жолдарын
қарастыру
Сабақтың
теориялық мазмұны:
Сөздік
қорды дамытудың негізгі әдістеріне:
-балалардың сөздік қорын
молайту;
-грамматикалық жағынан
дұрыс сөйлеуге үйрету;
-грамматикалық қателерді
түзету тәсілдері;
-байланыстырып сөйлеуге үйрету;
-тіл дамыту сабақтарында
қолданылатын дидактикалық ойындар жатқызылады.
Мектеп
жасына дейінгі балаларды сөйлеуге сөйлетудегі басты
міндет-сөздік қорды молайту. Балалардың күнделікті
өмірден алынған әсерін, үйренген сөзін
анықтап отыру, жаңа сөз үйрету, үйренгенін
тиянақтау жұмыстары барлық сабақта және сабақтан
тыс уақытта да іске асырылады. Даярлық топта сөз үйрету
жұмысын жүргізе отырып, ол сөздерді балалардың белсенді
түрде қолдануын қадағалау да қажет.
Сөздік
қорды молайту ісі баланың айналадағы өмірден
алған әсеріне тікелей байланысты. Сондықтан сөздік
қорды молайтуда өмірді, адамның еңбек процесін,
табиғат құбылыстарын бақылату, экскурциялық
сабақтар өткізу басты роль атқарады.
Сөздік
қорды дамытуда мына мәселелер мұқият ескеріледі.
Негізгі.
Бақылау сұрақтары:
1. Балалардың
сөздік қорын молайту
2. Грамматикалық
жағынан дұрыс сөйлеуге үйрету
3. Грамматикалық
қателерді түзету тәсілдері
4. Байланыстырып
сөйлеуге үйрету
5. Тіл
дамыту сабақтарында қолданылатын дидактикалық ойындар
Зертханалық сабақтың барысы: топ
студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық студенттер
бір уақытта бірдей жұмысты
орындайды. Әдістемелік көмек көрсету.
№1 тапсырма
Баланың
сөздік қорын дамыту мақсатында бір-біріне жуық,
өзара мәндес
сөздерді, мағыналары бір-біріне қарама-қарсы
сөздерді тауып жаз!
Мысалы:
өжет
Батыл өткір қорқақ, бөтен,
шақ, қара, епті, қорқақ.
![]()
жүректі
![]()
ұзын, үлкен, алыс, т.с.с.
№2 тапсырма
Грамматикалық
жағынан дұрыс сөйлеуге үйрету. Осы ретте өз
алдына жеке мағынасы жоқ, басқа сөздерге қосылып,
көмекші мағынада жұмсалатын арт, үст, жақ,
қас, іш көмекші сөздеріне мысал келтіріп,
дұрыс айтуын қадағала.
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№12 Зертханалық сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы: Сабаққа
қойылатын талаптар
Мақсаты: балалардың
сөйлеу тілін дамыту жөніндегі
сабақтарға қойылатын талаптарды меңгерту.
Сабақтың
теориялық мазмұны:
«Балалар
бақшасының тәрбие программасы» тілді үйрету
жөніндегі арнаулы сабақтарда жұмыстың мынадай
түрлерін қамтиды: балалар тілін дыбыстық мәдениетке
тәрбиелеу, сөздік қорын дамыту, грамматикалық
дағдыларын қалыптастыру, қоршаған ортамен таныстыру
үшін байланыстыра сөйлеуге үйрету, көркем
әдебиетпен танысу, жатқа білу.
Әдетте,
балалардың тілін дамыту жөніндегі сабақтар кітап оқумен
– көркемшығарманы тыңдаумен немесе арнайы даярланған
әңгімемен басталады. Балалар байланыстырып сөйлеуді
тыңдап болған соң лексикалық, грамматикалық,
фонетикалық дағдыларды теңестіру мақсатымен оларды
жекелеген сөздерге, сөз үйлесімдеріне, дыбыстарға,
дыбыс үндестігіне адаптацияланған тілдің дидактикалық
материалдарымен жаттықтырады.
Жекелеген
сабақтар грамматикалық және дұрыс айту дағдыларын
дамытуға (дауыс мәнері мен интонациясын жетілдіре түсу
үшін); лексикалық дағдыларды дамытуға (жинақтау
сөздерінің мағынасын түсіну қабілеттілігі,
мәселен, ойыншық деген
сөздің жолжелкен, беде
дегеннен айырмашылығын білу т.б.) арналуы мүмкін.
«Балалар
бақшасындағы тәрбие программасы» тілді оқыту
жөнінде мынадай сабақтар өткізуді ұсынады.
|
Жас топтары |
Бір
сабақтың ұзақтығы (минутпен) |
Сабақтар |
|||
|
аптасына |
айына |
жылына |
|||
|
3 жаста 4 жаста 5 жаста 6 жаста 7 жаста |
10-15 15-20 15-20 20-25 30-35 |
4 3 3 4 4 |
16 12 12 16 16 |
192 164 164 192 192 |
|
Негізгі.
Бақылау сұрақтары:
1. «Балалар
бақшасының тәрбие программасы» тілді үйрету
жөніндегі арнаулы сабақтарда негізінен жұмыстың қандай
түрлері қамтылады?
2. Балалар
бақшасындағы тәрбие программасының әрбір
бөлімі бойынша айына шамамен қандай сабақтар
өткізіледі?
3. Тіл
дамыту сабақтарында қолданылатын дидактикалық ойындардың
түрлері туралы айтыңыз?
Зертханалық сабақтың барысы: топ
студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық студенттер
бір уақытта бірдей жұмысты
орындайды. Әдістемелік көмек көрсету.
№1 тапсырма
Сөз байыту жұмысын жүргізу үшін
оқылған шығарма туралы әңгімелесу, талдау,
сұрақ қою үлкен рөл атқарады. Осы
мақсатта төмендегі шағын шығарманы оқып
шығып, бірнеше сұрақтар даярлап, бейнелі, көркем
сөздерді іріктеп алыңдар.
Орманда бәрінен бұрын ерте
қой бүлдірген піседі. Қой бүлдірген орманның
кесілген ағаштарының түбінде орман алаңында, шіріген
түбірлердің айналасында және сайларда өседі. Қой
бүлдіреген – ормандағы ең тәтті, ең әдемі,
хош иісті жидек. Қой бүлдірген өсетін өзімізге таныс
орман алаңына біз жиі-жиі барып тұрамыз. Мен онда
қабықтан кішкен кәрзіңке тоқимын, ал Арман болса,
жидектердің піскендерін теріп, үйге алып келеді де, үй ішін
тегіс хош иісті жидекке тойғызады.
№2 тапсырма
Нақты затты (еліктеу әдісі)
бақылау тәсілі арқылы сөздің
мағынасын түсіндіретін мысал келтіріңіз.
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№13 Зертханалық
сабақ
Кіріспе
Тақырыбы: Әңгімелеудің түрлері
Мақсаты:
Әңгімелесу әдісін балабақшада оқу-тәрбие
жұмысында қолдану жолдарын айқындау.
Сабақтың
теориялық мазмұны:
Әңгімелесу
әдісі бақшадағы оқу-тәрбие жұмысында асты
роль атқарады. Әңгімелесу кезінде балалар күнделікті
өмірде көрген – түйгені жөнінде өз ойларын жүйелі
айтуға, тәрбиешенің қойған сұрағына
жауап беруге, сөйлемді дұрыс құрап, тәрбиешімен
сөйлесу арқылы қарым-қатынас жасауға
мүмкіндік алады. Балалардың бұрын көріп,
бақылаған жайттар туралы ойы бір арнаға түсіп,
жинақталады. Түрлі заттар мен құбылыстар жайында
жан-жақты сипаттап, салыстыра айтуға үйренеді. Әңгімелесу сабақтарының тақырыбын
іріктеп алып, әр салада жоспарлап отыру тәрбиешінің
шеберлігіне байланысты.
Әңгімелесу балалардың ойлау
қабілетін, логикалық ойын дамытуға негіз болады. Сабақ
үстінде олар үнемі ой еңбегімен әрекеттенеді,
сондықтан мұндай сабақ ұзаққа
созылмауға тиісті. Сабаққа әзірлік кезінде
тәрбиеші балалардың жас ерекшелігін, білім көлемін,
программалық материалды мұқият ескеруге тиісті.
Сабаққа қойылатын талаптар сұрақтар алдын-ала
әзірленеді. Ол сұрақтардың балалардың білімін
жан-жақты тиянақтап, жинақтайтындай, олардың
ой-өрісін, қабілеттілігін дамытарлық дәрежеде болуын
ескеру қажет.
Әңгімелесу
кезінде ескеретін мәселе - балалардың сабаққа
белсенділігін, қызығушылығын арттыру; олардың
сұраққа дұрыс жауап беруін, асықпай жүйелі,
уақиа желісін бұзбай, басқалар естірлік дауыспен айтуын
бақылып, қажет жерінде жәрдемдесіп отыру.
Бұл
жөнінде В.И.Тихеева мынадай талаптарды ұсынады:
1.Бала негізгі
тақырыптан алшақ кетпеуге тиісті
2.Қорытынды
пікірге жеткізу
3.Баланың
ойын бөлмеу. Кейбір ескерту түзетулерді әңгімелесудің
соңына қалдыру.
4.Әңгімелесу
еркін, табиғи қалыпта өтуі тиіс. Бала
сұраққа дұрыс жауап беруді талап ету.
Грамматикалық жағынан ойы дұрыс құрылған
қысқа жауап ұзақ сөзден ұтымды
болмақ.
5.Балалардың
өздіктерінен сұрақ қоя білетіндей дәрежеге жеткізуін
ескеру.
5.Үсті-үстіне
сұрақ қойып, баланы мазаламау. Білетін уақиғаны
өздігінен айтуға мүмкіндік беру.
6.Берілген
жауаптарды бағалауға балалардың өздерін
қатыстыру.
Негізгі.
Бақылау сұрақтары:
1.Әңгімелесу сабақтарында
балаларды сөйлеуге үйретудің жолдары қандай?
2.Әңгімелесу кезінде балалар
қандай мол мүмкіндіктерге қол жеткізеді.
3.Әңгімелесу кезінде ескерілетін
негізгі мәселелер?
4.В.И.Тихеева әңгімелеуге
қатысты қандай талаптарды ұсынады?
5. Әңгіме айтушыға
көмектесу үшін қойылатын сұрақтардың
түрлері қалай жіктеледі?
6.Әңгімелеп беруге үйретуде
тәрбиеші қандай тәсілдер қолданады?
7.Балаларды сурет бойынша
әңгімелеуге үйрету қалай өтеді?
8.Балалардың ойдан
құрастыруын қалай жіктеуге болады?
9.Балаларды ойдан
құрастыруға дайындау дегеніміз не?
Зертханалық сабақтың барысы: топ
студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық студенттер
бір уақытта бірдей жұмысты
орындайды. Әдістемелік көмек көрсету.
№1тапсырма
Әңгімелеп
берудің арнайы мақсаты – балалардың монологтық
сөзін дамыту. Төмендегі бес жастағы балаларға
арналған әңгімеден бірнеше сұрақтар
тізбегінің көмегімен орындалатын жоспар
құраңыз?
«Орман
гүлдері»
Біз
кәдімгі орман гүлдерін қатты ұнатамыз. Ең алдымен
бәйшешектер гүлдейді.
Ақ, көкшіл гүлдер күнге жарқырап,
көктемгі орман алқабын жайнатып тұр.
Көктемгі
алғашқы күндерінің бірінде Айдос орманнан гүлмен
оранған кішкентай ағаш тауып алды. Тырбиған
қызғылт гүлдер жіңішке бұтаққа
жабысып алған. Гүлдеп тұрған әдемі ағашты
біз үйге алып келіп, су құйған банкаға салып
қойдық. Мен Айдосқа бұл ағаштың
қасқыртіс деп аталатындығын айттым. Сонымен қатар ол
ерте қар кетісімен-ақ гүлдейді, ал оның жемісі мен
қабығы улы болатындығын айтып түсіндірдім.
Жаз
бойы орман ішін аралап жүріп талай ғажап
оқиғалардың куәсы боламыз.
№2 тапсырма
Төмендегі өлең жолдарын
мәнерлеп оқып, ішіндегі тірек сөздерге ойдан өлең
құрастыр.
Күз
Қарашы, күз келді,
күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен
керуенін түзеді
Қара бұлт қабағын
түйеді.
Бұталар боз қырау киеді,
Осы ма, осы ма күз деген
Мектепке баратын бізбенен?
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№14
Зертханалық сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы: Сөздікті молайту
сабақтарының түрлері.
Мақсаты: Бала
тілін дамытуда сөздік әдісін пайдалану жолдары
Сабақтың
теориялық мазмұны:
Сөз
– тілдің негізгі өлшемі. Ол былайша айтқанда бір мезгілде
тілдің барлық компоненттерінің – фонетиканың,
лексиканың, грамматиканың
өкілі болып табылады. Тілде сөз белгілі бір мағынаға
және тиісті грамматикалық тәртіпке ие болады, сөздерді
«жай», фонетикалық құрылыссыз және грамматикалық
формасыз, үйрену мүмкін емес.
Сәби
өмірінің алғашқы жылында тез ширайды. Оның
организміндегі өзгерісті тіпті апта сайын байқауға болады.
Денесінің өсуімен бірге баланың миы да толыса түседі,
яғни өз міндетін атқаруға әзірленеді.
Сонымен
қатар баланың тілі де шыға бастайды. Бөбек бір
жасқа дейінгі жоғарыда аталған кезеңдердің
әрқайсысында ересектерден жүйелеп сөйлеудің
компоненттері болатын фонетика, лексика, грамматика саласында сөйлеп
үйрену қарсаңындағы дағдыны қабылдайды.
Тілді игере отырып, ол арқылы айналасындағы әлемді танып біледі.
Сөйтіп, өзі де адам қоғамының толық праволы
бір мүшесіне айналады. Сөз құраудың
алғы шарттары. Бір жасқа дейін сәбилер үлкендермен
тек сезім арқылы түсініседі. Баланың
төңірегіндегі жақын адамдарға деген жағымды
сезімін, олармен қарым-қатынас жасауға ұмтылуын
қуаттап, оны өзіне айтылған сөздерге
құлақ салуға, қимылмен де, үнімен де, ал
кейінірек игерген сөздерімен де ересектердің назарын өздеріне
аударуға баулу тәрбиешілердің міндеті. Баланың
бұл жастағы уақытын оның денесінің және
өсуіне байланысты екі кезеңге бөледі: 1 жастан 1жас 6
айға дейін және 1жас 6 айдан
жасқа дейін.
Негізгі
Бақылау сұрақтары:
1.
Жеке адамның сөйлеу
органдарының жұмысынан алатын оның бұлшық
етінің сезіну қандай роль атқарады?
2.
Балаларды сөздің дыбыстық
жағының стилистикалық айырмашылығымен
таныстырудың қандай тәрбиелік маңызы бар?
3.
Ауызекі тілді дамытуда баланың
дұрыс тыныс алуын дұрыс жолға қою қандай
рөл атқарады?
4.
Балалардың әрбір жас тобымен
жұмыс жүргізу үшін тәрбиеші тақырыптық
сөздікті қалай құрастыруы тиіс?
5.
Сөздің грамматикалық
мағынасы деп нені айтады? Граматиканы оқытудың
қиындығы неде?
Зертханалық сабақтың барысы: топ
студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық студенттер
бір уақытта бірдей жұмысты
орындайды. Әдістемелік көмек көрсету.
№1 тапсырма
Түрлі жастағы балалардың сөзімен айтылатын
бірнеше диалог құрастырыңдар?
№2 тапсырма
Жаңылтпаштар
материалының негізінде дидактикалық ойын тәсілімен дауыссыз
дыбыстардың айтылуын қалыптастыру сабағын
жүргізіңіздер. Балалардың жасын және осы жасқа
сәйкес келетін дидактикалық материалды өздеріңіз
таңдап алыңыздар
Үлгі:
Құрықтан
құлдырап түстім
Сырықтан
сырғанап түстім.
Шеше
неше кесе сынды кеше.
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№15 Зертханалық
сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы: Дидактикалық ойындардың
маңыздылығы.
Мақсаты: Бала
тілін дамытуда дидактикалық ойындардың маңыздылығын,
түрлерін, оқу-тәрбие процесінде қолдану жолдарын
айқындау
Сабақтың
теориялық мазмұны:
Баланы
ана тілінде сөйлеуге, айналасын бақылап, тани түсуге
үйретуде жүргізілетін жұмыстардың негізгі бір
түрі - дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойындар мектеп
жасына дейінгі кезеңде баланың тілін дамытуда өте
маңызды роль атқарады. Балаға программалық
материалдарды меңгерту, үйренген білім дағдыларын бекіту
жұмыстары осы дидактикалық ойындар арқылы іске асады. Онсыз
сәбилерді қажетті білім – дағдыларын үйрету:
түрлі тәрбие жұмыстарын жүргізу; олардың сөздік
қорын молайтып, есту, көру, сөйлеу мөлшерін дамытып,
жаттықтыру қиындыққа соғатыны сөзсіз.
Даярлық топта атап айтқандай дидактикалық ойынның
маңызы зор болып келеді. Бұл ойындар программада және арнайы
методикалық еңбектерде көрсетілген. Түрлі
заттардың атын айтқызу, салыстыру, жұмбақ шештіру, т.б.
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің екінші жолы –
сөйлемді дұрыс қолдана білуге (бұл жастағы
балаларға грамматикалық ережелер айтылмайды). Сөйлем
құрап сөйлеуге үйрету ісі күнделікті сабақ
кезінде әңгімелесу, сұраққа жауап беру, тірек
сөздер арқылы сөйлем құрату (суретпен, суретсіз)
нәтижесінде іске асады. Мұндайда жұмбақ шештіру,
өздеріне жұмбақ айтқызу, мақал-мәтелдер
айтуға үйрету, өлең шумағындағы кейбір
жолдың басын оқып, соңын өздеріне айтқызу керек.
Ол үшін мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады: 1.
Шығарманы оқу, тыңдату, жолдың басын оқып,
қалғанын балаға айтқызу. 2. Өлең,
тақпақ, ертегі әңгімелерде кездесетін бейнелі,
көркем сөздерді іріктеп алып, балалардан оның мәнісін сұрау,
түсіндіру. Сол сөздерді қосып сөйлем
құрату.Үйренген сөздер жиі қатысатын суреттерді
көрсету, мәнісін сұрау. Ұқсас суреттерді беріп,
сөйлем құрату. Сәбилер тобындағы балалардың
көпшілігінің сөздік қоры аз, әлі өз
беттерімен сөйлеуге үйренбеген. Сондықтан олармен ойындар
көбірек өтіледі. Ойынның әртүрлі тәрбие
мақсатында қарай, алмастырылып отырады. Бұдан басқа
аулаға, серуенге шыққан кезде де, түрлі бақылау
уақыттарында да ойынға ерекше көңіл бөлінеді.
Ойын арқылы сәбилер өмір тіршілігіне қажетті жайттармен
танысады. Көргенін айтып беру арқылы сөйлеуге
жаттығады. Өйткені әрбір ойын оқылған материалды
бекіту, мазмұнын айқын
түсіндіру, көрген заттарын ойын арқылы нақтылап, есіне
сақтау мақсатында өтіледі.
Негізгі.
Бақылау сұрақтары:
Зертханалық сабақтың барысы: топ
студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық студенттер
бір уақытта бірдей жұмысты
орындайды. Әдістемелік көмек көрсету.
№1 тапсырма
Төмендегі бірнеше өлең шумақтарына интонация қойып,
тембрлік мәнермен (қуанышты, қайғылы, өкінішті,
аянышты) оқып шығыңдар.
Бұқа туралы
Кірпіні көріп тілімен бұқа
жылады,-
Қалады кірпі домалап.
Тікені кіріп – бұқаның тілі
қанады-
Әй, обал-ақ,обал-ақ. (өкпелеп)
Күледі
кірпі:-ақымақтығың болды әйгі, (кекесінмен)
Не
көрсең соны-ауызға салу болмайды. (ақыл айта)
Неке екені белгісіз
Жұлдыздар
да жасырынған түнекке,
Сыртта
тұман, көшені адам көргісіз.
Белгісіз бір мұң ұялап
жүрекке,
Жылағың келер –
неге екені белгісіз (қайғылы)
Алтынданып
таңда жапырақ құлағы,
Түс секілді құлпырса
әлем...
Енді
сіз
Күлгіңіз кеп тұрар неге
екені белгісіз (қуанышты)
Жаттап,
сахналық элементтері туралы ойлаңыздар (мимика, қимыл
әрекет) , мәнерлеп оқуға
жаттығыңыздар!
№2 тапсырма
«Көріп
қал, есіңде сақта» ойынын ішінара өздеріңіз жасаңыздар.
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№16 Зертханалық сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы: Балабақшадағы балалар тілін
дамыту әдістемесінің мазмұны, міндеттері мен
әдіс-тәсілдері
Мақсаты: Мектепке дейінгі балаларды тілге
үйретудің мазмұны, жұмысты ұйымдастыру мен
оқытудың негізгі әдістерін меңгерту.
Сабақтың
теориялық мазмұны:
Мектепке дейінгі педагогика және психология
ғылымы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту,
сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету,
сөздің дыбыстық құрамын меңгерту
мәселелеріне жан-жақты көңіл бөліп, бұл
жұмысты ақыл-ой тәрбиесмен бірлікте қарастырады.
Өйткені ойлау процесі заттар мен құбылыстардың жалпы
сипатын, заңды байланыстары мен кейбір ерекшеліктерін бейнелесе, сол
заттардың шындық болмысы ойда сәулеленетін ұғым
арқылы көрінеді. Ал сөйлеу – ойлаудың негізгі формасы.
Мектеп жасына дейінгі балалардың
сөздік қоры мен сөйлеу дәрежесі жөніндегі
әдебиеттерге талдау жасағанда көрнекті ғалымдар
баланың сөз меңгеру ерекшеліктерін жан-жақты қарастырған.
Баланың сөздік функциясын меңгерту туралы (Л.С.Выготский, А.А.Люблинская),
сөздің дыбыстық құрамын меңгерту
ерекшеліктері (В.П.Вахтеров, Ф.А.Сохин, И.И.Попова), сөздік қорды
меңгерту заңдылықтары туралы (Е.А.Аркин, Н.А.Рыбников)
еңбектер соның айғағы.
Балалар балабақшасы балардың
жан-жақты дамуын – дене, ақыл-ой, адамгершілік және
эстетикалық тәрбие беру мәселелерін алдына мақсат етіп
қояды, оны тілді үйрету процесі кезінде жүзеге асырады.
Ясли мен балалар бақшасындағы мектепке
дейінгі сәбилер мен балаларды тілге үйретудің мазмұны,
жұмысты ұйымдастыру мен оқытудың негізгі әдістері
«Балалар бақшасындағы тәрбие программасында»
анықталған.
Оқыту әдісі деп білімді бір адамнан
екінші адамға беру мақсатымен орындалатын үйренуші мен
үйретушінің іс-әрекетін айтады.
Мектепке дейінгі кезеңдегі тілдің
дамуына мынадай практикалық әдістер тән: еліктеу әдісі,
әңгімелесу, қайталап айту, әңгімелеп айту
(құрастыру) әдісі.
Балабақшада бала тілін дамытудың
міндеттеріне балаларды сөздің дыбыстық мәдениетіне
тәрбиелеу, сөздік қорын дамыту, грамматикалық
дағдыларын қалыптастыру, байланыстыра сөйлеуге үйрету,
көркем әдебиетпен таныстыру
болып табылады.
Негізгі.
Бақылау сұрақтары арқылы анықтау:
Зертханалық сабақтың барысы: топ
студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық студенттер
бір уақытта бірдей жұмысты
орындайды. Әдістемелік көмек көрсету.
№1 тапсырма
Дидактикалық ойын тәсілі арқылы (еліктеу әдісі)
грамматикалық форманы үйретуге мысал келтіріңіз.
№2 тапсырма
Сюжетті ойындар мен драмалық ойындар (еліктеу әдісі)
тәсілдерімен сөз байланысына үйрету мысалын келтіріңіз.
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№17 Зертханалық сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы: Балаларды байланыстырып сөйлеуге
үйрету әдістемесі
Мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың тілін
дамытуда байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесін
меңгерту.
Сабақтың
теориялық мазмұны:
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда
байланыстырып сөйлеуге үйрету басты орын алады. Байланыстырып
сөйлеуге үйрету барлық сабақтарда болады. Тіл
дамытуға байланысты компоненттерді ескере отырып сабақ комплексті
жүргізіледі. Байланыстырып сөйлеуді жетілдіре отырып жеке сөздердің
тура мағынасы мен ауыспалы мағынасына, сөздің көп
мағыналылығына көңіл бөлу қажет.
Оларға синоним, антоним, теңеу, салыстыру мағынасын беретін
бейнелі көркем сөздерді үйрету маңызды.
Сөздік
жүргізудің негізгі әдістері: балаларға айналадағы
өмірді бақылату, сурет көрсетіп әңгімелесу.
Диафильмдер көрсету. Көркем әдебиет шығармаларын
оқып, тыңдату. Осының бәрінде балаларға
жаңа сөздерді түсіндіріп, түрлі жаттығулар
арқылы бекітіп отырады. Бекіту сабағында ойыншықтарды,
дидактикалық ойындарды қолданады.
Байланыстырып
сөйлеуге үйрету әдістемесі:
Әңгімелесу
әдісі диалог туралы сөйлесуді үйрету мақсаты көзделеді.
«Диалог – екі не одан көп адамдардың әңгімелесуі.
Әңгіменің мақсаты, әдетте, бір жайында
сұрап, оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі
болуға шақыру». Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету
екі формада өтеді: өзара еркін сөйлесу, арнайы өткізілетін
сабақтар. Әзірленбеген әңгімелесу күнделікті
қарым-қатынаста жүргізіледі. Диалог түрінде
байланыстырып сөйлеуге үйретуден арнайы сабақтар
әңгімелесу және еліктеу әдісінде өткізіледі:
алдын-ала әзірлеген әңгімелету тәсілдері,
сахналық түрге бейімдеу.
Алдын-ала
әзірленген әңгіме дегеніміз – сабақ
қарсаңында тәрбиеші балалардың көңілін
өздерін қоршаған тіршіліктің келесі
әңгімеге тақырып боларлық бір
құбылысқа аударуы. Әзірліктің ең тиімді
тәсілі – сабақ өтілетін не соған жақын
тақырыпқа еркін түрде алдын ала әзірленбеген
әңгіме өткізіп алу.
Монолог
(әңгімелету) сөзге балаларды жүйелі үйретуді
шамамен 5 жастан бастайды. Бұған әзірлік екі жастан,
оларға тақпақ оқып, оны жаттатқан кезден бері
жүргізіледі. Монолог түрінде сөйлеуге үйретудің
әдістері – қайталап айту мен ойдан шығарып айту. Монолог түрінде сөйлеуге
үйретудің әдістерін меңгеру үшін тәрбиеші:
балаларды тыңдауға, оларға ойдан шығаруға,
қайталап айтуға, әңгімелесуге көмектесуге
міндетті. Монолог нақты фактілер жөнінде хабарлайды, ал нақты фактілер бір-бірімен
әрқашан мезгілдік немесе себеп-салдарлық байланыста болады.
Бір мезгілде болатын
фактілер туралы айту суреттеу деп аталады.
Бірінің соңынан бірі келетін фактілер
туралы айту баяндау деп аталады.
Себеп-салдарлық
қатынаста болатын фактілер туралы айту пікір айту деп аталады.
Негізгі.
Бақылау сұрақтары арқылы анықтау:
1. Диалогтық тіл мен монологтық
тілдің бір-бірінен айырмашылығы неде?
2. Монологтық тілдің қандай
типтері бар?
3. Байланыстыра сөйлеуге үйретуде
баланы сөйлеу алдында даярлау не үшін қажет?
4.
Көркем шығарманы сахналаудың тәсілдерін атаңыз?
Зертханалық сабақтың барысы: топ
студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық студенттер
бір уақытта бірдей жұмысты
орындайды. Әдістемелік көмек көрсету.
№1 тапсырма
Төмендегі өлең жолдарынан
ауыспалы мағынаны білдіретін тіркестерді
табыңыздар және бейнелі тіркестерді балаларға
қалай түсіндіресіздер.
Үлгі:
- Мама
біздіңкіне Сара апай келе жатыр, ал папам: «Міне Сара жүзіп
келеді», -дейді.
Шешесі
былай түсіндіреді:
-Әрине,
Сара апай біздіңкіне жүзіп келе жатқан жоқ, жай
жүріп келеді, бірақ, ол бейне жүзіп келе жатқандай,
баяу жүргендіктен папаң «жүзіп келеді» деді.
Аққулардың қалай жүзетіні есіңде ме?
-Иә, екеуміз Олардың
жүзгенін көрдік қой.
***
Көтеріле
аспандай,
Көкте
сұрша бұлт көшіп.
Жерге
інжу шашқандай,
Күміс
моншақ шық түсіп.
Қайың,
терек басынан
Сарғылт
тартып жапырақ.
Жерге
түсіп шашылған,
Жел
үрсе тек қалтырап.
Беті
қызыл алмадай,
Балаплары
ойнаған.
Анасындай
аймалай,
Мектеп
тұр қол бұлғаған.
Кемедей
көшіп комбайн,
Алтын
дария егінді.
Сүзіп
жүр маржан бидайын,
Күзіміз
неткен көңілді!
№2 тапсырма
Балаларды диалог түрінде сөйлуге
дағдыландыру мақсатында алдын ала әңгімелесу
әдісімен «Транспорт түрлері», «Күзгі бақта» т.б. еркін
тақырыптар бойынша жоспар құрыңыздар.
№3 тапсырма
Төмендегі мәтінді суреттеу
монологына жатқызамыз. Осы мәтіннің тақырыбын белгілі
бір дәрежеде сақтай отырып, баяндау және пікір айту
монологына айналдырыңыз.
Қысқы кеш.
Ішін тарта, сұрлана боран соғып
тұр. Кейбір үйдің терезесінен, кей үйдің
маңдайшасынан жылтырап көрінген электр шамы болмаса, ауыл ақ
қар жамылып, түн құшағына бұғып,
мүлгіп қапты. Түтеген бораннан қыбырлаған жан,
қарайған бұта көрінбейді. Жалғыз-ақ
ысқырынған желден үркіп, жаяу борасын үйден,
төмпешіктен-төмпешік қуып, жыландай сумаңдай
қағып, дамылсыз аралап жүр.
Кейде ол қақпаға үйіріле соғып, сәл
толастап кідіреді, кейде құтырынып, ақ шаңын
будақтатып, екінші тұстан бұрқ етеді де, күшейген
желден бел алып, қайтадан сумаңдай әр үйдің
әйнегін тырс-тырс қағады.
(М.Иманжанов)
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№18 Зертханалық
сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы: Балалардың сөздік қорын
молайту әдістемесі
Мақсаты:
балаларға сөздік қорын меңгертудің
әдіс-тәсілдерін меңгерту
Теориялық
мазмұны:
Әр
баланың лексикалық сөз қорын толықтыру баланы
айналадағы заттармен таныстыру процесінде жүзеге асады. Сөз баланың
жадында сол сөздің өзі білдіретін (кодымен шифрлейтін) зат
немесе іс-әрекет жөніндегі түсінікпен бірге немесе өзі
сай келетін ұғымдар жөніндегі енеді.
Баланың ана тілі
сөздерін үйрену процесі осы сөздерге сай келетін заттарды
зерттеумен қатар жүреді: бала заттарды қарап,
шұқып, ұстап, сипап көреді, олардың дәмі
мен исін байқайды. Баланың назары ауған зат оның
санасына барлық бес сезім органдары – көру, есту, иіс сезу, дәм
сезу, сипап сезу органдары – арқылы енеді. Дүниені сезім
арқылы танып білу баланың эмоционалдық сезімдерін дамытады.
Затты сөздің жәрдемімен сезімдік қабылдау баланың
жадында осы зат жөніндегі түсінік ретінде берік
орныққан соң, оны атайтын сөз баланың жадында
ең алдымен, ол осы затпен сезім арқылы жанасқан кезде бастан
кешірген сезімдерінің бәрін
қоздырады. Сөзді осылайша қабылдау поэтикалық
қабылдау деп аталады. Егер тәрбиеші баланың санасына жас
кезінен бастап ана тілі сөздерін оның бар поэтикалық
мәнерімен сіңіре білген болса, онда балада адамның өзі
ойлап тудыруына ғана қажетті емес, сондай-ақ
ақындардың творчествосын түсінуге қажетті
поэтикалық қабілет дамиды. Сөздің сезімдік негізін
меңгерген соң бала оның жалпылауыш маңызын
түсінуге қабілетті болады.
Бала
өзін қызықтырған заттарды немесе құбылысты
білдіретін сөздерді тез және тиянақты жаттап алады. Алайда бұл процесс тәрбиеші
сөздерді айтудың төмендегідей методикалық ережесін
сақтаған жағдайда ғана жүзеге асады:
1) сөзді
бала еститіндей, дауыстап айтады;
2) сөзді
анық етіп, яғни артикуляциясын дұрыс қойып, жігермен
айтады;
3) сөздің
белгілі бір дыбыс компонентін бұрмалайтын жасанды айтудан аулақтай
отырып, орфоэпия ережелерін сақтайды;
4) сөйлемге
бұл сөзді мүмкін болғанша оның көптеген
грамматикалық формаларды көрсететіндей етіп енгізуге тырысады.
Балалар
өздерін қоршаған заттарға үнемі
қызыға бермейді және олардың атын әрқашан
сұрап отырмайды. Балалардың айналасындағы көптеген
заттарға, сапалар мен іс-әрекеттерге олардың назарын
тәрбиеші өзі аударып отыруға тиіс. Тәрбиеші мұны үнемі,
қатаң түрде «Балалар бақшасының тәрбие
программаларында» сәйкес атқарады. Өзінің балаларды
айналадағы заттармен таныстыру және тіл дамыту
жұмысының жоспары бойынша ол тақырыпты белгілейді және
өзіне бір күнге немесе бір аптаға арналған сөздік құрастырады,
бұл сөздікті балалар оның жәрдемімен тиісті мерзімде
үйренеді. Балалардың бір апта ішінде үйрене алатын
сөздерінің шамасы: 3 жас – 5 сөз, 4 – 10 сөз, 5 – 15
сөз, 6 – 20 сөз, 7 – 30 сөз.
Арнаулы сабақтарда
балалардың сөздік қорын байыту әдістері мен
тәсілдері. Фонетикалық жаттығулар сияқты лексикалық
жаттығулар да тұтасымен осы тақырыпқа арналған
сабақтарда сирек жүргізіледі; мұндай жаттығулар
байланыстыра сөйлеуді дамыту және көркем әдебиетпен
таныстыру сабақтарына енгізіледі.
Мысалы байланыстыра сөйлеуді
дамытудың белгілі бір сабағы 20 минутқа есептелген болса,
оның 2 минуттан 10 минутқа дейінгі мөлшерін арнайы
лексикалық жаттығуларға пайдалануға болады; жазушының
лексикасын түсіндіру керек болған жағдайда лексикалық
жаттығулар көркем әдебиетпен таныстыру сабақтарына
енгізіледі.
Лексика бойынша арнайы
жаттығулардың нақты лингвистикалық міндеттер болады: 1)
сөздің жалпылау мағынасын түсінуді дамыту; 2)
«тұтас және оның бөліктері» қатынасын
түсінуді дамыту; 3) сөздің дерексіз мағынасын
түсінуді дамыту; 4) морфология
саласынан (морфемалардың абстрактылық мағынасын
меңгеруде) тіл құбылыстарын айыра білу қабілетін
дамыту; 5) антонимдерді сөздердің мағынасын ұғыну
құралы ретінде түсіне білу; 6) стилистикалық сезім
қабілетін дамыту; 7) сөздердің тасымал мағынасы мен
этикалық, ұғымдарды (көркем әдебиетпен танысу
арқылы) түсіне білу.
Негізгі.
Бақылау сұрақтары:
1.Балалар
жаңа сөздерді тез де тиянақты үйрену үшін
тәрбиеші жаңа сөздерді айтудың қандай ережесін
сақтауы тиіс?
2.Сөзді
поэтикалық қабылдау және
сөзді жалпылай қабылдау деген нені білдіреді.
3.Лексикалық жаттығулардың міндеттерін,
бала лексиконын дамытудағы орнын
айқындаңыз.
Зертханалық сабақтың барысы: топ
студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық студенттер
бір уақытта бірдей жұмысты
орындайды. Әдістемелік көмек көрсету.
№1 тапсырма
Өз қалауыңыз бойынша бір
мезгілге арнап әр түрлі жас
топтарындағы балалардың
сөздік қорын байыту үшін тақырыптық
сөздік құрастыр.
(тақырыбы, сөз мөлшері)
№2 тапсырма
1-вариант
1) Балалардың сөздің
жалпылау мағынасын түсінуін дамытатын және «тұтас
және оның бөліктері» қатынасын түсінуді
дамытатын лексикалық
жаттығуларды жүргізуде қандай дидактикалық ойындарды
қолдануға болады? (жас ерекшеліктеріне қарай топтап, мысал
келтіріңдер).
2-вариант
1)
Морфология саласында тілдік сезінуді дамытуға және
антонимдерді үйренуге арналған лексикалық жаттығуларды
жүргізуде қандай дидактикалық ойындарды қолдануға
болады? (жас ерекшеліктеріне қарай топтап, мысал келтіріңдер).
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№19 Зертханалық
сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы: Сөздің грамматикалық
құрылысын қалыптастыру әдістемесі
Мақсаты: балаларға
сөздің грамматикалық дағдыларын
қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін
меңгерту
Теориялық
мазмұны:
Грамматикалық
мағыналар – бұл болмыс құбылыстары арсындағы
сөз арқылы білдірілетін қарым-қатынастар
мағынасы, яғни бұл логикалық (ойлағыштық)
қатардың тілдік мағыналары. Грамматикалық
мағыналар сөз тудырушы морфемаларға және синтаксисте
грамматикалық мағыналарға бөлінеді. Тілді түсіну
үшін оны құрайтын сөздердің арасындағы
грамматикалық қатынастарды түсіну керек. Ана тілінің
грамматикалық мағыналарын үйретудің
қиындығы мынада: бұл мағыналарды оқытушының
өзі (ана, тәрбиеші, кейде тіпті мектептегі мұғалім)
жете түсінбейді және оларды ана тілін табиғи қабылдау
процесінде меңгеріп, интуициялық жолмен қолданады.
Грамматикалық мағыналарды меңгерудің өзі
(интуициялық, жеткіліксіз дәрежеде) адамды ойлана білетін етеді.
Грамматикалық
мағыналарды үйрену процесінде балада грамматикалық
дағдылар қалыптасады.
Грамматика бойынша
жүргізілетін жаттығулар балалардың осыған дейін
үйреніп болған лексикалық және фонетикалық
материалдарын бекітуге арналған жаттығуларымен қатар
жүргізіледі. Балалар алдын ала аздаған сөз мөлшерін
үйренбейінше, дыбыстарды қалай айтуды және сөйлем
интонациясының ерекшеліктерін білмейінше грамматикалық
жаттығулар жүргізу мүмкін емес. Балалардың тілін
грамматикалық формалармен байыту олардың сөздік қорын
молайту мен фонетикалық дағдыларын дамыту процесінде жүреді.
Негізгі.
Бақылау сұрақтары:
1.Сөздің
грамматикалық мағынасы деп нені айтайды?
2.Бала тілінде
грамматикалық қателердің қандай сипаттары басым?
3.3-4 жасар балалар тілінің негізгі
грамматикалық белгілерін атаңдар.
4. Бес-алты жастағы балалар тілінің
грамматикасын сипаттап беріңіз.
Зертханалық сабақтың барысы: топ
студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық студенттер
бір уақытта бірдей жұмысты
орындайды. Әдістемелік көмек көрсету.
№1 тапсырма
Балалар тілінің грамматикалық
жағынан дұрыс дамуы үшін дидактикалық ойындардың
бір түрін айтып , оны жүргізу жолдарын
түсініріңіздер.
№2 тапсырма
Әр жастағы балалар топтарында
грамматикалық дағдыларды дамыту бойынша сабақтарға Л.П.
Федоренко, Г.А. Фомичева, В.К. Лотаревтың
«Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы» атты
оқулығы бойынша конспект жасаңыз.
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№20 Зертханалық
сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы:
Сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу
әдістемесі
Мақсаты:
мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыстық мәдениетін
жетілдірудің жолдары мен әдістерін меңгерту.
Теориялық
мазмұны:
Сөз
дыбыстары, интонацияның жекелеген элменттері (просодемалар) –
дауыстың күштілігі, тоны жоғарлығы,
қарқыны, ырғағы, тембрі – тілден бөлек
өздігінен еш нәрсені көрсетпейді, сөз дыбыстарынан
морфемалар құралады, сөз дыбыстары мен просодемалардан
сөздер құралады, просодемалар сөздердің бірігуі
мағынасын береді.
Сәби
сөйлеуге үйренеді. Бұл: 1) сол тілге тән барлық
фонемаларды артикульдеуді; 2) орфоэпияның ережсі бойынша сөздегі
белгілі бір позицияда тұрған дыбыстар мен дыбыстардың
үндесуін айтады; 3) интонацияны жасайтын просодемаларды модульдеуді алдын
ала үйренгенде ғана мүмкін болады.
Логопедтер
сөз дыбыстарын олардың айтылуын қамтамасыз ететін
артикуляциялық органдардың жұмыс істеу сипатына қарай
былайша бөледі:
А)
«ерте онтогенез» дыбыстары (онтогенез дегеніміз бала организмінің жеке дамуы): а,о,у,и,және дауыссыз
м,п,б,т,д,н,г,х,й,с дыбыстар;
Б)
«орташа онтогенез» дыбыстары: дауысты ы; меңгерілген дауыссыз дыбыстарды
ұяңдығы және қатаңдығы бойынша
жіктеу; (л); барлық дауыссыз дыбыстарды үндендіру;
В)
«кейінгі онтогенез» дыбыстары:
тілдің алдының көтерілуін қажет ететін р,р, ш, ж, щ
дыбыстары, л, ц дыбыстары.
Сөз
дыбыстарын бұлайша бөлу баланың белгілі бір артикуляцияны
меңгере алатын жас мөлшерін де көрсетеді. Сөз
дыбыстарын бұлайша бөлу баланың белгілі бір артикуляцияны
меңгере алатын жас мөлшерін де көрсетеді. Сөз
дыбыстарының осылайша бөлінуіне орай түрлі жастағы
балаларға арнап дыбыс жаттығуларын жүргізу белгіленеді. Сөйлеу қабілеті ойдағыдай
дамып келе жатқан балаларға арналған артикуляциялық
жаттығулар баланы дұрыс атуға үйрететін дыбысты
қамтитын сөздер мен сөйлемдерді олардың дауыстап
айтуынан тұрады. Жаңылтпаштар мен белгілі бірыңғай
дауыссыз дыбыстар қайталанып келіп отыратын өлеңдер бұл
жерде дидактикалық материал қызметін атқарады.
Тәрбиешінің
дыбыстарды дұрыс айтуына еліктеу жаттығудың негізгі
әдісі болып табылады. Барлық артикуляцияларды пысықтау
жұмысы көркем шығармаларды оқу және қайта
айтып беру, тақпақ жаттау сабақтарында жүргізіледі.
Балалар
жекелеген просодемаларды орындауға, яғни дауыстың
күшіне, үн жоғарлығына, сезім күйін білдіретін
тембріне қарай модулдеуге сөйленетін сөздің
қарқынын өзгеру қабілетіне жаттықпайынша,
оларға сөйлемнің аяқталған интонациясы мен
сөйлемнің мағыналық бөлігінің әр
түрлі интонациялық фигураларын үйрену қиын болады.
Еліктеу
әдісі – проседемаларды үйрену үшін пайдаланылатын
жаттығулардың негізгі әдісі. Бұл әдісті
жүзеге асыру тәсілдері: а) дидактикалық ойындар; б) сюжеттік
ойындар.
Балаладың
мәнерлі сөйлеу дағдысы сөздің тембрлік
мәнерін қалыптастыру процесінде тәрбиеленеді.
Тембр
сөзі екі мағынада қолданылады:
1) өзінің қалауына
қарамастан тексті мәнерлеп айтушы сөзімен қатар
жүретін оның дауыс бояуы, әр адамның табиғи
дарыны мен психикалық ерекшеліктері де дауыстың өзіндік
бояуына өзгешелік қасиет береді. 2) тексті мәнерлеп айту
теориясында тембр сөзін тексті мәнерлеп айтушының әр
түрлі сезімдерді бейнелеу үшін өз дауысына әдейі
беретін мәнері мағынасында қолданады. Мұнда әр түрлі сезімдер
ретінде қуану, ренжу, таңдану т.б. сезімдер еске алынып отыр.
Өз
даусын тембрге сай (екінші мағынада) модульдей білу қабілеті –
тексті мәнерлеп айтушының тамаша жетістігі, ал бұл
қабілетті жаттығулар арқылы дамыта түсу сөйлеу
мәдениетін жетілдіруге барынша септігін тигізеді.
Балалардың
дұрыс айту дағдысын қалыптастыруда арнаулы сабақтар да
жүргізіледі:
Фонетика
бойынша арнаулы сабақтардың
әрқашан да нақты міндеттері болады: 1) дұрыс
тыныс алуды қалыптастыру; 2) сөз ритмін үйрену (буынға
бөлу); 3) сөздің жекелеген дыбыстарының айтылуын
үйрену; 4) жекелеген просодемаларды модулдеу дағдыларына ие болу;
5) сөйлемнің аяқталған интонациясын немесе
сөйлемнің мағыналық бөлімінің интонациялық
фигураларын айту дағдыларын ие болу.
Негізгі.
Бақылау сұрақтар:
1) Сөз
дыбыстарын «ерте онтогенез», «орташа онтогенез», «кейінгі онтогенез»
дыбыстарына бөлу неге негізделген?
2) Проседемаларды
үйрену үшін пайдаланылатын жаттығулардың негізгі
әдісі қай әдіс?
3) Дыбыстарды
дұрыс айта білу мәдениетін қалыптастыруда арнаулы
сабақтардың міндеттері?
Зертханалық сабақтың барысы: топ
студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық студенттер
бір уақытта бірдей жұмысты
орындайды. Әдістемелік көмек көрсету.
№1 тапсырма
Балалардың
артикуляциясын дұрыс қалыптастыру мақсатында қандай
тыныс алу, ерін мен тілге арналған
жаттығуларды
білесіңдер, оларды ойын түрінде қалай жүргізуге
болатынын түсіндір.
№2тапсырма
Жаңылтпаштар
арқылы дауыссыз дыбыстардың
дұрыс айтуын қалыптастыруда қандай дидактикалық
ойындар қолдануға болады? (жас ерекшелігіне қарай)
№3 тапсырма
Төменде берілген тақпақтарды тембрлік мәнерін
келтіре оқыңыздар.
Көктем
Келеді көктем аптығып,
Тырналар ұшты тізіліп.
Алтынға жалқын батты күн,
Көк бұлақ күлді
үзіліп.
(қуанышты)
Көжек
Иесі ұмытып көжекті,
Көжекке жаңбыр тез өтті,
Орындықтан түсе алмай
Көжек қақты безекті.
(аянышты сезіммен)
Бұқа туралы
Кірпіні көріп тілімен бұқа
жалады, -
Қалады кірпі домалап.
Тікені кіріп – бұқаның тілі
қанады –
әй, обал-ақ, обал-ақ.
Күледі кірпі: -
ақымақтығың болды әйгі,
Не көрсең соны – ауызға
салу болмайды.
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау графигіне
сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс нәтижесі
сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№21 Зертханалық
сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы:
Көркем әдебиетпен жұмыс істеу әдістемесі
Мақсаты:
болашақ тәрбиешілердің көркем әдебиетпен
жұмыс жүргізе білу әдістерін меңгерту.
Теориялық
мазмұны:
Көркем
әдебиет шығармалары балалар алдына адамға тән сезімдер
дүниесін ашып, жеке адамға, кейіпкердің жан дүниесіне
қызығушылық тудырады.
Көркем
шығарма кейіпкерлерімен бірге қуану-қайғыруды
үйрене отырып, балалар өзінің төңірегіндегілерді
көңіл-күйін байқай бастайды. Оларда адамгершілік сезім
– қайырымдылық қасиет, әділетсіздікке қарсы
тұру қабілеті ояна бастайды.
Бұл – принципшілдік, адалдық, нағыз азаматтық
қасиеттердің қалыптасу негізі.
Баланың
сезімі тәрбиеші таныстырған шығарманың тілін
түсініп, оны ұғыну процесінде дамиды.
Баланың
көркем әдебиетпен таныстығы халық творчествасының
ең кішкене түрлері – тақпақ, өлең,
халық ертегілерінен басталады. Бұдан кейін сәбиге авторы бар
ертегілер, өлеңдер, әңгімелер оқылады. Сондай-ақ жеңіл
қалжыңды тақпақтар, жаңылтпаштар,
жұбақтар – педгогикалық әсер берудің ең
тиімді құралы, жалқаулық,
қорқақтық, эгоистік сияқты жағымсыз
қылықтарға қарсы жақсы «дәру».
«Балалар
бақшасындағы тәрбие программасы» балаларды көркем
шығармалармен таныстыруды арнайы сабақтар жүргізмен де,
сабақтан тыс уақыттар да жүргізуді ұсынады. Арнайы
сабақтарды тәрбиеші балаларға оқып немесе
әңгімелеп бере алады. Оған кітаптан оқып беруге де,
жатқа айтуға да болады.
Мұндай
сабақтар өткізудегі міндеттердің бірі – балаларды дауыстап
оқушыны немесе әңгіме айтушыны тыңдай білуге
үйрету.
Балаларға
арналған көркем шығармаларды жаттап, алу, оны мәнерлеп
оқи білу – тәрбиешінің сол мамандықты жетік
меңгергендігінің басты белгісі.
Балаларды
көркем шығармамен таныстыру сабақтарын олардың жас
айырмашылықтарына байланысты жүргізуді тәрбиешілер әр
түрлі ұйымдастырады.
Оқу
үстінде керек болатын көрнекі құралдарды:
ойыншықтарды, картинаны, портретті балаларға үлестіріп
беретін суретті кітапшаларды және тағы басқаларды
тәрбиеші бастамас бұрын әзірлеп қояды.
Балаларды
тыңдау, есте сақтау, түсіну дағдыларын
қалыптастыратын қосымша методикалық тәсілдерді
пайдалануы тиіс. Ол тәсілдер:
1) тексті
түгел қайталап оқу; 2) оның жеке бөлімдерін
қайталап оқу;
Оқумен қоса мыналар
жүргізілуі мүмкін: балалардың ойын қимылдары; көрнекі құралдарды
пайдалану; ойыншықтарды, муляжды қарау; иллюстрацияларды
қарау; тыңдаушылар көңілін нақты объектілерге
бөлу;
3)сөзбен көмектесу:
балалардың өмірінен немесе басқа бір көркем
шығармаларда кездесетін ұқсас оқиғалармен
салыстыру.
Негізгі.
Бақылау сұрақтары:
1) Әр
жастағы балалар халық шығармасының көркем
шығармларымен және авторлық шығармаларымен қандай
жүйе бойынша танысады?
2) Көркем
шығармамен таныстыру сабақтары қалай ұйымдастырылады?
3) Көркем
шығармалар тыңдай білуді жеңілдететін методикалық
тәсілдерді атаңыздар?
Зертханалық сабақтың барысы: топ
студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық студенттер
бір уақытта бірдей жұмысты
орындайды. Әдістемелік көмек көрсету.
№1 тапсырма
Балалардың жас ерекшелігіне қарай көркем шығарма
түрлерін таңдаңыздар. Шығарма мәтінін
графикалық белгілермен белгілеңіздер:
А)
дыбыс үзілісі (тік сызық)
Б)
логикалық екпін (логикалық екпін түсетін сөздің
астын сызыңыздар)
В)
тонның жоғарылауы,
төмендеуі (↑↓)
Г) дауыс тембрі туралы ескертпелер
(дәптер шетіне: қуанышты, кінәлайтын, қайғылы,
ұстамдылықпен) т.б.
Д) сөзбен қабаттаса жасалатын
қимыл туралы ескертпелер (дәптер шетіне: қол соғу, бас
шайқау, көз аларту, т.б.)
№2 тапсырма
Топтасыңыз әзірлеген
көркем шығарма текстін тыңдап, баға беріңіздер.
Әсіресе орфоэпия ережелерінің дұрыс сақталуын
бақылаңыздар.
№3 тапсырма
Көркем шығарма түрлерін балалардың жас ерекшелігіне
қарай топтап, үлгі тізімін жасаңыздар.
Үлгі:
Екі жастағы балалар үшін:
«Алақай-ау, алақай»,
«Қораз-қораз» - тақпақтары
«Шалқан» - ертегі
Қ. Баянбай. «Қожалақ» -
өлеңдері
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№22 Зертханалық
сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы:
Балаларды кітап мұқабасымен таныстыру
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларға
кітаппен жұмыс жұмыс жүргізу жолдарын қарастыру
Теориялық
мазмұны:
Балалар
бақшасында болған уақыттарында болашақ оқушылар
көптеген ертегі, әңгіме, өлеңдер тыңдайды
және өздері қайталап айтып береді. Балаларды кітаптың
жалаң мазмұнымен таныстырып қана қоймайды, сонымен
бірге олардың көңілін кітаптардың өзіне, адамзат
ақыл-ойының ұлы жетістігіне үнемі аударып отырады.
Балаларды кітапты қастерлей білуге тәрбиелеу мүлдем кішкене
кезінен, үлкендердің балаларға арналған кітапшаны
ұқыпты ұстап, алғашқы оқып беретін
сәттен басталады. Үлкендердің кітапқа
немқұрайды қарауы – балалар тәрбиесіне үлкен зиян
тигізетіні белгілі.
Болашақ
кішкене оқушы үлкендерге барлық жағынан еліктейді. Егер
тәрбиеші кітапты ашпастан бұрын қолын жуып келіп,
ақырын, жиырмай ашып, кітап беттерінің бүктелген, шимайлап
сызылған жерлерін көріп реніш білдірсе, бала да біртіндеп кітаптың
жан ашырына айналады.
Сәби
әлі оқи білмесе де оны ересектермен ғана емес, өз
бетімен де кітапты ашып көре беруге үйретіледі. Кітап –
біздің досымыз деген қағиданы балалар жасынан
ұққан жөн. Балаларға кітапты сөреден
қалай алып, дұрыстап қарап көріп, қайта орнына
қалай орнына қалай қою керектігін тәрбиеші, табанды
түрде, үлкен шыдамдылықпен үйретеді. Бір-бірлеп балалар
түптеме, мұқаба, бет, кейінірек түптелген сияқты
сөздерді айтып үйренеді.
Балалар
бақшасының әрбір тобында өзінше бір информациялық
орталық кітап бұрышы жасалады. Арнайы жасалған жеңіл де
әдемі ветриналарда сөрелер мен шкафтарда сол жастағы балаларға
ұсынылған кітаптар мен тақырыбы жөнінен соларға
жақын кітапшалар қойылады. Әдетте, ол кітаптар көз
тартарлықтай безендірілген және жақсы сақталған
болуға тиіс.
Балалар
бақшасындағы кітап бұрышында мезгіл-мезгіл
тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылады.
Кітапшалардан басқа, мазмұны сәйкес келетін белгілі балалар
суретшілерінің иллюстрациялары да қойылады. Кейде иллюстрациялар
тақырыптық альбомға
айналады.
Орта
топтың балалары мұқабасына, иллюстрацияларына
қарап-ақ ертегі, әңгіменің атын білетін болады.
Негізгі.
Бақылау сұрақтары:
1) Балалар
бақшасының әрбір тобында кітап бұрышын жасау неліктен
қажет?
2) Балаларды
кітапты сүюге тәрбиелеу үшін қандай тәрбиелік
жұмыстар жүргізіледі?
3) Оқылып
кеткен кітаптар туралы әңгіме ұйымдастыру үшін жалпы
сұрақтар қоюдың қажеті не?
Зертханалық сабақтың барысы: топ
студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық студенттер
бір уақытта бірдей жұмысты
орындайды. Әдістемелік көмек көрсету.
№1 тапсырма
Кітаптарға
библиография жасаңдар: 1) орта топтағы кітап бұрышы
үшін; 2) ересек топтағы бұрыш үшін; 3) мектепке
дайындалатын топтағы бұрыш үшін.
№2 тапсырма
Балалардың
көркем шығармаларды қабылдауына иллюстрациялық материалдың әсерін анықта,
суретті кітапшаны қалай пайдалана аласың?
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№24 Зертханалық
сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы:
Мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамыту жұмысын жоспарлау
және есепке алу.
Мақсаты: мектепке
дейінгі ұйымдарда білім – тәрбие жұмысын жоспарлаудың
мазмұны мен міндеттерін айқындау.
Теориялық
мазмұны:
Жоспарлаудың
педагогикалық негіздері. Балалар бақшасындағы білім-тәрбие
жұмысын жоспарлау – мектепке дейінгі педагогиканың аса
маңызды жеңістерінің бірі. Мектепке дейінгі
педагогикалық жұмыстың жоспары белгілі бір уақыт ішінде
балалармен жүргізілетін жұмыстың нақты міндеттерін,
мазмұнын, формалары мен әдістерін айқындайды.
Педагогикалық жұмысты жоспарлаудың негізгі
мақсаты – «Балалар бақшасындағы тәрбие
программасының» әрбір жас топтарында орындалуын қамтамасыз
ету. Бұл мақсатқа жету үшін ол бір қатар
талаптарға жауап беруі тиіс:
1)
Жоспарлау балалармен жүргізілетін бүкіл оқу-тәрбие
жұмысының идеялық бағытталуын қамтамасыз етуге
тиіс. Алдымен баланың жеке
басының идялық-адамгершілік бағытталуын қалыптастыруды,
белсенділігі мен тәуелсіздігін дамытуды, мінездің гуманистік
белгілерін, адамгершілік нормаларын, мінез-құлық ережелерін
қамтамасыз ететін жұмыс көзделеді. 2) Жоспарда бала
қызметінің алуан түрлері (оқыту, ойын, еңбек)
көзделеді, оларды ұйымдастырудың және балаларға басшылық
жасаудың негізгі әдістері мен тәсілдері белгіленеді. 3)
Жоспарда оқытудың мазмұны мен әдістерін
балалардың қолы жеткендігін ескере отырып, олардың
іс-әркет формаларын бірте-бірте күрделендіру қажет. Жоспар
педагогикалық жұмыстың жүйелілігін - оқытудың әр түрлі
бөлімдері бойынша өткізілетін оқу сағаттарының
мазмұнын арасында; оқу сағаттары мен тәрбиешінің
балалармен күнделікті өмірде жүргізетін жұмыстар
арасында; ойыны мен еңбегі арасында т.б. байланыс болуды қамтамасыз
етеді.
Оқытуды жоспарлау. Балалар бақшасында оқытуды
ұйымдастырудың негізгі формасы оқу сағаттары болып табылады.
Оқу сағаттарын жоспарлаған кезде меңгерудің
негізгі кезеңдері (бастапқы қабылдау, білімі мен іскерлігін
кеңейту және жинақтау, оларды өмірде пайдалану –
жаңа жағдайларға көшіру) ескеріледі, материалды
қайталау және бірте-бірте күрделендіру сипаты көзделеді.
Оқудың әрбір бөліміндегі оқу сағаттары
басқа бөлімдердегі оқу сағаттарымен
үйлестіріледі. Мысалы, балаларды табиғатпен таныстырғанда
тілді дамытудың кейбір міндеттері қоса шешіледі.
Тәрбиеші мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру
жұмысын дидактикалық ойындар, дидактикалық материалдармен
жаттығулар формасын да жоспарлайды және ұйымдастырады.
Сонымен, жоспарда оқытудың мазмұны, оны
ұйымдастыру формалары, негізгі әдістері мен тәсілдері
бейнеленеді: мінез-құлық пен мәдени-гигиеналық
дағылар тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жоспарлау, балалар
ойындарына басшылықты жоспарлау, балалардың еңбек
әрекетін жоспарлау, мерекелерді жоспарлау, ата-аналармен жұмысты
жоспарлау.
Негізгі.
Бақылау сұрақтары:
4. Балабақшада балалар ойындарына
басшылықты жоспарлау
5. Балабақшада ата-аналармен жұмысты жоспарлау.
Зертханалық сабақтың барысы: топ
студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық студенттер
бір уақытта бірдей жұмысты
орындайды. Әдістемелік көмек көрсету.
№1 тапсырма
Балалардың кез-келген жас
ерекшелігін таңдаңыз, төмендегі оқу
сағаттарының кестесін басшылыққа ала отырып,
сабақ жоспарын жасаңыз және оны нақты детальдар
арқылы түсіндіріңіз?
9-10,5 айлық балалармен өткізілетін оқу
сағаттарының үлгі кестесі
|
Апта күндері |
1 сабақ |
2-сабақ |
3-сабақ |
4-сабақ |
|
Дүйсенбі |
Таныс ойыншықты көрсету, атын
айту, балаларды соған ұқсауға еліктетету |
Таныс ойыншықпен ойын
іс-әрекетін көрсету. Іс-әрекетті көрсете отырып,
соған ұқсауға еліктету. |
Манеждің еденіне шашылған
түсті шариктерді тостағанға жинау (бірнеше рет
қайталанады) |
Жасырынбақ ойнау. Балаларды
қуанту, көңілдендіру. |
|
Сейсенбі |
Ойыншықты әр жерге қойып
көрсету. Көзбен қарап тауып алуды, «Қайда» - деп
сұрағанда көрсетуді үйрету |
Музыкалық оқу сағаты.
Қимыл мен әрекетті көрсете отырып өлең айту. |
Айналаны бағдарлау қабілетін
дамыту – «Мысықтың баласын тамақтандырайық» |
Бұрап жүргізетін
ойыншықты көрсету. |
№2 тапсырма
Бағдарламаны негізге ала отырып, 2 -3,
4 жасар балалармен өткізілетін оқу сағаттарының
кестесін жасаңыздар.
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№25 Зертханалық
сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы:
Мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамыту жұмысына әдістемелік
басшылық
Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдардың
ашылуы және пайдалануға әдістемелік басшылық
жұмыстарының міндеттерін айқындау
Теориялық
мазмұны:
Барлық типтегі мектепке дейінгі мекемелер ерте жас шағы
және мектепке дейінгі балаларға қоғамдық
тәрбие мақсатында құрылады. Мектепке дейінгі әр
мекемеде «Балалар бақшасындағы тәрбие программасында»
көзделген міндеттерді шығармашылықпен шешуге
бағытталған іскерлік жағдайда туғызылуы тиіс.
Оның педагогикалық кадрларының мамандылығы,
олардың өз міндеттерін орындаудағы жауапкершілік пен
адалдық дәрежесі жүргізілетін бүкіл жұмыстың
тиімділігі мен сапасының тағдырын шешеді.
Мектепке
дейінгі мекемені ашуға дайындық оны пайдалану үшін
қабылдаудан 2-3 ай бұрын басталады. Меңгеруші
орындалған әрлеу жұмыстарының сапасын тексереді,
топтарды орналастыру жоспарын ойластырады. Мектепке дейінгі мекеме
құрылысының сметасында оның жабдығына деген
бюджеттік қаржы көзделеді. Осы қаржыға сүйеніп
және тиісті нұсқау документтерді басшылыққа ала
отырып, меңгерушң қажетті жабдықтар мен
құрал-саймандардың тізбесін жасайды. Жабдықтар мен
мебельдер гигиеналық және педагогикалық талаптарға сай,
балалардың қалыпты дамуына көмектесетін болуға тиіс.
Мектепке
дейінгі балалар мекемелері мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен,
қоғамдық тұтыну қорынан қаржыландырылады.
Мектепке
дейінгі мекемелердің ақша қаражаты жөніндегі
қажеті смета деп аталатын финанс жоспары негізінде белгіленеді. Смета –
мемлекеттік жоспар-финанс документі, онда календарлық жыл ішінде мекемені
ұстауға жұмсалатын ақшалай қаражаттың мөлшері
белгілеген. Жаңадан ашылатын мекемені ұстауға арналған
шығын оны пайдалануға берген сәттен бастап есептеледі. Смета
мектепке дейінгі мекемені ұстауға, соның ішінде
жалақыға, әлеуметтік сақтандыруға, кеңсе,
оқу, шаруашылық шығындарына, тамағына, іс-сапарлар,
жабдықтар мен құрал-саймандар сатып алуға, үйлер мен
ғимараттардың күрделі
ремонтына көзделген шығынның барлық статьяларын
қамтиды.
Метепке
дейінгі мекемені педагог, медицина кадрларымен және қызмет
көрсетуші персоналмен комплектілеу тәртібі «Мектепке дейінгі мекеме
– ясли-бақша туралы ереже» негізінде типтік штатқа сәйкес
жүзеге асырылады.
Балабақшаның ұйымдастырушысы әрі басшысы
меңгеруші болып табылады, ол оқу бөлімінің немесе
ведомастваның бұйрығымен тағайындалады.
Балабақшаның
алғашқы қызметкерлері қатарында оның ашылуынан
бір-екі ай бұрын меңгеруші завхоз бен бухгалтерді
жұмысқа алады, сонымен бірге мекемені ұстауға
арналған смета жобасын жасап, мекемені жабдықтауға кіріседі.
Мекеменің ашылуына бір ай қалғанда меңгеруші халыққа
білім беру бөлімі арқылы тәрбиеші кадрларды іріктейді.
Негізгі.
Бақылау сұрақтары:
1)
Мектепке дейінгі мекемелердің ашылу тәртібі
2) Мектепке дейінгі мекемелерді
қаржыландыру
3) Мектепке дейінгі мекеменің
штаттық мәселелері
Зертханалық сабақтың барысы: топ
студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық студенттер
бір уақытта бірдей жұмысты
орындайды. Әдістемелік көмек көрсету.
№1 тапсырма
Мектепке
дейінгі мекеме документациясының жүргізілу барысы, талаптары
туралы
әңгімелеңіздер.
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№26
Зертханалық сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы: Тіл
дамыту жұмысын есептеудің маңызы
Мақсаты:
мектепке дейінгі мекемеде білім-тәрбие жұмысын жоспарлау,
оқу сағатын өткізудің әдіс-тәсілдері
қарастыру
Теориялық
мазмұны:
Балалар
бақшасындағы білім-тәрбие жұмысын жоспарлау бірін-бірі
өзара толықтыратын міндеті екі формада: а) балалар
бақшасының жылдық жоспарында б) тәрбиеші
жұмысының календарьлық
(6-12 күнге арналған) жоспарында жүзеге асырылады.
Мектепке
дейінгі мекеме жұмысының жылдық жоспарында балалармен
жұмыс, әкімшілік – шаруашылық қызмет, әкімшілік-шаруашылық
қызмет, кадрлармен жұмыс жоспарланады.
«Балалар
бақшасындағы тәрбие программасында» белгілеген тәрбиелеу
мен оқытудың жалпы міндеттерін орындау басты талап болып табылады.
Жоспарда белгіленген білім-тәрбие
міндеттеріне сәйкес мектепке дейінгі мекеме қызметінің
басқа бөлімдері де жоспарланады: тәрбиешілермен
жүргізілетін методикалық жұмыстың мазмұны мен формалары,
педагогикалық кеңестің,
консультациялардың тақырыптары, жабдықтарды толықтыру
шаралары белгіленеді, ата-аналармен жүргізілетін
жұмыстың мазмұны
айқындалады.
Календарьлық жоспар 6-12
күнге жасалады. Онда «Балалар бақшасындағы тәрбие
программасының» жалпы талаптары, балабақшаның жылдық
жоспарында белгіленген міндеттер бейнеленіп, нақтылана түседі.
Таңертеңгілікте гигиеналық гимнастика, балаларда
мәдени-гигиеналық дағдылар мен өзіне-өзі
қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ
балалармен жеке-жеке сабақ өткізу, жаңа дидактикалық
ойындарды, табиғат мүйісіндегі еңбекке басшылық,
кезекшілердің жұмысын ұйымдастыру, ата-аналармен
қысқаша әңгімелер өткізу жоспарланады.
Мектепке
дейінгі сәби топтардағы оқу сағаттары
таңертең және кешке, естияр және ересек топтарда тек
таңертең өткізіледі, осылай деп жоспарда көрсетіледі.
Таңертеңгі
сағаттарда екі немесе үш оқу сағаты өтетін
топтарда олардың ұштасуын ойластыру керек. Ақыл-ойға
едеуір күш түсіретін және ықылас қоюды талап
ететін оқу сағаттарын (тілді дамыту, ана тілін үйрету,
математикалық ұғымлар қалыптастыру) бірінші
өткізіп, оларды қимыл оқу сағаттарымен ұштастыру
керек, бұл ой шаршауын тарқатады.
Көптеген
оқу сағаттары үлкен дайындық жұмысын керек етеді.
Ол да жоспарда көрсетіледі (мысалы, бейнелеу қызметінің
немесе әңгіменің алдынан арнайы бақылау жүргізу,
материал мен жабдықтар әзірлеу, оған балаларды
қатыстыру т.т.).
Жоспарда
оқу сағатын өткізудің негізгі әдістері мен
тәсілдері көрсетіледі (әңгіме өткізгенде
балаларға қойылатын сұрақтар). Сабақ үшін
қажетті материал көзделеді. Ерекше қиын сабақтар
болған ретте олардың конспектілерін жасау керек.
Негізгі.
Сабақтың теориялық мазмұнын студенттерден бақылау сұрақтары
арқылы анықтау:
1.Мектепке дейінгі мекеменің
жылдық жоспарындағы білім-тәрбие жұмысы
2. Мектепке дейінгі топтардағы
календарьлық жоспар
3. Түрлі жастағы балалар
тобындағы жұмыстың календарьлық жоспары
Зертханалық сабақтың барысы: топ
студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық студенттер
бір уақытта бірдей жұмысты
орындайды. Әдістемелік көмек көрсету.
№1 тапсырма
Балалар
бақшасының мектепке дайындайтын тобындағы жұмыс
жоспарынан бір күнді белгілеңіз, соған толық конспект
жасаңыз.
№2 тапсырма
Перспективалық
жоспар мен оқу кестесі негізінде тәрбиеші күнделікті
жұмыс жоспарын жасайды. Кез-келген
жас тобына жоспардың үлгі схемасын
құрыңыз.
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№27 Зертханалық
сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы:
Мектеп жасына дейінгі балалардың сауатын ашудағы
балабақшаның ролі
Мақсаты: сауат ашудың міндеттерін анықтау
Теориялық
мазмұны:
Жалпы білім
беру жүйесінің алғашқы сатысы болып есептелетін
мектепке дейінгі ұйымдарда және отбасында баланы мектепке дайындау
бүгінгі таңда кезек күттірмейтін өзекті
мәселелердің бірі.
Сауат
ашудың қарапайым негіздерін қалыптастыру мақсаты
әртүрлі сөздің дыбыстық құрамына
талдау жасау дағдысын қалыптастыру. Сөздегі дыбыстардың
орын тәртібі ретімен ажыратып айта білу. Дыбыс пен әріпті саналы
меңгерту. Сөйлемнің сөзден, сөздің буыннан
және дыбыстан құралатынын түсіндіру.
Үш-төрт сөзден тұратын сөйлем құрату
болып табылады.
Балабақшада
1, 2, 3- тоқсанда сауат ашу сабағы жүргізіледі. Ал
4-тоқсанды сауат ашу сабағы өтілмейді. Сауықтыру
іс-шаралары жүргізіледі.
Балабақшада
1-тоқсанда сауат ашу міндеттері
мынаны көздейді: сауат ашу жұмысына даярлық жүргізу,
дыбыстар мен әріптердің айырмашылығын меңгерту;
әліппе оқулығында берілу ретімен 15 дыбыстың баспа
әріптерімен таныстыру; дауысты, дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратып,
таныстырылған дауысты дыбысты қызыл текшелермен, дауыссызды
көк текшелермен белгілеуді үйретеді; сауат ашуға
арналған дәптермен таныстыру, сөздерге дыбыстық талдау
жасату т.б.
Сауат ашу
2-тоқсанда көздейтін міндеттері: сөз, сөйлем жайында
түсінік беру, әліппедегі берілу ретіне қарай баспа
әріптерін таныстыру; әрбір таныстырылған дыбысты
түрлеріне қарай бөлінуін меңгерту; дыбыстық
талдау жасатуды жалғастыру;
Негізгі.
Сабақтың теориялық мазмұнын студенттерден бақылау сұрақтары
арқылы анықтау:
Зертханалық сабақтың барысы: топ
студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық студенттер
бір уақытта бірдей жұмысты
орындайды. Әдістемелік көмек көрсету.
№1 тапсырма
Кеспе
әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату жолдарын
балаларға меңгерту жолдарын нақты мысалдармен
түсіндіріңіз.
№2 тапсырма
Көрнекі
құралдар, текшелер, кеспе әріптермен, сөз, сөйлем
құрастырып, оған дыбыстық талдау жасаңыз.
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№28 Зертханалық
сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы: Балалардың
тілін дамытудағы балабақша тәрбиешісінің
басшылығы
Мақсаты: Балалардың тілін дамытудағы
балабақша тәрбиешісінің басшылығы, атқаратын қызметі түрлерін айқындау
Теориялық
мазмұны:
Мектепке
дейінгі мекеменің тәрбиешісі балаларға тәрбие беру
және оларды мектепте ойдағыдай оқытуға дайындау ісін
жүзеге асырады.
Тәрбиешінің
саяси кемелділігі оның балаларды тәрбиелеудің сапасы
үшін Отан мен қоғам алдындағы өз жауапкершілігін
сезінуіне, педагогикалық міндеттерді шешуге шығармашылықпен
қарауына, өзінің шеберлігін ұдайы жетілдіріп,
жұмыстас жолдастарының өсуіне шын ықыласымен
көмектесіп отыруына мүмкіндік береді.
Жанұямен
ұдайы байланыс жасай отырып, мектепке дейінгі тәрбие педагогпен
ата-аналардың балаларды тәрбиелеуіне көмектеседі. Ол
мамандық даярлықтан, теориялық білімін үнемі
тереңдетіп отырудан, жұмыс тәжірибесінен, баланы сүюден
құралады. Балалардың психологиясын, олармен жұмыс істеу
методикасын жақсы білетін, беделі жоғары, педагогикалық
әдептілікті меңгерген өте мәдениетті адам ғана
тәрбиелеу мен оқыту шеберлігіне ие болмақ. Мектепке дейінгі
балалармен жұмыс істеу үшін сондай-ақ өлең айтып,
билеу сымбатты қимылдау, дұрыс сөйлеу, көркем
шығарма оқу дағдысын меңгере білу өте
маңызды. Қолының іске ептілігі мен шеберлігі бар
тәрбиеші балалар алдында үлкен беделге ие болмақ.
Тәрбиешінің
балаға ықпалы күнделікті өмірде, ойындарда, оқу
сағаттарында, бірлескен еңбек әрекеттерінде,
қарым-қатынаста жүзеге асады. Ол әрбір баланы
мұқият зерттеп, оның өзіндік ерекшеліктерін білуге,
балалардың бәріне бірдей обьективті қарауға,
педагогикалық әдептілік көрсетуге, балалардың
мінез-құлқы мен іс-әрекет нәтижелерін әділ
бағалауға, дер кезінде көмек көрсетуге, олардың
жанұядағы өміріне зер салып отыруға тиіс. Тек сонда
ғана педагог баланың жеке басының дамуына мақсатты
түрде ықпал жасай алады.
Негізгі.
Бақылау сұрақтары:
Зертханалық сабақтың барысы: топ
студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық студенттер
бір уақытта бірдей жұмысты
орындайды. Әдістемелік көмек көрсету.
№1 тапсырма
Кеспе
әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату жолдарын
балаларға меңгерту жолдарын нақты мысалдармен
түсіндіріңіз.
№2 тапсырма
Көрнекі
құралдар, текшелер, кеспе әріптермен, сөз, сөйлем
құрастырып, оған дыбыстық талдау жасаңыз.
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№29 Зертханалық
сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы:
Тәрбиешінің білімін көтеру үшін жүргізілетін
жұмыстар
Мақсаты:
тәрбиешінің білімін көтеруде жүргізілетін жұмыстар
барысымен таныстыру
Теориялық
мазмұны:
Тәрбиешілердің
идеялық-теориялық дәрежесі мен педагогикалық
мамандығын арттыру ең алдымен мектепке дейінгі мекеменің
өзінде меңгерушінің басшылығымен жүзеге
асырылады. Тәрбиешілер қалалық, аудандық оқу
бөлімі жанындағы семинарлар мен үйірмелерде еліміздің
өмірін ашып көрсететін документтер мен материалдарды оқып
үйренеді, халықаралық жағдай туралы лекциялар
тыңдайды. Олардың педагогикалық мамандығын арттыру
педагогикалық кеңестер, ашық сабақтарда,
педагогикалық жаңалықтарды, журналдарды, көрнекі
құралдарды талқылау процесінде жүзеге асырылады.
Бұдан тыс, осы мақсатпен әрбір тәрбиеші ауданның
методикалық шараларға белсенді қатысуға міндетті.
Меңгеруші тәрбиешілердің бұл жұмысын
бақылап, оның мазмұнымен танысып отырады.
Қазіргі
қолданылып жүрген ереже бойынша әрбір тәрбиеші
оқу бөлімі ұйымдастыратын курстарда 5 жылда бір рет
өзінің мамандығын арттыруға тиіс.
Мектепке
дейінгі мекеменің тәрбиешісі балаларға тәрбие беру
және оларды мектепте ойдағыдай оқытуға дайындау ісін
жүзеге асырады. Жоғары білімді тәрбиешіге тән
қасиет педагогикалық шеберлік, елдің
қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысу болып
табылады.
Таңдаулы
тәрбиешілер өз тәжірибесін қорытып,
ғылыми-практикалық конференцияларда, педагогикалық
оқуларда ортаға салып отырады, баспасөзге мақалалар
жазады. Отбасымен ұдайы байланыс жасай отырып, мектепке дейінгі
тәрбие педагогпен ата-аналардың балаларды тәрбиелеуіне
көмектеседі. Баланы сүюден
құралады.
Балалардың
психологиясын, олармен жұмыс істеу методикасын жақсы білетін,
беделі жоғары, педагогикалық әдептілікті меңгерген
өте мәдениетті адам ғана тәрбиелеу мен оқыту
шеберлігіне ие болмақ. Мектепке дейінгі балалармен жұмыс істеу
үшін сондай-ақ, өлең айтып, би билеу, сымбатты
қимылдау, дұрыс сөйлеу, көркем шығарма оқу
дағдысын меңгере білу өте маңызды. Қолының
іске ептілігі мен шеберлігі бар тәрбиеші балалар алдында үлкен
беделге ие болмақ.
Біздің
елімізде мектепке дейінгі қызметкерлер даярлау педагогикалық
училилищелерде және педагогикалық институттарда мектепке дейінгі
тәрбие факультеттерінде жүзеге асырылады.
Мектепке
дейінгі профиль мамандарын даярлауға жоғары талаптар
қойылады. «Балалар бақшасы уставында» мектепке дейінгі мекеме
тәрбиешісінің арнаулы білімі болуға тиісті.
Педагогикалық институт, училищелердің оқу жоспарын
республиканың Жоғары және арнаулы орта білім министрлігі
оқушылардың жалпы білім даярлығын ескере отырып әрбір
бөлім (күндізгі және сыртқы) үшін саралап
бекітеді. Ол жоспар қоғамтану, тарих, экономиялық география,
әдебиет, қазақ және орыс, шет тілі, математика, физика,
химия, дүниетану т.б. пәндерін оқыту жолымен
студенттердің жеткілікті мөлшерде жалпы білім алуын көздейді.
Келешек тәрбиешілердің мамандық даярлығы
балалардың жас ерекшеліктерін, олармен жүргізілетін
білім-тәрбие жұмысының мазмұны мен методикасын
жақсы білу үшін қажетті анатомиялық
–физиологиялық, психологиялық, педагогикалық пәндерді
оқып үйрену барысында жүзеге асырылады.
Мектепке
дейінгі профильдің жоғары білімді мамадарын қалыптастыруда
педагогикалық практика елеулі орын алады.
Мектепке
дейінгі мекеменің жоғары педагогикалық білім алған,
практикалық жұмыста тәжірибесі бар ең талантты
тәрбиешілері, басшылары магистратурада оқуын жалғастыруына
болады.
Негізгі.
Сабақтың теориялық мазмұнын студенттерден бақылау сұрақтары
арқылы анықтау:
Зертханалық сабақтың барысы: топ
студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық студенттер
бір уақытта бірдей жұмысты
орындайды. Әдістемелік көмек көрсету.
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№30
Зертханалық сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы:
Балабақша мен отбасының байланысы
Мақсаты: балабақша мен отбасының
байланысын айқындау
Теориялық
мазмұны:
Отбасымен
жұмыс – мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі мен басқа
да қызметкерлері қызметінің маңызды да күрделі
саласы. Ол манадай міндеттерді шешуге бағытталған: балаларды
тәрбиелеуде бірлік орнату, ата-аналарға педагогикалық білім
беру, отбасындағы тәрбиенің озат тәжірибесін зерттеу
және тарату, ата-аналарды мектепке дейінгі мекеменің өмірімен
және қызметімен таныстыру.
Мектепке
дейінгі мекемеде отбасымен жүргізілетін бүкіл жұмыс осы
міндетке бағындырылған. Балаларды тәрбиелеудегі бірлік
балалардың бойында дұрыс мінез-құлық
қалыптастыруды қамтамасыз етеді, дағдыларды, білімдерді,
іскерліктерді меңгеру процесін тездетеді, балалардың алдында
ересектердің – ата-аналар мен тәрбиешілердің беделін артуына
көмектеседі. Мұндай бірліктің негізі ата-аналардың
педагогикалық білімділігі, олардың мектепке дейінгі мекеме
жұмысы туралы хабардарлығы болып табылады.
Мектепке
дейінгі мекеме тәрбиешілерінің міндеті ата-аналардың бала
туралы, оның дамуының заңдылықтары және
жан-жақты жарасты дамыту, мектепке оқуға дайындау
мақсатымен оған ықпал жасау жолдары туралы білім алуына
көмек көрсету болып табылады. Бұл үшін ата-ананы
психологияның, педагогиканың, анатомияның, физиология мен
гигиенаның негізгі проблемаларымен таныстырады. Ата-аналар педагогика
техникасын: баламен қалай сөйлесу керек, оған қалай
тәртіп беру керек, қандай талап қою керек, оларды жазалау мен
көтермелеу шаралары қандай екенін т.т. үйренуге
мұқтаж.
Мектепке
дейінгі мекеменің отбасымен жұмысының формалары мен мазмұнына – отбасымен
жұмыстың жеке формалары, ата-аналар ұжымымен
жүргізілетін жұмыс, ата-аналар жиналысы, топ консультациялары,
ата-аналарға арналған кештер мен үйірмелер, отбасымен
жұмыстағы көрнекіліктер, халық арасындағы
педагогикалық насихаттар жатады.
Отбасымен
жұмыстың жеке формаларына әңгімелер, консультациялар,
отбасыға бару, жекелеген ата-аналарды шақыру, жеке ескерткіш
кітапшалар мен жылжыма- папкалар жасау т.б.
Негізгі.
Бақылау сұрақтары:
Зертханалық сабақтың барысы: топ
студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық студенттер
бір уақытта бірдей жұмысты
орындайды. Әдістемелік көмек көрсету.
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.