“Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі”  кафедрасы

 

Әдістемелік   нұсқау

 

050101 - Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығының студенттері үшін

курстық жұмысты орындауға арналған

 

ШЫМКЕНТ  2008 ж

 

ӘӨЖ  51:371-053.4

ҚБЖ  22.1:74.1

 

Құрастырушы: аға оқытшы Құдайбергенова М.Б.

                        

 

Курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау. -Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2008. -14 бет.

 

 

  Әдістемелік нұсқау мамандыққа сәйкес ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сай құрастырылған және курстық жұмысты орындауға байланысты барлық мәліметтерді қамтиды.

Әдістемелік нұсқау 050101-Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығы студенттеріне арналған.

 

Әдістемелік нұсқауда курстық жұмысты орындау реті, жұмыс тақырыбы мен оны орындау талаптары және мазмұны туралы мәліметтер берілген.

 

 

Пікір білдірушілер:    п.ғ.д., профессор Д. Рахымбек

                                   п.ғ.к., доцент    Н.К. Мадияров

 

 

 Әдістемелік нұсқау «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының мәжілісінде (хаттама №__ «__» ____ 2008 ж.) және институттың әдістемелік комиссия отырысында талқыланып, баспаға ұсынылды (хаттама №__«__»______2008ж.)

 

 

 

© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2008.

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

1.     Кіріспе ..........................................................................................     4

2.     Курстық жұмыс тақырыбына қойылатын талаптар....................    5

3.     Курстық жұмыстың мазмұны мен құрылымы ............................     6

4.     Курстық жұмысқа жетекшілікті ұйымдастыру және қорғау.........   7

5.     Курстық жұмысты рәсімдеу .........................................................    9

6.     Курстық жұмыс тақырыптары........................................................  12      

Қосымша А. Түсіндірме жазбасының титул парағы нысаны ...........  15

Қосымша Б. Курстық жұмыс қорғау хаттамасының формасы ........  17

Қосымша В. Курстық жұмысты тіркеу журналының нысаны  ..........  18

 

 

 

Кіріспе

 

      Білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мектеп жасына дейінгі тәрбиеге ерекше мән беруді талап етіп отыр. Болашақ мамандарға мектеп жасына дейінгі қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың теориялық негіздері мен әдістерін меңгертуге аталған пәннің маңызы зор.

      Ұстаздық қызметте табысқа жету үшін бітіруші мамандар терең әрі кең білім алып, әдістемелік толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Сонымен қатар қызметі шығармашылық сипатта болады, әрі педагогтық қабілеттің елеулі мәні бар. Себебі мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы олардың қабілеттерінің дамуына кең жол ашады. Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі керек.

       Пәннің негізгі міндеті: студенттерге мектеп жасына дейінгі балаларға математиканың қарапайым ұғымдарын үйретудің теориялық негіздері бойынша білімін қалыптастыру; балалардың математикалық түсініктерді қабылдау ерекшеліктеріне байланысты балабақшадағы жұмыстың мазмұны мен әдістерімен таныстыру әдістемесі; мектепке дейінгі ұйымда математиканың элементтерін оқыту процесін ұйымдастырудың жолдарын үйрету; сабақты жоспарлау, балалармен жұмыстың мазмұнын және әдістерін іріктей білуге төсілдіру; студенттерді мектеппен, отбасымен жұмысты ұйымдастыра білуге үйрету; студенттердің танымдық белсенділігін арттыру, жауапкершілігі мен ынтасын, шығармашылығын дамыту; студенттерде практикалық дағдылар мен шеберліктерді қалыптастыру.

        Курстық жұмыс – студенттердің кешенді өзіндік жұмысы. Ол студенттің мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру пәнін оқытудың қорытынды кезеңі болып табылады.

     Курстық жұмыс «курстық жобаны ұйымдастыру» әдістемелік нұсқаулығы (ӘН ОҚМУ 7.14 - 2008) мен «оқу-әдістемелік үрдістерді басқару» туралы университет стандарты (СТ ЮКГУ 7.11 - 2008) және ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сәйкес орындалады.

 

        

2   Курстық жұмыс тақырыбына қойылатын талаптар

   Курстық жұмыс тақырыптары мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру пәнінің оқу мақсаттарына жауап беретіндей және ғылыми, практикалық талаптарына сай келетіндей етіп кафедрада даярланады.

Курстық жұмысқа қойылатын жалпы талаптар төмендегідей:

1.     жұмыс құрылымының нақтылығы;

2.     материалдың логикалық бірізді болуы;

3.     зерттеудің терең болуы және қамтылған сұрақты толық ашуы;

4.     мәліметтердің дәлдігі;

5.     тұжырымдаманың қысқа және дәл берілуі;

6.     жұмыс нәтижесін нақты баяндау;

7.     қорытындының дәлелдігі мен ұсыныстардың негізділігі.

Курстық жұмыстың үлгі тақырыптары:

1.     Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі жұмысын жоспарлау.

2.     Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекіліктердің орны.

3.     Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін дамытуда дидактикалық ойындарды қолдану.

4.     Үш жастағы балаларда алғашқы сан туралы түсініктерін қалыптастыру.

5.     Балаларды санауға үйрету барысында ойын жаттығуларын қолдану.

6.     Балаларды санауға үйретуде ақыл-ойын дамытудың әдістері.

7.     Мектепалды дайындау топтарында арифметикалық есептерді шешуге үйрету.

8.     Мектеп жасына дейінгі балаларда заттың көлемі туралы түсініктерді қалыптастыру.

9.     Мектеп жасына дейінгі балаларды өлшем құнымен таныстырудың мәні.

10. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытуда өлшеу іс-әрекеттерінің рөлі.

 Жұмысты орындауда студент алған білімі бойынша өткен пәнді өз жұмысының мазмұнына пайдалануына болады.

 

 

3   Курстық жұмыстың мазмұны мен құрылымы

         Курстық жұмыс төмендегідей құрылымнан тұрады:

-         титул парағы;

-   тапсырма;

-   аннотация;

-         мазмұны;

-         кіріспе;

-         негізгі бөлім;

-         қорытынды;

-         пайдаланылған әдебиеттер  тізімі;

-         қосымша;

Түсіндірме жазбасы СТ ҚР 1.5-2004 сәйкес А4 формат парағында рәсімделеді.

Титул парағы А4 форматында жасалады. Тармақтарды толтыру МЖМБС СТ 2.104 бойынша сызбалық шрифтпен толтырылады (А қосымшасына сәйкес).

Титул парағы және атауларда сөзді тасымалдауға рұқсат етілмейді. Атаулардың соңында нүкте қойылмайды.

         Курстық жұмыс тақырыптары студенттерге оқу үрдісінің графигіне сәйкес сабақ басталған уақыттан бастап бірінші аптадан кешіктірілмей беріледі.

         Тапсырмада мыналар көрсетіледі: жұмыс жасалатын пән; студенттің аты-жөні, оның тобы; жұмыс тақырыбы; бөлімдер және оларды орындау мерзімдері; жұмысты қорғауға ұсыну мерзімі; жетекшінің аты-жөні, оның лауазымы, қолы және тапсырманың берілген күні.

         Тапсырма бөлімдерін орындауда жұмыс көлемін, студенттің дайындық деңгейін, жұмысты орындауға бөлінетін уақыт көлемін есепке алу керек.

         Тапсырма жеке бланкте Қосымша Ә  сәйкес рәсімделеді.

Тапсырмада студенттің тапсырманы алған күні жазылады және студенттің қолы қойылады.

Аннотацияда  қысқаша түрде курстық жұмыс туралы негізгі мәліметтер келтіріледі. Онда курстық жұмыстың көлемі, кестелер саны, суреттер мен қосымшалар туралы иәліметтер беріледі.

Мазмұнында бөлімдердің реттік нөмірі және атаулары және беттердің нөмірлері көрсетіледі. «Мазмұны» сөзін парақтың ортасына жазады.

Кіріспеде курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері, тақырыптың өзектілігі және зерттеудің пәні мен объектісі көрсетіледі.

Кіріспеде талаптар болмауы керек. Кіріспе нөмірленбейді және жеке парақта орналасады.

Негізгі бөлімде орындалған жұмыстың маңызы, мазмұны, әдістемесі және алынған нәтиже мәліметтері келтіріледі. Жұмыстың негізгі мәтіні   шығармашылықпен, пайдаланған әдісті негіздей отырып жазылады. Қажетті жағдайда графиктер, схемалар мен кестелер рәсімделеді. Негізгі бөлімде тақырыпқа байланысты зерттеулер нәтижелеріне, әдістемелік әдебиеттерге, сондай-ақ мерзімді басылымға талдау жасалады. Зерттелетін мәселенің қазіргі жағдайы, мәселенің шешілу жолдары және оны жетілдіру жолдарына байланысты ұсыныстар көрсетіледі.

Мәтін қысқа, нақты, түрлі талқылауларды болдырмайтын, түсінікті болуы шарт. Жұмыстың мазмұны студенттің оқып жатқан пән бойынша алған білімін ғылыми мақсаттарды шешуде пайдалана алу қабілетін көрсетуі керек.

Қорытындыда орындалған жұмыс туралы қысқаша мәлімен беріліп тұжырым жасалады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізіміне түсіндірме жазба мәтінінде немесе әліпби келтірілген тәртіпте барлық әдебиеттер жазылады. Әдебиеттердің библиографиялық сипаттамасы МЖМБС 7.1 талаптарына сәйкес беріледі.

Түсіндірме жазбасын толықтыратын материалды қосымшаларда келтіруге болады. Қосымшалар оларға мәтінде жасалған сілтемелер тәртібі  бойынша орналасуы тиіс. Қосымшалар түсіндірме жазбаларының жалғасы ретінде оның келесі парақтарында қолданылымдағы стандарттармен орнатылған тәртіпке және нысанында рәсімделеді. Қосымшалар тәртіп бойынша А4 форматты парақтарында жазылады. Қосымша құжаттың қалған бөліктері беттеріндегі нөмірлерге сай әзірленеді.

 

              

4   Курстық жұмысқа жетекшілікті ұйымдастыру және қорғау

Курстық жұмысқа жетекші болып сәйкесінше теориялық курсты оқитын кафедраның жетекші профессорлары, доценттері мен аға оқытушылары және пән бойынша университет бөлімшесінің білікті ғылыми-зерттеу қызметкерлері, 5 немесе одан да көп жыл еңбек өтілі бар кафедраның аспиранттары мен аға ғылыми қызметкерлері тағайындалуы мүмкін.

Курстық жұмыстың жетекшісі:

-         жұмыс кезеңдерін орындаудың тапсырмаларын береді;

-         жұмыс процесін ұйымдастырады;

-         қажетті әдебиеттер мен басқа материалдарды ұсынады;

-         студенттерге курстық жұмысты орындау кезінде кеңес береді;

-         курстық жұмыстың орындалу барысы туралы кафедраға хабарлап отырады.

Жеке кеңес беру жүйелі түрде аптасына бір немесе екі рет өткізілуі тиіс.  Курстық жұмыс жетекшілік етуге бөлінген сағат ОСӨЖ сағаттары есебінен орындалады.

Курстық жұмыс тақырыбы мен тапсырманы беру уақыты, пәнді, студенттің аты-жөнін, жұмысты қорғау күнін көрсете отырып кафедраның арнайы журналында тіркеледі (Қосымша Б).

Қорғау басталғанға дейін кафедра меңгерушісі кафедралық өкім арқылы жұмысты қорғауды қабылдайтын комиссияны екі немесе үш мүшеден тағайындайды.

Курстық жұмысты қорғау студенттердің, жетекшінің және кафедра меңгерушісі тағайындаған комиссия мүшелерінің қатысуымен көпшіліктің алдында өтеді. Жұмысты қорғау ұзақтығы бір студент баяндамасына және сұрақтарға есептегенде 8 ден 10 минутқа созылады. Барлығы 20 минуттан аспауы керек.

Курстық жұмысты қорғау дифференциалды бағамен бағаланады. Оқытудың модульді-рейтинг жүйесіне сәйкес курстық жұмысты орындауға, ағымдағы бақылауға ең жоғары 60 балл және қорытынды бағалау ең жоғары 40 балл қойылады.

Курстық жұмысты қорғау нәтижесі бойынша хаттама (Қосымша В) жасалады және студентке баға сол күні қойылады.

Курстық жұмыс емтихан сессиясы алдын қорғалады және осы пән бойынша емтихан тапсыруға рұқсат болып табылады. Емтихан тапсыруға міндетті рұқсат беретін жағдай оның «қанағаттанарлық» бағасына қорғалуы.

Орнатылған мерзім ішінде курстық жұмысты ұсынбаған немесе себепсіз қорғамаған студент, академиялық қарызы бар болып саналады.

Курстық жұмысты қорғау аяқталғаннан кейін топтың барлық студенттерімен жетекші жұмысты талдап, қорғау кезінде анықталған кемшіліктер жөнінде қорыиынды әңгіме өткізеді.

Курстық жұмысты орындау нәтижелері кафедра отырысында талқыланады.

Орындалған жұмыстар қорғағанға дейін кафедраның тіркеу журналында белгіленеді және кафедра меңгерушісінің бақылауымен сақталады.

Осы мерзім аяқталғаннан кейін барлық жұмыстар жою актісі бойынша жойылады. Жою актісінде пән, студенттің тобы мен аты-жөні, жұмыстың жалпы саны мен жетекшінің аты-жөні жазылады. Актіге кафедра меңгерушісінің басшалағымен кафедралық комиссия (үш адам) қол қояды.

  

5         Курстық жұмысты рәсімдеу

         Курстық жұмыстың мәтіндік бөлігі  А4 форматындағы қағаздың бір жақ бетінде орындалады және келесі талаптар қойыла отырып орындалады:

-         жазбаша – әріптер мен цифрлардың биіктігі 2,5 мм кем емес.

Цифрлар мен әріптерді бүкіл құжат бойында анық жазу керек;

     -  түрлі-түсті пасталарды, қара сияны бір мәтіндік құжатта, соңың ішінде астын сызуға жол берілмейді;

     -   ЭЕМ басып шығаруды пайдаланғанда, шрифті – Times New Roman, қарапайым, 14 нұсқа, қатарлардың арасындағы интервал – бір.

ЭЕМ басылған құжатқа жекелеген сөздер, формулалар, шартты белгілерді қолмен жазуға, сондай-ақ көрсетулерді қара тушпен немесе қара сиямен жазуға рұқсат етіледі.

         Парақтың төрт жағынан мәтіннен бос орындар қалдыру қажет. Сол жақ бетте – 30 мм, оң жақта – 10 мм, жоғары және төмен жақтарынан – 20 мм кем емес.

Мәтінде абзацты қолмен жазуда 7,5 мм тең бос орын тастап бастайды, ал ЭЕМ пайдалануда мәтіннің төртінші белгісінен бастап жазады.

Тараулар курстық жұмыстың бүкіл шегінде араб цифрларымен белгіленген кезектілік нөмірі болуы және абзацтан басталуы шарт.

Тараушалар нөмірі тараулар мен тараушалардың нүкте арқылы бөлінген нөмірлерінен тұрады. Тарауша нөмірінің соңына нүкте қойылмайды. Тараулар тараушалар сияқты бір немесе бірнеше бөлімдерден тұрады. Мысалы:

 

Мазмұны

 

    Кіріспе                                                                                                    5

    1   Дидактикалық ойынның педагогикалық құндылығы

1.2  Педагогикалық әдістерге қысқаша талдау                                      6                                       1.3 Дидактикалық ойындарға қойылатын талаптар мен ұстанымдар   13        

    2    Мектепке дейінгі жастағы балаларда қарапайым математикалық  

 түсініктерді қалыптастырудағы дидактикалық ойындар                                                                                                                                                                                               

    2.1 Бүлдіршіндерді қарапайым математикалық түсініктерді     

         дидактикалық ойындар арқылы игеруге баулу                                20              

    2.2 Балаларға дидактикалық ойын іс-әрекеттері арқылы есепті

          шығаруға және математика негіздерін оқыту әдістері                    28                               Қорытынды                                                                                             36 

 

         Егер жұмыста бөлімдер ішінде бөлім болмаса, онда нөмірлер олардың әрбір тарауына қойылады және нөмір бөлімдер мен тараулардың нөмірінен тұрады. Бөлімнің соңына нүкте қойылмайды. Егер тарау немесе тарауша бір бөлімнен тұратын болса, онда ол нөмірленеді. Егер құжаттың мәтіні тек бөлімдерге ғана бөлінсе, онда олар құжаттың ішіндегі реттік нөмірмен ғана белгіленеді.

         Тармақтар немесе тармақшалар ішінде тізілімдер болуы мүмкін. Әрбір позиция алдына дефис немесе қажетті жағдайларда құжаттың мәтіні сілтемесіне әріп қойылады, одан кейін жақша қою керек. Тізілімдерді ары қарай нақтылау үшін арабша цифрларды қолдану керек, олардан кейін жақша қойылады, ал жазу жаңа сөйлемнен басталады. Мысалы:

    а)_______________________

    ә)_______________________

    1)_______________________

    2)_______________________

    в) ______________________

 

Әрбір тармақтар мен тармақшалар және тізілім абзацтан басталады. Атауды әріппен, соңына нүкте қоймай, абзацтан, астын сызбай жазу керек. Атауларда сөздерді тасымалдау рұқсат етілмейді. Егер атау екі сөйлемнен тұратын болса, онда олар нүкте арқылы бөлінеді. Тараулар мен тараушалардың атаулары жартылай шрифтпен жазылады.

Құжатты орындау кезінде тараулардың атаулары мен мәтіндер арасы  2 ендірудей болуы тиіс. Бөлімдер мен бөлім ішіндегі бөлім атаулары арасы, сондай-ақ тараулар мен мәтін атаулары арасы – 1 ендіру болуы тиіс.

Атаулар мен келесі мәтін бір парақта орналасуы керек. Атауды бір парақтан келесі параққа көшіруге болмайды.

Мәтін құжатының әрбір тарауын жаңа парақтан бастау керек. Курстық жұмыс мәтін парақтарында бос кеңістік қалдыруға болмайды. Құжаттың барлық беттері толтырылуы тиіс.

«Мазмұны» мен «Аннотация» сөздерін жартылай қалың шрифтпен жазуға болады. Мазмұнға енгізілген атауды, қатардағы әріппен жазады.

Курстық жұмыс беттерін нөмірлеу және қосымшалардың, титулдық нөмірі жалпы нөмірлеуден тұрады. Титулды парақта нөмір болмайды. Келесі беттерден бастап номер араб цифрымен парақтың ортасына төменгі жағында нүкте қойылмай жазылады.

 Егер курстық жұмыста суреттер мен кестелер болатын болса, және жеке парақта орналасса, онда оларды жалпы номермен нөмірлейді. Егер сурет немесе кесте  А4 форматындағы парақта болатын болса, онда оларды бір бет ретінде санау керек. Бұл жағдайда парақтың нөмірін қоймауға рұқсат етіледі. Қосымшаларды реттік нөмірге қосуға болады.

Мәтін бөлігінің соңында әдебиеттер тізімі келтіріледі. Әдебиеттер тізімі құжаттың мазмұнына ендіріледі.

Формулалар араб цифрларымен нөмірленеді.

Иллюстрация мәтін арасында және мәтіннен кейін, келесі парақта болуы мүмкін. Қосымшалардың иллюстрациясынан басқаларын араб цифрларымен нөмірлеу керек. Егер сурет болса, онда ол «1 сурет» атауымен белгіленеді. Қажетті жағдайда олар түсіндірмелер мен атауларға ие болады. «Сурет» сөзі және атауы сурет астына түсіндіру мәліметтерінен кейін жазылады. Мысалы:              Сурет 1 – Сиқырлы шаршы

Кестені жақсы көрсету мен көрсеткіштерді талдауда ыңғайлы болуы үшін құрады. Кестелердің атауы оның мазмұнын ашып, нақты және қысқа болуы шарт. Атауды кестенің атына сол жақ бетіне орналастырады. Кестелерді негізгі мәтіннен 1 ендіру арқылы бөледі.

Кестені немесе оның бөліктерін басқа бетке тасымалдағанда оның атауы тек бірінші бөлікте ғана көрсетіледі. Мысалы:

Кесте ______   -  ________________________________

            Номер                              кесте атауы

Кестелерді тараулар шегінде нөмірлеуге болады. Бұл ретте кесте нөмірі тарау мен кестенің реттік нөмірінен құралады, нүктелермен бөлінеді. Құжаттың барлық кестелеріне құжаттың мәтінінде сілтемелер жасалуы керек, сілтеме жасағанда «Кесте» сөзін, оның нөмірін көрсете отырып жазу керек.

Кестені мәтіннің астына орналастырады. Ол парақтың көлденең жағынан орналастырылуы мүмкін. Кестені бөліктерге бөлгенде оның бас жағын немесе жанын графа және қатар нөмірімен ауыстыруға болады. Бұл ретте кестенің бірінші бөлігінің қатары мен графасын араб цифрымен нөмірлейді.

«Кесте» сөзін кестенің бірінші бөлігінің сол жағына бір рет қана көрсетеді және басқаларына «Кестенің жалғасы» немесе «Кестенің соңы» деген сөздер жазылады.

 

 

6. Курстық жұмыс тақырыптары.

1. Мектеп жасына дейінгі балаларды монологты сөйлеуге үйрету

    әдістемесі

2. Көркем әдебиет арқылы бала тілін дамыту технологиясы

3. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қоры дамыту жолдары

4. Мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қорын дамытудың тиімді әдіс-

    тәсілдері

5. Қазіргі кезеңдегң бала тілін дамыту әдістемесінің ерекшеліктері

6. Балаларды қабылдау бойынша әңгіме құрастыру әдістемесі

7. Дидактикалық ойындар арқылы балаларды әңгімелесуге үйрету

    жолдары

8. Мектеп жасына дейінгі балалардың сауатын ашудағы балабақшаның

    ролі

9. Бала тілін дамытудағы мектепке дейінгі ұйым мен отбасының

    бірлескен  жұмысының мазмұны, міндеті, формалары

10. Балаларды әңгімені құрастыруды ойлауға үйретуде дидактикалық 

     ойындарды таңдау

11. Мәнерлеп оқу мен нақышына келтіре әңгімелеудің әдісі мен тәсілі

12. Сөйлеу мүшелерін жаттықтыру жолы, тәсілі

13. Көркем туындыны оқудағы негізгі дауыс сарыны

14. Көркем шығарманың типтері мен түрлері

15. Көркем шығарманың тілі

16. Мектепке дейінгі балаларға ертегі оқытудың тиімді тәсілдері

17. Мектепке дейінгі балаларға ауыз әдебиеті оқытудың маңыздылығы

18. Өлеңнің оқылу ерекшелігі

19. Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту жұмыстары

20. Тіл дамыту әдістемесінің маңызы

21. Мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамыту жұмысының мақсаты мен      

      міндеті

22.Тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысы

23. Мектепке дейінгі балаларды ауызша сөйлей білуге үйретудің

      жолдары

24. Сөздік қорды дамытудың негізгі әдістері

25. Мектепке дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету

      әдістемесі

26. Сәбилік шақтағы балалардың тілін дамыту сабақтарының әдістемесі

27. Көркем шығарма мәтінін қайталап айтуға үйретудегі тәрбиешіннің

     басшылығы

28.Балабақшада балалардың жас мөлшеріне қарай сөздік қорын

     молайту  жұмысының мазмұны мен міндеттері

29. Мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын молайтудағы

      дидактикалық    ойынның маңызы

30. Балаларды мектепке даярлаула баланың жеке басының дамуы

31. Балаларды жан-жақты тәрбиелеуде көркем әдебиеттің маңызы

32. Балабақшадағы балалардың сауатын ашу және мектепке

      даярлаудың мақсаты мен міндеті

33. Балабақшада әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

34. Балабақша мен отбасының арасындағы байланыс

35. Балабақшадағы тексеру жұмыстары

36. Мектепке дейінгі балаларды жаңылтпаш айтуға төселдіру жолдары

37. Балабақшадағы балалардың тілін дамыту мен мектептегі қазақ тілі

      әдістемесі арасындағы байланыс

38. Мектепке дейінгі балалардың есту қабілетінің мәні

39. Сабақтан тыс уақытта кітаппен жұмыс істеу

 

 

 

 

 

Қосымша А

(міндетті)

Курстық жұмыс түсіндірме жазбасының титул парағының нысаны

 

Ф.7.14-02

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

Кафедра:________________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

Пәні________________________________________________________________________

Мамандығы:_________________________________________________________________

Жоба тақырыбы:_____________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс_________________                                                                       Орындаған

                     бағасы                                                                                     Студент___________

Бағасына қорғалды                                                                                                           тобы

«________» ___________200_ж                                                                                 ________________

             қолы, аты-жөні

Комиссия:

 _____________                                                                                                 Жетекші    _____________

  қолы, аты-жөні                                                                                                               қолы, аты-жөні

 ________________

   қолы, аты-жөні

 

Норма бақылау

 ________________

        қолы, аты-жөні

 

 

 

Шымкент 200__ж.
 Қосымша Б

(міндетті)

Курстық жұмысты қорғау хаттамасының формасы

 

 

       Ф.7.14-05

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

 

 

Институт__________________________________________________________________

 

Кафедра:__________________________________________________________________

                       

                                                                                                          Бекітемін

                                                                                                          Каф. меңгерушісі__________                                                                                                                        «___»__________200__ж.

 

 

Курстық жоба (жұмыс) қорғау

Хаттамасы №____

 

 

Пәні___________________________________________________________

Студент ____________________________________тобы_______________________________

                       

Курстық жоба (жұмыс) тақырыбы___________________________________________________

________________________________________________________________________________

 

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:

1.__________________________________________________________________

2.__________________________________________________________________

3.__________________________________________________________________

 

 Курстық жобаны (жұмыс) орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен)___, қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) ___________балл.

Сомалық баллы____________

Жобаның (жұмыс) бағасы___________

Курстық жоба (жұмыс) жетекшісі______________________________________

Комиссия мүшелері__________________________________________________

Комиссия мүшелері__________________________________________________

Қорғау күні___________200__

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша В

(міндетті)

Курстық жұмысты тіркеу журналының нысаны

 

 

                                                                                                                                 Ф.7.14-06

 

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

 

 

Институт______________________________________________________________________

Кафедра:________________________________________________________________________

 

Курстық жобаны (жұмыс) тіркеу журналы

 

Тіреку №

Пәні

Тобы

Курстық жобаны (жұмыс) тақырыбы

Студенттің аты-жөні

Жетекшінің аты-жөні

Тапсырманың берілген күні

Қорғалған күні

1

2

3

4

5

6

7

8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

v