Лекция №1.

Пәні: «Тіл дамыту және мәнерлеп оқу практикумы»

Тақырыбы: Кіріспе. «Мәнерлеп оқу практикумы» тіл дамыту әдістемесі курсының маңызды бөлімі.

Сабақ өтудің түрі: Ақпараттық.

Жоспар:

  1. Мәнерлеп оқу туралы түсінік.
  2. Әңгімелеп берудің әдіс-тәсілдері.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қожахметова Қ. Мәнерлеп оқу. А., Мектеп. 1982

2. Федоренко Л.П., Фомичева Г.А., Лотарев В.К. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы. А., Мектеп. 1981

3. Дмитриев Е.Д. Практикум по выразительному чтению.М., 1981

 

                                                      Мазмұны:

Мәнерлеп оқу дегеніміз – оқып тұрған шығармаға көзқарасы интонация арқылы білдіру, оқылған мазмұнды оның эмоционалдық ықпалы жағынан бағалау болып табылады.

Тіл үйрену заңдылықтарының бірі – сөздің эмоционалдық мәнерлілігін баланың түсінуі екенін еске сала кетейік. Интонациялық мәнерді бала ішкі түйсік арқылы ұғынады. Психологтардың бақылауынша, бала кішкентай кезінде-ақ, өзіне арналған сөздің мәнін түсінбей тұрып, оның интонациясының жалпы салатын (оның жағымды, жағымсыз екенін) біліп, соған лайық жауап қайтарады.

Сондықтан тәрбиешінің мәнерлеп оқуы – бұл бір жағынан, оқылған көркем  шығарманың бар әсерін балаларға түгел жеткізу әдісі болса, екінші жағынан – балалардың сөздіктерін жетілдіру мен дамыту әдісі.

Белгілі жастағы балалар психикасының эмоциялық дамуының интокация құралдары арқылы жеткен белгілі бір дәрежесі тәрбиешіге балалардың алдағы жаста лексика мен граматиканың (морфология мен синтаксистің) мәнерлеу құралдарын ұғындыруға көмектесуге мүмкіндік береді.

Тәрбиешінің мәнерлеп оқуға дайындалуы тексті оқып шығудан тұрады: тәрбиеші өзін бір уақыт оқылған тексті орнына қойып, тыңдаушыны не қиналатынын (белгілі бір жастағылар) түсінуге тырысады да, олардың тексті дұрыс қабылдауын жеңілдететін әдістерді іздестіреді.

Оқып берушінің орфоэпиясы. Оқып беруші орфоэпиясының дұрыс болуы – оның сөйлеу мәдениетінің, басты элементі. Сөйлеу мәдениет жөніндегі тәрбиешілер жұмысы туралы материалдарды «Джолное сочитание» журналының «Дұрыс сөздіктер» атты бөлімінен табуға болады.

Әсіресе, айтылуы мен жазылуы екі түрлі бір мағыналы сөздердің дұрыс айтылуына ерекше көңіл бөлінеді. Мыс: өзіңнің, оның, ол не т.б. сөздер айтылуда өзіңнің, оның, ол не деп айтылады, сондай-ақ шетел тілдерінен сөздік қорымызға кеткен шофер, километр, сантиметр, портфел т.б. сөздердің дұрыс айтылуын қадағалау керек.

Орфоэпиялық қатемен айтқаннан да, мүлдем айтпаған орынды. Сондықтан көркем шығарманы оқып әңгімелеп бермес бұрын таныс емес сөздерді сөздіктен қарап алған жөн.

Оқып беруші даусының күші. Балаларға қалай оқып беру және айтып беру керек: қатты оқу керек пе әлде жай оқу керек пе? Бұл жөнінде үзілді- кесілді бір мағыналы жауап болуы мүмкін емес, дауысты жайлап немесе қатты шығару оқылатын шығарманың мазмұнына байланысты.

Балаға кейде бәсеңдетіп орташа дауыспен ғана оқыған дұрыс. Мүлдем шуылдақ балалар да әңгімешінің, даусы бәсеңдеген сәтте тыныштала қалады.

Кішкене тыңдаушыға шығарма мазмұнын білу үшін оның мазмұнына сәйкес не қаттырақ, не бәсеңдетіп оқыған тиімді болмақ.

Сонымен, әуелді бір қалыпты бәсең дауыспен:

                        Бір күні біздер естідік,

                        Жатқанда мүлгіп айнала...

Бұда кейін дауыс қатайып, рапорт түрінде шығады:

                        Космонавт Егор Степанов жолдапты

                        Марстан сәлем Айға деп!

                                                           (С. Михайлков)

Сөздің дәлдігі мен мәнерлілігі оқып берушінің өз даусын керек жерінде бір топтан екінші  топқа ауыстыра білумен анықталатын логикалық екпіндерді дұрыс қоя білу жәрдемдеседі.

Логикалық екпін қойып оқып беруші даусының эмоциялық болуы.  Дауыстың (оның тембррінің) эмоциялық бояуының да мәні өте зор. Бір ұғымдағы әр сөздің мәнерлеп айтуына байланысты мағынасы мүлде өзгеріп кетуі мүмкін. Тәрбиеші балаларға  көркем шығарманы оқып немесе әңгімелеп беру алдында оның тембрін өзі жақсы түсініп алу керек. Дұрыс эмоциялы бояумен әңгімелеп беру және оқып беру балалардың көңілін көтеріп, әңгімеге ынтасын арттырады.

Оқып беруші даусының тембрлік өңділігі, сондай-ақ оның мимкасы кейпі, бет құбылысы оқып тұрған шығарманың мазмұнына үйлесімді болуы керек. Көңілсіз, мұңайып қалыпты оқылған К. Носовтың әсерлі, үлгілі әңгімелері де балаларды қуанышты да кекілді күлкіге кенелте алмайды.

Әңгімелеп, не оқылып беруде де маңызы өте зор, ол сөзді толықтырады, Оның мәнін арттырады. Бірақ оны орынды-орынсыз қолданбай, ұқыптылықпен өз орнына пайдаланған жөн.

Шығарманы оқып, не әңгімелеп беруге дайындық үстінде тәрбиеші ондағы кейіпкерлердің, қылығына өз пікірін білдіру және оны балаларға жеткізе алу үшін, шығармадағы іс-әрекетке, қандай тембр беруді ойлану керек.

Мысалы, тәрбиеші В. Катаевтің Арай деген өте қайрымды қызы туралы жазылған «Сиқырлы гүл» ертегісін оқиды не қайталап айтады. Арай әлі кішкентай, сондықтан да ол өзіне душар болған жағдайда қарсы істеді білмейді; өз қатесін түсінген бойда оны өзі жөндей салуға тырысады, дұрыс істеуді үйренгісі келеді.  Үлкендер өз даусын құбылтып оқу (тембрі) арқылы кішкене Арайдың сәтсіздіктеріне қынжылап, онымен бірге ренжіп, ақырында ол болса түсініп, қателерін жөндеп, қайрымды, игілікті істеген, оған қалай қуанғанын көрсете білуі керек. Арай гүлдің сиқырлы қасиетін пайдаланбақшы болғанда, тәрбиешінің даусынан біресе құмарлық және сенімсіздік енді бірде, Арайдың ойы іске асқанда, сүйсіне таңырқағандық біресе солтүстік плюсте жұқа көйлекпен қалғанда қауіпкер, қорқыныш билеп, ал Арайды сараңдық жеңіп барлық ойыншықты өзіне үйіп алған уақытта оны құптамағандық, ақыр аяғында қыздың алғашқы рет, қағаз адамша қайрымдылық  жасаған кезде ұсақ-түйек жан рахатынан бас тартып, ауру бала жазылу үшін гүлдің сабағын жұлып алғанда, өзінің ақырғы дұғасын бақыттан діріл қақан жіңішке дауыспен әндете оқығанда қуана қанағаттанғандығы көрініп тұратындай болуы қажет.

Керісінше, жазушы ойынның реңін, ондағы драматизм мен комизм жағдайын, қатысушы адамдар мінезінің ерекшеліктерін көрсете алатындай етіп оқуды балалар қатты қабылдайды.

Әңгімені айтушы ол әңгіменің, ертегінің құрылысын алдын ала анықтай алуы керек. Онда бір эпизод немесе бірнеше эпизод баяналуы мүмкін және де ол оқиғалар кейде, мысалы, «Үш торғай» ертегісіндей, көңіл күйі жағынан қарама-қрсы, ал кейе Ш. Перроның «Етік киген мысық» ертегісіндей бір эпизодтан екінші эпизодқа жанры көңіл күй көтеріліс түсетіндей болуы мүмкін.

Жас шамасына қарай әр топтағы балалар өз тәрбиешілерімен шаруашылық – тұрмыстық және еңбек  іс-әрекетінде қатынас жасайды.Тәрбиеші балалардың ойындарын ұйымдастырады,программада көрсетілген  барлық сабақтарда  балалармен  сөйлеседі ,кітап оқу кезінде балаларды көркем шығармалардың авторларының сөздерімен  таныстырады.Демек, балалар тәрбие  иленетін мекемелерде тілді дамыту потенциалының мүмкіндігі түгелімен тәрбиешінің сөзінің сапасына байланысты .

            Балалар бақшасының  тәрбиешісі үшін үлгілі сөйлеу тілін меңгеру –бұл кәсіби даярлығының көрсеткіші. Сондықтан өзінің сөйлеу тілін жетілдіру – болашақ  әрбір педагогтың адамгершілік  және қоғамдық парызы. Ол кейін балаларға  берілетін тілдік дағдыларды жетік меңгеруге тиіс.

            Сөйлеу мәдениеті деп оның дұрыстығын, яғни әдеби тіл  үшін қалыптасқан дәстүр бойынша орфоэпия, грамматика, лексика, стилистика, дұрыс жазу ережелері нориасына сәйкес келуін айтады.

            Сөйлеу мәдениетінің жоқтығы мәселен:

            адамның сөздегі дыбыстарды дұрыс айтпауынан, яғни сөздер қалайжазылса, солай айтуынан;

            сөз үйлесімін дұрыс құрмауынан;

            сөздерді дұрыс мағынасында қолданбауынан;

            Сөзді, грамматикалық формаларды, интонацияны орнымен қолданбауынан көрінеді: ресми тілде қарапайым сөзді, сырласу кезінде әдеби сөзді кірістіре, балалармен сөйлескенде айқайлап немесе ашуланып, шыңғырып сөйлесуі, кемсітетін немесе дөрекі ырғақты қолдануы мүмкін, жиналыста шығып сөйлегенде баяу, жылдам, түсініксіз сөйлеуі мүмкін және т.б.

            Сөйлеу мәдениетіне ие болу – бұл тілдің барлық элементінің (сөздің, түбірдің, қосымшаның, жұрнақтың, жалғаудың, сөйлемнің әр – түрлі типтерінің, ырғақтың) мағынасын түсіну ғана емес, сонымен бірге әдеби тілде оны қалай қолданатынын есте сақтау деген сөз.

            Әрбір адамның сөйлеу мәдениеті оның тілінің сезінуіне немесе тілдің сезгіштігінің қаншалықты дамығандығына байланысты.

            Жоғары тіл мәдениеті деп стильді түсініп, игеруді атайды. Сондықтан болашақ педагогтар әдеби тілдің стилі туралы ең болмаса жалпы түсінікті, яғни адамдардың  қай жерде, кіммен, не туралы сөйлескеніне байланысты өз сөзін қалай реттеп отыратындығын білгені жөн.

            Адам тұрмыста жақын, таныс адамдарымен араласады, сонда оның тілі ауызекі стиль сипатында болады;қоғамдық өмірде ол басқаша сөйлейді, мұнда ол кітаби стилді, оның әр – түрлі тармақтарын – ғылыми,  публицистикалық, поэтикалық, іскер сөз стилін пайдаланады.

            Мектеп жасына дейінгі балалар үшін тіл стилі жөнінде түсінік ең алдымен  айтушының белгілі бір мінез – құлқын талап ететін тілдік этика жөніндегі түсінікпен салыстырылады ( жеке адамның сыпайылығы, кісі сыйлағыштығы, қарапайымдылығы, ескергіштігі, мейірімділігі оның сөйлеу тілінен байқалады ).

Бақылау сұрақтары:

1. Мәнерлеп оқу дегеніміз не?

2. Мәнерлеп оқуды үйрету жолдары.

3. Мәнерлеп оқудың әдіс-тәсілдері.

 

 

Лекция №2.

Пәні: Тіл дамыту және мәнерлеп оқу практикумы.

Тақырыбы: Көркем сөз өнерінің мәні.  Көркем сөз оқу мен актер өнерінің айырмашылығы. 

Сабақ өтудің түрі: Активті.

Жоспар:

1.      Көркем сөз өнері туралы мағлұмат.

2.      Көркем сөз өнерінің өзіндік ерекшелігі.

3.      Көркем сөз өнерінің дам бағыты.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. С. Рахметова  «Қазақ тілін  оқыту  методикасы»  Алматы  1991 ж. /3/.

2. Баймұратова Б.Б «Балабақшадағы ересек  балалар  тілін  дамыту   туралы методикалық құрал»  Алматы  1970 ж. /5/.

3. Баймұратова  Б.Б.  «Балабақшадағы  даярлық топ  балаларының    тілін  дамыту  типтері  программадағы  нұсқау»Алматы  1984 ж. /6/.

4. Бародич Б.Қ. « Мектеп   жасына  дейінгі  балалардың   тілін  дамыту методикасы»  Алматы 1991 ж. /7/.

5. А.П. Федеренко, Г.А. Фамичева, В.Н. Лотарев «Мектеп   жасына  дейінгі балалар тілін  дамыту  методикасы» Алматы 1981 ж.

 

 

 

 

Мазмұны:

Көркем әдебиет  шығармалары балалар алдына адамға тән сезімдер дүниесін ашып,  жеке адалға кейіпкердің  жан дүниесіне қызығушылық тудырады.

Көркем шығарма кейіпкерлерімен бірге қуану -  қайғыруды,  үйрене отырып, балалар өзінің төңірегіндегілердің жасын адамдардының көңіл күйін байқай бастайды. Оларды адамгершілік сезім – қайрымдылық қасиет, әділетсіздікке қарсы тұру қабілеті ояна бастайды.

Көркем сөзді мәнерлеп, өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа айтудың, балалардың шығармашылық түйсігін қалыптастыруда маңызы зор.

Өлең сөздің тыңдаушыларын өзіне баурайтын сазды, әуезді өрнек-нақышы, эмоциялық болуы, үні, дыбыс әуені, мәні, табиғаты ауызекі естілгенде ғана ашылмақ. Осындай сиқырлы күшінен де болар, ұлы Абай "Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы" деген. Өлең сөздің құдыретті қасиетін бала бойына ерте бастан сіңіру, зердесіне жеткізу - оқу-тәрбие ісінде үлкен мәнге ие.

Жақсы өлең жақсы оқылмаса, оның өңі қашады, мазмұны сүреңсіз, әсерсіз шығады.

Өлең сөздің ырғақ, ұйқас, бунақ, тармақ, шумақ кідірістері - қара сөзбен жазылған шығармалардан даралап тұратын белгісі. Осы ерекшеліктер өлеңді ауызша оқығанда    жатқа айтқанда арнайы ескертіледі.

Мектеп жасына дейінгі балаларға берілген өлеңдер алуан түрлі болып келеді. Кейбір өлеңдер белгілі бір оқиғаға құрылса, ал енді бір тобы автордың көңіл-күйіне, асқақ ойының мағынасын білдіреді.

Өлеңдерді оқу тәртібін шамамен былайша көрсетуге болады:

1)       Өлең оқылмас бұрын оның мазмұнына қарай баламен әңгіме өткізіледі. Бұл әңгімеде өлең ішіндегі балалардың ұғымына ауыр-ау деген бейнелі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасы түсіндіріледі.

2)       Өлеңді ырғағына келтіре, мәнерлеп алдымен тәрбешінің өзі оқып шығады. Оқу барысында балалар кітаптарын жауып, тыңдап отырады.

3)       Өлең мазмұны талданады. Кейбір көлемдірек өлеңдер бөлім-бөлімге бөлініп, ал қысқа өлеңдер тұтас талданады.

4)       Өлеңді 2-ші рет қорытындылау мақсатында оқуға дайындық жүмысы жүргізіледі. Оқу техникасы (шапшаң, жай) дауыс сазы, хормен оқу, жеке оқушыға оқыту, т.б. жұмыстар.

Психология теориясында ойда сақтаудың негізгі екі жолын айырып айтады: 1) өздігінен есте сақталу, яғни басқа бір мақсаттағы іс-әрекет процесінде адам еркінен тыс есте қалу; 2) өз еркімен есте сақтау, бұл есте сақтауға саналы түрде ұмтылудың нәтижесі болып табылады.

            Сөйтіп, жоғарыда келтірілген әр жастағы балаларға көркем шығарма оқып беру сабақтары балалары сол шығармалардың мазмұнымен таныстыру, оларды эстетикалық ләззатқа бөлеу, белгілі бір өнегелі түсінік, адамгершілік сезімге тәрбиелеу мақсатында өтеді. Бұл сабақтарда балалар тыңдайды, талқылайды, көркем шығармаларды қайталап айтады және олардың алдына жаттап алу мақсаты қойылмаса да, оны түгелмен немесе бөліп-бөліп еріксіз жаттап алады. Бұл - өздігінен есте сақталу. Балалар бақшасында көркем шығармаларды оқытуға ұсынылған методикалық тәсілдер балаларға өздігінен есте сақтап қалуды қамтамасыз ету керек.

Кай елдің поэзиясында болсын өлеңдегі ырғақты туғызатын өлең сөздің қайталанып келіп отыратын мөлшерлі бөлшектері десек қазақ поэзиясында  ырғақ  туғызатын өлең сөздің буын саны тұрақты бөлшектер, алдымен тармақ, яғни  өлең жолы. Қазақ поэзиясында тармактың өзіне тән ырғағын аныктайтын тек ондағы буындардың жалпы саны ғана емес. Тармақ ішіндегі  буындар белгілі ретпен, белгілі мөлшерде  топтасып, әр тармақтың бірнеше қысқа бөлшектерге бөлінуіне мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі мекемелерде   оқу бағдарламасында көркем туындылардың үзінділері көптеп қамтылған. Ол заңды да. Мектеп балаларын заман талабына сай жан-жақты тәрбиелеуде көркөм сөздің атқарар рөлі зор. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті, образдар, оқиғалар баланы сан қилы сезімге түсіріп ойландырады, қуандырады, жирентеді, Кейбір көркем сөз, сөз тіркестері тіл үшына оралып, мақал-мәтелді жаттап алады. Бас аяғы  жинақы, жеңіл де ойнакы шумақтарды сабақ үстінде-ақ жаттап алады. Сол арқылы эстетикалық ләззат алып, өз бетімен тағы да" оқығысы келеді де, баланың кітап құмарлығы басталады.

Бақылау сұрақтары:

1. Көркем сөз өнері.

2. Көркем сөз оқу мен мәнерлеп оқудың ұқсастығы ме айырмашылығы. Мысал келтіру.

3. Көркем сөз өнерінің неше даму бағыты бар?

4. Көркем сөз оқу мен актер өнерінің айырмашылығы