Лекция №3.
Пәні: Тіл дамыту және мәнерлеп оқу практикумы.
Тақырыбы: Сөйлеу техникасы, оның мәнерлеп
оқудағы маңызы. Сөйлеу мүшелері, оның
дыбыстаудағы қызметі.
Сабақ өтудің түрі: Активті.
Жоспар:
1. Сөйлеу техникасы туралы
түсінік.
2. Сөйлеу техникасының
маңызы.
3. Сөйлеу мүшелері.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Баймұратова Б.Б «Балабақшадағы
ересек балалар тілін
дамыту туралы методикалық
құрал» Алматы 1970 ж. 22-24 б.
2.
Баймұратова
Б.Б.
«Балабақшадағы
даярлық топ
балаларының тілін дамыту
типтері программадағы нұсқау»Алматы 1984 ж. 16-18 б.
3.
Бародич Б.Қ. « Мектеп жасына
дейінгі балалардың тілін
дамыту методикасы» Алматы 1991 ж.
69 б.
4.
А.П. Федеренко, Г.А. Фамичева, В.Н. Лотарев «Мектеп жасына
дейінгі балалар тілін дамыту методикасы» Алматы 1981 ж.
Мазмұны:
Жеке адамның қалыптасуы көбіне
педагогикалық ықпал етуге және оның
қаншалықты ерте басталуына байланысты. Осыны ескере отырып,
біздің елде балалар бақшалары (сәбилік және мектепке
дейінгі топтармен) бастауыш, орта және жоғары мектептердің
іргетасы, аса маңызды
буындарының бірі ретінде халық ағарту жүйесінде
енгізілген.
Балалар бақшасы
балалардың жан-жақты дамуын – дене, ақыл-ой, адамгершілік
және эстетикалық тәрбие
беру мәселелерін алдына мақсат етіп қояды, оны тілді
үйрену процесі кезінде жүзеге асырады.
Ясли топтар мен балалар бақшасындағы мектепке
дейінгі сәбилер мен балаларды тілге үйретудің мазмұны,
жұмысты ұйымдастыру мен оқытудың негізгі әдістері
«Балалар бақшасында тәрбие программасында» анықталған.
Мектепке дейінгі жастағы және
сәби баланың үйренген тілінің мазмұны сезім органы
арқылы қабылданған, санасында көрініс берген
қоршаған болмыс болып табылатындығы белгілі: оның
өзі, денесінің бір бөлігі, жақын адамдар, өзі
тұратын бөлмесі, ол
тәрбиеленетін балалар бақшасының ішкі бөлмесі, аула,
парк, жақын маңдағы көшелер, қала, адамдардың
еңбек процестері, өлі және тірі табиғат. Мектепке
дейінгі ересек балалардың сөзінің мазмұнына
айналадағы адамдар, табиғат жөніндегі адамның парызын
түсінумен байланысты этикалық ұғымдар,
қоғамдық өмірдің құбылыстары,
мерекелер кіре бастайды. Сондықтан «Балалар бақшасындағы
тәрбие программасы» тілді дамыту жұмысын балаларды
айналадағылармен таныстыру жөніндегі жұмыспен,
сондай-ақ көркем әдебиетпен біріктіреді және осы
жұмыстың формасын анықтайды. «Программада...» тілді оқытудың
негізгі екі формасы аталған: біріншісі – тәрбиешімен, балалар
бақшасының басқа қызметкерлерімен еркін сөйлесуі,
бір-бірімен әңгімелесуі арқылы балалардың тілін дамыту
жұмысы, екіншісі – тілді дамыту жөніндегі арнайы сабақтар [2,
22-24 б].
Балалар бақшасында баланың еркін
сөйлеуі: а) тұрмыста (таңертеңгі, кешкі жуыну,
тамақ ішу т.б.), б) серуендеу кезінде, в) ойын процесі кезінде, г)
айналадағымен танысқанда (қоғамдық өмірмен
және жылдың барлық мезгілінде табиғатпен
танысқанда), д) еңбек процесі кезінде
(шаруашылық-тұрмыстық, қол еңбегі,
табиғатта еңбек еткеде), е) мерекелер мен көңіл
көтеру кездерінде, ж) мынандай арнайы сабақтар кезінде:
математикалық, сурет салу, мүсіндеу, құрастыру, дене
тәрбиесі, музыкалық сабақтарда қарапайым
түсініктерді қалыптастыру кезінде болады.
Еркін сөйлесіп тіл үйренуге,
қарым-қатынас пен таным, сондай-ақ өз
мінез-құлқын басқара білу құралы ретінде
тілді үйренуге баланы анағұрлым қабілетті ете түсу
үшін үш жастан бастап тілді дамыту жөніндегі арнайы
сабақтар енгізіледі. Сабақ үстінде бала өзінің
сөйлеу қимылын тәрбиеші көрсеткен үлгімен,
оның айтқан сөзімен (не істеу керек? және қалай
істеу керек?) салыстыруға үйреніп, оқу іс-әрекетін
басқа балалармен бірігіп орындай білуді үйренеді:
түсіндіруді, әңгімені, музыканы бәрі бірге
тыңдауды, суреттерді, диафильмдерді бірге көруді,
әңгімелесе білуді, дидактикалық ойындарға
қатысуды, бірігіп ән салуды үйренеді; ол белгілі бір
объектіге назар аударуға, өзін-өзі ұстай білуге,
кезекпен сөйлеуге үйренеді. Сабақ үстінде балалар
(болмыс құбылыстарындағы қарым-қатынастарды
білдіретін жаңа сөздермен және граматикалық формалармен
бірге) жаңа білім алады, оқу жұмысын сөзбен ескерту
мәліметтеріне сәйкес орындауға, өз жұмысын
бағалай білуге үйренеді. Сабақтарда балаларды тәртіпті
болуға үйретеді. «Программада...» балалардың әрбір жас
кезеңінде арналған баланың тілін дамыту жөніндегі
арнайы сабақтардың мазмұны: «Айналадағымен таныстыру
және тілді дамыту», «Табиғатпен таныстыру және «Тілді дамыту»,
«Көркем әдебиет», «Ана тілі» деген рубрикалармен беріледі.
Айналадағымен және табиғатпен
таныстыру сабақтарында балалар бақылаған заттар мен
құбылыстар, олардың іс-әрекеті, белгілері,
қарым-қатынасы «зерттеу» объектісін құрайды, ал
тәрбиешінің, ата-ананың балалар көрген нәрсені
атаған сөздері олардың
лексикасын байытудың бірден-бір көзі, олардың диалогтік
және монологтік тілін дамытудың өзіндік күш берушісі
болып табылады. Тіл - қоғамдағы
адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын
құралы, қоғамдағы өндірістің,
ғылым мен техниканың, әдебиет пен мәдениеттің
шарықтап өсіп, кемеліне келуі тілдің жемісі екені
мәлім.
Тілдің қоғамдағы алатын
орны туралы Жүсіпбек Аймауытов «... ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан
дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін,
мәңгі құламайтын бәйтерегі» десе, Ахмет
Байтұрсынов: «... өзіміздің елімізді сақтау үшін
бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек... өз
алдында ел болмаққа, өзінің тілі, әдебиеті бар ел
ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиістіміз» дейді.
Сүйемін туған
тілді, ана тілім
Бесікте
жатқанда-ақ берген білім.
Шыр
етіп жерге тұскен минутымнан,
Құлағыма
сіңірген таныс үнім, -
деп Сұлтанмахмұт
Торайғыров айтқандай бесік жырымен басталатын әуезді ана тілі
– ана әлдилеумен нәрестенің рухани жан дүниесін
байытып, сырлы сөз маржанына құлағын үйретіп,
құймақұлақ тыңдармандыққа
баулитын ешбір дәлелдеуді қажет етпесе керек. Ананың
алғашқы әлдиімен емірене естіртетін мейірбан
сүйіспеншілігі сәбидің ойына сәуле түсіріп
сезімін оятады. Ана мен бала арасында ыстық ықылас
қалыптасып, ол сәбимен тілдесу арқылы өрістей береді.
Алтайда, ана сүтімен келетін тілдік қуаныш баланың ата-анасы
халық тілінің қыры мен сырына, оның тарихи бай
мұрасына қанық болса ғана табысты болмақ.
Баланы осылайша сөз
өнеріне сөйлесе білуге үйрету – күнделікті
үй-ішілік тәлім- тәрбие арқылы іске асырылады. Сондықтан
отбасында әрбір ата-ана баланың ақыл – ойын, ауызша
сөйлеу тілін дамытуға мүмкіндігінше көңіл
бөлуге тиісті.
Ертеде білім беретін
мектеп тіпті аз, ал мектепке дейінгі балаларды тәрбиелейтін бақшалар
болмады. Өмірінің
қызығы да, бақыты бала деп қараған
ата-аналар қауымы сол кезде балаларын тәрбиелеуге
шама-шарқынша көңіл бөлгені мәлім. Ол кездегі
тәрбие құралы – ауыз әдебиеті нұсқалары,
халық қазынасы – ертегі, жұмбақ,
мақал-мәтелдер, өлең тақпақтар ауызша
жатталып, балаға жетіп, оның ой-өрісін кеңейтіп, тілін
ширату, айналадағы қоғамдық өмір шындығын
таныту ісіне үлес қосты, қосып та келді. Бұл
жөнінде заманымыздың кеменгер ойшылы, жазушы академик Мұхтар
Әуезов Абайдың тіл байлығы жөнінде: «Ең
алғашқы өлең
жайын баяндаған жырында Абай Шортанбайды, Бұхар жырыуды
ауызға алса, солардың сөзін бала күнінен есітіп, танып,
жаттап өскенін сезуге болады. Әрине осындай, ақындық
мұралармен қатар, мақал, аңыз, дастан, айтыс
сияқты сан қазынаны
әжеден, анадан, қонақ-жолаушылардан көп
естіді... Осындай мұраларды сүю Абайды қатал, суық
билер ортасында қалдырмай, халық мұрасына жақын етіп
жүрді. ... Абай тілінің аса бір мол, бай тіл екенін тану қиын
емес, сол байлық Абайда бала, жігіт күнінен құралып
өсіп келген байлық» деген болатын.
Бақылау
сұрақтары:
1. Сөйлеу техникасы дегеніміз не?
2. Сөйлеу мүшелерін жаттықтыру жолдары мен
тәсілдері.
3. Сөйдеу мүшелерінің дыбыстаудағы қызметі.
4. Сөйлеу мүшелерінің түрлері.
Лекция №4.
Пәні: «Тіл дамыту және мәнерлеп оқу
практикумы»
Тақырыбы: Тыныс алу, оның сөйлеудегі мәні.
Сабақ өтудің түрі: Ақпараттық.
Жоспар:
1. Тыныс алу туралы мәлімет.
2. Тыныс алудың сөйлеудені мәні.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Отбасы және
балабақша 2006 №5
2. Ысқақов Бегман «Тіл дамытудың
психолингвистикалық негіздері, Алматы, Рауан 1996 53-79 бет.
3. Ысмағұлыова. «Тіл дамыту» ойындары. 30
б.
5. С. Желдербаева Мәнерлеп оқу.
Көмекші оқу құралы. – Алматы: «Қазақ
университеті» 1992. – 72-81 б.
6. С. Б. Бабаев.
Мектеп жасына дейінгі педагогика. Оқу құралы – Алматы.
«Заң әдебиеті» 2007. 61-77 б.
Мазмұны:
Жас шамасына қарай әр топтағы
балалар өз тәрбиешілерімен шаруашылық – тұрмыстық
және еңбек
іс-әрекетінде қатынас жасайды. Тәрбиеші
балалардың ойындарын ұйымдастырады, программада
көрсетілген барлық
сабақтарда балалармен сөйлеседі ,кітап оқу кезінде
балаларды көркем шығармалардың авторларының
сөздерімен таныстырады.Демек,
балалар тәрбиеленетін мекемелерде тілді дамыту потенциалының
мүмкіндігі түгелімен тәрбиешінің сөзінің
сапасына байланысты .
Балалар бақшасының
тәрбиешісі үшін үлгілі сөйлеу тілін
меңгеру –бұл кәсіби даярлығының көрсеткіші.
Сондықтан өзінің сөйлеу тілін жетілдіру –
болашақ әрбір
педагогтың адамгершілік және
қоғамдық парызы. Ол кейін балаларға берілетін тілдік дағдыларды жетік
меңгеруге тиіс.
Сөйлеу мәдениеті деп оның
дұрыстығын, яғни әдеби тіл үшін қалыптасқан
дәстүр бойынша орфоэпия, грамматика, лексика, стилистика,
дұрыс жазу ережелері нориасына сәйкес келуін айтады.
Сөйлеу мәдениетінің жоқтығы
мәселен:
адамның сөздегі дыбыстарды дұрыс айтпауынан,
яғни сөздер қалай жазылса, солай айтуынан;
сөз үйлесімін дұрыс құрмауынан;
сөздерді дұрыс мағынасында
қолданбауынан;
сөзді, грамматикалық формаларды, интонацияны
орнымен қолданбауынан көрінеді: ресми тілде қарапайым
сөзді, сырласу кезінде әдеби сөзді кірістіре, балалармен
сөйлескенде айқайлап немесе ашуланып, шыңғырып
сөйлесуі, кемсітетін немесе дөрекі ырғақты
қолдануы мүмкін, жиналыста шығып сөйлегенде баяу,
жылдам, түсініксіз сөйлеуі мүмкін және т.б.
Сөйлеу мәдениетіне ие болу – бұл тілдің
барлық элементінің (сөздің, түбірдің,
қосымшаның, жұрнақтың, жалғаудың,
сөйлемнің әр – түрлі типтерінің,
ырғақтың) мағынасын түсіну ғана емес,
сонымен бірге әдеби тілде оны қалай қолданатынын есте
сақтау деген сөз.
Әрбір адамның сөйлеу мәдениеті
оның тілінің сезінуіне немесе тілдің сезгіштігінің
қаншалықты дамығандығына байланысты.
Жоғары тіл мәдениеті деп стильді түсініп,
игеруді атайды. Сондықтан болашақ педагогтар әдеби
тілдің стилі туралы ең болмаса жалпы түсінікті, яғни
адамдардың қай жерде,
кіммен, не туралы сөйлескеніне байланысты өз сөзін
қалай реттеп отыратындығын білгені жөн.
Адам
тұрмыста жақын, таныс адамдарымен араласады, сонда оның тілі
ауызекі стиль сипатында болады;қоғамдық өмірде ол
басқаша сөйлейді, мұнда ол кітаби стилді, оның әр
– түрлі тармақтарын – ғылыми,
публицистикалық, поэтикалық, іскер сөз стилін
пайдаланады.
Мектеп
жасына дейінгі балалар үшін тіл стилі жөнінде түсінік
ең алдымен айтушының белгілі
бір мінез – құлқын талап ететін тілдік этика жөніндегі
түсінікпен салыстырылады ( жеке адамның сыпайылығы, кісі
сыйлағыштығы, қарапайымдылығы, ескергіштігі,
мейірімділігі оның сөйлеу тілінен байқалады ).
Тәрбиеші
стильді интуиция арқылы сезініп қана қоймай, сонымен
бірге оның көмегімен белгілі
стиль қалыптасатын тіл құралын саналы түрде талдай
білген, яғни ол лингвистика саласынан да қажетті білімді
меңгеруге тиіс. Бұл балаларды стильді түсінуге
тәрбиелеуде қажетті дидактикалық материалдарды оның іріктеп алуына да септігін
тигізеді. Сөйлеудің әр
түрлі стилистикалық
бөлінуі тілдің синонимиясымен қамтамасыз етіледі,
лексикалық (баспана – үй – пәтер – тұратын жер –
тұрақ – бұрыш – ұя – бас сұғатын жер –
үңгірін ), грамматикалық (даламен жүру – егістікпен
жүру - егістік арқылы
жүру ); фонологиялық, яғни әңгімелесіп
отырған кісіге қатынасын
білдіріп түрлі интонациямен айтуға: сыйластық
көңілді білдіруге, немесе, керісінше, кемсітіп, көңілін
қалдыруға (мәселен, «Отырыңыз!») болады.
Тәрбиеші
өзінің сөйлеу мәдениетін жетілдіру жолында жұмыс
істей отырып, ең алдымен оның компоненттері – лексикасы,
грамматикасы, фонетикасы синонимдік жағынан бай болуына назар аударуы
керек. Ол – тілде мұндай лексикалық қосымшалардың не
үшін көп болатынын, олардың қандай
мағыналық және эмоциялық белгілермен ерекшелетіндігін,
өз сөзінде қай кезде қолдану орынды екендігін анықтап алуға
тиіс. Ол өз бойында сөздікті үнемі пайдалану қажеттігін
дамыту керек. Сөйлеу мәдениетін көтеруге талпынған
тәрбиеші морфологияның аффико – синонимдердің мәнерлі болуын есте ұстаған
жөн, сондай-ақ
өзінің сөзінде синонимдік флекстердің, синонимдік жалғаулардың,
синонимдік-сөздердің, жай және күрделі
сөйлемдердің құрылысына синонимдердің
барлық байлығын қолдану керек.
Ана тілінің синонимдерін білу болашақ
педагогтарға өзінің тілін жақсартуға ғана
көмектеспейді, сонымен бірге балаларды тілге үйретудің
жеңіл және өте тиімді жолдарын бойына сіңіреді : егер
бала әлдебір грамматикалық форманы түсінбесе, онда оған
тиісті синонимді айта қойса (әрине, орта және ересек
топтарда) бәрі түсінікті болады. Мысалы, А.Прокофьевтің
«Көшедегі көлшік» деген өлеңінде: «желкенмен
жабдықталған флот суға түсті» деген сөз бар,
мұндағы грамматикалық форма баланың түсінуіне
өте қиын. Оның орнына тәрбиеші етістіктің
септелетін бұрыннан таныс түрін ұсынады: желкенмен
жабдықталған – демек, «балалар желкенмен жабдықталған
(жасаған) флот». Тәрбиеші
сөз дыбысы артикуляциясының және олардың
үйлесуінің дұрыстығына жаттыққан болуы
тиіс, сондай-ақ адамға тән әр түрлі сезімдерді :
қуанышты, қайғыны, қорқынышты, ренішті,
мақұлдауды т.б
Бақылау
сұрақтары:
1. Тыныс алу дегеніміз не?
2. Дыбыстау мүшелері дегеніміз не?
3. Тыныс алуға қандай дене мүшелері жатады?
4.Дыбыстау мүшелерінің қызметі.