Лекция №5.
Пәні: «Тіл дамыту және мәнерлеп оқу
практикумы»
Тақырыбы: Дауыс сапасы, оған дауыс биіктігі, дауыс
күші, дауыс нақышы, дауыс икемдігі. Орфоэпия оның
мәнерлеп оқудағы маңызы.
Сабақ өтудің түрі: Ақпараттық.
Жоспар:
1. Дауыс сапасы.
2. Орфоэпия туралы ұғым.
3. Орфоэпия
оның мәнерлеп оқудағы маңызы.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Отбасы және
балабақша 2006 №5
2. Ысқақов Бегман «Тіл дамытудың
психолингвистикалық негіздері, Алматы, Рауан 1996 53-79 бет.
3. Ысмағұлыова. «Тіл дамыту» ойындары. 30
б.
5. С. Желдербаева Мәнерлеп оқу.
Көмекші оқу құралы. – Алматы: «Қазақ
университеті» 1992. – 72-81 б.
6. С. Б. Бабаев.
Мектеп жасына дейінгі педагогика. Оқу құралы – Алматы.
«Заң әдебиеті» 2007. 61-77 б.
Мазмұны:
Баланың оқу
әрекеті-күрделі, жан-жақты үрдіс, ол баланың
барлық әрекетін, рухани күштерін керек етеді. Баланың
ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының
жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Баланың
ақыл-ой әрекеті оның қажеттері мен
қызығулары, сезім мен ерік сияқты т.б. Психикалық
үрдістерімен байланысты іске асырылып отырады. Оқушының
өздігінен оқуының жемісті болуы үшін ақыл-ой
еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек.
Баланың
ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға оның
жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аудару керек.
Ең алдымен, баланы өз жұмысының
мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек. Егер бала
әрбір оқу жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай
мақсатпен керектігін, ол қандай нәтиже (жаңа білім,
дағды) беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің
саналылығы артады. Оқу жұмысының мақсат
міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай білуге,
уақытты дұрыс пайдалануға, қысқаша
айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың
маңызы өте зор.
Баланың оқу әрекеті мазмұнына мыналар кіреді:
ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды
түсіндіру және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған
ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгеру. Осыған орай,
балалардың ғылыми білімді және дағдыларды менгеруі
олардың оку әрекетінің негізгі мақсатымен
нәтижесі болып табылады. Оқу әрекетінің белгілі
құрылымы мыналар:
1. Оқу міндеттері
(немесе тапсырмалар);
2. Оқу
әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы
практикалық және ой тәсіл-амалдары);
3.
Бақылау (оқушылардың өзін-өзі
қадағалап, тексеріп отыруы);
4. Бағалау
(мұғалімнің және оқушының
өзіне-өзі берген бағасы).
Бiрiншi икемдiлiктiң
мақсатты болуы сөйлеудiң нәтижелi жүргiзiлу
деңгейiн арттырады (мазмүндылығын, логикалық
эмоциональды т.б.), мақсаттылық сөйлеудiң стратегиясын
анықтайды. Бiрақ сөйлеу жағдайының
өзгеруiне байланысты жеткiзiлу нұсқасы, тактикасы
өзгерiп отырады. Стратегия мен тактиканы жүзеге асыруда
сөйлеу икемдiлiгiнiң басқа соған сәйкес сапаларын
игеру керек болады. Сапа лингвистикалық бiлiмге байланысты.
Сапалық
көрсеткiш – сөйлеудiң нәтижелi болуы. Сөйлеу
әр оқушының шығармашылық икемдiлiгiне байланысты
болады. Бала сөйлеу әрекетiне байланысты белгiлi мәселе,
тақырып, бойынша жүргiзу үшiн тiлдiк құралдарды
орынды жұмсай бiлу икемдiлiгi арқылы жүзеге асырады.
Бұл сапа үйретуге, оқытуға байланысты арттырылады.
Екiншi
сөйлеу, қарым-қатынас жасай бiлу икемдiлiгi
(интегрированность) сөйлеу әрекетiне жаттықтыру болып
есептеледi. Мәселен, сөйлеу амалдары бойынша барлық
дағдыларды меңгеру. Сонымен бiрге, лексикалық, граммати-калық,
орфоэпиялық. орфографиялық дағдыларды қолдана бiлу
қабiлеттiлiгi мен ойлау деңгейiнiң жоғары болуы,
баланың бiлiмi, тәжiрибесi, сезiне бiлу қабiлетiнiң
қалыптасуы, ойды сезiне бiлуi, қабылдау мен оны жеткiзе бiлу
қабiлетiмен бiрлiкте жүргiзе бiлу икемдiлiгi. Бұл бала
бiлiмiнiң, тәжiрибесiнiң, сезiмiнiң қалыптасу
дағдысына байланысты. Жоғарыдағы санамаланған
көлем мен сапаның қалыптасуына байланысты тiл дамыту
деңгейi анықталады. Бiз зерттеуiмiзде тiл дамыту деңгейiн
мына бағытта қарастырдық.
Тiл
дамытудың жоғары деңгейi деп, сөйлеу орфоэпиялық,
орфографиялық өлшемге сай және сөздiң,
сөйлемнiң, мәтiннiң сөйлеу жағдайына
байланысты мәнерлiлiктi сақтай бiлумен сипатталады.
Лексикалық сипаты – сөйлеу мақсаты мен мiндеттерiне,
жағдайына байланысты сөздiң мәнi мен мағынасына
байланысты сөйлемде орынды қолдана бiлу икемдiлiгi мен
дағдысының қалыптасуы. Сөздi қолдана бiлу
деңгейi дегенiмiз оқушының қатысым-әрекетке орай
тиiстi сөздiң мағыналық, стилистикалық, экспрессивтi-эмоциональды
мәнiне байланысты пайдалана бiлу икемдiлiгi. Бұл икемдiлiк
оқушының сөздiк қорының мол болуы мен
лексикалық тiлдiк құралдарды меңгеруiне байланысты.
Бақылау сұрақтары:
1. Дауыс сапасы
дегеніміз не?
2. Орфоэпия мен
мәнерлеп оқудың байланысы.
3. Орфоэпияның
басты ережелері.
4. Дауыс биіктігі
дегеніміз не?
5. Дауыс
нақышы дегеніміз не?
6. Дауыс икемдігі
дегеніміз не?
Лекция №6.
Пәні: «Тіл дамыту және мәнерлеп оқу
практикумы»
Тақырыбы: Мәнерлеп оқу мен
әңгімелеп берудің әдіс-тәсілдері.
Сабақ өтудің түрі: Интерактивті.
Жоспар:
1. Мәнерлеп оқу жолдары.
2. Әңгімелеп берудің әдіс-тәсілдері.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Қожахметова Қ. Мәнерлеп оқу. А., Мектеп. 1982
2. Федоренко
Л.П., Фомичева Г.А., Лотарев В.К. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту
методикасы. А., Мектеп. 1981
3. Дмитриев Е.Д.
Практикум по выразительному чтению.М., 1981
Мазмұны:
Қазақ
халқының бала
тәрбиелеу негізгі бағыттары мен түрлеріне
ғылыми негіздеме береді.М.Жұмабаев
баланың жан тәрбиесі мен тән тәрбиесінің
маңыздылығының сөз етіп, жан тәрбиесіне
күшті көбірек жұмсау кажеттігін көрсетеді.
Өйткені «Адамның
қымбат нәрсесі де сол
жан. Қиын тәрбие тілейтін де сол жан», - деп ұғындырады.
Егерде С.Қалиев ұрпақ тәрбиесіне күшті көбірек жұмсау қажеттігін, іс-әрекеттер
тұрғысынан қараса М.Жұмабаев негізгі ілімін
психологиялық заңдарға сүйене отырып жасайды.
Жам-көріністерін тап-тапқа бөліп, оларды ақыл көріністері, ішкі сезім
көріністері, һәм қайрат көріністері деп атайды.
Бұл
жерде айта кететін жәйт,
данышпан Абай, халық
тәрбиешісі ретінде, өзін байқаушы ретінде танылып,
М.Жұмабаев көрсеткен адамның жан дүниесінің үш көріністерінің теңдігін дәлелдейді.
Әлде
бір суық, мұз ақыл
зерек,
Жылытқан
тұла бойды ыстық
жүрек.
Тоқтаулылық талабы шыдамдылық,
Бұл
қайраттан шығады білсең
керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей
ұста,
Сонда
толық боласың елден
бөлек, - деп
үйретеді.
Көптеген
жалған түсінікке сүйеніп, баланың тоқ, жылы
жүруіне ғана қамқорлық жасап, жан дүниесін
қалыптастыруды табиғатқа, қоршаған ортаға
жүктеген жоқ. Бұл ата-аналар баланың дене
тәрбиесінің бір саласына ғана көңіл
аударғаны болар еді. Бала тәрбиесінің бұл екі
саласының да қажеттілігін, маңыздылығын ойлай отырып, дегенмен де бала өскен сайын тәрбиеші
күшінің көбін баланың жан тәрбиесіне жұмсай
білу керек деп көрсетеді М.Жұмабаев. "Тегінде берік
ұғыну керек, адамның қымбат нәрсесі де,
жұмбақ процесі де сол жан".
Сонымен бала
тәрбиесі дене және жан
тәрбиесінен тұрады екен. Баланың дене тәрбиесі
нәрестелік кезчінен басталып, түрлі жаттығу ауаға
қыдыру, серуендету, шынытырудан
тұралы. Дене тәрбиесімен айналысатын мамандар талай
еңбектер жазып, арнайы кесте жаттығуларлы ата-аналарға
арнаған. Ал табиғат заңдылығын жете
меңгерген
көрегенділік
тәжірибесіне бала
тәрбиесінде қолдана білген қазақ халқының өзіндік ерекшеліктері кейінірек
сөз болмақ.
Теориялық
тұрғыдан баланың жан-тәрбиесінің бағыт
заңдылықтарына жүгінер болсақ әүелі ол адам
танымына тікелей байланысты екенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар
сыртқы және ішкі сезім
әсерленулерінің бастапқы сезім тәрбиелеуде алар
орнын орасан зор екенін
көрсету қажет.
Сыртқы
сезім әсерлерінің бірі — көру сезімі жарық, түс
және қозғалыс әсерлерінің сезінген адам айнала
қоршаған табиғатты, қоғамдық
өзгерістерді қабылдауға мүмкіндік алады. Бұл
сезімді тәрбиелеу балаға әртүрлі ойыншықты беріп,
сурет салудан басталады. Әрбір ата-ана балаға әртүсті,
түрлі формадағы ойыншық сатын алып, істеп беріп, істеп
үйренуіне көңіл
аудару керек. Мәнерлеп
оқу – дегеніміз қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін
оқу. Қарапайым сөйлеу деп күнделікті
тұрмыс-тіршілігімізде бір-бірімізбен қарым-қатыас
жасағанда алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп
сөйлеуді айтамыз. Өйткені, адамдар бір-біріме сөйлескенде
әр түрлі оқиғалар, хабарлар, көріп-білгендері
туралы әңгімелейді және сол әңгімелердін
өте шебер, әсерлі жеткізеді. Ондайда тыңдаушының
қаншама әсер алатыны белгілі.
Сөйлеу икемдiлiгi мен
дағдыларын белгiлеу үшiн, ең алдымен қатысым
қалай жүретiндiгi анықтап алынды.
Қатысым
дегенiмiз – әрекет. Оның ұйымдастыру амалдары мен
нұсқасы болады. Сондықтан, бiз
қатысымдық-әрекеттiң негiзiндегi сөйлеу
нұсқаларына байланысты тiлдiк құралдарды
анықтадық. Әдiстемелiк әдебиеттерде
қарым-қатынас құралдарын сөйлеудiң екi
нұсқасымен байланысты анықтайды. Олар: ауызша және
жазбаша. Ал бұлардың әрқайсысына тән
икемдiлiктерi мен дағдылары, қарым-қатынас
әрекетiнiң құралдары, сөйлеудiң бұл
нұсқаларын игерудiң өзiндiк жолдары бар. Олар:
-
интонациялық ұйымдастырылуы бай болады;
-
паралингвистикалық ақпарат (жест, мимика) қатысады;
-
белгiлi бiр темпте болады;
-
жоғары дәрежеде сөйлеу автоматтандырылады;
-
әңгiмелесушiмен байланыста болады;
-
сөйлеу құрылысы, сөз таңдау ерекшелiгi болады;
-
сөйлеудiң көп тақырыптылығы;
-
сөйлеудiң ауызекi сөйлеу стилiне қатыстылығы
және жазбаша сөйлеу ерекшелiктерi:
-
тiлдiк құралдарды таңдау барысында;
-
құрылымдық жағынан күрделiлiгi бойынша;
-
саналылықпен орындауға мүмкiншiлiктiң болуы (жоспарлау,
жазу, жетiлдiру, жөндеу);
-
жазбаша стильге қатыстылығы;
-
қарым-қатынас жасаушылар өзара тiкелей байланыста бола алмауы
болып жiктеледi.
Баланың оқуға деген
ынта-ықыласын,
қызығу-шылығын
жойып алмау мақсатында кез-келген
тапсырманы берер кезде:
Біріншіден, оның бала
ұғымына
сәйкес,
түсінікті болуын ескереміз. Себебі баланың
түсінбей қалған сөзі
топтастықтың
бастамасы » деген
нақыл сөз бар. Мысалы:
калькуляторда бір сан қате болса,
сол санмен орындылған есептеу
нәтижесі де қате
болып шығады.
Міне, тап
осы сияқты оқушының түсінбеген сөзге
қате мағына немесе
балама тауып, нәтижесінде сөйлемді қате
түсінуі жиі кездеседі.
( Мысалы: Ағашты аралау – сөздің кесу
деген мағынасын, көшені
аралау – жүру деген мағынамен шатастырады ).
Екіншіден, берілетін
тапсырманың
тәрбиелік
мәніне көбірек көңіл бөлеміз.
Үшіншіден, қандай
да болсын берілген
тапсырма бала бір
қызығушылығын
оятатындый деңгейде бөлу
керектігін түсінеміз.
Егер бала бір
нәрсеге
қызықса, онда оның
табиғатына тән білсем,
білгенімді айтсам деген
сөйлеуге деген талпынысты
күшейте түседі де,
сөйлеуге деген қажеттілік туады.
Логикалық мағынасын бұзбай
мәтін
құрастыруды
үйрету жолын қарастарамыз. Себебі,
мәтінмен жұмыс бір
жағынан,
сөздің
грамматикалық және лексикалық жақтарын талдауға мүмкіндік берсе,
екінші жағынан
баланың сөйлеу дағдысын қалыптастырудың негізі
болып саналады.
Бұл мақсат қазақ тілін
оқытуда мынадай әдістемелік жүйеде ұйымдасты-рылады.
Теориялық блок: Ақпаратқа кіріспе, баяндау – түсіндіру,
айту – үйде өзіндік жұмыс орындау 1. қайталау
- тірек сигналы, конспектіні жаппай қабылдау. 2. қайталау - түсінгені сұрау. 3. қайталау - өзара
бақылау.
Тәжірибелік блок:
Тәжірибелік әрекет – Тәжірибелік жұмыстар (жазба
тапсырмалар, жаттығу жұмысы);
Нәтиже: білім,
білік, дағды және өзіндік басқару, әрекет,
нақты жүйе:
1. Теориялық білімді сыныпта беру:
тақтада баяндау, сызбалар арқылы түсіндіру, өз конспектісі
бойынша жұмыс жүргізуі.
2. Үйдегі өзіндік жұмыс:
тірек конспектісі, оқулық, ата – аналардың көмегі.
3. 1–ші қайталау: барлық
оқушылар конспектідегіні меңгеруі, жаппай бақылау, бір
мезгілде тақта және таспа бойынша сұраққа жауап
алу. Жазба жұмысынан соң ауызша дауыстап сұрау.
4. 2–ші қайталау: жинақтау
және жүйелеу; өзара бақылау сабағы; алдын-ала
сынақ сұрақтарының тізімін әзірлеу,
дайындық жүргізу,бақылау жұмысының барлық
түрін пайдалану.
Мектеп
курсында ана тіліне байланысты оқылатын тілдік алғашқы
бірліктер: дыбыс, сөз құрамы, сөз, қосымшалар,
сөз тіркестері, сөйлем, мәтін болып табылады. Тіл дамыту осы
бірліктерді игеруге байланысты. Сондықтан сөздерді үйрете
отырып жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту сөз бен
сөздің байланысын, тіркесін үйрету, сөйлем құрап
үйрету, ойын жазбаша дұрыс сауатты жаза білуге жаттықтыру,
ауызша ойларын дұрыс, жүйелі айтып беруге, сөйлей білуге
үйрету мақсат етіледі. «Сонда үш үдеріс (сөздік
жұмысы, сауатты жаза білу, оны ауызекі жүйелі айта білу)
күнделікті өтілетін грамматикалық тақырыппен
байланысты, біртұтас жүргізіліп отырылса ғана тіл дамыту
жүйелі, жоспарлы белгілі мақсатпен өткізіледі», - деп
көрсетеді Б.Құлмағамбетова.
Мекепке дейінгі
балалардың сөздік қорын молайту мақсатында
жүргізілетін сабақтардың өзіндік мынадай белгілері
анықталынды: сөздерді игеру үшін оқушыларға
мәселелік ахуалдың жасалуы; балалар меңгерген
сөздерімен өз бетінше жұмыстар жүргізуі;
оқушыларға берілетін жаңа материалдар мен өтілген
материалдардың байланысты болуы т.б. Ол үшін мұғалім
мынадай дайындық жұмысын жүргізеді.
1) Бүгінгі
қоғам талабына сәйкес сабақ берудің
әдістемелік негіздерін басшылыққа алу;
2)
Балалардың сөздік қорын молайтуға ықпалы бар
лексикалық минимумды іріктеп алуы;
3)
Сабақтың мақсатына қарай ұтымды әдіс
тәсілдерді қолдана білуі;
4)
Лексикалық тұлғаларды оқушыларға меңгерте
отырып, олардың сөздік қорды белсенді қолдану
дағдылары мен біліктерін жетілдіруде тиімді жаттығулар
жүйесін жасай білуі.
Сөздерді меңгерту жұмыстары
мынадай әдіс–тәсілдер арқылы орындалды.
1.Балаларға жаңа
сөздің мағынасын
түсіндірудің ең қарапайым тәсілдерінің бірі
– сол сөз бейнелейтін заттың не құбылыстың
өзін көрсету. Бұл әдіс сыныптағы сабақ
барысында, мектеп, аудан, қала мұражайларын аралағанда:
туған өлкенің табиғатымен танысу мақсатында саяхатқа
шыққанда, ұжымшар кеңшарлардың
бау–бақшаларымен танысу барысында жиі қолданылады. Мысалы,
оқушыларды ауыл бақшасына апарып, көкөніс
түрлерімен (қияр, қызылша, сәбіз, пияз, қауын,
қарбыз, асқабақ, т.б.) оларды егіп баптау жолы туралы атау
сөздермен таныстыруға болады.
2.Зат не құбылыстың суретін, макетін,
қатырылған сұлбасын (чучело, муляж) көрсету
тәсілі. Кей кездерде сөз бейнелейтін зат не
құбылыстардың өзін көрсетуге мүмкіншілік
болмаған жағдайда, олардың суретін, макетін
қатырылған сұлбасын көрсетіп, сол арқылы
сөз мағынасын түсіндіруге болады. Мысалы мұғалім
жыртқыш құстар (бүркіт, лашын,
сұңқар, қаршыға, қырғи,
күйкентай т.б.) жөнінде түсінік бергенде әрқайсысының
суреттерін көрсете отырып, олардың бір – бірінен
айырмашылықтарын, ерекшеліктерін салыстыра түсіндіретін болса,
жыртқыш құс ұғымын жеңіл қабылдайды.
3.Берілген сөз мағынасын синонимдер арқылы анықтау
тәсілі. Жаңа сөздердің мағыналарын
оқушыларға айқын танытудың тиімді
тәсілдерінің бірі – мағынасы түсініксіз сөзді
оның синонимдерімен ашу және салыстыру. Тәрбиешінің
көмегімен оқушылар бейтаныс сөздің мағынасын
өздеріне бұрыннан таныс сөздер арқылы анықтайды.
Мысалы, Басында көнетоз қоян тымақ, селдір сақал,
мосқал кісі сырғышпен көпене қарды шірене итеріп келеді
(Ғ.Мұстафин). Бұл сөйлемдегі мосқал сөзінің мағынасын кәрі, қарт, егде тартқан,
кексе, қартаң деген синонимдер арқылы танытуға
болады.
Тәрбиеші өз
өмірлерінде кездескен оқиғалар туралы
әңгімелеуге; бұйымдарды, өсімдіктерді, хайуаннаттарды
немесе олардың ойыншықтарын сиппаттауға; қозғалатын
және қозғалмайтын суреттерді әңгімелеп беруге
тиіс.
Осыған байланысты балалар әңгімелеп беруі былайша
жіктеуге болады:
Бақылау сұрақтары: