Лекция №7.

Пәні: «Тіл дамыту және мәнерлеп оқу практикумы»

Тақырыбы: Кідіріс және оның түрлері.

Сабақ өтудің түрі: Пікірталас.

Жоспар:

1.      Кідіріс туралы мағлұмат.

2.      Кідірістің түрлері.

3.      Сөйлеу қарқыны, дауыс биіктігі, күші.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қожахметова Қ. Мәнерлеп оқу. А., Мектеп. 1982

2. Федоренко Л.П., Фомичева Г.А., Лотарев В.К. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы. А., Мектеп. 1981

3. Дмитриев Е.Д. Практикум по выразительному чтению.М., 1981

 

                                                      Мазмұны:

      Мектепке дейінгі балалардың  мәнерлеп  оқытудың  негізгі  мақсаттарының  бірі – оқушылардың  сөздік  қорын,  ауызша  және  жазбаша  сөйлеу  тілін,  сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыру  болып  табылады.

Мәнерлеп оқуды дұрыс жүргізу үшін оқу кезінде қойылатын дауыс ырғағының кідірістерін игеру.

Олар: а) логикалық кідірістер;

            ә) психологиялық кідірістер;

            б) грамматикалық кідірістер.

Логикалық кідіріс әр бір сөйлемде айтылатын ойға қазық болып, қалған сөздер соған байланысты болып тұратын жеке сөздер, сөз тіркестері бар.

Психологиялық кідіріс мәтіннің мазмұн-мағынасына, ондағы қатысаты кейіпкерлердің әс-әрекетіне, оның көңіл-күйінің құбылуына байлаысты оқылады. Мәтінде дұрыс психологиялық кідіріс жасалып, оқылғанда, тыңдаушы ерекше назар аударып, онан әрі не болатынын тағатсыз күтеді. Психологиялық кідіріс мәтін мазмұнына лайықты жасалған жағдайда тыңдаушының алған әсері ұзаққа созылады.

Грамматикалық кідіріс мәнерлеп оқуда көбірек қолданылатын, жиі ұшырайтын кідірістер –грамматикалық кідірістер немесе нормативтік дауыс ырғағы деп те аталады.

      Сондықтан  да  қазіргі  кезде  балабақша тәрбиешілері  бабалардың  сөздік  қорын  молайтып,  сол  үйренген  сөздерін  қолдана  отырып,   айтайын   деген  ойын  анық  жеткізіп  сөйлеуіне  зор  көңіл  бөлуде.  Осыған   орай,   өз  сабақтарымызда   оқушының   дұрыс   сөйлеу    мәдениетін  жоғары  деңгейге  көтеру,  яғни  сөйлеу  тілін  дамытуға  ерекше  назар  аударып  отырамыз.

      Сабақ  барысында  балалардың  сөйлеген  сөздерінде  жиі  кездесетін  кемшіліктерге  көңіл  бөлсек  баланың  сабақ  үстінде  айтайын  деген  ойын  анық  жеткізе  алмауы,  яғни  мәтінге  байланысты  мазмұнын  айтуда  бір  деректі  айтып  бітпей  жатып  басқасына  ауысып  кетуі  немесе  керексіз  сөзді  орынсыз  қолдануы  (мысалы: жаңағы,  сосын,  яғни ,  сөйтіп,  т.б.)  сияқты  ауызша  сөйлеу  тіліндегі  қатерлерді  көптеп  кездестіреміз.

      Байқалған  кемшіліктерді  ескере  отырып  баланың ойлауы  мен  сөйлеу  дағдыларын  жетілдіру  жолдарындағы  ізденістерімізді  оның  тірі  тіл  неғұрлым  түсінікті,  жинақты,  нақты  болғанын  талап  етіп,  өз  ойын  дәл  айтуын  қадағалап  отырамыз. 

      Баланың  оқуға  деген  ынта-ықыласын,  қызығу-шылығын  жойып  алмау  мақсатында  кез-келген  тапсырманы  берер  кезде:

      Біріншіден, оның  бала  ұғымына  сәйкес,  түсінікті  болуын  ескереміз. Себебі  баланың  түсінбей  қалған  сөзі  топтастықтың  бастамасы » деген  нақыл  сөз  бар. Мысалы:  калькуляторда  бір  сан  қате  болса,  сол  санмен  орындылған  есептеу  нәтижесі  де  қате  болып  шығады.

      Міне,  тап  осы  сияқты  оқушының  түсінбеген  сөзге  қате  мағына  немесе  балама  тауып,  нәтижесінде  сөйлемді  қате  түсінуі  жиі  кездеседі.    ( Мысалы:   Ағашты  аралау – сөздің  кесу   деген  мағынасын,  көшені  аралау – жүру  деген  мағынамен  шатастырады ).

      Екіншіден,   берілетін   тапсырманың   тәрбиелік   мәніне   көбірек   көңіл  бөлеміз.

      Үшіншіден,  қандай  да  болсын   берілген  тапсырма  бала  бір  қызығушылығын  оятатындый  деңгейде  бөлу  керектігін  түсінеміз. Егер  бала  бір  нәрсеге  қызықса,  онда  оның  табиғатына  тән  білсем,  білгенімді  айтсам  деген  сөйлеуге  деген  талпынысты  күшейте  түседі  де,  сөйлеуге  деген  қажеттілік  туады.

      Логикалық  мағынасын  бұзбай  мәтін  құрастыруды  үйрету  жолын  қарастарамыз.  Себебі,  мәтінмен  жұмыс  бір  жағынан,  сөздің  грамматикалық  және  лексикалық  жақтарын  талдауға  мүмкіндік  берсе,  екінші   жағынан баланың  сөйлеу  дағдысын   қалыптастырудың   негізі   болып  саналады.

Бұл мақсат қазақ тілін оқытуда мынадай әдістемелік жүйеде ұйымдасты-рылады. Теориялық блок: Ақпаратқа кіріспе, баяндау – түсіндіру, айту – үйде өзіндік жұмыс орындау  1. қайталау - тірек сигналы, конспектіні жаппай қабылдау. 2. қайталау - түсінгені сұрау. 3. қайталау - өзара бақылау.

Тәжірибелік блок: Тәжірибелік әрекет – Тәжірибелік жұмыстар (жазба тапсырмалар, жаттығу жұмысы);

Нәтиже: білім, білік, дағды және өзіндік басқару, әрекет, нақты жүйе:

1.   Теориялық білімді сыныпта беру: тақтада баяндау, сызбалар арқылы түсіндіру, өз конспектісі бойынша жұмыс жүргізуі.

2.   Үйдегі өзіндік жұмыс: тірек конспектісі, оқулық, ата – аналардың көмегі.

3.   1–ші қайталау: барлық оқушылар конспектідегіні меңгеруі, жаппай бақылау, бір мезгілде тақта және таспа бойынша сұраққа жауап алу. Жазба жұмысынан соң ауызша дауыстап сұрау.

4.   2–ші қайталау: жинақтау және жүйелеу; өзара бақылау сабағы; алдын-ала сынақ сұрақтарының тізімін әзірлеу, дайындық жүргізу,бақылау жұмысының барлық түрін пайдалану.

Мектеп курсында ана тіліне байланысты оқылатын тілдік алғашқы бірліктер: дыбыс, сөз құрамы, сөз, қосымшалар, сөз тіркестері, сөйлем, мәтін болып табылады. Тіл дамыту осы бірліктерді игеруге байланысты. Сондықтан сөздерді үйрете отырып жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту сөз бен сөздің байланысын, тіркесін үйрету, сөйлем құрап үйрету, ойын жазбаша дұрыс сауатты жаза білуге жаттықтыру, ауызша ойларын дұрыс, жүйелі айтып беруге, сөйлей білуге үйрету мақсат етіледі. «Сонда үш үдеріс (сөздік жұмысы, сауатты жаза білу, оны ауызекі жүйелі айта білу) күнделікті өтілетін грамматикалық тақырыппен байланысты, біртұтас жүргізіліп отырылса ғана тіл дамыту жүйелі, жоспарлы белгілі мақсатпен өткізіледі», - деп көрсетеді Б.Құлмағамбетова.    

Мекепке дейінгі балалардың сөздік қорын молайту мақсатында жүргізілетін сабақтардың өзіндік мынадай белгілері анықталынды: сөздерді игеру үшін оқушыларға мәселелік ахуалдың жасалуы; балалар меңгерген сөздерімен өз бетінше жұмыстар жүргізуі; оқушыларға берілетін жаңа материалдар мен өтілген материалдардың байланысты болуы т.б. Ол үшін мұғалім мынадай дайындық жұмысын жүргізеді. 

1) Бүгінгі қоғам талабына сәйкес сабақ берудің әдістемелік негіздерін басшылыққа алу; 

2) Балалардың сөздік қорын молайтуға ықпалы бар лексикалық минимумды іріктеп алуы;

3) Сабақтың мақсатына қарай ұтымды әдіс тәсілдерді қолдана білуі;

4) Лексикалық тұлғаларды оқушыларға меңгерте отырып, олардың сөздік қорды белсенді қолдану дағдылары мен біліктерін жетілдіруде тиімді жаттығулар жүйесін жасай білуі.

Бақылау сұрақ:

1.      Сөйлеу қарқыны дегеніміз не?

2.      Кідіріс дегеніміз не ?

3.      Кідірістің қандай түрлері бар. Мысал.

4.      Көркем сөз оқуда оқушының өзін ұстауы.



Лекция №8.

Пәні: «Тіл дамыту және мәнерлеп оқу практикумы»

Тақырыбы: Көркем шығарманы талдау.

Сабақ өтудің түрі: Активті.

Жоспар:

1. Өлеңді оқу мен талдау.

2. Мәнерлі оқу үшін өлеңді талдау.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қожахметова Қ. Мәнерлеп оқу. А., Мектеп. 1982

2. Федоренко Л.П., Фомичева Г.А., Лотарев В.К. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы. А., Мектеп. 1981

3. Дмитриев Е.Д. Практикум по выразительному чтению.М., 1981

 

                                                      Мазмұны:

            Жалпы балаларға берліген өлеңдердің көпшілігі – лирикалық өлеңдер. Лирикалық өлеңдер автордың са алуан көңіл-күйін, Отаға, елег, табиғатқа деген асқақа сезімін, қуанышын, сағынышын, сұйіспеншілігін білдіреді. Өлеңді талдау кезінде балалар оның тек мазмұн-мағынасын жеткізумен шектелсек көркем дүниенің көркемдігін, әсерлігін жеткізе алмаған болар едік. Сондықтан тәрбиеші өлең мен көркем сөздің ерекшелігін, құрылысын методикалық шеберлікпе, көрнекілік жолымен салыстыру арқылы түсіндіріледі.

            Өлең сөздің өзге әдебиет жарларынан ерекшелігі оның әуездігі мен үндестігінде, ырғағында, ұйқасып келетінініде.

            Өлең шумақтары қазақ өлеңдерінде екі тармақтан бастап он, он бір тармаққа дейін жетеді. Әсіресе, ауыз әдебиетіндегі шұбыртпалы ұйқаспен жырланатын батырлар жырларында, термелерде жиі ұшырасады. Қазақ өлеңдерінің құрылысы туралы ғылыми талдау жасап, зерттеумен айналысқан ғалымдарымыз Қ.Жұмалиевтің, З.Қабдоловтың, З.Ахметовтың еңбектеріне сүйене отырып талдау жасап үйренуіміз керек.  З.Қабдолов: «Өлең туралы ілімдегі шумақ жайлы ұғымдардың бәрі шартты: өлеңді терең тау үшін оның шумағын санаудың керегі жоқ, ырғағына қарау керек»- дей келіп «Қазақ өлеңі – силлабикалық, яки буынға негізделден өлең. Олай болса, буын мәселесі қазақ өлеңінің құрылысын байыптаудағы басты мәселе»,- депті.

            Өлең шумақтары. Өлең шумағы –бірнеше сөйлемдерден тұратын синтаксистік тіркес. Қара сөзде бір шумақ өлең мағынасын, бір абзацқа тіркескен сөйлем таптарымен салыстыруға болар еді.

            Өлеңнің бір шумағында айтылған ой, көңіл күйі, ішкі сезім т.б. екіші шумақта басқа қырына ауысады, түрленеді. Сондықтан өлеңді балалар алдында мәнерлі оқу барысында. өлең оқудың үлгісін көрсететін адам кез келген өлең шумағын өзі талдау дәрежесіне болмаса өлеңнің жанрлық қасиетін ашып бере алмайды.

                                           Күз келді.

                                       Сарғайды тоғай,

   .                                   Сап-сары маңай.

                                       Соңғы әнін айтып,

                                        Құс кетті қайтып.

                                        Жапырақ ұшты,

                                        Суық та түсті.

                                       Сонда да бізге,

                                        Қызық көп күзде.

            Бұл екі шумақты өлең. Бірінші шумақта күздің көктемге бергісіз мүлгіген тып-тыныш көрінісі, қатар түзеп қиқулап бара жатқан құстар тізбесі елестейді. Көктемнен айырмашылығы айала сап-сары, құстар келіп жатқан жоқ, қайтып бара жатыр.

            Екінші шумақта өзгеріс көбейді: жапырақтары жел жұлқып ұшыра бастады, суық та қабаттасып атабиғатың тыныштығы бұзылды. Ал адамдар табиғат өзгерісіне бейімделе бастады. Күзде де талай тамаша қызықтар бар.

            Міне екі шумақтағы ұласа жалғасқан ойлардан осындай түсінік алдық. Бұл –шумақтардағы ойдың бір-бірінен айырмашылығы болатынын, бірақ сол күз туралы тақырып төңірегіндегі нәрселеп  туралы болып жататынын түсінеміз.

2. Тармақ. Өлең шумақтары тармақтарда тұрады. Бұл өлеңнің әр шумағы төрт тармақтан тұрады. Әрие балаларға өлеңнің тармағы емес, шумағы деп сөйлейміз.  Әдеби терминдер туралы толық мағлұмат беретінін білуіміз керек.

3. Тармақ бунақьарда тұрады. Бунақтар -өлеңді оқу барысында дауыс құйылысы арқылы белгілі бір кідіріспен оқылаты жеке сөз, сөз тіркестері. Тармақтаға бунақ кідірісін дұрыс қойып оқығанда ғаа дұрыс жасалынып, оқу әсерле де мәерле шығады.

            Әр тармақ екі бунақтан тұрады екен. Бунақтар жеке сөзден де, сөз тіркесінен де жасалған...

Бақылау сұрақ:

  1. Тармақ дегеніміз не?
  2. Бунақ дегеніміз не? Мысал келтір.
  3. Шумақ дегеніміз не? Мысал келтір.