Лекция №9.
Пәні: Тіл дамыту әдістемесі және
мәнерлеп оқу практикумы
Тақырыбы: Көркем шығарманың тектері мен
түрлері.
Сабақ өтудің түрі: Шолу.
Жоспар:
1. Көркем шығарма туралы түсінік, оның
өзіндік ерекшелігі.
2. Көркем шығарма түрлері.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Жәрдем
Салихұлы Кейкін. Беташар.
2. Федоренко
Л.П., Фомичева Г.А., Лотарев В.К. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту
методикасы. А., Мектеп. 1981
3.
Қожахметова Қ. Мәнерлеп оқу. А., Мектеп. 1982
Мазмұны:
Көркем шығарма
балалар алдына адамға тән сезімдер дүниесін ашып,жеке
адамға, кейіпкерлердің жа дүниесіне
қызығушылық тудырады.
Балалар бақшасында
болған уақыттарында болашақ оқушылар көптеген
ертегіні, әңгімені, өлеңдерді тыңдайды және
өздері айтып береді. Балаларды кітаптан жалаң мазмұныме
таныстырып қоймайды, сонымен қатар олардың
көңілін кітаптардың өзіне, адамзат
ақыл-ойдың ұлы жетістігіне үнемі аударып отырады.
Көркем шығарма
кейіпкерлерімен бірге қуану-қайғыруды үйрене отырып,
балалар көркем шығраманың түрлері барлығына
көздері жетеді.
Мектепке дейінгі
балалардың бақшаға келген алғашқы күнінен
бастап оларға тәрбиеші өлеңдер, тақпақтар,
жұмбақтар жатқа айтқызып, таыстыра бастайды. Балаларға
арналға шағы кітапшаларды көрсетіп, соның ішіндегі
өлеңдер мен ертегілерді оқып береді. Алғашқы
күннен бастап бала әріпті және оқуды білмей жатса да
баланың кітап құмарлығы оянады. Сонымен қатар
әр шығарманың өзіндік ерекшелігі барлығына
көңіл аударып отырады. Мысалы тақпақ міндетті
түрде не мәнерлеп оқылады, не жатқа айтылады. Ал
ертегілерде кейіпкерлер болады, олардың әрқайсысының
ролі болады.
Көркем
шығарманы мынадай түрлерге бөлуге болады:
Драмалық шығарма жанрларының
ішінідегі қазақ әдебиетінде кежелеу дамиды деп жүрген
жанрымыз –драматургия. Драматургия шығарма сахнаға лайықталып
жазылатын болғандықтан, неге кенже дамығанын жақсы
түсінеміз. Алайда халқымыздың бай ауыз әдебиетіндегі
жар-жар, қыз бен жігт айтысы, ақындар айтысы алғашқы
сахналық шығармалардың халық арасындағы
қарапайым түрлері деуге болады.
Халқымыздың сән-салтанатымен
өтетін әрбір жиын-тойлары, наурыз мерекесі ме айт күндері,
ақындар айтысынсыз өтілмейді. Сахасы ашық аспа асты мен
ақ боз үй, көрермеі –халық. Нағыз өнер
айтысын бағалаған халық. Сөз өнерін барлық
өнер атаулыдан жоғары бағалаған, әділ
төрешісі де, көрермен де, дамытушысы да өзі болып отыр.
Халық
ауыз әдебиетінің жақсы үлгілері жалғасын тауып,
жаңа мазмұн-мағынаға ие болғанын көріп
жүрміз.
Жазба
әдебиетімізде драмалық шығармалар дамиды. Театр сахнасынан
көрермен қауымды тәті еткен шығармалар көпеп
саналады.
Сахнамыздың
шымылдығын алғашқы ашқан М.Әуезовтың
«Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан», «Қозы Көрпеш-Бая сұлу»,
«Қыз Жібек» т.б. қойылымдар күні бүгінге дейін
сахамыздың сәі болып келеді.
Осы
шығармаларды халық алдына қайта тірілткен
әртістеріміздің үніне, құлақ түріп,
сөз саптауына азар аударар болсақ, ертедегі аңызға
айналып қалған аяулы аға, апаларымызбенн қайта
кездескендей боламыз. Бұл ненің құдыреті? Өнер
адамдардың орындау шеберлігі. Сөйлеу шеберлігі, дауыстарының
сан алуан құбыла отырып мазмұн-мағынасына қарай
әсер ете білуі. Балабақшаларда ертегілер мен өлеңдерді,
әңгімелері, екі кісінің сөйлеспелі сөздері жиі
кездеседі. Сондықтан кейбір шығармалар талданып болғаннан
кейін, методика бойыша ролге бөліп, балаларды ойнату керек.
Әңгімені
айту мен шығарманы мәерлеп оқып беру бір-бірімен тығыз
байланысты. Баланың оқу ынтасы арттырып, қызықтырып,
баурап алатын да тәлім-тәрбие, білім беретін құралы да,
баланың жан дүниесін жадыратып, басынан сипап,
тәрбиешінің өзіің сөйлеу мәдениеті дамыған, ойы орамды, қажетті
жерінде керегіне қолдана алатындай сөздік қоры бай болуы керек.Ол
үшін тәрбиешілер балалар әдебиеті туындыларын, соның
ішінде, балалар ауыз әдебиетінің туындыларын көбірек
оқып, әңгімелеу керек. Дайын тақырыпты
әңгімелеп берудің әр түрлі толық
үлгісін көрсетіп, үнемі үйретіп отыру арқылы
ғана оқығанда дұрыс әңгімелеуге
төселдіруге болады. Сол себепті әңгіме айтып беруде ең
негізгі мынандай талаптар қойылады:
қысқа әңгімелерді
сөзбе-сөзжатқа айтып беріп отыру;
Ертегілер көркем шығарма жанрының ішіндегі балалар
әдебиетіде алатын оры ерекше. Есте жоқ көне заманнан бастап
халықтың ауыз әдебиетінде ең көп дамыған
көркем шығарма түрі- ертегілер. Ертегіні оқу
балалардың қиял ғажайып, шым-шытырық
оқиғаға араластырып жеті қар астына,
ғарышқа самғатады. Ертегінің түрлері мен
тақырыбы өте көп. Қандай ертегі болмасын оның
ең басты кейіпкері –жағымды. Олардың мақсаты
адамдарға жақсылық істеу, жаманнан жиреніп,
жақсыға үйрету. Ертегінің тілі шұрайлы,
уақиғасы қызық. Сондықтан шағын ертегіні
бала әлі оқу не жазу білмей тұрып, оға деген қатты
қызуғышылы оянып, тәрбиешілеріне, үйінде ағалары
немесе ата-аналарын айтып беруге мазаларын алып отырады.
Мақал – са
ғасырлық өмір құбылыстары сарапталып, бүкіл
бір халықтың ой елегінде екшеленіп жинақталған,
мағынасы жан-жақты, кең әрі терең, адами өнеге
мен парасат түйіні. Мақал бір, екі тармақта тұратын
қара сөз, не өлең түзілімді, әдемі
ұқсасты, көркем бейнелі, айтпақ ой жалпы пайымдалады
да, соңында қорытындыланып, пікір сомдалады.
Мәтел
–мақалға өте ұқсас, ықшам әрі кестелі
нақыл сөз. Бірақ мақалдағыдай айтпақойды
қарама-қарсы шендестірмейді. Пікір ашық айтылып
түйінделмейді. Адам сезіміне әсерле сөйлемдерді
қысқа, сөздерді айшықты және өткір
келеді...
Бақылау
сұрақтары:
1.Көркем шығарма дегеніміз не?
2.Көркем шығарманың
қандай түрлері бар?
3.Драмалық шығарма дегеніміз
не, оған мысал келтір.
Лекция №10.
Пәні: Тіл дамыту әдістемесі және
мәнерлеп оқу практикумы
Лекция сабақтың
тақырыбы: Шағын
фольклор жанры шығармаларын оқу. Ертегі айту. Ертегі- халық
ауыз әдебиеті саласының бірі.
Сабақты
өтудің түрі: Активті.
Жоспар:
1.Фольклор тупалы
түсінік.
2. Халық ауыз әдебиетінің түрлері.
3. Ауыз әдебиетінің салалары.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Алпысбаев Т.
«Қазақ халық әдебиеті» Т.З; Ертегілер. 1975ж .
2. Айдашаев А.
«Қазақ халық әдебиеті» Ертегілер 1979ж .
3. Ахметов Ш.
«Қазақ балалар әдебиеті» Алматы 1974ж .
4. Бердібаев Р.
«Сарқылмас қазына» Алматы
«Мектеп» 1983ж .
5. Ғабдуллин М .
«Қазақ
халқының ауыз әдебиеті» Алматы 1991ж.
6. Баймұратова Б.Б.
«Балабақшадағы
даярлық топ балаларының тілін
дамыту типтері программадағы нұсқау»Алматы 1984 ж. /6/.
7. Бародич Б.Қ. « Мектеп жасына
дейінгі балалардың тілін
дамыту методикасы» Алматы 1991 ж.
/7/.
8. А.П. Федеренко, Г.А. Фамичева, В.Н.
Лотарев «Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту
методикасы» Алматы 1981 ж.
Мазмұны:
Фольклор туындыларының ерекшеліктері болады. Ең алдымен, фольклор – синкреттік өнер. Оның бойында халықтың тұрмыс –салт, театр, сөз, би және ән-күй өнері бір-бірінен дараланбай, тұтас күйінде көрінеді. Фольклор шығармаларына тән осы белгіні белгілі орыс фольклорисі А.Н. Виселовский де айтқан еді. Жоғарыда аталған терминдерді саралай келгенде, фольклордың бұл сипатынша «халық аузы әдебиеті» деген атаудан гөрі «халық поэзиясы» деген ғылыми термин көп жақын. XIX ғасырдағы фольклористика ғылымында осы атау қолданылыпта келеді. Алайда бұл да фольклор шығармаларының сипатын толық аша бермейді, «Халық ауыз әдебиеті» деген атауға келер болсақ, ол фольклордан жіктеліп шыққан, бірақ әлі де болса дәстүрлі байланысын үзбеген жеке бір арна болып қалмақ.
Қазақтың ауыз әдебиеті
нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін,
дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке , еңбекке
тапқырлыққа
туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші
орын алады.
Баланың қазақ
халқының ауыз әдебиетімен таныстығы халық творчествосының ең
кішкене түрлері – мақал-мәтелдер, өлең-жырлар,
халық ертегілерінен басталады. Асқан адамгершілік, барынша
дәл рухани бағыттылық, өткір мысқыл,
тілінің шағын көлемдегі фольклорлық шығармалардың
ерекшеліктері. Халық ауыз әдебиеті оқылып болғаннан
кейін балаларға авторы бар
ертегілер, өлеңдер, әңгімелер оқылады.
Балаларды сөйлеу тіліне
үйретуде ең үздік тәрбиеші – халық. Халық
шығарма тіліндегі басқа шығармалардың
ешқайсысында кездеспейтін, естілуі жөнінен бір-біріне
ұқсас, ажырататын айтуға қиын сөздердің
тамаша орналастырылуының өзі балалар ұғымына
өте жеңііл тиеді. Сондай
ақ жеңіл қалжыңды тақпақтар, жаңылтпаштар,
жұмбақтар – педагогикалық әсер берудің ең
тиімді құралы, жалқаулық, қорқақтық,
эгоистік сияқты жағымсыз қылықтарға қарсы
жақсы дәру.
Ертегілер дүниесіне сапар
шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздері ойдан
шығару қабілетін дамытады. Халық ауыз
әдебиеттінің, ең озық
үлгілерінен адамгершілік рухында тәрбие алған балаалар
өздері шығарған ертегілер мен әңгімелерді де
өздерін әділетті көрсетіп әлсіздер мен
жәбірленгендерді қорғап, жауыздарды жазалауға тырысады.
Қазақ
халқының ерте заманда жасаған мәдени
мұрасынің бір түрі – халық ауыз әдебиеті.
Жазу-сызу өнері болмаған
ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің
тұрмыс-тіршілігі, қоғамдыдық өмірі,
шаруашылығы мен кәсіби, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы
көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр,
ертегі, әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап
шығарған және оларды ауызекі айту күйінде
тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша
шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі,
яғни ауыз әдебиеті деп атамыз. Бұдан, әрине, ауыз
әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген
ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің
қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар
шығарған. Бірақ ерте кезде, жазу өнері
болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың
аттары хатқа түспеген, сақталмаған. Халық олардың
шығармаларын ғана есіне сақтап және ауызша айтып,
ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, сөйтіп, жеке
авторлар шығарған әдеби туынды кейіннен өңделіп,
сқұрыпталған, оған ұжым болып творчестволық
өзгерістер енгізіліп отырған. Бертін келе ондай шығармалар
көпшіліктің еңбегіне, яғни халықтың ауызша
шығарған әдебиетіне айналып кеткен.
Халық ауыз әдебиеті –
ертеден келе жатқан мұра. Бұл жөнінде орыс
халқының ұлы сыншысы Р. Г. Беленский «Әдебиет деген
сөздің жалпы мағынасы» туралы жазған еңбегінде
ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің арасындағы
айырмашылықтарды айта келіп, ауыз әдебиеті халықтың
ерте замандағы ой-санасының жемісі деп көрсетеді.
«Халық немесе тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін, бірақ
оның поэзиясы болмауы мүмкін емес», - деп, Бленский ауыз
әдебиетінің тым ерте кезде, халықтың жазу-сызу
өнері болмаған заманда туғандығын дәлелдейді.
Бұл расында да солай. Қай халықты алсақ та, оның
көркем әдебиеті ауыз әдебиетінен басталады. Демек, ауыз
әдебиеті болмаған, бірден жазба әдебиетін жасаған
халық бұрын-сонды тарихта кездеспейді.
Әдебиеттік жағынан
алғанда, қазақтың ауыз әдбиеті де әр алуан.
Халық ауыз әдебиетінің
тууы, дамуы жайында «ауысып алу» теориясы ғылыми теріс, дәлелсіз
және қате теория еді. Марксизм іліміне сүйенген ауыз
әдебиеті ғылымы бұл
теорияны қатты сынға алып, әрбір халықтың
өзіне тән творчестволық қабілеті барлығын
дәлелдеді. Ауыз әдебиетінің қандай түрін,
қандай сюжетін болса да әрбір халық өз өмірінен,
тұрмыс тіршілігінен алатындығын айқындады.
Екіншіден, бір
халықтың ауыз әдебиетінде, айталық ертегісінде немесе
батырлар жырында кейбір сюжеттердің басқа бір халықтың
ауыз әдебиетіне ұқсас келетіндігі болады. Мұндай
ұқсастық екі халықтың, кейде бірнеші
халықтың, жаңағы сюжеттердің бір-бірінен ауысып
алғандығынан бола бермейді. Ондай ұқсастық
эканомиканың, тұрмыс тіршіліктің, қоғамдық
өмірдің ұқсастығынан туады.
Халық ауыз әдебиетінің
аворлары белгісіз болады. Бұдан, әрине ауыз әдебиетінде автор болмайды деген ұғым
тумайды. Онда автор болған. Мәселен, «Ер төстік», «Күн
астындағы күнекей қыз», «Алдар көсе», «Қобыланды
батыр» т.б. сияқты ертегі, әңгіме жырлардың
қайсысында болса да да әуел баста жеке авторлар
шығарған. Бірқ ол кезде жазу-сызу өнері
болмағандықтан авторлардың өмірбаяны, аты-жөні
сақталмаған. Ал шығармаларды ауызша айту түріне туып, ел
арасында ауызша айту түрінде туып, ел арасына ауызша айту ретімен тарап
кеткен. Олардың авторы халықтың өзі болған.
Халық ауыз әдебиетін
халық әдебитеі деп айтушылық, міне осылай туған.
Халық ауыз
әдебиетінің мәні өте зор. Ең алдымен ол
халықтың өткендегі өмірі, тұрмыс тіршілігі,
әдет-ғұрпы, салт-санасы, дүние танымы,
арман-мүддесі, таптық қүресі, т.б. таныстырып
көптеген мәлімет береді. Бұларды ол әдебиеттік суреттеу
арқылы елестетеді. Ауыз әдебиеті өткен өмірді,
«халық психологиясын», оның «арман мүдесін» білуімізге аса
керекті материалдың бірі болып табылады.
Халықтың ертегілері,
аңыз әңгімелері, мақал-мәтелдері, басқыншы
жаудан ел қорғау жолында ерлік жасаған батырлар жайында
шығарған жырлары – адал еңбекті, халыққа
қызмет етуді, халықтың жауларына қарсы күресуді, езелеген
еңбекшіге болып жәрдемдесуді жырлайды. Бұл жолда халыққа
адал ниетімен қызмет еткен адамдарды ардақтайды, олардың ісін кейінгі
ұрпаққа үлгі, өнеге етіп ұсынады. Ал
жағымсыз мінез-құлық, іс-әрекеттерді
халықтың ауыз әдебиеті жиренішті түрде суреттейді,
олардан безуді, жек көре білуді уағыздайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Фольклор
дегеніміз не?
2. Ауыз
әдебиетін жинақтаушы мен зерттешілерді кім дейміз?
3. Ауыз
әдебиетінің салалары.
4. Ертегі туралы
мағлұмат.