Типтік оқу бағдарламасы
Жоғары
кәсіптік білім
Бастауыш
мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы
050102 - Бастауыш
оқыту педагогикасы және әдістемесі
мамандығы
бойынша
3 кредит
Алғы сез
1.Типтік оқу бағдарламасы
Абай атындағы Қаз¥ПУ-інің психология-педагогика
факультеті «Білім»
тобындағы мамандықтар бойынша оқу әдістемелік секциясы ЖАСАҒАН және
ҰСЫНҒАН
2. Қазақстан Республикасы
білім және ғылым министрлігінің 22.06.2006ж., Республикалық
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
жөніндегі Кеңес жиналысының Хаттама шешімімен БЕКІТІЛГЕН ЖӨНЕ ПАЙДАЛАНУҒА рұқсат
етілген.
3. «Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен
технологиясы» пәнінің типтік оқу бағдарламасы ҚР
Білім және Ғылым Министрлігінің №289 11.05.2005ж. бұйрығына
сәйкес шыққан бағдарламаның орнына енгізілген
4.Типтік оқу бағдарламасы 050102 - Бастауыш оқыту педагогикасы
және әдістемесі мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға
міндетті білім стандартына сәйкес жасалған
5.Бағдарламаны баспаға Абай
атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
психология-педагогика факультеті кеңесі ұсынған. «28»09.2006,
№1 хаттама
Типтік бағдарлама
Қазақстан Республикасы білім және ғылым
министрлігі рұқсатынсыз
көбейтілмейді және таратылмайды
Түсініктеме
Пәнді
оқытудың мақсаты студенттерді
кіші жастағы мектеп оқушыларын оқыту барысында туындайтын
оқу-тәрбиелік міндеттерді кәсіби деңгейде шешу
үшін қажет болатын білім және біліктермен қаруландыру
болып табылады.
«Бастауыш
мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы»
пәнінің негізгі міндеттері: — кіші жастағы мектеп
оқушыларына математиканы оқыту процесін ұйымдастырудағы
кәсіби білім жоне біліктермен қаруландыру;
-
оқушылардың математикалық білімдерді меңгеру процссі
мен оның нәтижелерін зерттеу.
«Бастауыш
мектепте математиканы оқытудың теориясы меи технологиясы» курсы
болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудағы
негізгі пәндердің бірі болып табылады. Аталмыш курс мектеп
мұғалімінің кәсіби дайындығының
қазіргі қоғамның әлеуметтік сұранысын
қанағаттандыратындай сапалық деңгейін қамтамасыз
етуге бағытталған.
Жоғары
кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартына сәйкес студенттердің білім, білік және
дағдыларына қойылатын талаптар:
- әдістемелік ғылымның объектісі,
пәні, міндеттері мен
зерттеу әдістері, сондай-ақ кіші жастағы оқушыларға математиканы оқыту
теориясы мен бағыттары жайлы түсініктері болуы тиіс;
- бастауыш
сыныптардағы
математика курсын құрайтын негізгі ұғымдар мен
әрекет тәсілдерінің мазмұнын және
оның ішінде бастауыш сынып
оқушылары курсты оқып-үйрену барысында
меңгеруге тиісті білім, білік және дағдылардың
мазмұнын (сонымен бірге олардың өзара байланысын) білуі керек;
- бастауыш
мектептің
математикасы курсы мазмұнының нақты мәселелерін оқып-үйрену барысында оқушылардың іс-әрекетін басқаруға
жағдай туғызатын
әдістемелік тәсілдермен,
сондай-ақ
болашақ мұғалімнің қазіргі бағдарламамен жұмыс жасау дайындығын сипаттайтын сабақты жоспарлауға, талдауға және өткізуге бастауыш
математика курсының мазмұнымен жұмыс істеумен байланысты
дидактикалық біліктермен қарулануы тиіс;
- математика оқулықтарымен
жұмыс істеу барысында өзіндік бағыт-бағдары болуы
және ондағы тапсырмаларды тиімді
пайдалана алулары тиіс;
- кіші жастағы мектеп
оқушыларының ерекшеліктерін ескере отырып, нақты
мәселені шешу үшін әр
түрлі дербес әдістемелік тәсілдерді тиімді пайдалана алулары
тиіс;
-
оқытудың
әр түрлі кезеңдерінде оқушылардың оқу
іс-әрскетін ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін (әдістер,
құралдар формалар) таңдай және негіздей білу;
пәндік білім, білік және дағдыларды
меңгеру барысында
бастауыш сынып оқушылары алдында кездесетін
қиыншылықтарды алдын-ала
көре білулері керек;
- қойылған мақсат пен
міндеттерді қол жеткізілген нәтижелермен салыстыра білумен,
олардың сәйкестігін (оқушыларды байқау, олармен
әңгімелесу, тексеру жүмыстарының нәтижелері негізінде) бағалай білумен және
осы бағалауды ескере отырып, оқытуды әрі қарай
жоспарлай білумен байланысты
біліктермен қарулануы тиіс;
- бастауыш
мектепте математиканы оқытудың теориясы
мен әдістемесі бойынша курс және
дипломдық жұмыстар орындауға жопс взінің
болашақтағы
әдістемелік қызметіне
қажетті зерғтеу
жүмысын жүрғізе білумен байланысты біліктермен
қарулануы тиіс.
Математиканы
оқытудың теориясы және технологиясы психологиялық педагогикалық
пәндерді, сонымен бірге математиканың теориялық иегіздерін
оқып болған соң
қарастырылады. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы
мен технологиясын оқытып-үйрету барысында математика пәнінің езіндік
ерекшеліктері ескеріліп, жалпы теориялық қағидалар
нақтылана түседі. Математикадан әдістемелік курс енгізілгенге
дейін математика курсында
математикалық ұғымдар, заңдар, қасиеттер,
фахтілер мен іс- әрекет тәсілдерін, педагогика курсында
дидактикалық принциптерін және оқыту мен тәрбиелеу барысын
құрудың әр түрлі тәсілдерінде көрініс
табатын зандылықтарды, жалпы, жас және
педагогикалық-психология курстарынан бала дамуының және
білім, білік, дағдыны меңгерітудің психологиялық
заңдылықтарын, жоғарыда аталған курстардан ғылыми
педагогикалык зерттеулердің әдістерін оқып-үйрену
жүзеге асырылған болатын. Математиканы оқытудың
теориясы мен технологиясы: педагогика, психология, педагогикалық
зерттеулер әдістемесі, математика, қазақ тілін жане
басқа дербес пәндерді оқытудың теориясы және
технологиялармен тығыз байланысты.
Пәннің мазмұны
Курстың
объектісі - әдістемелік-математикалық білім бастауыш
сыныптар мұғалімінің 050102 - БОПӘ мамандығы
бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарты талаптарына
сәйкес жоғары кәсіби білімінің құрамдасы
ретінде.
Курстың
пәні - 050102 - БОПӘ мамандығы бойынша ҚР
мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес болашақ бастауыш сыныптар
мұғалімдерінің математиканы оқытудың теориясы мен
технологиясынан білім, білік және дағдыларын қалыптастыру
барысы.
Курсты
оқытудың әдістері: ғылыми-педагогикалық
әдебиетті, бағдарламаларды, оқулықтар мен
оку-әдістемелік құралдарды теориялық талдау;
педагогикалық аксперимент; бақылау; озат педагогикалық
тәжірибені оқып-үйрену және жалпылау;
әңгіме; анкета; тест және т.б.
Математиканы
оқытудың теориясы мен технологиясы оқу пәні ретінде
ұзақ уақыт қалыптасты және
дамыды. Оның даму
кезеңдері Қазакстан Республикасындағы білім беруді реформалаумен
тығыз байланысты. XX-ғасырдың 70-жылдарына дейін
оқытылған арифметика курсы өзіне алгебра және геометрия
элеменітерін біріктіре отырып, математиканы оқыту
әдістемесінің негізі болды. Математиканың әдістемесіне
ХХ-ғасырдың 80-90 жылдары математиканы оқыту процесіне дамыта
оқыту теориясының, білімнің дидактикалық бірліктерін
ірілендіру теориясының енгізілуіне орай елеулі өзгерістер болды.
Келесі кезең (соңғы онжылдық) Қазақстан
Республикасында математикадан бастауыш мектепке арналған жаңа
оқу-әдістемелік топтаманың ендірілуімен, оқытудың
жаңа технологияларының жасалуымен және 12 жылдық білім
беру жүйесіне көшумен байланысты.
Кеңестік
дәуір кезіндегі бастауыш мектеп математикасын дәстүрлі
оқытудың дамуына М.И.Моро, А.С.Пчелко, А.М.Пышкало, М.А.Бантова,
Ғ.В.Бельтюкова, Т.К.Жикалкина және т.б. ғалымдар елеулі
үлес қосты. Аталмыш ғалымдардың дайындаған
математиканы оқытудың ғылыми негіздері сол кездегі
оқу-әдістемелік топтамада қаланған. Осы
авторлардың құралдары қайта өңделіп және
толықтырылып, ТМД елдерінде қазіргі кезде де қолданылады.
80-90 жылдары дамыта оқыту технологиясының, білімнің
дидактикалық бірлігін ірілендіру, оқытуга іс-әрекеттік
және жеке тұлғалық тұрғыдан қарау
сияқты мәселелердің дамуына орай бастауыш мектеп математикасы
әдістемесінің қалыптасуына Л.В.Занков, В.В. Давыдов,
Д.Б.Әльконин, И.М.Әрдниев, Н.Б.Истомина және т.б.
ғалымдардың еңбектері елеулі роль атқарады. Кеңес
дәуірінде Қазақстан мектептерінде оқыту орыс тілінде
басылған дәстүрлі оқулықтар мен оқу құралдары
арқылы жүзеге асырылды, сондай-ақ ішінара
лайықталған оқулықтар қолданылды.
Қазақстан Республикасында 1997 жылдан бастап жаңа
технологияларды ескерген професор Т.Қ.Оспановтың басшылығымен
авторлар ұжымының (Ш.Х.Құрманалина,
Ж.Т.Қайыңбаев, Б.М.Қосанов, К.А.Ерешева, В.Я.Анисимова) дайындаған
жаңа оқу-әдістемелік топтамасы (ОӘТ) тәжірибеге
ендірілді. Аталмыш ғылымның қазіргі заман даму
тенденцияларына математиканы оқыту барысында оқушылардың
дамуына бағьпталған оқыту технологияларын енгізуді, кредиттік
оқыту технологияларына көшумен байланысты БОПӘ
мамандығы бойынша оқу құралдарын дайындауды, әр
түрлі нұсқадағы ОӘТ-ны дайындау негізінде 12
жылдық білім беру жүйесіне көшуді жатқызуға
болады.
2003 жылы Республикада 12 жылдық білім беруге көшумен
байланысты эксперимент жұмыстары басталды. 2006 жылы жаңа
орта білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарттары дайындалды. Бастауыш сатыда (1-5
сыныптар) «математика» курсы оқытылады, оның құрамына
интеграцияланған білім беру аймағы «математика
және информатика» енеді. Қазіргі кезде бастауыш мектепке
арналған жаңа бағдарламалар дайындалу үстінде.
Олардың негізіне кіші жастағы оқушыларды
оқытуға құзыреттілік, жеке
тұлғаға бағытталған, іс-әрекеттік
және т.б. тұрғысынан қарау
жатқызылады.
Бастауыш
мектепте математиканы оқытудың теориясы мен
технолоғиясы оқу пәні ретінде
Курстың
объектісі, пәні, міндеттері, әдіснамасы, басқа
пәндермен байланысы.
Математиканы оқытудың теоринлық
неғіздері
Математиканы оқытудың
мақсаты мен міндеттері.
Математиканы
бастауыш оқытудың мазмұны.
Бастауыш математикалық білім берудің мемлекеттік стандарты.
Мектепалды дайындық, мектептің
бастауыш және орта сатыларындағы математика бағдарламаларын
талдау.
Матема тиканы оқытудағы перспективтік және
сабақтастық байланыс. Математиканы
окытудағы пәнішіндік және пәнаралық байланыс.
Математиканы бастауыш оқытудың әдістері. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың құралдары.
Бастауыш сыныптарға арналған ОӘТ.
Математиканы бастауыш оқытуды ұйымдастыру формалары.
Қазіргі сабаққа
қойылатын талаптар. Бастауыш сыныптарда математика сабағын
қазіргі заман тұрғысынан құру.
Сабаққа дайындалу және жоспарлау. Сабақты өткізу.
Сабақты әдістемелік тұрғыдан талдау.
Математика сабақтарына дайындалу, өткізу және
талдау барысында мұғалімдердің еңбегін
ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру.
Бастауыш сынынтарда математиканы оқытуға балаларды дайындау
Математикадан оқушылардың жетістіктерін бағалау
жүйесі. Бақылау түрлері және математиканы
оқыту нәтижелерін диагностикалау.
Әр сынып соңындағы математикадан оқушылардың
білім, білік және дағдыларына, құзыреттілігіне
қойылатын бағдарламалық талаптар.
Арифметикалық материалды оқыту технологиясы
Карапайым түсініктер:
заттарды санау; заттарды және олардың топтарын салыстыру;
геометриялық фигуралар; практикалық әрекеттер (біріктіру,
бөліп алу, құрастыру, бөліктерге бөлу, шартты
өлшеуіштің көмегімен өлшеу); кеңістік және
уақыт жайлы қарапайым түсініктер.
Нумерациялық
ұғымдар: сан және цифр; есептік және реттік натурал
сандар; ондық санау жүйесі; 10 келеміндегі сандар; ондықтар;
екі таңбалы сандар; үш таңбалы және көп
таңбалы сандар; теріс емес бүтін сандар.
Арифметикалық
амалдар жзне олардың қасиеттері: амалдардың
мән-мағынасы; математикалық символика; арифметикалық
амалдардың компоненттері мен олардың нәтижелері; өзар
кері амалдар, қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және
терімділік
қасиетері;
көбейтудің
үлестірімділік қасиеті;
арифметикалық амалдардың дербес жағдайлары (амалдардағы
0 мен 1-дің қасиеттері);.
Есептеу
тәсілдері: ауызша есептеу тәсілдерінің ерекшеліктері;
арифметикалық амалдардың алгоритмдері; ауызша және жазбаша
есептеу тәсілдерінің үйлесімділігі; бастауыш мектепте есептеу
тәсілдерін қарастыру реті.
Қарапайым
шамалар (ұзындық, масса, уақыт, аудан, көлем
және т.б.); сан шаманы өлшеудің нәтижесі ретінде;
шаманың бірліктері және олардың арақатынасы; атаулы
сандар; атаулы сандарды түрлендіру; атаулы сандарға амалдар
қолдану.
Үлестер
және белшектер: шамалар үлестері және оларды салыстыру.
Бөлшек ұғымы. Бөлшектерді салыстыру. Бөлшектерге
қолданылатын арифметикалық амалдар.
Есептерді шеіиуғе оқытып-үйрету
технолоғиясы
Бастауыш математика
курсындағы «есеп» үғымы. Жай және құрама
есептер. Жай есептің негізгі түрлері.
Өзара кері есептер. Есептерді шешу тәсілдері. Есепті шешу
кезеңдері және оларды орындау тәсілдері. Жай және
құрама есептерді шешуге үйрету тәсілдері.
Есепті шешудің арифметикалық тәсілі. Есепті шешудің алгебралық тәсілі. Есепті шешу процесін
модельдеу. Геометриялық мазмұнды, үлес
және бөлшек, пропорционал шамалармен байланысты
есептерді шешуге үйрету тәсілдері.
Шығармашылық іс-әрекетті көздейтін тапсырмалар.
Бастауыш
математика курсында кездесетін құрама есеп түрлері және
оларды шешу процесі.
Алгебра элементтерін оқыту технологиясы
Санды
өрнек және оның мәні; өрнектердегі
амалдардың орындалу реті; санды теңдік және санды
теңсіздік; әріппен белгілеуді енгізу; әріпті өрнек
және оның мәні; өрнектерді қарапайым
теңбе-тең түрлендірулер; теңдеу және оны шешу
тәсілдері.
Геометрия элементтерін технологиясы
Қарапайым геометриялық фигуралар; олардың қасиеттері және белгіленуі; қарапайым геометриялық салулар;
геометриялық
мазмұнды есептер.
Математиканы оқыту процесінде
оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы
Математика сабақтарында
оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың
казіргі заманғы педагогикалық техиологиялары.
Жаңа ұғым және әрекет тәсілін
оқытып-үйретуге дайындық кезінде; жаңа ұжым
және әрекет тәсілімен таныстыру барысында; білім, білік,
дағдыларды бекіту және оқыту нәтижелерін тексеру
кезінде оқушылардың оқу математикалық іс-әрекетін
ұйымдастыру.
Оқушылардың
логикалық ойлауын, танымдық және шығармашылық
қабілеттерін дамыту. Оқушылардың өздік жұмысына
басшылық жасау.
Дайындық кезеңінде окушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
Оқушылардың
үй тапсырмасын ұйымдастыру технологиясы.
Математикадан
сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың іс-әрекетін
ұйымдастыру технологиясы. Сыныптан
тыс жұмыстардың түрлері, олардың ерекшеліктері, математика
сабағымен байланысы. Оқушылардың өздік
шығармашылық іс-әрекетіне басшылық жасау. Стандартты
емес және қызықты тапсырмаларды орындау технологиясы.
Таңдамалы
курстар. Бастауыш сыныптарда математиканы тереңдетіп оқыту
мүмкіндіктері.
Бастауыш мектепте математиканы оқытудың
теориясы мен технолоғнясы псдағоғикалық ғылым
ретінде
Математиканы бастауыш
оқыту туралы ғылым. Математиканы оқытудың
теориясы мен технологиясы дамуындағы педагогикалық және психологиялық
зерттеулердің ролі.
Математиканы
оқыту процесінің құбылыстарын ғылыми-зерттеу
әдістері.
Озат
педагогикалық тәжірибені оқып-үйрену. Зерттеу
нәтижелерін тәжірибеге ендіру.
Алыс
және жақын шетелдердегі математиканы оқытудың
әдістемелік жүйесінің әр түрлі модельдерін
дайындау.
Курс және
диплом жұмыстарын орындау технологиясы.
Практикалық сабақтардың үлгі тақырыптары:
1.
Мемлекеттік стандартты талдау.
2.
Математикадан
оқу-әдістемелік
топтаманың
құрамына енетін
құралдардың ролі, мәні және әдістемелік
сипаттамасы.
3.
Мектепалды дайындық бағдарламасына, бастауыш және
негізгі саты оқушыларының
білім, білік және
дағдыларына,
кұзіреттілігіне қойылатын бағдарламалық
талаптарға талдау жасау.
4.
Дайындық кезеңі ұғымдарына
логикалық-дидактикалық талдау жасау.
5.
Математиканың аса маңызды ұғымдарына
(нумерациялық ұғымдар; арифметикалық амалдар және
олардың қасиеттері; есептеу тәсілдері; шамалар, шаманың
үлесі және бөлшегі; жай және құрама
есептер; алгебралық ұғымдар; геометриялық
ұғымдар) логикалық-дидактикалық талдау жасау.
Лабораториялық сабақтардың үлгі
тақырыптары:
1.
Математика
сабағының
түрлері. Бастауыш мектептегі
математика сабағының үлгілері, сабақты талдау.
2.
Дайындық кезеңінде математиканы оқыту кезінде
балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру. Дайындық
кезеңі сабақтары үзінділерін дайындау, өткізу
жәнеталдау.
3.
Жаңа материалдарды оқытуға дайындық кезінде
оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру. («Теріс
емес бүтін сандар
нумерациясы» тақырыбы
негізінде). Сабақ үзінділерін дайындау, өткізу және
талдау.
4.
Жаңа ұғым мен әрекет тәсілдерімен
таныстыру кезінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру («Арифметикалық амалдар
және олардың
қасиеттері» тақырыбы негізінде). Сабақ үзінділерін
дайындау, өткізу және талдау.
5.
Білім, білік жзне дағдыларды бекіту кезінде
оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру («Есептеу
тәсілдері» тақырыбы негізінде). Сабақ үзінділерін
дайындау, өткізу және талдау.
6.
Оқыту нәтижелерін
тексерумен байланысты оқушылардың іс-әрекетін
ұйымдастыру («Екі немесе
одан да артық
амалмен шығарылатын
есептер», «Шамалар, шамалар
үлестері»
ұғымдарын
оқып-үйрету барысында). Сабақ үзінділерін
дайындау, өткізу және талдау.
7.
Сабақта оқушылардың ойлау, танымдық,
шығармашылық қабілеттерін дамытумен байланысты
іс-әрекетті ұйымдастыру. («Алгебра
және геометрия элементтері»
тақырыптарын оқыту барысында). Сабақ үзінділерін дайындау,
өткізу және талдау.
СОӨЖ -ның үлғі
тақырыптары:
1.
Математика бағдарламаларын перспективтік және
сабақтастық байланыс тұрғысынан талдау.
2.
1-5 сыныптарға арналған оку бағдарламаларын талдау.
3.
Бастауыш мектепке арналған математика оқулықтарын
талдау.
4.
Математиканың бастауыш курсының мазмұны (математика бағдарламалары бойынша
кесте толтыру).
5.
Математика
сабақтарында
оқушылардың
іс-әрекетін
ұйымдастырудың педагогикалық технологияларын
қолдану.
6.
Дайындық кезеңінің «Қарапайым түсініктер»
тақырыбы бойынша сабақ жоспарлары, көрнекіліктер дайындау,
талдау.
7.
Нумерациялық ұғымдарды оқытып-үйрету
барысында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру
технологиясы.
8.
Арифметикалық амалдар және
олардың
қасиеттерін
оқытып-үйрету барысында оқушылардың
іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы.
9.
Есептеу тәсілдерін оқытып-үйрету барысында
оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы.
10. «Есеп және оны шешу процесі»
тақырыбып оқытып-үйрету барысында оқушылардың
іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы.
11. «Шамалар және оларды
өлшеу» тақырыбын оқытып-үйрету барысында
оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы.
12. «Үлес және бөлшек» тақырыбын оқытып-үйрету барысында оқушылардың
іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы.
13. Алгебра әлементтерін оқытып-үйрету барысында
оқушылардың
іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы.
14.Геометрия элементтерін
оқытып-үйрету барысында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру
технологиясы.
15.Стандартты емес және қызықты
тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың іс-әрекетін
ұйымдастыру технологиясы.
СӨЖ—ның үлғі тақырыптары:
1. Математиканы оқытудың теориясы
мен технологиясы дамуындағы педагогикалық және психологиялық
зерттеулердің ролі.
2.Бастауыш сыныптарда
математиканы оқытуға
балаларды дайындау. Математиканы
оқытудағы перспективтік және сабақтастық байланыс.
3.Математиканы оқытудағы пәнішіндік және
пәнаралық байланыс.
4. Бақылау түрлері және
математиканы оқыту нәтижелерін диагностикалау.
Оқушылардың жетістіктерін бағалау жүйесі.
5. Дайындық кезеңі ұғымдары (дидактикалық
ойындар мен көрнекіліктер іріктеу).
6. «Нумерациялық
ұғымдар»
тақырыбы бойынша әр
сынып тест тапсырмаларын дайындау.
Сандардың таңбалану үлгілерін дайындау,
7.«Арифметикалық
амалдар және олардың қасиеттері» тақырыбы бойынша бақылау жұмысының тапсырмаларын құрастыру.
8.Әр сынып бойынша
оқулықтардан,
дидактикалық
материалдардан есептеу тәсілдерін теріп жазу, талдау.
9. Жай есептің түрлерін теріп жазу, бір құрама
есепке талдау жасау.
10.Шамалар және оларды өлшеу, шаманың үлесі
және бөлшегін оқыту технологиясына арналған
көрнекіліктер іріктеу.
11.«Алгебра
әлементтері»
тақырыбына
арналған тест тапсырмаларын дайындау.
12. «Геометрия элементтері»
тақырыбы бойынша кернекіліктер дайындау.
13.1-сыныптың «Қарапайым түсініктер»
тақырыбының сабақ жоспарларын дайындау, талдау.
14. Математиканың
бастауыш курсын құрайтын негізгі материалдар (нумерациялық материалдар; арифметикалық материалдар; алгебра элементтері;
геометрия элементтері; шамалар) бойынша
сабақ жоспарларын дайындау:
15.Сыныптан тыс жүмыс түрлерінің сценарийін дайындау,
өткізу және талдау.
Курс жүмысының үлгі тақырыптары:
1.Мектепке дейінгі дайындық пен
мектептің бастауыш сатысы арасындағы математикалық білім
мазмұнындағы сабақтастық.
2.Математиканың білім
мазмұнындағы мектептің бастауыш және орта
сатысындағы сабақтастық.
3.Бастауыш мектеп
математика курсын оқытудағы білімділік, дамьпушылық және
тәрбиелік міндеттер.
4.Математиканың бастауыш
курсындағы (МБК) арифметикалық материалдардың
ерекшеліктері.
5.МБК-дағы алгебралық
материалдардың ерекшеліктері.
6.МБК-дағы геометриялық
материалдардың ерекшеліктері.
7.МБК-дағы есептерді
құрастыру жүйесінің ерекшеліктері.
8.МТЖ-дағы «Шамалар»
тақырыбын құрастырудың ерекшеліктері.
9.Дамыта оқыту жағдайында
бастауыш сыныптарға арналған математика
оқулықтарының дидактикалық негіздері.
10.Математикадан бастауыш мектепке
арналған оқу-әдістемелік топтама дайындаудың теориясы
мен тәжірибесі.
11.Математиканы оқыту
тәжірибесіндегі дамыта оқыту мәселелері.
12.Бастауыш мектеп математикасы
жаңа мазмұнының ерекшеліктері.
13.Бастауыш мектеп математика
сабақтарында патриоттық тәрбие беру ерекшеліктері.
14.Бастауыш мектеп математика сабақтарында
экологиялық тәрбие беру ерекшеліктері.
15.Бастауыш мектеп математика
сабақтарында әкономикалық тәрбие беру ерекшеліктері.
16.Бастауыш сынып оқушыларын математикадан
проблемалап оқыту.
17.1992-99ж. бастауыш математикасы білім мазмұнының ерекшеліктері.
18.Математика оқулығының «жаңа
ұрпағы» және оның ерекшеліктері.
19.Бастауыш мектеп математикасын оқытуда тест әдісін
қолдану.
20.Бастауыш мектепте математака
мен информацияны интеграциялап оқыту
мүмкіндіктері.
21.Математиканы оқыту барысында оқушылардың
танымдық қабілеттерін дамыту.
22.Математиканы оқыту барысында
оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
23.Бастауыш сынып оқушыларында кестелік есептеу
біліктері.". қалыптастыру жолдары.
24.Бастауыш сынып оқушыларының кұрама есептерді шешу біліктерін қалыптастыру
ерекшеліктері.
25.Бастауыш мектеп
оқушыларында жазбаша есептеу
біліктері мен дағдыларын
қалыптастыру ерекшеліктері.
26.Геометриялық
материалдарды оқыту барысында бастауыш
сынып оқушыларының
кеңістіктік түсініктерін қалыптастыру.
27.Нумерациялық ұғымдарды оқыту технологиясы.
28.Шамалар және олардын өлшем бірліктерін
оқыту технологиясы.
29.Бастауыш мектеп математикасын окытуда
көрнекілікті пайдалану
ерекшеліктері.
30.Бастауыш мектеп математикасын оқыту барысында
пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары.
31.Кіші жастағы оқушыларға математиканы
оқытудағы казіргі заманғы технологиялары.
32.Математиканы
оқыту процесіндегі кіші
жастағы оқушылардың
интеллектуалды дамуы.
33. Дифференциалды үй тапсырмасы бастауыш
сынып оқушыларының математикалық білім,
білік және дағдыларын нәтижелі меңгеру факторы ретінде.
34.Оқушылардың
сабақтағы іс-әрекетін белсендірудегі дидактикалық
ойындардың ролі.
35.Бастауыш сынып математика
сабақтарындағы өздік жұмыстың түрлері.
¥сынылатын әдебиет тізімі:
1.
ҚР жалпы орта
білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті
стандарттары. Жалпы бастауыш білім. - Алматы: РОНД, 2002.
2.
ҚР жалпы орта
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы орта білім. -
Алматы: РОНД, 2002.
3.
ҚР жалпы орта
білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті
стандарттары. Мектеп алдындағы дайындық. - Алматы: РОНД, 2002.
4.
Бағдарламалар. Математика. (1-4 сыныптар). - Алматы: РОНД, 2002.
5. Оспанов Т.Қ.,Кочеткова О.В.,
Астамбаева Ж.Қ. Жаңа
буын оқулықтары бойынша математиканы оқыту
әдістемесі. 1-4-сыныптар. -Алматы: «Атамұра», 2005.
6. Акпаева А.Б. Практические
и лабораторные занятия по
методике преподавания математике в иачальной школе. - Алматы: АГУ им.
-Абая,2003.
7. Кдырбаева А.А. и др. Внеклассная работа по
математике в начальной школе. - Алматы, 2000.
8. Курманалина Ш.Х. Задачи и
упражнения, направленные на развитие интелектуальных умений у младших
школьников. - Алматы, 2000.
9. Оспанов Т.Қ. және
басқалар. Математика.
1-4-сыныптар. - Алматы: «Атамұра», 2001-2004.
10.Оспанов Т.Қ. және басқалар.
№1, №2 математика дәптерлері. Ісынып.- Алматы: «Атамұра», 2005.
11. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика. Оқыту
әдістемесі. 4-сынып.- Алматы: «Атамұра», 2000.
12.0спановТ.Қ және
басқалар. Математика. Дидактикалық материалдар. «Атамүра», 2000.
ІЗ.Белошистая А.В.Обучение
математике в начальной школе:методичсское пособие- М.: Айрис-пресс, 2006.
14.Белошистая А.В. Обучение математике в начальных классах.Справочное іөзсобие.- М.,
2006.
15.Шадрина И.В. Обучение математике в начальных классах.-М., 2003.
16.Демидова Т.Е., Чижевская Л.И. Методика обучения
математике в начальных классах. Курс лекций: вопросы частной
методики.- Брянск,2001.
17.Истомина Н.Б. Методика обучения математике в
начальных классах.М: Изд цент «Академия», 2000. 18.Демидова Т.Е., Тонких
А.П.Теория и практика решения текстовых задач. Учебное пособие
для студентов Вузов,
обучающихся по специальности ПМНО.- М., 2002.
19.Оспанов Т.Қ., Астамбаева
Ж.Қ. және басқалар. Математикадан 12 жылдық білім
беретін мектептің
1-4-сыпыптарына арналған оқу-әдістемелік топтама. -
Алматы: «Атамұра», 2003-2006.
2О.А.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева және
басқалар. Математикадан 12 жылдық білім беретін мектептің
1-4-сыныптарына арналған
оку-әдістемелік топтама. - Алматы: «Алматы
кітап», 2003-2006.
Авторлары:
1.Оспанов Т.Қ. - педагогика
ғылымдарының кандидаты, Гумилев атындағы ЕҰУ-
інің профессоры;
2.Қосапов Б.М. - Абай
атындағы Қаз¥ПУ-і бастауыш оқыту теориясы мсн
әдістемесі кафедрасының меңғерушісі, педагогика
ғылымдарының кандидаты, доцент;
3.Ақпаева А.Б. - педагогика
ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қаз¥ПУ- і
бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті;
4.Астамбаева Ж.Қ. - Абай
атындағы Қаз¥ПУ-і бастауыш оқыту теориясы мен
әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы.