Типтік оқу
бағдарламасы
Жоғары
кәсіптік білім
ДҮНИЕТАНУ НЕІІЗДЕРІ
050102 - «Бастауыш оқытудың педагогикасы және
әдістемесі» мамандығы үшін
3 кредит (135 сағат)
Алғы сөз
1. Абай атындагы Қазақ
ұлттық педагогикалық университетінік «Білім» тобындағы мамандықтар
бойынша оқу-әдістемелік секциясы ЖАСАҒАН және ҰСЫНҒАН.
2.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым
министрлігінің 22.06.2006ж., Республикалық жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес
жиналысының Хаттама шешімімен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА
рұқсат етілген.
3. «Дүниетану
негіздері» типтік оқу бағдарламасы ҚР-ның Білім
және ғылым министрлігінің № 289 11.05.2005 ж.
Бұйрығына сәйкес
шыққан бағдарламаның орнына енгізілген.
4. Типтік оқу
бағдарламасы 031540 - «Педагогика және бастауыш білім беру
әдістемесі» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті
білім стандартына сәйкес жасалған.
5. Бағдарлама
басылымға Абай атындағы Қазақ, ұлттық
педагогикалық
университетінің
Оқу-әдістемелік бірлестігі баспаға ұсынған.
Хаттама №7 27.10.2006 ж.
Осы типтік
бағдарламаны Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігінің рұқсатынеыз көбейтілмейді
және таратылмайды.
Түсініктеме хат
«Дүниетану негіздері» курсы бастауыш мектеп
мұғалімдерін дайындауда өте маңызыды рөл атқарады.
«Дүниетану негіздері» 1 және 2-курс студенттеріне
оқылады. Бұл пән 3 бөлімнен тұрады:
1.
Жертану
және өлкетану негіздері;
2.
Тірі организмдер,
бірлестіктер;
3.
Тірі организмдердің
көп түрлілігі.
Курстың мақсаты:
болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін Дүниетану
пәнін окыту үшін қажетті білім-білік, дағдымен
қаруландыру.
Студенттер негізгі географиялық ұғымдармен танысып,
географиялық қабықта
өтетін негізгі процестерді зерттеуді үйреніп,
географиялық объектілердің, құбылыстар мен процестердің
өзара тығыз байланыста болатындығын, сондықтан
табиғатты қорғау шараларының қажетті екендігін
түсінеді. Сонымен қатар, курс барысында студенттер атластармен,
карталармен, глобустармен теллуриймен, метеоқұралдармен, тау
жыныстары мен минералдардың жиынтықтарымен жұмыс істеуді
игеруі тиіс. Студенттер минералдар мен тау жыныстарын анықтауды
және жыл бойы байқалатын атмосфералық (ауа райы)
құбылыстарды сараптауды үйренуі тиіс.
Бағдарламаның материалдары студенттерді
болашақтағы жұмысы - бастауыш мектепте сабақ беруге
қажетті деңгейде дайындайды. Оқушының
алғашқы географиялық және картографиялық
түсініктерінің қалыптасуы бастауыш мектепте болады,
сондықтан да студенттердің "Дүниетану" курсынын
бағдарламасына енгізілген физикалық географиялық тараулары
мүмкіндігінше едәуір толық және дұрыс білім алуы
өте маңызды.
"Өлкетану" тарауы студенттерді өз
аймағының табиғатын зертеудің әдістері мен
мазмұнымен таныстырады. Теориялық жалпы жертану бойынша білімдері
жергілікті жердің табиғатының ерекіпеліктерін түсініп,
оларды оқушыларға түсіндіруге көмектеседі, ал өз
аймағының табиғи құбылыстарын бақылап,
зерттеу өз алдына теориялық білімдерін нақты фактілер
негізінде әлдеқайда терең бекітуге мүмкіндік береді.
Бұл бағдарламада өлкетану материалы бөлек тақырып
ретінде берілген.
Студенттерді өсімдіктер және жануарлар
құрылысымен, әралуандылығымен таныстыру;
Өсімдіктер мен қоршаған орта арасындағы,
өсімдіктер мен жануарлар арасындағы және жануарлар мен
қоршаған орта арасындағы өзара байланысты
көрсету;
Өсімдіктер мен жануарлар мүшелерінде жүретін процестерді
түсіну;
Өсімдіктер мен жануарлардың мақызын көрсету;
Жануарлар және өсімдіктер ресурстары, бірлестіктері мен оларды
қорғау жолдарын керсету.
Бұл бағдарламада экологиялық мәселеге ерекше көңіл аударылады.
Жануарлар және Өсімдіктер алуан түрлілігімен танысу,
олардың кұрылысы, көбеюі, қоректенуі және
тіршілік ету орталарынын ерекшеліктерін салыстыру негізінде ұсынылады.
Бағдарламаның материалдары пәнаралық байланыстарды
ескере отырып, таңдап алынған, ал бағдарлама мазмұны
"Жертану және өлкетану" курсы мен дала практикасы
бағдарламаларына сәйкестендірілген. Сонымен қатар,
бағдарламылық материал «Дүниетану оқыту
әдістемесі» курсына негіз болып табылады.
Сарамандық жұмыстар тақырыптары теориялық курска
сәйкес жасалады. Сарамандық жұмыстарда экологиялық
мәселелерге ерекше назар аударылуы тиіс.
«Жертану және
өлкетану» бөлімінің лекциялық курсы
1. Кіріспе.
Географиялық қабықтар - жалпы жертану пәні.
Жертанудың пәнінің мақсатты. Географиялық ғылымдар жүйесіндегі
жертанудың алатын орны.
2. Жер, Күн жүйесі және Жер
ғаламшарының орны.
Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың пайда болуы туралы
жорамалдар. Күн мен Ай және олардың географиялық
қабықтағы процестерге әсері.
3. Жердің ғаламшар ретіндегі жалпы
сипаттамасы.
Жер пішіні мен көлемі. Жердің пішіні мен көлемінің
географиялық маңызы: әр түрлі белдеулердегі күн
қызуының әркелкілігі.
Жер қозғалысы. Жердің өз осінде айналуы және
оның салдары: күн мен түннін ауысуы, жылудың
таралуының аймақтарға бөлінуі, Жердің айналу осі;
әр түрлі меридиаидардағы уақыттардың
айырмашылығы. Жергілікті уақыт, белдеудік.
Жердің Күнді айналып қозғалуы: орбитасы,
қозғалыс жылдамдығы. Күнге қатысты орналасуы.
Жердің жылдық айналымының географиялық салдарлары, жыл
мезгілдерінің ауысуы, жарық түсу белдеулері.
4. Сұлба және карта. Географиялық карта
және сұлба туралы түсінік.
Сұлба мен
картаның айырмашылықтары мен ұқсастықтары.
Масштаб, масштаб түрлері. Карта мазмұны бойынша турлері.
Физика-географиялық карталардағы шартты белгілер.
5. Жердің ішкі құрылысы. Литосфера.
Жер қыртысы,
мантия, ядро жвне онда өтетін процестердің географиялық қабықшаның
дамуы үшін маңызы. Литосфера. Жер магнитизмі және оның
маңызы. Жердің жасы. Геологиялық жыл санау.
Жер
қыртысының рельефі. Негізгі рельеф түзуші процестер. Негізгі
рельеф түзуші факторлар; Жердің ішкі энергиясы, ауырлық
күші, ғарыштық әсерлер, күн энергиясы.
Жердің беткі
қабатын өзгертетін ішкі процестер. Жер қыртысының
тектоникалық қозғалыстары: сілкінбелі, қатпарлы,
копарғыш. Жер қыртысының негізгі құрылымдық
аймақтары. Жер тарихындағы негізгі тау түзуші дәуірлер.
Жер сілкіністері,
жанартау, онын, Жер бетінде таралу заңдылықтары және
географиялық кабатгағы маңызы. Жер бетін өзгертуші
сыртқы процестер. Желге мүжілу және оның жер
бетінің езгеруіне тигізетін әсері. Желдің,
қардың, мұздың рельеф түзудегі рөлі.
6. Минералдар мен тау
жыныстары.
Минералдар.
Минералдардың физикалық қасиеттері. Минералдардың
классификациясы туралы жалпы сипаттама. Минералдардың әр
түрлігі.
Тау жыныстары. Тау
жыныстарын түзілуі бойынша жіктеу: магмалық тау жыныстары;
шөгінді тау жыныстары. Магмалық тау жыныстарының
химиялық жіктелуі.
Жер бетінің
рельефінін пішіндері (нысандары). Рельеф.
Рельефтің негізгі
планетарлы нысандары - материктер мен мұхиттар. Мұхит
түбінің рельефі: шельф, материк баурайы,
мұхит арнасы (ортаңғы жоталар, терең су ойпаттары мен
жазықтары). Материктер мен мұхиттардың пайда болуы туралы
қазіргі заманғы көзқарастар.
Материктер
рельефінің негізгі нысандары - таулар мен
жазықтықтар. Таулар. Қатпарлы және қатпарлы-кесекті таулар. Тау рельефінің негізгі нысандары: тау
қыраттары мен алқаптар. Тау түйіндері
және таулы өлкелер туралы түсінік. Тауларды абеолютті
биіктігі бойынша бөлу: аласа, орташа және биіктаулар.
Жазықтықтар. Жазықтықтарды пайда болуы бойынша
жіктеу. Жазықтықтарды абеолютті биіктік бойынша бөлу:
ойпаттар, қыраттар, жоғары жазықтықтар
(үстірттер, тау қырқалары). Жазықтыктардың
рельефінің жер қыртысының қазіргі козғалыстарымен
заңды байланысы. Төрттік дәуірдің материктік мұз
басуымен байланысты рельеф нысандары.
7. Гидрасфера. Гидросфера туралы түсінік.
Су. Судың физикалық
және химиялық қасиеттері. Судың пайда болуы. Жер
бетіндегі су айналымы. Табиғат пән адам тіршілігіндегі судың
маңызы.
Әлемдік мұхит. Теңіздер, шығанақтар мен
бұғаздар. Мұхит суының құрамы мен
қасиеттері: тұздылығы, газдармен қанықтырылуы,
мелдірлігі, температурасы, тығыздығы.
Әлемдік мұхиттағы ағымдар және олардың
географиялық маңызы. Әлемдік мұхитгағы тіршілік.
Мұхиттың биологиялық және геологиялық ресурстары.
Жерасты сулары. Жерасты суларының пайда болуы және олардың
касиеттері.
Қайнарсулар. Минералды сулар және олардың маңызы.
Жерасты суларының рельеф түзуші релі: көшкіндер, карст.
Өзендер.
Өзендердің қоректенуімен режимі. Өзендердің
маңызы. Өзен эрозиясы. Өзеннің ұзыннан
кесінділері. Табалдырықтар, сырқырамалар. Өзендердің
аккуммулятивті қызметі. Атыраулар. Өзен аңғарлары.
Жарлар меті жыралар. Көлдер. Көлдердің пайда болуы мен
жіктелуі. Ащы және түщы келдер. Батпақтар.
Батпақтардың пайда болу жағдайлары. Батпақтардың
маңызы.
Географиялық қабыкшаның
тіршілігі мен дамуындағы гидросфераның маңызы.
Құрлық пән мұхиттың суларын
қорғау.
8. Атмосфера. Атмосфера туралы үгым. Атмосферанын құрамы
мен құрылысы.
Тропосфера, стратосфера,
мезосфера, термосфера, экзосфсра, ионосфера.
Атмосфераның
қызуы. Күн радиациясы туралы ұғым. Тікелей,
жайылған (таралған) және сомалық радиация. Күн
радиациясының күн сәулесінің түсу бұрышына
байланысты болуы. Күн сәулелерінің атмосферада езгеруі. Жылу
баланеы. Құрлық пен судың қызу
ерекшеліктері. Ауа температурасы. Температуралық инверсия. Температуранын
жер бетінде таралуы. Жылу белдеулері.
Атмосферадағы су.
Ауа ылғалдылығы. Жер бетінде су буларының конденеациялануы
мен сублимациялануы: шық, қырау, тұман, кектайғак. Су
буларының бос атмоферадағы сублимациялануы мен конденеациялануы.
Бұлттар және олардың типтері. Жауын-шашынның пайда
болуы. Бұлттар және олардың типтері. Жауын-шашынның
пайда болуы. Атмосфералық жауын-шашынның түрлері.
Жауын-шашынның өлшенуі.
Жауын-шашынның жер
шарында таралуының негізгі заңдылықтары. Ылғалдану
коэффиценті.
Атмосфераның
қысымы. Қысынды өлшеу бірліктері. Атмосфералық
қысымын өлшеуге арналған құралдар.
Қысымның температурасы мен ауа ағымына байланысты болуы.
Қысымның биіктікке байланысты езгеруі. Атмосферанын, жер бетінде
таралу ерекшеліктері. Атмосфрааның әсер ету орталықтары.
Атмосфераның айналъшы. Жел онын,
жылдамдығы мен бағыты.
Атмосфераның жалыпы
айналымы: Жер атмосферасындағы батыстық
қозғалыстың басымдылығы; тропикалық ендіктердегі
(пассаттар, экваторлық муссондар), қоңыржай (ауаның батыстан
тасымалдануы, циклондар, антициклондар) және полярлық ендіктердегі
атмосферанын жалпы айналымынын ерекшеліктері. Тропикалық емес
ендіктердегі муссондар.
Ауа райы мен климат. Ауа
райы туралы ұғым. Ауа массалары мен фронттар. Циклондар мен антициклондардағы
ауа райы. Ауа райын бакылау және болжау.
Климат. Климат
түзуші факторлар: күн радиациясы, төсеніш қабат, атмосфераның айналымы.
Климат типтері. Географиялық қабықтың дамуындағы
климаттың ролі. Климаттың өзгеруі. Атмосфераны
қорғау.
9. Адам және табиғат
Жер шарының
халқы.Нәсілдері.Қоғам дамуындағы табиғат
және оның ресурстарының рөлі. Адамның
қоршаған ортаға әсер етуі. Қазақстан
табиғатының өзгеруі және оны қорғау.
Жергілікті жер материалы
бойыниіа географиялық орны, геологиялық құрылысы
және рельефі. Пайдалы казбалар. Климат және ауа райы. Маусымдар
сипаты. Өзендер мен көлдер. Топырақтар.
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Халық.
Өнеркәсіп пен ауыл шарашулығының негізгі салалары
және олардың даму болашағы. Жергілікті жердің
табиғи ресурстарын қоргау жөніндегі шаралар.
«Тірі организмдер» бөлімінің лекциялық
курсы
1. Кіріспе
Тірі оргаиизмдер; олардың
өлі табиғаттан ерекшелігі, тірі организмдер эволюциясы. Биосфера. Экологиялық жүйе.
2. Тірі организмдер құрылысы
Тірі организмдердің клеткалық құрылысы. Клетканың
химиялық құрамы мен құрылысы. Өсімдіктер
мен жануарлар клеткасының құрылысы,
ұқсастығы, ерекшелігі.
Ұлпа. Өсімдік пән жануар ұлпалары,
құрылысы, қызметтері, түрлері.
Мүшелер. Өсімдік пән жануарлар мүшелері,
түрлері, құрылысы, қызметтері.
Мүшелер жүйелері. Өсімдік пән жануар мүшелер
жүйелері, құрылысы, қызметі.
Организм - біртұтас жүйе.
3. Организмдер тіршілігі
Өсімдік пен жануарлардың қоректенуі мен ас
қорытуы, ұқсастығы мен айырмашылығы.
Өсімдіктер мен жануарлардың организмдеріндегі заттардың
тасымалдануы, құрылысы мен қызметі.
Өсімдіктер мен жануарлардың бөлу мүшелері,
құрылысы, қызметі.
Өсімдіктер мен жануарлардың зат пен энергия алмасуы,
құрылысы, қызметі.
Өсімдіктер мен жануарлардың каңқасы,
құрылысы, қызметі, ұқсастығы мен
ерекшелігі.
Өсімдіктер мен жануарлардың қозғалуы, ерекшелігі
мен ұқсастығы.
Өсімдіктер мен жануарлар организміндегі үйлестіру мен реттеу,
ұқсастығы мен ерекшелігі.
Өсімдіктер мен жануарлардың көбеюі, жыныссыз,
жыныстық кебеюі,
ұқсастығы мен ерекшелігі.
Өсімдіктер мен жануарлардың өсуі мен дамуы.
4. Организм және
орта
Тірі организмдердің тіршілік
ортасы. Экологиялық
факторлар. Табиғат бірлестіктері.Түрлері.
«Тірі организмлердің көп түрлілігі»
бөлімінің лекциялық курсы
1. Кіріспе
2. Тірі
табиғаттын көп түрлілігі. Тірі табиғат систематикасы.
Систематика, оның түрлері. Түр, популяция. Өсімдіктер
мен жануарлар систематикасы.
3. Вирустар - тіршіліктің клеткасыз формасы. Түрлері. Құрылысы, таралуы, тіршілігіидегі
ерекшелігі.
4. Прокариоттар патшалығы,
өкілдері, құрылысы, қоректенуі, ерекшеліктері.
5. Саңыраукүлактар
патшылығы, түрлері, қоректену, кұрылысындагы
ерекшеліктер. Қыналар бөлімі, түрлері, ерекшелігі,
тіршілігі құрылысы.
6. Өсімдіктер патшалығы. Өсімдіктердің
негізгі белгілері. Төменгі сатыдағы өсімдіктер патшалық
тармағы. Балдырлар, түрлері, құрылысы, ерекшелігі.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер патшалық тармағы.
Түрлері. Мүктәрізділер бөлімі. Іілаунтәрізділер. Қырықбуынтәрізділер, папортниктәрізділер,
құрылысындағы салыстырмалы түрде ерекшеліктері,
тіршілігі.
7. Жабық тұқымды өсімдіктер бөлімі. Түрлері,
маңызы. Жабық тұқымды өсімдіктер белімі, көбеюі.
Дара және қос жарнақтылар класы, негізгі тұқымдастары.
8. Жануарлар патшалығы. Бірклеткалылар патшалық
тармағы, кластары, өкілдері
құрылысындағы ерекшелігі. Көпклеткалылар патшалық
тармағы. Губкалар,
Ішекқуыстылар, Жалпак құрттар, Жұмыр
құрттар, Былқылдақ денелілер типі, Буынаяқтылар
типі, Тікентерілер типі. Өкілдері. Ерекшеліктері. Тіршілік ету ортасына
бейімделуі. Көбеюі, Табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі.
Таралуы. Хордалылар - жоғары сатыда дамыған жануарлар.
Құрылысындағы
ерекшеліктер. Негізгі кластары. Балықтар.
Қосмекенділер, Бауырымен жорғалаушылар, құстар, Сүткоректілер (салыстырмалы түрде). Хордалылардың негізгі
кластары өкілдерінің құрылысының күрделенуін қарастыру: қаңқасы,
канайналым жүйесі, ас корыту, зәр шығару,
жүйке жүйесі, көбеюі, тыныс алу, дамуы, таралуы. Тіршілік
орталарына бейімделуі. Қызыл кітап. Қорықтар. Жер флорасы мен
фаунасын қорғау.
Студенттің
оқытушының басшылығымен
орындайтын өздік жұмысының
тақырыптары:
1. Биосфера
құрылысы. Биосфера қабаттарының шекаралары. Озон
қабаты, маңызы.
2. План және карта.Жергілікті жердің планын жасап, шартты
белгілер көмегімен көрсету.
3. Жергілікті жерді арнайы аспаптар
кемегімен бағдарлау мен зертгеу, оның
маңызы.
4. Аспан әлемі, оны бағдарлау. Сызбанүсқаның
көмегімен оны белгілеп, жердің қозғалуын көрсету.
5. Тірі организмдердің
ашық жүйе екендігін керсету.
6. Тірі организмдер
құрылысының ұқсастығын кврсету, дәлелдер
келтіру.
7. Тірі организмдер
құрылысының ерекшеліктерін көрсету, дәлелдер
келтіру.
8. Тірі организмдердің,
құрылымдық деңгейлерін (клеткалық,
ұлпалық, мүшелік, организмдік)
көрсетіп, құрылысы мен тіршілігіндегі
ерекшеліктерін керсету.
9. Төменгі сатыдағы өсімдіктер мен
жоғары сатыдағы өсімдіктерге салыстырмалы талдау.
10. Ұлпалар
құрылысының атқаратын қызметіне
байланыстылығын дәлелдеу.
11. Паразит құрттардың түрлері,
оларды тудыратын аурулар, олардың алдын алу шараларын көрсету.
12. Көпклеткалылар мен бірклеткалылар арасындағы байланыс
қандай дәлелдемелермен тұжырымдалуы.
13. Ауру тудыратын вирустар
түрлері, олардың таралу қауіптілігі.
14. Жануарлар арқылы
жүғатын аурулар. Олардың түрлері, жұғу
жолдары, дамуы, сақтану жолдары.
15. Табиғат бірлестіктері, қоректену тізбектері, оның
маңызы. Экологиялық, пирамида заңы.
Студенттердің өз
бетімен орындайтын жұмыстарының тақырыптары:
1. Биосфера шекараларын көрсететін үлгі жасау. Оның
ластануының себептерін көрсету.
2. Өзің тұратын
жерлердің, планын сызып, оның маңызын көрсету.
3. Түсбағдардың
кемегімен қажетті нүктеге жету үшін қандай
мәліметтер қажет, белгілі бір нүктеден белгіленген
орынға келу жолын көрсету.
4. Аспан әлемінін,
сызбанұсқасын сызып,
маусымдық өзгерістердің неліктен болатындығын түсіндіру.
5. Тірі организмдердің
ортамен байланысын көрсететін сызбанұсқа
құрастыру.
6. Тірі организмдердің
құрылысының ұқсастығы мен ерекшелігі неге
негізделгендігін көрсету.
7. Тірі организмдер
құрылысы деңгейлеріиін. күрделенуін, маңызын
керсету.
8. Төменгі сатыдағы өсімдіктер ерекшеліктеріне
салыстырмалы сызбанұсқасын жасау.
9. Паразит құрттар
олардың жұғу және даму циклінін
сызбанұсқасын жасау.
10. Көпклеткалылардың бірклеткалылардан
шыққандығын көрсететін дәлелінді
сызбанұсқа арқылы бейнелеу.
11. Вирустардың
жұғу жолдары туралы хабарлама дайындау.
12. Жануарлардың экологиялық, топтары, олардың
арасындағы байланысты көрсететін сызбанұсқа жасау.
13. Бірлестіктер,
олардық компоненттерін бейнелейтін үлгі жасау.
Дала практикасының бағдарламасы
Болашақ бастауыш мұғалімдерін дайындауда
"Дүниетану негіздері" пәнінін дала практикасына
үлкен көңіл аударылады.
Дала практикасы пән мазмұны бойынша алынған білімге
сүйеніп еткізіледі. Ол мынандай мақсаттарды көздейді:
1. Жертану және өлкетану
бөлімдерінен алған білімді тереңдету.
2. Жергілікті жерді зерттеу және
бағдарлау бағытындағы білімді кеңейту.
3. Өлі
табиғат объектілеріне бақылау
жүргізу, олардың езгеру
бағыты мен себептерін
анықтау.
4. Жергілікгі жер жағдайын анықтау;
шартты белгілер бойынша белгілеп, жер бедерін аныктау.
5. Жергілікті жердегі фауна мен флораны аныктау,
оның алуан түрлігін бірлестіктерді ондағы
заңдылықтарды түсіндіру.
6. Жануарлардың көбеюін
бақылау.
7. Өсімдіктер көбеюіне бақылау
жүргізу.
8. Ботаникалық баққа топсеруен
жүргізу, оны талдау.
9.
Зоопаркке топсеруен өткізу, оны талдау.
10. Жыл мезгілдеріне байланысты тірі
табиғаттағы өзгерістерге бақылау жүргізу.
11. Жергілікті жердегі өлі табиғат -
топырак, суға бакылау жасау, талдау.
12. Жергілікті жер тірі табиғаты -
өсімдік, жануарына бақылау жүргізу, талдау.
13.
Жергілікті жер өсімдіктері мен жануарларының (көп
таралған түрлері) тізімін жасап, олардың систематикалық
жүйедегі орнын анықтау.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі:
1. Никонов В.А.
Землеведение и краеведение. М.: Изд.центр «Академия»,2000.
2. Горощенко В.П., Мельчаков Л.Ф. Основы
природоведения. М.,1983.
3. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению
.М., 1984.
4. Неклюкова Н.А. Общее землеведение. М., 1983.
Қосымша :
1. Афанасьева Т.В., Василенко В.И., Терешина
Т.В., Шеремет Б.В. Почвы СССР. М., «Мысль», 1979.
2. Верзилин Н.Н., Верзилин Н.М. Биосфера, ее
настоящее, прошлое и будущее. М., «Просвещение», 1976.
3.
Гембель А.В. Общая
география Мирового океана. М.,
«Высшая школа», 1979.
4.
Герасимов В.П. Животный мир
нашей Родины. М., «Просвещение», 1977.
5. Герасимов И. П. Биосфера Земли. М.,
«ГІедагогика», 1976.
6. Колесник С.В.
Общие географические закономерности Земли. М, «Мысль», 1970.
7. Картография
с основами топографии /Под ред. А.В. Гедымина.М, «Просвещение»,
1973.
8.
Ратобыльский Н.С., Лярский П.А. Общее
землеведение и краеведение. Минск, 1976.
9. Ратобыльский Н.С. Практические задания по землеведению и краеведению. Минск, 1978.
10. Энциклопедический словарь юного
географа-краеведа. М., «Педагогика»,
1981.
11. Галант
Т.Г., Е.М. Гурвич. Практика занятия по
землеведению и краеведению. М.,
«Просвещение», 1988.
12. Мельчаков Л.Ф.Общее
землеведение с основами краеведения. М., «Просвещение», 1981.
13. ШубаевЛ.П.
Общее землеведение. М., «Высшая школа», 1977.
Құрастырушысы:
Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің «Химия мен жаратылыстану
пәндерін окыту әдістемесі» кафедрасының доценті, педагогика
ғылымдарының кандидаты Қисымова Ә.Қ.