ТИПТІК
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
жоғары
кәсіптік білім
БАСТАУЫШ
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН
ТЕХНОЛОҒИЯСЫ
050102—
"Бастауыш оқыту педағоғикасы мен әдістемесі"
мамандығы үшін
2 кредит
АЛҒЫСӨЗ
1. Абай
атындағы Қазақ ¥лттық педағоғикалық
университетінің "Білім" тобындағы мамандықтар
бойынша Оқу-әдістемелік секциясы ЖАСАҒАН және
ҰСЫНҒАН
2.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрліғінің
22.06.2006ж., Республикалық жоғары және жоғары
оқу орнынан кейінғі білім жөніндеғі Кеңес
жиналысының Хаттама шешімімен БЕКІТІЛҒЕН ЖӘНЕ
ПАЙДАЛАНУҒА рұқсат етілғен.
3. "Бастауыш мектепте қазақ
тілін оқыту теориясы мен технолоғиясы" типғік оқу
бағдарламасы ҚР-ның Білім және Ғылым Министрліғінің
№ 289 11.05.2005ж. бүйрығына сәйкес шыққан бағдарламаның
орнына енғізілғен.
4. Типтік оқу бағдарламасы 050102 —
Бастауыш оқыту педағоғикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша
мемлекеттік жалпыға міндетті
білім стандартына сәйкес жасалған.
5. Бағдарламаны Абай
атындағы
Қазақ
үлттық педағоғикалық
университетінің Психолоғия-педағоғика
факультетінің кеңесі ұсынған.
«28» 09.2006, №1
хаттама
Типтік бағдарлама Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министірліғінің
рұқсатынсыз көбейтілмейді және таратылмайды.
Түсінік хат
Пәнді оқытып-үйретудің мақсаты: болашақ мұғалімдерде
бастауыш мектепте
информатиканы оқытуды ұйымдастыру барысында
қажет болатын білім, білік және
дағдыларды калыптастыру.
Пәнді оқытып-үйретудің міндеттері:
-кіші жастагы мектеп оқушыларына информатиканы оқыту барысын ұйымдастырумен байланысты
кәсіби білім мен біліктер калыптастыру;
-оқушылардың ақпараттык мәдениетін
және алгоритмдік ойлауын қалыптастырудың барысы мен
оның нәтижелерін зерттеу.
Курсты оқытып-үйретудің негізгі міндеті
қоғамның қазіргі даму кезеңінің
әлеуметтік сүранысына сай баотауыш сыныптар мұғалімінің кәсіби
даярлығының сапалық деңгейін көтеру болып
табылады.
Бастауыш
мектепте информатиканы оқытудың
теориясы мен технологиясы
психологиялык-педагогикалық пәндерді, информатиканы, сондай-ақ математиканың бастауыш курсының негіздерін окьш-үйренгеннен кейін
енгізіледі. Бұл пәнді оқытып - үйрету барысында информатика пәнінің
өзіндік ерекшелігін ескере отырып, оның
жалпы теориялық қағидаларын нақтылай түсу
жүзеге асырылады.
Информатиканы
оқытудың теориясы мен
технологиясы пәні бастауыш мектеп
педагогикасы, психология, жаңа
педагогикалық технологиялар, педагогикалык зерттеулердің әдістемесі, информатика, математика,
бастауыш мектеп пәндерін
оқытудың теориясы мен технологиясы пәндерімен тығыз байланыста оқытып - үйретіледі.
Курсты окып - үйренудің сонына карай студенттер:
-информатиканы
оқытудын жалпы әдістемелік принциптері мен бастауыш сыныптарда акпараттьк оқытуды ұйымдастырудыңөзіндік
ерекшеліктерін, бастауыш сыныптардың оқу
процесінде қазіргі заманғы ақпараттык технологияларды
колдану мүмкіндіктерін
білулері керек;
-
информатиканы оқыту
технологиясын меңгеруі қажет;
-
бастауыш сыныптардын оқу
процесінде программаларды пайдалана алулары гиіс.
Пәннін
мазмұны
Курстың объектісі - бастауыш сыныптар мүғалімнің
050102 - БОПӘ мамандыгы бойынша
Қазақсан Республикасы мемлекеттік білім стандарты талаптарына сәйкес жоғары кәсіби педагогикалык білімінің
кұрамдас бөлігі ретінде.
Курстың пәні - 050102 - БОПӘ мамандығы бойынша Қазакстан Республикасы мемлекеттік білім стандарты
талаптарына сәйкес
болашак бастауыш сыныптар
мұғалімінің информатиканы оқыту теориясы мен технологиясынан
білім, білік және дағдыларын калыптастыру барысы.
Пәнді оқыту әдістері: ғылыми-педагогикалық
әдебиеттерді, информатиканың оқу
бағдарламалары мен оқулықтарын теориялық талдау, бастауыш сыныптар
оқушыларына информатиканы оқытудың барысын бақылау,
озат педагогикалык тәжірибені оқып-үйрену және
қорытындылау, әңгімелесу, педагогикалык эксперимент, компьютермен практикалык жұмыс.
Бұл пәнді оқыту 12 жылдык
мектептің бастауыш буынының
оқу жоспарына 2-сыныптан бастап информатика
пәнінің енгізілуіне байланысты
Қазакстанда тұңгыш рет қолға алынып отыр.12
жылдық орта білім стандарты бастауыш буынға (1-5 сыныптар)
«Математика және информатика»
кіріктірілген курсын ендіруді қарастырады.
4 сыныптан бастап
информатика курсы жеке оқытылып
үйретіледі. Қазіргі уақытта Қазақстан
Республикасында бастауыш мектеп
үшін информатикадан бірнеше оқу- әдістемелік
топтамалар жасалган.
12 жылдық мектептің бастауыш буынына
арналган оқу-әдістемелік
топтамалар авторлары:
Аштаева
Т.Б., Вьюшкова Е.А, Ермеков
Н.Т., Ноғайбаланова С. Қазіргі кезде жалпы білім беретін
мектептің 2-4 сыныптарына арналган "Ақпараттық
мәдениет негіздері" курсы (авторлары:
Е.Балапанов, Г.Кабулова, С.Мұхаметжанова,
Б.Айтбакина, Г.Мамырбек) құрастырылган және ол
Қазақстан Республикасы білім және гылым министрлігі тарапынан лицейлер мен
гимназияларда пайдалануға
үхьшылган.
Аталмыш оқу
пәні берілген мамандықтың мемлекетпк
білім стандартына
тұңғыш рет 2004 жылы енгізілді. Бұл типтік оқу
бағдарламасы 050102 - Бастауыш оқыту
педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша
2006 жылғы мемлекетпк
білім стандартына
сәйкес жасалды. Мемлекеттік стандарт
бойынша информатиканы оқыту теориясы мен технологиясы
курсы мынадай бөлімдерден
тұрады: "Бастауыш сыныптарда информатиканы оқытудың теориялық негіздері", "Бастауыш сыныптарда ақпараттық - коммуникативтік
технологияны пайдаланудың негізгі бағыттары", "Бастауыш сыныптарда информатиканы оқытудың мазмұны мен әдістемесі", "Бастауыш сыныптарда информатиканы оқып -
үйретудің мүмкіндіктері мен болашағы".
Типтік
оқу бағдарламасында Қазақстан Республикасында бастауыш мектепте информатиканы
оқыту теориясы және технологиясының қазіргі заманғы даму
тенденциясы ескерілді.
12 жылдык орта білімнің
жаңа білім стандартында (2006 ж.) орта мектептің бастауыш буыны үшін «Математика
және информатика» кіріктірілген курсында информатика негіздерін оқытып-үйретуді қарастыруына байланысты өзгерістер
енгізілді.
Бастауыш мектепте информатиканы оқыту теориясы мен технологиясы оқу пәні ретінде
Курстың
пәні, міндеттері және әдіснамасы, оның баска оқу
пәндерімеи (информатикамен, математикамен,
педагогикамен, психологиямен, математиканы оқытудың теориясы және технологиясымен, т.б.) байланысы.
Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың
теориялык негізі
Бастауыш мектепке информатика негіздерін енгізудің қажеттілігі. Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың
мақсаты мен міндеттері. Информатика
курсының жалпы білімдік және жалпы мәдениеттік мағынасы.
Бастауыш сыныптардағы информатика
курсының базалық мазмұнына жалпы сипаттама. Информатиканың бастауыш сыныптарда оқытылатын басқа пәндермен байланысы.
Бастауыш сыныптарда информатиканы оқытудағы пәнішілік және
пәнаралық байланыстар. Оқушылардың
информатикадан білім,
білік, дағды, компетентілігіне қойылатын бағдарламалык
талаптар. Кіші жастағы мектеп оқушыларына информатиканы оқытудагы перспективтік және
сабактастық.
Бастауыш сыныптарда информатика пәнін жоспарлау. Информатика сабағында ынтымақтастықты
ұйымдастыру.
Кіші жастағы
мектеп оқушыларының информатиканы оқып-үйренудегі
жасына байланысты психофизиологиялық ерекшеліктері.
Бастауыш сыныптарда информатиканы оқытудың
құралдары. Бастауыш мектеп үшін информатикадан оқу кұралдарын талдау.
Информатиканың бастауыш
курсын программамен қамту құрамы және сипаттамасы. Бастауыш сыныптарда информатиканы оқытудың
әдістері.
Бастауыш сыныптағы қазіргі
замангы информатика сабақтарына қойылатын талаптар.
Информатика сабнгына дайындалу
және әдістемелік
тұрғыдан талдау.
Информатиканы оқытудың нәтижелерін бақылау мен диагностикалаудың
түрлері. Бастауыш мектепте информатикадан оқушылардың
жетістіктерін бағалау жүйесі.
Информатикадан факультативтік
курстар, ЭЕМ базасындағы пәнаралық факультативтік курстар. Информатикадан сыныптан тыс
жұмыстарды ұйымдастыру.
Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың
әртүрлі жолдары. Негізгі бағыттар мен даму перспективасы. Шетел мектептерінің бастауыш сыныптарында информатиканы оқыту.
Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың
технологиясы
Ақпараттық технологиялар курсына оқытудың
технологиясы: Акпарат және оның
түрлері. Акпараттың формасы мен касиеттері. Акпарат көздері. Ақпараттарды тасымалдау схемасы. Адам өміріндегі акпараттың магынасы.
Ақпаратты тасушылардың міндеті. Акпаратты үсыну
тәсілдері. Іздеу, сактау, акпаратты беруді өндеу технологиясы. Ақпараттарды
өндеуді ұйымдастыру. Ақпараттарды өндеуді
атқарушы ұгымы. Адамның акпарапен жұмысында техникалык
күралдардың ролі. Ақпараттармен жұмыс: іздеу,
таңдау, түрлендіру, сактау, ұсыну, қолдану.
Акпараттық технология күралдары.
Нұскау бойынша батырмалы кұрылғыларды баскару. Акпараттарды
іздеу және
ұйымдастыру: мазмұны, көрсеткіштер, каталогтар, анықтамалар,
жазба кітаптары.
Қолданушылық
курсына оқытудың технологиясы: Компьютер сыныбындағы жұмыс ерекшеліктері.Компьютер
және оның бөліктері. Компьютерге акпаратты енгізу.
Компьютерден ақпаратты алу. Компьютерде ақпаратты сақтау. Программаларды жұмысқа
қосу. "Раіnt" графикалық редакторында жұмыс жасау.
"Word Pad" мәтіндік редакторында жұмыс жасау. Калькулятормен жұмыс
жасау.
Алгоритмдік курсқа
оқытудың технологиясы: Іс-әрекет. Кері
іс-әрекет. Алгоритм. Сызықтық
алгоритм. Алгоритмді орындау. Орьшдау
кестесі. Алгоритмнің берілу тәсілдері. Тармақталу және
қайталану алгоритмдері. Тольшды және толымсыз алгоритмдер.
Логика. Модель. Заңдылыктар және олардағы қатені іздестіру.
Заңдылықтарды орналастыру міндеттері. Заттардың белгілерін
айқындау. Заттарды белгілеріне қарай топқа бөлу.
Жиын және
оның берілу тәсілдері. Жиындарының қиылысуы және
бірігуі.
Информатикадан
оқушылардың білім, білік және дагдыларды меңгеруі мен
компетентілігін қалыптастыру технологиясы
Информатика сабақтарын да оқушылардың
оқу іс-
әрекетін баскару. Информатика сабағьшда:
а) жаңа ұғымдар мен
әрекет тәсілдерін окып - үйренуге дайындық барысында;
ә) жаңа
ұғымдар мен әрекет тәсілдерін оқып - үйрену барысында;
б) білім, білік және дағдыларды бекіту барысында;
в) оқыту нәтижелерін тексеру барысында оқушылардың
іс-
әрекетін ұйымдастыру.
Оқушылардың компьютер сыныбында жұмыс жасау іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы. Логика мен алгоритмдік
желіні машинасыз оқытуда оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы. Информатикадан үй тапсырмасын ұйымдастыру. Информатикадан оқушылардың
өзіндік жұмысын ұйымдастыру.
Практикалық сабақтардың үлгі тақырыптары:
1. Акпарат және
оның түрлері (мәтіндік, графикалык, дыбыстык), ақпараттык нысандар (мәтіндер, бейнелер, дыбыстык және бейнежазылымдар),
сілтемелер.
Ақпарат көздері (кітаптар, телекөрсетілімдер, Интернет, ауызша сөйлесу).
2. Ақпаратпен жұмыс: іздеу,
таңдау, түрлендіру, сактау, үсыну, колдану.
3. Акпараттық технология кұралдары
(телефон, телевизор, магнитофон, компьютер және
т.б.). Нұсқау бойынша батырмалы кұрылғыларды
басқару.
4. Ақпаратты іздеу және
ұйымдастыру: мазмұны, көрсеткіштер, каталогтар, анықтамалар, жазба кітаптары.
5. «Раіnt» графикалық редакторында жұмыс жасау.
6. "Word Pad" мәтіндік редакторында жұмыс жасау.
7. Калькулятормен жұмыс.
8. Ақпараттық технологиялар
курсьіның ұғымдарын логикалық-дидактикалық
түргыдан талдау.
9. Алгоритмдік курстағы аса маңызды ұғымдар
мен әрекет тәсілдерін логикалық - дидактикалық тұрғыдан т;шдау.
10.Мектеп
пәндерін программамен қамтамасыз ету.
Студенттердің
оқытушы жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстарының
(СОӨЖ) үлгі тақырыптары:
1. Мемлекеттік
білім стандартын талдау. Информатикадан оқу- әдістемелік
топтама кұралдарының мән-мағынасы, рөлі
және әдістемелік сипаттамасы.
2. Бастауыш
мектеп пен
5-6 сынып оқушыларының білім, білік
және дагдыларына қойылатын бағдарламалық талаптарды
талдау.
3. Бастауыш мектептегі информатика сабақтарының ерекщеліктері. Информатика сабақтарының
жоспары, сабақты талдау.
4. Оқушылардың компьютер сыныбында жұмыс жасау іс-әрекетін ұйымдастыру.
5. Логика мен алгоритмдік
желіні машинасыз оқытуда оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
6. Оқушылардың жаңа
материалды окып-үйренуге дайындык кезеңіндегі іс-әрекетін
үішмдастыру.
7. Жаңа материалды
оқып-үйрену барысында оқушылардың
іс-әрекетін ұйымдастыру. Тақырып бойынша сабак
кезеңдерін дайындау, құрастыру, жүргізу және талдау.
8. Білім, білік және
дағдыларды бекіту кезеңінде оқушылардың
іс-әрекетін ұйымдастыру. Тақырып бойынша сабақ кезеңдерін дайындау, кұрастыру,
жүргізу және талдау.
9. Оқыту нәтижелерін тексеру барысында оқушылардың іс-әрекетін
ұйымдастыру. Такырып бойынша сабақ кезеңдерін дайындау, құрастыру,
жүргізу және талдау.
Ю.Оқушылардың
ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін
дамытумен байланысты іс — әрекетін ұйымдастыру.
Студенттердің өзіндік жұмыстарының
(СӨЖ) үлгі тацырыптары:
1.
Ақпараттық технологиялар курсынын
негізгі ұғымдарын талдау
2. Алгоритмдік курстың негізгі ұғымдары
мен операциялары.
3. Информатика сабақтарына
жоспар жасау.
4. Машинасыз оқыту әдісіне
сабақтардың жоспарын жасау.
5. Компьютер сыныбындағы
сабактардың узінділерін құрастыру.
Курстың жұмыстардың үлгі
тщырыптары:
1. Кіші жастағы мектеп
оқушыларына информатиканы оқытудағы
сабақтастык.
2. Бастауыш сыныптарда информатиканы оқытудың
білімдік, дамытушылық және тәрбиелік функциялары.
3. Кіші жастағы мектеп оқушыларьша информатиканы оқыту барысындағы ақпараттық
технологиялар курсы мазмұнының
ерекшеліктері.
4. Кіші жастағы мектеп оқушыларьша информатиканы оқыту барысындағы алгоритмдік курс мазүнының ерекшеліктері.
5. Информатикадан бастауыш сыныптарға
арналған оқу
— әдістемелік топтаманы пайдаланудың
теориясы мен тәжірибесі.
6. Бастауыш мектептің информатика
курсы мазмұнының ерекшеліктері.
7. Бастауыш сыныптардың информатика
сабақтарында проблемалық
оқытуды жүзеге асырудың ерекшеліктері.
8. Бастауыш сыныптардың информатика
сабақтарьгада дифференциалап оқытуды
жүзеге асырудың ерекшеліктері.
9. Бастауыш сыныптардың информатика
сабақтарында көрнекілік принципін
жүзеге асырудың ерекшеліктері.
10.Кіші жастағы оқушылардың информатикадан білім, білік және дағдыларын тестік
бақылау.
11.Бастауыш сыныптарда
математика мен информатиканы интеграциялап оқытудың мүмкіндіктері.
12.Информатиканы оқытуда кіші
мектеп жасындағы
оқушылардың танымдық кабілеттерін дамыту.
13. Информатиканы оқытуда кіші мектеп жасындагы оқушылардың шығармашылық кабілеттерін
дамыту.
14.Информатика сабақтарында
оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың
әр түрлі формалары.
15.Пәнаралык байланыстар және оларды
бастауыш сыныптарда
информатиканы оқыту барысында жүзеге асыру
жолдары.
16.Кіші мектеп жасындағы
оқушыларга информатиканы оқытудағы қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар.
17.Информатиканы оқыту барысындағы кіші
жастағы
оқушылардың интеллектуальдық дамуы.
18.Дифференциаланган үй жұмыстары бастауыш
сыныптар оқушыларьшың информатикадан білім, білік
және дагдыларды
меңгеруінін шарты ретінде.
19.Информатика сабақтарында
оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырудағы
дидактикалық ойындардың ролі.
20.Бастауыш
сыныптардың информатика сабактарындағы өздік жұмыстардың
түрлері.
ұсынылатын әдебиет тізімі
1. 12 жылдық орта
білім берудің мемлекеттік стандарты (бірінші саты), -Астана, 2006.
2. 12 жылдык
мектептің 1-5 сыныптарынын оқу бағдарламалары.-Алматы,
2006.
3. Ермеков Н.Т., Ноғайбаланова
С.Ж. Информатика. 12 жылдық мектептің 2-4 сыныптарына арналған оқулыктар. - Алматы, «Алматыкітап», 2004.
4. Ермеков Н.Т., Ноғайбаланова
С.Ж. 2-4 сыныптарда информатиканы
оқыту әдістемесі,, - Алматы, «Алматыкітап», 2004.
5. Аштаева Т.Б., Вьюшкова Е.А. Информатика. 12 жылдык мектептің 2-4 сыныптарына арналған оқулыктар. - А., "Атамұра", 2004.
6. Аштаева Т.Б., Вьюшкова Е.А. 2-4 сыныптарда информатиканы оқыту әдістемесі,. -А., "Атамұра", 2004.
7. Горячев А.В., Горина К.И., Суворова Н.И. Информатика в
играх и задачах. 1,2,3 класс- М., "БАЛАСС", 2002.
8. Балапанов Е., Кабулова Г., Мұхаметжанова С, Айтбакина
Б., Мамырбек Г. Основы информақионной
культуры (в 4 тетрадях) 1-4 классы. - А., ТОО "Аруна"
ЛТД, 2004.
9. Мир информатики. 1-2 год обучении.Учебная книга СО. Продукция компании КИРИЛЛ и
МЕФОДИЙ.
10.Мир информатики. 3-4 год обучении.Учебная книга СО. Продукция
компании КИРИЛЛ и МЕФОДИЙ.
11.Электронные
приложения к учебнику.
Информатика для 2-3 кл.
Издательство Алматыкитап,
Атамура. Аруна 2004-2005г.
12.Информатика для детей от 5 до 10 лет СО «Гуру Софт» 2002. 13.Занимательные задачи по информатике.
Л.Л.Босова и др.-М.: Бином.
Лаборатория знаний, 2006-119с.(3адачник)
14. Н.Кетков
Ю.Л., Кетков А,Ю.,
Шапошников Д.Е. Персональный компьютер: Шк. Энциклопедия, 2000
15.Жаңа үйренушілер мен оқушыларға
арналған Информатика. Өз бетімен
компьютерді үйрену
бағдарламасы.. СD-RОМ. Корпорация
«Атамұра».,2006ж.
16.«Информатика и образование» журналы.
Авторлары:
Акпаева Ә.Б.-педагогика
ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы
ҚазұПУ-і бастауыш оқыту
теориясы мен әдістемесі
кафедрасының доценті. Мынжасарова
М.Ж.- Абай атындағы ҚазұПУ-і бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасының оқытушысы.