Шымкент 2009ж
М.О. Әуезов
атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Кафедра «Мектепке дейінгі
және бастауыш
оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
Искакова Л.Т., Жораева
С.Б.,
Педагогикалық
іс-тәжірибесін өтуге арналған
әдістемелік нұсқау
ӘӨЖ 373.02
Құрастырғандар: Искакова Л.Т., Жораева
С.Б. Педагогика және бастауыш
оқыту әдістемесі мамандығы студенттерінің педагогикалық іс-тәжірибеден
өтуге арналған әдістемелік нұсқау.
Шымкент, М. Әуезов атындағы Оңтүстік
Қазақстан мемлекеттік университеті, 2008.
Оқу құралы 050102- Бастауыш
оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы студенттеріне
арналған
Әдістемелік нұсқау мамандыққа
арналған мемлекеттік стандарт, Абай атындағы Қазақ
Ұлттық педагогикалық университетінің
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК бірлестігі ұсынған /пр №.7. 03.03.05/
бағдарламаға және оқу жоспарына сай жасалды.
Рецензенттер:
Ф.ғ.к
Ы.Балқыбекова
п.ғ.к.
Б.Нарқұлова
«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту
теориясы мен әдістемесі» кафедрасы (хаттама №5. 25.12. 2008ж) және филология
институтының әдістемелік кеңесі (хаттама №5. 30.12. 2008ж)
талқылап, ұсынды.
Оқу құралын М.Әуезов
атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университетінің әдістемелік кеңесі
мақұлдаған №3 хаттама
«19» желтоқсан 2008ж.
© Искакова Л.Т., Жораева С.Б.
© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университеті, 2009.
Кіріспе
Қоғамдағы
жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдай,әлемдік
мәдени-білім кеңістігіне ену, өркениетті елдердегі педагогика
ғылымы және білім беру жүйесі дамуының қазіргі
кездегі тенденциялары, әлемдік деңгейдегі педагогика және
психология ғылымында жинақталған тәжірибелерді талдау
нәтижесі мұғалім мамандығына сапалы етіп дайындауды қажет
етеді.
Бүгінгі
күннің мұғалімі қазіргі 12 жылдық оқу
жүйесі бағдарламасына өтуге байланысты әлеуметтік
жағдайға тез бейімделіп, шығармашылықпен ойлай білетін,
педагогикалық процесті жүйелі түрде алдын-ала болжай алатын,
оқушылармен ынтымақтаса отырып, кәсіби-психологиялық
қызметті дара шығармашылық тұрғыда жасауға бағытталған болуы
керек.
Болашақ
мұғалім мамандығын дайындау жүйесінде
педагогикалық практика негізгі рөл атқарады. Ол жоғары
оқу орнының тұтас педагогикалық процестен
бөлінбейтін бөлігі бола отырып, мұғалімді
дайындаудың теориялық
және практикалық процестен бөлінбейтін бөлігі бола
отырып, мұғалімді дайындаудың теориялық және
пракикалық бірлігін қамтамасыз етеді.
Педагогикалық
практика: Тұжырымдаманың жетекші идеяларын іске асыруға;
Білім беруді ізгілендіру, демократияландыру және интеграциялау идеяларын ендіруге, оқу орнының
педагогикалық процесіндегі болашақ мұғалімнің
тұлғалық, белсенді шығармашылығын, кәсіби
құзырлығын қамтамасыз етуге жағдай жасайтын
жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие
іс-әрекетінің барлық жүйесін бағдарлауға;
оқу-тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруға
жағдай жасайды.
«Қазақстан
Республикасының мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына»,
психологиялық-педагогиакалық пәндердің кешендеріне
сәйкес, студенттерді оқытудың барлық кезеңдерінде
әрбір курста үздіксіз педагогикалық практика өткізіледі
және мыналарды қамтиды:
1. 1 курс
студенттерінің «Педагогикалық қызметке кіріспе» оқу практикасы.
2. 1 курс
студенттерінің «Жаратылыстану негіздері» оқу практикасы.
3. 2 курс
студенттерінің «Ғылыми-педагогикалық зерттеулер әдістемесі» оқу
практикасы.
4. 2 курс
студенттерінің «Тәрбие жұмысының технологиясы»
оқу практикасы
5. 3 курс студенттері
үшін «Баланың мектептегі алғашқы күндері»
педагогикалық практикасы
6. 3 курс студенттері
үшін бастауыш мектепте байқау сабағы педагогикалық
практикасы
7. 4 курс
студенттерінің өндірістік практикасы.
Бітіруші кафедраға қатысты
педагогикалық практика 3-4 курстарда өтеді.
Педагогикалық практиканы ұйымдастырудың базасы: жалпы білім беретін мектептер
және инновациялық мектеп типтері ( мектеп-гимназиялар, мектеп
–лицейлер және басқалар).
Педагогикалық
практиканың мақсаттары:
-
студенттердің мұғалім мамандығына
деген сүйіспеншілікке және
тұрақты қызығушылыққа
тәрбиелеу;
-
студенттің өзін-өзі тұтас
педагогикалық процестің субъектісі ретінде сезініп, кәсіби
тұлғасын дамытуға деген қажеттілігін
қалыптастыру;
-
студенттің теориялық білімін тереңдету
және бекіту;
-
тұтас педагогикалық процесті
құзырлылық әдіспен іске асыруға мүмкіндік
беретін болашақ мұғалімнің кәсіби іскерлігін
және дағдысын қалыптастыру;
-
педагогикалық іс-әректтің,
шығармашылық, зерттеушілік әдісін дамыту;
-
мұғалімнің
тұлғалық-кәсіби сапасын қалыптастыру.
2. Жоғары дәрежелі
мамндар даярлаудың бір бөлігі іс-тәжірибе болып табылады
және өндіріс, мекеме, өндірістің әртүрлі
салаларындағы ұйымдарында , білім, мәдениет т.б. басқа
мемлекеттік басқару мекемелерінде өткізіледі. Іс-
тәжірибенің түрі, мерзімі мен мазмұны МЖМБС бойынша
мамандық даярлау бағытымен,
оқу жұмыс жоспарларымен, іс-тәжірибе бағдарламаларымен
және оқу процесінің кестесімен айқындалады.
Іс-тәжірибе базалары
студенттің оқитын мамандығына оқу шеберханалары ,
компютерлік кластар, зертханалар, ОҒӨК, өнеркәсіптік
өндірістер, ұйымдар мен мекемелер болып табылады.
Педагогикалық практиканың
мазмұны
Педагогикалық практиканың
мазмұны оқу-тәрбиелік процесті қамтуы тиіс: оқу(
оның ішінде мамандық бойынша факультативтік және сыныптан тыс жұмыс),тәрбие
жұмысы.
2 курс
студенттерінің «Ғылыми-педагогикалық зерттеулер әдістемесі», «Тәрбие
жұмысының технологиясы»
оқу практикасы
2 курс студенттерінің
педагогикалық практикасы үшін теориялық базасы олардың
меңгерген «Педагогика»,
«Тәрбие жұмысының әдістемесі» жалпы білім беретін цикл
пәндері болып табылады.
Міндеттері:
-
Сыныптағы педагогикалық процестің
жағдайын ұғынып және меңгеру;
-
Кәсіби құзырлылықты
(педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру және
пән мұғалімінің көмекші қызметін орындау
үшін қажетті білім, іскерлік және дағды)
қалыптастыру.
Мазмұны:
-
Пән мұғалімінің
сабаққа дидактикалық материалдарды дайындауына
көмектесу.
-
Оқушылардың оқу материалдарын
меңгеруіне көмек көрсету.
-
Сабаққа жалпы дидактикалық,
психологиялық талдау жасау.
-
Сыныпқа психологиялық педагогикалық
мінездеме жасау.
3 курс
студенттерінің «Баланың мектептегі алғашқы
күндері» (2 апта), «Бастауыш мектепте байқау сабағы» педагогикалық
практикасы (4 апта)
3 курстағы болашақ
мұғалімнің теориялық және практикалық
дайындығын педагогика, психология, арнайы пәндер, арнайы
пәндер әдістемесі нәтижесінде қазіргі білім беру
технологияларын меңгеріп, оны мектеп практикасына ендіретін
әртүрлі мәселелерге арналған арнайы курстар
қамтамасыз етеді.
Міндеттері:
1. Мұғалім іс-әректінің
объектісі-тұтас педагогиклық процесті сезінуі.
2. Өзін-өзі дамыта білетін оқушы
тұлғасын қалыптастыруда педагогтың жетекші рөл атқаруы, тұтас
педагогикалық процестің субъектісі болып табылатын мұғалім
мен оқушының өзара әрекетін ұғыну.
3. Сыныптағы тұтас педагогикалық
процесте сынып жетекшісінің және пән
мұғалімінің оқыту, тәрбиелеу және дамыту
қызметін іске асыруы.
4. Тұлғалық
–бағдарлық білім беру жағдайында бүгінгі күнгі
білімдік-тәрбиелік технологияларын меңгеруі.
5.Таңдап алынған ғылыми
тақырыбына сәйкес психологиялық-педагогикалық зерттеуді
жүзеге асыру.
Практика мазмұны:
-
Студент-практиканттарды мектеппен, мектеп басшыларымен, мұғалімдермен
таныстыру.
-
оқу жылындағы мектеп ұжымының алдында
тұрған міндеттермен,бастауыш сыныпта атқарылатын
жұмыстармен танысу.
-
пән мұғалімдерінің жұмыс жоспарларымен танысу: а) күнтізбелік
жоспар,ә) тәрбие жоспары,б) тақырыптық сабақ
жоспары,в) үйірме жұмыстарының жоспарларымен танысу.
-
бөлінген сынып оқушыларының мінез-
құлықтарын бақылап білу.
(психологиялық зерттеу).
-
пән мұғалімдерінің
сабақтарына қатысып, бақылау жасап, үйрену.
-
ашық
сабақтарға, тәрбие сағаттарына қатысып, анализ
жасап, талдап үйрену,өзара пікір алысу.
-
практика барысында
8-10 байқау сабақтарын өту;
-
көрнекіліктер дайындау.
-
ашық
тәрбие сағаттарын өткізу.
-
бірнеше сынып бірігіп даталы күндерге ашық
ертеңгілік (әдеби кеш) өткізу.
-
-іс- тәжірибе қорытындысы бойынша рейтинг.
-
а) аттестация
-
б) бағалау
-
Педаогикалық практика қорытындысы бойынша мектепте шағын
педагогикалық кеңес өткізу.
-
-практика құжаттарын дайындау.
3 курс
студенттерінің «Бастауыш мектепте байқау сабағы» педагогикалық
практикасының жоспары
|
|
Жұмыс түрлері |
Мерзімі |
Өткізу орны |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
|
Бағдарлау конференциясын өткізу. а) студенттерді бұйрықпен (бөлінген мектептері мен жауапты
әдіскерлермен ) таныстыру. ә) педагогикалық практиканың
мақсаты мен міндеттерін, қажетті құжаттармен
қамтамасыз ету. |
|
|
|
2 |
Мектеп басшылары мен
әдіскерлер,мұғалімдер және студенттердің
қатысуымен педагогикалық кеңес өткізу: а)студент-практиканттарды мектеппен, мектеп
басшыларымен, мұғалімдермен таныстыру. ә) оқу жылындағы мектеп
ұжымының алдында тұрған міндеттермен танысады. б) бастауыш сыныпта атқарылатын
жұмыстармен танысу. в) ата-аналармен жүргізілетін жұмыс
түрлерімен таныс болу. |
практикаға дейін |
325 ауд. |
|
3 |
1.Пән мұғалімдерінің
жұмыс жоспарларымен танысу: а) күнтізбелік жоспар, ә) тәрбие жоспары, б) тақырыптық сабақ жоспары, в) үйірме жұмыстарының
жоспарларымен танысу.
2.Практикант бұрышын жасау.
3.Бөлінген сынып оқушыларының мінез-
құлықтарын бақылап білу. (психологиялық зерттеу). |
1-апта |
мектептерде |
|
4 |
Ашық сабақтарға, тәрбие
сағаттарына қатысып, анализ жасап, талдап
үйрену,өзара пікір алысу. |
|
|
|
|
Студенттер өздері алғашқы
үйрену, байқау сабақтарын өту. Пән мұғалімдері мен студенттер
және әдіскерлермен бірігіп талдап анализ жасау. |
|
|
|
|
Ашық сабақтардың
тақырыптарын алып дайындалу; а) пән мұғалімінен
әдіскерлік әдіс-кеңестер алу. б) көрнекіліктер дайындау. в) сабақ жоспарын жасап бекіттіру. |
2-апта |
Мектептерде. |
|
|
Әрбір пәннен ашық
сабақтар өткізу. |
2-апта |
Мектептерде. |
|
|
Ашық
тәрбие сағаттарын өткізу. |
2-апта |
Мектептерде. |
|
|
Бірнеше сынып бірігіп даталы күндерге
ашық ертеңгілік (әдеби кеш) өткізу. |
3,4-апта |
Мектептерде |
|
|
Практика қорытындысы бойынша рейтинг. а) аттестация б) бағалау |
|
Мектептерде. |
|
|
Педаогикалық практика
қорытындысы бойынша мектепте
шағын педагогикалық кеңес өткізу. |
Мереке күндерге сәйкес |
|
|
|
Практика құжаттарын дайындау. |
|
|
|
|
Институтта педагогикалық практика
қорытындысы бойынша конференция өткізу. а) студенттер өткізген жұмыстары
бойынша әр мектеп көрме ұйымдастыру. б) Үлгілі сабақтардан көрініс
өткізу.. в) әдіскерлердің қорытынды
сөзі, студенттерге берілген баға |
4-апта |
Мектептерде |
4 курс
студенттерінің өндірістік практикасы (8 апта)
Бітіруші курстағы
педагогикалық практика мектептегі оқу-тәрбиелік процесін
ұйымдастырудағы алдыңғы практиканың
үйлесімді аяқталуы болып табылады тұтас педагогикалық
поцесті басқарудағы білім, іскерлік пен дағдыны
меңгеруге және диплом жобасы бойынша тәжірибе
жұмыстарын өткізуге бағытталған.
Міндеттері:
- Тұтас педагогикалық процесті
басқаруға мұғалімнің дайындығын қалыптастыру;
- мектептің,
сыныптың тұтас педагогикалық процесс жағдайы және
оқушы тұлғасын қалыптастыру және диагностикасын
жүргізу үшін жалпыпедагогикалық және
жалпыпсихологиялық білім, іскерлік, дағдыларды жетілдіру.
- пән мұғалімдерімен,
оқушылар мен, психологиялық қызметтің
қызметкерлерімен, ата-аналармен ынтымақтастықта болу.
педагогикалық құзырлылығын
(ұйымдастырушылық, коммуникативтік, құрастыра
білушілік, қолданбалы және басқалар) дамыту және
қалыптастыру.
- кәсіби-педагогикалық
және тұлғалық
кәсіби іскерліктерін дамыту (сабақтың оқыту, дамыту және тәрбиелік міндеттерін, өз мамандығының пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың
міндеттерін шешу және анықтай білуі).
- дәстүрлі және
жаңашыл технологиялардың
оқыту әдістерін
үйлесімдікте пайдалану.
- педагогикалық
іс-әрекеттің шығармашылық, зерттеушілік
әдісін қалыптастыру.
- тұтас
педагогикалық процесті
жүзеге асыру дайындығына өзіндік баға беруді
қалыптастыру.
- кәсіби
біліктілігін дамытуды жоспарлай білуді және оны
нарық жағдайындағы
білім беруде жүзеге асыру.
- Студент-практиканттарды мектеппен, мектеп
басшыларымен, мұғалімдермен таныстыру.
- оқу жылындағы мектеп
ұжымының алдында тұрған міндеттермен,бастауыш сыныпта
атқарылатын жұмыстармен танысу.
- пән мұғалімдерінің жұмыс жоспарларымен танысу: а)
күнтізбелік жоспар,ә) тәрбие жоспары,б)
тақырыптық сабақ жоспары,в) үйірме жұмыстарының
жоспарлары.
- бөлінген сынып оқушыларының
мінез- құлықтарын бақылап білу.
(психологиялық зерттеу).
- пән мұғалімдерінің
сабақтарына қатысып, бақылау жасап, үйрену.
- ашық сабақтарға, тәрбие
сағаттарына қатысып, анализ жасап,
талдау,өзара пікір алысу.
- практика барысында 10-15 байқау сабақтарын
өту;
- көрнекіліктер дайындау.
- ашық
тәрбие сағаттарын өткізу.
- бірнеше сынып бірігіп даталы күндерге
ашық ертеңгілік (әдеби кеш) өткізу.
- пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар
жүйесі
- жаңа технологияларды пайдаланып
өткізілген сабақтан психологиялық-педагогикалық талдау.
- оқытудың интерактивтік
әдістері, қазіргі инновациялық технологияларды пайдалану.
- ата-аналармен жұмыс әдістері мен
жекелеген түрлерінің ынтымақтастық негізінде
оқу-тәрбиелік үрдісін ұйымдастыру / ата-аналар
жиналысына дайындық, сұқбаттасу, сауалнамалық
сұрақ/;
-практика қорытындысы бойынша рейтинг.
а) аттестация
б) бағалау
Педаогикалық практика қорытындысы бойынша мектепте шағын
педагогикалық кеңес өткізу.
-практика құжаттарын дайындау.
4 курс
студенттерінің педагогикалық практикасының жоспары
|
|
Жұмыс түрлері |
Мерзімі |
Өткізу орны |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
|
Педагогикалық практика өтетін мектеп басшыларымен келісім шарт жасау |
|
Институт ,мектеп. |
|
2 |
Бағдарлау конференциясын өткізу. а) студенттерді бұйрықпен (бөлінген мектептерімен жауапты
әдіскерлермен ) таныстыру. ә) педагогикалық практиканың
мақсаты мен міндеттерін, қажетті құжаттармен
қамтамасыз ету. |
Практикаға дейін |
325 ауд. |
|
3 |
Мектеп басшылары мен
әдіскерлер,мұғалімдер және студенттердің
қатысуымен педагогикалық кеңес өткізу: а) студент-практиканттарды мектеппен, мектеп
басшыларымен,мұғалімдермен таныстыру. ә) оқу жылындағы мектеп
ұжымының алдында тұрған міндеттермен танысады. б) бастауыш сыныпта атқарылатын
жұмыстармен танысу. в) ата- аналармен жүргізілетін жұмыс
түрлерімен таныс болу. |
1- апта |
мектептерде |
|
4 |
1.Пән
мұғалімдерінің
жұмыс жоспарларымен танысу: а) күнтізбелік жоспар, ә) тәрбие жоспары, б) тақырыптық сабақ жоспары, в)үйірме жұмыстарының
жоспарларымен танысу.
2.Практикант бұрышын жасау.
3.Бөлінген сынып оқушыларының мінез-
құлықтарын бақылап білу. (психологиялық зерттеу). |
1-апта |
Мектептерде. |
|
5. |
а)Пән мұғалімдерінің
сабақтарына қатысып, бақылау жасап, үйрену. б) көрнекіліктер дайындау. |
2-апта |
Мектептерде. |
|
6. |
Ашық сабақтарға, тәрбие
сағаттарына қатысып, анализ жасап, талдап
үйрену,өзара пікір алысу. |
2-апта |
Мектептерде. |
|
7. |
Студенттер өздері алғашқы
үйрену, байқау сабақтарын өту. Пән мұғалімдері мен студенттер
және әдіскерлермен бірігіп талдап-анализ жасау. |
3-апта |
Мектептерде. |
|
8. |
Ашық сабақтардың
тақырыптарын алып алып дайындалу; а) пән мұғалімінен әдіскерлік
әдіс-кеңестер алу. б) сабақ жоспарын жасап бекіттіру. |
4-апта |
Мектептерде. |
|
9. |
Әрбір пәннен ашық
сабақтар өткізу.
2.кемшілік,
жетістіктерін біліп,бір-бірінен тәжірибе алмасып, үйрену. Дипломдық
жұмыс бойынша эксперимент жұмыстарын жасау. |
5-апта |
Мектептерде. |
|
10 |
Ашық
тәрбие сағаттарын өткізу. |
6-апта |
Мектептерде. |
|
11 |
Бірнеше сынып бірігіп даталы күндерге
ашық ертеңгілік (әдеби кеш) өткізу. |
Мерекелік күндерге сәйкес. |
Мектептерде. |
|
12 |
Өткізген ашық сабақтары мен
тәрбие сағаттарын, ертеңгіліктер мен кештерін талдап,
анализ жасау, бағалау. |
7-апта |
Мектептерде. |
|
13 |
Практика қорытындысы бойынша рейтинг. а) аттестация б) бағалау |
8-апта |
Мектепте, институтта |
|
14 |
Педагогикалық практика қорытындысы бойынша мектепте шағын
педагогикалық кеңес өткізу. |
8-апта |
Мектептерде. |
|
15 |
Практика құжаттарын дайындау. |
8-апта |
институтта |
|
16 |
Институтта педагогикалық практика қорытындысы
бойынша конференция өткізу. а) студенттер өткізген жұмыстары
бойынша әр мектеп көрме ұйымдастыру. б) Үлгілі сабақтардан көрініс
өткізу.. в) әдіскерлердің қорытынды
сөзі, студенттерге берілген баға |
|
институтта |
|
17 |
Педагогикалық практиканы қорыту. |
|
институтта |
Педагогикалық практиканың әдістемелік материалдары.
І. Педагогикалық практиканы ұйымдастыру және өткізу.
1. Педагогикалық практиканың
жетекшілерінің міндеттері.
1.1
Институттағы педагогикалық практика жетекшісінің жұмысының
мазмұны.
1.2
Жеке әдістеме кафедрасы
оқытушыларының міндеттері.
1.3
Педагогика кафедрасы оқытушыларының міндеттері.
1.4
Психология кафедрасы оқытушыларының міндеттері.
1.5
Педагогикалық практика жетекшілерінің бірлескен іс-әрекетін жоспарлау.
2.
Педагогикалық практиканы ұйымдастырудағы
мектептің педагогикалық
ұжымның қызметі.
2.1
Студенттердің педагогикалық
практикасына жетекшілік жасаудағы мектеп әкімшілігінің міндеттері
2.2
Мұғалімнің міндеттері
2.3
Мектеп дәрігері мен мектеп психологының міндеттері
ІІ. Педагогикалық практиканың
әдістемелігін қамтамасыз ету.
1.
Педагогикалық практиканың күнделігі, оны рәсімдеуге
қойылатын
талаптар.
2.
Оқу әрекеті
2.1.
Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар.
2.2.
Сабаққа дайындық және өткізу.
2.3.
Сабақ жоспарының үлгі құрылымы
2.4.
Сабақты талдаудың әдістемелік нұсқауы.
ІІІ. Педагогикалық практика
жайлы студенттің есебі.
1.Есептің құрылымы және мазмұны.
2.Педагогикалық практиканың нәтижесін
бағалау.
3. Педагогикалық
практиканың қорытындысы
жайлы есептің құжаттары.
1.
Педагогикалық
практиканы ұйымдастыру және өткізу.
Педагогикалық
практиканың негізгші міндеті студенттердің жалпы теориялық, арнайы,
психологиялық-педагогикалық, әдістемелік жағынан
дайындығы болып табылады.
Педагогикалық
практика басталмас бұрын
педагогика,психология,әдістемелік кафедралармен бірлесе отырып
институтта бағыт беруші
конференция өткізіп, студенттерді
мектепте жасалатын жұмыстардың мазмұны мен міндеттерімен
таныстырады.
Педагогикалық
практиканың негізгі кезеңі бекітілген мектептегі
студенттнрдің жұмысы болып табылады. Педагогикалық
практиканың мазмұны мен міндетіне сәйкес студенттер бірінші
аптасында оқушыларды меңгереді, мұғалімдердің
сабақтарына және сынып жетекшілерінің сыныптан тыс
жұмыстарына қатысады, практика кезінде жасалынатын
оқу-тәрбиелік жұмысының өзіндік жеке жоспарын
құрады.
Студенттер практика кезінде тәрбиелік
және сыныптан тыс жұмыстар өткізіп,талқылауға
және талдауға қатысады. Өткізілетін сынақ
сабақтар саны және тәрбиелік іс-шаралар практиканың
бағдарламасында және өткізу кестесінде анықталады.
Практика кезінде бітірер алдындағы
студенттер педагогика және психология кафедрасының
басшылығымен жекеленген оқушыларға және сынып
ұжымына
психологиялық-педагогикалық мінездеме жасайды.
Педагогикалық практиканың барысында студенттер педагогика
және психология, жеке әдістеме пәндері бойынша
дипломдық және курстық жұмыстарға қажетті
материалдар жинайды, студенттердің ғылыми-зерттеу
жұмысының тапсырмаларын орындайды.
Педагогикалық практиканың үшінші
кезеңінде яғни, соңғы аптасында студенттер есеп беру
құжаттарын дайындайды. Мектепте қорытындылаушы
педагогикалық кеңес өткізеді. Педагогикалық
практика институттағы
өткізілетін жалпы қорытындылаушы конференциямен аяқталады.
Мектептегі студенттердің педагогикалық практикасының
тікелей басшылығын топтық
жетекшілер (педагогика және психология оқытушыларымен бірге, жеке
әдістеме кафедраларының оқытушылары) атқарады.
1. Педагогикалық
практика жетекшілерінің міндеттері.
1.1.
Институттағы педагогикалық практика
жетекшісі төмендегідей
қызмет атқарады:
-
студенттердің
келісім-шарт жасалынған мектептерге жіберілуі туралы бұйрық
шығартады;
-
Бағыт беруші және қорытынды
конференциялар өткізеді;
-
оқу жылы бойындағы педагогикалық
практиканың қорытындысы
бойынша жалпы институттың есебін жасайды.
1.2
Әдістемелік кафедра оқытушыларының
міндеттері.
Аға әдіскер:
-
оқу- тәрбие мекемелерінің
жетекшілерімен бірге студенттерді сыныптарға бөледі;
-
практика кезінде
мектеп оқытушыларымен бірге студенттерге жеке өзіндік жоспар
жасауға көмектеседі.
-
студенттердің
сабақтарын және сабақтан тыс жұмыстарды өткізуді
қамтамасыз етеді, сабақтың жоспарын және үлгісін тексеріп және бекітіп, сабақтарына қатысып оларды талдайды және
бағалайды.
-
студенттердің өткізген құжаттарын
жинайды және талдайды, практика қорытындысы бойынша есеп жасайды.
-
практика бойынша педагогика және психология пән оқытушыларының
бағасын қорытындылай келе қорытынды бағасын
қояды.
1.3.
Педагогика кафедрасы оқытушыларының міндеттері
Педагогика кафедрасы оқытушысы:
-
студенттердің педагогикалық практикасына әдістемелік басшылық жасайды,
оларға тұтас педагогикалық процестің маңызды мәселелері бойынша кеңес береді;
-
сынып жетекшісімен біріге отырып студенттердің оқушылармен
өткізетін тәрбие жұмысын жоспарлайды, оларға
кеңес береді және тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз
етеді;
-
оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін зерттеп және оны жұмыс барысында
ескеруіне, сыныптағы педагогикалық процесс жағдайын
диагностикалауға көмек
көрсетеді;
-
студенттерге ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша
кеңес береді;
-
оқу-тәрбие процесінде жаңа
педагогикалық технологияларды пайдалануға көмектеседі;
-
педагогикалық практика бойынша бағыт беруші және
қорытынды конференцияларға қатысады.
1.4.
Психология кафедрасының оқытушыларының
міндеті:
Психология кафедрасының оқытушысы:
-
жеке оқушыларды және оқушылар
ұжымын психология-педагогикалық тұрғыдан зерттеу
үшін тапсырмалар дайындайды;
-
студенттердің практика
бағдарламасындакөрсетілген психологиядан тапсырмаларды орындауына
жетекшілік жасайды;
-
педагогикалық
практика бойынша бағыт беруші және қорытынды
конференцияларға қатысады.
1.5 Педагогикалық практиканың
жетекшілерінің бірлескен іс-әректін жоспарлау.
Педагогика, психология және
әдістемелік кафедралары оқытушылары (қазақ
тілі,математика, биология пәндері әдіскерлері) бірлескен
іс-әрекетін жоспарлау.
1.Студенттердің сабағына бірігіп қатысып, толық
кешенді талдау жасау;
2. Тәрбиелік іс-шараларға бірлесіп
қатысу;
3. Кіші педагогикалық кеңес
жиналыстарына қатысу;
4. Студенттердің оқу және
тәрбие жұмыстарына кеңес беру, көмек көрсету.
2. Студенттердің
педагогикалық практикасын ұйымдастырудағы мектептің
педагогикалық ұжымының қызметі
2.1. Мектеп әкімшілігінің
студенттердің педагогикалық практикасын басқарудағы
жұмысы
Мектеп директоры
-
педагогикалық практиканың дұрыс
өтілуіне жағдай жасайды;
-
студенттерді оқу-тәрбие мекемесінің
жұмысымен,мұғалімдер құрамымен,
құжаттармен, оқу өндірістік базамен (кабинеттермен,
шеберханалармен, кітапханалармен т.б.) оқу-тәрбие
жұмыстарының жалпы жүргізілуімен, алдыңғы
қатарлы педагогикалық тәжірибелермен таныстырады,
практиканттарға педагогикалық кеңестің , ата-аналар
комитетінің жиналыстарына қатысуына мүмкіндік береді,
жұмыс жоспарымен таныстырады;
-
аға әдіскермен бірге студенттерді
сыныптарға бекітеді;
-
студент-практиканттардың сабақтарына тәрбиелік және басқа да
іс-шараларына қатысады және де оларды талқылауға
қатысады;
-
педагогикалық практика жұмысын жетілдіру
жөнінде ұсыныстар енгізеді;
-
оқу-тәрбие мекемелерінде педагогикалық
практика қорытындысы бойынша жиналыс өткізеді.
2.2 Пән мұғалімдерінің
міндеттері
Мұғалім
-
өзіне бекітілген студенттерді өзінің
оқу-тәрбие жұмыстарының жоспарымен таныстырады,
ашық сабақтар мен сабақтан тыс шаралар өткізіп, оларды
талқылауды ұйымдастырады;
-
аға әдіскерлермен бірге студенттердің
арасында сабақтардың тақырыбын және пән бойынша
сабақтан тыс іс-шараларды бөліп белгілейді;
-
студенттердің сабақты дайындауына және
өткізуіне кеңес береді,жоспар-конспектілерін тексеріп бекітеді;
-
студенттердің әртүрлі сабақ
түрлерін дайындауына, практикалық және зертханалық
сабақтарды және т.б. өткізуге көмектеседі;
-
әрбір студенттің сабағын
бағалауға және талдауға қатысады;
-
студенттерге үйірме жұмыстарын өткізуге,
дәптер тексеруге, көрнекі құралдар жасауға, кино,диафильмдердерді демонстрациялауға
және зертханалық жұмыстарын дайындауға және т.б. жұмыстарды тапсырады;
-
студенттерге мінездеме береді және олардың
оқу жұмысын бағалайды;
-
прктика соңындағы шағын педагогикалық
кеңеске қатысады.
2.5.
Мектеп дәрігерінің және мектеп
психологының міндеттері
1.
Мектеп
дәрігері және психологы суденттерге бөлінген сыныптағы
оқушылардың жағдаыйн, анатомиялық-физиологиялық
ерекшеліктері жайлы ақпарат беріп, олармен қандай
қарым-қатынаста болу керектігі жайлы таныстырады;
2.
Дәрігер және психолог студенттерге
оқушы тұлғасының толыққанды дамуына
жағдай жасауға және мектеп гигиенасы жайлы әдістемелік нұсқау жасау
береді.
ІІ. Педагогикалық практиканың
әдістемелігін қамтамасыз ету.
1.
Педагогикалық практиканың күнделігі,
оны рәсімдеудің талаптары.
Педагогикалық
күнделік студенттің практика кезеңіндегі
жұмысының мазмұнын көрсететін құжат болып
табылады.
Күнделіктегі жазбалар
үйретуші қызмет атқарады.Педагогикалық шешімдер
және оқу-тәрбие процесін,
кәсіби дайындығын жетілдіруге байланысты ұсыныстар жазылады.
Педагогикалық күнделікте мына
құрылымдар ескеріліп рәсімделеді:
-
алғы бет парақ;
-
пән бойынша сабақтардың кестесі;
-
қоңырау кестесі;
-
педагогикалық практиканың күнтізбелік
жоспары;
-
сынып жетекшісінің, педагогика,психология
және пән әдіскерлерінің мінездемесі мен
студенттің ұсыныстары мен талаптары жазылады.
2.
Оқу әрекеті
2.1. Бүгінгі күнгі сабаққа
қойылатын талаптар
1. Сабақ барысында оқу
процесінің барлық функцияларын іске асыру.
2.Жаңа педагогикалық білім беру
технологияларына сәйкес мұғалім мен оқушының
жұмысын ұйымдастыру.
3.Мұғалім мен оқушының
дұрыс педагогикалық қарым-қатынасы.
4.Оқу процесінде инновациялық технологияларды пайдалану.
2.2. Сабаққа дайындық және
өткізу.
1. Сабаққа дайындық барысында
оқу бағдарламасымен,
оқулықпен,оқу-әдістемелік құралдармен,
күнтізбелік жоспарлармен және сыныптағы
оқушылардың ерекшкелігімен танысу жүзеге асады.
2. Сабаққа дайындалу- мектеп
оқулығын, дидактикалық және әдістемелік
құралдарды және қосымша материалдарды пайдалану
арқылы жүзеге асады.
3.Сабақтың негізгі мақсатын
айқындап, білім беру, тәрбиелеу, дамыту міндеттерін анықтау.
4. Сабақты өткізу барысында
қандай принципке сүйенетіндігін анықтап алу керек.
5. Материалдың ерекшелігі бойынша сабақ мазмұнын ойластыру,
негізгісін бөліп алу.
6.Жаңа тақырыпты меңгертуде
қандай әдістеме қолданатындығын анықтап алу.
7. Қандай көрнекі
құралдарды пайдаланатынын анықтау.
8. Сабақтың барлық
кезеңінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін
дамытуды ойластыру.
9. Оқытуда қазіргі білім берудің
жаңа технологиясын пайдаланыңыз.
10.Сабақ барысында оқушылардың жеке және
топтық жұмыс істеу мүмкіншілігін анықтап алу.
11.Сабақ барысында оқушыларды
бағалап отыру.
12 Үйге тапсырма бергенде оның
көлеміне және мазмұнына көңіл аударыңыз.
13 Сабақтың басынан аяғынан
дейін барлық талабы,
әдістемесі, мазмұнын ойластырып болғасын, жоспарды
құруға кірісіңіз. Жоспарда нақты негізгі мақсаты,
міндетті көрсетіп, керекті құралдарды, және
сабақ барысын жаз.
14 Сабақ өтіп болғасын
нәтижесін қорытындылаңыз. Сабақтың жетістіктерін
және кемшіліктерін ойлаңыз, жіберілген кемшіліктерді жөндеуге тырысыңыз.
2.3
Сабақ жоспары құрылымының үлгісі.
1. Сыныбы.
2. Сабақтың тақырыбы
3. Сабақтың мақсаты, міндеті
4. Сабақтың типі
5. Сабаққа қажетті
құралдар
6. Сабақтың мазмұны
7. Үй тапсырмасы
8. Ақпарат деректерін пайдалану.
2.4 Сабақты талдауға
әдістемелік ұсыныстар.
Талдау дегеніміз-
тұтас дүниенің
құрамдас бөлімдерге ойша және шын
мәнәнде бөлінуі және бөліктердің бүтінге
айналуы (синтез). Талдаудың ( өзіндік талдаудың )
мақсаты – мұғалімнің еңбегі жайлы жаңа
білімді алу болып табылады ( мұғалімнің өзі туралы).
Сабақты
талдаудың нұсқалары өте көп (120 түрі) бар:
толық, қысқа, кешенді, аспектілі,
құрылымдық, психологиялық, дидактикалық,
әдістемелік және т.б.
Сабақты
талдаудың толық әдісі ең алдымен мұғалім
әрекетіндегі объектінің теориясы- педагогикалық поцесті түсіну болып табылады.
Сабақ
педагогикалық процестің қисынды аяқталған
бөлігі болып табылады.
Қазіргі сабақты
талдаудың бірнеше нұсқаларын ұсынып отырмыз.
2.4.1 Педагогикалық процестің компоненттерін мәнін түсіну тұрғысынан сабақты талдаудың
нұсқасы.
1. Сабақтың
мақсатының тақырыппен сәйкестілігі
2. Мақсатттың
жұмыстың міндеттеріне (білім беру,тәрбие,дамыту)
3. Мұғалім мен
оқушының іс-әрекет қабілеттігіне (әдістер мен
тәсілдер ) жұмыс
міндеттерінің сәйкестігін қалыптастыру.
4. Кері байланыс сапасын
талдау(сабақтың әр кезеңінде неше бала жұмыс
істеді, қандай әдіс-тәсілдер көмегімен жүзеге
асты)
5. Сабақтың
нәтижелігін анықтау (жұмыстың міндетіне, әдісіне,
балалардың белсенділігіне қайта
тоқталу)
6. Сабақты жетілдіріп өткізуге ұсыныстар
және жалпы қорытындылар (теориялық және
практикалық жоспар бойынша)
2.4.2. Сабақты
құрылымдық талдаудың нұсқасы
1. Сабақтың
мақсатын және міндетін бағалау
2. Сабақтың типі
3. Сабақтың
құрылымы, оның кезеңдері (минут бойынша)
1. Оқушының
сабақты ұйымдастыру кезіндегі психологиялық ахуалы.
2. Оқушылардың
тірек білімдерінің көкейкестілігі
а) жалпылама
сұрау
б) жеке жұмысты ұйымдастыру
в) ұжымдық жұмыс түрлерін
ұйымдастыру
г) дифференциялды-топтық сұрақ
қою және басқалары
3. Жаңа
тақырыпты түсіндіру кезеңі :
а) баяндау әдісі
б) эвристикалық әңгіме
тәсілдерін қолдану арқылы проблемалы оқыту әдісі
в) кітаппен өз бетінше
жұмыс
г) жаттығу әдістері және т.б.
қолдану
4. Алынған білімді бекіту
а) үлгі бойынша
оқушылардың әрекетін ұйымдастыру (репродуктивті)
б) оқушылардың
өз бетінше шығармашылық әрекетін ұйымдастыру
(продуктивті)
5. Сабақ бойынша
оқушылардың білімін тексерудің қорытынды
кезеңі(егер ол болса):
а) ауызша жұмыс
б) көмекшілердің
көмегімен топтық жұмыс (ассисент)
в) бірін-бірі тексеруге
арналған дифференциалды топтық жұмыс
г) орындалған
жұмыстары бойынша өзін-өзі тексеру, өзін-өзі
бағалау.
6. Сабақтың
қорытындысы :
а) сабақтың
теориялық қорытындысын құрастыру( бүгін
сабақта немен танысты)
б) оқушыларға
берген жауабын және қойылған бағаны талдап,
түсініктеме беру.
в) үй тапсырмасы,
оған түсініктеме беру.
3.Сабақты талдау бойынша қорытындалар:
1.Сабақ кезеңдерін ұтымды
пайдалану
2.Әрбір кезеңдерге уақытты
ұтымды бөле білу
3. Сабақтың
типінің және құрылымының нәтижелігі
4. Сабақ
құрылымын жақсартуға және уақытты тиімді
пайдалануға байланысты ұсыныстар.
Ескерту: Мұғалімдерге сабақтың
құрылымын сабақтың мақсаты мен типіне байланысты
басқаша құрылуы мүмкін екендігін ескертеді.
2.4.3. Сабақты қысқаша талдаудың
нұсқасы.
1. Сыныбы, оқушы саны,
пән бойынша сыныптың дайындық деңгейі.
2. Сабақтың
тақырыбы.
3. Сабақ барысында шын
мәнісінде қол жеткізген сабақтың мақсаты.
4.
Мұғалімнің іс-жүзінде шешімін тапқан
дидактикалық және тәрбиелік міндеттер.
5. Сабақтың
өткізілу әдісіне қысқаша сипаттама.
1. Сабақтың типі
2. Сабақтың
белгілі кезеңдері
3. Сабақ
мазмұнының, ғылыми, бірізділік, түсініктілік,
қисындылық принциптеріне сәйкестілігі.
4. Оқушылардың
танымдық әректінің ұйымдастыру әдістері мен
түрлерінің ерекшелігі, олардың тиімді ұйымдасуы.
5. Мұғалімнің
тұлғалық ерекшелігі,оның оқушылармен
қарым-қатынасы. Сабақтағы оқушылармен
қарым-қатынас жасай білу стилі
6. Оқыту барысында
техникалық құралдарды мақсаттылықпен пайдалана
білуі оның сабақтың мазмұнымен байланысы.
7. Білімді,іскерлікті
және дағдыны меңгергендігіне бақылау жүргізу
(сабақтағы кері байланыс)
8. Сабақтың
қорытындысын шығару. Білімді ,іскерлікті, дағдыны
бағалау.
9. Үй
тапсырмасының көлемі және күрделігі.
6. Сабақтың
нәтижесін бағалау. Қорытындылар және ұсыныстар.
3.4.5. Сабақты аспектілі талдаудың
нұсқасы
1. Сныбы, пәні,
мұғалімнің аты-жөні, сыныптың дайындық
деңгейі
2. Аспектілі талдау мақсаты
тұрғысынан сабаққа қатысу.
3. Берілген аспектіні ашуға
қажетті, қатысқан сабақтардың саны (бір немесе
бірнеше сабақтар жүйесі)
4. Бақылау:
1. Мұғалімдер
мен оқушылармен өз ара әрекетіұйымдастырылдыма?
2. Мұғалімдер
мен оқушылардың қандай өзара әрекеті
ұйымдастырылды,сабақтың қай кезеңінде?
3. Ұжымдық
танымдық әрекеттермен бірге сабақтың қандай
дидактикалық міндеттері шешілді?
4. Оқушылардың ұжымдық танымдық
әрекеттерін ұйымдастырудың қандайтүрлері
пайдаланылады?
5. Сабақта кері байланыс қалай іске асады?
6. Сабақта қандай атмосфера (ахуал)орнады?
7. Сабақта қанша оқушы белсенділік танытты?
8. Мұғалім қанша баға қойып , сабақты
қалай қорытындылады?
9. Ұжымдық танымдық элементтерін
пайдаланылғансабақтан дәстүрлі сабақтың
қандай айырмашылығы бар?
5. Қорытындылар және ұсынстар.
III.Студенттердің
педагогикалық практика бойынша есебі.
1. Есептің
құрлымы және мазмұны.
Студент -------------------------------------------------------------------
Курсы------------------тобы------------институт-----------------
Мектеп №
----------------------------------------------------------------
200… жылдың -----------------------дейінгі кезеңде.
1.Педпрактика кезінде оқу тәрбие
жұмыстарының қандай міндеттерін шешуге ат салыстырдыңыз?
2. педагогикалық
практика жоспарының орындалуы. Жоспардан қандай ауытқулар
болды.. Не себептен? Жоспардан тыс не жасалынды?
3. Сыныптағы
педагогикалық процес жағдайы қалай зертттелінді?
4. Өткізілген
сабақтар саны. Оның ішінде нешеуі сәтті, нешеуі сәтсіз,
қиындықпен өтті. Себебі неге?
5. Сабақта
оқытудың қандай дәстүрлі емес түрлері,
әдістері, қолданылады?
6. Сабақта оқушылардың
тынымдық әрекетінің жеке, топтық ұжымдық түрлері
ұйымдастырылды ма?
7. Оқу процесі барысында
оқушылар тынымдық әрекеттің қандай түрлері
(продуктивті, репродуктивті, жеке ізденгіштік) меңгерілді?
8. Педпрактика кезінде
қандай тәрбиелік міндеттер шешіледі? Тәрбие жұмысының
қандай түрлері балалар ұжымында іске асты? Сәтсіз
ұйымдастырылған тәрбиелік іс-шаралар болды ма? Оның
себебі неде?
9. Ата-аналармен қандай жұмыс
түрлері өтті?
10. Мұғалімнің,
мектеп ұжымының қандай ғылыми- зерттеу
жұмыстарына қатыстыңыз? Қандай нәтижелерге
қол жеткіздіңіз?
11. Практика барысында
қандай іскерлік пен дағдыға ие болдыңыз? Практика
кезінде мұғалім мамандығы дайындығының
қандай кемшіліктері байқалды? Сіз өзіңіздің кәсби
дайындығыңыздың қандай кемшіліктері байқалды? Сіз
өзіңіздің кәсіби
дайындығыңызда жетілдіру үшін алдыңызға
қандай міндеттер қойдыңыз?
12. Педагогикалық
практика жайлы жалпы қорытындылар. Оның сіздің
мұғалім ретінде қалыптасуыңыздағы алатын орны.
Практиканы жетілдірудегі және ұйымдастыру жайлы сіздің
ұсынысыңыз?
Ф.7.08-04
Қазақстан Республикасы Білім және
Ғылым Министрлігі
М.Әуезов
атындағы Оңтүстік
Қазақстан мемлекеттік университеті
«Филология» институты
«Мектепке дейінгі және
бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі»
кафедрасы
Іс-тәжірибе
нәтижелері мен ұйымдастыру, жүргізу туралы
_______тобы студенттерінің
«_____» оқу ж.
ЕСЕБІ
Бұйрық
бойынша іс-тәжірибе мерзімдері_____________________
Іс-тәжірибе
базалары
Кредит________________семестр___________________________
Іс-тәжірибе
жетекшісі ____________________________________
1.Іс-тәжірибені
ұйымдастыру мен жүргізуді нақты бағалау_______
__________________________________________________________________________________________________________________________________
Мамандығы бойынша:
«Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі»
Жеке тапсырманың тақырыбы: Математикадан
бастауыш мектепке арналған оқу әдістемелік топтаманы
қолдануда теориясы мен тәжірибесі
Есеп беру мына Орындаған:
_________________
Бағамен
қорғалды Фи
– 05 – 13к
_______________
(баға,
күні)
Жетекші:
Жетпісбаева Г.
Комиссия
(колы) __________________
(қолы, аты
– жөні) ________
(қолы, аты
– жөні) ________
Жетекші:
Жетпісбаева Гүлжан
________________________
қолы
2.
Педагогикалық практиканың нәтижелеріне
баға беру.
Студенттердің
педагогикалық практикасының қорытындысы практика жетекшілері
мен (Педагогика, психология және әдістемелік кафедралардың
оқытушылар) және мектеп мұғалімдерімен бірлесе отырып,
жеке бағаланады. Қажет болған жағдайда студенттер
педпрактика есебін жеке әдістемелік кафедраның меңгерушісі
тағайындаған арнайы комиссия алдында есебін қорға йды.
Студенттердің
педагогикалық практикасының нәтижелеріне негізгі баға
беру өлшемдері мыналар:
-студенттердің
өз мамандығы бойынша теориялық дайындық деңгейі
-«Мұғалім-оқушылар»жүйесіндегі
педагогикалық ерекшеліктенрін білу;
-
Тұтас педагогикалық
процестің ізгілендіру жағдайына тұлғалық
бағалар негізінде оқушылардың ынтымақтастылығын
ұйымдастыра білу;
-Студенттердің
кәсіби педагогикалық бағыттылық деңгейі,
жаңа инновациялық әрекет жағдайында міндеттерді
шешуге бағыттау,әлеуметтік белсенділігі,педагогикалық
мамандыққа деген қызығушылығы, балаларды
жақсы көруі, педагогикалық практикаға қатынасы .
3. Баға
қою саясаты
Принциптері:
- Субьективтік
- Айқындығы
- Жоғары
диференциациялану
Мұнда:
1.
Жұмыстарды бағалау ережесі:
• Балл білімді
бағалау графигіне сәйкес қойылады
• 1 балл, сабақтарға белсенді
қатысқан және
сабақ
жібермеген студенттерге қосылады.
• Сабаққа
қатыспаған, өз мерзімінде жұмстарды тапсырмаған
студенттерге жоғары балл қойылмайды.
2. Практика қорытындысы бойынша есеп
құжаттарының бағасы:
Минимум 20-балл
Максимум 40-балл
1.
Педпрактика кезінде
жасалынған жұмыстар жайлы есеп
4/2
2. Жеке жұмыс жосары (есеп
кітапша) 4/2
3. Педагогикалық
күнделік
4/2
4.
Күнделікті өткізген
сабақтардың жоспары. 4/2
5. Сабақты
өздігінен талдау.(анализ)
4/2
6 Сынып жетекшісінің оқушылармен
жұмыс жоспары. 4/2
7. Өткізілген
сыныптан тыс іс- шара жоспары.(тәрбие сағаты) 4/2
8. Тәрбиелік
іс-шаралардың жоспары. 4/2
9. Психологиялық
тапсырмалар 4/2
10 Студенттің
педагогикалық жұмысы бойынша пән
мұғалімдерінің, сынып жетекшісінің мінездемесі
4/2
3. Қортынды баға:
50-74 балл – қанағаттандырарлық
75-89 балл – жақсы
90-100 балл - өте жақсы
Баға қоюдың критерийлері:
|
Әріп жүйесі бойынша
бағалау |
Балл |
Пайыздық % Мазмұны |
Дәстүрлі жүйемен бағалау |
|
А |
4,0 |
95-100 |
өте жақсы |
|
А- |
3,67 |
90-94 |
|
|
В+ |
3,33 |
85-89 |
Жақсы |
|
В |
3,0 |
80-84 |
|
|
В- |
2,67 |
75-79 |
|
|
С+ |
2,33 |
70-74 |
Қанағатанарлық |
|
С |
2,0 |
65-69 |
|
|
С- |
1,67 |
60-64 |
|
|
Д+ |
1,33 |
55-59 |
|
|
Д |
1,0 |
50-54 |
|
|
Ғ |
0 |
0-49 |
Қанағаттанарлықсыз |
|
Айлар |
|
|||
|
Күндер |
|
|
|
|
|
Апталар |
1 |
2 |
3 |
4 |
|
|
|
|
|
|
|
Max/ min |
10/5 |
15/7 |
15/8 |
20/10 |
|
Сабаққа
қатысу |
6/3 |
6/3 |
6/3 |
6/3 |
|
Сынақ сабақтар
өту |
|
3/2 |
3/2 |
3/2 |
|
Ашық
сабақтар |
|
3/1,5 |
6/3 |
6/3 |
|
Тәрбие сағаты |
|
|
|
4/2 |
|
Психологиялық
тапсырма |
|
3/0,5 |
|
|
|
Сыныптан
тыс жұмыс |
2/1 |
|
|
|
|
Көрнекілік
дайындау |
2/1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды
max балл mi n |
10/5 |
25/12 |
40/20 |
60/30 |
1. Сабаққа қатысу, қажетті
құжаттарды толтыру. 1/0,5
2. Жай және сынақ сабақтарын
өткізу
1,5/1
3. Ашық сабақ өткізу
3/1,5
4. Тәрбие жұмысын жоспарлау,
ашық тәрбие сағатын
өткізу 4/2
5.Оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме/
сабақтың психологиялық құрылымы,
оқушылардың қызығушылығы 3/0,5
6.Сыныптан тыс жұмыстар( ата-аналармен,
т.с.с) 2/1
7. Пән бойынша сабаққа
қажетті көрнекіліктер дайындау 2/1
Ұсынылатын әдебиеттер.
1. Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизация школьного
оброзования .-Алматы: Гылым, 1998.
2. Введение в
психодиагностику / Под ред К.М. Гуревич. –М., 2002г
3. Государственная программа
развития образования в республике Казахстан на 2005-2010 годы// Казахстанская правда, 16 октября,2004г.
4. Гликман И.З. Теория и
методика воспитания: Учебное пособие.-М.: «Владос пресс», 2002.
5. Гуткина А.Д. Планирование
и организация воспитательной работы в школе.- М: Центр «Педагогический поиск»,
2001г.
6. Закон Республики Казахстан.
«Об образовании. –Алматы, » 1999.
7. Зимняя И.А.
Педагогическая психология.- Ростов-на-Дону,2000.
8. Иванов И.П. Методика
коммунарского воспитания.-М., 1990.
9. Конаржевский Ю.А. Анализ
урока. –М.: Центр «Педагогический поиск»,2000.
10. Маленкова Л.И. Воспитание
в современной школе: Книга для учителя-воспитателя. –м.: Изд. Дом «Ноосфера»,
1999.
11.Практическая психология
образования /Под ред.. И.В.Дубровиной.-М., 2002.
12.Селевко Г.К.
Педагогические технологиина основе дидактического и методического
усовершенствования учебно-воспитательного процесса.-М.: Серия Энциклопедия
образовательных технологий,2005.
13.Урунтаева Г.А.
Диагностика психологических особенностей дошкольника. –М., 1999.
14.Хмель Н.Д. Теория и
технология реализации целестного педагогического процесса: Учебное пособие.-Алматы:
АГУ им Абая, 2002.
15.Черняевская А.П.
Педагогическая техника в работе учителя. –М.: Центр «Педагогический
поиск»,.2001.
16. Щуркова Н.Е. Новые
технологии воспитательного процеса.-М., 1994.