Ф 7.11-05

 

 

Мұсабеков М.Ө., Алиева К.С.

 

 

 

 

 

дипломдық жұмысты орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

 

“Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі”  кафедрасы

 

 

 

 

 

 

Әдістемелік   нұсқау

 

050102-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының студенттері үшін

дипломдық жұмысты орындауға арналған

 

 

 

 

ӘӨЖ  51:371.3

ББК  22.1:74.262

 

Құрастырушы: п.ғ.к., доцент  Мұсабеков Маулен Өмірзақұлы

                        Аға оқытушы  Алиева Күлаш Сағындыққызы

 

Дипломдық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау. -Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2008. -24 бет.

 

 

 

  Әдістемелік нұсқау мамандыққа сәйкес ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сай құрастырылған және дипломдық жұмысты орындауға байланысты барлық мәліметтерді қамтиды.

Әдістемелік нұсқау 050102-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы студенттеріне арналған.

 

Әдістемелік нұсқауда диплом жұмысын орындау реті, жұмыс тақырыбы мен оны орындау талаптары және мазмұны туралы мәліметтер берілген.

 

 

Пікір білдірушілер:    п.ғ.д., профессор Д. Рахымбек

                                   п.ғ.к., доцент    Н.К. Мадияров

 

 

Әдістемелік нұсқау «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының мәжілісінде (хаттама №__ «__» ____ 2008 ж.) және институттың әдістемелік комиссия отырысында талқыланып, баспаға ұсынылды (хаттама №__«__»______2008ж.)

 

Баспаға  М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің  әдістемелік кеңесі ұсынған,   хаттама №___«___»_______2008 ж.

 

 

 

 

 

©  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2008.

 

Жауапты Мұсабеков М.Ө.

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

1.     Кіріспе ......................................................................................         4

2.     Дипломдық жұмысты ұйымдастыру .......................................        5

3.     Дипломдық жұмыс тақырыбына қойылатын талаптар............      6

4.     Дипломдық жұмысты жазуға қойылатын талаптар.................       7

5.     Дипломдық жұмыстың мазмұны мен құрылымы ..................         9

6.     Дипломдық жұмысты рәсімдеу тәртібі ..................................        11

7.     Дипломдық жобаны қорғауға ұсыну .......................................       14

8.     Дипломдық жобаны қорғау .....................................................       15

Қосымша А. Күнтізбелік кесте нысаны .......................................       17

Қосымша Ә. Титул парағының нысаны ......................................       18

Қосымша Б. Тапсырма бланкінің нысаны .................................        19

Қосымша В. Ғылыми жетекші пікірінің нысаны .........................        21

Қосымша В. Институт директорының Мемлекеттік

аттестаттау комиссиясына дипломдық жұмысты қорғауға

жіберу жолдамасы, бітірушінің үлгерімі туралы анықтамасы

мен жұмысты кафедраның қорғауға жіберу туралы

қорытындысының нысаны ............................................................      21

Қосымша Г. Рецензияға жолдама беру нысаны .......................        23

 

 

 

 

Кіріспе

        

         Республика экономикасындағы түбірлі өзгерістер Қазақстан ғылымы алдында аса зор ауқымды міндеттер қойып отыр. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамдарда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да, білім беру жүйесінің басым міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Сонымен қатар жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектің дамыту болып табылады.

         Ұстаздық қызметте табысқа жету үшін бітіруші мамандар терең әрі кең білім алып, әдістемелік толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Сонымен қатар қызметі шығармашылық сипатта болады, әрі педагогтық қабілеттің елеулі мәні бар. Себебі мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы олардың қабілеттерінің дамуына кең жол ашады. Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі керек.

         Дипломдық жұмыс оқудың қорытынды кезеңінде орындалатын жазбаша бітіру жұмысы болып табылады және бұл  050102-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығын бітіруші студенттерге арналған ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сай келеді.

         Дипломдық жұмысты орындаудың мақсаты:

-         050102-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды жүйелендіру, бекіту мен кеңейту және оны нақты ғылыми бағыттағы мақсаттарды шешуде қолдану;

-         Бітірушілерде өзіндік жұмысты жүргізу дағдыларын дамыту, ғылыми зерттеу әдісін игеру және жасалатын проблемалар мен мәселелерді шешу кезінде тәжірибе арқылы тексеру.

Дипломдық жұмыс «дипломдық жобаны ұйымдастыру» әдістемелік нұсқаулығы (ӘН ОҚМУ 7.15 - 2008) мен «оқу-әдістемелік үрдістерді басқару» туралы университет стандарты (СТ ЮКГУ 7.11 - 2008) және ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сәйкес орындалады.

 

 

        

2  Дипломдық жұмысты ұйымдастыру

       Диплом жұмысы студенттің университетте білім алуының шешуші кезеңі болып табылады. Дипломдық  жұмысты жазудағы мақсат:

-  әлеуметтік гуманитарлық, ғылыми-жаратылыстану, жалпы кәсіпқойлық және арнаулы пәндер блоктары бойынша студенттердің өзіндік танымдық іс-әрекет нәтижелерін интеграциялап (ұштастыра біріктіру) қазіргі бастауыш мектептің кәсіпқой мұғалімі ретіндегі даярлығын қамтамасыз ету;

-  мамандыққа сәйкес теориялық  және тәжірибелік білімдерді жүйелеу, бекіту және кеңейту;

-  осы білімдерді нақты педагогикалық мәселерді шешу барысында пайдалануды қамтамасыз ету;

-  ғылыми зереттеу жұмыстарының әдістемесін меңгеру және өзіндік жұмыс дағдыларын дамыту;

-  қазіргі бастауыш мектеп тәжірибесіне студенттің дайындығын анықтау.

Студент диплом жұмысында мыналарды көрсетуі қажет:

-  зерттелетін тақырыптың көкейкестілігі және оның бастауыш мектеп педагогикасы мен бастауыш оқыту әдістемелерінің қазіргі күйіне және дамуының болашағына, факультетте орындалатын диплом жұмыссының жалпы мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келуі;

-  диплом жұмысының тақырыбы қамтитын таным ауқымына сай ғылыми педагогикалық және әдістемелік еңбектерді зерттеу және талдау;

-  зерттеліп отырған мәселенің тарихына зерттеу және оған сипаттама беру, педагогикалық озық тәжірибені жинақтау және қорытындылау, студенттің  жеке тәжірибесін дамыту;

-  зерттеу объектісіне, пәніне , әдістеріне және кезеңдеріне айқын сипаттама беру, жүргізілген педагогикалық тәжрибені талдау және жазу;

-  жұмыс нәтижелерін, қорытындыларды және тәжрибелік нұсқамаларды жинақтау.

Мектепте өтілетін пәндердің бірі бойынша оқыту әдістемесінен, бастауыш мектеп педагогикасынан университеттерде орындалған диплом жұмыстары болашақ мұғалмнің педагогикалық-кәсіби  жұмыстарын дайындауда студенттерден педагогикалық және арнайы білімдерін жетілдіру ғана емес, алдыңғы қатарлы мұғалімдер мен мектеп қызметкерлерінің тәжірибесімен таныстыру, алға қойылған мәселенің /күрделі болмаса да/ шешілу жолдары, нәтиженің практикалық іске асуы талап етіледі.

  Диплом жұмысын жазуда студент өзіндік жұмыс жүргізу мен бастама көтеру, мектеп қызметкерлерімен қарым-қатынас жасау, олардың тәжрбиелерін зерттеу, педагогикалық экспериментті дайындау, жүргізе білу, анализ жасауды меңгереді. Мұның бәрі ЖОО студентерінде   болашақ мұғалімдік қызметте қажет  болатын дағдылар қалыптасуына игі әсер етеді.

       Диплом  жұмысына жетекшілік ету үшін:

-  университеттің профессор–оқытушылар құрамы;

-  тақырып бойынша жеткілікті  тәжірибесі бар университеттің ғылыми –зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкерлері жұмылдырылады.

 

 

3   Дипломдық жұмыс тақырыбына қойылатын талаптар

Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесінен көкейкесті мәселеге диплом жұмысының тақырыбын таңдап алуда әрбір студенттің өзіндік құқы бар. Студентке диплом жұмысының тақырыбын таңдап алуда ол жұмысқа басшылық жасайтын ғылыми жетекшінің көмегі қажет. Олай болса, студенттің диплом жұмысын орындаудағы ғылыми жетекшінің басшылығы түсіндіру, консультация, нұсқама және кеңес беруден басталады. Тақырыпты студенттің өзі ұсынуы мүмкіндігінен айырмаған жөн. Бұл жағдайда ғылыми жетекшінің пікірі, кеңесі, нұсқамалық ұсыныстарының мәні арта түседі.

Дипломдық жұмыс тақырыбы бастауыш мектепте білім беру мәселеріне арналған және өзекті болуы тиіс. Дипломдық жұмыстардың тақырыптарын кафедра түзеді, институт кеңесінде қаралып, бекітіледі. Тақырып жал сайын кем дегенде 30% -ға жаңартылып отыруы тиіс. Студент дипломдық жұмыс тақырыбын бекітілген тақырыптар арасынан таңдап алады. Дипломдық жұмыс тақырыптары соңғы бітіруші курстың басында белгіленіп, университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Дипломдық жұмысқа қойылатын жалпы талаптар төмендегідей:

1.     жұмыс құрылымының нақтылығы;

2.     материалдың логикалық бірізді болуы;

3.     зерттеудің терең болуы және қамтылған сұрақты толық ашуы;

4.     мәліметтердің дәлдігі;

5.     тұжырымдаманың қысқа және дәл берілуі;

6.     жұмыс нәтижесін нақты баяндау;

7.     қорытындының дәлелдігі мен ұсыныстардың негізділігі;

8.     қатесіз безендіру.

  Педагогикалық зерттеулерде алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерттеу әдісі маңызды роль атқарады. Зерттелініп отырған саладағы мәселенің практикалық жағдайы және жұмыс тәжрибесімен барынша таныса түсу диплом тақырыптарын орындауда аса қажет.

  Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжрибені айқындау, оны талқылау бедгілі бір жүйе мен дайындықты талап етеді, сондықтан мұндай кездейсоқтыққа сенім артуға болмайды. Бәрінен бұрын алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе критерилерін білу керек. Мұның өзі қазіргі кезеңде педагог – ғалымдар тарапынан айқындалған. Олардың ең бастылары:

·   Барынша кең диапазонда кездесетін мұғалім қызметіндегі жаңашылдық: жаңа ғылыми ережелер жасаудан бастап, педагогика ғылымдарының белгілі жетістіктерін нәтижелі қолдануға дейін және оқу-тәрбие үрдісінің жеке тұстарын үндемеу;

·       Жоғары нәтижелік пен эффектілік (білімнің сапасы, тәрбиелік деңгейі мен дамуы);

·       Педагогика мен әдістемелік ғылымның қазіргі жетістіктеріне сәйкес болу;

·       Бірқалыптылық, яғни жағдайдың біршама өзгеруіне қатыссыз жақсы нәтижелердің тұрақтылығы;

·       Қол жеткізген тәжрибені басқа мұғалімдердің шығармашылық қолдануы.  

·       Бүкіл педагогикалық үрдісте тәжрибенің сенімділігі.  

Сонымен диплом жұмыстарында кең қолданылатын педагогикалық тәжірибе олардың мазмұнын байыта түседі.          

Диплом жұмысын бүкіл оқу мерзімінде студенттің таңдап алынған тақырыпта орындалған курстық жұмыстарының тұтастығы деп қарауға болды.

Кафедрада диплом жұмысының орындалуы төмендегідей мәселелерді қамтиды:

-педагогика және әдістемелік ғылымдардың дамуының көкейкесті мәселелерін есепке ала отырып диплом жұмыстарының тақырыптарын құру;

-  курстық және дипломдық жұмыстарды орындау әдістемелерінің ұласымдылығы.

Диплом жұмысының тақырыбын алғаннан соң студент кафедра меңгерушісінің атына оны жазу туралы өтініш жасайды.

 

4   Дипломдық жұмысты жазуға қойылатын талаптар

Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшілері ретінде осы ЖОО профессорлары, доценттері, тәжірибелі оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері және басқа ұйымдардың бітірушінің мамандық саласына зерттеулері мен ғылыми басылымдары сәйкес келетін жоғары дәрежелі мамандары тағайындалады.

Студент диплом жұмысын орындау жөнінде ғылыми жетекшісінен тапсырма алысымен тақырыппен жұмыс істеуге кіріседі. Тапсырмадағы қарастырылған мәселелерге сәйкес алдын-ала әдебиеттермен танысу және талдау негізінде диплом жұмысын орындаушы зерттеу мақсатқа жетудегі іс-әрекет мазмұнының мәнін ашады. Календарлық жоспар жұмыстың жеке кезеңдерінің тізбектестігі, реттілігі және орындалу мерзімін белгілейді. Жоспардағы жұмыс мерзімдерін студенттің өзі белгілеп, қажет жағдайда жетекшінің көмегімен түзетулер ендіріледі. Диплом жұмысын орындауға дейінгі жасалған  календарлық жоспарға түзетулер ендірілуі мүмкін, бірақ ол түзетулер ауқымы диплом жұмысын орындауға берілген мерзімді бұзуға болмайды.  

Ғылыми жетекші дипломдық жұмысты орындау үшін студентке тапсырма береді, күнтізбелік кесте түзуге көмектеседі. Тақырыпқа қажетті негізгі әдебиеттерді ұсынып күнтізбелік кесте бойынша дипломдық жұмыстың орындалуын кеңес беру кестесіне сәйкес қадағалап отырады. Сондай-ақ дипломдық жұмыстың барлық тарауларының көлемін белгілейді.

Күнтізбелік кесте нысаны А қосымшасындағыдай көрсетіледі.

Жетекшінің тапсырмасын алғаннан кейін студент диплом тақырыбына орай жұмысқа кіріседі. Диплом жазушы жұмыстың мақсаты мен міндетін анықтайды. Кез келген зерттеудің мақсаты - қойылған мәселе шешімінің басты бағытын белгілейді ал  міндетінде бұл мақсат нақтылана түседі.

  Мақсаты мен міндеті диплом жұмысын орындауда дұрыс бағдар береді, өйткені зерттеудің нәтижелі болуына жеткізетін басты фактор –дұрыс бағытта іздену.

  Күнтізбе жоспары логикалық реттілікті, кезектілікті және тапсырма талаптарына сәйкес жұмыстың жеке орындалу кезеңдерін белгілейді. Бұл мерзімдерді нақты жағдайларды, мүмкіншіліктерін ескере отырып студенттің өзі белгілейді.

  Күнтізбе жоспардан басқа студент диплом жұмысы мазмұнын аша түсетін  және оның мазмұның реттілігін айқындайтын жоспар түзуі тиіс. Оны диплом жұмысының жоспары деп атайды. Диплом жұмысы жоспары күнтізбе  жоспары сияқты тақырыппен жұмыс бастар алдында әдебиеттер іздестірумен қатар бірінші кезеңде түзіледі.

  Дипломдық жұмыс үкіметтің заңдары мен өкімдерін, әдістемелік және нормативтік материалдарды, арнайы, отандық және шетел әдебиеттеріне терең талдау жүргізу негізінде орындалады.

  Диплом тақырыбымен жұмыс істеу қажетті әдебиеттерді жинақтау мен танысудан басталады. Диплом жұмысы тақырыптан мамандық бойынша терең зерттеу нәтижесінде /оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, мерзімді баспасөз т.б,/ орындалады. Диплом жұмысы тақырыбы бойынша библиографияны құрастыруда студент кітапханалардағы жүйелі каталогтар, алфавиттік және пәндік каталогтар, сондай-ақ түрлі библиографиялық – анықтамалық басылымдарды пайдаланады. Мерзімді баспасөзді таңбауда әр жылдың соңында журналдың соңғы нөміріндегі мақалалар көрсеткішімен танысады.

  Бірінші кезекте тақырыпқа байланысты үкімет пен министрліктің және диплом жұмысын  орындауда методологиялық негізді қамтитын басқалай құжаттар таңдалынады. Кейіннен арнаулы зерттеулер нәтижелері көрініс алған материалдар айқындалады, монографиялық әдебиеттер мен мерзімді баспасөз басылымдарында /мақалалар жинағы, ғылыми конференциялар материалдары, журнал мен газет мақалалары/ жарық көрген зерттелінуші мәселенің теориялық негіздері мазмұндалады, мұрағат материалдары пайдаланылады.  

Бастауыш сынып мұғалімі біліктілігі Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (МАК) шешімімен студенттің кәсіптік қызметке дайындық дәрежесін айқындау арқылы беріледі.

Осы тұрғыдан алғанда диплом жұмысы студенттің аяқталған, өз бетінше дайындалған шығармашылық жұмысының нәтижесі және мемлекттік стандарт талабына сай деп қарауға болады.

        Студент дипломдық жұмыстың толық құқықты авторы. Ол жұмыстың мазмұнына, ондағы жаңашылдық пен негіздемелерге, қорытынды мен жұмыстың әрбір бөлімінің негізделуіне толығымен жауап береді.

 Оқу пәндерін оқыту әдістемесі бойынша диплом жұмыстарын табысты орындап шығу үшін оқу-тәрбие жұмыстары бойынша студенттердің педагогикалық іс-тәжірибелерін мақсатты түрде ұйымдастыру үлкен мәнге ие. Өйткені осы практика үстінде студенттер өзінің педагогикалық қызметінің алғашқы қадамын бастайды, бақылау мен салыстыруды үйренеді және зерттеу сипатындағы эксерименттер өткізеді. Мұның бәрі диплом жұмысын орындау үшін өте қажет.

  Сондықтан ереже талабы бойынша жұмыс тақырыбы оқу-тәрбие бойынша екінші практика басталғанға дейін орындаушыға мәлім болуы тиіс. Егер жұмыс тақырыбы бітіруші курстың бірінші оқу-тәрбие практикасына дейін белгілі болса, тіптен жақсы.

  Қажет болған жағдайда жұмыстың жекелеген бөлімдері бойынша, кафедраның шешімімен кеңесшілер бекітілуі мүмкін. Олар университеттің профессор – оқытушылар құрамынан немесе ғылыми-техникалық қызметкерлер болуы мүмкін.

 

5   Дипломдық жұмыстың мазмұны мен құрылымы

        Дипломдық жұмыс бітіруші курс студентінің өз бетінше дайындаған ғылыми жобасы болып табылады. Дипломдық жұмыстың көлемі 60-90 бетті құрайды. Көрсетілген көлемге қосымшалар кірмейді.

       Дипломдық жұмыс төмендегідей құрылымнан тұрады:

-         титул парағы;

-         дипломдық жұмысты орындау үшін тапсырма;

-         мазмұны;

-         кіріспе;

-         негізгі бөлім;

-         қорытынды;

-         пайдаланылған әдебиеттер  тізімі;

-         қосымшалар;

Дипломдық жұмыстың титул парағы Ә қосымшасына сәйкес А4 форматты қағазында орындалады.

Титул парағы дипломдық жұмыстың бірінші беті және құжаттарды өңдеу мен іздеуге қажетті ақпараттар көзі болып табылады.

Титул парағында мынадай мәліметтер беріледі: дипломдық жұмыс орындалған ұйым атауы; жұмыс түрі – дипломдық жұмыс; «тақырыбы» деп көрсетілген дипломдық жұмыстың атауы; мамандықтың шифрі мен атауы; студенттің тегі, аты-жөні көрсетіледі; ғылыми жетекшісінің тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы; қала, жылы.

Дипломдық жұмыстың тапсырма нысаны Б қосымшасында берілген.

Дипломдық жұмыстың тапсырмасы материал көздерін, студенттің жасаған мәселелер тізімін, пайдаланылған әдебиеттер тізімін, жұмысты жазуға арналған күнтізбелік кестеден тұрады.

Дипломдық жұмыс тапсырмасын жұмыстың біткен мерзімін көрсете отырып, кафедра меңгерушісі бекітеді. Ол дипломға нөмірленбей тігіледі.

Дипломдық жұмыстың мазмұнына кіріспе, нөмір реті және барлық тараулардың, бөлімдердің атаулары, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, бет нөмірі көрсетілген қосымшалар атаулары кіреді.

Кіріспе дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін, ғылыми жаңалық және жаңалықтардың жағдайын, практикалық қажеттілігін, сонымен қатар дипломдық зерттеудің мақсаты, міндеті мен объекті, дипломдық жұмыстың  теориялық және әдістемелік негіздерін айқындауы тиіс.

Кіріспеде талаптар жазылмайды. Кіріспе нөмірленбейді және бөлек парақта жазылады.

Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың мазмұны, әдісі және негізгі нәтижелері туралы мәліметтер келтіріледі және 2 немесе 3 тараудан тұрады.

Тармақтарға бөлінген екі немесе, үш тараудан тұратын диплом жұмысының негізгі бөлігінде зерттеліп отыратын мәселенің теориялық негізі мен қысқаша тарихы, студенттің жүргізілген байқаулары мен педагогикалық тәжрибе жұмыстарының сипаттамасы, қол жеткен нәтижелер, жиналған   материалдардың жан-жақты және әділ пайдалануы, жалпы қорытындылануы баяндалды.

Негізгі бөлімнің құрамына мыналар кіреді: заңнамалық құжаттар, оқу және ғылыми әдебиеттер, мерзімді басылымдары оқу мен проблеманың негізін анықтау, мағынасын ұғыну; мәселені шешу әдістерін таңдау; теориялық және экспериментальды зерттеулер, зерттеу әдістері мен олардың сипаттамалары; алынған нәтижелердің дұрыстығын бағалау.

Қорытындыға зерттеу нәтижелері бойынша қысқаша тұжырымдама, алға қойылған мәселелер шешімінің толықтығын бағалау және зерттеу объектісін оқып-үйрену бойынша нақты ұсыныстар кіреді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптарға сәйкес рәсімделеді.

Қосымшаға негізгі бөлімде айқындалмаған зерттеу мәселелеріне қатысты материалдар кіреді.

Диплом жұмысын ең алдымен «лас» варианта орындау ұсынылады.Оны жазуда кейбір жалпы талаптар орындалу керек,өйкені ол жұмыстың орындалу кезеңін жеңілдете түседі.

  Мұндай талаптардың ең бастылары:

-  диплом жұмысының «лас» варианты жеке жазу қағаздарында парақтың бір бетіне ғана сиямен түсінікті етіп жаз керек. Бұл талапты орындамау автордың мәтінге қосымша енгізуіне қиындық туғызады, өйткені қосымшалар жазба жолда,парақтың екінші бетінде жұмыс жетекшісінің ескертпелері мен ұсыныстар жазылады.

-  Жұмыстың «лас» вариантын орындауда оны белгіленген жоспармен тарау бойынша жүргізген жөн.

-  Диплом жұмысының «лас» вариантын таза вариантты бастағанға дейін жүргізе беру керек, оның барлық тарауларындағы мазмұны мен көлеміне өңдеп, қосымша жазбалар мен материалдар енгізге болады.

-  Диплом жұмысы көлемді болу үшін тек мәтін түрінде ғана беруге болмайды. Материалды мазмұнына қарай тақырыптарға бөлу керек. Диплом жұмысын бөлшектеудегі кең таралғаны – оны тараулар мен тараушаларға орындалу жоспарына байланысты бөлу.

 

 

6  Дипломдық жұмысты рәсімдеу тәртібі

         Дипломдық жұмыс  А4 форматы ақ парақтың бір бетінде 1 интервал аралығымен, кәдімгі кегль 14 шрифтімен компьютерде теріліп, принтерде шығарылады.

         Жұмыс логикалық бірізді, сауатты,әдеби тілмен жазылуы керек. Дипломдық жұмыстың мәтіні парақтың сол жағынан –30 мм, үстінен – 20 мм, оң жағынан –10 мм және төменнен –20 мм қалдырылып басылады.

         Кейбір формула, теорема, анықтамалырға назар аударту үшін әртүрлі гарнитура шрифтерін қолдана отырып, компьютердің мүмкіншілігін пайдалануға рұқсат етіледі.

         Дипломдық жұмысты дайындау барысында анықталған қателер, жаңылыс жазбалар мен сызбаларда кеткен қателіктерді ақ түсті бояумен өшіру, тазалау, дәл үстініе (қара сиямен немесе қара тушьпен) машина жазбасымен немесе қолмен жазу арқылы жөндеуге рұқсат етіледі.

Жұмысты бөлімдер мен бөліктерге бөлу керек. Әрбір бөлімдер мен бөліктердің ақпараттары нақты аяқталған болуы тиіс. Олардың атаулары тарау мен бөлімдердің мазмұнын айқындайтындай, қысқаша тұжырымдалған болуы керек.

Тараулар мен бөлімдердің атаулары бас әріппен, абзацтан басталып, соңына нүкте қойылмайды.

Дипломдық жұмыс беттері араб сандарымен нөмірленеді. Беттің нөмірі парақтың төменгі жағының қақ ортасына нүктесіз жазылады.

Титул парағы беттердің жалпы нөмірленуіне кіреді, бірақ титул парағының бетіне нөмір қойылмайды.

Дипломдық жұмыс тараулары бүкіл құжат бойынша рет санымен, нүктесіз, араб әріптерімен, абзац арқылы жазылуы тиіс. Тарау бөлімдері әр тарау бойынша нөмірленеді. Бөлім нөмірі тарау мен бөлім нөмірінен. Нүкте қою арқылы ажыратылып жазылады. Бөлім нөмірінің соңында нүкте қойылмайды. Тараулар екі және одан да көп бөлімдерден тұрады.

 

Мысалы

         1    Өлшем бірліктер туралы

         1.1  Бастауыш мектепте өтілетін математикалық бірліктер

        1.2  Математикада қолданылатын өлшем бірліктердің қазақша

               атаулары

         2     Қазақша өлшем бірлік атауларын сабақта қолдану әдістемесі

2.1  Математиканы оқыту әдістемесі және оның мазмұны

2.2. Халық өлшемдері және олардың қолданылуы

2.3. Математикалық өлшем бірліктердің қазақша атауларын сабақта 

      қолдану әдістемесі

 

         Дипломдық жұмыстың әр тарауын жаңа парақтан бастау керек. Тарау ішіндегі бөлімдердің арасы бір бірімен мәтіннен екі қатар шегеріліп бөлінеді. Жұмыстағы схемалар, графиктер, сызулар айтылған мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналасады.

         Егер сурет болса, онда «сурет» деген сөз және оның атауы қатардың дәл ортасына, суреттің төменгі жағында орналасады.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет 1. Анықталатын ұғым мен тектік үғым арасындағы қатыс

 

         Көрсеткіштердің көрнекілігі мен ыңғайлығы үшін кестелер қолданылады. Кестенің атауы мазмұнының нақты және қысқаша болуын айқындайды. Кестенің атауы жаңа абзацтан, «1 кесте» деген сөзден кейін жазылады.

         Кесте міндетті түрде мәтіннен кейін тұрады. Жұмыста барлық кестелерге сілтемелер болуы тиіс. Сілтемеде «кесте» нөмірі көрсетіледі.

        

Мысалы:

 

         3 кесте

Мектеп курсының бастауыш сыныбындағы есептер санына талдау

 

 

Сынып

Барлық есептің саны

Шамаларға байланысты есептер

Қазақша атауларға байланысты есептер

1

 

339

43

-

2

726

135

9

 

3

1080

167

12

 

4

1284

550

8

 

 

  Кестенің бірнеше қатарын келесі бетке (параққа) ауыстыруға болады. Мұндай кезде «кесте» сөзі мен оның нөмірі кестенің алдында сол жағында бір рет жазылады да, келесі беттерде «жалғасы» деген сөз жазылып, кестенің нөмірі қойылады. Мысалы «1 кестенің жалғасы».

Формулалар мен теңдеулерді мәтіннен бөлек қатарға жазады. Әр формула мен теңдеудің үсіңгі және төменгі жағынан кем дегенде бір бос қатар қалдыру керек. Егер теңдеу бір қатарға сыймаса, онда теңдік (=) немесе(+), (-), (×), (÷) және басқа да математикалық белгілерден кейін, келесі қатарға бөліп жазылады. Келесі қатарда белгіні қайталдап жазады.

Дипломдық жұмыста формулаларды реттік нөмірімен араб сандарымен жақша ішінде оң жағындағы шетке орналасады.

Мысалы:

А=а÷в                                                                                    (1)

В=с+д                                                                                    (2)

Сілтемелер мәтіндегі формулалардың реттік нөмірімен жақша ішіне жазылады.

Қолданылған әдебиеттер көздеріне сілтемелер тік жақшамен белгіленеді. Қолданылған әдебиеттер туралы мәліметтер дипломдық жұмыстың мәтініндегі ретімен, араб сандарымен арасына нүкте қойылмай жаңа абзацтан басталады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі студенттің диплом жұмысын жазу барысындағы пайдаланған ғылыми –тәжірибелік  хабар көздері болып табылады. Бұл тізім жалпы нөмірленіп, кездесу немесе алфавиттік ретпен орналастырылады.

 Мысалы:

 

                 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.     Ә. Бидосов.  Математиканы оқытудың методикасы. -Алматы: Мектеп, 1989. -254бет

2.     М.Ыбышева. Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту  //Информатика. Физика. Математика – 2001, №4, 56-58беттер

3.     С.Қарабаев. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу маңызы  //Бастауыш мектеп -2006, №1, 22-24беттер

Дипломдық жұмыста қосымшалар жұмыстың жалғасы ретінде парақтарда жалғасады. Жұмыстың мәтініндегі барлық қосымшаларға сілтемелер жасалады.

 

 

7  Дипломдық жобаны қорғауға ұсыну

Дипломдық жұмыс бітіруші кафедраға қорғау үрдісінен өтуге ұсынылады. Ол кафедраның ашық мәжілісінде студенттердің  және ғылыми жетекшісінің қатысуымен өтеді.

Дипломды қорғау кафедра мәжілісінің хаттамасымен рәсімделеді. Қорғау ойдағыдай өткен және белгіленген талаптарға сай рәсімделіп, толық аяқталған жағдайда жұмысқа студенттің, ғылыми кеңесшілердің қолдары қойылып ғылыми жетекшіге ұсынылады. Ғылыми жетекші дипломдық жұмысқа жазбаша пікір жазады. Жұмыс құпталған жағдайда ғылыми жетекші қол қойып, өзі жазған және қорғауға ұсынған пікірімен кафедра меңгерушісіне ұсынады.

Ғылыми жетекші пікірінің нысаны  В қосымшада көрсетілген.

Дипломдық жұмыс жарамайды деген жағдайда ғылыми жетекші қол қоймайды, бірақ дипломдық жұмысты қорғауға жібермеу туралы жазбаша түрде негізді шешім жазылған пікір жазады.

Осы материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі дипломдық жұмыс туралы  шешімді титул парағына жазады.

Егер кафедра меңгерушісі студентті қорғауға жібермеу туралы шешім қабылдаса, онда ол мәселе міндетті түрде студенттің және ғылыми жетекшісінің қатысуымен кафедра мәжілісінде қаралады. Кафедраның мәжіліс хаттамасы университет ректорына бекітуге ұсынылады.

Дипломдық жұмысты қорғауға жіберілетін студенттер тізімі туралы институт директоры өкім шығарып, қорытынды аттестаттаудан екі апта бұрын МАК-ға ұсынады.

Бітіруші кафедрамен қорғауға жіберілген дипломдық жұмыс институт директорымен пікірге жіберіледі.

Дипломдық жұмысқа рецензияны біліктілігі қорғалатын жұмыс саласына сай келетін сыртқы мамандар ғана бере алады. Рецензент ретінде басқа жоғарғы оқу орындарының профессор, доцент және оқытушылары тартуға болады.

Дипломдық жұмысқа рецензент дипломдық зертеу тақырыбының өзектілігі, жаңалығы мен практикалық мәнін айқындайтын, тақырыптың мамандық дайындау саласы бойынша, академиялық дәрежесі немесе біліктілікке сай келетіндігі, атқарылған зерттеулердің қортындылары мен ұсынымдары, проблемаларды шешу дәрежесі мен зертеулердің аяқталғандығы туралы жазбаша түрде рецензия ұсынады.

       Рецензияға жолдама беру нысаны Г қосымшасында көрсетілген.

Рецензияда баллды-рейтингтік жүйе бойынша бағалау және академиялық дәреже   мен біліктіліктің  сәйкестік мүмкіншіліктері көрсетіген өзекті қорытынды  беріледі.

Ғылыми жетекшісімен қорғауға жіберілген, бірақ рецензентпен F -  «қанағаттанарлықсыз» бағаланған дипломдық жұмыс  жалпы жағдайда қорғалады.

Рецензиямен институт директоры кафедра меңгерушісі мен диплом шыққан студентті қорғауға шығардан 1 күн бұрын таныстырып, пікір мен рецензиясымен, дипломдық жұмысты Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына қорғауға жібереді.

Дипломдық жұмысты  студент қалауынша қазақ немесе орыс тілінде қорғай алады. Кафедраның ұсынуымен студент дипломдық жұмысының қосымша қысқаша мазмұнын шет тілдердің бірінде ұсынуға болады, ол туралы қорғау кезінде айтылады, сол тілде сұрақтар қоюға болады.

Рецензияны рецензент арнайы бланкке жазады (Г қосымшасының жалғасы).

 

8   Дипломдық жобаны қорғау

         Дипломдық жұмысты қорғау тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2008 жылдың 18 наурызындағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесімен» жүргізіледі.

         Білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жүргізуді бастамастан бұрын МАК-на төмендегі құжаттар ұсынылады:

-         кафедра меңгерушісінің қолы қойылған дипломдық жұмыс;

-         студенттердің жеке оқу жоспарының орындалуы, барлық пәндерден алған бағалары, олардың көлемдері, өткізілген курстық жұмыстары және іс-тәжірибе түрлері бойынша институт директорының анықтамасы (В қосымшасы);

-         дипломдық жұмыс ғылыми жетекшісінің «қорғауға жіберіледі» немесе «қорғауға жіберілмейді» деген негізді қорытынды пікірі (В қосымшасы);

-         өндіріс немесе басқа жоғарғы оқу орны маманының дипломдық жобаны қорғауға жіберуге жан-жақты негізделген («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз») бағалары көрсетілген рецензиясы мен мамандыққа сәйкес біліктілік немесе «бакалавр» академиялық дәрежесі тағайындалу мүмкіншілігі;

-         студенттің транскипті (сынақ кітапшасы);

МАК – ға тағы басқа ғылыми және практикалық құндылығы бар

материалдар, ресми емес пікірлер.

         Дипломдық жұмысты қорғау мемлекеттік аттестаттау комиссиясының ашық мәжілісінде мүшелерінің кем дегенде жартысының қатысуымен өткізіледі.

         Дипломдық жұмысты  қорғау көпшілік алдында, студенттер мен бітіруші кафедра оқушыларының қатысуымен өтеді. Қорғауға сонымен қатар ғылыми жетекші, рецензент, дипломдық зерттеулер өткен база ұйымының өкілдері және басқа да қатысты адамдар шақырылуы мүмкін.

         Студенттің дирломдық жұмысты қорғау уақыты 50 минуттан аспауы керек.

         Қорғау басталарда МАК хатшысы студенттің жеке оқу жоспарының орындалуы туралы директордың анықтамасын оқиды.

         Дипломдық жұмысты қорғау үшін студент Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы мен қатысушылардың алдында 15 минут баяндайды. Студенттің баяндауы көрнекті плакаттармен немесе слайдтармен интерактивті режимде жалғасады.

         Өзінің сөйлеуінде студент келесілерді көрсету тиіс:

-         тақырыптың өзектілігін;

-         жұмыс базасындағы теориялық және әдістемелік ережелер;

-         жүргізілген зерттеулер нәтижелері;

-         проблемаларды шешу бойынша ұсыныстар мен нақты қорытындылар. 

Дипломдық жұмысты талқылауда қатысушылардың барлығы да сұрақ қоя алады және сөз сөйлей алады. Талқылаудан кейін комиссия хатшысы пікір мен рецензияны оқиды. Жұмысты қорғау нәтижесі бойынша баллды-рейтингтік жүйеде бағаланады. Мұнда бітірушінің теориялық, ғылыми және практикалық дайындығының деңгейі, ғылыми жетекші мен рецензенттің пікірлері назарға алынады.

Дипломдық жұмысты қорғау бағасы туралы, сонымен қатар біліктіліктің берілуі және мемлекеттік үлгідегі диплом берілу туралы шешімдер МАК жабық мәжілісінде ашық дауыс беру арқылы, мәжіліске қатысқан комиссия мүшелерінің  жай көп дауыс беруімен шешіледі. Дипломды қорғау нәтижесі әр студентке жеке мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мәжіліс хаттамасымен рәсімделеді және сол күні хабарланады.  

  

 

 

 

Қосымша А

(ұсынылған)

Күнтізбелік кесте нысаны

 

 

                                                                                                      Ф.7.15-05

 

Дипломдық жұмысты орындау

 

КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ

 

№ р/с

Бөлімдер

Орындалуы %

Орындалу мерзімі

Тапсырма берілген күн

Тапсырманы орындау күні

Кеңесшінің қолы

1

Кіріспе

5

15.10.08

 

 

 

 

2

Жұмыстың теориялық бөлімі

30

14.01.09

 

 

 

3

Жұмыстың әдістемелік бөлімі

60

13.05.09

 

 

 

4

Қорытынды

3

25.05.09

 

 

 

5

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

2

30.05.09

 

 

 

 

Барлығы

100

 

 

 

 

 

 

Жұмыстың  ғылыми жетекшісі________________________

                                                                                            (қолы, күні)

 

Бітіруші түлек  ______________________________

(қолы, күні)

 

 

 

 

 

 

Қосымша Ә

(ұсынылған)

Дипломдық жұмыстың титул парағының нысаны

 

 

 

        Ф.7.15-07

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

______________________________________________________________________институт

______________________________________________________________________кафедрасы

                              

                                                                                                                                             Бекітемін

                                                                                                                                             Каф. меңгерушісі__________                                                                                                                                                    (ғылыми дәрежесі Т.А.Ә)

«___»__________200__ж.

 

 

Дипломдық жұмыс

 

 

Тақырыбы_____________________________________________________

______________________________________________________________

 

Кеңесшілер                                                         жобаның ғылыми жеткешісі

___________________                                               ________________________

Ғылыми дәрежесі, атағы Т.А.Ә                                                                    Ғылыми дәрежесі, атағы Т.А.Ә

 

_________________                                         ________________     

Күні  қолы                                                                                                                   Күні  қолы

                                                                          

__________________                                       Тасырманы орындауға алған студент

Ғылыми дәрежесі, атағы Т.А.Ә                                         _________________________

                                                                                     Т.А.Ә қолы

_________________                                                  

Күні  қолы           

 

 

 

Шымкент 200

Қосымша Б

(міндетті)

Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма бланкінің нысаны

 

 

     Ф.7.15-08

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

 

 

 

______________________________________________________________________институт

(институттың атауы)

______________________________________________________________________кафедрасы

                              

            Мамандығы __________________________________________________________

(мамандықтың аталуы мен шифрі)

                                                                                                                            

               

«БЕКІТЕМІН»

                                                                                                                                             Каф. меңгерушісі_

______________________                           (кафедраның атауы)

______________________                          (кафедра меңгерушісініңА.Т.Ә)                                                                                   

 «___»__________200__ж.

 

 

 

 

Дипломдық жұмысты  орындауға

ТАПСЫРМА №____

 

Студент___________________________________________________________

(Т.А.Ә.)    ( тобының)

Жұмыстың  тақырыбы______________________________________

Университет бойынша ________ж. №______________бұйрығымен бекітілген

Жұмысты аяқтау мерзімі_____________________________________

Жұмысты  орындауға берілген мәліметтер______________________

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша Б –ның жалғасы

 

 

Жеке тапсырма _____________________________________________________

_________________________________________________________________

 

 

 ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ

 

 

№Р/С

Бөлімдері

Орындалу мерзімі

Кеңесші

1

2

3

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырманың берілген күні__________________200__ж

 

Дипломдық жұмыстың  ғылыми жетекшісі_____________________

 (қолы)  (А.Т.Ә)

 

Тапсырманы орындауға алған студент_________________________________

(қолы)  (А.Т.Ә)

 

 

 

 

 

 

Қосымша В

(міндетті)

 

Институт  директорының Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының дипломдық жұмысты қорғауға жіберу жолдамасы, бітірушінің үлгерімі туралы анықтамасы, жобаның ғылыми жетекшісінің пікірі мен кафедраның қорғауға жіберу туралы қорытындысының  нысаны

 

 

Ф. 7.15-09

 

                    № ______мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасына

 

______________________________________________________институтының __________________________________________________________________

(ЖОО атауы)

студенті___________________________________________________________

(тегі аты-жөні)

 

(тақырыптың атауы)

__________________________________________________________________ дипломдық жұмысты қорғауға жіберіледі

 

Сынақ-емтихан тізбелерінің көшірмесі, үлгерімі туралы анықтама, дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісінің пікірі, кафедраның қорытындысы мен рецензия қосымша беріліп отыр.

 

Институт директоры_______________________

 

 

 

ҮЛГЕРІМІ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

(тегі аты-жөні)

_________________________________________________________оқу кезінде

(ЖОО атауы)

200___ж 200 ____ж дейін жеке оқу жоспары бойынша төмендегідей:

үздік ________%, жақсы________ %, қанағаттанарлық_______________%

бағаларға орындаған.

           Орташа баллы_________

 

       Институт хатшысы_______________________

 

 

 

 

 

Қосымша В –ның жалғасы

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІНІҢ

ПІКІРІ

Студент________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

 

Ғылыми жетекшісі____________________

«___»__________200__ж.

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС ТУРАЛЫ КАФЕДРАНЫҢ

 КОРЫТЫНДЫСЫ

 

Дипломдық  жұмыс  қаралды және студент_______________________

__________________________________________________________________

Дипломдық жұмысы мемлекеттік аттестаттау комиссиясына қорғауға жіберілсін.

 

Кафедра меңгерушісі____________________________________________

 

«___»__________200__ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша Г

(міндетті)

рецензияға жіберу жолдамасының нысаны

 

 

Ф. 7.15-09

ҚАЗАҚСТАН    РЕСПУБЛИКАСЬІНЫҢ   БІЛІМ   ЖӘНЕ    ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІП

М.   ӘУЕЗОВ   атындағы   ОҢТҮСТІК   ҚАЗАҚСТАН   МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

______________________________________________________ИНСТИТУТЫ

______________________________________________________кафедрасы

______________________________________________________мамандығы

 

 

______________________________________________________мырзаға

Сізге рецензияға бітіруші_______________________________________

азаматтың  дипломдық  жұмысы  жіберіледі.

Рецензияда төмендегілерді көрсетуіңізді сұранамыз:

1. дипломдық жобапың (жұмыстың) бағдарламалық талаптара және

    тапсырмага сәйкестігі;

2.  студене-бітіруші   ұсынғап   шешімде.рдің   тсхниканың,   гылымның,   мәдениеттің қазіргі заманғы даму деңгейіне сәйкестік дәрежесі;

3. бітірушінің   теориялық   және   пракатикалық  білімінің   және   оның нақты    ғылыми,    техникалық,    экономикалық    және    өндірістік тапсырмаларды,      зкология,      еңбекті      ұйымдастыру,      іехника қауіпсіздігі сұрақтарын шеше алатын қабілеттілігіиін деңгейі;

4.  студенттің  қазіргі заманғы жағдайда өзіндік жұмыс істей алу дайындыгынын дәрежесі;

5.  жұмыстың ерекше тереңдік сәті мен шынайылыгы, ЭЕМ қолдану;

6.     жалпы сауатылығы және түсіндірме жазбаны жасау сапасы, графикалық жұмыстардың сапасы;

7.  отандык және шетелдік әдебиетгерді қолдану деңгейі;

8.  табылған қателердің ішінен жауапты, түсіндіруді немесе қорғауды талап ететіндерін ажыратып керсету;

9.      өз ойын қарапайым және сауатты түрде жеткізе білу көзқарасы   бойынша, қажетгі есептеулерді маман ретінде орындай алатын студенттің   дайындық деңгейі, яғни бітірушіге жалпы біліктілік багасын беру;

10. жұмыс элементтерін өндірісте қолдану мүмкіншілігі немесе зерттеу      нәтижелерін ғылыми басылымда жариялаудың тиімділігі;

11. жұмыстың жалпы нақты бағасын көрсету;

 

 

 

 

Қосымша Г-ның жалғасы

 

 

Рецензия беруді _________________________уақыттан кешіктірмеуді сұраймыз

 

ИНСТИТУТ ДИРЕКТОРЫ_________________________________________

«___»__________200__ж.

 

 

Бітіруші ___________________________дипломдық жұмысына

 

РЕЦЕНЗИЯ

Жұмыстың тақырыбы___________________________________________

___________________________________________________________________

Рецензияның мазмұны__________________________________________

 

 

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Рецензия білдірушінің аты жөні________________________________________

 

Ғылыми атағы________________________________________________________

 

Ғылыми дәрежесі_____________________________________________________

 

Жұмыс орны_________________________________________________________

 

Қызметі_____________________________________________________________

Қолы _______________________________________________________________

 

 

 

Баспаға жіберуге  _______  қол қойылды

Қағаздың форматы XY 1/6

Шартты баспа табағы 1,6

Тираж_____ дана

 

 

 

 

© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

 

М.Әуезов атындағы ОҚМУ баспа орталығы, Шымкент қаласы, Тауке хан даңғылы, 5