ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

 

 

 

Жоғары кәсіптік білім

 

 

БАКАЛАВРИАТ

 

 

050102 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

мамандығы

 

 

 

МАЗМҰНЫ

1.   Қазіргі қазақ тілі

2.   Математиканың бастауыш курсының негіздері

3.   Балалар әдебиеті

4.   Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы

5.   Мемлекеттік емтихан

6.   Бастауыш мектепте сабақ өткізіп көру практикасы

7.   Өндірістік практика

8. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы

9. Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы

10. Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы

11 Бастауыш мектепте информатиканы оқыту теориясы мен технологиясы

 

 

 

 

Қазіргі қазақ тілі

 

050102 — "Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы үшін

 

3 кредит

 

 

 

АЛҒЫСӨЗ

 

1. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Білім» тобыңдағы мамандықтар бойынша Оқу-әдістемелік секциясы ЖАСАҒАН және ҰСЫНҒАН

 

2. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 22.06.2006ж., Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысынын Хаттама шешімшен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА рұқсат етілген.

 

3.  «Қазіргі қазақ тілі» типтік оқу бағдарламасы ҚР-ның Білім және Ғылым  Министрлігінің № 289 11.05.2005ж. бұйырығына сәйкес шыққан бағдарламаның орнына енгізілген.

 

4.  Типтік оқу бағдардамасы 050102 — Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес дайындалған.

 

5. Бағдарламаны Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінін психолоғия-педагогика факультетінің кеңесі ұсынған.

Типтік бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым мииистрлігінің рұқсатынеыз көбейтілмейді және таратылмайды.

 

 

Типтік бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рұқсатынсыз көбейтілмейді және тартылмайды.

 

 

 

 

ТҮСІНІКТЕМЕ

 

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында "Білім беру- бұл тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі. Білім берудегі мақсат- қоғам мүшелерінің жоғарғы деңгейдегі адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени және тұлғалық дамуына әрі кәсіптік құзырлығына қол жеткізу болып саналады," - деп көрсетілген. Заңда бекітілген осы мақсат жоғары оқу орындарында нақты пәндерді оқыту барысында жүзеге асырылуы тиіс.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы білім стандартында" жоғары кәсіптік білім беруге ерекше назар аударылған. Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауға қойылатын талаптар күрделі де сан-салалы болып отыр. Себебі бастауыш сынып мұғалімі - жас ұрпақ бойына ең алғашқы білім негіздерін сіңіретін, олардың дағдылары мен машықтарының дұрыс бағытта қалыптасуын қамтамасыз ететін, ізтілікті және отаншылдык қасиегтерге баулнтын тұлға. Мемлекеттік білім стандартында бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауға жоғары талаптар койылып отырғаны сондықтан. Осы талаптарды жүзеге асыруда "Қазіргі қазақ тілі" пәнінің өзіндік орны бар. Себебі мектептегі оқыту ісінің басты міндеті -оқушылардын ойлау дағдысын, жоғары интеллектуальдық ой-өрісін қалыптастыру деп есептесек, бұлардың бірден-бір алғышарттары болып табылатын-қарым-қатынастық (коммуникативтік), танымдық, адамгершілік, эстетикалық т.б. дағдыларды оқушылар тікелей тілді оқып-үйрену процесінде меңгереді. Осы жағдай бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндер жүйесінде қазақ тілінің жетекшілік рол атқаратынын көрсетіп, мұғалімнен тілден берілетін теориялық білімді жетік білуді талап етеді. Сондықтан бұл пән студеттерге тілдің фонетикасынан, лексикологиядан, сөзжасамнан, морфологиядан және синтаксистен жүйелі білім беру мақсатын көздейді.

Осы мақсаттан мынадай міндеттер туындайды:

-  тілдің қоғамдық мәні және оның ойлаумен байланысы туралы түсінік беру;

-  тіл дыбыстары және олардын түрлерімен таныстыру;

-  үндесу заңдылықтарын білдіру;

-  орфоэпиялық жөне орфографиялық ерекшеліктерді меңгерту;

-  буын түрлерімен таныстыру;

-  сөз мағынасынын түрлерін айыра білуге үйрету;

-  сөзжасамның негізгі тәсілдерін таныту және морфемаларды меңгерту;

-  сөз таптарын жеке-жеке таныту;

-  әр сөз табының грамматикалық түрлену жүйесін меңгерту;

-  сөздерді тіркестіру формалары мен тәсілдерін меңгерту;

-  сөйлем мүшелерін таныту, олардың синтаксистік қызметін байқату;

-  сөйлемнің айтылу мақсатына және құрылысына қарай  бөлінетін түрлермен қарастырып, әркайсысының өзіндік ерекшеліктерін меңгерту;

-  сауатты жазуға үйрету.

"Қазіргі қазақ тілі" пәнін оқып-үйрену үшін студенттердің қазақ тілі курсынан мектеп бағдарламасы деңгейіндс жеткілікті білімі болуы қажет.

Бұл пән "Педагогика", "Психология", "Философия", "Математика" пәндерімен байланыста оқытылады.

Жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес студенттердің білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар:

♦   тіл дыбыстары және олардың түрлерін;

♦   буынды және оның түрлерін;

♦    сөзге тән белгілерді және сөз мағынасының түрлерін;

♦   омонимдерді, антонимдер мен синонимдерді, фразеологизмдерді, олардың стильдік қызметін;

♦  сөздердің қолданылу аясына қарай бөлінетін түрлерін (көнерген сөздер, диалект, кәсіби сөздер, терминдер, неологизмдер);

♦   жалаң және күрделі сөздің морфологиялық құрамын;

♦   сөз таптарын және әр сөз табының түрлену жүйесін;

♦   сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін және сөз тіркесінің түрлерін;

♦ жай сөйлемнің айтылу мақсатына және құрылысына қарай бөлінетін түрлерін қарай бөлінетін түрлерін;

♦   сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін;

♦   оқшау сөздің түрлерін және олардың тыныс белгісін;

♦   құрмалас сөйлем түрлерін, төл сөз бен төлеу сөзді;

♦  тыныс белгілерінің түрлеріп және олардың қойылатын орындарын білуі тиіс.

♦   дыбыс түрлерін айыра білуді;

♦   дұрыс тасымалдауды;

♦   буынға дұрыс бөлуді;

♦   сөздерді орфоэпияға сай айта білуді және сауатты жазуды;

♦   сөз мағыналарын айыра білуді;

♦   сөздіктермен жұмыс істеуді;

♦   сөз құрамына талдауды, күрделі сөз түрлерін ажыратуды;

♦   сөз таптарына толық морфологиялық талдау жасауды;

♦   сөз тіркесінің байланысу формасын анықтауды;

♦   сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне талдауды;

♦   бірыңғай мүшелерді айыруды және олардың тыныс белгісін коюды;

♦   сөйлем түрлеріне ажыратуды;

♦   оқшау сөздерді табуды және олардың тыныс белгісін қоюды;

♦   тыныс белгілерін дұрыс қоюды үйренуі тиіс.

 

 

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе

 

Пәннің объектісі - бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жоғары педагогикалық кәсіптік білімінің құрамдасы ретіндегі қазіргі қазақ тілінің мазмұны.

Пәнді оқытуда сөздік әдістер (түсіндіру, лекция, әдебиеттермен жұмыс істеу), практикалық әдістер және көрнекілік әдістер пайдаланылады.

Пәннің басқа ғылым салалары арасында алатын өзіндік орны мен ерекше мәні бар. Өйткені, тіл - қоғамдағы адамдардың өзара пікір алысу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы. Оның осы қызметі тілдің дыбыс жүйесі, сөздік қурамы және грамматикалық құрылысы арқылы жүзсге асатынын ескерсек, тіл білімінің езге ғылым салалары арасындағы маңызын айтпай-ақ ұғуға болады.

Қазақ тілінің фонетикасы және грамматикалық құрылымын жүйелі түрде танытқан ең алғашқы ғылыми еңбек А.Байтұрсыновтың "Тіл - құрал" атты оқулығы болды. Бұл оқулық үш бөлімнен тұрады. Оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі - 1915 жылы, қазақ морфологиясына арналған 2-бөлімі - 1014 жылы, ал синтаксиске арналған 3-бөлімі - 1916 жылы басылып шыққан. Қазіргі қолданылып жүрген тіл терминдерінің бәрінің негізі осы оқулықтарда қаланған.

Тілдің дыбыстық және грамматикалық құрылымын зертгеуде  Х.Досмұхамедов, Қ.Басымов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиев, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, К.Аханов, А.Ысқақов, Ә.Қайдаров, С.і ісасв, Р.оміров, Ғ.Қалиев, Ш.Сарыбаев тәрізді танымал ғалымдар ерекше үлес қосты. Бүгінгі күні казіргі қазақ тілінің әр бөлімі (фонетика, лексикология, сөзжасам, морфология, синтаксис) жеке ғылым саласы ретінде қалыптасып даму үстінде.

                                                    Негізгі бөлім       

 

Тіл біліміне кіріспе. Тіл білімі және оның салалары. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы. Тілдің қоғамдық мәні мен қызметі. Тіл және онлау. Тіл және сөйлеу. Тілдің құрылымы, оның жүйесі.

Фонетика. Қазақ тілі фонетикасына кіріспе. Фонетиканың зерттелуі. Салалары мен объектісі. Қазіргі қазақ тілі фонетикасындағы өзекті мәселслер.

Дыбыс туралы ұғым. Дауысты дыбыстар. Дауыссыз дыбыстар.

Бастауыш сынып "Қазақ тілі" оқулығындағы тілдің дыбыстык жүйесіне қатысты тақырыптар.

 

Буын, оның түрлері. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі және оның түрлері. Дыбыс үндестігінің орфография мен орфоэпияға қатысы.

Бастауыш сынып "Қазақ тілі" оқулығындағы буын және дыбыс үндестігі кездесетін тақырыптар.

Орфоэпия, орфография, графика.

Лексикология. Сөз бен дыбыстың, сөз бен мағынаның және ұғымның өзара бірлігі мен айырмашылығы. Сөзге тән белгілер.

Семасиология. Сөз мағынасының түрлері (тура және ауыспалы мағына, дексикалық, грамматикалық мағына, нақты және абстракт мағына, сөздің көп мағыналылығы, т.б.)

Сөздің ауыспалы, келтірінді мағынада колданылу тәсілдері.

Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер. Фразеологизмдер. Мақал-мәтелдер және олардың мәні.

Бастауыш сыныпта оқытылатын лексикалық ұғымдар.

Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамы туралы түсінік. Сөздік құрамының толығу жолдары. Ана тілімізге өзге тілдерден енген сөздер туралы мәлімет.

Стиль туралы жалпы түсінік. Сөздердің стильдік мәніне қарай бөлінуі және оның түрлері. Диалект сөздер. Кәсіби сөздер. Терминдер. Көнергея сөздер, олардың түрлері (архиизм, историзм). Неологизмдер және олардың жасалу жолдары.

Қазақ тілі лексикографиясы. Сөздік жасау принциптері. Лингвистикалық сөздіктердің негізгі түрлері: "Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі" т.б. Сөздіктердің өзіндік сипаттары мен атқаратын қызметі.

Сөзжасам. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесіне кіріспе. Сөзжасам жүйесінің проблемалары. Сөзжасам жүйесінің негізгі төсілдері. Морфемалар. Жалаң сөз. Күрделі сөз және оның түрлері. Сөзжасамға қатысты ұғымдардың бастауыш сынып бағдарламасы мен "Қазақ тілі" оқулықтарында берілу жайы

Грамматика, оның объектісі. Грамматикалық ұғымдар. Грамматикалық форма және грамматикалық категория туралы ұғым. Грамматиканың теориялық және практикалық мәні. Оның бастауыш сынып бағдарламасында алатын орны, маңызы.

Грамматикалық категориялар және олардың сөз таптарымен ара қатынасы. Сөз таптары категориясы туралы жалпы түсінік. Қазақ тіліндегі сөздерді қалыптастыру припциптері. Сөз таптарының дербес сөздер, көмекші сөздер болып бөлінетіні.

Зат есім. Көмекші есім. Олардың зат есімдерше түрленетіні. Көмекші есімдердің қызметі. Сын есім. Сан есім. Есімдік. Етістік. Етістіктің лексикалық-грамматикалық категориялары. Үстеу. Шылау сөздер. Еліктеу сөздер. Одағай сөздер. Бастауыш сыныпта оқытылатын сөз таптарының оқулықта берілу жайы және олардың оқыту.

Синтаксис. Синтаксис туралы жалпы түсінік.

 

Сөйлем. Сөйлемнің грамматикалық белгілері. Сөйлемнің құрылысына қарай жай  жане құрмалас сөйлем болатыны.  Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері.

Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері.

Сөйлем мүшесі. Сөйлемнің түрлаулы мүшелері. Сөйлемнің түрлаусыз мүшелері. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Айқындауыш мүше және оның түрлері.

Оқшау сөздер. Оқшау сөздердің түрлері, олардың орналасу тәртібі және тыныс белгілсрі.

Жай сөйлемнің құрылысына қарай бөлінетін түрлері. Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмалас сөйлем. Аралас құрмалас сөйлем. Синтаксистен бастауыш сыныпта берілетін материалдар және оларды оқьпу. Бөгде сөз, оның түрлері.

Емле және тыныс белгілері. Қазақ емлесінің кейбір мәселелері. Тыныс белгілерінің мәні мен атқаратын қызметі. Тыныс белгілерінің түрлері және олардың колданылуы.

Сөйлеу мәдениеті. Сөйлеу мәдениеті туралы түсінік. Тілдік норма, оның тіл мәдениетіне қатысы.

 

Практикалық сабақтардың үлгі такырыптары:

 

1.  Тіл дыбыстары және оның түрлері

2.  Дыбыс үндестігі және олардын түрлері

3.  Сөз мағынасы және оның түрлері

4.  Омоним, антоним

5.  Синоним және көп мағыналы сөздер

6.  Фразеологизмдер, мақал- мәтелдер

7.  Сөздердің қолданылу аясына қарай белінуі

8.  Морфема және оның түрлері

9.  Жалаң және күрделі сөздер

10. Зат есім. Сын есім. Сан есім

11.  Есімдік. Етістік

12.  Үстеу. Шылау. Еліктеу сөздер

13.  Сөзтіркесі

14.  Сөйлем мүшесі

15.  Жай сөйлемнің айтылу мақсатына және құрылысына қарай бөлінетін

түрлері

16.  Құрмалас сөйлем, оның түрлері

                                    

Студенттердің оқытушының жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыстарының тақырыптары:

 

I .   Дауыссыз дыбыстардың акустика-артикуляциялық ерекшеліктері

2.   Буын жігі және тасымал

3.   Буын және дыбыс үндестігі

4.   Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері.

5.   Сөз және оның мағынасы.

6.   Қазақ сөздерінің лексикалық мағыналарының түрлері

7.   Сөздердің қолдану аясына карай бөлінетін түрлері.

8.   Жалаң және күрделі сөздер.

9.   Сөздің морфемалық құрамы

10. Зат.есім және оның түрлену жүйесі

11. Етістіктің грамматикалық категориялары

12. Сөз таптары

13. Есімді және етістікті тіркестер, олардың байланысу түрлері

14. Анықтауыш және айқындауыш

15. Жай сөйлемнің құрылысына қарай бөлінетін түрлері

16. Сөйлем мүшелері

17. Сөз тіркесі

 

 

Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары:

 

1.  Тілдің таңбалық сипаты және құрылымдық - жүйелілік ерекшеліктері

2.  Дауысты дыбыстардың жасалуы және түрлері.

3. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер.

4.  Буын түрлері.

5.  Сөздің мағыналық түрлері.

6.  Қазақ емлесінің кейбір мәселелері (кейбір дыбыстардың жазылуьт;

сөздердің бірге, бөлек және дефис арқылы жазылуы, т.б.

7.  Сөз мағынасының ауыспалы матынада қолданылу тәсілдері

8.  Көп мағыналы сөздер және омонимдер

9.  Синонимдердің мағыналық, стильдік реңктері

10. Диалект және кәсіби сөздер

11. Қазақ тілі лексикасының стильдік түрлері

12. Күрделі сөздің турақты тіркес пен еркін сөз тіркесінен өзгешеліктері

13. Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары

14. Грамматикалық категорияның сипаты мен түрлері

15. Грамматикалық категорияның сөз таптарына қатысы.

16. Айқындауыш мүше және оның түрлері

17. Сөздердің байланысу формалары

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.     Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - А., 1993

2.     Балақаеи М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. - А., 1997.

3.     Қалисв Ғ., Болғанбаев Ә. Қазақ тілі лексикологиясы. - А., 2005.

4.     Исасв С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты.- А., 1998.

5.     Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. - А., 1999.

6.     Ыскақов А. Қазіргі қазақ тілі. - А., 1991.

7.     Сыздықона Р. Емле және тыныс белгілері. - А., 1996.

8.     Қалиев Ғ., Оралбаева Н. жәнет.б.Қазіргі қазақтілі(жаттығулар жинағы)А 1997

9.     Аханов К. Грамматика теориясыныд негіздері. - А., 1996.

10. Қазақ тілінің грамматикасы, А., 2004.

 Авторы: Уәйісова Гулнәр Инаматқызы-педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ.