ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Жоғары кәсіптік білім

 

 

МАТЕМАТИКАНЫҢ БАСТАУЫШ КУРСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

 

050102- Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша

 

3 кредит

 

 

АЛҒЫСӨЗ

 

 

1. Абай атындағы Қазақ Ұлттык педагогикалық университетінің «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша Оқу-әдістемелік секциясы ЖАСАҒАН және ҰСЫНҒАН

 

2. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігініа 22.06.2006ж., Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының Хаттама шешімімен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА рұксат етілген.

 

3. «Математиканын бастауыш курсының негіздері» типтік оқу бағдарламасы ҚР-ның Білім және Ғылым Министрлігінің № 289 11.05.2005ж. бұйрығына сайкес шыққан бағдарламаның орнына енгізілген.

 

4. Типтік оқу бағдарламасы 050102 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі  мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міидетті білім стандартына сәйкес дайындалған.

 

5. Бағдарламаны Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық универсигетінің психология-педагогика факультетінің кеңесі ұсынған.

 

 

 

Типтік бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рұқсатынсыз кебейтілмейді және таратылмайды.

 

 

Түсініктеме

 

"Математиканың бастауыш курсының негіздері" пәні 050102 -Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы үшін базалық бағдарлы пән болып табылады. Ол болашақ бастауыш сыпып мұғалімдерінің теориялық дайындығын қамтамасыз етеді.

Пәнді оқытудың мақсаты: классикалық және қазіргі математиканың, негіздерін қамтиды және пән бойынша оқу міндеттерін шешуге бағытталған.

"Математиканың бастауыш курсының негіздері" пәнінің мақсаты -студенттерді кіші жастағы оқушыларды оқытудың нақты жағдайларынан туындайтын оқу-тәрбиелік міндеттерді кәсіби тұрғыда шешу үшін қажет болатын білім, білік және дағдылармен қаруландыру.

Пәнді оқытудың міндеттері:

-  аса маңызды математикалық ұғымдар мен фактілердің мән-мағынасын ашып көрсету;

- математиканың бастауыш курсының болашақ бастауыш сыныптар мұғалімдерінің кәсіби білімі жүйесіндегі маңызын айқындау.

Болашақ бастауыш сыныптар мұғалімінің кәсіби даярлығы әралуан пәндерді оқыту барысында жүзеге асырылатын психологиялық-педагогикалық, пәндік-теориялық және дербес әдістемелік компәненттерді қамтиды. Олардың арасында математикалық ұғымдардын, заңдардың, қасиеттердің, фактілер мен әрекет тәсілдерінің мазмұнын ашатын және дерексіз ойлаудың негіздерін қалыптастыратын пән ретінде математиканың бастауыш курсының теориялық негіздері ерекіне орын алады. "Математиканың бастауыш курсының негіздері" пәні бойынша бастауыш сыпылтарда математиканы оқытудың теориясы және технологиясымен, сондай-ақ гуманитарлық циклдағы осыған ұқсас пәндермен тығыз байланысты.

Курстың мазмұны және ондағы материалдың қарастырылу реті болашақ бастауыш сыныптар мұғалімдерінің математикалық білімді өз бетімен тереңдете және кеңейте түсуі бағытындағы шығармашылық потенциалын көтеруге ықпал етеді.

Пәнді оқытудың кәсіби бағдары студенттердің дайындық деңгейін сипаттайтын математикалық білім, білік және дағдылардың нақты көлемін анықтайды.

Студенттердің:

-  арифметикалық материалдың, алгебра мем геометрия элементтерінің теориялық негіздері жөнінде;

-  теорияны аксиоматикалық әдіспен кұру.

-  сандарға қолданылатын амалдардың қасиеттері мен заңдарын, сандардың бөлінгіштік белгілерін, шамалардың өлшем бірліктері арасындағы қатынастарды білулері тиіс;

Олар:

-  шекті және шексіз жиындар;

 

-  сандарға амалдар қолдануды және есептеулер жүргізе алуды;

-  есептерді арифметикалық және алгебралық тәсілдермен шығаруды;

-  бір айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді, екі айнымалысы бар теңдеулер және теңсіздіктер жүйелерін шешуді;

-  қарапайым функциялардың графиктерін салуды;

-  теріс емес бүтін сандармен ауызша және жазбаша есептеулер жүргізуді және оларды неғіздей алуды;

- есептер шығару барысында шамалар арасындағы тәуелділіктің түрін тагамыпдауды;

- ұғымдар анықтамасының кұрылымын, сондай-ақ қарапайым пайымдауларды талдауды;

-  циркуль мен сызғышты пайдаланып, қарапайым салуларды орындауды үйренулері тиіс.

                                        

 

Пәннің мазмұны

 

Кіріспе

 

Курстың объектісі - бастауыш сыныптар мұғалімінің 050102- Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес жоғары кәсіби педагогикалық білімінің құрамдасы ретіндегі математикалық білім.

Курстың пәні - болашақ бастауыш сыныптар мұғалімінің 050102 -Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес математиканың бастауыш курсының теориялық негіздерінен білім, білік және дағдыларын қалыптастыру барысы.

"Математиканың бастауыш курсының негіздері" пәні болашақ мұғалімдерге математиканы табысты оқытып-үйретуге, оқушыларды бастауыш математика курсы ұғымдарыпың негізгі мектепте қолданылу мүмкіндіктерін көре білуге қажет болатын даярлықты қамтамасыз етеді.

Нақты тілмсн салыстырмалы түрдегі коммуникацияның арнайы кұралы ретіндегі математикалық тілге оқытып-үйрету, айнала қоршаған ортаны және оның заңдылықтарын бейнелеу мен зерттеудің құралы ретіндегі математикалық аппаратты қалыптастыру пәнді оқытып-үйретудің негізгі әдістері болып табылады.

"Математиканың бастауыш курсының негіздері" пәні бастауыш сыныптар мұғалімдерінің кәсіби даярлығы жүйесіндегі арнаулы пән ретінде өткен ғасырдың ХХ-сыншы жылдары жоғары мектеп жұмысын ұйымдастырудың бірыңғай мемлекеттік принциптері анықталған кезде қалыптаса бастады. Бұл пәнді оқыту мәселесі, әсіресе, ХХ-ғасырдың 70-інші жылдары Мәскеу және Ленинград педагогикалық институттарында жоғары білімді бастауыш сыныптар мұғалімдерін даярлау мақсатында педагогикалық факультеттердің ашылуына байланысты қатты қолға алына бастады.

Осы уақытқа дейін "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" мамандығына арналған математика курсының мазмұны 1973, 1979 және 1986 жылдары едәуір өзтерістерге ұшырады. Қазақстан  Республикасында бұл пәннің мазмұны 1994, 2001 және 2004 жылдары қайта қаралды. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жасалуына байланысты пәннің мазмұнына тағы да өзгерістер енгізіліп отыр.

 

"Математиканың бастауыш курсының негіздері" пәні ретінде

 

Курстың объектісі, пәні, міндеттері және басқа оқу пәндерімен байланысы (философия, логика, бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы және т.б.). Курстың кәсіби бағыттылығы.

 

 

Математиканың негізгі ұғымдары

 

Жиындар: "жиын ұғымы", "жиынның элементі", "бос жиын", "шекті жиын",

"шексіз жиын", "тең жиындар", "ішкі жиын", "әмбебап жиын" ұғымдары;

жиындардың берілу тәсілдері; Эйлер-Венн диаграммалары; жиындарга

қолданылатын амалдар және олардың заңдары.

Графтар: граф ұғымы; графтардың түрлері; уникурсты фигуралар; жазық

граф туралы Эйлер теоремасы.

Сәйкестіктер: сәйкестік ұғымы; сәйкестіктің графы мен графигі; бейнелеулер

және олардың түрлері; теңқуаттас жиындар; жиындағы қатынастар және оның қасиеттері.

Математикалық логиканың негіздері: математикалық ұғымдар және оларды анықтау тәсілдері; математикалық ұғымдарды анықтаудың құрылымы; пікірлер және оларға амалдар қолдану; предикаттар және оларға амалдар колдаі.у; кванторлар; математикалық логиканың заңдары; сөйлемдер арасымдағы келіп шығу және мәндес болу қатынастары; қажетті және жеткілікті шарттар; теорема және оның құрылымы; теореманы дәлелдеу тәсілдері; дұрыс және дұрыс емес пайымдаулар.

Комбинаторика элементтері комбинаторлық ессптер, қосынды мен көбейтінді ережесі, ауыстырулар, терулер, орналастырулар.

Қысқаша тарихи мәліметтер.

Тарау материалдарының кәсіби бағыттылыгы.    

 

Сан ұғымының кеңеюі

 

Арифметика математиканың бөлімі ретінде

Натурал сандар: "натурал сан" ұғымы және сандардың натурал қатарының кесіндісі, санау, реттік және есептік натурал сандар, натурал сандар жиыны, реттік қатынас.

Теріс емес бүтін сандар: нөлдің, теріс емес бүтін сандар жиынының, реттік катынастың, арифметикалық амалдардың теориялық-жиындық тұрғыдағы түсінікгемесі; Пеано аксиомалары, теріс емес бүтін сандарға қолданылатын амалдарды анықтау; теріс емес бүтін сандар жиынын аксиоматикалық тұрғыда құру; математикалық индукция әдісі, арифметикалық амалдардың және Z0 жиынының қасиеттері.

Санау жүйелері: санау жүйееі туралы ұғым; ондық санау жұйесі; гю иіциялық және позицііялық емес санау жүйелері.

Сандардың бөлінгіштігі: бөлінгіштік қатынас және оның қасиеттері; бөлінгіштік белгілері; жай және кұрама сандар; Әратосфен елегі; жай сандар жиыііыііың шексіздігі; сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші мен ең кіші ортақ еселігі, олардың негізгі касиеттері мен оларды табу алгоритмдері; арифметикакың негізгі теоремасы.

Бүтін сандар: "бүтін сан", "бүтін сандар жиыны", "бүтін санның модулі" ұғымдары; бүтін сандарға қолданылатын арифметикалық амалдар; бүтін сандар жиынының қасиеттері және олардың геометриялық кескіні.

Рационал сандар: "бөлшек" және "рационал сан" ұғымдары; рационал сандарға қолданылатын арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері; рационал сандар жиыны және олардың қасиеттері; ондық бөлшектер және оларға қолданылатын арифметикалық амалдар; рационал сан шектеусіз периодты ондық бөлшек ретінде.

Нақты сандар: иррационал сан ұғымы; иррационал сан шектеусіз периодсыз ондық бөлшек ретінде; нақты сандар жиыны және оның қасиеттері; нақты сандарға колданылатын амалдар және олардың касиеттері; сандарды дөңгслектеу ережелері; жуық сандарға амалдар қолдану; санның квадраты мен кубы, дәрежелеу; квадрат және куб түбір.

Комплекс сандар: комплекс сан ұғымы; комплекс санның геометриялық кескіні; комплекс сандарға қолданылатын амалдар және олардың заңдары.

Арифметикалық есептеулер техникасы: ауызша және жазбаша есептеулер; тиімді және тез есептеу тәсілдері; есептеуіш құралдардың көмегімен есептеулер жүргізу.

Қысқаша тарихи мәліметтер.

Тарау материалдарының кәсіби бағыттылығы.

 

Алгебра элементтері

 

Алгебра математиканың бөлімі ретінде

Математикалық өрнектер: өрнек туралы ұғым; өрнектер (санды және айнымалысы бар) және олардың мәндері, теңбе-теңдік; теңбе-тең түрлсндірулер; бірмүшеліктер және көпмүшеліктер.

Теңдік және теңсіздік: "санды теңдік", "санды теңсіздік" ұғымдары, олардың қасисттері.

Теңдеулер: "теңдеу" ұғымы, теңдеулердің мәндестігі; сызықтық және квадрат теңдеулер; теңдеулер жүйелері мен жиынтықтары;есептерді

алгебралық әдіспен шығару.

Теңсіздіктер: "бір айнымалысы бар теңсіздік" ұғымы; теңсіздіктер

жүйелері мен жиынтықтары.

Функциялар: "функция" ұғымы, функцияның берілу тәсілдері және графигі; сызықтық және квадраттық функциялар; тура және кері пропорционалдық.

Қысқаша тарихи мәліметтер.

Тарау материалдарының кәсіби бағыттылығы.

 

Геометрия элементтері

 

Геометрия математиканың бөлімі ретінде.

Планиметрия: планиметрияны аксиоматикалық тұрғыда құру; нүкте, түзу, кесінді, сәуле, бұрыш және оның түрлері; шеңбер және дөңгелек; сынық және қисық сызықтар; көпбұрыш және оның түрлері; параллель түзулер; перпендикуляр түзулер; центрлік және осьтік симметриялар; шеңберлер жанама; томотетия, нүктенің геометриялық орны; координата әдісі; фигуралардың ауданын есептеудің негізгі формулалары; екі нүктенің арақашықтығы; берілген қатынаста кесіндіні бөлу; сызықтың, түзудің және шеңбердің теңдеулері;

Стереометрия: стереометрияны аксиоматикалық тұрғыда құру; перпендикуляр, көлбеу, дене; көпжақ және оның, түрлері, призма және оның түрлері; пирамида және оның түрлері; цилиндр, конус, шар және сфера; денелер беттерінің аудандары мен көлемдерінің негізгі формулалары; көпжақтар туралы Эйлер теоремасы.

Қарапайым геометриялық салулар: берілген ұзындықтағы кесіндіні салу; дөңгелекті және шеңберді, параллель және перпендикуляр түзулерді салу;' кесіндіні қақ бөлу; бұрыштарды, үшбұрыштарды, тік төртбұрышты (шаршыны) салү; нүктеге және түзуге караганда симметриялы фигураларды салу; геометриялық денелерді кескіндеу; координаталары бойынша геометриялық фигураны салу.

Геометриялық мазмұнды есептер.

Қысқаша тарихи мәлімегтер.

Тарау материалдарының кәсіби бағыттылығы.

 

                                    Шамалар және оларды өлшеу  

 

Шама және оны өлшеу барысы: нақты дүние қасиеттерінің шама ұғымы арқылы бейнеленуі; "шама" және "шаманы өлшеу"; "шаманың мәні"; скаляр шамалардың негізгі қасиеттері; сан шаманы өлшеудің нәтижссі ретінде; шамаларға қолданылатын амалдар;өлшем бірліктері жүйесі.

 

Кесіндінің ұзындығы: кесінді ұзындығын анықтау; кесінді ұзындығының негізгі қасиеттері; кесінді ұзындығын өлшеу; ұзындықтың стандарт бірліктері және олардың арасындағы катынастар.

Фигураның ауданы: фигураның ауданын анықтау; фигура ауданының негізгі қасиеттері; фигура ауданын өлшеу және есептеу; ауданның стандарт бірліктері және олардың арасындағы қатынастар.

Дененің көлемі (сыйымдылық): дененің көлемін анықтау; дене көлемінің негізгі қасиеттері; дене көлемін өлшеу және есептеу; көлемнің стандарт бірліктері және олардың арасындағы қатынастар.

Бұрыштың шамасы: бұрыш шамасы туралы ұғым; бұрыш

шамасының негізгі қасиеттері; бұрыштың шамасын өлшеу; бұрыш шамасының стандарт бірліктері және олардың арасындағы қатынастар.

Масса: масса туралы ұғым; массаның негізгі қасиеттері; дененің массасын өлшеу; массаның стандарт бірліктері және олардың арасындағы қатынастар.

Уақыт және оны өлшеу: уақыт туралы ұғым; уақытты өлшеу; уақыттың өлшсм бірліктері және олардың арасындағы қатынастар.

Шамалар арасындағы тәуелділік: бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс кезіндегі уақыт, жылдамдық және жол арасындағы тәуелділік; тауардың бағасы, саны және құны арасындағы тәуелділік; жұмыс мөлшері, уақыт және еңбек өнімділігі арасындағы тәуелділік. Тіктөртбұрыштың ұзындығы, ені және ауданы.

Қысқаша тарихи мәліметтер.

Тарау материалдарының кәсіби бағыттылығы.

 

Ықтималдықтар теориясының және математикалық

статистиканың негіздері

 

Ықтималдықтар теориясы: "ықтималдық", "сынау", "оқиға", "кездейсоқ шама" ұғымдары; оқиғаларға қолданылатын опсрациялар; ықтималдықтар теориясының теоремалары мен формулалары; дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары; үлкен сандар заңы.

Математикалық статистика: "математикалық статистика", "жиынтық", "арифметикалық орта", "медиана", "мода", "вариация ауытқуы", "таңдама дисперсиясы", "стандартгы ауытқу", "диаграмма", "гистограмма", "полигон" ұғымдары; зерттелетін объектілерді іріктеу; бақылау нәтижелерін өрнектеу тәсілдері; бақылау нәтижелсрін статистикалық өңдеудің әдістері.

Қысқаша тарихи мәліметтер.

Тарау материалдары0ның кәсіби бағьптылығы.

Есеп және оны шсшу процесі

Есеп: "есеп" ұғымы; есепті шығару барысы; есептерді классификациялау; есептерді шығару әдістері (арифметикалық, алгебралық, геометриялық, графиктік, логикалық, практикалық); есептерді шығару кезеңдері және оларды орындаудың тәсілдері (анализ, есептің шешу жолын іздестіру, жоспар құру, есептің шешуі, есептің шсшуін тексеру)

Стандартты емес және кызықты жаттығулар: сиқұырлы фигуралар; лабиринттер; математикалық фокустар, ребустар басқатырғылар және сөзжұмбақтар, логикалық ойын түріндегі және практикалық жаттығулар.

Қысқаша тарихи мәліметтер.

Тарау материалдарының кәсіби бағыттылығы.

 

 

Практикалық сабақтардың үлгі тақырыптары

 

1. Жиындар және оларға қолданылатын амалдар.

2. Графтар. Сәйкестіктер.

3. Комбинаторика элементтері.

4. Теріс емес бүтін сандар.

5. Санау жүйелері.

6. Сандардың бөлінгіштігі.

7. Бүтін сандар.

8. Рационал сандар.

9. Нақты сандар.

10. Комплекс сандар.

11. Есеп және оны шығару барысы.

12. Стандартты емес және қызықты жаттығулар.

13. Алгебра элсменттері. Геометрия элементтері.

14. Шамалар және оларды өлшеу.

15. Ықтималдықтар теориясының элементтері.

 

 

Студенттердің оқытушымен өздік жұмыстарының (СОӨЖ)

тақырыптары:

Төмендегідей тақырыптар бойынша жаттығулар орындау

1.     Жиындар

2.     Эйлер дөңгелектері

3.     Жиындарға қолданылатын амалдар

4.     Жиындар теориясының заңдарын дәлелдеу

5.     Сәйкестіктер

6.     Қатнастар

7.     Графтар

8.     Пікірлер және оларға амалдар қолдану.

9. Предикаттар және оларга амалдар колдану.

10. Логиканың заңдарын дәлелдеу

11. Келіп шығу және мәндес болу қатынастары.

12. Комбинаторика элементтері.

13. Теріс емес бүтін сандар.

14. Санау жүйелері.

15. Сандардың болінгіштігі.

16.  Бүтін сандар.

17. Рационал сандар.

18. Нақты сандар.

19. Комплекс сандар.

20. Алгебра элементтері.

21. Геометрия элсменттері.

22. Шамалар және оларды өлшеу.

23.Ықтималдықтар теориясының элементтері. Математикалық статистика элсменттері.

 

          Студенттердің өздік жұмыстарының (СӨЖ) тақырыптары:         

 

1."Арифметиканың дамуы"; "Тез есептеулер"; «Крестикпен көбейту» тақырыптары бойынша рефераттар

2."Сан ұғымының кеңеюі" тақырыбы бойынша коллоквиум.

3.Стандарт емес жаттығулар.

4.Қызықты жаттығулар.

5.Үштік ережеге берілген есептер

Амал нәтижесі бойынша белгісізді табуға берілген есептер.

Пропорнионалдық бөлуге берілген есептерді шығару

Белгісіздердің шығарып тастауға берілген есептерді шығару

Арифметикалық ортаға берілген есептерді шығару

Процент және санның бөлігін табуға берілген есептерді шығару

Қозғалысқа берілген есептерді шығару

Бірлесіп атқаратын жұмысқа берілген есептерді шығару

Қоспаларға берілген есептерді шығару

Уақытты есептеуге берілген есептерді шығару

6.Қозғалысқа;

- Жұмысқа;

- Қоспаларға;

- Процентке берілген есептерді алгебралық тәсілмен шығару.

7. Есептерді логикалық тәсілмен шыару.

8. Есептерді геометриялық тәсілмен шығару.

9. Циркуль мен сызғышты пайдаланып, салуға берілген есептерді шығару:

-берілген бұрышқа тең бұрыш салу;

- бұрыштың биссектрисасын салу;

- берілген үшқабырғасы бойынша үшбу-рыш салу;

- шеңберді салу;

-  паралелограммды салу;

10. Планиметриялық есептерді шығару:

үшбұрыштар мен төртбұрышттардың аудандарын табуға берілген есептер; фигуралардың қасиеттерін дәлелдеуге берілген есептер.

11. Стереометриялық арналған есептер шығару:

-  көпжақтардың бетін табуға берілген есептер;

- айналу денелерінің бетін табуға берілген есептер.

 

 

Ұсынылатын әдебиет тізімі

 

1. Оспанов Т.Қ, Математика. Оқу құралы. - А., 2000.

2. Стойлова Л.П. Математика. Учебное пособие для студентов педвузов. -

М„ 1000

3. Стойлова Л.П.. Математика. Учебное пособие для студентов педвузов, -

М.,2004

4. Тонких Л.11. Математика. Учебное пособие для студентов факультетов

подготовки учителей начальных классов. В 2-х книгах. - М., 2002.

5. Кдырбаева А.А. Математика. Опорный курс лекций. - Алматы, 2005.

6. Кдырбаева А.А. Математика. Руководство к решению задач. - Алматы, 2005.

7. Жолымбаев О.М., Берікханова Г.Е. Математика. — Алматы. 2004.

8. Демидова Т.Е., Гонких А.П. Теория и практика решения текстовых задач Учебное пособия для студентов ВУЗ-ов, обучающихся по специальности ПМНО - М., 2002.

9. Гмурман В.Е. Руководство к решению задач по теории вероятностей и математической статистики. - М., 2000.

10. Фридман Л.М. Величины и числа. - М., 2000.

11. Фридман Л.М. Сюжетные задачи. - М., 2001.

12. Кдырбаева А.А. к др. Внеклассная работа по математике. — А., 2000.

13. Курманалина Ш.Х. и др. Задачи и упражнения, направление на развитие инт-х умений школьников — А., 2000.

 

 

Авторлары:

Қосанов Б.М. -    Абай атындағы Қаз¥ПУ бастауыш оқыту теориясы мен

әдісіемесі         кафедрасының         меңгерушісі,         педагогика гылілмдарының кандидаты, доцент.

Қыдырбаева А.А. — физика - математика шлымдарының кандидаты, Абай

атындағы Қаз¥ПУ бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті.

Какибаева Х.С. - Абай атындағы ҚазҰПУ бастауыш оқыту теориясы мен

әдістемесі кафедрасының оқытушысы.