ТИПТІК  ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

жоғары кәсіптік білім

 

Балалар әдебиеті

 

050102 — "Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы үшін

 

2 кредит

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минисірлігі

 

АЛҒЫСӨЗ

 

1. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Білім» тобыңдағы мамандықтар бойынша Оқу-әдістемелік секциясы ЖАСАҒАН және ҰСЫНҒАН

 

 

2. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 22.06.2006ж., Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысынын Хаттама шешімшен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА рұқсат етілген.

 

3.  «Қазіргі қазақ тілі» типтік оқу бағдарламасы ҚР-ның Білім және Ғылым  Министрлігінің № 289 11.05.2005ж. бұйырығына сәйкес шыққан бағдарламаның орнына енгізілген.

 

4.  Типтік оқу бағдардамасы 050102 — Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес дайындалған.

 

5. Бағдарламаны Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінін психолоғия-педагогика факультетінің кеңесі ұсынған.

Типтік бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым мииистрлігінің рұқсатынеыз көбейтілмейді және таратылмайды.

«28» 09.2006, №1 хаттама.

 

 

Типтік бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рұқсатынсыз көбейтілмейді және тартылмайды.

 

 

 

ТҮСНІКТЕМЕ

 

Балалар әдебиеті — жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келе жатқан сөз өнерінің өскелең бір саласы. Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша балалар әдебиеті жеке пән ретінде оқытылады. Аталған мамандық бойынша дайындалатын болашақ бастауыш сыныптар мұғалімі шәкірттеріне әдебиеттанудан жай ғана білім беріп қоймайды, оқушылардың рухани дүниесін байытып, туған тілін сүюден елін, адамзатты құрметтеуге дейінгі сөзімдерін қалыптастырады, оқушыны жақсы мен жаманның ара жігін ажырата білуге, адамгершілік — эстетикалық ой саласын байытуға септігін тигізеді. Бұл міндеттерді шешуде мұғалім осындай күш-қуатқа ие шығармаларды іріктеп алып, оларды оқуды дұрыс ұйымдастыра ала білуі қажет. Сондықтан балалар әдебиеті курсынан болашақ бастауыш сыныптар мұғаліміне қажетті әдеби білім, білік, дағды қалыптастыру көзделеді.

Аталған пән бойынша студенттер балалар әдебиетінің негізгі ерекшеліктерін, балаларға арналған халық ауыз әдебиеті үлгілерін, белгілі жазушылардың балаларға арналған шығармаларын және оларды талдауды үйренеді.

Пәнді оқытудың мақсаты — кредиттік технология негізінде көркем сөз өнерінің бір саласы балалар әдебиетінің ерекшеліктерін таныту, студенттердің әдеби теориялық білімдерін шыңдау. Аталған мақсаттан туындайтын міндеттер:

— Балалар әдебиетінің жанрлық ерекшеліктерін таныту;

— Ауыз әдебиетінің бай жанрымен, отандық және шетелдік классикалық балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;

—  Балалар әдебиеті кернекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылыгы туралы мәліметтермен қаруландыру

— Әдебиет теориясы негіздерін практикалық қолдану деңгейінде меңгерту.

       Балалар әдебиеті курсы "Шешендік өнерге баулу әдістемесі", "Қазақ тілін оқыту әдістемесі", және "Көркем шығарманы лингвистикалық талдау" пәндерімен байланыста оқытылады. Студенттердің бұл пәндерден алған әдебиет теориясы негізгі ұғымдары туралы білімдері, қазақ ауыз әдебиетінің басты жанрларының негізгі сипаттарын білуі, әдебиеттің тектері (эпос, драма, лирика) туралы түсініктері, шығарманың идеялық-такырыптық негіздерін бөліп керсете алу дағдылары "Балалар әдебиеті" курсында керкем шығармаларды талдауда қолданылады.

       "Балалар әдебиеті" курсын оқытуда тілмен (студенттердің ауызша, жазбаша тілін дамытуда, сөздік қорын арттыруда т.б.), тарихпен (көркем шығармалардың тарихи әлеуметтік жағдайға тәуелділігін көрсетуде, әдеби ағымдар мен бағыттардың, көркем сөз өнерінің даму кезеңдерін танытуда),

музыка пәнімен (сөздің әуезді-сазды ерекшеліктерін ескеруде) байланысы ескеріледі.

Жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес студенттерден пәнді оқыту нәтижесінде күтілетін құзіреттілік:

-  оқып зерделеген туыңдының тектік, жанрлық сипатын;

- балалар әдебиеті көрнекті өкілдерінің шығармашылығын, олардың балаларға арналған еңбектерін;

-  тегі, жанры әр түрлі туындыларды, оларда бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлерге өзіндік  қарым-қатынасын білдіре отырып, мәнерлеп оқуды;

-  өлеңдер мен прозалық туындыларды мына мөлшерде (12 — 14 өлең, 4 — 5 прозалық туындыдан өзінді);

-  оқылған, талданған шығармалардың атын, жетекші тақырыбын, идеясын, басты кейіпкерлерін, негізгі мазмұнын білуі тиіс.

-  бастауыш мектеп оқушылары үшін көркем шығармаларды іріктей білуді;

-  оқып зерделенген шығармалардағы аса маңызды авторлық, лирикалық және публицистикалық толғаныстардың, шегіністердің, суреттеулер мен сипаттаулардың, шығарманың идеялық-көркемдік мазмұнындағы мәнін, сюжет элементтерінің бір-бірімен себеп-салдарлық байланысын керсете алуды;

- оқылған шығармаларға олардың көркемдік, поэтикалық, тіл ерекшеліктерін  пайымдай отырып, өзіндік түйсінуі негізінде баға беруді;

-  тақырыбы бір-біріне үндес шығармалардың кейіпкерлерін, оқиғаларын салыстыра пайымдау алуды;

-  оқылған шығарма сюжеті ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең құрастыру, шатын үзіндіге киносценарии жазу, мақала жазу т.б.) жүргізе алуды;

-  кітаппен және кітапханалық анықтама, библиографиялық әдебиеттермен жұмыс істей білуді үйренуі тиіс.

 

 

ПӘННІҢ МАЗМ¥НЫ

 

Курстың объектісі — бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жоғары педагогикалық кәсіби білім құрамдасы ретіндегі  балалар  әдебиетінің  мазмұны.  Пәні — мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне балалар әдебиеті курсынан берілетін білім, білік, дағды қалыптастыру процесі.

"Балалар әдебиеті" курсын оқытуда талдау әдісі кеңінен қолданылады. Сондай-ақ сөздік, практикалық, көрнекілік, эвристикалық, проблемалық оқыту әдістерінің де алатын орны ерекше.

Әдебиеттану — филология ғылымдарының бір тармағы, сөз өнерін, тарихи әдеби процесті, әдебиет дамуының заіьдылықтарын зерттейтін ғылым. Балалар әдебиеті әдебиеттану ғылымының бір саласы ретінде даму үстінде. Тіл, тарих, философия, этнопедагогика, логика, эстетика, психология т.б. ғылымдарды зерттеуде әдебиеттану ғылымының мәліметтері кеңінен пайдаланылады.

Балалар әдебиетінің бастау көзі — халықтың сонау ерте дәуірлерде шығарған өлең-жырлары, мақал-мәтелдері, нақыл сөздері, аңыз ертетілері. Ы.Алтынеариннің "Қазақ хрестоматиясы" — балалар әдебиетінің жазба нүсқасының алғашқы үлгісі. Балалар әдебиетінің жаңаша үлгіде өркендеп кемелденген түсы Абай шығармашылытынан басталып, Ш.Қүдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев т.б. шығармашылығында жалғасып, бүгінгі күндері жаңа жанрлық түрлермен, үлгілермен толығып, дамып келеді.

Балалар әдебиетін тарихи кезеңдерге бөліп қарастыруға жалпы әдебиет туралы ой қозғаған Ш.Уәлиханов зерттеулері, Ә.Диваев пен М.Көбеев, С.Торайғыров және басқа ағартушы демократтардың баспасөз беттеріндегі әдебиет мәселесіне арнаған мақалалары, А. Байтұрсынов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, М.Әуезов, М.Ғабдуллин, М.Қаратаев, З.Ахметов, Қ.Жұмашев, Б.Кенжебаев, Ш.Ахметов т.б. зерттеулері мүмкіндік берді.

 

Балалар ауыз әдебиеті — балалар әдебиетінің алтын қоры: тұрмыс-салт жырлары, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз - әңгімелер. Олардың түрлері, жанрлық ерекшеліктері. Танымдық, тәрбиелік мәні. Шешендік сөздер туралы ұғым. Халық даналығындағы ұтқыр ой мен тапқырлықтың үлгілері. Батырлар жыры туралы түсінік. Жырдың тақырыбы, азаттық және бостандық идеясы, қаһармандық сипаты, елжандылық мәні. Гипербола туралы ұғым. Теңеу ұғымын дамыту. Айтыс туралы жалпы түсінік. Айтыстың түрлері, жанрлық ерекшелігі.

 

XIX ғасырдың бірінші жартысындағы балалар әдебиеті: Махамбеттің патриоттық, отты поэзиясы. М.Өтемісұлының шығармаларының көркемдік ерекшеліктері. Дыбыс қайталау, риторикалық сұрау ұғымдарының анықтамасы.

 

XIX ғасырдың екінші жартысындағы балалар әдебиеті: Ұлттық балалар әдебиетінің жаңа үлгісі. Ш.Уәлиханов— қазақ ауыз әдебиетін жинап зерттеуші.Ы.Алтынсарин — балалар әдебиетінің  атасы. Ы.Алтынсарин —

 

шағын әңгіме шебері. Табиғат лирикасы. Шығармаларындағы еңбек, адамгершілік мәселесі. Әңгіме туралы түсінікті дамыту. Абай — қазақ балалар поэзиясын мазмұн жағынан терендетуші, түр жағынан жаңартушы, ірі ойшыл, Абайдың табиғат лирикасы, қара сөздері, аудармалары. Лирика ұғымын кеңейту. Шәкәрім - Абайдың шәкірті. Шәкәрімнің өнер-білім, адамгершілік туралы өлеңдері.

XX ғасырдың бас кезіндегі балалар әдебиеті:ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы тарихи-әлеуметік жағдай. 1905-1907жылдардағы буржуазиялық демократиялық революцияны, бірінші дүниежүзілік соғыстың және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ел өміріне әсері, әдебиет, мәдениет дамуына әсері. Ахмет Байтұрсынов — балалар әдебиеті тарихындағы ірі тұлға, аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, ақын, аудармашы. Міржақып Дулатов шығармаларындағы ағартушылық бағыт. Оның  балаларға  арналған  прозалық   шығармаларының тақырыптары. С.Дөнентаев — сюжеттік шағын өлеңнің, сатиралық өленінің шебері. Аллегория, сатира туралы ұғымдарды кеңейту. Бейімбет Майлин — прозалық шағын әңгіме жанрының майталманы. Оның шығармаларының басты тақырыбы — қарапайым еңбек адамы, ел өмірінің реалистік сипаты, аштық құрбандары суреттері. Бейімбет прозасының көркемдік, стильдік ерекшеліктері. Спандияр Көбеев — педагог жазушы. Оның "Үлгілі тәржіме", "Үлгілі бала" кітаптарындағы И.А.Крыловтан аударған мысалдары. Спандияр Кебеевтің төл шығармалары — шағын әңгімелері мен өлеңдері."Орындалған арман" атты мемуарлық кітабындағы дәуір сипаты, жазушының өз бейнесі. Сүлтанмахмұт Торайғыров өлеңдерінде оқу — білім тақырыбы болашақты аңсау, армандау, еліне деген сүйіспеншілік, әлеуметтік қайшылықтарды суреттеу тақырыбы.

 

1916 жылғы үлт азаттық көтерілісіне байланысты шығармалар. Балалар әдебиетіндегі Амангелді образы.

Қазан төңкерісінен кейінгі балалар әдебиетінің төңкерістік өзгерісті жырлауға бет бұруы. Еңбекшілерді күреске шақырған, бостандық, тендікті жырлаған шығармалардың туу жағдайлары. Кеңес жазушыларының бүкілодақтық және Қазақстан жазушыларының бірінші съезінің балалар әдебиетімізге тигізген ықпалы. Қазақ балалар әдебиетінің қайраткерлерінің қайғылы тағдыры. Мағжанның табиғат лирикасы. Бұл тақырыптағы ақынның нәзік сыршылдық, суреткерлік шеберлік, пәлсапалық ой тереңдігі. Ж.Аймауытов — дарынды жазушы, аудармашы. Балалар әдебиетіндегі Қартқожа образы. Жүсіпбек қаламындағы әнші Әмірхан бейнесі. Әңгімедегі ән өнерінің құдыреті. Ілияс Жансүгіров лирикасындағы табиғат  және  өнер  тақырыбы. Сәкен  Сейфуллин  өлеңдеріндегі  ұлттық болмыс, патриотизм тақырыбының" ашылуы. Ақынның суреткерлік шеберлігі, тіл өрнегі. Пейзаж, эпитет, теңеу туралы ұғымды дамыту,

 

Балалар әдебиетіндегі соғыс тақырыбы. Соғыс және қоғамның рухани өмірі. Бұл кезеңдегі балалар әдебиетінің өзекті мәселесі: Отанға сүйіспеншілік, жауға өшпендік мотивтері (Ж.Жабаев «Балама хат», «Ленинградтық өренім»). Соғыс жылдарындағы балалар өмірі, халық басына түскен қайғы-қасірет туралы шығармалар.

 

М.Әуезовтің балалар әдебиетіне салған жаңа бағыты. Балалар әдебиетіндегі Абай образы. Жазушы шығармасында адам мен табиғаттың бір-бірімен жарасымды тіршілік ету қажеттігі басты идея ретінде салынуы. Жазушының тіл шеберлігі. Тақырып пен идея туралы үғымды дамыту.

 

Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы қазақ анасының ұлттық бейнесі. Анаға деген махаббат, сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыруда көркем сөз құдыреті.

 

1960 — 2000 жылдардағы балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері: М.Иманжанов, С.Бегалин, М.Мақатаев, Т.Айбергенов, Қ.Мырза Әлі, С.Жиенбаев, Ш.Мұртаза, Х.Бекхожин, О.Бөкеев, М.Шаханов, А.Асылбеков т.б. Балалар әдебиетінің жанр, түр жағынан күрделенуі. Балалар жазушылар қаламынан туған шығармалар тақырыптарының әр түрлілігі.

 

Балалар әдебиетіндегі әлем халықтарының озық шығармалары: Ш.Айтматов, Н.Хикмет, Ә.Желлун, Л.Толстой, А.Чехов, Д.Родари, Э.Хемингуэй, Х.Андерсен, Э.Распе, Р.Киплинг т.б. Аударма балалар әдебиетінің ерекшеліктері.

 

 

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ҮЛГІ ТАҚЫРЫПТАРЫ

 

1. Балалар халық ауыз әдебиеті - балалар әдебиетінің арналы бұлағы.

2. Абай және балалар әдебиеті.

3. Ы.Алтынсарин — балалар әдебиетінің атасы.

4. Балалар әдебиетіндегі соғыс такырыбы.

5. 60 — 90 жылдардағы қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері.

6. Балалар әдебиетіндегі әлем халықтарының озық шығармалары.

7. Балалар ауыз әдебиетіндегі жыр және олардағы халық даналығы.

8. Жыраулық поэзиядағы балалар әдебиетіне тән үлгілер.

9. С.Көбеев — балалар жазушысы.

10. Қазіргі балалар поэзиясының көрнекті өкілдері.

 

 

СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ОРЫНДАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПІТАРЫ

 

1.  Ертегілер - халық даналығының айнасы.

2.  Махамбет-поэзиясы қазақ балалар әдебиеті дамуындаіы жаңа белес.

3.  Абайдың қара сөздеріндегі даналық ойлары.

4.  Ш.Уалихановтың ауыз әдебиетінде алатын орны.

5. Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі тарихи - әлеуметтік Оның балалар әдебиетінің дамуына әсері.

6. М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы бала жанына жақын Абай  образы.

7.  Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы ана бейнесі.

8.  С.Сейфуллин, І.Жансүгіров лирикасындағы табиғат көріністері.

9.  Қазақ балалар әдебиетіндегі әлем халықтарының озық шығармалары.

10.  Қазіргі балалар әңгімесінің көркемдік ерекшеліктері.

 

 

СТУДЕНТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫІІТАРЫ

 

1.  Бастауышта « Ана тілі» оқулықтарындағы халық ауыз әдебиеті үлгілерінің берілуі.

2.  Батырлар жырындағы арулар бейнесі.

3.  Батыр тұлпарын суреттеуде қолданылатын теңеу сөздер.

4.  Шәкәрім Құдайбердіұлының балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

5. С.Көбеевтін, «Орындалған арман» атты мемуарлық кітабындағы дәуір сипаты.

6. М.Әуезовтің балаларға арналған әңгімелеріндегі адам мен табиғаттың арабайланысы тақырыбының ашылуы.

7.  Бастауышта « Ана тілі» оқулықтарындағы мысалдар, олардың танымдық, тәрбиелік мәні.

8. Б.Момышұлы шығармаларындағы қазақ жауынгерлерінің ерлігі

9 Жүсіпбек қаламындағы әнші Әмірхан бейнесі.

10. Балаларға арналған фантастикалық шығармалардың танымдық, тәрбиелік мәні.

 

 

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

 

1. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы.-А., 2004.

2. Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы. Оқу құралы. - А., 2003.

3. Аймауытов Ж. Таңдамалы шығармалар жинағы. - А., 2003.

 

 

4. Айтжанова Қ. Қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамасы. Оқу құралы.-А., 2002.

5. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. - А., 2005.

б. Әуезов М. Қилы заман: әңгімелер және хикаяттар. - А., 2004.

7. Байтұрсынов А. Шығармалары. - А., 2004.

8. Бітібаева Қ. Абай шығармашылығын оқыту. - А., 2003.

9. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. - А., 2003.

10.Дулатұлы М. Оян, қазақ! Өлеңдер, аудармалар. - А., 2004.

11 .Ертегілер. Қазақ халық әдебиеті көп томдық. - А., 2000.

12. Жансүгіров I. Өлеңдер. -А., 2004.

1З. Жеті ғасыр жырлайды: 14- ғасырдан 20- ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жазушылардың шығармалары.Құраст: Дүйсенбайұлы Е.- А.,2004.

14. Қазақ мақал-мәтелдері. Құраст: Ж.Малайсарин. - А., 2005.

15. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т:7.Кеңес дәуірі (1917-1940).Құраст: Қирабаев С- А., 2004.

16. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т:8.Кеңес дәуірі (1941-1956). Құраст: Қирабаев С- А., 2004.

17. Қазақ әдебиеті. Авт: Х.Әбдібаев т.б. - А., 2002.

18. Майлин Б. Әңгімелер,- А., 2004.

19. С.Сейфуллин. Көкшетау: өлеңдер мен дастандар. - А., 2004.

2О. Сөз өнерінің сырлары. Әдебиеттану. Құраст: Дайыров Ә. т.б. -А.,2003.

 

 

 

Авторы: Қабатай Бидана Тұрсынханқызы — Абай атындағы ҚазҮПУ -дің ага оқытушысы, п.ғ.к.