Типтік оқу
бағдарламасы
Жоғары кәсіптік білім
Мемлекеттік
емтихан
050102 - Бастауыш оқыту
педагогикасы мен әдістемесі мамандығы үшін
АЛҒЫ СӨЗ
1. Абай атындағы Қазақ
Ұлттық педагогикалық университетінің «Білім» тобындағы мамандықтар
бойынша Оқу-өдістемелік секциясы ЖАСАҒАН және ҰСЫНҒАН
2. Қазақстан Республикасы
білім және ғылым министрлігінің 22.06.2006ж.,
Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының Хаттама шешімімен
БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА рұқсат етілген.
3. Алғаш енгізілген
4. Типтік оқу бағдарламасы 050102-Бастауыш оқыту
педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша мемлекеттік
жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес дайындалған.
5. Бағдарламаны Абай атындағы Қазақ
Ұлттық педагогикалық университетінің
психология-педагогика факультетінің кеңесі ұсынған.
«28» 09.2006, №1 хаттама.
Типтік бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министірлігінің рұқсатынсыз
көбейтілмейді және таратылмайды.
ТҮСІНІКТЕМЕ
Бітіруші
курста мамандық бойынша кешенді мемелекеттік емтихан өткізу
жүзеге асырылады. Ол болашақ бастауыш мектеп
мұғалімдерінің теориялық және әдістемелік
дайындығын тексерудің құралы болып табылады.
Емтиханға
бастауыш оқытудың теориясы мен технологиясы курстарынан
олардың мектептегі «Қазақ тілі» және «Математика»
курстарындағы ұғымдар мен әрекет тәсілдерді
оқыту технологиясының мазмұнын ашатын дербес, нақты
мәселелер енгізілген. Мұнда осы пәндерді оқытудың
жалпы теориялық мәселелері өзінше, жеке енгізілмеген, алайда
олар бастауыш оқыту теориясының мәселелеріне жауап беру
барысында қолданылып отырылуы мүмкін. Бұл
мұғалімнің тәжірибелік жұмысына қажетті,
бастауыш оқыту мен технологиясы курстары бойынша алған білімі мен
біліктерін, оларды меңгерудің деңгейін осы білімдерді
өзінің болашақтағы тәжірибелік қызметінде
пайдалануымен байланысты анықталған мүмкіндік туғызады.
Бітірушілер
емтиханда, ең алдымен, бастауыш оқытудың теориясы мен
технологиясы курстарынан алған білімдерін практикада қолдану
біліктерін көрсете алулары тиіс. Сондай-ақ олар бастауыш
оқытудың мазмұны, әдістері, формалары және
құралдары жөніндегі білімдерін көрсете алатын болулары
және өздерінің жауаптарын дәстүрлі
әдістемеден алынған нақты мысалдармен негіздеп қана
қоймай әдістемелік ғылымның даму тенденциясы қазіргі
заманғы педагогикалық технологиялар туралы білімдерін де
көрсете алулары керек. Бітірушілер сәйкес мысалдарды келтіру
барысында мына сияқты тәжірибені біліктерді көрсете алулары
қажет: мақсатты анықтау, бастауыш сыныптардың
оқулықтарындағы тапсырмалардың әдістемелік және
мағынасын айқындау, оқыту теориясы мен технологиясының
тәжірибелік мәселелерін шешуде теориялық білімдерді
қолдана білу. Сонымен бірге, олар нақты сұраққа
жауап беру барысында оқушыларды, қарастырып отырған
мәселені енгізуге дайындау технологиясының, оны
оқып-үйренудің, бекіту мен қайталау
технологиясының, оқушылардың білім, білік және
дағдыларын тексеру мен бағалау технологиясының
мән-мағынасын аша білулері тиіс. Бітірушінің осындай ретпен
берген жауабы оның бастауыш оқытудың теориясы мен технологисы
бойынша кәсіби дайындаудың деңгейін дұрыс бағалауға,
яғни қойылып отырған мәселенің
мән-мағынасын баяндауының дәлелдігін, жауабының
сауаттылығын, қисындылығын, ғылымилытын және жауап
беру барысында қолданған терминдерінің орындылығын
дұрыс бағалауға мүмкіндік туғызады.
Мемлекеттік
емтихан билеті бірі математиканы оқыту теориясы мен технологиясы курсынан,
ал екіншісі қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы
курсынан алынатын екі сұрақты қамтиды.
Мемлекеттік
емтиханға әзірлену барысында студенттер оның
бағдарламасымен және жауаптарға қойылатын талаптармен
таныстырылуы тиіс. Оларға мемлекеттік емтихан бағдарламасына
енгізілген мәселелердің
мән-мағынасын аша
түсетін шолу түріндегі лекциялар оқылады. Бұл лекциялардың
мазмұны бастауыш оқыту теориясы мен технологиясының қазіргі
кездегі өзекті мәселелерін және педагогика ғылымы мен
озат тәжірибенің соңғы жетістіктерін аша түсуге
бағытталуы тиіс. Сондай-ақ мұнда мемлекеттік емтиханның
нақты сұрақтарына берілетін жауаптардың үлгілерін
сипаттайтын мысалдар келтіріледі.
Емтихан
барысында бітірушілер темендегідей әдебиеттерді қолдана алады:
-
ҚР бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты;
- Математикадан
бастауыш сыныптарға арналған типтік бағдарлама;
-
050102-Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі
мамандығы үшін типтік бағдарламалар;
-
Мемлекеттік емтихан бағдарламасы;
-
Бастауыш сыныптарға арналған оқулықтар;
- Баспа негізіндегі дәптерлер,
бастауыш сыныптарға арналган дидактикалық
материалдар, дидактикалық ойындар мен қызықты жаттыгулар.
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен
технологиясынан бақылау сұрақтарының мазмұны.
Сауат
ашу технологиясы. Сауат ашу кезеңдері (әр кезеңнің
мақсат-міпдеттері, мазмұны). Сауат ашу кезеңіндегі оқу
мен жазу сабақтары, олардың түрлері, құрылымы
және мазмұны.
Сауат
ашу кезеңінде жазуға үйрету технологиясы:
Каллиграфиялық дцгды қалыптастыру. Жазуға
үйретудің әдіс-тәсілдері.
Әдебиеттік
оқу технологиясы. Оқудың түрлері (саналы, дұрыс,
шаншаң, мәнерлі оқу). Оқу барысында кездесетін
қателердің негізгі түрлері, дұрыс оқуға
үйрету жолдары. Шапшаң оқуға үйрету
жұмыстары. Мәнерлеп оқуға үйрету. Әр
түрлі жандардағы әдеби шығармалармен жұмыс жасау
әдіс-тәсілдері. Көркем шығармаларды оқуға
байланысты жүргізілетін шығармашылық жұмыстар. Сыныптан
тыс оқуды ұйымдастыру технологиясы.
Фонетиканы оқыту технологиясы. Емле
дағдысын қалыптастыру технологиясы. Емле
ережесін білудің сауатты жазу үшін маңызы. Емле жаттығуларының
негізгі түрлері. Оқушылардың емле қателерін болдырмау
және түзету жұмыстары. Бастауыш сынып оқушыларына
алғашқы лексикалық ұғымдар беру жолдары сөз
құрамын оқыту әдіс-тәсілдері.
Морфологияны оқыту технологиясы.
Синтаксисті оқыту технологиясы.
Тіл дамыту технологкясы.
Оқыту барысында
оқушылардың әрекетін ұйымдастыру
технологиясы.
БАСТАУЫШ
МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫНАН БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫНЫҢ
МАЗМҰНЫ
Дайындық
кезеңінің ұғымдарын оқыту технологиясы заттарды
санау, заттарды және олардың топтарын салыстыру, реттік және есептік
сандар, кеңістік пен уақыттың қарапайым
түсініктері.
Теріс
емес бүтін сандар нумерациясын оқытудың технологиясы: бір таңбалы
сандарды енгізуге дайындық; он көлемдегі сандар, толық
ондықтар, жүз көлеміндегі сандар; мың көлеміндегі
сандар; көп таңбалы сандар.
Арифметикалық
амалдарды және олардың қасиеттерін оқыту технологиясы:
арифметикалық амалдардың әрқайсысымен таныстыру
және олардың мән-мағынасын ашу; амалдардың
қасиеттері.
Есептеу
тәсілдерін оқытудың технологиясы: арифметикалық
амалдарды орындаудың кестелік жағдайлары; нөлмен және
бірмен байланысты арифметикалық амалдарды орындау жағдайлары;
арифметикалық амалдарды орындаудың ауызша тәсілдері;
арифметикалық амалдарды орындаудың жазбаша тәсілдері, яғни
амалдардың алгоритмдері; есептеулер орындау барысында
микрокалькуляторларды пайдалану; санның үлесін және үлесі
бойынша санды табу.
Аса
маңызды шамаларды және оларды өлшеуді оқыту
технологиясы: қарапайым шамаларды (ұзындық, масса,
сыйымдылық, уақыт, жылдамдық) енгізуге дайындық;
нақты бір шама жөнінде түсінік қалыптастыру; шаманы
өлшеудің мән-мағынасы; шамалардың өлшем
бірліктері және олардың арасындағы қатынастар;
шамалармен арифметикалық амалдарды орындау.
Есептерді
шешуге оқытып үйретудің технологиясы: бастауыш мектеп
математика курсындағы жай және құрама есептер
жүйесі; арифметикалық амалдардың әрқайсысының
мән-мағынасын ашумен байланысты жай есептер;
қатынастардың («бірнеше бірлікке артық немесе кем», «бірнеше
есе артық немесе кем», «сонша артық немесе кем», «сонша есе
артық немесе кем») мән-мағынасын ашумен байланысты жай
есептер; арифметикалық амалдардың белгісіз компәненттерін
табумен байланысты жай есептер; шамалар (баға, сан және
құн; жол, жылдамдық және уақыт; т.с.с.)
арасындағы тәуелділікті ашумен байланысты жай есептер; үлес ұғымымен
байланысты жай есептер; екі, үш және одан да көп амалдармен
шығарылатын құрама есептер.
Алгебра
элементтерін оқыту технологиясы: сандық теңцік және
сандық теңсіздік; саидық ернектер және олардың
мәндерін табу; бір әріпті өрнектер және жақшасыз
өрнектерде амалдар орындалу ережелері; қарапайым теңдеулер
және оларды шешу тәсілдері; екі амалмен шығарылатын есепті
тевдеу құрып піығару.
Геометрия
элементтерін оқыту технологиясы: қарапайым геометриялық фигуралар
(нүкте, кесінді, дөңгелек, көпбұрыш және
оның түрлері, шеңбер, тік және тік емес
бұрыштар), геометриялық фигураларды тану, геометриялық
фигуралардың (тік төртбүрыш, шаршы) анықтамасы;
геометриялық фигураларды белгілеу; фигураның периметрі және
ауданы;
бұрыштарды өлшеудің
мән-мағынасы; ауданның өлшем бірліктері және олардың арасындағы қатынастар;
шаманың үлесін және үлесі бойынша шаманы табу;
қарапайым геометриялық фигураларды (тік төртбұрыш, шаршы, үшбұрыш,
шеңбер) салу; фигураның периметрін және ауданын есептеу,
геометриялық мазмұнды есептерді шығару.
ҰСЫНЫЛАТЫН
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасы
бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты.-А.,2003.
2. Истомина Н.Б. Методика обучения
математике в начальных классах.
- А., 2000.
3. Қаражанұлы Т., Хайроллақызы
Ш. Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі. I бөлім. — А., 1995.
4. Қаражанұлы Т., Хайроллақызы Ш. Математиканың
бастауыш курсын оқыту әдістемесі. II бөлім. — А., 1995.
5. Қосанов Б.М. Математика курсындағы шығармашылық
жаттыгулар: орындау технологиясы. 1-сынып, - А.,2005.
6. Қосанов Б.М. Математика курсындағы шығармашылық
жаттығулар: орындау технологиясы. 2-сынып, - А.,2005.
7. Қосанов Б.М. Математика курсындағы шығармашылық
жаттығулар: орындау технологиясы. 3-сынып.— А., 2005.
8. Қосанов Б.М. Математика курсындағы шығармашылық
жаттығулар: орындау технологиясы. 4-сынып. - А., 2005.
9. Бастауыш мектеп математикасы бойынша оқу бағдарламалары, оқулықтар,
дидактикалық материалдар мен баспа негіздегі дәптерлер. - А., 1997-2000.
10.Оспанов Т.К. Кочеткова О.В. Методика обучения
математике в
начальных классах по
учебникам нового поколения.- Алматы:
«Атамура», 2005.
11. Акпаева А.Б. Практические и лабораторные занятия по методике
преподавания математике в начальной школе, Алматы: АГУ
им.Абая,
12.Кдырбаева А.А. и др. Внеклассная работа по математике в начальной школе. Алматы,
2000.
13.Курманалина Ш.Х. и др. Задачи и упражнения,
направленные на развитие интеллектуальных умений у младших школьников. Алматы, 2000.
14.Белошистая
А.В. Обучение математике в начальных классах.
Справочиое пособие.-М: Школьная Пресса, 2006
15.Демидова Т.Е., Чижевская Л.И. Методика обучения математике в
начальных классах. Курс лекций: вопросы частной методики.-Брянск,2001
16.ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. - А., 2002.
17.Рахметова С. Қазақ тілін
оқыту әдістемесі, - А., 2003.
18.Байқуатова О. Бастауыш
сыныптарда ана тілін жаңа инновациялық тұрғыда
оқыту. - А., 2005.
19.Уәйісова Г. Бастауыш
морфологиялық ұғымдарды оқыту, А., 1994. -20.Жұмабаева
Ә. Тіл дамыту әдістемесі. - А., 2000.
АВТОРЛАРЫ
Қосанов Б.М. -
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Абай атындағы
Қаз ҰПУ бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі
кафедрасының меңгерушісі.
Уәйісова Г.И. - педагогика ғылымдарының
кандидаты, доцент.