ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

Өндірістік практика

 

050102-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша

3 кредит

 

 

 

Алғы сөз

 

1. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша Оқу-әдістемелік секциясы ЖАСАҒАН және ҰСЫНҒАН

 

2. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 22.06.2006ж., Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының Хаттама шешімімен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА рұқсат етілген.

 

3. Өндірістік практика типтік оқу бағдарламасы ҚР-ның Білім және Ғылым Министрлігінің №289 11. 05. 2005 ж. бұйрығына сәйкес шыққын бағдарламаның орнына енгізілген.

 

4. Типтік оқу бағдарламасы 050102 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасалған.

 

5.Бағдарламаны Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің психология-педагогика факультетінің кеңесі ұсынған., «__28__» 09.2006 ж.

№ ___ хаттама.

 

 

Бұл типтік бағдарламаны Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі рұқсатынсыз көбейтуге және таратуға болмайды

 

 

Түсініктеме

 

Педагогика және білім беру жүйесін рефермалауда жалпы білім беру мектебі тарапынан мұғалім білімінің жете білушілік деңгейіне деген сұраныс өсуде. Осы деңгейдегі маман иесі жаңадан туындап жатқан ақпараттармен     хабардар болуы керек. Мұндай  маман оқу бағдарламаларының, оқулықтардың, басқа да оқу-әдістемелік материалдардың көпқырлы жағдайында жұмыс істеуге дайын болуға тиіс. Осындай мақсаттарды жүзеге асыруда педагогикалық практиканың маңызы зор

Педагогикалық практика студенттердің болашақ маман ретінде қалыптасуын қамтамасыз етеді, шынайы маман ретіндегі тұлғалық және педагогтық қырларын тануға ықпал етеді, студентердің даярлығы мен мамандыққа сәйкестілігін нақты бағалауға мүмкіндік туғызады. Практиканың негізінде кәсіби қызметке кезеқцік жүйе бойынша сну Принципі жатыр. Оқу және практикалық қызмет барысында студенгтердің іүлгалық және қызметкерлік қырлары қалыптаса бастайды. Тұлғалық қырына ғылыми көзқарасы, жалпы мәдениетінің жоғарғы деңгейі, ықпал етушілік, ақпараттық сауаттылығы, т.б. жатады. Қызметкерлік қырындағы педагогикалық қабілетін, арнайы өзіндік бағытын, кәсіби жете білушілігін (сараптаушылық, катынастық, құрастырушылық, ұйымдастырушылық, болжаушылық ) атап айтуға болады.

Қазіргі бастауыш мектеп мұғаліміне қажетті білім көлемі өсуде және оған деген сұраныс та жоғары. Ал жоғарғы оқу орнындағы оқу мерзімі шектеулі болғандықтан, жас маманға қажетті қырларын мақсатты түрде Қалыптастыру үшін оқу процесін күшейту керек. Ол үшін әр мұғалімге өмір бойы өзінің кәсіби дайындығының деңгейін көтеріп, білімін жетілдіріп отыруы қажет. Студент білім алу барысында өз бетінше білімін жетілдіру әдісін игеру керек, сын тұрғысынан ойлауды және кәсіби міндеттерді шешудің қалыптан тыс тәсілдерін табуды  меңгерулері тиіс. Осындай кәсіби шеберлікті қалыптастыруда педагогикалық практиканың маңызы орасан.

Өндірістік практика студенттерді оқытудың соңғы курсында өткізіледі. Бұл практика болашақ бастауыш сынып мұғалімін мектептегі өз бетінше жүргізетін оқу-тәрбие  жұмысына кәсіби дайындауда шешуші кезең болып табылады. Осы айтылған жайттар өндірістік практиканы өткізудің міндеттері мен мақсатын айқындайды.

Өндірістік практиканың мақсаты студенттердің алдыңғы курста алған білім, білік, дағдыларын жетілдіру және өз бетінше жүргізетін кәсіби-педагогикалық қызметке дайындық деңгейін анықтау болып табылады.

 

Өндірістік практиканың негізгі міндеттері:

 

1. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысы барысында студенттердің педагогикалық

іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту.

2. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін мынадай кәсіби-педагогикалық

қызмет түрлерін орындауға қатыстыру :

- білімдік (пән бойынша сыныптық және сыныптан тыс сабақтар өткізу);

- тәрбиелік (тәрбиелік шаралады жоспарлау және оны тартымды өткізу);

- әдістемелік (көрнекілік және дидактикалық материалдарды дайындау, бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысына ат салысу);

 

Өндірістік практикадан өту кезінде студенттер төмендегідей тапсырмаларды орындауға тиіс

1.     Студент практикадан өтетін сыныбынын барлық пәндерімен, әдістемелік әдебиетімен, оқу бағдарламаларымен танысу, көрнекі құралдар мен дидактикалық матермалдар дайындау.

2.     Бастауыш   сынып   мұғалімінің   күнтізбелік-тақырыптық   және     тәрбие жоспарларын оқып үйрену.

3.     Бастауыш сынып мұғалімдерінін, және практиканттардың ашық

сабақтарына қатысу, талдау және хаттама жазу.

4.     Мектептің оқу жоспары бойынша барлық пәндерден өз бетінше 30 сабақ дайындап, өткізу.

5.     Математика, қазақ тілі, дүниетану пәндерінен сыныптан тыс сабақтарды жоспарлап өткізу.

6.     Оқушылардың қазақ тілі, математика дәптерлерін үздіксіз тексеріп отыру, аталған пәндерден диктанг, бақылау жұмысын алу, тексеру, талдау.

7.     Мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысына қатысу.

8.     Бастауыш сынып мұғалімдерімен әдістемелік жұмыс жүйесін оқып үйрену және бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысына қатысу.

9.     Сыныптағы бір оқушыны зерттеу, оған психологиялық-педагогикалық мінездеме жазу.

 

 

Өндірістік практиканың мазмұны

 

Өндірістік практикаға дайындық жүргізу және өткізу барысында

студенттердің меңгеретіндері

а) оқып үйренуде:

- мектептің педагогикалық кеңесінің құзыры мен жұмыс мазмұнын білу;

- бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі жұмысының

мазмұнын меңгеру;

- бастауыш сынып мұғалімімен әдістемелік жұмыс жүйесімен танысу;

ә). білімін жетілдіруде:

- сабаққа дидактикалық материалдар мен көрнекі кұралдарды дайындауды білу;

- бастауыш сынып оқушыларымен оқу-тәрбиелік жұмыстар өткізуді игеру;

- сабақтың мақсаты мен міндетін анықтау, соған сәйкес оқытудың түрі мен

әдісін таңдауды білу;

- оқу материалдарын меңгертуде кіші мектеп оқушыларының оқу-танымдық      қабілетін қалыптастыру және ұйымдастыруды меңгеру;

- кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалануды білу;

- жүргізетін оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін аныктауды білу;

- кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде олардың жасы мен жекелей даму ерекшеліктерін ескеруді үйрену;

-бастауыш сынып оқушыларына тәрбие беруде ата-аналармен бірлесе  жұмыстар ұйымдастыруды меңгеру

- оқушылардың тұлғалық қабілетін аныктауда түрлі педагогикалық

   зерттеудің әдістерін колдануды меңгеру;

 

 

Өндірістік практиканы ұйымдастыру мен өткізу

 

1.                 Студенттер педагогикалық практикадан өтуі үшін мектеп әкімшілігінің келісімімен әр сыныпқа бір немесе екі практиканттан бекітіліп беріледі және практика бағдарламасында көрсетілген жұмыс ауқымын толығымен орындайды.

2.                  Практика барысында әр практикант күнделікті бастауыш сынып мұғалімінің жоспары бойынша кемінде 5 сағат жұмыс атқарады. Кейбір жағдайда ғана практика жетекшісінің келісімімен практикант сабаққа немесе сабақтан тыс шараға дайындалуы үшін сабақтан босатылуы мүмкін. Ауырып қалған жағдайда практикант дәрігерлік анықтамасын тапсыруға тиіс.

3.                 Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жүргізу үшін практикант бастауыш сынып мұғалімімен, практика жетекшісімен, педагог, психолог және әдіскер оқытушылармен ақылдасуға міндетті.

4.                 Пәндер бойынша сыныптық және сыныптан тыс сабақтарды, тәрбие сағаттарын практикант тек сынып мұғалімінің катысуымен ғана өткізеді. Кейбір сабақтар мен тәрбиелік шараларға практика жетекшісі, педагог, психолог, әдіскер оқытушылар қатысып, талдап, бағасын қояды.

5.                 Практика барысыңда әр практикант күнделік жүргізеді, оған күнделікті жүргізген оқу-тәрбие жұмысын жазып, талдайды. Сыныптағы бір оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме жазу үшін зертгеу материалдарын жинақтайды.

6.                 Әр топтағы практиканттарға староста тағайындалады, ол практика журналын толтырып, практика жетекшісінің тапсырмаларын орындайды.

 

Практика жетекшісінің міндеттері

 

- кафедра бойынша практика жұмысын жоспарлайды, өткізеді.

- қажетті құжаттарды дайындайды.

- бастапқы және қорытынды конференцияларды өткізеді.

- кафедра оқытушыларының практика өткізудегі жұмысын қадағалайды.

- мектеп әкімшілігі және мұғалімдерімен тығыз байланыс орнатады.

- мектеп әкімшілі және мұғалімдерімен бірлесе отырып студенттерді

сыныптарға бөледі.

- сабақтар мен сыныптан тыс шараларға ішінара қатысады.

- практика бойынша есеп береді.

- практиканы өткізуді жетілдіру барысында ұсыныстар жасайды.

 

 

Пәндер бойынша кафедра оқытушыларының міндеттері

- практикаға студенттердің теориялық және әдістемелік даярлығын қамтамасыз етеді.

- студенттермен бірлесе отырып, қажетті құжаттардың (жоспарлау, сараптау, қорыту, т.б.) дайындығын жүзеге асырады.

- Үнемі сабақтар мен сыныптан тыс шараларға қатысып, олардың өтілуін талдайды, түзетеді, ұсыныстарын жасайды.

- студенттерге әдістемелік, ұйымдастыру сұрақтары бойынша кеңес береді.

- студенттерге ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы кеңес береді.

- бастапкы және қорытынды конференцияларға қатысады.

- мектеп мұғалімдерімен тығыз қарым-қатынас орнатады.

- практика бойынша есеп береді.

- практиканы өткізуді жетілдіру туралы нақты ұсыныстар жасайды.

 

Педагогика кафедрасы оқытушыларының міндсттері

 

- студенттердің практикаға жаңа технологияларды пайдалану туралы теориялық және практикалық дайындығын қамтамасыз етеді.

- ішінара сабақтар мен сыныптан тыс шараларға қатысып, жүргізілуін

саралап, қажетті түзетулерін енгізеді.

- студенттерге педагогикалық процестің бірлігі туралы кеңес береді.

- студенттерге ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуі туралы  кеңес береді.

- бастапқы және қорытынды конференцияларға қатысады.

- мектеп мұғалімдерімен, психология, жекелей пәндерді оқыту кафедрасы оқытушыларымен тығыз байланыс орнатады.

- практика бойынша есеп береді.

- практиканы өткізуді жетілдіру туралы нақты ұсыныстар жасайды.

 

Психология кафедрасы оқытушыларының міндеттері

 

- студенттердің практикаға жаңа технологияларды пайдалану туралы теориялық және практикалық дайындығын қамтамасыз етеді.

- ішінара сабақтар мен сыныптан тыс шараларға қатысып, жүргізілуін саралап, қажетті түзетулерін енгізеді.

- студенттерге педагогикалық процестің. бірлігі туралы кеңес береді.

- студенттерге ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы кеңес береді.

- бастапқы және қорытынды конференцияларға қатысады.

- мектеп мұғалімдерімен, психология, жекелей пәндерді оқыту кафедрасы оқыту оқытушыларымен тығыз байланыс жасайды.

- практика бойынша есеп береді.

- практиканы өткізуді жетілдіру туралы нақты ұсыныстар жасайды.

 

Мектеп әкімшілігі мен орынбасарларының міндеттері

 

- практиканы өткізуге қажетті жағдайды қамтамасыз ету

- практика жетекшісімен, кафедра оқытушыларымен тығыз байланыс

орнату.

- студенттерді сыныптарға бөлу.

- ішінара сабақтар мен сыныптан тыс шараларға қатысу,

- бастапқы және қорытынды конференцияларға қатысу.

- практиканы өткізуді жетілдіру туралы нақгы ұсыныстар жасау.

 

Сынып жетекшісінің міндеті

 

- практиканы өткізуге қажетті жағдайды қамтамасыз ету.

- студентті сынып оқушыларымен таныстыру.

- студенттерді сынып құжаттарымен және оларды толтыру ережелерімен таныстыру.

- студенттерге оқу-тәрбие  жұмысын ұйымдастыру туралы кеңес беру

- сыныптық және сыныптан тыс шараларды өткізгенде қатысу.

- қатысқан сыныптық, сыныптан тыс шараларды сараптау.

- бастапкы және қорытынды конференцияларға қатысу.

- практиканы өткізуді жетілдіру туралы нақты ұсыныстар жасау.

 

Пән мұғалімдерінің міндеттері

 

-  практиканы өткізуге қажетті жағдайды қамтамасыз ету.

- студенттерді  оқу - тәрбие  жұмысын жоспарлау мен  өткізу  құжаттарымен,

  оларды толтыру ережелерімен таныстыру.

 

- практиканы өткізуге қажетті жағдайды қамтамасыз ету.

- сыныптық және сыныптан тыс шараларды өткізгенде қатысу.

- қатысқан сыныптық, сыныптан тыс шараларды талдау.

- бастапқы және қорытынды конференцияларға қатысу.

- практиканы өткізуді жетілдіру туралы нақты ұсыныстар жасау.

 

 

Педагогикалық практика бойынша есеп беру құжаттары

 

Практика соңына таман (практика бітуіне екі, үш күн қалғанда) практиканттар практика жетекшісіне мынадай құжаттарын тапсырады.

1.  Педагогикалық практика туралы жазбаша есебі.

2.  Педагогикалық практика күнделігі.

3.  Пәндер бойынша өткізген сабақтардың және сыныптан тыс шаралардың  жоспарларын.

4. Мектеп әкімшілігінің практиканттың жүргізген оқу-тәрбие жұмысын бағалап берген, мектеп директорының мөрі басылған мінездемесі.

 

 

Педагогикалық практиканы қорғау

 

Практиканың соңғы күні мектепте немесе университетте педагогикалық практиканы қорғау өткізіледі. Оған практика бағдарламасын толық орындаған, практика жетекшісіне қажетті құжаттарды толығымен өткізген

студент қана жіберіледі. Қорғау қарсаңында практиканттардың барлық есеп беру құжаттары практика жетекшісі тарапынан тексеріліп, бағалануы тиіс. Педагогикалық практиканы қорғауға практика жетекшісі, педагогика, психология және жекелей пәндер оқытушылары, мектеп әкімшілігінің өкілі қатысады.

 

Педагогикалық практиканы қорғау тәртібі

1.Практика барысында орындалған жұмыстар туралы практиканттың есебі.

2.Бастауыш сынып мұғалімдерінің бекітілген практиканттың жұмысы туралы қорытынды сөзі.

3. Практика жетекшісінің жүргізілген жалпы оқу-тәрбие жұмыс түрлері туралы қорытынды сөзі.

4. Студенттердің педагогикалық практикасының бағасы мен нәтижесін талқылау.

Практика жетекшісі мен сынып мұғалімдері практикантардың жүргізген жұмыстарына мінездеме береді. Онда практиканттардың өзіндік педагогикалық қызметке дайындығы, кәсіптік-педагогикалық іскерлігі мен дағдысының қалыптасу деңгейі, әлеуметтік белсенділігі (педагогикалық қызметке деген қызығушылығы, балаға деген сүйіспеншілігі, жауапкершілігі, жұмысқа шығармашылықпен қарауы, т.б.) бағаланады.

Педагогикалық практиканың қорытындысы бойынша Университетте қорытынды конференция өткізіледі. Конференцияда өндірістік педагогикалық практиканың нәтижесі талданады. Конференцияға оқушылардың сабақ барысындағы жасаған шығармашылық жұмыстарының, сонымен қатар практиканттардың сабақ барысында қолданған көрнекі құралдары мен дидактикалық материалдарының көрмесі қойылады.

 

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1.Чепиков В.Т. Педагогическая практика в началных классах. - Ростов на

   Дону. Феникс, 2002 г

2.Терехов П.П. Формирование педагогической компетентности специалиста

    социокультурной сферы. Педагогика . 2003 г. № 1

3.Лукьянова М.И. Психолого-педагогическая компетентность учителя.

//Педагогика ,-М., 2001 г. 4, «Бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі» жоғарғы білім стандарты. Алматы. 2001 ж.

 

 

Авторы-Нүсінбеков Е.Н. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті, бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасының оқытушысы