Лекция – 11
Тақырыбы: Қазақ кеңес балалар
әдебиеті. Балалар әдебиетін дамытудың теориялық
тұрғыдан зерттелуі.
Жоспар: 1.С.Сейфуллин – қазақ балалар
әдебиетінің негізін салушы.
2.Б.Майлин шығармашылығы.
3.М.Әуезов және балалар әдебиеті.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр
басындағы қазақ әдебиеті. – А., 1976.
2.СүійншәлиевХ.
Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. –
А., 1967
Лекцияның мазмұны: С.
Сейфуллин ұлт-азаттық көтеріліс кезінде еңбекші
бұқара жағында болып, халық мүддесін
қолдаған жазушылардың бірі. Оның бірнеше
шығармалары осы тұста жарық көрген. «Кел жігіттер»,
«Жолдастар» сияқты өлеңдері осы тұста жазылды.
Жазушының балалар әде биетіне қосқан қосқан
үлесі мол.
Б.Майлин 15 қарашада Қостанай облысы, Таран ауданы, қазіргі Майлин
атындағы совхозда туған. Қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі.
Алғаш ауыл молдасынан
оқып, сауатын ашты. 1911 - 1915 жж. Троицк
қаласындағы Уәзифа
медресесінде, Қостанайдағы
орысша – қазақ мектепте , Уфадағы «Медресе Ғалияда» оқып
білім алды. Орыс тілін
үйреніп, Л.Толстой, Н.Гоголь, А.Чехов, М.Горький, т.б.
классиктердің
шығармаларымен танысты. 1916 – 1919 жж. мұғалім болды,
жазушылықпен шұғылданды.
«Еңбекші Қазақ» ( кейіннен «Социалисттік Қазақстан» ) газетінде ( 1922-1923 ) қызмет
атқарды. 1923 - 1925 жж» Еңбекші қазақ» газетінде жұмыс істеді. «Ауыл тілі» газетінде бас редактор , т.б. қызметтер атқарды.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов - аса
көрнекті қазақ совет жазушысы, ұлы суреткер,
әдебиетші-ғалым, зор қоғам қайраткері, Лениндік және Мемлекеттік
сыйлықтардыд лауреаты. Оның творчествосы тек советтік қана емес,
бүкіл дүниежүзілік прогресшіл мәдениетке үлкен қазыпа болып қосылды.
Бұдан бұрын жазушыныц көп томдық
шығармалар жинағы оның көзі тірісінде 6 том (1955-1957
жылдар), ал қайтыс болганнан ке-йін 12 том (1967-1969 жылдар) болып
жарық көрген болатын. Ал оныц 5 томдық шығармалар жинағы орыс
тілінде Москвада «Художественная литература»
баспасынан (1973-1975
жылдар) жарық-қа
шыкты.
Енді Қазақ ССР Ғылым академиясының М.
О. Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер институты жазушы мүрасын 20 том етіп жариялау жүмысын қолға алды жәнс
бұл жұмыстыд «Жазушы» баспасынан 1979-1985
жылдары түгел шығып бітуі жоспарланып отыр.
Жазушы шыгармаларының бұл басылымы М. О. Әуезовтың
негізгі керкем туындыларын, гылыми зерттеу, сын
және публицистикалық еңбектерін
түгел дерлік қамткды. Бүған жазушының әр
алуан мәжілістерде, әдеби айтыс
жиындарда сөйлеген сөздері мен баяндамала-ры, қолда бар
хаттары да енбек. Бұл жұмыстың бұрынғы басылымдардан өзгешелігі, артықшылығы
осында.Алғаш
жазған
өлеңдерінің
бірі – «Мұсылмандық белгісі»
(1912) Уфадағы «Медресе Ғалияның» «Садақ» қолжазба журналында
(1913) жарық көрді. Тұңғыш жазба
түрін көрген шығармалары –
«Қостанай уезі. Дамбар болысы »
очеркі, «Көңіліме» атты
өлеңі (1914);
«Шұғаның белгісі»
повесі (алғашқы нұсқасы 1914);
«Болған іс» әңгімесі (1915) «Айқап»
журналында, «Қазақ» газетінде жарияланды. Осы кезеңнен бастап,
поэзиялық туындыларымен
қатар, прозалық шығармаларды да өндірте жазды.
Бақылау сұрақтары:
1. І.Жансүгіровтың балаларға арнап
жазған «Малта», «Шәркей»шығармаларындағы еңбек
тәрбиесінің көрінісін анықта..
2.
С.Мұқановтың балалар әдебиеті саласындағы
еңбектері.
3. А.Тоқмағамбетовтың балаларға
арналған «Шойын караның ойын қара», «Тапқаны
ғылым емес пе» өлеңдерінің мазмұны,
тәрбиелік мәні неде.
Лекция - 12
Тақырыбы: Ұлы
Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті.
Жоспар:
1.Балалар әдебиеті және соғыс жылдары
2. Балалар
әдебиетінің соғыс жылдарындағы жетістіктері.
3. Жамбыл поэзиясының
тәрбиелік мәні.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1. Жұмабаев М. Тандамалы
шығармалары. - Алматы., Ана тілі. 1992
2. Дулатов М. Оян, қазақ! -Алматы., 1991
3.Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту.
– А., 2003.
4.Бес ғасыр жырлайды.
– А., 1991.
1941 жылы 22 июньде
Ұлы Отан соғысы басталды. Ер жүрек совет халқы
өзінің барлық күштерін Отан қорғау жұмысына бағыттау ісіне кірісті. Совет
Одағындағы істеліп жатқан
барлық жұмыстар соғыс мүддесіне сәйкес қайта
құрылды. Совет азаматтары майданға, советтік Отанымызды қорғауға аттанды.
Барлық совет азаматтарымен бірге жазушыларымыз:
Қалмақан Әбдіқадыров, Тайыр Жароков, Баубек Бұлқышев,
Әбу Сәрсенбаев, Жұмағали
Саин тағы басқа жолдастар майданға аттанды. Тіпті сол кезде тоқсаннан
асқан қарт ақын Жамбылдың өзі де майданның
алдынғы қатарындамын деп есептеді. Оның «Ленинградтық
өрендерім» өлеңі барлық Совет Армиясына үлкен рух
беріп, неміс басқыншыларына қатты соққы болып тигені
әлемге аян. Мұндағы «Интернационалдық
негіздің мықтылығы, халықтар достығының мызғымас беріктігі,
тұтастығы зор роль атқарды. Коммунистік партия
тәрбиелеген бұл қасиеттер әдебиетте көркем суреттік бояуын тауып көрінді1.
Отан соғысы жылдарындағы балалар
әдебиетіенің негізгі
тақырыптары майдандағы ерлік күрестер мен тылдағы
азаматтардың өндіріс пен ауыл шаруашылығындағы қаһармандық еңбектері
жайында болды.
Жамбылдың балаларға арналған
өлендерінде алдымен жер жүзі пролетариатына
қамқорлық жасап отырған Коммуннстік партияның
басшылық ролі бірінші қатарда жырланады.
Ұлы Отан согысы жылдарында
жазушылар барлық совет халқына, сонымен қатар жас өспірімдерге де рухани азық боларлық олардың
жігер-қайратын шыңдай түсетін жақсы
шығармалар берді. Бұл жөнінде жас жауынгер Баубек
Бұлқышевтің «Өмір мен өлім туралы» «Шығыс
ұлына хат» (1943) әңгімелерін ерекше атаймыз. Баубектің
осы әңгімелерінін бәрінен де тауы қайтпаған
жалынды жастық шақтың Отанына беріле қызмет ету жайындағы патриоттық сезімдері, ерлік
істері көрінеді. «Ұр да жық ақымақ фрицтер
біздің жастығымызды, болашағымызды құртқысы
келеді.
Баубек Бұлқышев жастар алдында осындай
патриоттық сөздерімен
нысаналы мақсаттар қоя отырып, Отан үшін, өмір
үшін күресуге шақырады.
«Отаның үшін жан
пида» деген патриоттық сөздер жас өспірімдердің
жауға деген өшпенділігін арттырып, Отан үшін аянбай
күресуге шақырады. Адамдағы ұлы қасиет —
қашан да оның патриоттық қайсарлығы ғой.
Баубек те патриоттық ұждамы бар азамат еді. Оның барлық шығармаларының идеясынан
Отанына деген қалыңды
патриоттық сөздер", жастарды аяғынан тік
тұрғызатын күдіреті
күшті, айбарлы да ықпалды серпін есіп тұрады.
О, жастар, о, құрбылар! Біз келешек
ұрпақтардың алдында жауапты болмайық біз олардың келешегін өртке
шалдырмаймыз. Біз аталарымыз қанды майданда күреспен жеңіп
алған тамаша дәуірді мақтанышпен өткізуіміз керек. Біз
келешек үшін туған Ильичтің жастары екенімізді естен
шығармауымыз керек»,— дейді Отан соғысына аттанған совет
азаматтарының қайсысы болса да осындай
табандылықпен, осындай игі мақсатпси өз Отанын фашистік
басқыншылардан қорғап қалу үшін аянбай алысты. Майданда ерлікпен қаза тапқан
Баубек Бұлқышевтің патриоттық сезімдерге толы бұл
еңбектері балалар әдебиеті мұраларының
қорына еніп, өзінің тністі орнын тапты. Бұл—
өлместік еңбек. Біздің жас өспірімдеріміз Баубек Бұлқышевтің
мұндай шығармаларын сүйсіне оқиды.
Қазақстан жазушылары совет
халқының фашизмге қарсы жеңісті күресіне арналған
совет адамынын ұлы рухын, ерлігін, өзінің социалистік Отанына
деген шексіз сүйіспеишілігін ашып
көрсететін осындай талантты шығармалар
жасады. Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиетінің жалпы идеясы неміс
фашистерімен күресіп жатқан
халқымыздың жауын жеңіп, тізе бүктіруді көздеген бір мақсаттас пікірін, ойын
көрсетуге арналды. Жауды жеңіп, баянды бейбіт
өмірімізді қайта орнататынымызға зор сенім білдіре,
болашаққа үміттендіре, жігерлендіре жырлады. Оның
патриоттық, тәрбиелік күші де
осынысында еді.
Отан соғысы жылдарында балалар
әдебиеті тақырыбына
жазылған шығармалар нақтылы оқиғаның
негізіне құрылған.
Мұндай шығармалар балаларға оқиғасының әрі
қызықты болуымем әсер
етеді, неміс фашистерінің хайуандық, опасыздық істеріне
жандары төзбей, ашу-ызаларын
төгеді. Жағымды кейіпкерлерге жаны ашып, майданның
алдыңғы шебіне кеткендегі опық тағдыры не болар екен деп, абыройлы оралуына
тілектестік білдіріп, оқырманның өзін патриоттық
рух билеп отырады. Әбдіқадыров
Қалмақанның «Жетім құлын» (1942), Ғали
Ормановтың «Бөбек жүрегі» (1944) деген өлеңдерінде
майдан өмірінің аянышты халдері суреттелген. Адам түгіл
қызыл канға боялып жатқан Отан жерінің қара
кесегі де біздер үшін тым аянышты болады. Қалмақан «Жетім
кұлын» өлеңінде арбаға жегіліп бара жатқан
майдандағы қос жылқыға снаряд түсіп
қирағанын, соның біреуінің құлыны
өліп жатқан енесін иіскеп, шарық ұрып шауып, кісінеп
жүргенің соншалық әсерлі суреттеген.
Ғали Ормановтың «Бөбек
жүрегі» деген өлеңінде де дәл
осындай патриоттық жарқын идея бар. Неміс басқыншыларын
батысқа қарай сырып, өз Отанымыздың әрбір сүйем жерін босатып алып жатқан Совет
Армиясының командирлігіне жау тылында қалып қойған
балалардың айтқан
сөздері, олардың көрген, бастарыман кешірген азап-ақыреттері суреттелген.
Қазақ совет
балалар әдебиетінің дамуы тек өлеңдер мен
әңгімелер, очерктер көлемінде шектеліп қалған
жоқ. Отан соғысы
тақырыбынан балаларға арнап бірінші рет повесть жазған Сәуірбек
Бақбергенов еді де, поэма жазған Мәрпям Хакімжанова еді. Екі рет батыр атағын алған Бигелдиновтың
ерлік өмірімен жазылған С. Бақбергеновтың «Талғат»,
Жекен Жұмақановтың «Әлия Молдағұлова» атты повестері басылып шықты да, Совст Одағының Батыры Мәншүк
Маметова жайында М. Хакімжанованың «Мәншүк» деген
поэмасы 1945 жылы жарияланды. Мұнымен қоса кейін шыққан
Әли Шәріповтің «Партизан қызы» атты повесі жарық
көрді.
Ақын Мәриям Хакімжанова өзінің балаға деген
аналық сүйіспеншілігігі
ортаға сала отырып, барлық ақындық
өнерімен, үлкен патриоттық сезіммен Совет Одағының Батыры Мәншүк Маметова туралы
адам жанын тебірентетін поэма жазды.
Поэманың алғашқы бетін ашқанда-ақ Мәншүктің сәбилік
шағын суреттеген балдырған
баланын әдемі, сүйкімді кескіні мен қызықты қылықтары көз алдына келеді.
Ана үшін ең
қызық ең тамаша мөлдір махаббат баласының жастық шағы мен
оның алдағы бақытты болашағын аңсау
ғой. Ана жүрегі сол үшін тебірепіп, сол үшін бәйек болып отырады. Мариям
Хакімжанова Мәншүктің
жастық шағын суреттеуде осындай пснхологиялық моменттерді келістіре айтып, оның
барлық адамгершілік сипаттары
мен майдандағы ерлік істерін жас өспірімдерге үлгі
етіп көрсетеді. Поэманың барлық желісінен ана мен бала арасындағы өмір байланысы
көрініп, Отан алдындағы азаматтық борыштары, идеялық
мақсаттары сөз болып отырады. Кәмелеттікке жаңа
жеткен майдандағы қыз баланың дүниені таң
қалдырған әрбір ерлік істері біздің
ерендеріміздің патриоттық рухын көтеріп, өздерін де
Отан алдында Мәншүктей қызмет етуге, әрқашан
әзір тұрдтындай қабілеттілікке тәрбиелейді.
Поэмада, әсіресе, балаға деген
ана махаббатының соншалық шексіз
екенін суреттеу жағы жас өспірімдерге үлкен
өнеге болумен қатар, оларға үлкен міндеттер
жүктейді. Шынында балалар да анасының осындай зор
қамқорлығын өтейтіндей еқбек етіп талаптанатынын
Мәншүк образынан айқын көруге болады. Әңгіме
өзінің құрдастары
жайында айтылып отыратындықтан, балалар мұндай
шығармаларды, әсіресе соғыс тақырыбына жазылған
шығармаларды аса сүйсініп, қадірлеп оқиды.
Мұнымен қатар поэманың
композициялық құрылысы да, сюжеті де, сөз қолдану шеберлігі жағынан
тілінің айқындығы мен дәлдігі және
оның музыкаға, әнге бейім тұратындығы да балалар
әдебиеті тақырыбына тән қасиеттер. Қорыта айтқанда, Мариям Хакімжанованың
«Мәншүк» атты поэмасы балалар әдебиеті мұрасына
қосылған үлкен үлес. «Шу
өзенінің бойымен жүре берсеңіз Хан және Жамбыл
деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қонып
жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған
қатты боранды күні мен туыппын. Маған
сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып тағылыпты.
Бұл 1846 жылы февраль айы екен. Менің әкем Жабай шоқпыт шапанды көшпелі кедей
болған.
Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық
дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты
да, арықты да
көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным болды. Мен киіз үйде
өстіпті. Сол кездегі барлық
қазақ балаларындағы мені де көшкенде бесігіммем алып
жүрді. Бала кезімде мен тентектеу
болдым. Қарттарды да, әкемді де тыңдағым келмеді. Мені қозы бағуға жіберетін, мен бармай қоятыммын. Маған отын тер дейтін, мен тіл алмай қасаратынмын.
Бақылау сұрақтары:
1. Соғыс жылдарындағы балалар
әдебиетінің жетістңктері.
2. Жамбыл поэзиясындағы патриоттық көріністер.
3. Б.Момышұлы шығармаларының
тәрбиелік мәні.
4. Соғыс жылдарындағы ерлікке,
тапқырлыққа, батырлыққа толы
шығармалардың көркемдкі ерекшілігі.
Тпасырмалар:
1. Ж.Жабаев «Балама хат» өлеңінің
мағынасы.
2. Б.Момышұлы «Артымызда Москва»
шығармасының тәрбиелік мәні.
3. Ғ.Мүсірепов «Ананың арашасы»
әңгімесіндегі ана бейнесінің ерекшелігі