Лекция -13

Тақырыбы: Ұлы Отан соғысынан кейінгі дәуірдегі балалар әдебиеті (1946-1980ж.ж.) Қ.Аманжолов шығармаларының көркемділігі.

                               Жоспар:

1. С.Бегалин шығармаларындағы ауыл адамдарының өнегелі өмірінің көріністері.

2. Ө.Тұрманжановтың өлеңдерінде жасөспірімдерді ерлік, ынтымақ, бірлікке баулу белгілері

      Пайдаланған әдебиеттер:

     1.Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. – А., 1974.

     2.Алпысбаев Қ. Қазақ әдебиеті. – А., 1992.

     3.Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. –  А., 1976ж.        

     4.Садырбаев С. Қазақ  халқының ауыз әдебиеті. – А., 1977.

            Лекция мазмұны: Отан соғысы жылдарынан кейін балалар әдебиеті тақырыбына жазылған шығармалар нақтылы оқиғаның негізіне құрылған. Мұндай шығармалар балаларға оқиғасының әрі қызықты  болуымем әсер етеді, неміс фашистерінің хайуандық, опасыздық істеріне жандары төзбей, ашу-ызаларын төгеді. Жағымды кейіпкерлерге жаны ашып, майданның алдыңғы шебіне кеткендегі опық тағдыры не болар екен деп, абыройлы оралуына тілектестік білдіріп, оқырманның өзін патриоттық рух билеп отырады. Сондай тақырыптарда бірнеше шығармалар жазған көрнекті қаламгерлеріміздің бірі Қасым Аманжолов.

        Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында1911 жылы туды.Ата-анадан жастай жетім қалған Қасым Семейге барып интернатқа орналасады. Ол 1927 жылдан бастап Семейдегі мал дәрігерлік техникумында оқиды. 1930 жылы Қасым Алматыға келіп, «Лениншіл жас» газетінде қызмет істейді. Біраз уақыт Ленинградтың  орман шаруашылығы инстнтутында оқыды. Бірақ денсаулығына және оқи бастаған мамандықтары ұнай қоймауына байланысты оқу орындарын тамамдамаған.

Ақын көп өлеңің майдан өмірін және майдангерлерді суреттеуге арнайды. Олардың қатарында «Қанкүйлы жау», «Отан соғысы туралы жыр», «Үстімде сүр шинелім», «Май майданда», «Подполковник Альпинге», «Мартбек», «Жеңіс даусы», «Сен фашиссін, мен қазақпын», «Қызғалдақ» секілді жақсы өлеңдер бар. «Байқал», «Орал», «Ертіс», «Сарыарқа», «Сібір» секілді өлеңдерін Отан жерінің тұлғалы орындарына арнанды. Майданда, арпалысты күресте жүріп ақын дағдылы от басын, көңілдес достар сағынды. Ол Бейбіт өмірді , тыныштыұқты , көңілдес жандарымен кеңесіп, кейде өлең жайлы пікір шерткен  сағаттарын еске алады. Өмір туралы , бүгіні мен болашақ жайлы ақының «Достар , қайда жүрсіңдер?», «Елге хат», «Ғалиге», «Сәбмтке», «Қапанға» , «Еркін ініме», «Абайға» секілді өлеңдері туады. 

Ақынның өлендері 1946 жылы «Гроза» деген атпен, 1949 жылы «Стихи» деген атпен жеке кітап болып орысша басылды. Осы жылдарда ақын Пушкиннің «Чаадаевқа», «Еркіндік» өлеңдерін, «Полтава» поэмасын, Лермонтовтың, «Тұтқын», «Ақын ажалы», «Қанжар», «Теректің сыйы», «Желкен» өлеңдерін аударған.

Бұл тұста акын сатираға біраз бет бұрды.. 1949—1950 жылдары қырық шақты өлең жазған. Олардың қатарында «Трумэнге», «Аденауэр», «Бактерия қоролы», «Дүние сыймас бомбаға», «Дүние дұшпандарына» атты сатиралық өлеңдері бар. Бұл кезде Қасым бейбіт өмірді өркендеткен өз еліміз туралы «Қуанышқа», «Бақытқа», «Отыз үш жыл», «Қазақстан коммунистеріне», «Аралым, айдын шалқарым», «Есімде Эмба  өзені», «Сырдария аңызы», «Коммунизм көктемі», «шықты егінге колхозшылар», «Жылқышы», «Күн көтерген қарындас», «Комсомолдар колоннасы», «Жастық жыры» сияқты бейбіт өмірді көркейтуші еңбеккерлерді жыр   ететін өлеңдер   жазады. Ақын   «Біздің, дастан» поэмасын жазу үстінде болады. Осы мезгілде ол тәжік ақыны Миршакардың «Алтын қыстақ» поэмасын қазақшаға аударады; әдебиет жайында пікірлер толғап, Иса туралы баяндама жасайды, жастар творчествосын сөз етіп мақала жариялайды.

 

       Бақылау сұрақтары:

    1.Ө.Тұрманжановтың «Сабан той», «Ащы терден тәтті нан» әңгімелерінің идеялық мазмұнын ашу.

    2.Қ.Аманжоловтың «Үстімде сұр шинелім», «Отан соғысында» өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ашу.

 

Лекция – 14

 

 Тақырыбы:Қазіргі заман балалар әдебиеті. Балаларға арналған шығармалардың құндылығы.

 

                Жоспар: 1.   Қ. Баянбаев – балалар жазушысы.

2.     Е. Ерубаев ақын, драматург.

Пайдаланған әдебиеттер:

     1.Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. – А., 1974.

     2.Алпысбаев Қ. Қазақ әдебиеті. – А., 1992.

     3.Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. –  А., 1976ж.        

     4.Садырбаев С. Қазақ  халқының ауыз әдебиеті. – А., 1977.

 

       Қ. Баянбаев қазақ балалар әдебиетіне үлкен үлестер қосқан жазушыларымыздың бірі. Олбалаларға арнап көптеген шығармалар жазған. Қ. Баянбаевтың шығармалары балалардың ой-сезімін оятып оларды еңбек сүйгіштікке, бауырмалдылыққа, кішіпейілділікке, қайрымдылылыққа баулиды.

Айжан қойшының түндері.  Бұл әңгіменің алғашқы аты «Екі әйел – екі дүние» болатын. Әңгіме алғаш рет «Социалистік Қазақстан» газетінің 1977 жылғы 20,22 ақпандағы сандарында жарияланды. Бұдан кейін жазушының үш томдық таңдамалысында (1980) және «Қазақ әйелі» атты кітабында (1982) басылды.

«Екі әйел – екі дүние» атты әңгімені «Қазақ әйелі» (1982) атты кітабына жіберер алдында автор жөндеп, оған түбірлі өзгерістер жасады. Ең алдымен, жазушы әңгіменің атын «Айжан қойшының түндері» деп өзгертті. Әңгіменің алғашқы нұсқасында жазушы екі қоғамның – социалистік және капиталистік қоғам мүшелерінің өмірін алма-кезек сүреттеп салыстыра көрсететін. Міне осы түзетулерге қарап, бұл әңгімені түбірімен өзгерген, композициялық құрылысы тың жаңа шығарма деп санауға да болатын тәрізді. Бұл әңгіменің «Айгүл қойшының күндері» атты әңгімемен тақырыптас,идеалық мазмұны өзектес болған соң, екі әңгіме де осы томға бірінен соң бірі қатар беріліп отыр. Бірін-бірі толықтыратын «Айгүл қойшының күндері», «Айжан қойшының түндері» атты әңгімелерден кейінірек жазушының бір шығарма шығару, яғни, дәлірек айтсақ, бір киносценарий жазбақ та ойы бар болатын. Сондықтан да автор бұл екі әңгімесіне ұқсастау ат қойып еді.Кейіпкерлерінің есімін де ұйқастырып койып еді, марқұм.

Бес томдық шығармалар жинағына «Айжан қойшының күндері» атты әңгіме 1982 жылы шыққан «Қазақ әйелі» атты кітаптағы текст бойынша жіберілді.

Ана жыры. Әңгіме тұнғыш рет «Қазақ әдебиеті» газетінің 1977 жылғы 22 сәуірдегі санында жарияланды. Одан кейін жазушының 1980 жылы «Жазушы» баспасы шығарған үш томдық тандамалының бірінші томына және 1982 жылы «Жалын» баспасы шығарған «Қазақ әйелі» кітабына енді.

Бес томдық шығармалар жинағына «Ана жыры» әңгімесі 1980 жылы шыққан үш томдықтағы текст бойынша кіріп отыр.

Бақылау сұрақтары:

1.                           Қ.Баянбаевтың «Балаларға базарлық», «Қолшатыр көтерген он батыр» шығармаларының тәрбиелілігін ашу.

2.                           Е.Ерубаевтың балаларға арналған «Кім қорқақ, кім айбатты» өлеңдерінің мәні.

3.                           «Бір қоржын жаз», «Жақсы мен жаман» шығармаларынан балалардың алар әсері.