Лекция -15

 

Тақырыбы: Орыс және шетел балалар әдебиеті. Орыс халқының ауыз әдебиеті оның дамуы мен қалыптасуы.

        Жоспар:

1. Балаларға арналған Пушкин ертегілерінің тәрбиелік мәні.

         2.М.Лермонтов шығармаларындағы балалар бейнесі.

         3.Шетел балалар әдебиеті.

 

Орыс халқының ауыз әдебиеті, ертеден қалыптасқан. Орыс балалар фольклоры бірнеше түрге бөлінеді. А.Пушкиннің балаларға арнап жазған ертегілерінің тәрбиелілік мәні мол.Сонымен қатар орыс жазушысы Л.Толстой, И.Тургенов балаларға арнап даналық мазмұны мол мұралар қалдырды

     Балалардың оқитын туындылары халық ертегілері. Мұнда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесі, әдет - ғұрыпы, кәсібі, мәдениті жөніндегі мәліметтер аса көркем, әдемі түрде, халыққа тән шеберлікпен жеткізіледі. Ертегілерде баяндалатын ғажайып, фантастикалық оқиғалар балалардың ойын қозғап, оларға өмірдің сан алуан жақтарын көрсетеді, қиялдардын ұштайды.

Ертегілердегі балаларды аса қызықтыратын тағы бір жәйіт - кейіпкерлердің аса айқын, дәл суреттелетіндігінде, олардың әрекеттері, іс - қимылы, мінездері қатты әсер етіп отырады. Тіпті жағымсыз кейіпкерлердің өздері де ақымақтығымен, құлығымен балаларды  таң - тамаша  қалдырады.

Балаларды ертегілермен таныстыру кезінде оқу материалдары белгілі бір жүйемен, тиісті мөлшерде бірте-бірте берілген жағдайда ғана оқитының қызығушылығы оянып, ол өз бетімен оқи білуге  жағдай  туындайды.

Халық ауыз әдебиетінің үлгілері тақырыптың, көркемдік жағынан түрлі болған сияқты, сабақтардың мазмұны, өткізу жолдары, орындайтын тапсырмалыры да әр алуан келеді. Ертегілермен таныстыруға арналған сабақты кіріспе сөзбен бастаған мұғалім: «Ертегі - халық өмірін суреттейтін фантастикалық оқиғаларға құрылған көркем шығармалар. Ертегілер - ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таратылып, ұзақ ғасырлар бойында толықтырылып, жетіліп келген халық ауыз әдебиетінің ең бір көркем түрде ертегілер өзара бірнеше түрге бөлінеді» - дей келе, оқушыларды әңгімеге тартып төмендегідей сұрақтар қояды.

1. Орыс әдебиеті сабақтарында орыс ертегілерінің қандай түрлерімен  таныстыңдар?

2. Солардың ішінде қиял – ғажайып ертегілерді атап айтыңдар.   Олардың  кейіпкерлері  кімдер?

3. Бұл ертегілерде қандай қызықты оқиғалар суреттелінген? - деген сұрақтар оқушылардың есіне орыс әдебиеті сабақтарынан білгендерін түсіріп, солардың енді.

3. Бұл ертегілерде қандай қызықты оқиғалар суреттелінген? - деген сұрақтар оқушылардың есіне орыс әдебиеті сабақтарынан білгендерін түсіріп, солардың енді оқитын шығармамен байланыстыра қарастыруға жол ашады.

А.С.Пушкиннің «Сұлтан патша туралы», «Балықшы мен алтын балық туралы» ертегісін естеріне түсіріп олардың орыс фольклорының негізінде жазылғандығын  айтып  бере    алады.

 

 

Бақылау сұрақтары:

1.     А.Пушкин шығармаларының тәрбиелілігін түсіндіру.

2.     Х.К.Андерсонның «Жабайы аққулар» ертегісінің тәрбиелік мәнін ашу.

3.     М.Лермонтовтың «Су перісі» ертегісінен балалар бейнесін айқындау.