Ә Д І С Т Е М Е Л І К        Н Ұ С Қ А У

 

ӘӨЖ  373.02

 

Құрастырушылар: Нарқұлова Б.

Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі мамандығы студенттерінің  балалар әдебиеті пәнінен практикалық сабақтарды  орындауға арналған әдістемелік нұсқау. Шымкент, М. Әуезов атындағы ОҚМУ; 2007.

        Әдістемелік нұсқау мамандыққа арналған мемлекеттік стандарт және оқу жоспарына сай жасалып, практикалық сабақтарды өтуге  толық мағлұмат береді. Әдістемелік нұсқау 050101- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының  студенттеріне арналған. Сонымен қатар әдістемелік нұсқаудан  балалар әдебиетіне қатысты практикалық сабақтарға байланысты қажетті  мағлұматты жан-жақты әрі толық  алуға болады.

Рецензенттер:

Искакова Л.Т. – М. Әуезов атындағы ОҚМУ «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, п,ғ,д.

Алметов Н.Ш.- М. Әуезов атындағы ОҚМУ «Педагогика және жалпы педагогика» кафедрасының п.ғ.к.,доцент

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының 27 тамыз 2007 ж. №1 хаттама мәжілісінде және Филология  институның, 31 тамыз 2007 ж. Хаттама№3 әдістемелік кеңесінде талқыланып, баспаға ұсынылды.

 

 

 М.Әуезов атындағы Оңтүстік   Қазақстан  мемлекеттік  университеті, 2007 ж

 

Кіріспе

     Студенттерге  білім беру нәтижелі болуы үшін оқушының сөйлеу, ойлау қабілетінің дамуына тікелей әсер ететін практикалық сабақтар екеніне баса назар аударған жөн. Бұл талапты 12 жылдық оқу жүйесі бағдарламасында мақсатты түрде жолға қойған. Педагогика пәнінен практикалық сабақтарында жаңашыл әдістерді шебер пайдалана отырып, баланың сөйлеу, ойлау қабілеттерін жете дамытуға болады.

 1. Практикалық, семинар сабақтары пәндер бойынша студенттердің білім алудағы ең қажетті,қызғылықты және жемісті түрі. Практиқалық және семинар сабақтары мамандық дайындайтын кафедралардың оқу жоспарында бөлінген сағаттармен шектеледі және орындалады.

Мақсаты: Практикалық, семинар сабақтарының негізгі мақсаты- студенттің жан-жақты өзіндік ойлау қабілетін дамыту және творчествалық белсенділігін арттыру. Сабақ барысында сөйлей білу және қорытынды жасау арқылы студенттің көзқарасын, білімі мен таным денгейін кеңейту. Студенттің игерген теориялық білімінің дұрыстығын, өзінің сол мәселе тұрғысында ойлауы мен талдауының қисындылығына көз жеткізіп, мәнді мағлұмат алуға мүмкіндік беру.

Практикалық, семинар сабақтарының міндеті:

-          Пәндер бойынша кең және терең білімдерін қорыту;

-          Студенттерге практиқалық әдістерді оқыта отырып, теориялық әдістерге пәндер бойынша анықтама жасауды  үйрету;

-          Пәндерді тереңірек үйренуге және оқытылып отырған ғылым саласының ерекшеліктерін қамтуға қатысты ғылыми әдістерді меңгерту;

-          Студенттерге жаңа инновациялық әдістер бойынша алған білімдерін дұрыс пайдалана алуға  және практикалық сабақтарды жүргізу барысында нақты шешім қабылдауға  үйрету;

 

2. Практикалық, семинар сабақтарын өтудің түрлері:

 

Пікірсайыс  – оқу тобында немесе бірнеше топтардың жиналған ортасында ғылыми айтыс ретінде көптеген артықшылықтарға ие. Әдетте семинарда жүзеге асырылатын міндеттерден басқа семинардың бұл түрі студенттердің пікір таласу, ой бөлісу, шешендік дағдыларды қалыптастыруға, бірқатар көзқарастар мен идеяларды шұғыл және дәлелдемелермен ашуға кеңірек жол береді.

Пікірсайыс алдында семинар формасы ретінде және басқа да семинар сабақтардың бір элементі ретінде де бола алады. Мұның бірінші жағдайында екі немесе одан да көп оқу топтпрының қосылған кезінде, бір топтар баяндамамен шығып, екіншілерін компоненттері ретінде қатыстырылып сабақ жүргізу  өте қызықты болып келеді. Мұндай семинарға ұсынылған сұрақтар теориялық және тәжірибелік жағынан мәнді болуы қажет.

Ал пікірсайыс әдеттегі семинардың бір элементі ретінде оқытушының алдын-ала жоспарлауы арқылы немесе сабақ барысында кенеттен пайда болады. Ой таластыру кейде шашыранды, ұйымдаспаған түрде басталады. Пікірсайысты оқу тобында немесе біріктірілген жағдайда, сабақтан тыс дайын болса, онда пікірталастар тереңірек және мазмұнды болады.

Пресс-конференция- бұл баяндама жасау жүйесінің бір түрі болып келеді. Семинар жоспарының әрбір бөлігін оқытушы бір-біреуден баяндама ретінде жасап келуді студенттерге тапсырады. Келесі сабақта қысқаша кіріспеден кейін, оқытушы бірінші сұрақ бойынша кезекті баяндамашыға береді. Содан кейін әрбір студент сол тақырыпқа байланысты бір-бір сұрақтан қояды. Мұнда сұрақ-жауап жүйесі семинардың басты бөлігін құрайды. Сұрақ қоюға қабілеттілік, соған сәйкес тақырыпқа студенттің дайындығын көрсетеді. Дайындық өте жақсы болса, онда сұрақтың да мәні терең әрі мазмұнды болады. Әуелі сұраққа баяндамашы жауап береді. Әсіресе бұл жағдайда белсенділер баяндамашының дүбрелі, яғни көмекші болып табылады, егер ол алдың ала осылай келісілген болса. Ережеге сай, талданылып отырған мәселе бойынша қызу пікірталас туындайды. Бұл мәсәлә талқыланып біткен соң оқытушы екінші мәселе бойынша келесі баяндамашыға кезек береді. Өзінің қорытынды сөзін оқытушы әрбір мәселеден кейін немесе семинар сабағының соңында айтылады.

                Коллоквиум-әңгімелесу тәсілі оқытушы мен студенттер арасында курстың сол немесе басқа тақырыбына байланысты білімді тексеру немесе тереңдету мақсатында жүргізіледі. Әдетте ол семинарда белсенділік таныта алмай жүрген студенттерге қосымша сабақ ретінде ұйымдастырылады.

                Жоғарыда қарастырылған семинар сабақтарының әрбір формасының өзіндік артықшылықтары мен қоса кемшіліктері де бар екендігін айта кеткен жөн. Сондықтан қандай да бір мәселені талқылағанда оқытушы қандай мақсатты көздеп отырғанына байланысты түрлендіріп өткізгені жөн. Әсіресе «аралас» семинар сабақтары кең қолдау жабуда. Сабақтың мұндай аралас түрі сабақ барысында әңгімелесудің әртүрлі формасының элементтерін, рефераттың немесе баяндаманың талқылануы, деректердің үзінділерін түсіндірмелі түрде оқу, кейбір мәселелерді студенттердің өз бетінше ойлау арқылы шешу сияқты формаларын қамтиды.

                Оқу процесі барысында семинар формаларын күрделендіру қажеттілктері де туындап отыр. әдетте алғашқы семинар сабақтары негізінен кеңейтілген әңгімелесу түрінде өткені дұрыс, оның өзінде көптеген көрсетілген деректерден үзінділерді де келтіріп, түсіндірмелі түрде оқып шығуды да қамтып отыру қажет. Кейін баяндама, рефераттар беріліп, өз бетінше ойлауға жаттығулар ұсынылады. Сабақ түрлерінің осылай алуан түрлі болып келуі психологиялық тұрғыдан да қолдау тауып отыр; ойлау қызметінің сипаттарының ауысып келіп отыруы студенттердің қызығушылығын да, белсенділігін де арттырары сөзсіз. 

Жаттықтыру-сабағы. Жаттықтыру сабақтары білімнің практикалық бағыттарын үйрететін арнаулы мақсаттарды шешіп қоймай, оқу материалын оқып-игеруге тығыз байланысты бола отырып, оны жете ұғынуға талпындырады.

                Оны жүргізудің негізгі әдістері практикалық, зертханалық, сарамандық жұмыстар:

                Оқушылар осы жұмыстарды өздігінен жүргізе отырып, алған теориялық білім-білік дағдыларын практикада пайдалануға бейімделіп, үйренеді.

                Аралас сабақ. Аралас сабақ-бірнеше дидактикалық мақсаттардың қойылуымен және нәтижеге жетуімен ерекшеленеді.

                Аралас сабақтың әр түрлі әдістеріне орай түрлері бар. Аралас сабаққа тән кезеңдер төмендегідей.

-          Сабақтың тақырыбын таныстыру, мақсаты мен міндетін анықтау.

-          Үй тапсырмасын тексеру.

-          Өткен тақырып бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.

-          Жаңа тақырыпты баяндау.

-          Өтілген тақырыпты бекіту.

-          Сабақты қорытындылау және үй тапсырмасын беру кезеңі.

Семинар сабақ.  Семинар сабақтары бір-бірімен байланысты екі белгілерімен сипатталады: оқу бағдарламасын оқушылардың өз бетімен меңгеруі; және сабақтағы олардың таным қабілеттерінің дамуын талдау. Семинарда оқушылар өздері дайындаған хабарламалармен таныстыруға, өз ойларын еркін айтып дәлелдеуге үйренеді. Сонымен қатар оқушылардың таным белсенділіктерін дамытуда семинарлардың рөлі зор. Қарым-қатынас мәдениеті қалыптасады.               

Консультация, көмек сабағы. Бұл сабақтар оқушылар біліміндегі кемшіліктерді жоюда, оқу бағдарламасын жүйелеу мен жинақтап қорытуда ғана жүргізілмейді, сонымен қатар білім-білік дағдаларды қалыптастыруда маңызды. Мазмұнына және міндетіне қарай тақырыптық және белгілі мақсатқа арналған көмек сабақтары болады.

                Тақырыптық көмек сабағы әр тақырыпты өткенде немесе оқу бағдарламасындағы қиын сұрақтар бойынша ұйымдастырылады.

                Мақсатқа арналған көмек сабақтары өздік және бақылау жұмыстарын, сынақтар мен емтихандарды өткізу мен қорытындылауда жүйелі жұмысқа айналуы тиіс. Сонымен қатар бұл қатемен жұмыс, бақылау жұмыстарының анализдеріне арналған сабақтар болуы мүмкін.

                Интеграциялық сабақ. Интеграция дегеніміз - пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграцияны жүзеге асырудың бір жолы-сабақтарды бір мұғалім арқылы жүргізіп, бірнеше пәндер бойынша біріккен сабақтар білімінің жинақталуы, яғни әртүрлі пәндерден алған білімдерін синтездеу.

                Оның жүргізілу әдіс-тәсілі әртүрлі: семинарлар, конференциялар, саяхаттар және т.б.

                Сайыс сабақ. Сайыс сабақтың негізін топтар арасында сұрақ-жауап және кезектесіп берілетін тапсырмалар арқылы ұйымдастыруға болады. Мұндай сабақтарды өткізудің әр түрлі тәсілдері бар. Олар «Көңілді тапқыштар тобы» (КВН), «Брейн-ринг», «Жұлдызды сағат», «Бақытты шақ» сияқты атақты ойындар негізінде ұйымдастырылатын жарыстар, эстафеталар, талас-тартыстар. Сайыс сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу төмендегідей үш негізгі кезеңнен тұрады: дайындық, ойын сәті, қорытынды.

Білім беру мақсаттары қойылатын сабақ. Балаға бастапқы қойылатын мақсат-оқу-практикалық болып табылады. Оның алдына қоятын міндеттері:

-          Баланың жеке тәжірибесінің жоқтығын ескере отырып, үйренетін пәнді объективизм тұрғысынан зерттеу, яғни жаттықтырушылық әрекетті оқып, білім алуға өзгерту.

-          Белгілі зат көлемінде іс-әрекет етуге үйрету, анализ жасау, өз іс-әрекетін бақылау.

-          Оқу-практикалық есептерді шешуде жабдықтармен қамтамасыз ету.

-          Әр баланы бір жұмыс істеуге үйретіп, бейімдеу.

 

Курстың маңыздылығы.

         Мектепке дейінгі мекеме мамандарын даярлауда «Мектепке дейінгі педагогика тарихы» пәнінің маңызы зор. «Мектепке дейінгі педагогика тарихы» бағдарламасын мектепке дейінгі балалардың тәрбиесінің, балабақшаның даму тарихы туралы классикалық және отандық ғылыми еңбектер мен тұжырымдар басшылыққа алынып жасалынды. Студенттер мектепке дейінгі тәрбие мәселесінің тарихы туралы теориялық білімді меңгереді.

Курстың мақсаты Студенттерді тәрбиеші мамандығының және балалар әдебиеті біліммен қаруланып, ғылыми білім жүйесін қалыптастыру. Балалар әдебиеті ғылымының қалыптасу тарихымен болашақ мамандарды қаруландырып, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Шет елдегі және өзіміздегі мектепке дейінгі балалардың дамуы мен тәрбиесі, оларды ұйымдастыру әдістері мен формасы туралы педагогикалық ой-пікірлер жүйесін қалыптастыру. .

 Курстың міндеті. Практикада теориялық білімін қолдана білу біліктілігін дамыту. Ұлттық тәрбиенің сан қырлы иірімдеріне терең бойлату, қазақ тілін құрметтеуге үйрету.

Курстың мазмұны

      Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша ҚР мемлекеті стандарты талаптарына сай, болашақ тәрбиешілердің жоғары педагогикалық кәсіптік білімін жетілдіру.

       Пәнді оқытуда баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды.  

Курстың пререквезиттері   Пәнді оқу нәтижесінде студенттер- шет елдегі және еліміздегі мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың теориялық негізін; қазіргі заман жағдайында отандық және шетелдік мектепке дейінгі педагогиканың тарихына талдау жасауы; мектепке дейінгі педагогикадан меңгерген теориялық қағидаларын ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге қолдануды; балабақшалардың даму және қалыптасу тарихын білу; меңгерген іс-тәжірибелерін кәсіби қызметінде қолдануды білуі қажет.

Курстың постреквезиттері  «Балалар әдебиеті» курсын толық меңгерген студент мектеп жасына дейінгі балалардың жұмыс жүргізуде, яғни олардың білімін, дүниетанымын, сөйлеу мәнерін арттыруда методикалық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануды, қажетті көрнекіліктер мен материалдарды дұрыс таңдауды біліп шығады.

«Балалар әдебиеті» пәні бойынша практикалық сабақты өтудің түрі:

-Практикалық сабақта оқу бағдарламасының негізгі бөлімдері қарастырылады;

-Ол лекцияда өтілген тақырыптар бойынша толық мәлімет алғаннан кейін, талдау жұмыстарымен болашақ маманның алдынан шығатын кейбір ғылыми-практикалық проблемаларды шешу болып табылады;

-Тақырыпқа байланысты жаттығу жұмыстарын студенттің белсенді түрде қатысуымен ұжымдық жағдайда іске асырады.

 «Балалар әдебиеті»  пәні бойынша семинар сабақты өтудің түрі:

-Сабақта пәннің мазмұны бойынша проблемалық оқыту принципін іске асыру және бар білімін шығармашылыққа жұмсау керек.

Берілген тапсырмалар бойынша семинар-пікір сайыс, семинар-зерттеу әдісімен теориялық мәселелерді практикалық тәжірибе жинақтап, болашақ маман іс-жүзіне асырылады. Ал «миға шабуыл» және іскерлік ойындар элементтерін пайдалану арқылы оқытушы тарапынан берілген әрбір сұрақтарды семинар-пікір сайысқа қажетті мәселені соңына дейін зерттеп, барлық ақпарат көздерін пайдаланады. Сонымен семинар-практикалық сабақтардың мынанадай түрлерге бөлінеді:

  

 4. «Балалар әдебиеті» пәні бойынша семинар-практикалық сабақтарды ұйымдастырудағы талаптар.

                Студент кітаптың соңында көрсетілген әдебиеттер тізіміндегі оқулықтармен оқу құралдарын, жеке мақалаларды әрбір категорияға байланысты дұрыс қолдана алуы керек. Жаттығуларды орындар алдында теориялық категорияларды оқулықтан, лекциядан, жазған конспектілерінен жеке мақалалардан оқып алғаны дұрыс. Жаттығудың шартын талап етіп отырған мәселені түсіндерме түрде баяндап, талдап теория мен практиканы байланыстыра отырып, орындау техникасын тиімді пайдалану керек.

Практикалық және семинар сабағының жетістігін қамтамасыз ететін жағдайлардың бірі сұраққа жауап беріп тұрған студентке, баяндама мен рефератқа қойылатын нақты талаптардың жиынтығы болып табылады. Бұл талаптар өте нақты болуы керек, бірақ уақыт шектелмеуі қажет, өйткені студенттің шығармашалақ ойы уақыттан қысқан сайын

4.1. «Балалар әдебиеті» пәні бойынша практикалық және семинар сабақтар оқу-жұмыс бағдарламасына сәйкес өткізіледі.

4.2. «Балалар әдебиеті» пәні бойынша практикалық және семинар сабақтар студенттің белсенді түрде қатысуы мен ұжымдық жағдайда іске асырылады.

4.3. «Балалар әдебиеті» пәні бойынша практикалық және семинар сабақта берілген әдістемелік нұсқаулар арқылы орындалып, ол кафедра мәжілісінде және факультет бюросының әдістемелік бөлімінде қарастырылады.

Сабақ өту барысында әдістемелік нұсқаулар.

Семинар сабақта оқытудың сан түрлі құбылтып өтуге болатын формасы. Онда негізгі бағыт беруші негізінен оқытушы болғанымен, студент, яғни болашақ маманда өз бетінше көп жұмыс істеуге көп мүмкіндік беріледі. Практикалық (семинар) сабақ оқу жұмысының барлық түрімен тығыз байланысты: ең алдымен лекциялық оқытумен және өз бетінше жұмыс істеумен. Сондықтан да сабақтың саласы лекцияның сапасына және студенттің өз бетінше қалай жұмыс істеуіне байланысты болуы шарт.

4.4. . «Балалар әдебиеті» пәні бойынша практикалық және семинар сабақтарды өтуде ақпараттық-анықтамалық әдебиеттер болуы тиіс.

Сабақта принципке сай оқыту мазмұны студенттерді оқыту кезінде оқулықтарда көрсетілген әлеуметтік тәрбиені ұғына алатындай болуы керек.

5. Практикалық және семинар сабақтарды өтудегі әдістемелік нұсқаулардың мазмұны мен структурасы.

5.1. Студенттің өзіндік жұмыстары тақырыпта немесе тарауында кездесетін анықтамаларды айқындап, тақырып бойынша әдебиеттерден, интернеттен алынған материалдар негізінде жасалуы керек. Студенттер СӨЖ тапсырмалары дер кезінде тапсырылуы қажет. СӨЖ консультациясының уақытын белгілеп, СӨЖ-ге үлкен жауапкершілікпен қарауды талап ету қажет.

1. Глоссарии- студент берілген тақырып бойынша терминдер мен негізгі ұғымдар анықтамасын беруді білдіреді. Крассворд, сканвордты пайдалану.

2. Шығарма- еркін түрде орындалатын жазбаша жұмыс. Көлемі 2-3 бет. Мұнда классиктердің ойлары нақты ситуациалар дәлел ретінде келтірілуі мүмкін.

3. Реферат – студенттің бірнеше кең көлемдегі ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, өзінің пікірі мен тұжырымдамаларын жазбаша ұсынуы. Көлемі 7-8 бет.

4. Эссе- 1-2 бетке жазылатын студенттің берілген тақырып бойынша өз ойына, өз тәжірибесіне негізделген жұмыс.

5. Ауызша шолу – студент берілген тақырып бойынша өзіндік дайындалуға арналған сұрақтарға сәйкес материалды баяндайды. Берілген уақыт 5-7 минут.  және қосымша әдебиеттердіңталқылауТақырыптың ашылуына, қызықтыруына  қолданылуына байланысты бағаланады.

       Студенттердің білім деңгейіне байланысты тапсырмаларды жеңілдету немесе күрделі ету жоспарлануы қажет. Мәселен, студенттерге кейсті талдау тапсырылса, дайындығы жоғары (1 немесе 2) студентке кейс жазуды тапсыруға болады.

Барлық СӨЖ тапсырмалары уақытылы тапсырылуы қажет, уақытында өткізілмеген тапсырмалар төмендетіп бағаланады (әрбір тапсырмадан кешіккен күніне 0,1 балл алып тастау).

СӨЖ ұйымдастыру үшін:

-          СӨЖ тапсырмаларын семестр басында студентке беру;

-          ағымды және межелі бақылау түрлерін дайындау;

-          СӨЖ консультациясының уақытын белгілеу.

Студенттерден

а) СӨЖ тапсырмасын уақытылы орындауды;

б) белгіленген уақытта тапсыруды;

в) СӨЖ-ге үлкен жауапкершілікпен қарауды талап ету қажет.

СӨЖ-ді іске асыруға арналған жоғарыда ұсыныстар мен интерактивті әдістерді қолдану арқылы студенттердің білім деңгейін көтеруге болады. Интерактивті әдістер студенттің:

-          тыңдау және өзара қарым-қатынасын;

-          басқаға жанашырлық таныту, жанкүйерлік қабілетін дамытуды;

-          көзқарасын дамытуды және түсінуді;

-          белгісіз сұрақтарға жауап тауып, белгілі мәселелерді шешуді;

-          аналитикалық ойлау және өз ойын талқылауды қалыптастырады.

Әдістемелік нұсқаулардың структуралық элементтері.

5.2. Структура элементтерінің мазмұны.

5.2.1. Мазмұны мен форма бірлігі, теория мен практика арасындағы байланыс, жүйелілік принципі оқыту барысында ерекше орын алады.

5.2.2. Ұжымдық бірлескен іс-әрекет, қарым-қатынас, студенттердің кәсіби тілде сөйлеуге, тыңдай білуге, басқаларды ести білуге, семинарды сыпайы-дәлелді жүргізуге үйретеді. Осындай семинарда кәсіптік ойдың пәндік, әлеуметтік құндылықтары қалыптасады, болашақ маманды даярлаудағы негізгі мақсатқа қол жеткізеді.

5.2.3. Сабақтың мазмұны.

5.2.4. Аудитория мен педагогтік байланыс жасап, дидактикалық материалдармен техникалық құралдарды пайдалану.

5.2.5. Сабақты өтудің тәртіптері.

-Барлық тапсырмалар өз уақытында орындалуы тиіс және оларға дайындық кезінде оқулықтан және лекциялардан алынған принциптермен концепциялар пайдалануы тиіс.

-Сабаққа берілген материалды талқылау нақты сұрақ қою мақсатында алдын-ала дайындалып келуі қажет. Бүкіл курс бойынша жақсы білім алуларына жауапкершілікпен қарап, жұмыстарды балл білімді бағалау графигіне сәйкес, 1 балл, практикалық сабақтарға белсенді қатынасқан және сабақ жібермеген студенттерге қосып қояды.

                                Ұсынылатын әдебиеттер.

1. Ахметов 3.. Өлең теориясы. A. 1973.

2. Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы. 1, 2-кітап Дауылпаз жылдар: Өлеңдер поэмалар. Құрастырған-Сәрсенбі Дәуітов. - Алматы., Жалын, 1987.

3. Ахметов Ш. Балалар әдебиетңңң хрестоматиясы . - Алматы., Мектеп, 1980.

4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері: Оқулық, - Алматы. Санат, 1993.

5. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 1-кітап. Оқу құралы. Алматы., Қазақ Университеті, 2001.

6. Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. - Алматы.. Жазушы, 1989

7. Алтынсарин Ы. Тандамалы шығармалары. -Алматы., Жазушы, 1994

8. Құнанбаев А. Қара сөздері. Поэмалары..- Алматы., Ел, 1969

9. Байтұрсынов А. Шығармалары. - Алматы., Жазушы. 1989

10. Жұмабаев М. Тандамалы шығармалары. - Алматы., Ана тілі. 1992

11. Дулатов М. Оян, қазақ! -Алматы., 1991

12. Аймауытов Ж. Шығармалары. - Алматы., Рауан, 1995

13. Әуезов М. Тандамалы шығармалары. 1-12 томдық. -Алматы., Жазушы, 1999

14. Сейфуллин С. Шығармаларынын толық жинагы. - Алматы.,Жазушы, 1964.

15. Майлин Б. Шығармалар. -Аламты., Жазушы, 1960-1964.

16. Жансүгіров. Шығармалар. 16 томдар. - Алматы.,. Жазушы, 1960-1964.

17. Мұқанов С. Шығармалар. 16 томдық. - Алматы., Жазушы, 1972-1980.

18. Мүсірепов Г. Шығармалар. 3 томдық. - Алматы.. Жазушы, 1981

19. ҚабдоловЗ. Сөз өнері. -Алматы., 1982.

20. Қирабаев С. Сәкен Сейфуллин. -Алматы. 1974.

                      3.2 Практикалық сабақтардың тақырыпта

1. Мектепке дейінгі мекемеде балалар әдебиетінң білімділік тәрбиелік маңызы.

2.Бесік жыры мен тұсау кесу жыры – балалар жырының басы. Халықтық бесік жырының мазмұны.

3.Төрт түлік малға байланысты өлеңдердің танымдық және тәрбиелік мәні.

4.Мақалдың мағына тереңдігі. Сөз ықшамдығы, ұқсастығы. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы.

5.Жұмбақтың көркемдік ерекшелігі, құрылысы, ұйқасы, тілі

6.Ертегілердің түрлері. Танымдық тәрбиелік мәні.

7.Өтірік өлеңдердің баланы өмірмен, айналамен таныстырудағы орны 

8.Батырлар жыры – балаларды ел қорғауға баулудағы Отаншылдыққа тәрбиелеудегі маңызы

9.Ы. Алтынсарин қазақ балалар әдебиетінің атасы. Абай Құнанбаев өлеңдерінің тәрбиелік мәні

10.С.Көбеев, М.Дулатов, А.Байтұрсынов,    С.Торайғыров, М.Жұмабае,Ж.Аймаутов шығармаларындағы басты тақырыптары мен ерекшеліктері. 

11.С.Сейфулин, Б.Майлин,І.Жансүгіров, М.Әуезов шығарма-ларының балалар әдебиетінің дамуына қосқан үлесі. 

12.Б. Момышұлы балаларға арналған шығармаларының құндылығы. Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы ана ролін бейнелеуде тәрбиелік мәні мағынасы.

13.Ө.Тұрмажанов, С.Бегалин, Қ.Аманжолов шығармаларының мазмұны көркпмдігі тәрбиелік жақтары

14.Б.Соқпақбаев, М.Мақатаев,Т.Молдағал-иев, М.Әлімбаев,          Қ.Мырзалиев шығарма-ларының мектепке дейінгі бала тәрбиесіне әсері.

15.А.Пушкин ертегілерінің тәрбиелік мәні. М.Лермонтов шығарма-ларындағы балалар бейнесі. Л.Толстой балаларға арналған шығармаларының мазмұны.

№1 практикалық сабақ

Пәні: Балалар әдебиеті.

 

Тақырыбы: Мектепке дейінгі мекемеде балалар әдебиетінің білімділік тәрбиелік маңызы.

           Жоспар: 1.Балалар әдебиетінің даму кезеңдері.

   2.Балалар әдебиетінің білімділік, тәрбиелік маңызы                              Пайдаланған әдебиеттер:

                         1. Ахметов 3.. Өлең теориясы. A. 1973.

 2. Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы. 1, 2-кітап Дауылпаз жылдар: Өлеңдер поэмалар. Құрастырған-Сәрсенбі Дәуітов. - Алматы., Жалын, 1987.

                         3. Ахметов Ш. Балалар әдебиетңңң хрестоматиясы . - Алматы.,

Балалар әдебиетінің білімділік, тәрбиелік маңызы.

Осы идеяларды іске асыру үшін балалар әдебиетінің ұстаған жаңа методы — ол социалистік реализм методы болды. «Совет балалар әдебиеті әдебиет пен халық творчествосы жөнінде біздің ұлы халқымыздың жасаған ең жақсы, озат істеріміздің бәрін бойына сіңіре отырып, социалистік шындығымыздың негізінде жасалды және жетіле түсті».Шынында да ұлы Октябрь революциясына дейінгі ұлы халкымыздың жасаған әдеби мұраларына зер салсақ, балаларды тәрбиелеу, өсіру, оларға ақыл сөздер айту, алдарына неше алуан тілек, мақсаттар қою жайында айтылған халық даналығы ұшан теңіз. Бірак, Ұлы Октябрь революциясына дейінгі қазақ балалар әдебиетіндегі мол мұра осы күнге дейін ғылми зерттеу тұрғысынан алынбаған, мүлде қалам тимеген, жинақталып реттелмеген, бір жүйеге түспеген, сондықтан да кезек күтіп тұрған күрделі де елеулі мәселелерінің бірі болып табылады.Біздің бірқатар ғалымдарымыз бен әдебиет зерттеушілеріміз қазақта А. Гайдар сияқты балалар әдебиетінің ұлы тұлғалы дербес өкілдері болмаған соң, балалар әдебиеті жоқ деп те келді. Ол жалпы әдебиеттік мұрадан дараланып бөлінбеген, сонымен бірге жасасып келе жатқан жалпы мұра деп соғушылар да бар. Мұның бәрі де балалар әдебиетінің жалпы структурасына жете түсінбегендіктен жеңіл – желпі айтыла салған пікірлер. Керісінше қазақ балалар әдебиетінің де өсу, өркендеу, даму жолдарының болғандығы күмәнсізПрофессор Мұхтар, Омарқанұлы Әуезов өзінің ертегілер деген ғылми зерттеу еңбегінде халықтық шығармалар ішінде үлкендермен қатар балаларға тән, екеуіне бірдей қызмет ететін неше алуан қызықты материалдардың барлығын айтып, талдаулар берген. «Хайуанат жайындағы ертегілердің көбі балаларға арналған күлкі, жеңіл әңгіме болып та кетеді. Олар «Құйыршық», «Қотыр торғай», «Мақта қыз бен мысық», «Шудалы торғай», «Күшік пен мысық» сияқты көптеген ертегілер. Құйыршық ғажайып түрде ешкінің құйыршығынан біткен кішкентай бала болады.  Ол қасқырды,  жолаушыларды, үй иесін — бәрін алдап соғады. Ажалдан қалып, әке – шешесіне келеді. Бұл алуандас ертегілер орыста да бар»1 дейді. Халықтық шығармалар ішінде балалар әдебиеті мұрасына тән қызықты осындай әңгімелер тек ертегілерде ғана емес, сонымен қатар халық өлеңдерінде де, мақалдар мен мәтелдерден де, батырлар жырларынан да көп кездеседі.Балалар әдебиетінің негізі — ауыз әдебиетінде. Сондықтан балалар әдебиетіне зерттеу жасағанда халықтық ауыз әдебиетін аттап өтуге болмайды. Өйткені, халықтың ауыз әдебиеті — балалар әдебиетінің алтын қоры.

Бақылау сұрақтар:

 

    1.Балалар әдебиетінің даму кезеңдері

    2.Балалар әдебиетінің білімділік, тәрби

Тапсырмалар:

    1.Шағын фольклорын жанры шығармаларын оқыту әдістемесі

    2.Көркем сөз өнерінің мәні

    3.Балалар әдебиетінің басқа ғылымдармен байланысы

 

 №2 практикалық сабақ

Пәні: Балалар әдебиеті.

Тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің бастауы.

       Бесік жыры мен тұсау кесер жыры- балалар жырының бастауы.

       Жоспар:

       1 . Халық ауыз әдебиеті -балалар әдебиетінің негізі.

2.  Халық ауыз әдебиеті тарихы.

3. Бесік жырының тәрбиелік мәні.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.        Ш. Ахметов «Қазақ балалар әдебиеті» А. 1974 ж

2.        Қ. Алпысбаев «Қазақ әдебиеті» А. 1992 ж.

3.        Қазақ әдебиетінің тарихы. --- А., 1960

4.        Х.Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. – А., 1967

 Мазмұны:

 Балалар әдебиетін жасаған — халық. Адамға баласынан жақын, баласынан артық ешнәрсе болмаған. Халық ешнәрсені де өзінің баласынан жоғары бағалаған емес. Сондықтан халық ең алғаш өзінің жақсы ойын, жақсы қиялын өлең етіп, ән етіп тұңғыш рет баласына арнаған. Жас нәрестенің дүниеге келуін, қуаныш еткен. Баланы жұбату, ойнату, тәрбиелеу, оның алдына неше алуан тілек мақсаттар қою өлеңмен жырмен, көркем сөзбен айтылған.

Өйткені, «Адам — дүниені ұйымдастырушы», екінші жаратылысты, мәдениетті жасаушы күш-қуаттың иесі, адам жаратылыстың органы, жаратылыс оны өзін тану, өзін көркейту үшін туғызған — міне балаларға осыны ұғындыру керек. Балалар алты-жеті жасынан ой-пікірдің кереметтей күшін түсіне бастауға, әлеуметтік көріністердің мағнасын ұғынып, өз қабілеттерін тануға тиіс. Сондықтан балаларды өмірмен таныстырғанда, бұрынғы өткен заман туралы, еңбек процестерінің және ой-пікірдін ұйымдастырғыш жұмысының бастапқы кезеңі туралы әңгімелерден бастау керек» — деген М. Горький.

Қай ұлтта болмасын халық ауыз әдебиетінде ең алғаш пайда болған, ең тұңғыш айтылған өлең, жыр, әңгімелер балаларға арналған. Өйткені, баланы өз өмірінің жалғасы деп ұққан. Сондықтан халық ауыз әдебиетінін алғашқы пайда болуы, шығуы халықтың өз баласына арналып айтылған өлең, жыр, ертегілерден, әндерден басталады деген қортындыға келеміз.

Бақылау сұрақтары:

1.Халық ауыз әдебиеті түрлерін анықтыу.

2.Халық ауыз әдебиетінің мәні және оның сипаты.

3.Балалар әдебиетінің ерекшеліктері.

№3 практикалық сабақ.

Пәні: Балалар әдебиеті.

Тақырыбы: Төрт түлік малға байланысты өлеңдердің танымдық және тәрбиелік мәні.

 

 Жоспар:

1. Төрт түлік мал туралы өлеңдер арқылы балаларды еңбекқорлыққа баулу.

1.        Төрт түлік мал туралы өлеңдердің тақырыбы, тілі, мазмұны.

 

Мазмұны:

Төрт түліктің көк түстісін артықтұтқан.Ел арсындағы аңызда жерді көтеріп тұратын көк өгіз туралы мотив көп.Ең үлкен мінажатта құрбандыққа «көкқасқа айту» «көкқасқа шалу» немесе сыбызғыны «көк қойдың өңешімен қапталған»діп әспеттеу жеқұзшетпе қызылша ауруларына қарсы көк серкенің терісіне орнау аталмыш түске қатысты идеализациядан туындаған.Ақбаозсарықұла түсті малды да кем  тұтпайды; ақбоз биенің сүтіне шомылу «ақсарбас» айту бар. Хан Абылайға қысылған кездерде қабоз ат шалып мойнына кісе салғандақыдыр дарыған.Бұқар жырау сәуе еткен «сары бура Хан туының түбіне келіп шабынған бағытына қарай аттансаолжалы жеңіспен оралатын болған Қазақтарда  жалы мен құйрығындағы ақ қылы бар жылқылы құт береке тұрағына саналады.Абақ керейлерді Алтайдан Қобада бетіне бастап көшерде ел ағалары «Серттен тайсаңқара пәле бассын! Деп қара қойдың қанына саусықтың батырап серттескен екен (АЖМ)

Мал мүліктің пірлеріне мистикалық сипат беру оны ауыз әдебиет үлгіліріне әспеттеу зоолатриялық (бұл ислам қағидасына жат болса дам  Орат Азиядағы мұсылмандықтың сопылық ағымында ерекше мәнге ие ұғым құбылыспен дәстүрлі діни  дүниетанымдық ұғымдардың синкреттелуінің нәтижесінен туындаған.

Дәстүрлі сенімді төрт түлік кез келеген адамға емесіске шаруаға қыры бар жанға бітеді.Осыған орай «сиыр қалың нуға қоры үзілген қуға қой қара тасқа жабағы жеген насқажылқы бетегелі белгннайза ұстаған ерге түйе ащы оты көп сорға ел ішінді зорға бітеді.деп сенген».

Қошқар мен қошқар қоятын қозылардың құйрық тұсынан қырықпай қалдыратын жүн шоғырының атауы халық мифологиясындағы қазақ шопандары армандаған идеалды қой түлігінің «келепан»атауымен аттас (омоним).Мұндай қияли идеалды түлікті түйеде –жампоз жылқыды-тұлпар сиырда-тынжы, адамда алып атаған.Түлікте кездесетін «асылдылырды» қаратіл (сиырдарды)желмая  тұлпар келепан деген.

1998 жылы Алматы облысына ұйымдастырылған экспедиция (құрамында 7 адам бар)обылыстың 11 ауданының (Қарасай ,Жамбыл,Еңбекшіқазақ Сарқан,Ақсу,Көксу) ондаған елді мекендерінде болып,зерттеу жұмыстарын жүргізді.Зерттеу  арысында Жетісу қазақтарының қазіргі кезеңдегі отбасын құру,бала туу,тәрбиелеуде әдет-ғұрып,салт-дәстүр элементтерің сақталу деңгейі мен ерекшеліктеріне мән берілді.

 

          Бақылау сұрақтары:.

1.  «Бозінген» ертегісінің балаларға берер тәрбиелік мәні неде?

2. Төрт түлік мал туралы өлеңдердің тақырыбы, тілі, мазмұны қандай?

 

 №4 практикалық сабақ.

Пәні: Балалар әдебиеті

Тақырыбы: Мақалдың мағына тереңдігі. Сөз ықшамдылығы, ұқсастығы. Жоспар:1. Балаларға халық ауыз әдебиетінің  мақал-мәтелдерін таныстыр

2. Мақал  мен  мәтел, нақыл  сөздер – тәрбие құралы.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қ. Жұмалиев. «Әдебиет теориясы» А. 1974ж.

2.Ш. Ахметов. «Қазақ балалар әдебиеті» А. 1976ж.

3.Ғ. Мүсірепов «Қазақ халқының ауыз әдебиеті». А. 1974 ж.

4.Х. Суйіншәлиев. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері».

 

Тапсырмалар: 1.Даналық сөздердің тәрбиелік мәні.

                         2. Мәнерлеп оқудың әдіс-тәлдерін анықтау.

                         3.Сөз мәнерлілігінің ерекшеліетері.

Ауыз      әдебиетінің      басқа      түрлеріне ауыз      ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар. Ең алдымен, әдебиеттік жағынан алғанда, мақал үлкен. толғау образ арқылы берілген логикалық ой қорытындысы болып келеді. Ол адам өмірінде,   тұрмыс-тіршілікте,   қоғамдық оқиғада  кездесетін әр түрлі құбылыстарға, тарихи мәні оларға берілген даналық баға, тұжырымды түйіи есебінде қолданылады. М. Горькийдің «Мақал мен мәтел еңбекші халықтың тарихын, әлеуметтік өмір тәжірибелерін  үлгілі,  қысқа түрде  айтып  береді»,— деуі осыдан.

Қандай мақалды алсақ та, оның шығуына үлкен уақиға, мәнді әңгіме себеп болған. Мақал соларға берілген баға, жасалған қорытынды, яғни «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» есебінде жүреді. Халық аз сөзге көп мағына сыйдыра отырып, өзінің өмірінде көргендерін, бастан кешірген кезеңдерін, алған тәжірибелерін мақал арқылы айтып береді. Бұл жағынан алғанда, көптеген мақалдар ақыл-өсиет,   нақыл  сөз   есебінде  қызмет  атқарады.

Мақалды тудырушы — еңбекші халық. Ол халық данышпандығының алтын қазыналы мұрасы болып табылады. Бұдан, әрине, барлық мақалды халық шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді, мақал да таптық ой-санадан, таптық көзқарастан туған. Мақалдарды үстем тап та шығарып, оған таптық идеясын қосқан, идеологиялық құрал еткен. Мәселен, «Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін», «Құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас», «Алтын басты әйелден, бақа басты бала артық» деген сияқты үстем тап адамдары шығарған мақалдар халықтың тілегіне, көзқарасына мүлде жат, жанаспайды. Сондықтан оларды еңбекші халық қабылдамаған. Мақалдар халықтың тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық өміріне, еңбегі мен тәжірибесіне байланысты туғандықтан, оның тақырыбы да орасан көп. Бұл ретте мақалға қосылмаған нәрсе жоқ деуге болады. Халықтың тұрмыс – тіршілігі, әдет-ғұрпы мен салты, дүние танудағы көзқарасы, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен қайғысы, айтатын ақыл - өсиеті, үйрету мен үкімі, қысқасы халық өмірінің барлық жақтары — мақалдардың басты тақырыбы болып отырады.

Бақылау сұрақтары:

 

1. Балаларға халық ауыз әдебиетінің  мақал-мәтелдерін таныстыру.

2. Мақал  мен  мәтел, нақыл  сөздер – тәрбие құралы

 

№5 практикалық сабақ.

Пәні: Балалар әдебиеті.

 

Тақырыбы: Жұмбақтың көркемдік ерекшелігі, құрылысы, ұйқасы.

 

Жоспар:

1. Жұмбақтың  дүниетанымдық  өнегелік маңызы.

2. Қазақ  жұмбақтарының  күрделі тақырыбы туралы.

3. Даналық сөздердің тәрбиелік мәні.

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.        Қ. Жұмалиев. «Әдебиет теориясы» А. 1974ж.

2.        Ш. Ахметов. «Қазақ балалар әдебиеті» А. 1976ж.

3.        Ғ. Мүсірепов «Қазақ халқының ауыз әдебиеті». А. 1974 ж.

4.        Х. Суйіншәлиев. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері»

 

Тпасырмалар: 1.Жұмбақтардың тақырыбының құрылымы.

                        2. Қазақ жұмбатарының бала тәрбиесіне әсері.

 

Жұмбақ – оқушы балалар мен жастарға білім берерлік, тәрбиелік мәні бар құралдың бірі.

Халық   жұмбақтарының   тақырыбы   өте көп. Жаратылыс дүниесі, табиғат жайы, еңбек-кәсіп құралдары, хайуанаттар мен
өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер-білім, техника т.б. жұмбақтардың басты тақырыбы болумен қатар, мазмұны да болады. Бұл тақырыптардың бәрі жұмбақ көлемінеенгнде, әрқайсысы жалпылама түрде алынбай,
белшектене,   жекелене   алынады.

Аталған тақырыптағы жұмбақтардың қайсысы қай кезде туғандығын көрсету, толық хронологиясын беру қиын нәрсе.  Дегенмен кейбір тақырыптағы жұмбақтардың қашан туғандығын белгілеуге болады. Мәселен, өнер-білім, техника жайында шығарылған жұмбақтар бергі кезде, XIX ғасырдың ішінде туа бастағанын байқаймыз.

«Аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ сөйлейді» (хат), «Өзі жаңа, өзі тесік» (елеуіш), «Өмірді өлшейді, ешкімнен сұрамай, тіліңді алмайды, тетігін бұрамай» (сағат) дейтін жұмбақтардың ерте заманда тууы мүмкін емес. Өйткені ертедегі адамдарға хат, елеуіш, сағат дегендердің өзі түсініксіз болатын. Сондықтан бұл тектсс жұмбақтарды бергі кездің шығармасы деп қарау керек.

Жұмбақтардың мол тақырыбының бірі адам баласының жаратылыс дүниесін тану әрекетіне байланысты туған деуге болады. Бұл тақырыптағы  жұмбақтардан  адамдардың дүние танудағы ой-өрісі, түсінігі, табиғат құбылыстары жайындағы  ұғымдары да көрініп отырады. Олар Ай мен Күнді, Жер мен көкті, от пен суды, қыс пен жазды, қар мен жаңбырды, жел мен құйынды, т.б. жұмбақ еткенде, өздерінің ұғым-түсінігіне жақын нәрселерге салыстырады.

Аспан әлемі жұмбақ көлеміне енгенде көз жетпейтін дария, үлкен көк шатыр, кең сарай бейнесінде алынады. Кейде сол аспан әлемін мекендеушілер кімдер екенін жұмбаққа қосады.

Мәселен:

Көріп едім  бір үлкен дарияны,

Барша қыз мекен өтіп  жатыр оны.

Ішінде ерлі-байлы екі аққу бар,

Жарықтық жеті сарбас балалары,—

деп, аспанды — дарияға, жұлдыздарды — қызға, Ай мен Күнді — аққуға, Жетіқарақшыны — балаға теңейді.

Бақылау сұрақтары:

 

1. Жұмбақтың  дүниетанымдық  өнегелік маңызы.

2. Қазақ  жұмбақтарының  күрделі тақырыбы туралы.

3. Даналық сөздердің тәрбиелік мәні.

 

№6 практикалық сабақ.

Пәні: Балалар әдебиеті.

Тақырыбы: Ертегілердің түрлері. Танымдық тәрбиелік мәні.

 Жоспар:

1. Әдебиеттік оқу сабақтарында ертегілерді оқыту барысында оқушыларды қайырымдылыкка тәрбиелеу

               2.  Ертегілер түрлері және оларды оқыту әдістемесі

               3.Халықтық шығармалардың тәрбиелік мәні

   Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақ ертегілері Алматы «Кітап» 2004ж

2. Қазақ ертегілері Алматы «Балауса» 2004ж

3.С.Әбілмәжінов Әлем халықтарының ертегілері. І том 1992ж            

4. Б. Адамбаев. Алтын сандық. Алматы 1989ж

5. А.Кенжеғұлқызы Қазақ балалар ауыз әдебиеті. 1995ж.

 

Мазмұны:

Алғашқы рулық қоғам ыдырай бастаған кезде туған қиял-ғажайып, батырлық ертегілер көне болып есептеледі. Адам баласы білім - жүзінде өнер болған уақытта маңайындағы дүниені жан сырын білмегендіктен, өзіне белгісіз заттың барлығына "құдай" деп табынған. Сол табынған нәрселері көп болғандықтан әрқайсысы туралы арнаулы әңгімелер болған, осындай құдайлар әңгімелері ескі грек халқында көп болады.

Заман өткен сайын, ақыл - білім өскен сайын олар табиғат нәрселерінің құдай емес екенін білген. Сондықтан олар жойылып, бұрынғы мағыналарынан айырылып, кейінгі айтушының аузында ертегі болып кеткен.

Ертегілі сөздің белгісі болады. Бірақ, барлық ертегі сөзін түгелімен ойдан шыққан деп есептеуге келмейді. Оның ішінде белгілі бір шындық болған. Кейбір ертегілер ескілікті дүниені түсінуін білдіретін болып сол ескі замандағы ұғымның сақтап қалғаны бар. Ондай ертегілерді, ескілік әңгемесін - "әуез" дейді.

Екінші бір түрі: сол ескілікті ұғымды білдірумен бірге елдің ескі салт әдетін де білдіретін болады. Белгілі үлгі өсиет шығаратын да ертегілер бар. Бұларды салт ертегісі, яки үлгілі ертегі дейді.

Қазақтағы "Құла Мерген" сондай салт пен үлгі ертегісі деп саналауға болады. "Құла мергеннің аңшылық кәсібі, өзге елден бөлек жалғыз өмір сүріп, ылғи мергендікпен күн көруі оның салтын білдіреді. Құла мергенге қас болған жалмауыз кемпір барлығы да адам баласының өміріне қастық қылатын қараңғы сырлы заттар болады. Құла мергеннің кегін алушы баласы Шүйе мерген мергеннің ісі ақ, сондықтан ол жеңді. Қас болған қатыннан кек алды. Жалмауызды өлтіреді. Бұл яғни "аққа зауал жоқ", "қараның ісі оңға баспайды" деген ұғымның белгісі.

Қазақ ертегілерін тақырыбына қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар: 1) мифологиялық ( қиял - ғажайып) ертегілер

     2) хайуанаттар ( жан - жануарлар) жайындағы ертегілер

3) реалистік (тұрмыс-салт) ертегілер.

Бақылау сұрақтары:

   1. Ертегілер түрлері және оларды оқыту әдістемесі

   2.Халықтық шығармалардың тәрбиелік мәні

   3. Әдебиеттік оқу сабақтарында ертегілерді оқыту барысында балаларды қайырымдылыққа тәрбиелеу.

 

№7 практикалық сабақ.

Пәні: Балалар әдебиеті.

 

Тақырыбы: Өтірік өлеңдердің баланы өмірмен таныстырудағы орны.

Жоспар:

1. Өтірік өеңнің баланы қызықтыруда қоршаған ортамен таныстыруда алатын орны.

 2.Жаңылтпаштардың бала тәрбиесіне әсері.

 3.Балалар әдебиеті үлгілері      ішінде      балаларға     арналған жаңылтпаштардың да өзіндік мәні.

 

Өтірік өлеңдер аса қызықты, адам ақылына сиымсыз, тіреуі жоқ оқыс сөздерге құрылғандықтан, тыңдаушысының бәрі де қыран жапқан күлкіге, көңіл сергітерлік ойын-сауыққа, думан сейілге айналдырып жібереді, Әсіресе, балаларды мәз-майрам етеді. Ұзақ күнге арыпталып, біреудің қол астында жалшылықта жүріп еңбек етсе де халық өз кеңілдерін көтеру үшін кей кездерде осындай қуақы, оспақты әзіл сөздермен балаларын жұбатып, жарастықты қалжындар айтып, ойын-сауық құрып отырған.

Өтірік өлеңдер өзінің қызықтығы арқылы балаларды мәз-майрам етумен қатар, оларды неше алуан жәндіктердің атымен, олардың іс-тәсілімен, шама-шарқымен таныстырады. Шыбын-шіркей, құмырысқаларды, салмақсыз үрген қарынды, қағанақ пен қуықты кереметтей алып етіп суреттегеніне, көбелекпен қасқыр қуғанына, шымшықтың жұмыртқасын келі қылдым дегендері еріксіз күлдіреді. Осынысымен қатар қазір де сирек қолданылатын көне атауларды еске түсіреді.

       Мысалы «Тазшаның қырық өтірігі», деген ертегіде хан алдында шарт жүгініп, өлімге басын байлап, нар тәуекел деп отырған тазша бала қырық ауыз өтірікті мүдірмей айтып шыққан соң да, ханның кенеттен оқыс қойған сұрақтарына аса тапқырлықпен жауап береді.

«Байтерегің қысқа шығар» — деген ханның сұрағына кішкентай тазша бала:

«Болса болар, түбінен таңертең ұшқан күйкентай басына кешке жетіп қонушы еді», дейді.

«Күнің - қысқа шығар» дегенде, «болса болар, таңертең қашқан Марал кешке бұзаулаушы еді» деп ханның жетекші сұрақтарына да мүдірмей жауап береді. Өзінің тапқырлығымен өлімнен құтылады. Дәулеті төмен, өзі кедей болса да, ақыл парасаты жағынан ханнан асып түседі. Халық даналығының ұтымды қасиеті, биік шоқтығы, ұшқыр қиялы осындай тапқырлырымен керінеді. Оның балаларға көрпекті де, қызықты жақтары осынысында.

Қазақ ертегілеріндегі көп айтылатын тазшалар бейнесі сырт пішіні жағынан сондай елеусіз, нұсқасы келмеген жарамсыз жан боп көрінсе де, ақыл-айласы, сөзге тапқырлығы, қулығы бәрінен де асып түсіп отырады. Алдынан ажал тосып тұрса да саспайтыны жол тауып құтылып кете беретіні балаларды қатты сүйсіндіріп, көп ойға қалдырады.

Тазша бала қырық өтірікті мүдірмей айтып, ханның жетекші сұрақтарына да жауап берген соң, хан бұл баланың ақылына, тапқырлығына таң қалады. Баланы сөзден жаңылтып мерт ете алмағанына хан бір жағыман іштей қатты күйінеді де.

«Сен бала бір міндеттен құтылдың. Сөзуар тапқырлығың да бар екен. Қырық өтірікті сөзбен айттың, енді тағы да осындай қырық өтірікті өлеңмен айта аласың ба?» — дейді хан сүріндірсем, осы жерден сүріндірермін дегендей. Тазша бала оған да мүдірместен, тіпті, қиналмастан «айтсам, айтайын» — деп бірден төгілтіп жібереді.

 

Бақылау сұрақары:

1. Өтірік өеңнің баланы қызықтыруда қоршаған ортамен таныстыруда алатын орны.

2.Жаңылтпаштардың бала тәрбиесіне әсері.

3.Балалар әдебиеті үлгілері      ішінде      балаларға     арналған    жаңылтпаштардың да өзіндік мәні.

                                               

№ 8 практикалық сабақ.

Пәні: Балалар әдебиеті.

Тақырыбы:  Батырлар жыры – балаларды ел қорғауға баулудағы Отаншылдыққа тәрбиелеудегі маңызы.

Жоспар:

  1. Ауыз әдебиетіндегі эпостық жырлардың қалыптасу кезеңі.
  2. Эпостық жырлардың балалар тәрбиесіне қосатын үлесі.  

     3.«Қобыланды батыр» жырының ерекшелігі.

4.«Қобыланды батыр» жырының композициясы мен тілі.

5.Қобыланды образы.                                                                                                                                                            

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Ә.Қоңыратбаев «Қазақ эпосы және түркология» А.1982.

2.Ә.Қоңыратбаев. Қазақ фолъклорының тарихы  А.1991.

3.З.Қабдолов Сөз өнері. А..,Мектеп 1982

4.М.Балақаев Қазақ тілінің мәдениеті. А..,Қазақстан 1971.

Қазақ фольклорының тарихи сипаты басым құнды саласы  эпостық жырлар. Эпос деп оқиғасы ел, халық өмірінен алынған, образдары ірі әрі кемелді түрде жасалып, батырлық немесе ғашықтық сюжетке құрылған үлкен-үлкен эпикалық жыр-дастандарды айтамыз.Қазақ  эпосы бірде ерлікті, батырлықты дәріптеп ел қорғау, отаншылдық сарында құрылса(Қобыланды батыр,Алпамыс  бірде феодалдық қоғамдағы әйел теңсіздігін арқау етіп, махаббат тақырыбына негізделеді.Эпостық жырлар барлық елдерде болған. Совет дәуірінде Орта Азия және Қазақстан жерін мекен тұтқан көшпелі тайпалардың бай эпостық мұрасы жан-жақты зерттелді. Онымен М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Қ.Жұмалиев сияқты жазушы ғалымдарымыз айналысты.Қазақ эпосының тарихилығын сөз еткенде, бір ғана ру, тайпа, халық шеңберінде қалмай сюжеттерді бүкіл әлем деңгейінде салыстыра зерттеу керек. Қазақ эпосын тарихи желіге қойып дұрыс топтастырған ғалым Ә.Марғұлан болды.Ол оғыз-қыпшақ эпосын мынадай дәуірлерге бөлген:

1.Көне дәуірлерде туған эпос.

2.Тарихи дәуірде туған эпос.

3.Ноғайлы эпосы.

4.Жоңғар шапқыншылығына байланысты туған эпос.

Бақылау сұрақтары:

1.Эпостық жырлардың  тарихилығын анықта.

2.«Қобыланды батыр» жырының ерекшелігі неде?

3. «Көрұғлы» жырындағы жағымды кейіпкерлерге мінездеме бер.

№9 практикалық сабақ

Пәні: Балалар әдебиеті.

     Тақырыбы: Ы.Алтынсарин балалар әдебиетіңнің атасы.

                             А.Құнанбаев өлеңдерінің тәрбиелік мәні.

     Жоспар:

1.Қазақ ағартушыларының демократиялық көзқарастары.

2.Абай шығармаларының тәрбиелік мәні.

3.Ақын жазушылар шығармаларындағы өнер-білімге деген көзқарастар.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.        Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. – А., 1974.

2.        Алпысбаев Қ. Қазақ әдебиеті. – А., 1992.

3.        Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. – А., 1976.

4.        СүійншәлиевХ. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. – А., 1967.

5.        Садырбаев С. Қазақ  халқының ауыз әдебиеті. – А., 1977.

 

Ыбырай Алтынсарин XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін уағыздаушылардың бірі болды. Ы. Алтынсариннің ағартушы және педагог ретінде қазақ халқының тарихи даму жолына үлкен үлес қосарлықтай творчестволық еңбек етуіне орыс халқының прогресшілдік ықпалы көп көмегін тигізді. Бұл қағида Қазақстан үшін де солай еді. Ыбырай   Алтынсарин   орыс халқы мәдениетінің демократияшыл идеяларын, әсіресе Ушинскийдің педагогикалық мектебінің жаңалықтарын творчестволық жолмен қабылдай отырып, қазақ даласына білім таратушы, мектеп ашып, жастарды тәрбиелеуші мұғалім болды.

Абай — қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушысы, сонымен бірге ұлы ойшылы.

Абай дүниетануда материалистік тұрғыда болды. Абай үсінігінде, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге бағынышсыз өмір сүреді. Біздің сеніміміз, қабылдауымыз және ойлауымыз айналадағы ақиқат, шындық өмірдің сәулесі ғана. Адам баласы «көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабарлады»,— дейді Абай.

Абайдың дүниенің дамуына көзқарасы, әлі кемеліне келіп көтпеген болса да, диалектикалық еді: ол табиғат құбылыстары бір-бірімен өзара байланыста, үнемі өзгерісте, дамуда алып қарастырады.

Алайда, Абайдың материализмі дәйекті, жүйелі, толық материализм емес еді. Оның дүниетануында материалистік көзқарастармен қатар, ақынның өмір сүрген дәуірімен байланысты және белгілі дәрежеде оның материалистік көзқарасы бүркемелейтін дейстік көзқарастың элементтері де ұшырасып отырады.

Абай қазақ халқы дамуындағы прогрестің халық ағарту ісін кеңінен өрістетуге байланысты екендігін өте дұрыс түсінді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Ы.Алтынсариннің балаларға арнап жазған шығармаларын талдау.
  2. Абай өлеңдерінің бала тәрбиесіне әсері.

 

 №10 практикалық сабақ.

Пәні: Балалар әдебиеті.

Тақырыбы: С.Көбеев, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов шығармаларындағы басты тақырыптары мен ерекшеліктері.

Жоспар:

1.        А.Байтұрсынов шығармаларының басты тақырыптары.

2.        М.Дулатов шығармаларының тәрбиелілігі.

3.        Ж.Аймауытовтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

Пайдаланған әдебиеттер

            1.Байтұрсынов А. Шығармалары. – А., 2003.

            2.Б. Кенжебаев «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдбиеті» А. 1967ж.

            3.Сөз өнерінің сырлары. А. 2003ж.

            4.Х. Әбдібаев. «Қазақ әдебиеті» А. 2002 ж.

  Мазмұны:

 ХХ ғасыр басында әлеуметтік өмірдің сан қатпарлығы сияқты қазақ ақын жазушыларының да шығармаларында мейлінше өзгерістер болды.ХХ ғасырда оқу ағарту ісі екі түрлі бағытта жүрді. Оның бірі – мұсылманша оқу, екіншісіша оқу. Қазақ әдебиетінде тың, жаңа әдебиет жанрлары туа бастады. Қазақтың демократ ақын жазушылары өздерінің күрес, көтеріліс дәуіріндегі қазақ халқының өмірі жайында күрделі шығармаларын жаза бастады. Қазақ өлеңінің тарихы қызық та ұзақ, әрі терең. Оны ойласаң , көз алдыңа қазақ даласындай кең жайылып жатқан өлең-жыр дариясы елестейді.Осы жыр-дарияны толтырған қазақтың халық поэзиясы мен ақын-жырауларының есімі бүгінде айдай әлемге аян.

Өткен  тарихымыз  аласапыран  кезеңге,  шытырман  қайшылықтарға да толы болды.  Кешегі  кеңестік  кезең  түсында,  нақтырақ айтсақ,  1921—22  және 1931-—32 жыл-дардағы алапат аштық үш миллионнан астам адамның өмірін қысқартты, қазіргі кезде Ауғанстан, Моңғолия, Иран, Қытай, Түркия т. т. елдердегі қандастарымыздың ата-бабалары ұжымдастыру науқанының нәубетінде тап болды, босқындықтың қамытын киді. Саң мыңдаған ұлт өкілдері кеңес лагерьлерінің "құтты қонағы" болып, көптеген зиялы қауым өкілдері жалған жала, жолсыз .— жазаға тап болды. Қазақ жері полигонға, лагерьге толып, дін мен тілден айырылу қаупі теңді... 1986 жылғы Жел-тоқсан оқиғасының туу себеи-сырлары отаршыл орталық жүйенің шектен тыс салмақ, салқынынан туды. Ақын тілімен айтсақ, қазақ халқы—"мың өліп, мың тірілді", тарих сыньшан өтіп, уақыт шындығына суарылды.

Бақылау сұрақтары:

 1.А.Байтұрсынов шығармаларының басты тақырыптары.

 2.М.Дулатов шығармаларының тәрбиелілігі неде?

 3.Ж.Аймауытовтың қазақ балалар әдебиетіне қандай үлестер қосты.

 

№11 практикалық сабақ.

Пәні: Балалар әдебиеті.

Тақырыбы: С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов шығармаларының  балалар әдебиетіне дамуына қосқан үлесі.

Жоспар:

1.С.Сейфуллин – қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы.

2.Б.Майлин шығармашылығы.

 3.М.Әуезов және балалар әдебиеті.

Пайдаланған әдебиеттер:

             1. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. – А., 1976.

                2.СүійншәлиевХ. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. – А., 1967

Мазмұны:

С. Сейфуллин ұлт-азаттық көтеріліс кезінде еңбекші бұқара жағында болып, халық мүддесін қолдаған жазушылардың бірі. Оның бірнеше шығармалары осы тұста жарық көрген. «Кел жігіттер», «Жолдастар» сияқты өлеңдері осы тұста жазылды. Жазушының балалар әде биетіне қосқан қосқан үлесі мол.                             

       Б.Майлин 15 қарашада  Қостанай  облысы, Таран ауданы, қазіргі Майлин атындағы совхозда туған. Қазақ әдебиетінің  негізін салушылардың   бірі.  Алғаш  ауыл  молдасынан   оқып, сауатын  ашты.  1911 - 1915 жж. Троицк қаласындағы Уәзифа  медресесінде, Қостанайдағы  орысша – қазақ мектепте , Уфадағы  «Медресе Ғалияда»  оқып  білім алды.   Орыс тілін үйреніп, Л.Толстой, Н.Гоголь, А.Чехов, М.Горький, т.б. классиктердің    шығармаларымен   танысты.              1916 – 1919  жж. мұғалім болды, жазушылықпен  шұғылданды. «Еңбекші Қазақ» ( кейіннен «Социалисттік  Қазақстан» )  газетінде ( 1922-1923 )  қызмет  атқарды. 1923 - 1925 жж» Еңбекші қазақ»  газетінде жұмыс істеді.  «Ауыл тілі» газетінде бас  редактор , т.б. қызметтер  атқарды.

         Мұхтар Омарханұлы Әуезов - аса көрнекті қазақ совет жазушысы, ұлы суреткер, әдебиетші-ғалым, зор қоғам қайраткері, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардыд лауреаты. Оның творчествосы тек советтік қана емес, бүкіл дүниежүзілік прогресшіл мәдениетке үлкен қазыпа болып қосылды.

Бұдан бұрын жазушыныц көп томдық шығармалар жинағы оның көзі тірісінде 6 том (1955-1957 жылдар), ал қайтыс болганнан ке-йін 12 том (1967-1969 жылдар) болып жарық көрген болатын. Ал оныц 5 томдық шығармалар жинағы орыс тілінде Москвада «Художественная литература» баспасынан (1973-1975 жылдар) жарық-қа шыкты.

                         Бақылау сұрақтары:

1. І.Жансүгіровтың балаларға арнап жазған «Малта», «Шәркей»шығармаларындағы еңбек тәрбиесінің көрінісін анықта..

2. С.Мұқановтың балалар әдебиеті саласындағы еңбектері.

3. А.Тоқмағамбетовтың балаларға арналған «Шойын караның ойын қара», «Тапқаны ғылым емес пе» өлеңдерінің мазмұны, тәрбиелік мәні неде.

№12 практикалық сабақ.

Пәні: Балалар әдебиеті.

Тақырыбы: Б.Момышұлы балаларға арналған шығармаларының    құндылығы. Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы Ана ролін бейнелеуде тәрбиелік мәні мағынасы.

   Жоспар: 1.Балалар әдебиеті және соғыс жылдары

                   2. Балалар әдебиетінің соғыс жылдарындағы жетістіктері.

         3. Жамбыл поэзиясының тәрбиелік мәні.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Жұмабаев М. Тандамалы шығармалары. - Алматы., Ана тілі. 1992

2. Дулатов М. Оян, қазақ! -Алматы., 1991

3.Бітібаева Қ.  Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – А., 2003.

4.Бес ғасыр жырлайды. – А., 1991.

 

      Момышұлы Бауыржан (1910-1982) - Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.

     Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жыл жүріп, запастағы камандир атағын алады. Туған аулына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерден взвод, рота командирі болады.

     1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В. панфиловтың басшылығымен, Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.

    Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше ретжау қоршауынан жауынгерлерін аман-сау алып шығады. Москва түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады.

    Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы А.Бек «Волоколамское шоссе » (қазақшасы «Арпалыс») повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылды.

       Адамның анасы. Жазушы А.М.Горькийдің ізімен жазылған Ғ.Мүсіреповтің ана тақырыбындағы алғашқы әңгімелерінің бірі. Тұңғыш рет, «Әдебиет майданы» журналының 1932 жылғы 11-12-сандарында жарияланды. Бұдан соң бұл әңгіме жазушының бірнеше кітаптарынан орын алды: Ана (әңгімелер жинағы). Алматы, Қазкөркемәдеббас, 1934; Ана туралы аңыз. Алматы, Қазбірмембас, 1948; Әңгімелері. Алматы, Қазмемоқуқұралбас, 1950; Таңдамалы шығармалар. Үшінші том. Әңгімелер, пьесалар. Алматы, Қазкөркемәдеббас, 1956; Белдерде (әңгімелер мен повестер). Алматы, Жазушы, 1965; Бес томдық шығармалар жинағы. Бірінші том. Повестер мен әңгімелер. Алматы, Жазушы, 1972; Таңдамалы. Үш томдық. Бірінші том. Повестер мен әңгімелер. Алматы, Жазушы, 1980; Қазақ әйелі. Роман және әңгімелер. Алматы, Жалын, 1982.

Бес томдық шығармалар жинағына «Адамның анасы» әңгімесі 1980 жылғы үш томдық таңдамалының бірінші томындағы текст бойынша жіберілді.

Өлімді жеңген ана.  А.М.Горькийдің ізімен жазылған бұл әңгіме бірінші рет «Әдебиет майданы» журналының 1932 жылғы 11-12-сандарында жарияланды. Алғашқы басылуларындағы әңгіменің аты «Өлімді жеңетін ана» болса, кейінгі басылымдарында жазушы әңгіменің атын «Өлімді жеңген ана» деп өзгертті. Бұл әңгіме жазушының мына кітаптарына енді: Ана. Әңгімелер жинағы. Алматы, Қазкөркемәдеббас, 1934; Ана туралы аңыз. Алматы, Қазбірмембас, 1948; Әңгімелері. Алматы, Қазмемоқуқұралбас, 1950; Таңдамалы шығармалар. Үшінші том. Әңгімелер, пьесалар. Алматы, Қазкөркемәдеббас, 1956; Белдерде. Әңгімелер мен повестер. Алматы, Жазушы, 1965; Бес томдық шығармалар жинағы. Бірінші том. Повестер мен әңгімелер. Алматы, Жазушы, 1972; Таңдамалы әңгімелер. Алматы, Мектеп, 1979; Таңдамалы. Үш томдық. Бірінші том. Повестер мен әңгімелер. Алматы, Жазушы, 1980; Қазақ әйелі. Роман және әңгімелер. Алматы, Жалын, 1982.

Бес томдық шығармалар жинағына «Өлімді жеңген ана» әңгімесі 1980 жылғы үш томдық таңдамалының бірінші томындағы текст бойынша жіберілді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Соғыс жылдарындағы балалар әдебиетінің жетістңктері.
  2. Жамбыл поэзиясындағы патриоттық көріністер.
  3. Б.Момышұлы шығармаларының тәрбиелік мәні.
  4. Соғыс жылдарындағы ерлікке, тапқырлыққа, батырлыққа толы шығармалардың көркемдкі ерекшілігі.

 

№13 практикалық сабақ

Пәні: Балалар әдебиеті.

Тақырыбы: Ө.Тұрманжанов, С.Багалин, Қ.Аманжолов шығармаларының мазмұны, көркемдігі, тәрбиелік жақтары.

 Жоспар:

1. С.Бегалин шығармаларындағы ауыл адамдарының өнегелі өмірінің көріністері.

2. Ө.Тұрманжановтың өлеңдерінде жасөспірімдерді ерлік, ынтымақ, бірлікке баулу белгілері

      Пайдаланған әдебиеттер:

     1.Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. – А., 1974.

     2.Алпысбаев Қ. Қазақ әдебиеті. – А., 1992.

     3.Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. –  А., 1976ж.        

     4.Садырбаев С. Қазақ  халқының ауыз әдебиеті. – А., 1977.

Мазмұны:

Отан соғысы жылдарынан кейін балалар әдебиеті тақырыбына жазылған шығармалар нақтылы оқиғаның негізіне құрылған. Мұндай шығармалар балаларға оқиғасының әрі қызықты  болуымем әсер етеді, неміс фашистерінің хайуандық, опасыздық істеріне жандары төзбей, ашу-ызаларын төгеді. Жағымды кейіпкерлерге жаны ашып, майданның алдыңғы шебіне кеткендегі опық тағдыры не болар екен деп, абыройлы оралуына тілектестік білдіріп, оқырманның өзін патриоттық рух билеп отырады. Сондай тақырыптарда бірнеше шығармалар жазған көрнекті қаламгерлеріміздің бірі Қасым Аманжолов.

        Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында1911 жылы туды.Ата-анадан жастай жетім қалған Қасым Семейге барып интернатқа орналасады. Ол 1927 жылдан бастап Семейдегі мал дәрігерлік техникумында оқиды. 1930 жылы Қасым Алматыға келіп, «Лениншіл жас» газетінде қызмет істейді. Біраз уақыт Ленинградтың  орман шаруашылығы инстнтутында оқыды. Бірақ денсаулығына және оқи бастаған мамандықтары ұнай қоймауына байланысты оқу орындарын тамамдамаған.

   Ақын көп өлеңің майдан өмірін және майдангерлерді суреттеуге арнайды. Олардың қатарында «Қанкүйлы жау», «Отан соғысы туралы жыр», «Үстімде сүр шинелім», «Май майданда», «Подполковник Альпинге», «Мартбек», «Жеңіс даусы», «Сен фашиссін, мен қазақпын», «Қызғалдақ» секілді жақсы өлеңдер бар. «Байқал», «Орал», «Ертіс», «Сарыарқа», «Сібір» секілді өлеңдерін Отан жерінің тұлғалы орындарына арнанды. Майданда, арпалысты күресте жүріп ақын дағдылы от басын, көңілдес достар сағынды. Ол Бейбіт өмірді , тыныштыұқты , көңілдес жандарымен кеңесіп, кейде өлең жайлы пікір шерткен  сағаттарын еске алады. Өмір туралы , бүгіні мен болашақ жайлы ақының «Достар , қайда жүрсіңдер?», «Елге хат», «Ғалиге», «Сәбмтке», «Қапанға» , «Еркін ініме», «Абайға» секілді өлеңдері туады. 

       Бақылау сұрақтары:

    1.Ө.Тұрманжановтың «Сабан той», «Ащы терден тәтті нан» әңгімелерінің идеялық мазмұнын ашу.

    2.Қ.Аманжоловтың «Үстімде сұр шинелім», «Отан соғысында» өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ашу.

    №14 практикалық сабақ.

Пәні: Балалар әдебиеті.

 

Тақырыбы: Б.Соқпақбаев, М.Мақатаев, Т.Молдағалиев, М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев шығармалараның мектепке дейінгі бала тәрбиесіне әсері.

Жоспар:

  1. Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» әңгімесінің тәрбиелік мәні.
  2.  М.Мақатаев шығармаларының көркемдік ерекшеліктері.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

     1.Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. – А., 1974.

     2.Алпысбаев Қ. Қазақ әдебиеті. – А., 1992.

     3.Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. –  А., 1976ж.        

     4.Садырбаев С. Қазақ  халқының ауыз әдебиеті. – А., 1977.

 

 Б.Соқпақбақпаев қазақ балалар әдебиетінің атасы. Соқпақбаевтың шығармалары балаларды шыншылдықа табандылыққа әділдікке тәрбиелеу. Жазушының «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа», «Қош бол, Гаухар» шығармаларында оның көркемдік шеберлігі жаңашылдығы көрінеді.

 М.Мақатев дәстүршіл ақын ол өлеңге интонация, инверсия, мазмұн тұрғысынан жаңалық енгiздi. М. поэзиясы ұлттық характерiмен, мiнезiмен ерекшеленедi: “Су сұрасам, сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем”. Ақын өлеңге ерекше кие деп қарап, Музаға табынған: “О, Муза, маған алыс сөрендi бер, Ғайыптан кел де, менi демеп жiбер”. М. адам жанының диа-лектикасына терең бойлап, оның болмысын шынайы бедерлейдi (“Жапырақ жүрек-жас қайың”). Ол “Нағыз ақын алдымен ойшыл, философ болуы кажет. Поэзияда философ болу өзiн қоршаған әлемдi ұғыну, әр заттың мәнін бiлу, ақырына дейiн “адам жанының инженерi болып қалу” дегендi ұстанды (Күнделiк, 10.2.1976). Ақынның шеберлiгi өмiрден өзiн, өзiнен өмiрдi көре бiлуiнде. “Букiл менiң жазғаным бар-жоғы бiр ғана бүтiн поэма.

М.Әлімбаев шығармаларының басты тақырыптары саналы азамат тәрбиелеп, жасөспірімдердің білімін жетілдіруге арналған. Жазушының балаларға арнап жазған «Шынықсан шымыр боласын», «Жұмбақ тас», «Менің ойыншықтарым» әңгімелерінде бала тәрбиесін басты тақырып етіп алған.

Бақылау сұрақтары:

1.                             Қ.Баянбаевтың «Балаларға базарлық», «Қолшатыр көтерген он батыр» шығармаларының тәрбиелілігін ашу.

2.                             Е.Ерубаевтың балаларға арналған «Кім қорқақ, кім айбатты» өлеңдерінің мәні.

3.                             Т.Молдағалиевтың шығармаларындағы бала тәрбиесінің мәселелері.

 

 №15 практикалық сабақ.

Пәні: Балалар әдебиеті.

 Тақырыбы: А.Пушкин ертегілерінің тәрбиелік мәні. М.Лермонтов шығармаларындағы балалар бейнесі. Л.Толстой балаларға арналған шығармаларының мазмұны.

Жоспар:

1.Балаларға арналған Пушкин ертегілерінің тәрбиелік мәні.

2.М.Лермонтов шығармаларындағы балалар бейнесі.

3.Шетел балалар әдебиеті.

 

Орыс халқының ауыз әдебиеті, ертеден қалыптасқан. Орыс балалар фольклоры бірнеше түрге бөлінеді. А.Пушкиннің балаларға арнап жазған ертегілерінің тәрбиелілік мәні мол.Сонымен қатар орыс жазушысы Л.Толстой, И.Тургенов балаларға арнап даналық мазмұны мол мұралар қалдырды

     Балалардың оқитын туындылары халық ертегілері. Мұнда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесі, әдет - ғұрыпы, кәсібі, мәдениті жөніндегі мәліметтер аса көркем, әдемі түрде, халыққа тән шеберлікпен жеткізіледі. Ертегілерде баяндалатын ғажайып, фантастикалық оқиғалар балалардың ойын қозғап, оларға өмірдің сан алуан жақтарын көрсетеді, қиялдардын ұштайды.

Ертегілердегі балаларды аса қызықтыратын тағы бір жәйіт - кейіпкерлердің аса айқын, дәл суреттелетіндігінде, олардың әрекеттері, іс - қимылы, мінездері қатты әсер етіп отырады. Тіпті жағымсыз кейіпкерлердің өздері де ақымақтығымен, құлығымен балаларды  таң - тамаша  қалдырады.

Балаларды ертегілермен таныстыру кезінде оқу материалдары белгілі бір жүйемен, тиісті мөлшерде бірте-бірте берілген жағдайда ғана оқитының қызығушылығы оянып, ол өз бетімен оқи білуге  жағдай  туындайды.

Халық ауыз әдебиетінің үлгілері тақырыптың, көркемдік жағынан түрлі болған сияқты, сабақтардың мазмұны, өткізу жолдары, орындайтын тапсырмалыры да әр алуан келеді. Ертегілермен таныстыруға арналған сабақты кіріспе сөзбен бастаған мұғалім: «Ертегі - халық өмірін суреттейтін фантастикалық оқиғаларға құрылған көркем шығармалар. Ертегілер - ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таратылып, ұзақ ғасырлар бойында толықтырылып, жетіліп келген халық ауыз әдебиетінің ең бір көркем түрде ертегілер өзара бірнеше түрге бөлінеді» - дей келе, оқушыларды әңгімеге тартып төмендегідей сұрақтар қояды.

1. Орыс әдебиеті сабақтарында орыс ертегілерінің қандай түрлерімен  таныстыңдар?

2. Солардың ішінде қиял – ғажайып ертегілерді атап айтыңдар.   Олардың  кейіпкерлері  кімдер?

3. Бұл ертегілерде қандай қызықты оқиғалар суреттелінген? - деген сұрақтар оқушылардың есіне орыс әдебиеті сабақтарынан білгендерін түсіріп, солардың енді.

3. Бұл ертегілерде қандай қызықты оқиғалар суреттелінген? - деген сұрақтар оқушылардың есіне орыс әдебиеті сабақтарынан білгендерін түсіріп, солардың енді оқитын шығармамен байланыстыра қарастыруға жол ашады.

А.С.Пушкиннің «Сұлтан патша туралы», «Балықшы мен алтын балық туралы» ертегісін естеріне түсіріп олардың орыс фольклорының негізінде жазылғандығын  айтып  бере    алады.

Бақылау сұрақтары:

1.        А.Пушкин шығармаларының тәрбиелілігін түсіндіру.

2.        Х.К.Андерсонның «Жабайы аққулар» ертегісінің тәрбиелік мәнін ашу.

3.        М.Лермонтовтың «Су перісі» ертегісінен балалар бейнесін айқындау.