ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жоғарғы
кәсіптік білім беру
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІ
050101 - "Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу " мамандығы бойынша
2 кредит ( 90 сағат)
1. Қазақ
мемлекеттік қыздар педагогика институтының
ОӘК ұсынған
2. ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ 22.06. 2006 ж Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі кеңес жиналысынын хаттама шешімімен Бекітілген
және Пайдалануға рұқсат етілгеи.
З.ТҰҢҒЫШ ЕНГІЗІЛГЕН.
4. Типтік оқу бағдарлама 050101 - "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" мамандығы бойынша ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ негізінде жасалған.
5. Типтік оқу
бағдардама Қазақ мемлекетгік
қыздар педагогика институты Оқу-әдістемелік бірлестігі кеңесінің 12.09.06
жылғы № 1 хаттамасы бойынша
баспаға ұсынылды.
6.Типтік оқу
бағдарламаны Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің рұқсатынсыз
көбейтуге және таратуға болмайды.
Түсініктеме
Қазақстан
Рсспубликасының Білім беру
жүйесіндегі маңызды өзгерістер
жоғары білімді, білікті
педагоггар даярлаудың қажеттілігін
көздеп отыр. Сондықтан да, 050101 - "Мектепке дейінгі оқыту мен
тәрбиелеу" мамандығында балалар
әдебиетінің кәсіби пәндер ретінде оқытылуы
мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде балалар
әдебиетінің алатын орны туралы
сөз болады.
Білім бағдарламаларын дербес түсініп және
іске асыруға даяр, осы кезде жұмыс істейтін жаңа
буын педагоггарын
қалыптастыруға жаңа бағдарламаларды жасау негіз болды. Білім беру
мекемелерінің түрленуіне байланысты
жаңа білім беру бағдарламалары пайда болды. Табиғат пен
өмір әлемін поэзиялық өрнекпен біртүтас бейнелеп
суретгеп көрсететін, балалардың ойын дамытып, тілін жетілдіріп, оларды
сөз мәнісін түсінуге баулуда балалар әдебиетінің маңызыдылығы айқындалады.
Пән
мақсаты және міндеттері, оның оқу
үрдісіндегі орны:
Қазақстан
Республикасының тәуелсіздік алуы жаңа ұрпақты өз ана тілінде оқытуға, білім беруге
әдеби-мәдени мұраларымызды
танып білуге мол
мүмкіндік туып отыр. Ата-бабадан бүгінгі күнге жеткен тарихи мұраларды таныту, халық
қазынасы ауыз әдебиеті, балаларға арналған әдеби
шығармаларды кеңінен пайдаланудың
қажеттілігі анықталды.
Бұл пән халық ауыз әдебиеетінің
барлық жанрлық түрлерінде
көрініс тапқан және әдебиет классиктерінің балалар әдебиетіне соқпай кетпеген. Осы тұрғыдан алғанда балалар әдебиетінің тарихына терең шолу жасап,
оның айтулы өкілдерінің шығармашылығын
терең талдай отырып, түбегейлі қарастыру. Пәнді
оқыту міндеттері: Жоғары оқу орындарының студенттеріне
халық ауыз әдебиетінің (бесік жыры, төрт
түлік мал туралы өлеңдер, өтірік
өлеңдер, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер,
жұмбақтар, ертегілер) бала
тәрбиесіндегі алатын орны;
- қазақ балалар әдебиетінің даму
тарихы, балаларға
арналған алғашқы оқу
құралдарынын (әліппе, арифметика, грамматика)
шығуы туралы;
- XIX
ғасырдың екінші
жартысындағы және XX
ғасырдағы балалар әдебиетінің тәрбиелік
мәні туралы; қазіргі заман балалар әдебиеті туралы мағлұмат беру.
Студенттер білуге тиіс:
Студент бала тәрбиесінін
күрделілігі мен жауапкерінілігін
жете түсініп, ұстаздық этикет пен мәдениет денгейінің жоғары болуын
үнемі назарда ұстауы керек, Балалар әдебиетінің
өзіне тән жапрлық, тақырынтық ерекшеліктерін,
тәрбиелік сипатын аша білуге, оны жас жеткіншектердің толық
меңгеруіне қол жеткізуге тиіс
және ұлттық салт-дәстүрді
жан-жақты білуі шарт. Мұның себебі, балалар
әдебиетінің үлгілерінін кез келгенінде ұлттық
дүниетаным мысалдары мен салт-дәстүр элементтері көптеп
кездеседі. Бапалардың еліктегіш болатындығы себспті шығарма
кейіпкерлерінің көлеңсіз іс-әрекеттерін
балалардың өздерін қатыстыра отырып, сыни козбен қарап,
жақсы мен жаманды айыра білуіне дер кезінде ыкпал ету. Студенттер
меңгеретін дағдылар:
Балалар әдебиеті
пәнінін тарихын терен меңгеріп, оның өкілдерінің
шығармаларымен толық танысу; пәнді ұйымдастыру кезінде
оқушылардың жас ерекшелігіне айрықша көңіл
бөлу; балалар психологиясының
ерекшеліктерін үнемі назарда ұстау; балалармен
қарым-қатынасты үйлестіре білу.
ПӘН МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе
"Балалар әдебиеті"
пәнінің мазмұны мен міндеті. Мектепке дейінгі білім беру
бакалаврын дайындауда балалар әдебиетінің білімдік, тәрбиелік
маңызы. Жоғары оқу орындарының
студенттерін оқытуда балалар әдебиетінің
негізгі кезеңдері.
Балалар әдебиеті
- халық ауыз әдебиеті мен
жазба әдебиетінің балаларға арналған жанрлық
түрлерін қамтыған пән. Өздеріне арналған
шығармаларды тындап, оқи отырып баланын ақыл-ойы, сезімі
дамиды. Кейіпкер орнына өзін қойып, олар жасаған
іс-әрекеттерді қайталауға, дұрыс жүріп,
тұруға және сөйлеуге дағдылананды.
Сондықтан да, балалар әдебиетін
-өмір оқулығы деуге болады.
Балалар әдебиеті
өз алдына жеке дара пән
болғанымен, басқа ғылым салларымен өзара байланыста дамиды.
Әдебиеттану, фольклор, психология және
этнопедагогика т.б. күрделі ғылым салаларымен балалар
әдебиетінің тығыз байланыста
болуы осыған дәлел.
2. Халық ауыз әдебиеті -
балалар әдебиетінің бастауы
Балалар фолыслорын
жасаушы - халық. Балаларға
арналған фольклор бала психологиясына, ойын-сауыққа араласуына. Сана-сезімінің оянуына әсер етуі. Бесік жыры мен түсау кесу жыры –
балалар жырының басы. Халықтық бесік жырларынын мазмұны.
Төрт гүлік малга байланысты өлеңдердің
танымдық және тәрбиелік мәні. Төрт түлік мал туралы
өлеңдер арқылы балаларды қоршаған ортамен
таныстыру, ата кәсіпке баулып, қыр-сырын ұғындыруда
сөз өнеріне жүгіну шеберлігі. Табиғат тамашасын
танытатын өлеңдердің маңызы, тақырыбы, тілі,
мазмұны.
Балалардың тілін
дамытудағы санамақ, өтірік өлең,
жаңылтпашттың орны. Өтірік өлеңдегі
өмірдің шындығы. Өтірік өлеңнін баланы қызықтыруда,
ойлантуда, өмірмен, айналаны қоршаған ортамен
таныстырудағы орны. Баланы халық
даналығына баулудағы мақал-мәтелдердің
тәрбиелік маңызы. Мақалдын мағына терендігі, сөз
ыкшамдылығы, өлең құрылысына
ұқсастығы. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы, тақырыптары.
Жұмбақтың тәрбиелік мәні, жанрлық
ерекшеліктері. Жұмбақтың көркемдік мәні,
құрылысы, ұйқасы, тілі. Ертегілердің
танымдық, тәрбиелік мәні. Ертегілердің түрлері
және олардың ерекшеліктері. Батырлар жырының мазмұны, тақырыбы.
Жырдың ел бірлігі, жер бүтіндігі
сияқты ұлы арманнан құрылуы. Батырлар жыры -
балаларды ел қорғауға баулудағы
Отаншылдыққа тәрбиелеудегі маңызы.
Балаларға арналған ауыз әдебиеті түрлерінін көркемдік
ерекшеліктері, жинақылық, қарапайымдылық,
нақтылық сипаттары.
3. XIX ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті
XIX ғасырдың екініш
жартысындағы саяси-әлеуметгік жағдайлар, балаларды оқуға тарту, оларға қажетті оқулықтар
мен әдеби шығармаларды
жазуға қолға алуы. Қазақ елінің тұрмысын
жақсарту, жастарға білім беру, өнерге, әлемдік өркениетке шақыруға қазақ ағартушыларының
демократиялық көз қарастары.
Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) - XIX ғасырдың бірінші жартысындағы
көрнекті ақын. Махамбет шығармаларынын негізгі тақырыптары.
Ақын шығармаларындағы
реалистік сипаттар. Махамбет жырларының
халықтық негізі. Махамбет шығармаларының
қазақ балалар әдебиеті
тарихындағы орны.
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)
өмірі мен ағартушыпық қызметі.
Ыбырай -педагог-жазушы. Қазақ балалар әдебиетінің
атасы. Алтынсарин шығармаларының
білімдік, тәрбиелік мәні.
Педагог-жазушы шығармалары-ның
жанрлық ерекшеліктері, халықтық, ұлттық сипаты. Ыбырай Алтынсарин әңгімелеріндегі адамгершілік, еңбек тәрбиесі. Шығармаларының көркемдік, идеялық
мәні.
Абай Құнанбаев (1845-1904)
қазақ
балалар әдебиетінен
алатын орны. Абайдың балаларды өнер-білімге шақырған
өлеңдерінің тәрбиелік мәні. Ақынның
қара сөздерінде оқу, білім және ғылым іздеу мәселесінің жан-жақты
көтерілуі, Абай өлеңдеріндегі
табиғат пен
жан-жануарлардың
суреттелуі. А.Құнанбаевтын балаларға арналған шығармаларындағы халықтық
педагогиканын орын алуы.
4. XX ғасырдың
басындағы қазақ балалар әдебиеті
Спандияр Көбеев (1878-1956)
ағартушы ұстаз, XX ғасыр бас
кезіндегі қазақ балалар
жазба әдебиетінің қалыптасуы
мен дамуына үлес қосуы. Жазушынын қазақ
ауылындағы мектеп, оқушылар өмірі
жайлы жазған шығармалары. Спандияр Көбеевтін әңгімелерінін мазмұны,
тәрбиелік мәні.
Ахмет
Байтұрсынов (1873-1937) - ақын, қоғам кайраткері, ғалым,
ұстаз, аудармашы. Ахмет Байтұрсыновтын тіл біліміне қосқан үлесі, ұстаздық,
ғылыми еңбектерінің мәні. Ақын
шығармаларының басты тақырыптары мен ерекшеліктері. Ахмет Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі.
"Егіннің бастары", "Өгіз бен бақа",
"Шегіртке мен кұмырсқа", "Есек пен
6үлбұл","Балықшы мен балық" (И.А.Крылов аудармасы) мысал өлеңдерінін
мазмұны, астарлы ой -пікірлері.
Міржақып Дулатов (1885-1935)
шығармаларының мазмұны, тақырыбы. Міржақып Дулатовтың балаларға
арналған шығармаларының тәрбиелік
мәні. Ақыннын "Шешенің балаларын сүюі",
"Елім-ай", "Насихат" шығармалырындағы ананын
балаға деген махаббаты, ана қадірін ұқтыру, жас
ұрпақты өнер-білімге шақыруы.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
(1893-1920) шығармаларындағы
жасөспірімдер тәрбиесінде алатын орны. Ақын өлеңдерінің тіл көркемдігі
және тәрбиелік мәні.
Жүсіпбек Аймауытовтың (1889-1931) казақ балалар әдебиетіне
қосқан үлесі.
Жүсіпбек шығармаларының ағартушылық,
педагогикалық, психологиялық қүндылығы.
Ақын өлеңдерінің мазмұны, тақырыбы
және тәрбиелік мәні.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) шығармашылығы. Ақынның ағартушылық бағыттағы
еңбектері. М.Жұмабаев шығармаларынын тақырыбы, мазмұны, педагогикалық күндмлмгы. Ақыннык тіл
шеберлігі.
М.Жұмабаевтың
балаларға арналған "Жүсіп хан" ертегісінің мазмұны.
5. Қазақ кеңес балалар әдебиеті
Балалар әдебиетін дамытудың жүйелі жоспарлы
жасалуы, балалр әдебиетінің теориялық тұрғыдан
зерттелуі. Бала тәрбиесі мен білім берудің проблем алары
туралы мемлекеттік каулы-қарарлардың
қабылдануы.
Сәкен
Сейфуллин (1894-1938) - жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі.
Сәкен - казақ
балалар
әдебиетінің теоретигі. Ақын
шығармаларындағы балаларды білім алуға, еңбектенуге, Отанды сүюге шақыруы.
Бейімбет
Майлин (1894-1938) шығармашылығы.
Балаларға арналған шығармаларының педагогикалық
(инабаттылықты дәріптеу, жақсы әдет,
бос уақытты өткізбеу, т.б) құндылығы.
Ілияс
Жансүгіровтың (1894-1938) балалар әдебиетінің дамуына қостк үлесі.
Ақын өлеңдеріндегі әстетикалық тәрбие
("Жас бұлбұлдарға", "Жазғытұрым",
"Жазғы шілде", "Күзде", "Тау суреті",
"Жетісуда су суреті" т.б.)- Ілияс шығармаларындағы еңбск
("Малта", "Шәркей", т.б.) тақырыбы.
Мұхтар
Әуезовтың (1897-1961) және балалар әдебиеті. Жазушы шығармаларында
жасөспірімдердің қасіретін, қайғылы
тағдырын сурсттеуі.
Сәбит
Мұқановтың (1900-1973) балалар әдебиеті саласындағы еңбекгері. Жазушы
шығармалары жасөспірімдерді Отаншылдыққа, патриоттыққа
тәрбиелеудегі маңызы.
Аскар Тоқмағамбетовтың (1905-1988) жазушылық қызметі. Ақын
өлеңдерінің өзекті буыны. Балаларға арналған ("Білім",
"Шойын қаранын ойын қара", "Тапқаны ғылым емес
пе т.б.) өлеңдерінің мазмұны, тәрбиелік
мәні.
6. Ұлы отап соғысы жылдардағы балалар әдебиеті
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті. Жамбыл Жабаев (1846-1945)
өмірі мен
шығармашылығы. Ұлы Отан соғысы
жылдарындағы балалар әдебиетінің негізгі тақырыбы.
Балалар әдебиетінің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жетістікгері.
Балаларға арналған Жамбыл поэзиясының тәрбиелік ("Шәкірт балаға",
"Ананның әлдиі" "Балама
хат", "Жеңіс жырын жырландар", "Жаңа жыл сәлемі", "Бесік жыры" т.б.)
мәні. Жамбыл поэзиясындағы патриотық ("Ленинградтық
өрендерім") жалын.
Бауыржан Момышұлы (1910-1983) - жауынгер жазушы. Батыр жазушының "Артымызда
Москва" (1958), "Бір түннін
оқиғасы", "Біздің семъя"
шығармаларының тәрбиелік мәні. Жазушының балаларға
арналған "Менің әжем" "Жауынгердің
тұлғасы", "Ұшқан ұя" шығармаларының
күндылығы.
Қасым Қайсенов - Қазақстанның
халық қаһарманы, партизан жазушы. Партизан жазушы шығармаларындағы ("Жас
партизандар", "Илько Витряк", Переяслав партизандары",
"Ажал аузында", "Жау тылындағы бала', "Партизан соқпактары") Отанымыздың
бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен қаһарман
партизандардың бейнесін суреттеуі. Жас ұрпақты Отанға
сүйіспеншл ікке, ерлікке,
тапқырлыққа, батылдыққа, ынтымак-бірлікке,
патриоттық рухта тәрбиелеудегі шығармаларының
тәрбиелік мәні.
Баубек Бұлкышев (1916-1944) - жалынды батыр жазушы. Жауынгер жазушы ("Заман біздікі", "Өшпес өмір",
"Адамзатқа хат") шығармаларының
тәрбиелік мәні.
Ғабит Мүсірепов (1902-1986) өмірі мен жазушылық қызметі. Жазушы
шығармаларындағы аиа ("Ананың
арашасы", "Өлімді жеңген ана", "Анаңын анасы
"Ашынған ана") образы. Ана мен бала арасындағы
махаббат. Ана ролін бейнелеуде әңгімелерінің тәрбиелік мәні мен маңызы.
Ғабиден
Мұстафиннің (1902-1985) өмірі мен
шығармашылығы. Жазушы шығармаларының
басты тақырыбы - қазақ ауылындағы
тап тартысы, үстем тап өкілдеріне карсы құрес, жаңа
өмір құруға құресе бастаған ауыл
("Ер Шойын") кедейлері. Ғ.Мұстафиннің
"Қарағанды", "Шығанақ"
"Дауылдан кейін", "Миллионер" поэмаларындағы ауыл адамдарының жаңаша
беталасы, дамуы.
7. Ұлы отан соғысынан кенібгі дәуірдегі балалар әдебиеті (1946-1980)
Сапарғали Бегалиннің (1895-1983) өмірі мен жазушылық қызметі. Жазушы шығармаларындағы ауыл адамдарының онегелі өмірі
танымдық және тәрбиелік ойлары.
Балаларды әдептілікке, Қарапайымдылықа, ұстамдылыққа
шақыруы. С.Бегалин шығармаларынын мазмұны, көркемдігі,
тәрбиелік жақтары.
Өтебай Тұрманжановтың
(1905-1978) өмірі мен жазушылық қызметі. Өтебай ңоэзиясындағы
жас өспірімдерді ерлік енбёккё баулу ("Құмырсқалар, аралар қиыспас дос құдалар")
идеясы. Жазушы шығармасындағы
еңбек ("Сабан той", "Ащы
терден тәтті нан", "Бір кезде", "Қан туралы баллада")
тәрбиесі. Өтебай
өлеңдерінде жасөспірімдерді ерлік, ынтымақ, бірлік
игілігіне баулу ("Төрт өгіз
туралы ертегі",
"Қарлығаш, дәуіт, жылан""Аю мен аралар", "Жолбарыс") мәселесі.
Ө.Тұрманжанов өлеңдерінін көркемділігі.
Қасым Аманжолов (1911-1955) өлевдерівдегі майдан өмірі және майдангерлерді ("Отан
соғысында", "Қаңқүйлы жау",
"Үстімде сүр шннелім","Жсціс даусы") суреттелуі.
Қ.Аманжолов - аудармашы. Низами,
Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Маяковский, Шевченко шығармаларын көркемдік ернеклен, жанрлық түрлермен, образдылықпен байытуы. Әнуарбек Дүйсенбиевтің (1931-1980)
өмірі мен шығармашы-лығы. Мектеп жасына дейінгі балаларға лайыкты елсцдерінің
тәрбиелік күндылығы.
7. Қазіргі заман балалар әдебиеті
Қазақ балалар әдебиетінің казіргі кезеңі, жанрлық түрлерінің дамуы, күрделене түсуі.
Бердібек Соқпақбаев (1924-1992)
- қазақ балалар әдебиетінің
атасы. Балаларды шьшшылдмққа,
табандылыққа. әділдікке тәрбиелеу идеясы. Бала психологиясынын нанымды, шын шыл, терең
суреттелуі. Бердібек Сокпақпаевтың балаларға арналған
("Балалық шаққа саяхат", "Менің атым
Қожа", "Қош бол, Гауһар")
шығармаларынын тартымдылығы. тәрбиелік маңызы. Жазушы
шығармасының жаңашылдығы,
көркемдік шеберлігі, идеялық, эстетикелық мәні
Мұқағали Мақатаевтын
(1931-1976) өмірі мен ақындық жолы. Мұқағали
шығармаларындағы ("Менің өмірбаяным",
"Менін ұям", т.б.) елді мекен, ата тегі, туған жер
табиғатын суреттелуі. М.Мақатаев бірнеше
өлеңдердің ("Сәби болғым келеді", Анса,
жаным", "Есіңе мені алғайсың",
"Дариға, домбырамды берші маған") сөзін
жазған ақын.
Мұзафар
Әлімбаевтың өмірі мен шығармашылық жолы.
М.Әлімбаев өлеңдерінде бапдырғаңдарды саналы
азамат етіп тәрбиелеу мәселесі. М.Әлімбаевтің мектеп
жасына дейінгі балаларға арналған ("Жұмбақтас",
"Биіктен-биікке", "Менің ойыншыктарым",
"Алатаудың баурайында"), "Орақ олақ",
"Отпен ойнама", "Шыныксаң шымыр 6оларсың".т.6.
шығармаларының тәрбиелік тағылымы, тіл көркемдігі,
әссрлілігі.
Тұманбай Молдағалиевтың
шығармашылық жолы. Ақын шығармаларындағы балалар
мен жасөспірімдердің елін, жерін сүюге тәрбиелеу
мәселесі. Өлеңдерінің әсер бергіш көркемдігі, тілі.
Қадыр Мырзалиев -қазақ балалар
ақыны. Ақын елендерінің
("Көктем", "Данышпан' "Бұлбұл
бағы", "Жерұйық", "Қьгзыл
кітап", "Алақанм, "Саз сиқыры") баланың
танымдық қабілстіне күшті әсері, қызықты
тілінің бала көңілінен
шығатын өсерлігі. Ақын өлеңдерінің мектешсе
дейінгі бала тәрбиёсіндегі
маңызы.
Ж.Смаков шығармаларынык
жанрлық түрлері, тақырыптық, көркемдік
ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған
өлеңдерінің ("Жүз бір жұмбақ",
"Бұршақ туралы ертегі", "Кім күшті",
"Кім мықты" т.б.) тәрбиелік мәні.
Әдібай Табылдиев - балалар
ақыны, ұстаз. Ұстаз өлеңдерінің
тақырып аясынын алуандығы, тәрбиелік
қүндылығы. Ақын елендерінде туған елге деген сүйіспеншілік.
Ақын өлеңдерінін бала түсінігіне
сай келуі, тілінін жатық, баланың тез жаттап алуына оңайлығы.
Жараскан Әбдірэшев (1948-2001) -балалар жазушысы. Ақынның мектеп жасына дейінгі
балаларға арналған ("Алфавит сыры", "Бобек жыры", "Қуыршағым,
бопешім", "Алма кезек", т.б.) өлеңдерінің
білімдік, тәрбнслік мәні. Ж.Әбдірәщов - аудармашы. Р Тагор (Үнді), П.Элюар (француз), А.Барто,
К.Чуковский, А.Блок (орыс)
шығармаларын қазақ тіліне
аударған.
Абдрахман Асылбеков (1938-2001) - балалар жазушысы. Жазушы шығармаларынын ("Көкорай көктем",
"Туысыңды таптың ба?", "Әлемге үні
тараған", иДостық балладасы", "Ерден
атайдың ертегілер" "Бәйшешектер", "Қиял
киясында") тәрбиелік мәні.
Қастек Баянбаев -балалар жазушысы.
Балаларға арналған
("Арғымақ", "Балаларға базарлық", Атай нсге солақай",
"Қолшатыр көтерген он батыр", "Әсем әлем", "Бір
қоржын жаз", "Жақсы мен жаман", "Тәтті
сабақ", "Киіз үй") шығармаларының
құндылығы.
Ескеи
Елубаев- ақын, драматург. Е.Елубаевтың балаларға арналған
("Кім қорқак, кім айбатты?", Туады, шығады,
түседі, келеді?", т.б.) өлеңдерінің білімдік,
тәрбиелік маңызы.
9. Орыс және шет ел балалар
әдебиеті
Орыс халқынын ауыз әдебиеті,
оның дамуы мен
қалыптасуы. Орыс балалар фольклорының
түрлері. Фольклор және балалар әдебиеті. Орыс балалар ақын-жазушылары.
Балаларға арналған А.Пушкин
ертегілерінін білімдік, тәрбиелік
("Балықшы мен балық, "Алтын әтеш", "Салтан патша туралы ертегі"
"Өлген хан қызы мен жеті батыр
туралы ертегі", т.б.) мәні. М.Ю.Лермонтов шығармаларындағы
балалар ("Теректің сыйы",
"Су перісі", "Желкен') бейнесі. Орыс жазушысы Л.Толстой
балаларға арналған шығармалармның
мазмұны, даналық ой көріністері. М.Қарамзин,
В.Жуковский, Г .Держании, И.Тургенев, СМаршак
және т.б. иіығармаларының жас өспірімді
тәрбиелеудегі педагогикалық құндылығы.
Шетел балалар әдебиеті.
Х.К.Андерсон ("Дюмовочка", "Бұршақтағы
ханшайым", "Жабайы аққулар", "Сүмырай
үйрек"), ағайынды Я.Гримм, Б.Гриммдер ("Золушка", "Қызыл
телпек", "Бремен музыканты",т.б),
француз жазушысы Шарль Перо ("Қызыл телпек", т.б.) шығармаларының тәрбиелік, танымдық
мәні.
Азия халықтарының ертегілері.
Европа, Америка, Африка халықтарының халықтарының ертегілері.
Студенттердің
оқытушымен орындайтын жұмысының
(СӨОЖ)
үлгі тақырыпгары:
1. Халық ауыз әдебиетінің
үлгілері
2. Қазақ халқынын торт түлік мал іуралы
өлеңдердің тәрбиелік мәні.
3. Балалардың тілін дамытудағы
санамақ, өтірік өлең, жанылтпаштың орны.
4. Баланы халық даналығына баул
уда г ы мақал-мәтелдердің
түрлері және оның
тәрбиелік маңызы.
5. Жұмбақгын тәрбиелік мәні,
жанрлық ерекшеліктері.
6. Жұмбақтын көркемдік мәні,
құрылысы, үйқасы, тілі.
7. Ертегілердің танымдық, тәрбиелік мәні.
8. Ертегілердің түрлері және олардың
ерекшеліктері.
9. XIX ғасырдың І-жаргысынлағы көрнекгі ақыны
Махамбет Өтемісұлы жырларынын халықтық негізі.
10. Қазақ балалар әдебиетінің атасы
Ыбырай Алтынсарин шығармаларынын
білімдік және тәрбиелік мені.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Ахметов 3..
Өлең теориясы. A. 1973.
2. Қазақ
балалар әдебиетінің
кітапханасы. 1, 2-кітап Дауылпаз жылдар: Өлеңдер поэмалар.
Құрастырған-Сәрсенбі Дәуітов. -
Алматы., Жалын, 1987.
3. Ахметов Ш. Балалар
әдебиетңңң хрестоматиясы
. - Алматы., Мектеп, 1980.
4. Аханов К. Тіл
білімінің негіздері: Оқулық, - Алматы.
Санат, 1993.
5. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 1-кітап. Оқу
құралы. Алматы., Қазақ Университеті, 2001.
6. Уәлиханов
Ш. Таңдамалы шығармалары. - Алматы.. Жазушы, 1989
7. Алтынсарин Ы.
Тандамалы шығармалары. -Алматы., Жазушы, 1994
8. Құнанбаев
А. Қара сөздері. Поэмалары..- Алматы., Ел, 1969
9. Байтұрсынов
А. Шығармалары. - Алматы., Жазушы. 1989
10. Жұмабаев
М. Тандамалы шығармалары.
- Алматы., Ана тілі. 1992
11. Дулатов
М. Оян, қазақ! -Алматы.,
1991
12. Аймауытов Ж.
Шығармалары. - Алматы.,
Рауан, 1995
13. Әуезов
М. Тандамалы шығармалары. 1-12
томдық. -Алматы.,
Жазушы, 1999
14. Сейфуллин С. Шығармаларынын толық жинагы. - Алматы.,Жазушы, 1964.
15. Майлин Б. Шығармалар. -Аламты., Жазушы,
1960-1964.
16. Жансүгіров. Шығармалар.
16 томдар. - Алматы.,. Жазушы, 1960-1964.
17. Мұқанов С. Шығармалар.
16 томдық. - Алматы.,
Жазушы, 1972-1980.
18. Мүсірепов Г. Шығармалар. 3 томдық. - Алматы.. Жазушы, 1981
19. ҚабдоловЗ.
Сөз өнері. -Алматы.,
1982.
20. Қирабаев С. Сәкен Сейфуллин. -Алматы. 1974.
Құрастырған: п.ғ.к, доцент
Г.З.Таубаева