Лекция-5

Тақырыбы: Жұмбақтар: олардың мәні.

          Жұмбақтың коркемдік ерекшеліктері.

Жоспар

1. Жұмбақтың  дүниетанымдық  өнегелік маңызы.

2. Қазақ  жұмбақтарының  күрделі тақырыбы туралы.

3. Даналық сөздердің тәрбиелік мәні.

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.     Қ. Жұмалиев. «Әдебиет теориясы» А. 1974ж.

2.     Ш. Ахметов. «Қазақ балалар әдебиеті» А. 1976ж.

3.     Ғ. Мүсірепов «Қазақ халқының ауыз әдебиеті». А. 1974 ж.

4.     Х. Суйіншәлиев. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері»

 

Тпасырмалар: 1.Жұмбақтардың тақырыбының құрылымы.

                        2. Қазақ жұмбатарының бала тәрбиесіне әсері.

 

Жұмбақ – оқушы балалар мен жастарға білім берерлік, тәрбиелік мәні бар құралдың бірі.

Халық   жұмбақтарының   тақырыбы   өте көп. Жаратылыс дүниесі, табиғат жайы, еңбек-кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер-білім, техника т.б. жұмбақтардың басты тақырыбы болумен қатар, мазмұны да болады. Бұл тақырыптардың бәрі жұмбақ көлемінеенгнде, әрқайсысы жалпылама түрде алынбай, белшектене,   жекелене   алынады.

Аталған тақырыптағы жұмбақтардың қайсысы қай кезде туғандығын көрсету, толық хронологиясын беру қиын нәрсе.  Дегенмен кейбір тақырыптағы жұмбақтардың қашан туғандығын белгілеуге болады. Мәселен, өнер-білім, техника жайында шығарылған жұмбақтар бергі кезде, XIX ғасырдың ішінде туа бастағанын байқаймыз.

«Аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ сөйлейді» (хат), «Өзі жаңа, өзі тесік» (елеуіш), «Өмірді өлшейді, ешкімнен сұрамай, тіліңді алмайды, тетігін бұрамай» (сағат) дейтін жұмбақтардың ерте заманда тууы мүмкін емес. Өйткені ертедегі адамдарға хат, елеуіш, сағат дегендердің өзі түсініксіз болатын. Сондықтан бұл тектсс жұмбақтарды бергі кездің шығармасы деп қарау керек.

Жұмбақтардың мол тақырыбының бірі адам баласының жаратылыс дүниесін тану әрекетіне байланысты туған деуге болады. Бұл тақырыптағы  жұмбақтардан  адамдардың дүние танудағы ой-өрісі, түсінігі, табиғат құбылыстары жайындағы  ұғымдары да көрініп отырады. Олар Ай мен Күнді, Жер мен көкті, от пен суды, қыс пен жазды, қар мен жаңбырды, жел мен құйынды, т.б. жұмбақ еткенде, өздерінің ұғым-түсінігіне жақын нәрселерге салыстырады.

Аспан әлемі жұмбақ көлеміне енгенде көз жетпейтін дария, үлкен көк шатыр, кең сарай бейнесінде алынады. Кейде сол аспан әлемін мекендеушілер кімдер екенін жұмбаққа қосады.

Мәселен:

Көріп едім  бір үлкен дарияны,

Барша қыз мекен өтіп  жатыр оны.

Ішінде ерлі-байлы екі аққу бар,

Жарықтық жеті сарбас балалары,—

деп, аспанды — дарияға, жұлдыздарды — қызға, Ай мен Күнді — аққуға, Жетіқарақшыны — балаға теңейді.

Ай мен Күн, жұлдыз, Жетіқарақшы, Үркер, Шолпан үнемі шарланып жұмбақталмайды, әрқайсысы өз алдына бір жұмбақ болып та отырады. Сонда күнді алма деп немесе күміс табақ, ақ сандық деп бейнелейді.

Жұлдыздар, көбінесе, ақ моншақ, мерует, шашылған тары, ұсақ тас немесе қыз бейнесінде жұмбаққа қосылады. («Үй үстінде ұсақ тас», «Там басына тары шаштым», «Тақиям толған сөк, ертеңгісін дым да жоқ», т.б.).

Айды жұмбақ еткенде, көбінесе оның үш мезгілі (жаңа туған ай, айдың жартысы, айдың толған кездері) бөлшектене алынады. Әр мезгіліне бөлек-бөлек бейне табады. («Көп бауырсақ ішінде бір қалаш», «Жабық астында жарты күлше», т.б.). Мұнымен қатар, Айды су бетіне түскен келеңкесімен де суреттеп отырады.

Мысалы:

Қонақтап күнде келер су бетіне,

Пар келмес гауһар затты келбетіне.

Мекені  су  жүзінде  көрінеді,

Тамаша, қарап тұрсам суретіне,—

Халық аспан әлемінен Шолпан, Үркер, Жетіқарақшы, кемпір-қосақ, найзағайды да жұмбағына енгізеді. Әрқайсысына ұқсас келетін сыртқы бейне, сурет, сипат, белгі табады. Шолпан, Үркер, Жетіқарақшыны, көбінесе, құс бейенсінде (Жетіқарақшыны — үйрек, Үркерді — балапан, Шолпанды — тоты құс деп) суреттейді.

Жаратылыс тақырыбына шығарылған жұмбақтардың бірсыпырасы жерге

байланысты айтылады. Бұл ретте жұмбақ көлеміне енетіндер: жер, су, от, боран, қар, тау, тас, өсімдік, т.б. Жерді жұмбақ еткенде өлшеусіз пішілген

Күзетсізді іздейді,

Малдан күдер үзбейді,— 

деп қасқырды сипаттайды.

Қасқыр жайы жұмбаққа, көбінесе, оның үй малына жасайтын қастығымен алынады. Мәселен, — «Келінінің атасына айтқаны» дейтін әңгімеде қасқыр ғана жұмбақталмайды. Онымен бірге ескі ауылдың әдет-ғұрпы да суреттеледі. Бұл әңгімеде келіні атасына: «Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр, қынамадан жаныманы әкеліңіз»,— депті. Мұнда өзен, қамыс, қой, қасқыр, қынап, бәкі жұмбақ түрінде айтылады. Ескі салт бойынша, жас келіндер ауылдағы үлкен кісілердің атын атамайтын  болған, атай қалса, ол күнәлі саналатын, Ал мына жұмбақ түрінде айтылып отырған әңгімеде кісі атына ұқсас келетіндері бар (Өзенбай, Қамысбай, Қасқырбай, Қойшыбай, Бәкібай болуы мүмкін). Сондықтан оларды дана келін әрі жұмбақ, әрі түсінікті етіп тапқырлықпен жеткізеді. Бір жағынан, қасқырдың малға келтірген қаскүнемдік зиянын айтса; екіншіден, ескі салтқа байланысты ұғымды да жұмбақ етеді.

Хайуанаттар мен қатар, қазақ жұмбақтарынан шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа, бақа-шаян, т.б. қысқасы, барлық жәндіктер дүниесі орын алады. Бұлар өздерінің  түс-түгі, сыртқы белгілерімен,  әр түрлі тіршілігімен жұмбаққа енеді. Бұл тақырыптағы жұмбақтар «Ұшқанда елең айтады, қонғанда жер қазады» (қоңыз), «Кішкене ғана қара тас, атан түйе тарта алмас» (қарақұрт), «Елек-елек тарым бар, көтере алсаң бәрін ал» (құмырсқа және илеуі), «Ат басты, арқар мүйізді, бері кеуделі, бөкен санды» (шегіртке) сияқты болып келеді.

Жұмбақтардың аса бір мол тақырыбы — еңбек-кәсіп құралдары және тұрмысқа  керекті жабдықтар жайына арналады. Бұл тақырыптағы жұмбақтар үлкенді-кішілі құрал-саймандардан бастап, ыдыс-аяқ, ине-жіпке дейін қамтиды. Арба, шана, қамыт-сайман, ер-тұрман, балға, балта, қысқасы, барлық шаруа құралдары, үй жабдықтары, киім-кешек, ыдыс-аяқ, ине-жіп, т.б. жұмбақ көлеміне енеді.

Мысалы:

Ізі бар, қадамы жоқ аяғының,

Тимейді ұшы жерге  аяғының.

Қос қолды хайуанға арта салып,

Салады әуезіне баяғының,—

деп арбаны суреттейді. Немесе «Өзі батыр, жасырынып жатыр» (қақпан), «Тұрса түйедей, жатса қояндай» (ер-тоқым),  «Алдын айтар,  жанын  жайпар»   (шалғы),  ешбір дүние көлеміне көз жетпейтін кілем түрінде сипаттайды. Мысалы: «Өлшеусіз піштім, жіпсіз тіктім», «Зер-зер кілем, зер кілем, көтерейін десем зор кілем», т.б). Суды жыланға теңейді немесе ағысымен аңғартады. «Жылт-жылт еткен, жырадан өткен», «Өзі тоқ, көлеңкесі жоқ». «Отқа жанбас, суға батпас» деп мүзды, «Жер түбінен боз жорға ат келеді» деп боранды жұмбақ етеді.

Жер әлемін жұмбаққа енгізгенде оған жер бетіне шығатын өсімдіктерді де қосады. Бұл ретте халықтың жұмбақтарынан егін, шөп түрлері орын алады, әрқайсысының шаруашылыққа  пайдасы кеп екендігін керсетеді. «Аласа терек, алпыс бұтақ, бұтақ сайын ұя, ұя сайын жұмыртқа» деп егіннің басын  жұмбақтайды. Қауын-қарбызды көгенде жатып семірген лаққа теңейді. «Қырға кілем жайдым» деп, жазғы жасыл жер керінісін образды түрде бейнелейді.

Қазақ жұмбақтарының күрделі бір тақырыбы — төрт түлік мал, жалпы хайуанаттар жайына арналады. Мал өсіріп кәсіп еткен, оның сырын жақсы білген халық төрт түліктің өзіне тән мінезі мен қасиетін, адам баласы үшін жасайтын қызметін, келтірер пайдасын айтып жұмбағына қосады. Төрт түлікті жұмбақ еткенде, әрбір малдың аты айтылмайды, тек мүшелері айтылады. Бұл тақырыптағы жұмбақтар «Төсек астында терт бауырсақ» (сиырдың емшегі), «Екі кісі қарауыл қарады, бір кісі шепшек терді» (түйенің еркеші, ерні) секілді болып келеді. Кейде әр түліктің неше айда төлдейтінін де жұмбақ арқылы білдіреді. «Он екі түйе, он жылқы, тоғыз сиыр, бес ешкі» дегенде түйенің он екі айда бір боталайтыны, жылқы он айда құлындайтыны, сиыр тоғыз айда бұзаулайтынын, ешкі бес айда лақтайтынын    керсетеді.

Хайуанаттар дүниесінен жұмбаққа қосылатыны: қасқыр, қоян, аю, жолбарыс, арыстан, түлкі, т.б. Бұларды жұмбақтағанда, олар сыртқы бейнесімен, мінез-қылығымен алынады. Кейде жыртқыш андар жұмбақ көлеміне өздерінің адам баласына, төрт түлікке жасайтын қастығымен енеді.

Мысалы:

Кілемнің түрлеріндей жүндері  бар,        

Айбатты, жан шыдамас үндері  бар,     

Шаршы бой, елу құйрық, қысқа құлақ,

Кететін зиян қылып бір жері бар,—

деп жолбарысты жұмбақтайды.

«Екі шеті жұдырықтай, ортасы қылдырықтай» (тұтқыш), «Кішкене ғана тостаған, көтеріп мені тастаған» (үзеңгі), «Бір тышқанда екі қүйрық» (ине, жіп), «Кішкене ғана ақ күшік, жүгіре-жүгіре буаз болды» (ұршық), «Ұзын құйрық сауысқан, бір келдің суын тауысқан» (қауға), «Отыз омыртқа, қырық қабырға, биік  ұстап тұрған — ауыз омыртка» (отызы — уық, қырқы — кереге, ауыз омыртқасы — шаңырақ), деп жұмбақ етеді.

Қазақ жұмбақтарының тақырыбы және мазмұны жағынан әрі күрделісі, әрі кебі: оқу-білім, өнер, техника жайын суреттеуге арналады. Бұл тақырыптағы жұмбақтардың біразы қазақ елінің Ресей мемлекетіне қосылған кезінде туған секілді. Ал басым кепшілігі біздің заманымызда, қазақ халқының экономикасы мен мәдениеті өркендеген кеңестік дәуірде туғандығын байқаймыз.

Кеңестік дәуірде қазақ халқы экономикасы өркендеген, мәдениеті гүлденген елге айналды, оқу-білім, техникаға ие болды. Ертедегі қазақтардың түсіне енбеген, тек арманы. болған мәдениет ордалары, оқу-білім беретін орындар, техника құралдары көбейді. Қазақ жастары оқуға ұмтылды, әр түрлі жоғары мамандықтар алды, техниканы меңгерді. Қазақ ауылының тұрмысына енген бұл жаңалықтар халықтың ауыз әдебиетіне, соның ішінде жұмбақтарға үлкен әсер етті; тақырыбы мен мазмұны жаңа жұмбақтар тууына себепкер болды.

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Жұмбақтың  дүниетанымдық  өнегелік маңызы.

2. Қазақ  жұмбақтарының  күрделі тақырыбы туралы.

3. Даналық сөздердің тәрбиелік мәні.

 

Тпасырмалар:

 1.Жұмбақтардың тақырыбының құрылымы.

 2. Қазақ жұмбақтарының бала тәрбиесіне әсері.

 3. Жұмбақтардың ақырыбы мен мазмұны

 

Лекция - 6

 

Тақырыбы:  Ертегілер: жанрлық ерекшелігі. Ертегілердің түрлері.

         Жоспар:

1. Әдебиеттік оқу сабақтарында ертегілерді оқыту барысында оқушыларды қайырымдылыкка тәрбиелеу

                    2.  Ертегілер түрлері және оларды оқыту әдістемесі

                   3.Халықтық шығармалардың тәрбиелік мәні

   Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақ ертегілері Алматы «Кітап» 2004ж

2. Қазақ ертегілері Алматы «Балауса» 2004ж

3.С.Әбілмәжінов Әлем халықтарының ертегілері. І том 1992ж            

4. Б. Адамбаев. Алтын сандық. Алматы 1989ж

5. А.Кенжеғұлқызы Қазақ балалар ауыз әдебиеті. 1995ж.

 

Лекцияның мазмұны:Алғашқы рулық қоғам ыдырай бастаған кезде туған қиял-ғажайып, батырлық ертегілер көне болып есептеледі. Адам баласы білім - жүзінде өнер болған уақытта маңайындағы дүниені жан сырын білмегендіктен, өзіне белгісіз заттың барлығына "құдай" деп табынған. Сол табынған нәрселері көп болғандықтан әрқайсысы туралы арнаулы әңгімелер болған, осындай құдайлар әңгімелері ескі грек халқында көп болады.

Заман өткен сайын, ақыл - білім өскен сайын олар табиғат нәрселерінің құдай емес екенін білген. Сондықтан олар жойылып, бұрынғы мағыналарынан айырылып, кейінгі айтушының аузында ертегі болып кеткен.

Ертегілі сөздің белгісі болады. Бірақ, барлық ертегі сөзін түгелімен ойдан шыққан деп есептеуге келмейді. Оның ішінде белгілі бір шындық болған. Кейбір ертегілер ескілікті дүниені түсінуін білдіретін болып сол ескі замандағы ұғымның сақтап қалғаны бар. Ондай ертегілерді, ескілік әңгемесін - "әуез" дейді.

Екінші бір түрі: сол ескілікті ұғымды білдірумен бірге елдің ескі салт әдетін де білдіретін болады. Белгілі үлгі өсиет шығаратын да ертегілер бар. Бұларды салт ертегісі, яки үлгілі ертегі дейді.

Қазақтағы "Құла Мерген" сондай салт пен үлгі ертегісі деп саналауға болады. "Құла мергеннің аңшылық кәсібі, өзге елден бөлек жалғыз өмір сүріп, ылғи мергендікпен күн көруі оның салтын білдіреді. Құла мергенге қас болған жалмауыз кемпір барлығы да адам баласының өміріне қастық қылатын қараңғы сырлы заттар болады. Құла мергеннің кегін алушы баласы Шүйе мерген мергеннің ісі ақ, сондықтан ол жеңді. Қас болған қатыннан кек алды. Жалмауызды өлтіреді. Бұл яғни "аққа зауал жоқ", "қараның ісі оңға баспайды" деген ұғымның белгісі.

Қазақ ертегілерін тақырыбына қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар: 1) мифологиялық ( қиял - ғажайып) ертегілер

     2) хайуанаттар ( жан - жануарлар) жайындағы ертегілер

3) реалистік (тұрмыс-салт) ертегілер.

Енді осы ертегілер түрлеріне кеңірек тоқталсақ:

Мифологиялық ертегілер. Бұл ертегілер тым ерте замандарда, адам табиғат сырын толық түсініп болмаған кезде туған. Мұнда өмір көрінісі аздау болады. Ол дәуірдегі адамдардың топ-топ болып орман, тау-тастықта жүрген кезеңнен бастап туса да ғажап емес. Ол дәуірдегі адамдардың нанымдары, ойлау дәрежесі өте анайы болған. Күн, ай, от, судың жойқын күштерінің сырын түсінбеген алғашқы қауым адамдары табиғатқа сиынып, табынған: бірінен қорықса, бірін қастерлеген. Оларды адамша ойлап, әрекет жасайтын құбылыстар деп ұққан. Мұндай сәби мифология тарихы үнді, грек, араб елдерінде көбірек сақталған. Кейбір елдерде киелі аңдарға сиыну дәстүрі де болған.

Қазақтың мифологиялық ертегілері бұдан кештеу, матриархат пен патриархат дәуірінің ауысу кезеңдерінде туса керек. Аңшылық салты өмір сахнасынан шыққан кезде адамдар аң, құстардың сырын танып біліп, олар жайында сан-салалы образдар тудырған. Жалмауыз, мыстан кемпір, жезтырнақтар матриархат дәуірінің ұғым - нанымдары болмақ.

Патриархат дәуірінде адамды ең басты киелі күш деп ұғыну үстем болған. Табиғаттың тілсіз күштерін мифтік ойлаумен образдап, соған адам әрекетін қарсы қоятын қиял-ғажайып ертегілері осы ізде туған. Мұндай ертегілерде реальдық адам образдары мен мифтік образдар қаз-қатар суреттеледі. Ондай сюжеттердің қазақ ертегілеріндегі үлгілері "Ер Төстік", "Еділ- Жайық", "Құла мерген", "Аламан мен Жоламен", "Күн астындағы Күнекей қыз", "Алтын сақа", "Керқұла атты Кендебай" т.б.

Қазақтың қиял-ғажайып ертегілерінде адамға жамандық ойлап жүретін мифтік образдардың бірі - жалмауыз кемпір. Сонымен, мифтік образдар табиғатында адам ойының сәби, жетілмеген кезіндегі ой - нанымдарының таңбасы басым дейміз. Оны бірде ертегі мазмұндағы қайшылық десек, бірде образдық ойдың фольклорға тән желісі деп білеміз. М. Горький сөзімен айтар болсақ, халық қиялы сан-алуан мифтік образдарды ойлап шығарып, солар арқылы табиғат сырын өмір мақсатын танып білуге тырысқан.

Матриархат пен патриархат арасындағы қайшылықты білдіретін қазақтың мифтік (қиял-ғажайып) ертегілеріне: "Алтын сақа", Күн астындағы Күнекей қыз", "Жерден шыққан Желім батыр", "Ұшар ханның баласы", "Аламан мен Жоламан" т.б. жатады. [20]

Хайуанаттар туралы ертегілер: Хайуанаттар туралы ертегілер өте ерте кезде туындаған. Бастапқыда олар алғашқы қауым адамдарының бүкіл өмірі мен тағдыры өзінің аң аулаудан тапқан олжасына тәуелді балықшылар мен аңшылардың қам қаракетіне байланысты болды. Мұндай ертегілердің қаһармандары - хайуанаттар еді, ал ертегілердің өзінде алғашқы қауымдық сенімдердің іздері, атап айтқанда, адам мен хайуанаттардың етене байланыстарына сенімге негізделген тотоизм іздері сақталып қалды. Алғашқы адам төңірегіндегінің бәрін рухтандырып, өзінің қабілеті мен қасиеттерін бірдей бөліскен, аңдарды "адам" еткен. Сөйтіп, олар ертегілерде өзара бір-бірімен әңгімелесіп, адамның сөйлеген сөздерін түсінеді.

Көптеген аңыз-әңгіме желісіндегі ертегілер де сақталған. Олар әрине ертегі түрінде аңдармен ұрыс-жанжалды және достасуды, сан алуан жайларды, қызықты оқиғаларды - хайуанаттар денесінің кейбір мүшелерінің неліктен жоқтығын, мысалы олардың құйрығының, танауының формасы неліктен өзгеше болатындығын, олардың неліктен соншалық боялатынын және т.с.с. түсіндіреді.

Көптеген ертегілерде үлкен де күштірек хайуанаттар мен кішкентай, әлсіздеу жануарлардың арасындағы ұрыс-кіріс пен жарыстар туралы баяндалады. Мұндай ертегілер, әлбетте әлеуметтік әділетке талпынысты өзек етеді.

Хайуанаттар туралы кейбір ертегілерге адам образы қосыла бастайды. Мысалға:   "Мақта қыз  бен  мысық"  пен   "Қотыр  торғай"   оқиғалары  еңбек процесімен тікелей байланысын жатыр. Қотырын ауыртқан шеңгелді торғай ешкіге шығады, шеңгелді ешкі жейді. Тілін алмаған ешкіне қасқырға шағады, сөйтіп торғай екеш торғай да өзінің кегін жоқтайды. Мұның айтары - нашарға қиянат жасама, өзіңнен зор шықса, көзің шығар деген әділет иесі болмақ.

Әрине, хайуанаттар да ертегі кейіпкерлері - өздерінің сөзімен де тәртібімен де осы ертегілер өмір сүріп отырған елдің адамдарын еске түсіреді. Өйтпеске амалы жоқ, өйткені ертегі халық тіршілігінің серпінідегі оның әрдайым бейнесі, халықтың сана-сезімнің өзіндік айнасы болады.

Халықтың меңзеп отырғаны бір ғана аңдар арасындағы жайлар емес, әлеумет өміріндегі теңсіздіктер, содан құтылу - күнкөріс, өмір сүрудің шарты дейтін мәже болмақ . [21]

Реалистік (тұрмыс-салт) ертегілер. Бұл ертегілер - өмір шындығына жақын, ішінде реалдық адам бейнелері басым. Олар кейде өмір шындығынан алынып, бас қаһармандары патша, уәзір, хан болып келеді. Ал, қазақ халқының шыншыл - реалистік ертегілердің қазақ өмірінен алынған нұсқалары мәндірек. Мұндай ертегілердің бас қаһармандары ақылды қарт, тапқыр жігіт, қаңбақ шал. Көптеген ертегілердің рухани сын-сықақ сарыны бар. Олардағы жамандық пен жақсылықтың аңғарғанын біз түрліше реалдық адам мінездерін ғана емес, қоғам өміріндегі теңсіздік суретін, халықтың әділет, жақсы өмірді іздеген арман-мүдделерін де жақсы байқаймыз.

"Жақсылық пен жамандық" "Үш ауыз сөз" ертегілері мінез, мораль тақырыптарына құралған жамандық жаяу келе жатып, жақсылықтың атын мініп өзін жаяу қалдырып кетеді. Бірақ табиғатынан ақылды Жақсылық бай қызын иемденіп, мұратына жетсе, ал ақылсыз жамандық қасқыр мен арыстанға жем болады.

Шыншыл - реалистік ертегілерде ең әділ, ең ақылды адам халық ортасынан шығады. Мұның ғажап үлгісі - Аяз би.

Салт ертегісінің бір түрі- мысқыл, мазақ ертегілер. Бұдан да ұрыстық пен терістіктің тартысы көрсетілетін болады. Бірақ жамандық иесі мазақ, күлкі болып көрсетіледі. Мысалы: қу шал мен жалмауыз диюлар әңгімелері бұлай болғанда ертегі деп баяғы замандағы елдің көз қарасын білдіретін, я сол көз қарастың белгілі бір ізін көрсететін, онан соң белгілі бір елдің салтын білдіріп, арнаулы үлгі айтатын, жамандықты жерлеп, жақсылықты көтеріп айтатын, ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады.

Тұрмыс-салт ертегілерінен басқа кейде өзінің сипаты жөнінен ертегіге; жақындай түсетін новеллалық ертегілер,  авантюристік  ертегілер (оқиғалар туралы) және авантюристік - новеллалық ертегілер түрлері де болады.

Негізінен ертегіде сюжет жұмыр болады. Онын мәнісі - ертегі әңгімелеп айтуға негізделген эпикалық жанрдың бірінен саналады. Қазақ фольклорындағы эпизм формаларында ертегі, аңыз, эпос, ал лиро-эпостық үлгілерге ғашықтық жырлары жатады. Ертегі образдары мифтік, аллегориялық және реалистік болып келеді. Ертегіде типтендіру жоқ. Образдары өзгермейді. Мысалы: біреу туа батыр, біреу туа жауыз, біреу туа қу. Олардың кәсібі, жас ерекшеліктері де өзгермейді. [22]

Бақылау сұрақтары:

   1. Ертегілер түрлері және оларды оқыту әдістемесі

   2.Халықтық шығармалардың тәрбиелік мәні

   3. Әдебиеттік оқу сабақтарында ертегілерді оқыту барысында балаларды қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Тапсырмалар:

1.Қазақ балалар әдебиеті ертегілерінің қалыптасу кезеңдері

     2. Мифалогиялық ертегілердің басты кейіпкерлері және маңызы.

     3. Хайуанаттар туралы ертегілердің шығу тарихы.

     4. Шыншыл ертегілердің балалар тәрбиесіне әсері