Лекция - 7
Тақырыбы: Балалардың тілін дамытудағы өтірік
өлең, жаңылтпаштың алатын орны. Өтірік
өлеңдердің өмірлік шындығы.
Жоспар:
1. Өтірік өеңнің баланы қызықтыруда
қоршаған ортамен таныстыруда алатын орны.
2.Жаңылтпаштардың
бала тәрбиесіне әсері.
3.Балалар
әдебиеті үлгілері
ішінде балаларға арналған жаңылтпаштардың
да өзіндік мәні.
Өтірік өлеңдер аса қызықты,
адам ақылына сиымсыз, тіреуі жоқ оқыс сөздерге
құрылғандықтан, тыңдаушысының бәрі де
қыран жапқан күлкіге, көңіл сергітерлік
ойын-сауыққа, думан сейілге айналдырып жібереді, Әсіресе,
балаларды мәз-майрам етеді. Ұзақ күнге арыпталып,
біреудің қол астында жалшылықта жүріп еңбек етсе
де халық өз кеңілдерін көтеру үшін кей кездерде
осындай қуақы, оспақты әзіл сөздермен балаларын
жұбатып, жарастықты қалжындар айтып, ойын-сауық
құрып отырған.
Өтірік өлеңдер өзінің
қызықтығы арқылы балаларды мәз-майрам етумен
қатар, оларды неше алуан жәндіктердің атымен, олардың
іс-тәсілімен, шама-шарқымен таныстырады. Шыбын-шіркей,
құмырысқаларды, салмақсыз үрген қарынды,
қағанақ пен қуықты кереметтей алып етіп
суреттегеніне, көбелекпен қасқыр қуғанына,
шымшықтың жұмыртқасын келі қылдым дегендері
еріксіз күлдіреді. Осынысымен қатар қазір де сирек
қолданылатын көне атауларды еске түсіреді.
Мысалы «Тазшаның қырық
өтірігі», деген ертегіде хан алдында шарт жүгініп, өлімге
басын байлап, нар тәуекел деп отырған тазша бала қырық
ауыз өтірікті мүдірмей айтып шыққан соң да,
ханның кенеттен оқыс қойған сұрақтарына аса
тапқырлықпен жауап береді.
«Байтерегің қысқа шығар» — деген
ханның сұрағына кішкентай тазша бала:
«Болса болар, түбінен таңертең
ұшқан күйкентай басына кешке жетіп қонушы еді», дейді.
«Күнің - қысқа шығар»
дегенде, «болса болар, таңертең қашқан Марал кешке
бұзаулаушы еді» деп ханның жетекші сұрақтарына да
мүдірмей жауап береді. Өзінің тапқырлығымен
өлімнен құтылады. Дәулеті төмен, өзі кедей
болса да, ақыл парасаты жағынан ханнан асып түседі.
Халық даналығының ұтымды қасиеті, биік
шоқтығы, ұшқыр қиялы осындай тапқырлырымен
керінеді. Оның балаларға көрпекті де, қызықты
жақтары осынысында.
Қазақ ертегілеріндегі көп айтылатын
тазшалар бейнесі сырт пішіні жағынан сондай елеусіз, нұсқасы
келмеген жарамсыз жан боп көрінсе де, ақыл-айласы, сөзге
тапқырлығы, қулығы бәрінен де асып түсіп отырады.
Алдынан ажал тосып тұрса да саспайтыны жол тауып құтылып кете
беретіні балаларды қатты сүйсіндіріп, көп ойға
қалдырады.
Тазша бала қырық өтірікті
мүдірмей айтып, ханның жетекші сұрақтарына да жауап
берген соң, хан бұл баланың ақылына,
тапқырлығына таң қалады. Баланы сөзден
жаңылтып мерт ете алмағанына хан бір жағыман іштей
қатты күйінеді де.
«Сен бала бір міндеттен құтылдың. Сөзуар тапқырлығың да бар екен.
Қырық өтірікті сөзбен айттың, енді тағы да осындай қырық өтірікті өлеңмен айта аласың ба?» — дейді хан сүріндірсем, осы жерден сүріндірермін дегендей. Тазша бала оған да мүдірместен, тіпті, қиналмастан «айтсам, айтайын» — деп бірден төгілтіп жібереді.
Қамыстан жылқы
ұстауға құрық қылдым,
Жусаннан үйге ұстауға
сырық қылдым.
Бір талын сойылымның кесіп алып,
Көшкенде мал айдайтын сырық
қылдым.
Тазша бала өтірік өлеңдерін
айтқан сайын алғашқыдағыдан көрі де үдей
түседі. Ханды да, халықты да қыран жапқан күлкіге
баурайды. Хан тазшаның өлеңіне таң-тамаша болады,
Өтіріктен мін таппай місі құриды.
Дүниеде ауыры үрген
қуық,
Жалғыз өзім көтердім
аузын буып.
Үлкеніне шіркейдің арба
жектім.
Ондай мықты көрмедім
өзім туып.
Тазша
баланың өтірік өлеңдері қиыннан қисын
тауып, осылай біріне бірі жалғасып айтыла береді.
Жоқтан барды қиыстырып айту арқылы да
тазша бала еңбексіздіктен ерігіп отырған хандарды, би
сұлтантарды алдап, жоқтан өзгеге мәз етіп қояды.
Өтірік өлеңдерді жоқтан барды құрастырып,
еріккендердің уақытын алу үшін айтылатын айлалы сөздер
десек те, соның өзінде тапқырлық, суырып салатын
ақындық өнердің де дарындылығы барын білеміз.
Бұл ертегідегі осы өтірік
өлеңдерді құрастырып айтушы кейіпкер тазша бала десек,
соның өзі халық ортасынан шыққан халық
өкілі. Ақыл парасатына салып, шын айтысқа, не үлкен
жарысқа түскенде, үстем тап өкілдерінің
қойған неше алуан қиын шарттарынан, алдына ор қазып
қойған қиын бұлтарыстардан ақыл айласымен
кұтылып кете береді.
Өтірік өлең дегенде бұл шын
нәрсені бұрмалайтын, баланы дұрыс бағытынан тайдыратын
нәрсе деп, оның байыбына бармай, оған жеңіл-желпі
нәрсе деп, шошына қарауға болмайды, Өтірік
өлеңдердің айтылуында да ерекше сыр-сипат бар.
Өтірік өлеңдердің тағы бір
өзгешелігі — балаларды қиыннан қиыстырып келтіретін
тапқырлыққа үйретеді. Сөздің реті, орнын
тауып қисынды сөйлеуге шеберлендіреді. Өйткені, өтірік
өлеңдерде әсерлі қисын тапқан көркем
сөздер, жақсы теңеулер көп. Өтірік
өлеңдердегі суреттелген көріністердің бәрі де
әсерлеу, теңдестіру, бейнелеу арқылы беріледі.
Түйедейді түймедей етіп көрсету арқылы оқыс
көріністер жасайды. Сондай оқыс көріністер баланы мәз-мәйрам
етеді.
Заманның жарқын болашағын,
бақытты тұрмысын, арман, тілегінің орындалуын ертеден
көксеген халық мұң-мұқатжының
барлығын да ертегілерге енгізе білген. Сондықтан ертек
балаларға осындай ерекшелітермен танылып, қызықтырып,
олардың ой-еркін билеп әкетеді. Жаңа ой серпінін
тудыруға, көңіл күйін оятуға себепші болады.
Халық ертегілерінен адам болашағының
гүл бақшасы, бақытты жарқын тұрмысы, келешегі
барлығы көрінеді. Халық ертегілерінен осындай неше алуан
жақсы сезімдерді, тапқырлықты байқаған балалар
осындай бақытты тұрмысты көруді өздеріне мақсат
етіп қояды. Қиялдың, ой жемісінің іс жүзіне
асуына талаптанады. Талаптан туған жігер-қайрат оларды
өмірдің жарқын болашағын, бақытты тұрмысын
кұрушылардың қатарына қарай баурайды.
Баланың
сөздік қорын молайтуға, ұйқастырып
сөйлеуге, сан атауын, ретін білдіртуге үйрететін "Санамақ"
өлеңдердің орны бөлек. "Санамақ" өлеңіндегі "бірім-бір",
"екім-екі" деп қайта-қайта қайталануы баланың
сандарды есте сақтау қабілетін арттырады. Өлеңнің
мазмұны одан әрі тереңдей түсіп, "бір дегенің - білеу", "екі
дегенің - егеу", - деп әр санды бір сөзге балап айтады. Осында айтылған сөздердің
бәрі — тұрмысымызға қатысы бар заттардың, құрал-бұйымдардың атаулары.
Халық ауыз
әдебиеті
үлгілері ішінде балаларға арналған жаңылтпаштардың
да өзіндік мәні бар. Әдетте жаңылтпаштар айтылуы
қиын жеке дыбыстар мен сөздерден тұрады. Мысалы,
"р" дыбысын дұрыс айтуды.
Торта қойдым,
Орта қойдым.
Орта қойдым
Жорта қойдым.
—
деп жаңылтпаш арқылы үйренеді.
Сөзідерді
мағынасына қарай дұрыс ажыратып айтуға баулитын:
Беріп
тай, лақты,
Алдым
тайлақты.
Беріп
тайлақты
Алдым тайлақты -
дейтін жаңылпашты жай
ғана айта салмай,
дауыс имтонаииясымен дұрыс, мәнерлеп айтуды кажет
етеді.
Жаңылтпаштар баланы мүдірмей, шапшаң
сөйлеуге үйретеді, тіл мүкістігін түсіндіреді,
сөйлеу мәнеріне жаттықтырады.
Үш кіші ішік піштім.
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім? - дейтін баланы ойланғанын
жұмбақ сипатындағы жаңылтпаштарда кездеседі.
Мазмұндық жағынан қарағанда
тәрбиелеу мақсатынла айтылатын жаңылтпаштарда
бар.
Мысалы:
Атам томағаламаған
бүркітті
Мен томағаламағанда,
Кім томағалайды ?
Шөмеленбеген шөпті
Мен шөмелемей.
Кім шөмелейді?, — деген жаңылпаштар іс-әрекеттік жөн-жосығын білуге
(бүркітті
томағалау, шөпті шөмелеу) үйретеді. Сөзді
қорын байытады.
Жаңылпаштар
баланы сөз мағынасын бұрмаламай, абайлап, анық сөйлеуге
үйретеді. Айналадағы көріністермен, құбылыстармен
таныстыратын кызықты
жанр.
Баланың
тілін ширатуда ойын өлеңдерінің берері мол. Ауыз әдебиетіндегі
"Қуыр-қуыр, куырмаш", "Ұшты-ұшты"1,
"Кім керек?" т.б. ойын өлендері баланың
танымын кеңейтіп, байқампаздылыққа, зеректікке тәрбиелеп,
тілін ширатады.
"Қуыр-қуыр,
куырмаш" өлеңі балаға саусақтарынын атын (бас
бармақ, сұқ саусақ, ортан қол, аты
жоқ қол шынашақ), теңеу аттарын (бас бармақ,
балан үйрек,
ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек) үйретеді.
Сол
сияқты жан-жануарлар, аң-құстар табиғат
кұбылыстары жайындағы "Бір қазан сүт",
"Қарға, қарға, қарғалар",
"Сауысқан", "Бақа", "Түйе,
түйе, түйелер" және т.б.
өлең-тақпақтар да баланың танымын кеңейтіп,
тілдерін ширатады. Мысалы: "Бір қазан сүт"
өлеңі арқылы іс-әрекеті кезеңіндегі қалпын,
өзіне
тән дыбыстауын біледі, ол дыбыстарды бейнелейтін сөздерлі
үйренеді. Осыған еліктеп басқа да
құстардың, аңдардың дыбыстауына мән бере бастайды.
Оқушылардың
тілін ширатуда, сөздік қорын молайтуда, бейнелі, көркем сөйлеуге
үйретуде, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеуде халық
ауыз әдебиеті үлгілерін
оқьпудың маңызы зор.
Халық ауыз әдебиетіндегі ұсақ
жанрлар деп аталатын жұмбақ, жаңылтпаш,
мақал-мәтел, өтірік өлеңдердің балалар
фольклорынан алатын орны ерекше. Халықтық шығарамалар ішінде
баланы тәрбиелеумен қатар дұрыс та айқын
сөйлеуге үйретіп, тілін дамытатын жанр - жаңылтпаш. Жаңылтпаш - мектеп жасына дейінгі
балалар мен бастауыш мектеп оқушыларына лайық
шығарма. Бөбектің тілі шығып балдырған жасына жеткен
кезде сөздік қоры молая бастаған кезде қинала айтады.
Мүдіремей сөйлеу үшін қиналып айтатын
дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып,
жаңылмай жаттықса сөйлегенде де мүдірмей, өз
ойын толық жеткізетін болады.
Жаңылтпаштарды
жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау,
сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды,
тәлім алады.
Бақылау
сұрақары:
1. Өтірік
өеңнің баланы қызықтыруда қоршаған
ортамен таныстыруда алатын орны.
2.Жаңылтпаштардың
бала тәрбиесіне әсері.
3.Балалар әдебиеті
үлгілері ішінде балаларға арналған жаңылтпаштардың да өзіндік мәні.
Тапсырма:
1.Халық ауыз
әдебиетіндегі ұсақ жанрлар деп аталатын жұмбақ, жаңылтпаш,
мақал-мәтел, өтірік өлеңдердің балалар
фольклорынан алатын орны ерекше. Халықтық шығарамалар
2.Шағын жанрлы фольклордың маңызы.
3.
Жұмбақ, жаңылтпаштарды балаларға үйрету
арқылы, адамгершілікке, әдептілікке, еңбек сүйгіштікке және білімділікке
тәрбиелеу.
Лекция-8
Тақырып: Батырлар
жырының мазмұны және тақырыбы. Балаларға
арналған ауыз әдебиеті түрлерінің көркемдік
ерекшеліктері
Жоспар:
1.
Ауыз
әдебиетіндегі эпостық жырлардың қалыптасу кезеңі.
2.
Эпостық
жырлардың балалар тәрбиесіне қосатын үлесі.
3.«Қобыланды батыр» жырының
ерекшелігі.
4.«Қобыланды
батыр» жырының композициясы мен тілі.
5.Қобыланды
образы. Пайдаланған
әдебиеттер:
1.Ә.Қоңыратбаев
«Қазақ эпосы және түркология» А.1982.
2.Ә.Қоңыратбаев.
Қазақ фолъклорының тарихы
А.1991.
3.З.Қабдолов
Сөз өнері. А..,Мектеп 1982
4.М.Балақаев
Қазақ тілінің мәдениеті. А..,Қазақстан
1971.
Тапсырма:
1.Эпостық жырлардағы
шешендіктің үлгілері.
2. «Көрұғлы» эпостық
жырының қамтитын мәселелері.
3.Жырдағы образдарға суреттеме. Қазақ
фольклорының тарихи сипаты басым құнды саласы эпостық жырлар. Эпос деп
оқиғасы ел, халық өмірінен алынған, образдары ірі
әрі кемелді түрде жасалып, батырлық немесе
ғашықтық сюжетке құрылған
үлкен-үлкен эпикалық жыр-дастандарды
айтамыз.Қазақ эпосы бірде
ерлікті, батырлықты дәріптеп ел қорғау,
отаншылдық сарында құрылса(Қобыланды батыр,Алпамыс бірде феодалдық
қоғамдағы әйел теңсіздігін арқау етіп,
махаббат тақырыбына негізделеді.Эпостық жырлар барлық елдерде
болған. Совет дәуірінде Орта Азия және Қазақстан
жерін мекен тұтқан көшпелі тайпалардың бай
эпостық мұрасы жан-жақты зерттелді. Онымен М.Әуезов,
Ә.Марғұлан, Қ.Жұмалиев сияқты жазушы
ғалымдарымыз айналысты.Қазақ эпосының тарихилығын
сөз еткенде, бір ғана ру, тайпа, халық шеңберінде
қалмай сюжеттерді бүкіл әлем деңгейінде салыстыра
зерттеу керек. Қазақ эпосын тарихи желіге қойып дұрыс
топтастырған ғалым Ә.Марғұлан болды.Ол
оғыз-қыпшақ эпосын мынадай дәуірлерге бөлген:
1Көне
дәуірлерде туған эпос.
2.Тарихи дәуірде
туған эпос.
3.Ноғайлы эпосы.
4.Жоңғар
шапқыншылығына байланысты туған эпос.
Ертегі, өлең мақалдар мен
мәтелдерден басқа халық шығармаларында ерлік істерді
дәріптейтін батырлар жырлары да бар. Халықтық
шығармалардың ең көлемдісі, ең көбі,
мазмұны мол ұзақ жырланатын осы батырлар жыры. Батырлар
жырының желісі, ондағы суреттелетін кейіпкерлер де ерте заманда
болған оқиғаға жатады.
Батырлар жыры ауыз әдебиетінің ең асыл
мұраларының бірі. Батырлар жырының оқиғасы
қызық, мазмұны терең, тілі көркем болады,
оңдағы кейіпкерлердің іс-әрекеттері: қайтпас ер,
жауына мейлінше қатал, өз еліне мейірімді, ар-намысқа берік,
ұстамды, өнегелі ісі бар адамдар болып суреттеледі. Сондықтан
батырлық жырларды балалар да аса қадірлеп, сүйсініп
оқиды.
Іріктеліп алынып, балалардың оқуына
лайықталған эпостық жырлар да басқа шығармалар
сияқты жас азаматтарды батылдыққа, ерлік іске,
табандылыққа, әділет тілікке, ақылды және
парасатты ақжарқын болуға үйретеді. Халық
эпостарындағы батырлар образы патриоттық идеяның образы
болғандықтан ол балаларға күшті әсер
қалдырады.
Эпостық жырларда оқиғаны еселеп,
қайталап айту жағы да көп кездеседі. Мұндай ерекшелік
оқиға желісін ұмытпауға, есте тезірек
сақтауға, тіпті, жаттап айтуға көп мүмкіндік
береді. Ондағы тамаша теңеулермен тұрақты
эпитеттердің мол болуы да балаларды әсерлендіріп жібереді.
Мағынасы түсініксіз діни сөздер де көп кездеспейді.
Көркемдігімен қатар тілі айқын да жеңіл болып отырады.
Осы тұрғыдан алғанда «Тайбурылдың шабысы» мен
«Қамбар батыр» жырын үлкендермен қатар балалардың
оқуына да болатын, солардың қабілетіне, білімдік,
жастық ерекшеліктеріне сай шығарма деп бағалаймыз.
Мұнда «Қамбар батыр» жырында өмірдің шындық
сипаты қиялдан, гиперболадан басым жататындығы балалардың
ұғымына бір табан жақын да жеңіл болатынын білдіреді.
Ыбрай Алтынсарин өзінің 1879 жылы бастырып
шығарған «Киргизская христоматия» — деген балалардың
оқуына арналған кітабына «Қобланды батыр» жырынаң
үзінді келтіріп, «Тайбурылдың шабысын» тектен-тек енгізбеген.
Көшпелі қазақ ауылы баласының ұғымына
жеңіл тиетін, кәсібіне, мал шаруашылығына қатысы бар
өздеріне таныс жайларды көбірек айтуға көңіл
бөлгендігі байқалады. Міне, бұл эпостық жырлар ішінде
де балалар әдебиеті мұрасына тән, олардың түсіну
қабілетіне жеңіл тиетін, өздерін қызықтырып,
мәз-майрам ететін материалдардың барлығын танытады.
Батырлық жырлардағы гиперболалық
күшті суреттемелер балаларды қатты әсерлендіріп,
олардың жігерқайратын шындап, ой-қиялын тасқындатып
отырады. Мысалға Қобланды батырдың Қазан шаһарына
аттанғандағы Тайбурылдың шабысын алайық.
Тайбурылдың шабысы өте әсерлі суреттелген. Ондағы
әрбір гиперболалық өсірмелі теңеулер ат шабысын
көз алдына келтіріп, Тайбурылдың тұлға-кескінін
көріп отырғандай боласың. Тайбурылдың шабысын
оқығанда, оны бәйгеге қосып, алда келуін тосып,
тілеулес болып отырған атбегілер сияқты қатты
сүйсінгендіктен жүрегің алып-ұшып, делебе қозып
отырады. Тайбурылдың шабысы үлкен кісілерге осындай әсер
еткенде, ат құлағында ойнайтын, бәйгеге шабатын
қазақ балаларына онан да күшті әсер қалдырып,
олар Тайбурылдың үстінде өздері шауып бара жатқандай
сезінеді.
«Шырағым бурыл, шу!» •— деді.
Құбылып бурыл гуледі.
Табаны жерге тимеді,
Тау менен тасты өрледі.
Төрт аяқты сермеді,
Құлақтың
түбі терледі.
Тер шыққан соқ
өрледі,
Адырды көзі көрмеді,
Көлденең жатқан
көк тасты,
Тіктеп тиген тұяғы,
Саз балшықтай иледі.
Қобландының алға қойған
шартына бел байлаған Тайбурыл өзін баққан
Құртқаны мерт етуге болмайтындай намысқа тырысады.
Қобландыны мұқатып, үш күн бұрын алда кеткен
Қараманды басып озып, «Қазанның сырлы қаласын
намаздігер өткенде, намазшамға жеткенде көрсетермін
көзіңе» — деп қырық күншілік жолды бір-ақ
күнде қусырып тастайтынына сүйсінбей тұра
ал-майсың. Мұндай қарқын еңкейген кәріні
де, еңбектеген баланы да еріксіз сүйсіндіріп, мәз-майрам
етеді. Адамның арман-тілегі орындалып, мұратына жетіп отырса,
ондайға кім қуанбайды. Айшылық жолды алты аттау адам
баласының ерте ғасырдан бері қарай арман етіп келе жатқан
тілегі емес пе еді? Міне, бұл балалардың талабын, ойлау қабілеттілігін
арттырын отыруға, әрнәрсеге бой ұрып
қызығуға ұмтылдырады.
Бақылау сұрақтары:
1.Эпостық
жырлардың тарихилығын
анықта.
2.«Қобыланды
батыр» жырының ерекшелігі неде?
3.
«Көрұғлы» жырындағы жағымды кейіпкерлерге
мінездеме бер.
Тапсырма:
1.Эпостық жырлардағы
шешендіктің үлгілері.
2. «Көрұғлы» эпостық
жырының қамтитын мәселелері.
3.Жырдағы образдарға суреттеме.