Лекция - 9
Тақырыбы: ХІХ ғасырдағы
қазақ балалар әдебиеті, ХІХ ғ саяси - әлеуметтік
жағдайлар.
Жоспар:
1.Қазақ ағартушыларының
демократиялық көзқарастары.
2.Махамбет
жырларының тілдік нышандары
3.
Ақын жазушылар шығармаларындағы өнер-білімге деген
көзқарастар.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Ахметов Ш.
Қазақ балалар әдебиеті. – А., 1974.
2.
Алпысбаев Қ.
Қазақ әдебиеті. – А., 1992.
3.
Кенжебаев Б. ХХ ғасыр
басындағы қазақ әдебиеті. – А., 1976.
4.
СүійншәлиевХ.
Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. –
А., 1967.
5.
Садырбаев С.
Қазақ халқының
ауыз әдебиеті. – А., 1977.
Лекция мазмұны:Қазақстандағы педагогикалық ой-пікір XIX ғасырдың
екінші жартысында негізінен қазақ халқының ұлы
ағартушыларының әлеуметтік саяси, философиялық
және этикалық көзқарастарымен
қоян-қолтық, өзекті байланыста дамып жатты.
Қазақ халқы
өзінің қоғамдық-экономикалық дамуы
жағынан өте артта қалған еді. Бұл
қазақтың кең сахара даласында нағыз
патриархалдық әдет-ғұрыптар үстем болып
тұрған кез болатынқы өзінің
қоғамдың-экономикалық дамуы жағынан өте
артта қалған еді. Бұл қазақтың кең
сахара даласында нағыз патриархалдық
әдет-ғұрыптар үстем болып тұрған кез
болатын.
Махамбет өлеңдерін
жеткізушілердің жадында сақталған ақынның негізгі
шығармалары 1925 жылы Ташкент қаласында «Исатай-Махамбет»
жинағында басылды. Мұнда Махамбет өлеңдері «Махамбет
батырдың Баймағанбет султанға айтқан сөзі»,
«Ереуіл атқа ер салмай», «Махамбет батырдың Шернияз шешенге
айтқан жұмбағы», «Махамбет батырдың басқа
сөздері» деген төрт тақырыппен берілген. Алғашқы
тақырыптағы шығармаларының ішінде ақынның
Баймағанбетке айтқан сөзінен өзге де
өлеңдері бар. Алғашқы тақырып – 28
өлең, екінші, үшінші тақырыпта бір-бірден екі
өлең, төртінші тақырыпта 39 өлең
қамтылған. Кітаптағы түсінікке қарағанда
Махамбет өлеңдерінің көбі ұмытылған,
жинаққа енген ақын мұрасының бір шоғыры
ғана.
Ыбырай Алтынсарин XIX ғасырдың
екінші жартысында қазақ халқының алдыңғы
қатарлы ой-пікірлерін уағыздаушылардың бірі болды. Ы.
Алтынсариннің ағартушы және педагог ретінде қазақ
халқының тарихи даму жолына үлкен үлес
қосарлықтай творчестволық еңбек етуіне орыс халқының
прогресшілдік ықпалы көп көмегін тигізді. Бұл
қағида Қазақстан үшін де солай еді. Ыбырай
Алтынсарин орыс халқы мәдениетінің демократияшыл
идеяларын, әсіресе Ушинскийдің педагогикалық мектебінің
жаңалықтарын творчестволық жолмен қабылдай отырып,
қазақ даласына білім таратушы, мектеп ашып, жастарды
тәрбиелеуші мұғалім болды. Ол өз ісінде
әрқашан адамгершілік туын көтеріп, көптеген
педагогикалық бағалы мұралар қалдырды.
німді нұсқа болатын себебі де
сондықтан.
Махамбет өлеңдерін жинау, жариялау, зерттеу
ісінде белгілі ғалым Қажым Жұмалиев елеулі еңбек етті.
Ол Махамбет өлеңдерінің 1939, 1948, 1951, 1958, 1962
жылғы басылымдарын жариялады, ақын творчествосы хақында
мерзімді баспасөз беттерінде оқулықтар мен әдебиет
тарихтарына мақалалар, зерттеулер жазды.
Қ.Жұмалиев ақын
өлеңдерінің 1939 жылғы басылымына жаңадан екі
өлең, 1948 жылғы жинағына он екі өлең,
1958, 1962 жылғы жинақтарына тоғыз өлең қосты.
Ғалым бұл өлеңдерді ел аузынан жинады, Ғ.Зарипов,
М.Тілеужанов, Б.Аманшин сияқты әдебиетші, қаламгерлер
жинаған деректерге сүйенді.
Бақылау
сұақтары
1.Қазақ ағартушыларының демократиялық
көзқарастары.
2.Махамбет жырларының
тілдік нышандары неде?
3.
Ақын жазушылар шығармаларындағы өнер-білімге деген
көзқарастарын анықта..
Тапсырмалар
1.Жастарды әлемдік
өркениетке шақыруда қазақ ағартушыларының
көзқарастары.
2.Махамбет
шығармаларындағы реалистік сипаттар
3.Ы.Алтынсарин
әңгімелеріндегі адамгершілік, еңбек тәрбиесі.
4.Абай шығармаларындағы
өнер, білім және ғылым мәселесінің
жан-жақты көтерілуі.
Лекция – 10
Тақырыбы: ХХ ғасыр басындағы қазақ балалар
әдебиеті. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ балалар жазба
әдебиетінің қалыптасуы мен дамуына үлес қосуы.
Жоспар:
1.
А.Байтұрсынов
шығармаларының басты тақырыптары.
2.
М.Дулатов
шығармаларының тәрбиелілігі.
3.
Ж.Аймауытовтың
қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі.
Пайдаланған әдебиеттер
1.Байтұрсынов А.
Шығармалары. – А., 2003.
2.Б. Кенжебаев «ХХ ғасыр
басындағы қазақ әдбиеті» А. 1967ж.
3.Сөз өнерінің
сырлары. А. 2003ж.
4.Х. Әбдібаев.
«Қазақ әдебиеті» А. 2002 ж.
Лекция
мазмұны: ХХ ғасыр басында әлеуметтік өмірдің сан
қатпарлығы сияқты қазақ ақын
жазушыларының да шығармаларында мейлінше өзгерістер болды.ХХ
ғасырда оқу ағарту ісі екі түрлі бағытта
жүрді. Оның бірі – мұсылманша оқу, екіншісіша
оқу. Қазақ әдебиетінде тың, жаңа
әдебиет жанрлары туа бастады. Қазақтың демократ
ақын жазушылары өздерінің күрес, көтеріліс
дәуіріндегі қазақ халқының өмірі жайында күрделі
шығармаларын жаза бастады. Қазақ өлеңінің
тарихы қызық та ұзақ, әрі терең. Оны
ойласаң , көз алдыңа қазақ даласындай кең
жайылып жатқан өлең-жыр дариясы елестейді.Осы жыр-дарияны
толтырған қазақтың халық поэзиясы мен
ақын-жырауларының есімі бүгінде айдай әлемге аян.
Өткен тарихымыз
аласапыран кезеңге, шытырман
қайшылықтарға да толы болды. Кешегі
кеңестік кезең түсында, нақтырақ айтсақ, 1921—22
және 1931-—32 жыл-дардағы алапат аштық үш
миллионнан астам адамның өмірін қысқартты,
қазіргі кезде Ауғанстан, Моңғолия, Иран, Қытай,
Түркия т. т. елдердегі қандастарымыздың ата-бабалары
ұжымдастыру науқанының нәубетінде тап болды,
босқындықтың қамытын киді. Саң
мыңдаған ұлт өкілдері кеңес лагерьлерінің
"құтты қонағы" болып, көптеген зиялы қауым
өкілдері жалған жала, жолсыз .— жазаға тап болды.
Қазақ жері полигонға, лагерьге толып, дін мен тілден айырылу
қаупі теңді... 1986 жылғы Жел-тоқсан оқиғасының туу себеи-сырлары отаршыл
орталық жүйенің шектен тыс салмақ,
салқынынан туды. Ақын тілімен айтсақ, қазақ
халқы—"мың өліп, мың тірілді", тарих сыньшан
өтіп, уақыт шындығына суарылды.
Демократия
тағылымдарының бірі — халқымыздың тарихы мен
тағдырына, әсіресе, мәдени-рухани әлеміне үлкен үлес қосқан
түлғалардың есімі мен еңбегінің қайта оралуы.
Осы орайда, қазақ халқының рухани өміріне үлкен үлес қосқан
Жүсіпбек Аймауытұлының алар орны айрықша.
Ахмет
Байтұрсынов – қазақ мәдениетінің тарихында
үлкен, бір дәуірді алып жатқан алып тұлға.
Оның тарихи тағлымы мол, тәрбие туралы өзіне тән
рогрессивтік ой – пікірі бар ұлы – ғалым. Қазақ
философиясының (тілбілімі және әдебиет тану) негізін салушы
педагог – ағартушы, мәдениет және қоғам
қайраткері.
Ахмет Байтұрсынов –
алғашқы қазақ – тілінің авторы (1912). Сол
кездің өзінде ол жүзеге асырған қазақ жазуы
«Жаңа емле ережесі» айнала ортадан тиісті бағасын алды. Оған
прогрессивтік зиялы қауым ерекше назар аударды. Ал, 1924 жылы, ол
жаңа қазақ графикасы ретінде қабылданып, оған
ғылымның құрметіне – Байтұрсынов аты берілді. Ол
өз заманында барлық түркі тілдес халықтардың
ең жақсы үлгісі ретінде қабылданды. Сондай-ақ
біздің шетелдік отандастар к үні бүгінге дейін
Байтұрсынов графикасын пайдаланады.
М.Дулатовтың ақын, жазушы
әрі публицист ретінде қалыптасуына оның
"Қазақ" газетінің редакциясында Ахмет
Байтұрсыновпен бірге еңбек еткен кезеңі ерекше із
қалдырды. Газет бетінде ол саяси бағыттағы
өлеңдер, сол кездегі Қазақстанның өмірдегі
қиын-қыстау жағдайларға байланысты
публицистикалық материалдар бастырды.
Бақылау сұрақтары:
1.А.Байтұрсынов
шығармаларының басты тақырыптары.
2.М.Дулатов шығармаларының
тәрбиелілігі неде?
3.Ж.Аймауытовтың қазақ
балалар әдебиетіне қандай үлестер қосты.
Тпасырмалар:
1.
А.Байтұрсынов
«Өгіз бен бақа», «Шегіртке мен құмырсқа» мысал
өлеңдерінің мазмұны, астарлы ой-пікірлері.
2.
М.Дулатов «Елім-ай», «Насихат»
шығармаларындағы жас ұрпақты өнер-білімге
шақыруы.
3.
Ж.Аймауытов
шығармаларының ағартушылық, тәрбиелік мәні.