Лекция №11.
Тақырыбы: Қолданушылық курсына
оқытудың технологиясы: Компьютерден ақпаратты алу.
Компьютерде ақпаратты сақтау.
Сабақ өтудің түрі: ақпараттық
Жоспар:
1. Компьютер
сыныбындағы жұмыс ерекшеліктері.
2. Компьютер және оның бөліктері.
Информатика-
компьютер арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру,
тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен
тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы
оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек
ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу
бірінсептерін түсіндіріп қана қоймай,
қоғамдық өмірде және адамдар арасында
информацияныкеңінен қолдану заңдары мен тәсілдері
туралы мәліметтер беретіні болып табылады.
Информатиканың
ең негізгі бір ерекшелігі компьютерде жұмыс істеу үшін алгоритмді,
бағдарламаны, нұсқауларды терң білу талап етіледі.
Бұл талапты орындау үшін әрбір пайдаланушы өз ісіне
ұқыптылықпен қарай бастауы керек.
Информацияның компьютерде
өрнектелінуі,MSDOSоперациялық жүйесі, NORTON COMMADER
программасы, бағдарламалық қамтамасыздандыру, WINDOWS программасы,
WORD-мәтіндік редакторы, PAINT-графиктікредакторы, EXCEL-электрондық
кестесі, берілгендер базасын басқару жүйесі, архивтеуші
программалар, компьютерлік вирустар, бүкіл әлемдік интернет
желісі,Алгоритм және бағдарламалау тілдері,т.б. бөлімдерден
тұрады..
Компьютер құрылысының негізгі бөліктері:
жүйелі блок, монитор,пернелік тақта. Пернелік тақтадан
енгізілген әрбір әріп, таңба т.с.с. басқа ешбір
өзгеріссіз экранда бейнеленеді. Пернелік тақтаның жазу
машинкасына ұқсастығын айта келіп, мұндағы
негізгі айырмашылық қосымша түймелерінде және
түймелер біріккен қызметінде деп түсіндіру керек. Компьютер
сыныбы пайдалануға берілген соң бірнеше рет
бағдарламалық құралдармен жабдықталуы
тиіс.Оқушыларға белгілі бір компьютерде отыру тапсырылады,
яғни оқушының өз жұмыс орны болады. Бұл
оның техникаға ұқыпты қарауға деген
жауапкершілігін арттырады.
Компьютерлік вирус-арнайы
жазылған шағын көлемді программа. Олар өздігінен
басқа программалар соңына немесе алдына жазылады да оларды
бүлдіруге кіріседі.
Қазіргі кезде вирустар
негізгі екі топқа бөлінеді.
-
резиденттік (компьютер жадында
тұрақты сақталатын) вирустар;
-
Резиденттік емес вирустар.
Вирус
жұққанпрограмма іске қосылғанда резиденттік
вирустар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадқа көшіріп
жазылып, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері сезілмегенмен,
соңынан бірден іске қатты кіріседі. Дискілерге мәлімет жазу
кезінде вирус өзінің жабысуына қолайлы сәт іздеп
негізгі операциялар орындалып жатқанда солармен қосылып дискіге
жазылып алады да, оның қалай жұққанын адамдар
білмей де қалады.
Ал
резиденттік емес вирус жедел жадта тұрақты күйде жазылмайды,
бірақ вирустың әсері тиген программа іске
қосылғанда ол екпіндене түседі де, өзі жұмыс
істеп тұрған каталогтан өзі ішіне байқаусыз еніп
кететін файл іздейді.Ондай файлды тауып, оның ішіне кіріп алып, ол кейін
жұмыс істейтін кезде соған зиянды әрекет тигізеді.
Бақылау
сұрақтары.
1. Компьютердің
мүмкіндіктері.
2. Компьютердің
жұмыс істеу принциптері
3. Компьютер
тарихы.
4. Информатика
кабинетінің жабдықталуы.
5.
Пайдаланылған әдебиеттер
1Л.Искакова,
Ә Беркутов. Информатиканы оқытудың теориялық негіздері
мен әдістемесі. Шымкент.2003.
2.М.Медетбеков, Р.Медетбекова,
Ә.Беркутов.-Компьютерлік технология негіздері. Шымкент.1998.
3. Ә
Беркутов, Г.Жетпісбаева.-Информатика және есептеуіш техника негіздерін
оқыту әдістемесі. Шымкент. 2002
4.Ермеков Н.Т., Ноғайбаланова С.Ж. 2-4
сыныптарда информатиканы оқыту әдістемесі,, - Алматы, «Алматыкітап», 2004.
Лекция №12.
Тақырыбы: Программаларды жұмысқа
қосу."Раіnt" графикалық редакторында жұмыс жасау.
"WordPad" мәтіндік редакторында жұмыс жасау.
Сабақ өтудің түрі: проблемалық
Жоспар:
1.
"Раіnt" графикалық редакторында жұмыс жасау.
2.
Калькулятормен жұмыс жасау.
Windows-
тың құрамында түрлі стандартты програмалар бар екені айтылып
кеткен болатын. Олардың бірі: Paint Paint (Сурет ) – растрлық
режимде түрлі сурет, фигуралар және графиктер сызуға
арналған Windows
құрамындағы қарапайым графикалық редактор .Режимде суреттер түрлі нүктелер арқылы саналады .Файл BMP кеңейтлуі бойынша
сақталады .Оны іске қосу командасы:
Пуск-
Программы-Стандартные-Paint
Paint
терезесінің
сол жағынла төрт бұрыштар түрінде енгізілген аспаптар
(құралдар ) панелі бар.
Құралдар – терезеде түрлі суреттер мен фигуралар салып,
жанына мәтін жазу және оларды таңдау, терезені не оны бір
бөлігін тазалау сияқты әрекеттерді орындайтын
құралдардың белгішелері. Терезеде кескін салу не басқа
әрекеттер үшін алдымен сәйкес құралды шертіп,
таңдап алу керек.
Терезеде сызылатын сызықтардың
түстері мен қалыңдықтары
түрлі – түрлі болуы мүмкін.Сивол түсін және
құралды таңдау үшін көрсеткішті олардың
үстіне әкеліп, тышқанның сол жақ түймесін,
ал фон түсін таңдау үшін оң жақ түймесін шерту керек.
Таңдалған түстер бір-
біріне салынған төртбұрыштарда көрініп тұрады.
Таңдау алдында орнатылатын ағымдық түстер:символ
үшін қара, фон үшін- ақ түс. Егер түстерді
өзгерткіңіз келсе , символ түсі үшін төменгі
палитра түсін сол жақ түймемен, фон түсін оң
жақ түймемен шертіп таңдау керек .
Paint резесінде көрінген құралдарды екі топқа
бөлуге болады:1) сурет салушы, бояушы, өшіруші, мәтін жазушы
және суретті не оның үзіндісін
таңдаушы;2)сызықтар сызушы және фигуралар салушы.
Бірінші топ
құралдары.
Олар сол жақ панельге
енгізілген жоғары он төртбұрышты
құралдар.Олардың
атаулары:кез келген обылысты ерекшелеу ,
ерекшклеу, өшіргіш, құю, түстерді таңдау,
масштаб, қалам ,жаққыш, бүріккіш, жазба.
Жаққыш(Кисть),Қалам(Карандаш) –сурет салу құралдары ,
Ретімен түс, сызық қалыңдығы және
сәйкес құрал таңдалған соң көрсеткіш
кішкене төртбұрышты нүкте түріндегі графикалық
пероға айналады. Оның терезеде сурет сызылатын орынға басына
апарып, одан ары тышқан түймесін басып тұрып сурет сала
беруге болады. Сурет салынып болған соң түйменің босатылуы тиіс.
Құю(заливка)- салынған суреттің тұйық
обылысын бояу құралы. Бояу үшін, түс одан әрі
құралды таңдап және көрсеткішті обылыс ішіне
орналастырып, тышқан түймесін шерту керек. Егер облыс
тұйық болмаса,бояу сыртқа жайылып кетеді.
Шашыратқыш(Распылитель) –сурет салу обылысын шашпалы түрде
бояуға арналған құрал.Онымен шашпалы бояу бойынша сурет
салуда мүмкін.Шашпа тығыздығы көрсеткішті жылжыту
жылдамдығына байланысты.
Жазба(Надпись)
құралы терезеде мәтін теру үшін пайданалынады. Ол
үшін құрал таңдалған, соң терезеде жазу жазылатын орынды шертіп, көрсеткіш
анықтауға мәтінді арқылы , кескін жанында мәтін
сыятын тік төртбұрыш орнату керек..
Екінші топ құралдары .
Paint
редакторының
кескіндер, фигуралар салу құралдары алтау: сызық ,қисық
тіктөртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, бүйір
қабырғалары дөңгелектенген тік төртбұрыш. Олармен
жұмыс істеу тәсілі де жоғарыдағыдай
сияқты.Мысылы:
Сызық(линия), қисық (кривая)
–түзу , қисық сызықтарды сызу
құралдары.Түзу кесіндісін сызу тәсілі:
1. Түсті, сызық
қалындығын және құралды таңдау .
2. Көрсеткішті сызықтың бас
нүктесіне апарып , тышқан
түймесін басу.
3. Түймені босатпай , көрсткішті жоспарланған сызықтың шекті
нүктесіне дейін жылжытып, түймені босату. Түзу кесіндісі сызылып шығыды.
Қисықты
сызу түзу кесіндісін сызу сияқты орындалады ,бірақ түймені
босатқан соң көрсеткішті кесіндінің орта жеріне апарып
оны әрі- бері жылжыту керек. Кесінді майыса бастайды майысу түріне қанағаттанған
кезде түймені босату керек.
Сызықты пайдаланып
, қатаң түрде тік,
көлденең не45 градусқа көлбеу түзу
кесінділерін сызу үшін тышқан түймесімен бірге Shift түймесін
қоя берсе болғаны.
Төртбұрыш
және Сопақ фигуралар құралдарын пайдалану
әдісі жоғарыдағы сияқты. Қатаң түрде
квадрат ,шеңбер не дөңгелек сызу үшін көрсеткішті
жылжыту кезінде тышқан түймесін басып тұру керек. Ең
соңында ретімен түйме және Shift пернесін босатылуы тиіс.
Суретті жылжыту, көшіру
А1.Таңдалған
сурет үзіндісін терезесінің
кез келгени басқа жеріне
жылжытуға ол үшін орындалуы
тиіс әректтер:
1.
Көрсеткішті
үзінді ішіне орналастыру.
2.
Тышқан
түймесін басып тұрып ,
оны көшіретін обылысқа қарай жылжыту. Жылжыту
аяқталған кезде түймені босату.
3.
Үзінді
сыртында түймені шерту. Ол үзіндіні жаңа орында
орнықтырып , сыртындағы пунктиік
төртбұрышты алып
тастайды
4. Үзіндіні алмастыру буферіне ,
буферден Windоws – тың қолданбалы программасының терезесіне көшіру командалары Windоws
– та пайдаланатын тәсіл сияқты.
Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі. WORD программасындағы формулалар редакторының көмегімен құжат мәтініне матеметикалық формулалар мен символдарды орналастыруға болады.Математикалық символдар мен шаблондар көптеген кең спектрлі мүмкіндіктерді қамтиды.
Формулалар редакторының көмегімен жазылады. Обьектілерде интегралдар, матрицалар, бөлшектер, түбірлер, көп мүшеліктер т.б жатады және олардың экран бетіндегі сырт бейнелері принтермен басып шығарылатын көшірмесімен бірдей болады.
Формулаларды форматтау барысында пайдаланылатын әріптер мен олардың сызылымы принтер қабылдайтын қаріптерге байланысты өзгертілуі мүмкін.
WORD ортасынан формулалар редакторын іске қосу үшін, енгізу курсорын құжаттың формула кірістірілетін жеріне орналастырып, Кірістіру→Обьект →Microsft Equation меньюі операцияларын орындау керек. Сонда теңдеулер редакторының терезесі пайда болады.Сол терезеге керекті формуланы енгізу қажет.
Егер обьектілер типі тізімінде формулалар редакторы жоқ болса, онда келесі әрекеттерді орындау қажет:
- Microsoft Word Folder бумасында орналасқан Word Commands ішкі бумасын ашу;
- Формулалар редакторын бейнелейтін суретте тышқанды екі рет шерту;
- Формулалар редакторы терезесін одан шықпай ақ жабу;
- Word- тан формулалар редакторын шақыру.
Формулалар редакторы жүктелгеннен кейін оның қолданбалы терезесі ашылады. Ол терезе өзінің құрылымы жағынан Word терезесіне ұқсас.
Математикалық символдар пиктаграммалары бар теңдеулер редакторы терезесіндегі жоғарғы жол негізінен символдар формуласына енгізуге арналған меню болып табылады; Мысалы, шексіздік белгісі, вектор символы т.с.с таңбалар жиыны. Олардың ішінен қажетті символдарды таңдауға және оларды формула ретінде еншгізуге болады.
Редакторда даярланған формула мәтінге формулалар редакторы терезесі жабылған соң ғана кірістіріледі.
Бақылау
сұрақтары.
1.Word-мәтіндік редакторы терезесінің негізгі элементтері.
2.Жаңа құжатты
қалай дайындаймыз.
3.Мәтін бөлігін
басқа орынға қалай көшіруге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Аштаева Т.Б., Вьюшкова Е.А. 2-4
сыныптарда информатиканы оқыту
әдістемесі,. -А.,
"Атамұра", 2004.
2.Горячев А.В., Горина К.И., Суворова
Н.И. Информатика в играх и задачах. 1,2,3 класс- М., "БАЛАСС", 2002.
3.Балапанов Е., Кабулова Г., Мұхаметжанова С, Айтбакина Б., Мамырбек
Г. Основы информақионной культуры (в 4 тетрадях) 1-4 классы. - А., ТОО
"Аруна" ЛТД, 2004.
4.Мир информатики. 1-2 год
обучении.Учебная книга СО. Продукция компании КИРИЛЛ и МЕФОДИЙ.