Лекция №13.
Тақырыбы: Алгоритмдік курсқа
оқытудың технологиясы. Іс-әрекет. Кері іс-әрекет.
Алгоритм.Сызықтық алгоритм. Орындау кестесі.
Сабақ өтудің түрі: проблемалық
Жоспар:
1.Алгоритм
қасиеттері.
2.Алгоритмдік
символдар.
Алгоритмді
және алгоритмдеуді оқытқанда алдымен, алгоритм
терминінің шығу тарихына тоқталған жөн. Алгоритм
сөзі ІХ-ғасырда өмір сүрген Орта Азиялық
ұлы ғалым, математика Әл-Хорезмидің есімімен тікелей
байланысты.Ол кісінің арифметикаға және теңдеулер мен
теңдеулер жүйесін шешуге қатысты «Әл-жебр вамукабалама»
деген ұлы еңбегі болған. Бұл жұмыста
теңдеуді шешу үшін белгілі әдіс-тәсілдерді
кезең-кезеңімен орындау керектігі баяндалған. Ал алгоритм
дегеніміз белгілі бір нәтижеге жету үшін арнайы кезеңдерді
орындау реті дегенді білдіреді.Сонымен Әл-Хорезми сөзі латынша Algrithmi
деген сөз екен.Алгоритм программа құрудың
әліппесі болып табылады. Алгоритмнің блок-сүлбесіне мысалдар
келтіріп, оқушыларға түсіндіру керек.
Алгоритм.
Алгоритм қасиеттері.
ЭЕМ бір тактілік уақытта бір
ғана қарапайым не логикалық операцияны орындай алатын етіп
құрылғандықтан (1тарауды қараңыз)
информацияны өңдеу үшін машинаға берілетін командалар
(нұсқаулар) осы сияқты нұсқаулар тізбегінен
тұрады.
Алгоритмдік
тілдің алфавиті мен пайдаланылатын символдар:
Латын, орыс
алфавиттері мен араб
цифрлары:А,В,С,Д,...,а,б,с,д,...,А,Б,В,Г,...,а,бб,в,г,...,1,2,3,...,
*-көбейту,⁄-бөлу,
**-дәрежелеу , =-менщіктеу,
.-нүкте (нүкте-нақты
санның бөлшек бөлігін бүтін бөлігінен ажырату
үшін пайдаланылатын белгі)
және т.б.
Мысалы,а═10.3,b═5.444
және һ═6
мәндерін пайдаланып, ЭЕМ-де
трапеция ауданын есептеу керек
болсын(a,b-табандары,һ-биіктігі)
Мұндағы өңделетін информация-трапеция ауданы.Өңдеу алгоритмі-ауданды
есептеу формуласы.
В═(a+b)*һ⁄2
Осы формула
бойынша трапеция ауданын есептеуге арналған қарапайым
нұсқаулар тізбегін мынадай түрде жазуға болады:
1.10.33-ті
а деп,5.4-ті b деп,6-ны һ деп
белгілеу (a:=10.3;b:=5.4;h:=6)
2.a-ны b-ға қосып, нәтижені
r1 деп белгілеу(r1:=a+b) ;
3.r1-ді һ-қа
көбейтіп,нәтижені r2 деп белгілеу(r2:=r1*h);
4.r2-ні 2-ге бөліп, нәтижені В деп
белгілеу (В:═r2⁄2)7
Осы
сияқты жеке қадамдардан тұрып, формальды түрде
жазылған реттелген нұсқаулар тізбегі алгоритм делінеді. Жалпы,алгоритм
деп алға қойылған мақсатқа жету немесе берілген
есепті шешу бағытында арнайы епежелер бойынша орындаушыға (адамға не компьютерге)жинақы
түрде берілген реттелген нұсқаулар тізбегін айтады.(алгоритм сөзі IX ғасырда
өмір сүрген ұлы өзбек математигі әл-Хорезмидің атымен аталған жазудың
латындық формасы. Ол бірінші рет арифметикалық амалдарды
орындаудың ережелерін тұжырымдаған ғалым)
Алгоритмнің
қасиеттері және оған
қойылатын талаптар:
1.Алгоритмнің
үздіктілігі.Информацияны
өңдеу процесі ретімен жазылған жеке-жеке
нұсқаулардан құралған тізбектен тұруы
тиіс(мысылы,жоғарғы есепті шешу үшін
құрылған нұсқаулар);
2.Алгоритмнің түсініктілігі және анықтылығы.Алгоритм
жалпы түрде қабылданған символдарды, алфавитті пайдаланып
жазылуы тиіс.Орындаушы(адам,компьютер)алгоритмді түсініп,орындай алатын
болуы керек.Оның үстіне,түрліше түсінілетін
нұсқаулар енгізілмеуі тиіс.Ол орындаушыға алгоритмді орындау
үшін басқа нұсқаулар іздеуіне жол қалдырмайтындй
етіліп және орындалу реттері дәл көрсетіліп қатаң
түрде жазылуы қажет;
3.Алгоритмнің қарастырылып
отырған информацияның кез-келген мәндеріне,яғни көпшілікке бірдейлігі
(мысалы,жоғарыда құрылған алгоритмнің екінші,үшінші
нұсқаулары a,b мен h айнымалыларының сәйкес келетін кез
келген мәндері үшін бірдей.Жалпы,алгоритмдер анықталу
обылысынан түрлі мәндер қабылдай алатын айнымалылар болу
тиіс);
4.Алгоритмнің нәтижелілігі .Нұсқаулар шексіз көп болмай
,қорытындысында оның нәтижесі болу тиіс .Егер алгоритм
бойынша құрылған сандық прогрмма шексіз есептеулерге
әкелсе,онда алгоритмнің талапқа сай жазылмағаны не
есептің шешеуі жоқ болғаны.
Алгоритмде пайдаланатын мәліметтер
түрлі- түрлі болу да мүмкін .Мысалы,жоғарыда
құрылған алгоритмде үш түрлі мәліметтер
кездеседі:
1)бастапқы
мәліметтер (10.3,5.4,6);
2)аралық
мәліметтер (жоғарғы алгоритмде олар – екінші және
үшінші нұсқауларды орындаудан соң шыққан
мәндер);
3)нәтиже
(ол –төртінші( қорытынды)нұсқауды орындаудан соң
шыққан мән ).
Мұнда ескеретін жайыт:егер
алгоритм математикалық формула түрінде берілсе,оны шешу жолы
орындалатын аперацияларға байланысты біреу ғана болмауы
мүмкін,мысалы,4*5/3
өрнегін не В=(а+b)*һ/2 формуласын түрлі жолдармен шешуге
болатыны белгілі).
Алгоритм ұғымы кез келген
програма құру кезінде негізгі орын алады ,себебі программа –енгізілген берілгендерді
өңдеу үшін арнайы және қатаң түрде
бір программалау тілінде дайындалған алгоритм ,шекті
нұсқаулар тізбегі.
Информация өлшемі.Алгоритм
ұғымын нақтылау.
Информация
шамасын өлшеудің үш тәсілі бар :көлемдік энтропиялық,алгоритімдік.
Көлемдік
өлшем –
мәлімет құрайтын символдар
саны .
Оны өлшеу информацияның
жазылу түріне байланысты.Мысалы,13
санын түрліше жазуға болады: «он үш»,13,ХІІІ,1101(бұлардың
сонғысы екілік санау жүйесінде жазылған).
Информация теориясында информацияны
өлшеу үшін энтропиялық
тәсіл
пайдаланған(энтропия –ішке айналу).Энтропия деп кездей соқ (екіұштылық) болатын
жағдайдың(орындалуы алдында нәтижесі белгілі емес
тәжірибенің) анықталмағандық шамасын айтады. Ол
мынандай моделде тұрады:
-тәжірибе бойынша белгілі
оқиғалардың орындалу
шамасын анықталады;
-шамаларды дәл есептеу мүмкін
болмоғандықтан, олрдың энтропиясын ықтималдықты
пайдаланып есептейді.
Энтропияны информацияның жеткіліксіздік шамасы деп
қарастыруға болады. Ол ықтималдықтар
жиынтығының біршама математикалық байланыстылығы
арқылы сипатталады.
Бақылау
сұрақтары.
1.Формулалар редакторы не
үшін керек?
2.Формулалар редакторын қалай
іске қосамыз?
3.Обьектілер тізімінде Формулалар
редакторы жоқ болған жағдайда не істеу керек?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. 12 жылдық
орта білім берудің мемлекеттік стандарты (бірінші саты), -Астана, 2006.
2. 12 жылдык
мектептің 1-5 сыныптарынын оқу
бағдарламалары.-Алматы, 2006.
3.Ермеков
Н.Т., Ноғайбаланова С.Ж. Информатика. 12 жылдық мектептің 2-4 сыныптарына
арналған оқулыктар. - Алматы, «Алматыкітап», 2004.
4.Ермеков Н.Т., Ноғайбаланова С.Ж. 2-4 сыныптарда
информатиканы оқыту әдістемесі,, -
Алматы, «Алматыкітап», 2004.
Лекция №14.
Тақырыбы: Логика. Модель. Заңдылықтар
және олардағы қатені іздестіру. Заттардың белгілерін
айқындау. Заттардың белгілеріне қарай топқа бөлу.
Сабақ өтудің түрі: проблемалық
Жоспар:
1.Заңдылықтарды
орналастыру міндеттері.
2. Заттардың
белгілеріне қарай топқа бөлу.
Қазіргі қоғамның
мүлдем жаңа эканомикалық, әлеуметтік саяси
жағдайлар негізінде түбегейлі қайта құрылуы
жоғары білімді, шығармашылықпен іс қылатын адамдар
тәрбиелеуді, жан – жақты дамытуды көздейді. Сондықтан
да мектеп мектеп реформасы мен үздіксіз білім беру тұжырымдамасында
оқыту мен тәрбиелеу сапасын арттыру, әр пәннің
ғылыми дәрежесін сақтау, ғылым негізін
мұқият меңгерту міндеттері қойылған. Оқушылардың
білім сапасын арттырудағы аса маңызды мәселелердің бірі
– олардың жаңа материалды
үйренуге дайындықтарды қалыптастыру болып табылады.
Жаңа материалды үйренуге
дайындықты қалыптастыру – оқу жұмысын үздіксіз
жүріп отыратын жүйелі жұмыс. Әсіресе бұл
жұмыс оқуға, жазуға, есептеуге, ойлауға,
сөйлеу мәдениеті дағдысы мен іскерлігін қалыптастыратын
бастауыш сыныптарда аса қажет.
Қоғамның бастауыш мектеп
алдына қойып отырған міндеттерін орындау оқыту
әдістерін қайта құру қажеттілігін талап етеді.
Дидактикалық әдістер жүйесінің ішінде
оқушылардың жаңа материалды үйрену дайындығын есепке ала отырып
түсіндіру ерекше орын алады. Теория жүзінде бұл
әдістің мүмкіндіктері, оның құрылымы,
әртүрлілігі, тәжірибеде қолданудың шарттары
толық ашылмаған. Бұл бағыттағы түсіндіру
тек эмпирикалық сипаттан шығармашылық деңгейге,
қалыптасқан жағдайдан ғылыми түсінікке жетелейді.
Міне, сондықтан бастауыш сынып оқушыларын оқыту
әдістерін жетілдірудеге ықпал ететін педагогикалық
жағдайлардың теориялық және эксперименттік
тәжірибелері аса өзекті болып есептеледі.
Оқушылардың білімді меңгеруіндегі басты
мәселе ойлау арқылы іс қылудың тәсілдерін
үнемі үйрету, ойлау әрекет түрлерін (талдау,
жинақтау, пайымдау, т.б.) меңгертудің маңыздылығы
сөзсіз.
12 жылдық білім беруде бастауыш сынып
оқушыларының жаңа материалды оқып үйренуге
дайындау жұмыстарында аса көңіл бөлген мәселеміз
мыналар;
Жаңа материалды оқып
үйренуге дайындауға бағытталған тапсырмалардың
саны.
Оқушылардың дайындық
деңгейіне байланысты дайындық
тапсырмалардың мазмұны.
Мұғалімге
арналған әдістемелік әдебиеттерде оқушыларды
жаңа материалды оқып
үйренуге дайындау жолдарын көрсететін ұсыныстардың
мазмұны.
Бастауыш сынып
мұғалімдерінің тәжірибелерінде оқушыларды
жаңа материалды оқып үйренуге дайындау түрлі жолдары
мен тәсілдері байқалады. Мұғалім
бағдарламаның қиын тарауларын оқыту кезінде
перспективалық дайындық әдістерін қолданады.
Перспективалық дайындық туралы оның түсінігі
мынаған сияды; бағдарламалық материалды өту барысында,
оның күрделенуін сезе
отырып, біртіндеп күрделі тақырыпты түсіндіріп, оны
меңгеріп кетуге ыңғайлау. Мұғалім материалдарды,
оқулықтардан кейде қосымша әдебиеттерден алып, тірек
схемаларды, түсіндірмелі баяндау әдістерін қолдану
арқылы уақытты ұтымды пайдаланады.
Мұғалім қиын
тақырыпты үш кезеңге бөледі.
1- кезең – перспективалық
дайындық. Басқаша айтқанда, біртіндеп
ұғысндырылатын тақырып. Бұл кезде тірек
ұғымдары , іскерлік , жаттығулар оқушылардың
жауаптары арқылы оқытуды бастау жүзеге асырылады.
2- кезең – оқулықпен
жұмыс кезеңі. Бұл кезде түсініктер нақтыланып,
тақырып бойынынша материалдар жинақталады. Оқушылар
жинақтау схемалары арқылы саналы түсінуге бағытталады.
Олар мектепте және үйде өз ойларын схемалар арқылы
дәлелдеуге жұмыстанады. Сонымен қатар осы кезеңде
бірқатар ұғымдар алдын – ала түсіндіріліп
отырылтындақтан , оза оқыту шарттары да орындамлып, оқушы
лардың материалдарды қабылдау
мүмкіндіктері артады.
3- кезең – үнемделген уақыттарды пайдалан ып жұмыс
істеу арқылы іскерлік дағдысы қалып тасады. Бұл
қатені үнемі түзетіп отырудан гөрі , одан алдын – ала
сақтандыруға үйретеді.
Сонымен әрбір оқылған тақырып жаңа
тақырыпты оқуға негіз бола алады.
Жаппай компьютеризациялау дәуірінде өмір сүруімізге қарамастан, осы күнге дейін – толық шешімін таба алмай келген негізгі мәселелердің бірі – информатика пәннің нешінші сыныптан бастап енгізілуі.
Әрине, бұл пән алғаш рет 9 – 10 сыныптардан бастап енгізілді. Содан соң, информатика пәнін оқыту барысында жинақталған көптеген тәжірибелерге сүйене отырып, бұ пәнді төменгі сыныптардан бастап оқыта беруге болатындығы практика жүзінде дәлелденді де, информатика пәнін 5-6 сыныптардан бастап оқытыла бастады. Оқушылар информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде, олардың қазір өмір ағымына деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына байланысты, енді информатика пәнін тіпті 1 сыныптан бастап енгізуге болады деген пікірлер ұсынылуда. Мұндай пікірлер қазіргі өмір талабына сай. Өйткені компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық-психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейлерін көтере алмайды. Сондықтан бастауыш білім жүйесінің де көздеген мақсаты әрбір оқушыны информатика ғылымының алғашқы фундаментальды білім негіздерімен таныстыру. Сонымен қатар, оларды информатика пәнін мектепте оқытылатын басқа пәндермен үйлестіре отырып түпкілікті және саналы түрде меңгеруге қажетті дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
Информатика пәні 1 сыныптан бастап енгізілгенмен, оны әр түрлі әдістермен оқытып, осы пәнге деген бала қызығушылығын арттыратын түрлі оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектептері үшін өте тапшы. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына информатика сабағын жүргізудің тиімді жолдарын қарастырып, оны нақты материалдармен теориялық және практикалық жағынан байыта түсу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осы мәселелерді шешудің бір жолын біө мектептегі 2 және 3 сынып оқушыларына информатика пәнін жүргізу әдістерінен бастадық.
Бұл жұмысты жасаудағы негізгі көзделген мақсат:
- 2 және 3 сынып оқушыларына информатика пәні бойынша программа жасау.
- Жасалған программа бойынша жүргізілетін әрбір сабақтың жобасын жасап, оны талдау.
- Балаларды өз бетінше компьютерлік ойынға, қарапайым есептер шығаруға сонымен қатар, оларға текстік және СРЕN – графиктік редакторлардың қарапайым мүмкіншіліктерін үйрету.
- Жасалған жұмысты мектеп өміріне енгізу.
- Осы сабақты жүргізетін бастауыш сынып мұғалімдерін дайындап шығару. Ол үшін арнаулы курстар ұйымдастыру.
- Оқушыларға арнап әдістемелік оқу құралын дайындау.
Бастауыш сынып оқушылары үшін компьютер ұзақ жұмыс істеуге болмайдытындығына байланысты, сабақтың 1-ші жартысында, оқушылар теориялық материалдармен таныстырылады да келесі жартысында компьютермен жұмыс жасайды.
ІІ және ІІІ сыныпқа арналған күнтізбелік – тақырыптық жоспардың алғашқы бөлімдерінде оқушылар «Қауіпсіздік техникасы» ережесімен таныстырылады.
Бастауыш сыныптарда жүргізілетін «Қауіпсіздік техникасы» ережесінің ерекшелігі: оқушылар жылдам оқи және жаза алмайтын болғандықтан, олар суреттеме бейнелер арқылы көрсетіліп, түсіндіріледі.
Бастауыш сыныптарға арналған бұл программаларда оқушылар компьютермен танысып, олар өзара қарым – қатынаста болады, компьютер көмегімен арифметикалық есептерді және бірнеше «Ойын» есептерін шешеді.
Сонымен қатар оқушылар өздігінен өлең және әңгіме құрастырады, СРЕN – графиктік редакторымен толық танысып, әртүрлі бейнелер салады.
Жазылған әрбір программаны әрі оқыту, әрі тексеру программасы ретінде де қолдануға болады, өйткені ол әрбір сабақтан кейін, оқушылардың білімін тексеріп, олар қандай деңгейде тапсырманы орындағанын бағалап отырады.
Мектепте алғаш рет компьютермен танысып отырған оқушыларға, сабақты қызықты жүргізуге және оларды сабақтан жалықтырып алмауға көп көңіл бөлінеді. Ол үшін әрбір тақырыпқа талдау жасалады. Сабақ ортасында сергіту сабақтарын қоса оқыту әдістері қарастырылады.
Келешектегі мақсат: 1) осы жасалған жобаны толықтыру;2) жасалған бағдарлама бойынша жұмыс жасау үшін, бастауыш мектеп мұғалімдеріне арнаулы курс ұйымдастыру;3) оқушыларға арнап, әдістемелік оқу құралын дайындау;4) екі жылдық бағдарламаны мектеп өміріне енгізу.
Бақылау
сұрақтары.
1.Жаңа
материалды түсіндіру сабағы. Бұл сабақтың негізгі
мақсаты: жаңа ұғымды енгізу, олардың
қасиеттерін ашу, немесе оларды құру ережелерін енгізу.
2.Білімді бекіту және практикада қолдана білу
сабағы.Үйренген білімді қалыптастыру және
жүйелеу.
3.Алған білімді бір жүйеге келтіре отырып жалпылау
және өтілген, үйренген ұғымдарды, материалдарды
жалпылау және жүйелеу.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.Горячев А.В., Горина К.И., Суворова Н.И.
Информатика в играх и задачах. 1,2,3 класс- М., "БАЛАСС", 2002.
2.Балапанов Е., Кабулова Г., Мұхаметжанова С, Айтбакина Б., Мамырбек
Г. Основы информақионной культуры (в 4 тетрадях) 1-4 классы. - А., ТОО
"Аруна" ЛТД, 2004.
3.Мир информатики. 1-2 год обучении.Учебная
книга СО. Продукция компании КИРИЛЛ и МЕФОДИЙ.
4.Мир информатики. 3-4 год обучении.Учебная
книга СО. Продукция
компании КИРИЛЛ и МЕФОДИЙ.