«Мектепке дейінгі
және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
«Бастауыш
мектепте информатиканы оқыту теориясы мен технологиясы» пәнінен
«050102-«Бастауыш оқыту педагогикасы м
ен әдістемесі»
мамандығының студенттері
үшін
зертханалық сабақтарға
арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК
НҰСҚАУЛАР
Оқу түрі: күндізгі
Шымкент, 2009ж.
ӘОЖ
28.081 я 72
Құрастырушы:
оқытушы Даулетбаева З.П.
«Бастауыш оқыту педагогикасы м ен әдістемесі» пәнінен
зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік
нұсқаулар. Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2009.
– 55 б.
Әдістемелік нұсқаулар
оқу жоспарының және «Бастауш мектепте информатиканы
оқыту теориясы мен технологиясы» пән бағдарламасының
талаптарына сай зертханалық сабақтардың тақырыптарын
орындау үшін қажетті барлық мәліметтерді қамтиды.
Әдістемелік нұсқаулар «050101-« Бастауыш оқыту
педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері үшін арналған.
Әдістемелік нұсқауда жалпы зертханалық
сабақтарды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері
және жүргізілуіне қойылатын талаптар, студенттердің
міндеттері көрсетілген. Сондай-ақ, және «Бастауыш оқыту
педагогикасы мен әдістемесі» пәнінен жүргізілетін зертханалық
сабақ тақырыптары және оларды өткізуге арналған
нұсқаулар беріледі.
Пікір жазғандар:
Жетпісбаева Г.О. – п.ғ.к.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ.
Дайырбеков С. – ф-м.ғ.к. ХҚТУ .
Әдістемелік нұсқау
МДжБОТмӘ кафедрасының мәжілісінде («17» 03. 2009. №8 хаттама),
Филология институтының әдістемелік комиссиясында («20» 03.2009 №7 хаттама ) қарастырылды
және баспаға ұсынылды.
Баспаға М.Әуезов атындағы
ОҚМУ Әдістемелік кеңесі ұсынған,
№___ хаттама
«_____» 2009ж.
М.Әуезов атындағы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік унверситеті, 2009.
ТҮСІНІКТЕМЕ
050102 - БОПӘ мамандығы
бойынша Қазақстан Республикасы
мемлекеттік білім стандарты талаптарына сәйкес
болашақ бастауыш сыныптар мұғалімінің
информатиканы оқыту теориясы
мен технологиясынан білім, білік және
дағдыларын калыптастыру барысында қарастырылды.
Информатиканы оқыту теориясы мен технологиясы
пәнін оқыту әдістері: ғылыми-педагогикалық
әдебиеттерді, информатиканың
оқу бағдарламалары мен
оқулықтарын теориялық талдау, бастауыш сыныптар оқушыларына информатиканы
оқытудың барысын бақылау, озат педагогикалык тәжірибені
оқып-үйрену және қорытындылау, әңгімелесу, педагогикалык
эксперимент, компьютермен практикалык жұмыс
жасау.
Бұл пәнді оқыту 12 жылдык
мектептің бастауыш буынының оқу
жоспарына 2-сыныптан бастап информатика пәнінің
енгізілуіне байланысты
Қазакстанда тұңғыш рет қолға алынып отыр.12
жылдық орта білім стандарты бастауыш буынға (1-5 сыныптар) «Математика және информатика»
кіріктірілген курсын ендіруді қарастырады.
4 сыныптан бастап информатика курсы
жеке оқытылып үйретіледі.
Қазіргі уақытта Қазақстан
Республикасында бастауыш мектеп үшін
информатикадан бірнеше оқу- әдістемелік топтамалар
жасалған. 12 жылдық мектептің бастауыш
буынына
арналған оқу-әдістемелік топтамалар
авторлары: Аштаева Т.Б., Вьюшкова Е.А, Ермеков Н.Т., Ноғайбаланова С. Қазіргі
кезде жалпы білім беретін
мектептің 2-4 сыныптарына арналған "Ақпараттық мәдениет негіздері" курсы
(авторлары: Е.Балапанов, Г.Кабулова, С.Мұхаметжанова,
Б.Айтбакина, Г.Мамырбек) құрастырылған және ол
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі тарапынан лицейлер мен гимназияларда пайдалануға
ұсынылған.
Аталмыш оқу пәні берілген мамандықтың мемлекетік
білім стандартына тұңғыш рет 2004 жылы енгізілді. Бұл типтік оқу бағдарламасы 050102 -
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша 2006 жылғы мемлекеттік білім стандартына сәйкес жасалды.
Мемлекеттік стандарт бойынша
информатиканы оқыту теориясы мен
технологиясы курсы мынадай бөлімдерден
тұрады: "Бастауыш сыныптарда информатиканы оқытудың теориялық негіздері", "Бастауыш
сыныптарда ақпараттық - коммуникативтік технологияны пайдаланудың
негізгі бағыттары", "Бастауыш сыныптарда информатиканы оқытудың мазмұны мен әдістемесі", "Бастауыш
сыныптарда информатиканы оқып -
үйретудің мүмкіндіктері мен болашағы".
Типтік
оқу бағдарламасында
Қазақстан Республикасында
бастауыш мектепте информатиканы
оқыту теориясы және
технологиясының қазіргі заманғы даму тенденциясы ескерілген. 12 жылдык орта білімнің жаңа білім стандартында (2006
ж.) орта мектептің бастауыш буыны үшін «Математика және информатика» кіріктірілген
курсында информатика негіздерін
оқытып-үйретуді қарастыруына байланысты өзгерістер енгізілді.
Бастауыш мектепте информатиканы оқыту теориясы
мен әдістемесі пәнін оқытып-үйретудің мақсаты: болашақ
мұғалімдерде бастауыш мектепте информатиканы оқытуды
ұйымдастыру барысында қажет
болатын білім, білік және дағдыларды калыптастыру.
Пәнді оқытып-үйретудің міндеттері:
- кіші жастагы
мектеп оқушыларына информатиканы
оқыту барысын
ұйымдастырумен байланысты кәсіби білім мен біліктер калыптастыру;
- оқушылардың
ақпараттык мәдениетін және алгоритмдік ойлауын
қалыптастырудың барысы мен оның нәтижелерін зерттеу.
Курсты
оқытып-үйретудің негізгі міндеті қоғамның
қазіргі даму кезеңінің әлеуметтік сұранысына
сай бастауыш сыныптар мұғалімінің
кәсіби даярлығының сапалық деңгейін көтеру
болып табылады.
Бастауыш мектепте
информатиканы оқытудың теориясы мен
технологиясы психологиялык-педагогикалық
пәндерді, информатиканы, сондай-ақ
математиканың бастауыш курсының
негіздерін окьп-үйренгеннен кейін енгізіледі. Бұл пәнді
оқытып - үйрету барысында
информатика пәнінің өзіндік
ерекшелігін ескере отырып, оның
жалпы теориялық қағидаларын нақтылай түсу
жүзеге асырылады.
Информатиканы оқытудың теориясы мен технологиясы пәні бастауыш мектеп педагогикасы,
психология, жаңа педагогикалық технологиялар,
педагогикалык зерттеулердің
әдістемесі, информатика, математика, бастауыш мектеп пәндерін оқытудың теориясы
мен технологиясы пәндерімен тығыз
байланыста оқытып - үйретіледі.
Курсты окып - үйренудің
соңына карай студенттер:
-информатиканы
оқытудын жалпы әдістемелік
принциптері мен бастауыш сыныптарда акпараттық оқытуды ұйымдастырудыңөзіндік
ерекшеліктерін, бастауыш сыныптардың
оқу процесінде қазіргі заманғы
ақпараттык технологияларды колдану мүмкіндіктерін
білулері керек;
- информатиканы оқыту технологиясын меңгеруі қажет;
- бастауыш сыныптардын оқу процесінде программаларды пайдалана алулары тиіс.
Зертханалық сабақтардың мақсаты – нақты практикалық тапсырманы орындау барысында
білімді тереңдету және кеңейту, студенттің
белсенділігін арттыру мен өзбетінше жұмыс жасауын қамтамасыз
ету, алынған экспериментті нәтижелерді талдау қабілетіне
қол жеткізу.
Зертханалық сабақтардың міндеті:
- пән бойынша тақырыптарға сәйкес білімді
пысықтау, тереңдету, кеңейту;
- пәннің теориялық материалдарын, концепцияларын практикалық
әдіс -тәсілдермен талдай білуге үйрету;
- зерттелетін теориялық курстарға сәйкес танысу;
- қалыптастырылған әдіс негізіндегі жаңа
ақпарат алу үшін талдау;
- тәжірибе жұмыстарын өткізу нәтижесі бойынша
жаңа ақпараттар алумен байланысты шығармашылық.
Зертханалық сабақтарды ұйымдастыру және
жүргізу талаптары:
- зертханалық сабақ
пәннің жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылады
және жүргізіледі;
- зертханалық сабақтар
күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес
орындалады;
- зертханалық сабақтар міндетті түрде
әдістемелік нұсқау бойынша жүргізілуі тиіс;
- зертханалық сабақтар
қажетті оқу құралдармен және
ақпаратты-анықтама құралдарымен толық
қамтамасыз етілуі керек;
- берілген тапсырма бойынша студенттерде толық конспекті болу;
- әдістемелік оқу-құралдармен жұмыс
істеу;
- дискуссияға студенттердің белсенді қатысуын
қамтамасыз ету.
Зертханалық сабақты ұйымдастыру формалары:
- зертханалық сабақтың фронтальді формасы, яғни
барлық студенттер бір уақытта бірдей жұмыс орындайды;
- циклды форма – яғни лекция курсы бөлімдеріне сәйкес
айқындалған бірнеше
циклдарға жұмыстардың бөлінуі. Цикл төрт-бес
зертханалық жұмыстарды біріктіреді. Бұл жағдайда
студенттер зертханалық жұмыстарды график бойынша орындайды.
- зертханалық жұмыстарды жеке формада ұйымдастыру – яғни
әрбір студент зертханалық жұмысты өз бетінше орындайды.
Барлық студенттер түрлі тақырыптар бойынша жұмыс
жасайды. Тақырыптардың орындалу кезектілігі графикке сәйкес
айқындалады.
Зертханалық сабақты өткізу тәртібі:
- зертханалық сабақ құрамында 12 студенттен
аспайтын академиялық топта өткізіледі.
Зертханалық сабақ үш бөліктен
тұрады:
- кіріспе (сабақ тақырыбы жасалады;
тақырыптардың басқа сабақтар мен пәндер
арасындағы байланысы түсіндіріледі).
- негізгі (студенттер жұмысты жасауға рұқсат
алады, тәжірибе жұмыстарын жасайды; зерттеу нәтижелерін
талдау орындалады; тәжірибелік мәліметтер талданады; тұжырым
жасалады);
- қорытынды (жұмысты қорғау,
студенттердің орындаған жұмыстарының нәтижелері
модульді-рейтингтік жүйеге сәйкес тіркеледі).
- зертханалық жұмыстың орындалуын бақылау.
- модульді – рейтингтік жүйе және білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір зертханалық
жұмыс нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланып,
оқытушы журналына қойылады және лекторға бақылау
мерзімінде беріледі.
Студенттің міндеттері:
- техника қауіпсіздігі мен еңбек
қорғау ережелерімен танысуға;
- жұмысты орындау алдын тапсырма, оның мақсаты
және міндеттерімен танысуға;
- жұмыс бойынша білімдерді игеруге
қажетті теориялық материалдарды жасау;
- оқытушыдан жұмысты орындауға
рұқсат алу;
- жұмысты тапсырма және
әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес орындау;
- жұмыстың нәтижелерін
әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес
рәсімдеу және оны оқытушы алдында қорғау.
№1 Зертханалық
сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы: Бастауыш мектептегі информатика сабақтарының
ерекшеліктері.
Мақсаты:
Пәнге деген алғашқы
қызығушылықты қаллыптастыру.
Сабақтың
теориялық мазмұны:
Информатика-
компьютер арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру,
тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен
тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы
оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек
ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу
бірінсептерін түсіндіріп қана қоймай,
қоғамдық өмірде және адамдар арасында
информацияныкеңінен қолдану заңдары мен тәсілдері
туралы мәліметтер беретіні болып табылады.
Информатиканың
ең негізгі бір ерекшелігі компьютерде жұмыс істеу үшін
алгоритмді, бағдарламаны, нұсқауларды терң білу талап
етіледі. Бұл талапты орындау үшін әрбір пайдаланушы өз
ісіне ұқыптылықпен қарай бастауы керек.
Негізгі.
Бақылау сұрақтары:
1. Компьютерлік
сауаттылық және информациялық технология түсініктері.
2. Информатика
пәнінің ерекшелігі.
3. Компьютерлік
сауаттылық негіздері.
Зертханалық сабақтың барысы:
топ студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық студенттер
бір уақытта бірдей жұмысты
орындайды. Әдістемелік көмек көрсету.
№1 тапсырма
Мектеп информатика курсы
тақырыптарын оқыту.
1. Компьютердің шығу және
даму тарихы, компьютер құрылысы.
Информацияның компьютерде
өрнектелінуі,MSDOSоперациялық жүйесі, NORTON COMMADER
программасы, бағдарламалық қамтамасыздандыру, WINDOWS программасы,
WORD-мәтіндік редакторы, PAINT-графиктікредакторы, EXCEL-электрондық
кестесі, берілгендер базасын басқару жүйесі, архивтеуші
программалар, компьютерлік вирустар, бүкіл әлемдік интернет
желісі,Алгоритм және бағдарламалау тілдері,т.б. бөлімдер.
2.Мәтіндік редактормен
жұмыс.
WORD-мәтіндік редакторы
қарапайым және кешендік мәтіндерді құру,редакторлау,
мен форматтау. Ол Microsoft Office құрамына кіру.
№2 тапсырма
WORD мәтіндік редакторы
арқылы құжатты теру, редакциялау, абзацтарды форматтау,
сызғышты пайдалану, графикалық кескіндер салу.
№3 тапсырма
1.Жаңа құжат құру.
2.Бұрынғы
жазылған файлды немесе құжатты ашу.
3.Құрылған
құжатты арфографиялық тексеру.
4.Мәтінді автоматты
түрде форматтау.
5.Құжатқа кестені
орнату.
6.Мәтінді баған
түріде қою.
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№2 Зертханалық
сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы: Информатика сабақтарының
жоспары, сабақты талдау.
Мақсаты:
Компьютер құрылысымен таныстыру.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың
теориялық мазмұны:
Оқушыларды
оқуға даярлау үшін
ең алдымен компьютер құрылысы-негізгі бөліктері:
жүйелі блок, монитор,пернелік тақта туралы, олрадың
қызметі жөнінде айту. Пернелік тақтадан енгізілген
әрбір әріп, таңба т.с.с. басқа ешбір өзгеріссіз
экранда бейнеленеді. Пернелік тақтаның жазу машинкасына
ұқсастығын айтакеліп, мұндағы негізгі
айырмашылық қосымша түймелерінде және түймелер
біріккен қызметінде деп түсіндіру керек.
Негізгі:
Бақылау сұрақтары:
1. Компьютердің
мүмкіндіктері.
2. Компьютердің
жұмыс істеу принциптері
3. Компьютер
тарихы.
Зертханалық сабақтың
барысы: топ студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық
студенттер бір уақытта бірдей жұмысты орындайды. Әдістемелік көмек
көрсету.
№1 тапсырма
Сабақтың өткізілу жоспары.
1.Ұйымдастыру кезеңі -2
мин.
2.Үй тапсырмасын тексеру -5мин.
3.Жаңа материалды өтуге
дайындық -7мин.
4.Жаңа материалды
түсіндіру -10мин.
5.Жаңа материалды бекіту -8мин.
6.Оқушылардың
өздік жұмысы -8мин.
7.Үй тапсырмасын
беру,сабақты қорытындылау -5мин.
№2 тапсырма Берілген тақырып бойынша
жоспар
Сабақтың тақырыбы: Дербес
компьтердің құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Дербес
компьтердің құрылысымен таныстыру.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Зертханалық сабақтың барысы:
топ студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық студенттер
бір уақытта бірдей жұмысты
орындайды. Әдістемелік көмек көрсету.
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№3 Зертханалық
сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы: Оқушылардың компьютер
сыныбындағы жұмыс барысындағы іс-әрекетті
ұйымдастыру.
Мақсаты:
Оқушылардың компьютерге деген
қызығушылығын арттыру.
Сабақтың
теориялық мазмұны: Компьютер
сыныбы пайдалануға берілген соң бірнеше рет бағдарламалық
құралдармен жабдықталуы тиіс.Оқушыларға белгілі
бір компьютерде отыру тапсырылады, яғни оқушының өз
жұмыс орны болады. Бұл оның техникаға
ұқыпты қарауға деген жауапкершілігін арттырады.
Негізгі:
Бақылау сұрақтары:
1.Информатика кабинетінің жабдықталуы.
2. Тазалық-гигиеналық
нормалары.
3.Кабинеттің
бағдарламалық құрамы.
Зертханалық сабақтың барысы:
топ студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық
студенттер бір уақытта бірдей жұмысты орындайды. Әдістемелік көмек
көрсету.
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№1 тапсырма
Пернетақтадағы
пернелердің атқаратын қызметтерімен танысып, олардың
жұмысын іс жүзінде көрсету.
№2 тапсырма
Компьютер қандай негізгі құрылғылардан
тұрады.
№3 тапсырма
Компьтердің негізгі
және қосымша құрылғыларымен танысып,
олардың жұмыс істеу принциптерін көрсету.
№4 тапсырма
Қосымша пернетақта
қызметі, оны іс жүзінде көрсету.
Зертханалық сабақтың барысы:
топ студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық
студенттер бір уақытта бірдей жұмысты орындайды. Әдістемелік көмек
көрсету.
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№ 4
Зертханалық сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы: Компьютер сыныбындағы жұмыс ерекшеліктері.
Мақсаты:
Зертханалық кабинеттің жұмыс тәртібін
меңгеру.
Сабақтың
теориялық мазмұны: Компьютер сыныбы пайдалануға
берілген соң бірнеше рет бағдарламалық
құралдармен жабдықталуы тиіс.Оқушыларға белгілі
бір компьютерде отыру тапсырылады, яғни оқушының өз
жұмыс орны болады. Бұл оның техникаға
ұқыпты қарауға деген жауапкершілігін арттырады.
Негізгі:
Бақылау сұрақтары:
1.Информатика кабинетінің
жабдықталуы.
2. Тазалық-гигиеналық
нормалары.
3.Кабинеттің
бағдарламалық құрамы.
Зертханалық сабақтың барысы:
топ студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық
студенттер бір уақытта бірдей жұмысты орындайды. Әдістемелік көмек
көрсету.
№1 тапсырма
Жұмыс үстелдерін
орналастыру үлгісі.
№2 тапсырма
Жұмыс үстелдерін
және жабдықтарын орналастыру талаптары.
№3 тапсырма
Техника қауіпсіздігі.
№4 тапсырма
Оқушылардың жас
ерекшелігіне қарай компьютерде жұмыс істеу уақыты.
№5 тапсырма
Зертханалық кабинет
меңгерушісінің міндеті.
Зертханалық сабақтың барысы:
топ студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық
студенттер бір уақытта бірдей жұмысты орындайды. Әдістемелік көмек
көрсету.
Қорытынды:
Студенттердің
орындаған тапсырмаларын тексеру, қабылдау. Білімді бақылау
графигіне сәйкес студент орындаған әрбір жұмыс
нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады
№ 5
Зертханалық сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы: Word-мәтіндік редакторы оқыту әдістемесі
Мақсаты:
Компьютерде мәтін енгізу үшін практикалық
дайындық дағдыларын қалыптастыру және мәтінді
компьютерге енгізу, оны өңдеу мүмкіндіктері жайлы
түсінік қалыптастыру.
Сабақтың
теориялық мазмұны: Word-мәтіндік редакторлары –
мәтін енгізу, оны өңдеуге арналған. Мектепте
үйренуге жеңіл жоғары сапалы етіп дайындау үшін Word
редакторы қолданылады. Word-тың мүмкіндігіөте
көп. Қаріптердің өлшемін әртүрлі етіп
өзгерту арқылы, көркемдеуге болады. Жалпы,, бұл
соңғы жаңалықтардың бірі болып саналады.
Негізгі:
Сабақтың
теориялық мазмұнын студенттерден
бақылау сұрақтары арқылы анықтау:
Бақылау сұрақтары:
1.Редактормен жұмыс істеуде қолданылатын
бұйрықтар.
2.Мәтіндік редактор.
3.Оқыту әдістері мен түрлері.
Зертханалық сабақтың барысы:
топ студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық
студенттер бір уақытта бірдей жұмысты орындайды. Әдістемелік көмек
көрсету.
№1 тапсырма
Демонстрациялап көрсет.
а) мәтінді форматтау. Оқулықтағы
мәтіннің жазылу үлгісін, оның қағаз бетінде
қалай орналасатындығын, беттің өлшемін көрсету
б) мәтін үзіндісін жою, бөліктеу, тасымалдау,
көшіру
в) қате жазылған
сөзді автоматты түрде жөндеу
№2 тапсырма
Компьтерде мәтін
енгізудің жетістіктерін әңгімелеу.
А) нұсқаумен
жұмыс істеу
Б) сұрақтарға
жауап беру
В) мәтіндік редакторды
практикалық жұмыс істей отырып меңгеру
№3 тапсырма
1.Word-мәтіндік редакторы терезесінің негізгі элементтері.
2.Жаңа құжатты
қалай дайындаймыз.
3.Мәтін бөлігін
басқа орынға қалай көшіруге болады.
Қорытынды:
Студенттердің орындаған тапсырмаларын тексеру,
қабылдау. Білімді бақылау графигіне сәйкес студент
орындаған әрбір жұмыс нәтижесі сәйкесінше балл
арқылы бағаланады.
№ 6
Зертханалық сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы:
MS WORD редакторына
кесте енгізу
Мақсаты: MS WORD редакторындағы құжатқа кесте енгізу
ерекшеліктерімен таныстыру. Осы іс-әрекеттерді орындауға
үйрету.
Сабақтың теориялық мазмұны:Кесте
енгізу үшін мәзір қатарынан кесте мәзірін таңдау,
кесте-кесте қосу командаларын орындау.Кестені қатесіз дұрыс
енгізуге дағдылану.
Негізгі:
Сабақтың
теориялық мазмұнын студенттерден
бақылау сұрақтары арқылы анықтау:
Бақылау сұрақтары:
1.Редактор қатар соңын
қалай біледі?
2. WORD редакторында кесте енгізу жолдарын
баяндаңыз?
3. Кесте ұяшықтарын қалай біріктіруге,бөлуге
болады?
Зертханалық сабақтың барысы:
топ студенттерін компьютерге отырғызу, тапсырмаларды тарату,
түсіндіру. Барлық студенттер бір уақытта бірдей
жұмысты орындайды. Әдістемелік
көмек көрсету.
№1 тапсырма
Пиктографиялық
мәзірдің түймелер қызметі.
1.Жаңа құжат
құру
2.Бұрынғы
жазылған файлды немесе құжатты ашу
3.Ағымдық
құжатты ағымдық есіммен сақтау
4.Баспаға дайындалған
құжатты экранда көру
5.Құрылған
құжатты орфографиялық тексеру
6.Бөліктенген обьектіні жою
7.Бөліктенген обьектіні
буферге көшіру
8.Буфердегі ақпаратты сілтер
тұрған орынға қою
9.Жедел түрде форматтау
10.Құжатқа
кестені орнату
11.Соңғы әрекетті
өзгеру
12.Соңғы
өзгертілген әрекетті қайта қалпына келтіру
13.Мәтінді автоматты
түрде форматтау
14.Құжатқа
диаграмманы орнату.
15.Құжатқа MS
Excel ккестесін орнату және т.б.
№2 тапсырма
WORD мәтіндік редакторы түймелер қызметі.
1.Құжатты автоматты форматтау
2.Өзгертілген іс-әрекетті қайта қалпына келтіру
3.Негігі құжатқа түзету негізу
4. WORD құжатқа берілгендер базасын орнату
5.Жазу графикалық обьектісін орнату
6.Берілгендер базасы алаңын орнату
7.Колонтитулға уақыт алаңын орнату
8.Колонтитулға бет көшіру алаңын орнату
9.Алмастыру буферіндегі ақпаратты енгізу
10.Берілгендер формасын орнату
11.Кадрды орнату
12.кестені орнату
13.Обьектіні мауспен бөліктеу
14.Көмек алу
15.Графикалық обьектілерді туралау және т.б.
Қорытынды:
Студенттердің орындаған тапсырмаларын тексеру,
қабылдау. Білімді бақылау графигіне сәйкес студент
орындаған әрбір жұмыс нәтижесі сәйкесінше балл
арқылы бағаланады.
№ 7
Зертханалық сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы:
ЭЕМ-да есептер шығару-оқытудың негізгі
құралы.
Мақсаты: Суденттерді есептер
жүйесінің ерекшеліктерімен, оларды, түрлерімен таныстырып
және оларды шығару кезеңдерін үйрету.
Сабақтың теориялық мазмұны: Информатиканы
оқыту барысында теория мен практика, зертханалық сабақ ерекше
көрініске ие болады.Теория тәжірибе барысын түсіндіреді,
нәтижесін болжайды, ал практика яғни зертханалық сабақ
(компьютерде жұмыс істеу) теория мен болжамдарды тексеру қызметін
атқарады. Қызметтің осы екі түрі оқушының
ойлау қызметінде тығыз топтасып, тоғысады.
Негізгі:
Сабақтың теориялық
мазмұнын студенттерден
бақылау сұрақтары арқылы анықтау:
1.Информатика
оқулығынан анықтамалар мен негізгі ұғымдарды
игеруге арналған есептер жүйесін құру.
2.Есептің мазмұнымен
танысу.
3.Есептің шығару жолын
іздеу, яғни есепті шығару жоспарын құру.
Зертханалық сабақтың барысы:
топ студенттерін компьютерге отырғызу,жұмыстың барысын
түсіндіру. Барлық студенттер бір уақытта бірдей
жұмысты орындайды. Әдістемелік
көмек көрсету.
№1 тапсырма
1.Windows жүйесін жүкте.
2. Кез келге қосымшаны жүкте.
3.Қосымша терезені ашып
жинақта.
4.Бірнеше қосымшаларды
тізбектей, кезекпен жүкте.
5.Бірнеше терезелер мазмұны
бірмезгілде көрінетіндей етіп,қосымша терезенің өлшемін
өзгерт.
Көп жағдайда Windows –пен жұмыс істеу барысында
бірмезгілде бірнеше қосымшалар жүктелуі мүмкін. Қосымша
ашық түрде немесе белгі күйінде экраннның төменгі
жағында болуы мүмкін. Жинақталған қосымшаны
қайта орнату үшін сәйкес белгіге бағыттаушы
қойып, екі рет тышқан кнопкасын басу керек.
№2 тапсырма
1.Windows бағдарламалық топтарды құру
және жоюға мүмкіндік беру.
2.Файл диспетчері командалары.
3.Файл диспетчерін жүктеу.
4.Компьютер экранында
тіктөртбұрыш салу, дөңгелек салу, және т.б.
геометриялвқ фигураларды салу.
Қорытынды:
Студенттердің орындаған тапсырмаларын тексеру,
қабылдау. Білімді бақылау графигіне сәйкес студент
орындаған әрбір жұмыс нәтижесі сәйкесінше балл
арқылы бағаланады.
№ 8
Зертханалық сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы:
Антивирустық программалармен жұмыс.
Мақсаты: Антивирустық программалармен жұмыс істеп үйрену
және вирустармен
күресуге арналған программалармен танысу.
Сабақтың теориялық мазмұны: Компьютерлік
вирус-арнайы жазылған шағын көлемді программа. Олар
өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына жазылады да
оларды бүлдіруге кіріседі.
Қазіргі кезде вирустар
негізгі екі топқа бөлінеді.
-
резиденттік (компьютер жадында
тұрақты сақталатын) вирустар;
-
Резиденттік емес вирустар.
Вирус
жұққанпрограмма іске қосылғанда резиденттік
вирустар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадқа
көшіріп жазылып, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері
сезілмегенмен, соңынан бірден іске қатты кіріседі. Дискілерге
мәлімет жазу кезінде вирус өзінің жабысуына қолайлы
сәт іздеп негізгі операциялар орындалып жатқанда солармен
қосылып дискіге жазылып алады да, оның қалай
жұққанын адамдар білмей де қалады.
Ал
резиденттік емес вирус жедел жадта тұрақты күйде жазылмайды,
бірақ вирустың әсері тиген программа іске
қосылғанда ол екпіндене түседі де, өзі жұмыс
істеп тұрған каталогтан өзі ішіне байқаусыз еніп
кететін файл іздейді.Ондай файлды тауып, оның ішіне кіріп алып, ол кейін
жұмыс істейтін кезде соған зиянды әрекет тигізеді.
Негізгі:
Сабақтың
теориялық мазмұнын студенттерден
бақылау сұрақтары арқылы анықтау:
1.Компьютерлік вирустардың
түрлерімен танысу.
2.Вирустармен күресуге
арналған программалармен танысу.
3.Антивирустық
программалардың ерекшеліктерін анықтау.
Зертханалық сабақтың барысы:
топ студенттерін компьютерге отырғызу,жұмыстың барысын
түсіндіру. Барлық студенттер бір уақытта бірдей
жұмысты орындайды. Әдістемелік
көмек көрсету.
№1 тапсырма
Вирустар мынадай файлдарға
жұғуы мүмкін:(барлық сұраққа
компьютерде қысқаша мағлұмат жазу)
1. Бірден орындалатын файлдар, белгілі бір іс-әрекет істейтін
кеңейтілулер (заты)com және ехе болып келген файлдар,
сондай-ақ басқа программаларға қажет кезінде
қосылатын оверлейлік файлдар. Файлдарды зақымдайтын мұндай
вирустарды файлдық деп атайды.Ең
қауіпті вирустарға резиденттік түрде жедел жадта
сақталып, орындалатын әрбір программаны зақымдап отыратындары
жатады. Ал егерде олар AUTOEXEC.BAT және CONFIG .SYS арқылы іске қосылатын
программаларға жұқса, онда компьютер өшіріліп
қайта іске қосылған сайын вирустар өз әсерлерін
тұрақты қайталап жүргізіп отырады.
2.Файлдық жүйені
өзгертетін вирустар.
3."Көрінбейтін"және
өздігінен өрбитін вирустар.
4. Ұстауыш вирустар.
5.Логикалық бомбалар.
6.Құрттар.
7.Троян аттары.
№2 тапсырма
1.Компьютерлік вирустардың
қысқаша жіктелуін компьютерде кесте түрінде жазып
көрсет.
2.Мақсаттарына қарай
вирустар неше бөлікке бөлінеді?
Қорытынды:
Студенттердің орындаған тапсырмаларын тексеру,
қабылдау. Білімді бақылау графигіне сәйкес студент
орындаған әрбір жұмыс нәтижесі сәйкесінше балл
арқылы бағаланады.
№ 9. Зертханалық сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы:
Формула редакторы.
Мақсаты: Математикалық
өрнектерді жазу кезінде формулалар редакторын пайдалануды үйрету.
Сабақтың теориялық мазмұны: Word бағдарламасының
Формула редакторы (Eguation Editor) көмегімен құжат
мәтініне математикалық формулалар және символдарды
орналастыруға болады.Математикалық символдар мен шаблондар
көптеген кең спектрлі мүмкіндіктерді қамтиды.Формула
редакторы көмегімен жазылатын обьектілерге интегралдар, матрицалар,
көпмүшеліктер, бөлшектер, түбірлер және т.б.
жатады және де олардың экран бетіндегі сырт бейнелері принтерден
басып шығарылатын көшірмесімен бірдей болады.
Формула редакторын іске
қосу.
Word-та формула редакторын іске қосу үшін курсорды формула
кірістірілетін жеріне орналастырып, Вставка-Обьект-Microsoft Eguation
командаларын орындау керек. Сонда формула редакторы пайда болады. Формула
редакторын Аспаптар панеліне шығаруп қщюға да болады, ол
үшін Түр-Аспаптап панелі-Күйге келтіру ( Вид-Панель
инструментов-Настройка) командаларын орындап, Командалар (Команды)
бөлімінен Енгізу (Вставка) категориясын таңдап, оң жақ
панельден керекті белгіні тышқанның сол жақ батырмасын баса
отырып, жылжыту әдісімен аспаптар панеліне алып баруға болады.
Математикалық
символдар қатары.
Формула редакторының
жоғарғы қатарындағы математикалық символдар
пиктограммалары формулаға символдарды енгізу мәзірі болып табылады:
мысалы, шексіздік белгісі, вектор символы т.б. Математикалық символдар
функционалдық ұқсастықтары бойынша топтастырылған
және топтың жеке өрістеріне орналастырылған. Символды
енгізу үшін тышқан курсорын қажетті өріске басып,
ашылған тізімнен керекті символды таңдаймыз.
Шаблондар қатары математикалық
символдар пиктограммаларының астында орналасады. Оның
көмегемен математикалық қатынастар,операциялар және
интеграл, матрица, жақша ішіндегі өрнектер сияқты
күрделі обьектер бейнеленеді. Шаблондарды енгізу де математикалық
символдарды енгізу сияқты орындалады. Шаблондарды бір-бірінің ішіне
орналастыруға болады. Формула редакторда құрылған
формула құжатқа редактор терезесі жабылғаннан кейін
қойылады.
Негізгі:
Сабақтың
теориялық мазмұнын студенттерден
бақылау сұрақтары арқылы анықтау:
1.Формулалар редакторы не
үшін керек?
2.Формулалар редакторын қалай
іске қосамыз?
3.Обьектілер тізімінде Формулалар
редакторы жоқ болған жағдайда не істеу керек?
Зертханалық сабақтың барысы:
топ студенттерін компьютерге отырғызу,жұмыстың барысын
түсіндіру. Барлық студенттер бір уақытта бірдей
жұмысты орындайды. Әдістемелік
көмек көрсету.
№1 тапсырма
Пернелер көмегемен
символдарды енгізу.
Ctr+R-түбір шаблонын
кірістіру
Ctr+I- интеграл белгісін кірістіру
Ctr+[,(Ctr+])- тік жақша
белгісін кірістіру
Ctr+9, +(Ctr+0)- жай жақша
белгісін кірітіру
Ctr+Shift +{, (Ctr+Shift +})
фигуралы жақша шаблонын кірістіру
Ctr+Ғ- көлденең
сызықты бөлшек белгісін кірістіру
Ctr+/-“/” қиғыш
сызықты бөлшек шаблонын кірістіру
№2 тапсырма
Ctr+G-грек символдарын енгізу
режиміне өту
Ctr+H- дәреже көрсеткіші(
қатарүсті индексі) шаблонын кірістіру
Ctr+L- индекс(қатарасты
индексі) шаблонын кірістіру
Ctr+J- жоғары және
төменгі индекстер шаблонын кірістіру
Ctr+T,S – қосындылау шаблонын
кірістіру
Ctr+T,P- көбейтінділеу
шаблонын кірістіру
Ctr+T,M- матрица шаблонын кірістіру
Ctr+T,U- жол астындағы
төменгі символдар шаблонын кірістіру.
Қорытынды:
Студенттердің орындаған тапсырмаларын тексеру,
қабылдау. Білімді бақылау графигіне сәйкес студент
орындаған әрбір жұмыс нәтижесі сәйкесінше балл
арқылы бағаланады.
№ 10. Зертханалық сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы: Excel электрондық кестесінде
кесте құру, оны сақтау.
Мақсаты: Электрондық кестенің
негізгі түсініктерімен танысу, кесте құру, кестені
сақтауды үйрету.
Сабақтың теориялық мазмұны: Windows
жүйесінде іске қосу – Бағдарламалар –MS Excel командасын орындасақ, экранда
электрондық кестесінің терезесі пайда болды.
Excel терезесі
төменгі қатарлардан тұрады:
1-қатар – Excel-дің
мәзірі орналасқан қатар.
2-ші және 3-ші
қатарлар – Стандартты
және Форматтау аспаптарының
панельдері.
4-ші қатар –
енгізу-түзету қатары немесе формулалар
қатары. 5-ші қатардан терезе соңына дейін
электрондық кестенің жұмыс
аймағы орналасады. Жұмыс аймағындағы жолдар мен
бағандар белгілі бір тәртіппен белгіленеді. Терезенің
ең төменгі қатары -қалып
күй қатары. Төменгі қатардың сол жақ
шетінде Excel кестесі жұмыс режимінің сілтемесі орналасқан. Excel
кестесі деректердің енгізілуінің күтіп тұрған
жағдайда дайын режимінде тұрады да, Дайын деген сөзді көрсетіп тұрады.
Бақылау сұрақтары:
1.Электрондық кестелер не
үшін қажет, олардың қандай білесің?
2.Баған, жол атаулары
дегеніміз не? Excel
кестесі неше бағаннан, неше жолдан тұрады?
3.Жұмыс кітабы деген не? Жұмыс беті деген не?
4.Ағымдық ұяшық деген не?
5.Ұяшық өлшемдерін өзгерту тәсілдері?
Зертханалық сабақтың барысы:
топ студенттерін компьютерге отырғызу,жұмыстың барысын
түсіндіру. Барлық студенттер бір уақытта бірдей
жұмысты орындайды. Әдістемелік
көмек көрсету.
№1 тапсырма
Excel бағдарламасын іске қосу.
№2 тапсырма
Экранмен жұмыс.
2.1. Түр-Аспаптар панелі командасын
орындаңыз.Тышқан курсорын басу арқылы экран бетіне
шығарылып қойылуы қажетті саймандар панельдерін
орнатыңыз.Орнатуды алып тастау үшін тышқан курсорын
қайта басу керек.
2.2.Сервис-Параметрлер терезін
ашып, оныңТүр қондырмасына Формула қатары, Қалып-күй
қатары, Көлденең айналдыру жолағы, Тік айналдыру
жолағы, Парақтар тізімін жалаушалармен белсендіріңіз?
№3 тапсырма
Электрондық кестенің
негізгі түсініктерімен танысу.
Электрондық кестенің
жұмыс аймағы жолдар мен бағандардан тұрады.
Жолдардың саны 65536, ал бағандар саны-256. Баған мен
жолдың қиылысқан жерінде орналасқан тор
ұяшық деп аталады.
Жол
нөмірі- көлденең орналасқан қатарлардың сол
жақ шетінде жазылған нөмірмен белгіленеді.
Баған
атауы жұмыс аймағының жоғарғы жағына
жазылған әріптермен немесе олардың тіркесімен белгіленеді.
Ұяшық
адресі баған атауы және жол нөмірінен тұрады.
Ұяшық
курсоры – жұмыс істеуге дайын ағымдық ұяшықты
көрсетіп тұрған тіктөртбұрышты таңба.
Excel электрондық кестесі беттерден (255 бет) тұратын кітап
тәрізді. Экранда кітаптың ең үстіңгі ашық
тұрған беті көрініп тұрады. Беттің төменгі
шетінде қалған беттердің нөмірлері бейнеленеді. Кітап
бетін тышқан курсорымен ашу мүмкіндігі бар.
Қорытынды:
Студенттердің орындаған тапсырмаларын тексеру,
қабылдау. Білімді бақылау графигіне сәйкес студент
орындаған әрбір жұмыс нәтижесі сәйкесінше балл
арқылы бағаланады.
№ 11. Зертханалық сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы: Интернет желісі, интернет желісімен
жұмыс істеуге үйрету.
Мақсаты: Интернет желісімен таныстыру
және жұмыс істеуге орнату.
Сабақтың теориялық мазмұны: Internet
- әлемдегі ең үлкен компьтерлік байланыс желілерінің
бірі. Алғаш АҚШ Қорғаныс министрлігі үшін
жасалған бұл жүйенің қолданушылар саны санаулы
ғана болған, қазір күннен –күнге көбеюде. Internet
сөзі қазақша халықаралық желі деген
мағынаны білдіреді.( International – халықаралық, network-
желі). Мұнда пайдаланушы өзін қызықтыратын
мәселелері бойынша желідегі дүние жүзі компьютерлерімен
байланыс жасай алады.
Компьютерлік желі деп екі немесе
одан да көп компьютердің бірігуін айтамыз.Барлық компьютерлік
желілерін қолданудағы негізгі мақсат- олардың
ортақ ресурстарға бірлесіп қатынауын қамтамасыз ету.
Ресурстардың үш
түрі бар: аппараттық, программалық және
ақпараттық.
Аппараттық ресурстарға
барлық компьютерлік құрылғылар, сол құрылғылардың
сыйымдылығы және т.б. жатады. Мысалы, принтер, қатқыл
диск, қатқыл дискінің көлемі.
Қашықтықтағы
компьютерлерде сақталған мәліметтер ақпараттық
ресурстарды құрайды. Интернет серверлері түрлі типті,
яғни бір программалық жабдықтау бойынша жұмыс істей
бермейді. Олардың бірі арқылы жіберілген деректерді
бюасқаларының түсініп оқи алуы үшін алдымен олар
Интернетте қолданылатын бір стандартты тілне аударылады. Ол-
жүйелік хаттама деп аталады.
Бақылау сұрақтары:
1.Интернет желісі дегеніміз не?
2.Жүйелік хаттама дегеніміз
не?
3.Аппараттық
ресурстарға не жатады?
Зертханалық сабақтың барысы:
топ студенттерін компьютерге отырғызу,жұмыстың барысын
түсіндіру. Барлық студенттер бір уақытта бірдей
жұмысты орындайды. Әдістемелік
көмек көрсету.
№1 тапсырма
Web-ке ену және оның
негігі қызметін меңгеріп, жұмыс жасау.
№2 тапсырма
Компьютерді желіге қосу.
№3 тапсырма
Электрондық почта (E-mail)
Электрондық почта- компьютер
арқылы қашықтықта орналасқан абоненттерге хат,
түрлі басқа мәліметтер жібері мен қабылдау программасы.
№4 тапсырма
Электрондық хатты
құру және жіберу.
№5 тапсырма
Файлдарды электрондық
почтамен жіберу.
Қорытынды:
Студенттердің орындаған тапсырмаларын тексеру,
қабылдау. Білімді бақылау графигіне сәйкес студент
орындаған әрбір жұмыс нәтижесі сәйкесінше балл
арқылы бағаланады.
№ 12. Зертханалық сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы: "Paint"графикалық редакторында жұмыс жасау.
Мақсаты: Компьютерлік графика
мүмкіндіктері мен ерекшеліктері туралы түсініктерді
қалыптастыру.
Сабақтың теориялық мазмұны: Paint ( Paintbrush)- Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор.Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан профиссионалды графикалық редакторлардан біршама төмендеу болады.
Paint редакторы аспаптарының
көмегімен белгілі бір қалыңдықпен берілген түзу
сызықтар мен доғаларды сызуға болады. Paint редакторында
тіктөртбұрыштар, эллбистер және көп бұрышты
тұйық сызық сызатын арнайы аспаптар бар. Барлық
фигуралардың контуры берілген қалыңдықтағы
негізгі түстегі сызықтармен салынады.
Paint терезесінің сол жағынла
төрт бұрыштар түрінде енгізілген аспаптар
(құралдар ) панелі бар.
Құралдар – терезеде түрлі суреттер мен фигуралар салып,
жанына мәтін жазу және оларды таңдау, терезені не оны бір
бөлігін тазалау сияқты әрекеттерді орындайтын
құралдардың белгішелері. Терезеде кескін салу не басқа
әрекеттер үшін алдымен сәйкес құралды шертіп,
таңдап алу керек.
Терезеде сызылатын сызықтардың
түстері мен
қалыңдықтары түрлі – түрлі болуы
мүмкін.Сивол түсін және құралды таңдау
үшін көрсеткішті олардың үстіне әкеліп,
тышқанның сол жақ түймесін, ал фон түсін
таңдау үшін оң
жақ түймесін шерту керек.
Бақылау сұрақтары:
1."Paint"графикалық редакторы қандай программа.
2.Программа жұмысын
басқаратын бұйрықтар.
3.Геометриялық обьектіні
салу.
Зертханалық сабақтың барысы:
топ студенттерін компьютерге отырғызу,жұмыстың барысын
түсіндіру. Барлық студенттер бір уақытта бірдей
жұмысты орындайды. Әдістемелік
көмек көрсету.
№1 тапсырма
."Paint"графикалық редакторында кездесетін
құрал-саймандарды тізіп жаз.
№2 тапсырма
Paint терезесінде көрінген құралдарды екі топқа
бөлуге болады:1) сурет салушы, бояушы, өшіруші, мәтін жазушы
және суретті не оның үзіндісін таңдаушы;2)сызықтар
сызушы және фигуралар салушы.
Бірінші топ құралдарын және олардың атауларын жаз.
№3 тапсырма
Екінші топ
құралдарын және олардың атауларын жаз.
Қорытынды:
Студенттердің орындаған тапсырмаларын тексеру,
қабылдау. Білімді бақылау графигіне сәйкес студент
орындаған әрбір жұмыс нәтижесі сәйкесінше балл
арқылы бағаланады.
№ 13. Зертханалық сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы: "WordPad" мәтіндік редакторында жұмыс жасау.
Мақсаты:
Компьютерде мәтін енгізу үшін практикалық
дайындық дағдыларын қалыптастыру және мәтінді
компьютерге енгізу, оны өңдеу мүмкіндіктері жайлы
түсінік қалыптастыру.
Сабақтың
теориялық мазмұны: Word-мәтіндік редакторлары –
мәтін енгізу, оны өңдеуге арналған. Мектепте
үйренуге жеңіл жоғары сапалы етіп дайындау үшін Word
редакторы қолданылады. Word-тың мүмкіндігіөте
көп. Қаріптердің өлшемін әртүрлі етіп
өзгерту арқылы, көркемдеуге болады. Жалпы,, бұл
соңғы жаңалықтардың бірі болып саналады.
Бақылау сұрақтары:
1.Редактормен жұмыс істеуде қолданылатын
бұйрықтар.
2.Мәтіндік редактор.
3.Оқыту әдістері мен түрлері.
Зертханалық сабақтың барысы:
топ студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық
студенттер бір уақытта бірдей жұмысты орындайды. Әдістемелік көмек
көрсету.
№1 тапсырма
Демонстрациялап көрсет.
а) мәтінді форматтау. Оқулықтағы
мәтіннің жазылу үлгісін, оның қағаз бетінде
қалай орналасатындығын, беттің өлшемін көрсету
б) мәтін үзіндісін жою, бөліктеу, тасымалдау,
көшіру
в) қате
жазылған сөзді автоматты түрде жөндеу
№2 тапсырма
Компьтерде мәтін
енгізудің жетістіктерін әңгімелеу.
А) нұсқаумен
жұмыс істеу
Б) сұрақтарға
жауап беру
В) мәтіндік редакторды
практикалық жұмыс істей отырып меңгеру
№3 тапсырма
1.Word-мәтіндік редакторы терезесінің негізгі элементтері.
2.Жаңа құжатты
қалай дайындаймыз.
3.Мәтін бөлігін
басқа орынға қалай көшіруге болады.
Қорытынды:
Студенттердің орындаған тапсырмаларын тексеру,
қабылдау. Білімді бақылау графигіне сәйкес студент
орындаған әрбір жұмыс нәтижесі сәйкесінше балл
арқылы бағаланады.
№ 14. Зертханалық сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы:
Оқыту
нәтижелерін тексеру барысында оқушылардың іс-әрекетін
ұйымдастыру.
Мақсаты: Өтілген, үйренген
ұғымдарды, материалдарды жалпылау және жүйелеу.
Сабақтың
теориялық мазмұны: Дидактикалық
мақсатына байланысты сабақты төмендегідей типке
бөлінеді.
1.Жаңа материалды түсіндіру сабағы. Бұл
сабақтың негізгі мақсаты: жаңа ұғымды
енгізу, олардың қасиеттерін ашу, немесе оларды құру
ережелерін енгізу.
2.Білімді бекіту және практикада қолдана білу
сабағы.Үйренген білімді қалыптастыру және
жүйелеу.
3.Алған білімді бір жүйеге келтіре отырып жалпылау
және өтілген, үйренген ұғымдарды, материалдарды
жалпылау және жүйелеу.
Бақылау сұрақтары:
1.Білім, білік және дағдыны бақылау
сабағы.
2.Оқу материалдарын оқушының ұғыну
дәрежесін анықтау.
3.Оқушылардың іс-әрекетін басқару.
Зертханалық сабақтың барысы:
топ студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық
студенттер түрлі тақырыптар бойынша жұмыс
жасайды.Тақырыптардың орындалу кезектілігіграфикке сәйкес
айқындалады. Әдістемелік көмек көрсету.
№1 тапсырма
Өтілген материалдарды және ондағы оқу
материалдарын логикалық-дидактикалық тұрғыдан талдау.
а)Студенттерге информатика мұғалімінің мектеп
оқулықтарын оқудың кейбір жалпы тәсілдерін
көрсету, оқулықтар мен олардың бөлімдерін
талдауда істелетін жұмыстарды ұйымдастыру.
№2 тапсырма
Мектеп оқулықтарының оқу материалдарын
логикалық –дидактикалық талдаудың мақсатын ашып
көрсету.
а)Тақырып мазмұнын ашу /оқу материалын
логикалық-дидактикалық талдау/.
б)сабақты талдауға қойылатын талаптарды
түсіндіру, студенттерге сабақты талдау мен жазудың схемасын
таныстыру.
№3 тапсырма
Сабақтың
құрылымын анықтау, оның әрбір кезеңдеріне
қойылатын талаптарды айқындау.
№4 тапсырма
Сабақтың
мақсатына және оның әрбір кезеңдеріне
қойылатын талаптарға байланысты материалдарды іріктеп алу.
№5 тапсырма
Сабақта
қарастырылған материалды бекіту формаларын ойластырып, оған
материалды бекіту формаларын ойластыру, оған материалдар дайындау.
№6 тапсырма
Үй тапсырмасын беру,
сабақты қорытындылаудың түрін ойластыру.
Қорытынды:
Студенттің зертханалық жұмыстың орындалуын
бақылау модульді-рейтинг жүйе және білімді бақылау
графигіне сәйкес орындаған әрбір зертханалық
жұмыс нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.
№ 15. Зертханалық сабақ
Кіріспе.
Тақырыбы:
Бастауыш мектептегі
информатика пәнінен қойылатын бағалар нормалары.
Мақсаты: Студенттерге оқушылардың
материалдарды меңгеруіндегі тексеру және бағалау
әдістерін үйрету.
Сабақтың
теориялық мазмұны: Мұғалім
оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін есепке ала отырып
олардың білімі мен икемділігін бағалайды.Оқушылардың
информатика мен бойынша икемділігі мен машығын тексерудің негізге
формалары жазбаша бақылау жұмысы мен ауызша сұрақ-жауаптар
болып есептеледі. Жазбаша және ауызша жауаптарды бағалағанда
мұғалім ең алдымен оқушылардың көрсеткен
білімі мен икемдігін есепке алады.Ауызша және жазбаша
сұрақ-жауапқа оқушылардың жауабына
қойылатын бес балдық жүйе бойынша жүргізіледі,
яғни жауап үшін мына бағалардың бірі қойылады.
1/нашар/, 2/қанағаттанғысыз/,
3/қанағаттанарлық/, 4/жақсы/, 5/өте жақсы/.
Зертханалық сабақтың барысы:
топ студенттеріне тапсырмаларды тарату, түсіндіру. Барлық
студенттер түрлі тақырыптар бойынша жұмыс
жасайды.Тақырыптардың орындалу кезектілігіграфикке сәйкес
айқындалады. Әдістемелік көмек көрсету.
Бақылау сұрақтары:
1.Оқушылардың білімін
бағалаудың қандай әдістері бар?
2.Оқушылардың білімін
тексеру және бағалар түрлері.
3.Оқушылардың
информатика бойынша икемділігі мен машығын тексерудің негізгі
формалары.
№1 тапсырма
Оқушының жауабына қандай жағдайда «5»
және «4» бағалары қойылады?
Оқушының дамуының жоғарылығын
білдіретіндей, өзіндік ерекшелігі бар жауапқа немесе аса
тапқырлықпен шығарылған есепке; тапсырманы орындап
болған соң оқушыларға қосымша берілген
анағұрлым қиын есепті шығарғаны үшін
күрделі сұраққа жауап бергені үшін де
мұғалім бағаны жоғарлатуына болады.
№2 тапсырма
Оқушының жауабына қандай жағдайда «3»
және «2» бағалары қойылады?
№3 тапсырма
«1»-деген бағаны қоюға бола ма, қай кезде?
№4 тапсырма
Тексерілуге тиісті материалдың мазмұны мен
көлемі немен анықталады.
№5 тапсырма
Оқушыларға ауызша және жазбаша
сұрақ-жауап үшін берілетін тапсырма қандай
сұрақтар мен есептерден құралады.
Қорытынды:
Студенттің зертханалық жұмыстың орындалуын
бақылау модульді-рейтинг жүйе және білімді бақылау
графигіне сәйкес орындаған әрбір зертханалық
жұмыс нәтижесі сәйкесінше балл арқылы бағаланады.